С. Д. Атабаева биология ғылымдарының кандидаты



Pdf көрінісі
бет1/80
Дата03.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470354
түріПрактикум
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80


ƏЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
Салтанат АСРАНДИНА 
ӨСІМДІКТЕР
ФИЗИОЛОГИЯСЫ 
ПРАКТИКУМЫ 
Алматы 
«Қазақ университеті» 
2011 



А 76 
ББК 28.0я73 
ББК 28.0я73 
А 76 
Баспаға əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
биология факультетінің Ғылыми кеңесі жəне 
Редакциялық-баспа кеңесі шешімімен ұсынылған 
 
 
 
П і кі р жа з ға нд а р : 
биология ғылымдарының докторы А.А. Нұржанова 
биология ғылымдарының докторы С.Д. Атабаева 
биология ғылымдарының кандидаты Қ.Е. Есмағұл 
 
 
Асрандина С.Ш. 
Өсімдіктер физиологиясы практикумы. – Алматы: Қазақ 
университеті, 2011. – 112 бет. 
ISBN 978-601-247-265-3 
Бұл практикумда өсімдік клеткасының физиологиясын, өсімдіктердің 
су алмасу физиологиясын, фотосинтез, тыныс алу, өсімдіктердің минерал-
ды қоректенуін, фиторемедиация, өсімдіктердің өсуі мен даму процестерін 
зерттеу əдістері берілген.
Кітап жоғары оқу орындарының биология, биотехнология, экология 
жəне педагогика мамандықтарында оқитын студенттерге арналған. 
 
 
© Асрандина С.Ш., 2011
ISBN 978-601-247-265-3 © Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2011 



ӨСІМДІК КЛЕТКАСЫНЫҢ
ФИЗИОЛОГИЯСЫ 
 
 
 
Өсімдік клеткасына тəн қасиет: фототрофты қоректену 
түріне байланысты пластид жүйесі, дамыған клеткаларда орта-
лық вакуоль болады; клетка қабығы полисахаридті.
Өсімдік клеткасы тығыз полисахаридті клетка қабығымен 
қоршалған протопластан тұрады. Клетка қабығының құрамына 
целлюлоза, матрикстік компоненттер (гемицеллюлоза, пектинді 
заттар, белоктар, липидтер), қабықтың астарын бедерлендіруші 
компоненттер (лигнин, суберин) кіреді. Қабықтың тыс жағының 
құрамына кутин мен балауыз кіреді. Сондай-ақ қабықта кальций 
силикаттары мен карбонаттары болуы мүмкін.
Клетка қабығында диаметрі 1 мкм саңылаулар болады. Екі 
көршілес клетканың клетка кабықтарындағы саңылаулар бір-
біріне қарама-қарсы орналасады. Олар өзара тұйықтаушы қабық-
шамен оқшауланады. Тұйықтаушы қабықша екі алғашқы қабық-
шадан жəне ортанғы пластинкалардан тұрады. Саңылаулар 
плазмодесмалармен қамтылған. Плазмодесмалар арқылы клетка 
аралық байланыстар жүзеге асады.
Клетка қабығы клетканың пішінін қалыптастырады жəне 
сақтайды (тургор арқылы), сонымен қатар қорғаныштық, өткіз-
гіштік, қаңқалық, бөгеттік қызмет атқарады. Сондай-ақ клетка-
ның су алмасу процесіне де қатысады. Клетка қабығындағы бос 
фибрилла аралық кеңістіктегі беттік керілу суды ұстау қабілетін 
тудырады. Целлюлозаның жəне целлюлозалық негізді бедерлен-
діруші заттардың гидрофильді қасиеті олардың сумен сутектік 
байланыстар түзу мүмкіндігін тудырады. Клетка қабығының 
ылғалдылығы оның құрамындағы ерітіндінің осмостық концен-
трациясына тəуелді болады. Су тапшылығы кезінде өсімдік 
клеткасы клетка қабығындағы су қорын пайдаланудың физиоло-
гиялық маңызы зор.
Протопласт – күрделі құрылым, оның негізін белок пен 
липидтерден тұратын үш қабатты мембраналар құрайды. 



Мембраналар клетка тіршілігіне маңызды барлық қасиеттер мен 
функцияларды (таңдап өткізгіштік, транспорттық, осмостық, 
электрлік, құрылымдық, энергетикалық, биосинтетикалық, секре-
торлы, қоректік жəне рецептрлік – реттегіш, т.б.) атқарады. 
Цитоплазманың сыртында, клетка қабығы мен вакуольға жанас-
қан беттеріндегі мембраналар (плазмалемма мен тонопласт) 
таңдап өткізгіштік жəне заттарды концентрация градиентіне 
қарсы ырықты сіңіру жəне шығару қызметтерін атқарады. 
Клетканың барлық органоидтары протопласттың анағұрлым 
дифференцияланған бөлігінде – гиалоплазмада шоғырланған. 
Клетка органоидтарының ішінде көлемі жағынан ең ірі, қызметі 
жағынан ең маңыздысы – ядро. Өсімдік клеткасында ядроның 
диамерті 10 мкм шамасында, пішіні дөңгелек, сопақша немесе 
қалқанша түрінде кездеседі. Ядро қабықшасы қалыңдығы 8 нм 
қос мембранадан құралған. Ішкі мембрана нуклеоплазмаға, 
сыртқысы цитоплазмаға жанасып жатады. Екі мембрана ара-
сында ені 10-20 нм құрайтын перинуклеарлы кеңістік болады. 
Ядроның ішіндегі нуклеоплазмада ДНҚ, РНҚ мен белоктардан 
құрылған хроматиндер жəне бір немесе бірнеше ядрошық 
болады. Ядро қабықшасында диамерті 40-50 нм тұратын, толып 
жатқан саңылаулар болады. Ядро қабықшасының сыртқы мембра-
насы эндоплазмалық тормен тікелей жалғасады, оның цитоплаз-
маға қараған жағында рибосомалар болады. Ішкі мембранасы 
нуклеоплазмамен тығыз байланысып, гетерохроматин қабатына 
жанасып, қабықшаның құрылыстық мықтылығын арттырады. 
Ядро қабығындағы саңылаулар арқылы ядроға белоктар мен 
рибонуклеаза енеді, ал ядродан цитоплазмаға иРНҚ, тРНҚ жəне 
рибосома бөліктері шығады.
Ядродағы рибосома бөліктері пайда болатын аймақты ядро-


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет