Құрметті жарысқа қатысушы оқырман!



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата26.09.2023
өлшемі434.11 Kb.
#478620
  1   2
Шабдалы А.Алматов



 
Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! 
Алмас Алматовтың «Шабдалы» әңгімесінің осы электронды 
нұсқасын таратуға рұқсат бермеймін. Бұл шығарма kitapjaris 
ұйымдастырған кітап сайысында оқытылды. Ӛзіңіз ғана оқыңыз. 
Еңбегімді бағалаңыз. Аманатқа қиянат жасамайсыз деп сенемін. 
Қаладағы Жаңабазарға жақын, Қ.Баймағанбетов кӛшесінде, 
жер үйде тұрамыз. Шағын ғана, тұйық кӛше... Жұмыстан ертерек 
үйге келсем, апам (анамыз Тӛлеу Тӛремұрат қызы 1925-2014) ӛзінің 
шағын бӛлмесінде дастархан жасап күтіп отыр екен... 
-Айналайын, келе-ғой, шәй ішіп ал! - деп жатыр. Жуынып-
шәйініп дастархан басына жайғастым. Дастарханда күнделікті ас-
ауқатымыздан бӛлек, жұдырық басына жақын тӛрт шабдалы тұр... 
Ӛте әдемі, кӛздің жауын алады. Алыстан келген дәм болса керек... 
Қалай ғана соғылмай, бұзылмай жеткенін?! Бақтан жаңа үзгендей, 
қызыл-сары реңі еріксіз кӛзді арбайды... Апам да ақ шәйнегін 
әкеліп дастархан басына жайғасты. Бұл кісінің «пенсиясы» келсе 
базарды бір айналып, немерелеріне дейін керек жарағын алып 
шығатынын білемін... Оның жартысын тиын күйінде майдалап, 
мәсісінің қонышында былғарыдан тіккен қара әмиянына сақтап, 
Алланың берген оншақты немерелеріне соны айдың аяғына дейін 
жеткізеді. Тұрақты алымшылары, Қазбек (жиен), Зейнолла т.б. 


Бастауыш сыныптағы Ғайнолла деген баламыз: «Біздің әжемнің 
ақшасы ӛмірі таусылмайды-ау!», - деп тамсанып қояды... 
Апам қаймақтап шәй құя бастады. Әңгімені ӛзім бастадым: 
- Апа, дастарханыңыз түрленіп кетіпті, мына жемісіңіздің аты 
не? - деп жатырмын... Апам, ӛзіне тән әдемі күлкісімен: 
- Ал, енді бала осы «шабдалының» әңгімесін айтайын деп, 
ӛзіңді күтіп отырмын. Бұл, бір жатқан «хикая», - деп апам 
кӛңілденіп әңгімесін бастап кетті: 
- Базарды аралап, жеміс-жидек сататын жағын жағалап келе 
жатсам, біздің ізімізді қуып жүрген бір келісті әйел, үнемі осы 
шабдалыны сатып тұратынын кӛруші едім, бүгін де орнында екен. 
«Алмасжан аузының дәмін алсын», - деген оймен әлгі әйелге сӛз 
басы болсын деп: 
- Ау, замандас ӛзбекке тиіп алғаннан саумысың? Шабдалы 
қаншадан?-демеймін бе... Ол: 
- Оның жәйін білмек болсаңыз, бері келіп шәй ішіңіз, айтып 
берейін-деді. Екеуміздің сәлем-саулығымыз екі ауыз сӛз болды... 
Хан базардың ортасы. Менің де асығыс жұмысым шамалы, 
айтқанына кӛніп, ықыласын қайтармадым... Орнына қасындағы 
қызды қойды да, барын алдыма жайып, шәйді қоюлап құйып: «Ал, 
енді тыңдай беріңіз», - деп әңгімесін бастады: 
- Құдай басыма бір қыз беріп, соны оқытамын деп Алматыға 
тасынбаймын ба... Ол, КАЗГУ-дың Юрфагіне түсті. Әкесі заңгер 
еді, қайтыс болып кеткен. Әкемнің жолын жалғаймын деп жүргені. 
«Ал, болсын!», - деп қатарынан қалдырмай, кешегі 90-жылдың 
қиын-қыстауында, жинаған бар қорымды сол қыздың оқуына, 
жүруіне-тұруына жұмсап болдым. Ӛзі ерке-шолжаңдау, «не кием?», 
«не ішем?» - демей ӛскен қыз, мені аяған жоқ... Мен де 
тартынбадым... Әкесі болса, ӛлді. Осы қыздан басқа кімім бар?! 
Тәуекел! Қатарынан қалмасын, «әкем болғанда ғой», - деп кӛңіліне 
алмасын. Қолына дипломын алып қызметіне тұрып, теңін тауып ел 
болып кетсе болар - деп жүрмін... Облыстағы әкесінің заң 
орындарындағы достары да қуанып, практикасын ӛздерінде 
ӛткеріп, болашақ орнын да дайындап кӛмектесіп жатыр... Кӛз 
кӛрген жандар. Әйелдер жағы: «Динара сұлу болып, бой жетті. Ӛзі 


ақылды. Оқыды-тоқыды, бізде де ұл бар, құда түсеміз», - деп 
жатыр... Оларға: 
- Тапқаным жалғыз қыз, қай бұйырғаның алыңдар, - деп, күліп 
қоямын. Айтып жүрген балалары да алтын асықтай. Оқыған, 
қызметтері бар, ӛзіміздің қолымызда ӛскен жастар... Келген сайын 
ол жаңалықты да айтып, құлағына салып отырамын... Сонымен қыз 
оқуын бітіріп, иығымнан ауыр жүк түскендей күй кештім... Оқуды 
қызыл дипломмен бітірді. Алматыдан келетін мезгілі жақындаған 
сайын 
бұрынғы 
шаршағандарым 
бір 
күнгідей 
болмай, 
қуанғанымнан «келгесін ағайынның басын қосып әкесіне құран 
оқытып, үлкендердің батасын алып берейін», - деп сойыс малыма 
дейін дайындап күтіп отырмын. Қыздың келетін уақытты ӛтті... Хат 
жоқ, хабар жоқ... 
- Бұл қызға не болды? Ӛлі ме, тірі ме? - деп отырғанда 
поштамен хат келді. Бір сұмдықты сезіп, хатты жалма-жан ашып 
оқысам, болды... қыз байға кетіпті... «...Біз, Сайд екеуміз ... 
Тәшкен...» Соны-ақ оқыдым, құлағым гүңгірлеп, басым айналды... 
Есімді жисам, қасымда ақ халатты жедел жәрдемнің қыздары отыр. 
Үйде оқып жатқан ағайынның екі қызы бар еді, солар шақыртып, 
жаным қалған екен. Олар: 
- Апа, қатты уайымнан болған. Тынығыңыз. Укол салдық. Қан 
қысымыңыз кӛтерілген- деп жатыр. Оларға: 
- Рахмет айналайындар! Мен де, бір қыздың күйігінен ӛртеніп 
жатырмын. Ол, бетпақты ма!?... Осыдан тұрайын, сосын болсын 
жұмысым... Есімді жинап тұрып, әлгі хатты қайта оқыдым. «Мама, 
сіздің келісім бермейтініңізді білдім. Ол – ӛзбек жігіті...» Одан әрі 
тағы да оқи алмай кӛзімнен жас кете берді... 
- Алда ғана, бетпақ-ай! Айдалада ӛзбекке тигені несі?! 
Ағайын-тумаға не бетімді айтамын?!... Қызымның шынымен 
басында торғайдың миындай ақыл жоқ, сорлы қыз екенін енді 
түсіндім... Екі кӛзім тӛрт болып жолына қарап отырғандағы сыйы 
осы ма?!... Ашуым келгеннен, үйдегі қыздың біреуін қасыма ертіп, 
сол күні пойызға мініп, ертеңіне тәңертең Тәшкеннен бір-ақ 
шықтым... «Шашынан сүйреп алып келейін. Байсыз кетсе де...», - 
деп белді будым. Қолымда әдірісі бар, қоямын ба... Бостандық 
ауданының, бірдеңе деген колхозының, бір бӛлімшесі екен. Күйік 


пен ашудан кӛзіме ештеңе кӛрініп келе жатқан жоқ... Ол қызды 
дуалаған, болмаса қорқытып алып кеткен... 
Таксимен бӛлімшеге келдім... Бӛлімшенің басшысы отыратын 
жерді тауып, ішіне кірсем, жас жігіт отыр екен. Ұшып тұрып сәлем 
беріп жатыр. Сәлемін не қылайын... Қолымдағы хаттың ішіндегі: 
- Сайд деген ӛзбек осы бӛлімшеде тұра ма? Тұрса үйі қайда, 
кӛрсет! - дедім. Ол бала дереу телефонға жармасып: 
- Меймандар келді - деп біреуді шақырды. Кешікпей 
машинамен жігіт ағасы болған ӛзбек келіп, сәлемдесіп үстелге 
жайғасты. Сол бӛлімшенің бастығы екен. Оған да, келген шаруамды 
айттым. Ол жігіт ӛзбекшелеп әңгімеге тартты: 
- Сіз Қазақстаннан келдіңіз бе? Сіз Ишон атаның құдағайы 
боларсыз... деп келе жатыр еді: 
- Әй, ишан-шиқаныңда шаруам жоқ. Мен қызымды іздеп келе 
жатырмын. Қызымды дуалап алып кеткен. Мен де прокурордың 
қатынымын... Ертең бәрің де заң алдында жауап бересіңдер! - деп 
тепсініп тұрмын... 
Одан әрі әңгімеден ештеңе шықпайтынын білген ол далаға 
шығып, мініп келген кӛне машинаның шопырына тапсырма беріп, 
бізді мінгізіп жіберді. Ол шопыр бізді мінгізіп жолды-жолсызбен 
ауыл аралатып, елдің шетіне шыға келді. Одан: 
- Әй, баратын үй қайда? – десем: 
- Болады, болады, - деп ауылдан шығып, қара жолмен біраз 
жүріп бір жарманың (канал) басына келіп тоқтады. Айнала мақта 
егіп тастаған... Шопыр түсіп қолымен сілтеп: 
- Анау, бір шақырым жердегі бауды кӛрдіңіз бе? Сіз іздеп келе 
жатқан Ишон атаның үйі сол. Сайд – сол атаның баласы. Ол жерге 
машина бармайды. Мына жарманың басымен жаяу барасыздар, - 
деп түсіндіріп, машинасына мініп кетіп қалды... Аспан қайнап 
жерге түскендей, күннің аптап ыстығы болса мынау... 
- Алда ғана, қатын-ай!?... Мына қыздың берген азабын-ай! 
Осыдан тірі болсаң кӛрермін... Каналды жағалап келе жатсақ, 
алдымыздан он-он бір жасар бала қарсы жүгіріп келе жатыр... Ол 
бала бізге: 
- Мақтаға су кетіп жатыр, бұл жолмен ӛте алмайсыздар, - деп 
орта жолдан кері қайырып, бағанағы жерімізден каналдың екінші 


бетіне шығарды... «Бір қатынның қырсығы, қырық қашырға жүк 
болды» деген... Қырсыққан қыздың жолы қайдан болсын?... Бала 
алдымызға түсіп алып, жүгіре басып келеді. Үйінің тұсына 
жеткенімізде каналға екі бӛреннен кӛпір салып қойыпты. «Ӛлетін 
жерге енді келдік. Мына қыз бізді каналдың суына ағызып 
құртайын деген шығар...» Қасымдағы қызға ӛт десем, зар илеп ол 
ӛтпейді... Бала әрі-бері ӛтіп: 
- Ӛтің-ӛтің! - деп жүр. Зорға ӛтіп үйіне қарай бұрылдық. 
Теректің ортасында жалғыз үй. Үйдің үсті шипырланбаған. Тамды 
соқтан құйған. Қорасы бар. Оның ішінде үш баспақ тұр... Үйдің 
айналасы кӛлкіген арық, атыз, су... Есікке жақындағанда іштен 
қызым шықты... Үстінде ӛзбек кӛйлек, басында маңдайынан 
тартып, желкесінен түйіп байлаған орамал, бұтында дамбалы... 
- Ойүбӛӛй, сорлы-ай! Таза сорлаған екенсің! Мына қызды таза 
дуалаған... Қызым мені кӛріп, жақын келіп «Мама!» - дегені сол... 
кӛктікті қойсай!?... Басындағы орамалын жұлып алып, жағынан 
салып-салып жібердім... Қызым кейін шегініп тұрып қалды... Одан 
әрі бар ашуым ақтарылып, айтпаған сӛзім қалмады... 
- Неден кемдік кӛрдің? Алты жыл Алматыға арқаланып 
оқытқандағы сыйың осы ма? Қазақтан бай табылмады ма? Жинал 
менімен кетесің! -дегенде қызым: 
- Мені, алып кетемін деп әуре болмаңыз. Біз, Сайд екеуміз 
осылай шештік. Сайд – осы үйдің үлкені... Ол осы колхоздың 
жолдамасымен СХИ-дың агрофагін бітірді... Қазір бұл үйдің барлық 
адамы мақтада, жұмыста. Кешке келеді... Енді ашуыңызды басып, 
жолдан келдіңіз, жуынып-шәйініп үйге кіріп, демалыңыз! - демесі 
бар ма!?... Белге соққан жыландай дәрменім кетіп, кӛлденең жатқан 
ағаштың кеспегіне отыра кеттім... «Ойбүйй қатын-ай! Барлығын ӛзі, 
ӛлшеп-пішіп қойған екен ғой!... Қап, бұныңды білгенде 
Қызылордаға ғана оқытып, сол жерге байға беретін едім!?... Сенен 
прокурор, сот шығады деп жүрген мен ақымақ...» Мақтаның 
ортасындағы жалғыз үйде, жалғыз ӛзім бүлініп жатырмын... «Қой» 
дейтін қызымнан басқа пенде болсай... Бағанағы бізді әкелген он 
жасар бала есіктен ауық-ауық сығалап қарап қояды. «Топыраққа от 
қояйын ба?», орнымнан тұрып, қыздың ізіне еріп, үйге кірдім. Тӛрт 
бӛлмелі үйдің кіреберіс оң жақ бӛлмесінде, тапшанға қойылған ас 


ішетін жайына орналастық. Қыз сол үймен біте қайнасқандай, 
қарама-қарсы ас бӛлмесінде қолы-қолына жұқпай, ӛз жұмысына 
кірісті... «Ой, Алла-ай! Үйде еңкейіп жұмыс істемеген мына 
қыздың тірлігінің түрін қара?!»... Оған да қарап отыруға шыдамай: 
- Әй, қыз! Бұл үйде сенен басқа тірі жан бар ма? - деп ем, ол: 
- Бар. Атам мен алты қайным бар - демесі, бар ма! 
- О, қасқа маңдай!... Не дейді!?.. 
- Я, солай. Атам сыртта баудың ішінде жүр. 
- Ол, атаң саңырау ма? Осыншама айқай-шуды естімейтін? 
Жоқ, «ешегі судан ӛткесін» не қылсаң, ол қыл деп жүр ме?... 
Қызым: 
- Оны барып сӛйлесіңіз - деп ӛзім зорға отырғанда отқа май 
құйып жіберді... 
- Барсам, барамын!-деп қайта тұрдым. Қызым маған бұрылып: 
- Ол кісі, сыйлы адам. Сәл екпініңізді басып сӛйлеңіз -демесі 
бар ма: 
- Әй, мен сен құсап сол ӛзбекке тиейін деп келді дейсің бе? 
Кәне кӛрейін, қызымды алып қашап, он бес күн үнсіз жатқан 
ӛзбекті, -деп далаға шықтым. 
Қораның сыртында, әу дейтін жерде дарақ ағаштың түбінде 
бір кісі отыр. Солай жүрдім. Ол кісі қырыннан қарап отыр. 
Жақындағанда кӛрдім, басында ӛзбек тақиясы бар, сыртынан ақ 
орамал ораған, ақ сақалды кісі екен.. Үстінде ақ кӛйлегі, ызып 
тіккен ескі кӛк шапаны бар. Тәспих тартып отырғанын байқадым. 
Ол кісі мені кӛріп, орнынан тұрып, екі қолын кӛкірегіне қойып: -
Ассалаумағалейкум! - деп сәлем берді. «Саламатсыз!», - деп сүйей 
салдым... Ӛзінің астындағы тозығы жеткен тӛсенішті қағып-сілкіп 
менің астыма тӛсеп, отыруымды ӛтінді. Басқа отыратын жер жоқ, 
аяғымды созып жіберіп отырдым... Ӛзі жерге отырды. Таза ӛзбек. 
Отырған бойда әңгімені қоя бердім: 
- Ал, кәне, кешірімге неге адам жібермедің? Сұрауы жоқ дедің 
бе? Пәленбай жыл оқыттым. Жағдайыңа қарамайсың ба? Біздің 
елде кешірімге, құдалыққа, ананың сүт ақысына т.б. қанша ақша 
кететінін білесің бе?... Онда былай... - деп, түгел тізіп бердім... Ал, 
ала қой қызды!?... Әрі айтып-бері айтып, басылдым-ау әйтеуір... 
Қорасында үш баспағы бар сорлы, не істер екен? - деп тоқтадым. 


Ол кісі екі қолын қусырып, жүресінен үнсіз тыңдап отыр. Сәлден 
соң: 
- Құдағай, адам мен адамды, әуелден Алла қосады. Сіз бен 
біздің еркімізден тыс. Ата-ана мехнатын шегіп ұл мен қызды 
ӛсіреміз, ырызық-несібесін, бақ-дәрежесін Алла пешенесіне 
жазады. Қай жерден ырызық-несібе бұйырса, пенде соны теріп 
жейді... Сіздің айтқан сӛзіңіздің бәрі мақұл. Келіннің анасысыз. 
Ананың орны, екі дүниеде – ұлық... Бұл балалардың анасы 
алдыңыздан шыққан он жасар баланың үстінде қайтыс болды. Он 
жылдан бері жесір шалмын. Жасым жетпіс алтыда. Баламның 
үлкені Сайдқа: 
- Балам, сен оқы. Соңыңда алты інің бар. Оларды жеткізу 
екеумізге оңай болмайды... Біз, мақташылық қылайық, -деп күні-
түні мехнатшылық жасап жүріп, бір баланы оқыттық... Алланың 
жазуы, балам қол ұстасып келінді ерте келді... Сіз айтқан пұл бізден 
қазір табылмайды. Иншалла, қарыз да болмаспыз... Біз, 
диханшылықпен айналысамыз. Мақтаның айлығын, соңыра қысқа 
жақын береді. Одан қолымызға не тиеді, оны тағы Алла біледі... 
Қорадағы үш тананың екеуін балаларымның айлығының есебінен, 
біреуін Сайдқа үй болғанына кӛмекке колхоз беріп отыр. Күзге 
дейін осыны, мақтаның паясына семіртіп, пұл қылсақ дейміз. Той 
беру, Алла қаласа, мақтаны жинап алғаннан соң болады - деп 
тоқтады. 
- Ойбүй, құдай-ай! Жесір қатын, жетім шал құда болсақ – 
жетіскен екенбіз!?... Қоралы жетімге келген, мына қыздың 
маңдайының соры бес елі екен!... Енді, ашудың орнына, бойымды 
дәрменсіздік билеп, кӛзімнен жас кете берді... Ақылыма 
сыймайды... Бір кездері, ол кісі: 
- Құдағай, кӛп қапа болмаңыз. Біздің де, Алладан үмітіміз бар. 
Жастар бақытты болсын деп тілейік. Сіздің аналық ақыңызға мына 
дарақты сыйлап отырмын, - деп түбінде отырған талды кӛрсетпей 
ме?! 
Шошып кеттім. Сӛзінің аяғын күтпей: 
- Не дейді?... Оны не істеймін?!... Отын қыламын ба?... 
Орнымнан атып түрегелдім. Елде, адам естімеген бәлені мен 
естідім-ау!.. Үйге қарай тұра жӛнелдім... Ағашың, ӛзіңе табыт 


болсын... Ағаш сыйладымы несі-ай, а?!... Ата-бабам талдың 
басынан тамақ жеп кӛрген жоқ.. «Қызынан ағаш мініп келіпті» дей 
ме жұрт! «Ағаш атқа мінгізді» деген, осы шығар... Ашуым қайта 
қаптады... Келе қызды қайтадан түтіп жедім: 
- Оңбаған, ертең-ақ ӛзің қайтып келерсің. Бұл жерден не ішіп, 
не киемін деп жүрсің?! Не мақсатың бар? -деп бар ашуымды алып 
жатырмын. Қызым: 
- Мама, не болды соншама даурығып? Жалғыз қызы күйеуге 
тиген, тек сіз бе? Ұят емес пе?! Болды енді, үйге кіріп, шәй ішіп 
демалыңыз -деп жатыр. Амалым жоқ, беті-қолымды жуып үйге 
қайта кірдім. 
Дастархан басына отырып бір-екі кесе шәй іштім. 
Шӛлдегенімді сонда білдім... Маңдайым жіпсіп, «уһ» дедім-ау!... 
Содан соң айналама қайта қарадым... Ақыл келгендей болды... 
«Қой, қыз тиетін байына тиді. Аман екенін кӛзім кӛрді. Қалғанын 
бақ-талайынан кӛріп алсын!», - деп есімді жинай бастадым. Қызым 
да қабағымды аңдып отыр екен: 
- Мама, мені кешіріңіз! Сіздің, қиналатыныңызды білдім. Сайд 
екеуміз бірінші курстан бастап танысып, достастық. Отбасының 
жағдайымен де бұрыннан хабардармын... Бізді, бұл жерде жас 
мамандар деп жақсы қабылдап жатыр. Мен де ауылдық кеңестің 
маманы болып орталыққа жұмысқа орналастым. Сіздің келе 
жатқаныңызды үйге телефон шалып білдім. Бәрі жақсы болады -деп 
жұбатып қояды. 
Сонымен кешке, қараңғы түскенде күйеу бала Сайд та келді. 
Сырттан жуынып-шәйініп: 
- Ассалаумағаликум! - деп екі қолын кеудесіне қойып ішке 
кірді. Үстінде жаңа тігілген ала шапан, басында ала тақиясы. Белін 
орамалмен байлаған. Ұзын бойлы, шыпта кірпік қараторы жігіт 
алдыма келіп жүресінен отырып, таза қазақша сӛйледі: 
- Құрметті Бибінұр ана, біздің қателігімізді кешіріңіз?! Я - 
десеңіз, анамыздының орнына бізге ана болыңыз?! - деп еңсесін 
кӛтеріп, кӛзіме тіке қарағанда жанарындағы кӛлкіген жасты кӛріп, 
ӛксіктен жүрегім аузыма тығылды... Сонау заманда, ауылдағы әке-
шешеден қыстауда отырғанда иіс тиіп бірдей айрылып, ауданда 
мектеп-интернатта жатқан ініміз бен екеуміз қол ұстасып, жылап 


жүріп жетілген күндерім есіме түсіп, кӛзімнен жас саулай берді... 
Ӛзім он екіде, інім онда... Құдай бізді де жеткерді ғой. Жетімдік пен 
жесірлік, жоқшылықтан баршылыққа жеткізген құдайға шүкірлік 
қылып, тәубама түстім. Сайдтың жанарындағы жас жүрегімнің 
түкпірінде жатқан шерімді қозғап, санамның саңлауын ашып 
жіберді. Сайдты құшағыма алып, маңдайынан сүйдім. Қас қағым 
сәтте ӛткен ӛмір кӛз алдымнан кӛлбеп ӛтті. Баланың анаға деген 
сарқылмайтын сағынышы, ӛзімен кететін ӛкініш екенін Сайд 
екеумізден артық кім біледі?! Ананың мейіріміне қанбай ӛскен 
перзенттің ӛксігі, ӛмір бойы тарқамай ӛтеді. Одан артық қасірет бар 
ма?! Аңсайсың, іздейсің, кӛнесің. «Жетім қозы тасбауыр, маңырар 
да отығар», -деп ӛлмесең жетілесің. Бұл екеуі білімді азаматтар 
емес пе?... Бірін-бірі ұнатып, ел болуға бекінсе шүкірлік етейін -деп 
сабама түсіп, «Алланың бұйыртқаны болар» деген ой түйдім. 
Қызымды да маңдайынан сүйіп, бауырыма басып, кӛкірек сарайым 
кеңейіп, жеңілдеп қалдым... Байқағаным, қызым тез жетіліп, азамат 
болуға бой ұрғандай кӛрінді. Әкесінің салмақты, тәуекелшіл мінезі 
болатын еді, табиғатынан соны байқадым. Қызым су әкеліп, беті-
қолымды жуып, «құдағайлық қалпыма түстім». Онымен қоймай, 
қызым: 
- Енді, құда балдарыңызбен танысыңыз - демесі бар ма. 
- Ассалаумағалейкум! - деп бірінен соң бірі, алты бала кіріп
қол алысып амандасып, қарама-қарсы жүрелеп отырды. Барлығы да 
жібек шапан, ала тақиясын киіп, белін буып алған. Алды жігіт 
болған. Тойда жүргендей салтанатты. Сайд таныстыра бастады: 
- Сізге, әулетімізді таныстырайын: Сіздің құдаңыз, әкеміздің 
аты-жӛні Сайд Ахмат. Халық «Ишан ата» атап кеткен... Сіздердегі 
Сайд қожалар әулетіміз... Менің ӛзімнің толық аты-жӛнім – Сайд 
Камал, інілерім: Сайд Калам, Сайд Баттал, Сайд Акпар, Сайд 
Ғафур, Сайд Жүсіп. Сайд Иса – кіші ініміз – деп таныстырып 
жатыр. Аты аталғанда әрқайсысы кеудесіне қолын қойып, алдыға 
еңкейіп, ізет жасап отыр. Мектептің шәкірттері секілді. Бір Сайдты 
іздеп келіп, сегіз машайықтың үстінен түскендей күй кешіп 
отырмын... Олардың үстіне тура солай киінген құда кіріп, тӛрге 
отырды. Балалары түгел орындарынан тұрып, ол кісі отырғаннан 
кейін қайта отырды. Сайд пен Динара бәрінен тӛмен жайғасты. 


Динараның кӛйлегі мен орамалының ӛзіне сонша жарасымды 
екенін сонда байқадым... Барлығының басы қосылғанда үйдің 
тӛріне нұр құйылғандай жайнап кетті... Құда: 
- Құдағи, біз он жыл кӛлемінде салтанатты киім киген жоқпыз. 
Мына шапандарды Динара Тәшкеннен ала келіп, кигізіп отыр. 
Ертең тойға киесіздер деп - дегені сол, кӛзімнен тағы да жас кете 
берді. Қызыма қарап жүрегім уылжып кетті... Қызым да әкесін 
қатты сағынған екен-ау! - деп... Ӛзімді ӛзім зорға тежедім... Құда 
одан әрі: 
- Бұл перзентерімде менің аталық ақым болса, әуелі, сізді қапа 
қылмауын сұраймын!? Сіздің Динараға берген аналық ақ сүтіңіздің 
ӛтеуіне ӛзіммен бірге Алланың берген бұл жеті перзентім де 
қарыздар. Себебі, анасының ошағына, он жылдан соң жылылық 
алып келген Динара келінге Алланың нұры жаусын! – деп қолын 
кӛтеріп дұға оқып, бата берді... Жүрегімді толғаныс пен қуаныш 
бірдей билеп «Аумин!», - деп бетімді сипадым... «Ойпырмай, 
Алланың тағдырлас жандарға жолықтырып, тәубама түсіруін-ай!», - 
деп басымды шайқадым. 
Қой басыңды ауыртып қайтейін!?... Ертеңіне Сайд пен Динара 
Тәшкеннен пойызға мінгізіп салды. Сонымен, қызды ӛзбекке беріп 
ӛте шықтым... Құдағай да, құда да ӛзім, кешірімді де ӛзім беріп 
ауылға келдім... Сұрағандарға: «Қыз Тәшкенге, ӛзбекке тиіп кетті», 
- дедім де, қойдым. Ағайын аң-таң... Жаз ортасына таман қызым 
телефон шалып, амандық-саулықтан соң: 
- Мама, Сіздің үйдің алдына Тәшкеннің автобусы барып тұр. 
Құдаңыздың сізге салып жіберген сәлемдемесі бар, соны қабылдап 
алыңыз - демесі бар ма. Жалма-жан: 
- Әй, қыз, ол не? - деп терезеге қарасам, әйдік қызыл автобус 
қақпаның алдында кӛлденеңдеп тұр екен. Телефон ажырап кетті... 
Далаға шықсам жүргізуші дарбазаның алдына жиырма шақты 
қорапты түсіріп қойыпты. Қазақ екен. Мені кӛріп: 
- Сәлем бердік, апа! Сіз Ишан атаның құдағайысыз ба? - деп 
жатыр. 
- Я, сол кісімін. 


- Онда сарайыңызды ашыңыз. Мына заттарды кіргізіп берейін. 
Маған құдаңыздың тапсырмасы солай - деп іске кірісті. Сарайды 
ашып бердім. Сӛзшең жігіт екен. 
- Құдаңыз мықты адам екен, апа. Бір сағаттай әңгімелестім... 
Сіздің «сүт ақыңызға» арнап, тағы бес тал жеміс ағашын белгілепті. 
Мына жемістер сізге атаған ағашының ӛнімі... Енді он күннен кейін 
басқа жемістері піседі екен. Бұл шабдалы деген жеміс. Ол кісі, ата-
бабасынан бері қарай осы жеміс ағашын ӛсіремін деді.. Бұл тұқым 
сол аймақта, тек осы кісіде ғана бар екен. Айтқанына қызығып 
кетіп, құдаңызға: 
- Біреуінің дәмін татып кӛрейін! - деп едім: «Балам, аманатқа 
қиянат жүрмейді. Келесі жолы, ӛзіңе бір қорабын дайындап 
қоямын», - деді. Апа, ол кісінің жемістерін ӛзім тасып тұрамын - 
деп ағынан жарылып әңгімесін айтып жүр. Ӛзі Жаңақорғанның 
жігіті екен. Үйге кіріп, нан ауыз тиіп кете барды. 
Ӛң мен-түстей... Қызым кеткелі келген бірінші сәлемдеме. 
Шапан емес, шыт емес, ақша емес – осыншама нәрсені не 
істеймін?... Ағайынға таратсақ, «қызын ӛрікке сатқан ба?», - деп, 
тағы күлкі боламыз-ау. «Қой, не де болса кӛрейін», - деп қағаз 
қораптың біреуін ашсам, шабдалы – қызыл-сары түсі алаулап тұр. 
Әрбір түйірін жұмсақ ақ қағазға орап, ұядағы балапандай бӛлеп 
қойыпты. «Не деген ұқыптылық!?» -деп кӛргенде таңқалдым. Тӛрт-
бесеуін алып үйге кіргенім сол, телефон қайта шырылдады. Алсам, 
қызым: 
- Мама, заттарыңызды қабылдап алдыңыз ба? 
- Я, алдым. Оның бәрін не істеймін? 
- Қазір сізге, базардан менің құрбым барады, соған үш 
қорабын, ақшасына беріңіз. Бірге барып, қаншаға сатқанын кӛріңіз. 
Сонда сізге түсінікті болады. 
- Әй, қыз! Сен мені саудагер қылайын дедің бе? Әкең ӛмір 
бойы саудагермен алысып ӛтті емес пе?!... Елдің бетіне қалай 
қараймыз? Әлде, сен ӛзбекке тиді деп, мен ӛзбек болайын ба? - деп 
бұрқытып жатырмын... Телефон тағы үнсіз. Ой, Алла-ай! Тура 
әкесінің мінезі. Ол да, артық кеті бара жатсам, телефонды қоя 
салатын. Ойым он сақта. «Қой, маған бұйырғаны осы шығар», - деп 
жуып-шәйіп әкеліп, біреуінен ауыз тидім. «Тойып жейтін ас емес


тастап кетер тас емес», -деп отырғанымда үйге сәлем беріп бір 
келіншек келді. Қыздың айтқан құрбысы екен. «Күйеуім жол 
апатынан қайтыс болып, жылын берген соң, бала қамына шықтым. 
Базарға шыққаныма бір ай болды. Үш балам бар», - дейді. 
- Апа, мынау үш қораптың ақшасы -деп қолыма кӛлемді ақша 
ұстатты. Базардан не түседі, оны да тең бӛлемін. Менімен бірге 
жүріңіз - деп, машинасымен алды да кетті. Әне, сол отырғаннан 
осы жерде он бес жыл болды отырғаныма. Мына қыз сол қыздың 
үлкені - деп орнына қойған қыз баланы кӛрсетті. Қазір он тӛртте. 
«Қыз алып қашқан қалай болады екен?», - деп ӛзімнің атыма бір 
қыз, бір ұлын аудартып алдым. Екеуі де осында, қазақ мектебінде 
оқиды. Күйеу бала сол ауданның ауыл шаруашылығының бастығы. 
Қыз сол ауылдың ауылдық кеңесінің тӛрайымы. Сайд Ишан 
құдамның ӛмірден ӛткеніне екі жыл болды. Ӛзі барда екі баланы 
атыма аудартып, ескі үйімді құда балдарыма қайта салғызып: 
- Құдағай, қалғанын Алла жеткереді. Мен, Алланың құзырына 
бетімді түзедім, осы баланың барлығы сіздің балаңыз! – деп 
аманаттап кетті. Міне, келіншек – шабдалының әңгімесі, - демесі 
бар ма. 
- Қыздың қалың малы қайтты ма? - десем: 
- Қалың мал бер жағында қалды. Жылына тӛрт-бес айда екі 
миллиондай ақша тек жеміс-жидектен түсіп отыр - деп еңкейіп 
құлағыма сыбырлап қояды. «Ердің назын – жер кӛтереді» деген 
диханшылықтың астарында даналық пен адал еңбек тұрады екен, 
соған кӛзім жетті - деді әлгі әйел... «Алмасжанның анасы болсаңыз, 
ол халықтың баласы», - деп беріп жіберген сол апаңның 
сәлемдемесі, - деп апам да әңгімесін аяқтады. Шабдалыдан 
қауындай тіліктеп алып ауыз тидік. Шынында дәмі тілді үйіреді 
екен... Асыл анамыздың кӛп әңгімесінің бұл бір мезеті ғана... 
Естелік болып қалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет