Баяндама Тақырыбы: Қимыл қозғалыстық әрекеттерге үйрету Дайындаған: 3 курс студенті Санатай А. Жетекшісі: Кантарбаев Р. К



Дата03.01.2022
өлшемі37.09 Kb.
#450798
Санатай А.Баяндама


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Туризм, алғашқы әскери дайындық (АӘД), дене мәдениеті және спорт кафедрасы

Баяндама

Тақырыбы: Қимыл қозғалыстық әрекеттерге үйрету

Дайындаған: 3 курс студенті

Санатай А.

Жетекшісі: Кантарбаев Р. К.

Көкшетау


2021 жыл

Қимыл қозғалыстық әрекеттерге үйрету

Тірек-қимыл аппараты мен дене сапаларының жетілген деңгейіжаңа қимыл қозғалыстарға үйретудің алғышарттары болып келеді.Ол оқытудың құрылымдық-функциялық негізі.Жаңа қимыл-қозғалыстар талаптарын бұл алғышарттар қанағаттандырады,сәйкес келеді немесе жеткіліксіз болады.Жеткіліксіз жағдайда оқу процесі созылып кетуі мүмкін.Сондықтан берік морфофункциялық іргетас қалауды жаңа қимыл-қозғалыстарға үйретудің ең тиімді жолы ретінде қарастыру қажет.Қандай жағдай болсын біртұтас организм үшін көзделген мақсатқа тиімді және үнемді жолдармен жеткізу ережелері өздерінің маңызын жоймайды.Күрделі қимыл-қозғалыстарға оқытуда логикалық соңына жеткен элементтерді бөлшектеуге болады.Алайда,балаларды оқыту барысында күрделі қозғалыстар элементтерінің ішкі тұтастығын сақтайтын әдістер басқадан артық келеді.Бастапқы кезеңде ол әдістер жеңілдетілген жағдайда өткізілуі мүмкін.Мұндай жеңілдетілген жол дене сапаларының максимал дәрежеде білінілуін талап ететін жағдайларда жаттығуларды меңгеру сатылары жақсы.Күрделі жаттығуларға үйретудің бірінші кезеңінде,қимыл-қозғалыстар автоматизмі пайда болғанша қосымша амалдар мен жағдайларды пайдаланудың қажеті жоқ.Жаңа қимыл-қозғалыстарды үйренудің табыстылығы балалардың қимыл әрекеттеріне оңтайлы жағдай жасаумен байланысты.Назарды белсенді күйге келтірудің түрлі әдістерін қолдану,сабақтың кіріспе бөлімінде болашақ әрекеттерге Жан-сезімдік сезінуді қамтамасыз ету орталық жүйке жүйесінің оңтайлы қозыштығын жасауға атсалысады. Күрделі қимыл-қозғалыстарға шаршаған жағдайда қолдану өте тиімсіз.Қалыптасқан қимыл дағдысының беріктігі үйреніп жатқан қимылдарды қайталау санына тәуелді.Орындалу дұрыстығын оқытушының тынымсыз бағалауымен қатар оларды қанша рет қайталауын қадағалау, жаттығудың жеткілікті меңгерілуінің негізгі шарттарының бірі болып келеді.Индиференттік тітіркендіргіштердің күші ,дәлірек айтқанда,үйренетін қимыл-қозғалыстардың өзі оңтайлы дәрежеде болуы керек.Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер, яғни өте күрделі жаттығулар,оқушының қимыл-қозғалыс функцияларының жастық даму ерекшеліктеріне сай келмейтіндері меңгерілмейді.Керісінше,күш жағынан әлсіз,баланың ынтасын тудыра алмайтын қарапайым қимыл-қозғалыстар,оларды қайталай орындау үшін қозғаушы бола алмайды.Ерікті қимылдарды қуаттаушы агенттердің индифферентті агентке қарағанда күші максимал болуы керек.Оқушылардың әрекеттерін бағалау, түсінік беру,қателіктерін түзету,үнемі назарда ұстау жаңа қимыл-қозғалыстарға үйретудің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.Табиғи қимыл-қозғалыстарға жақын (мысалы,жүгіріс).Спорттық жаттығуларға үйрету,олардың қимылдың іштен туа біткен механизмдерінің(элементтерінің) басым болуы себебін жеңіл келеді.Алайда оқытуда жіберілген қателіктер қимыл-қозғалыстардың табиғи реттелу негіздерін жоюы мүмкін.Мұндай қауіпті салдарға қимылдардың қалыпты физиологиялық реттелу механизмдеріне сәйкес келмейтін үйретудің алуан түрлі нысанды әдістер мен амалдарыненгізусебеп болады. Күрделі қимыл-қозғалыстар үйретудің әдістемесін алдын ала мұқият жасауды талап етеді.Ондай әдістеме балалардың қимыл-қозғалыс функцияларының реттелуі мен қалыптасуының жалпы заңдылықтары жөнінде білім негізінде құрылады.Күрделі қимылдарды орындағн кезде оларға бағытталған жігерлі де санаулы бақылаулар, қимылдардың табиғи формаларын меңгруге қарағанда ұзағырақ сақталуы керек.Жеке бөлшегі не болмаса тұтас қимыл-қзғалыс автматтандырылған сайын ,ны санамен бақылау әлсірей береді.Іштен туа біткен қимыл-қзғалыс әреккеттеріне тән қимыл-қзғалыстар еріксіздік бейнелеріне ие бола бастайды.Балалар мен жасөспірімдерді қимыл-қозғалысқа үйретудің ерекшеліктері:Жаңа қимыл-қозғалыстарға үйрету қарапайым қимыл актілерінің табиғи бейнелерінің жастық алғышарттарына негізделеді.Тұңғыш балалық шақтағы бейберекет қимыл-қозғалыстардан, сансыз сынаулар мен байқаулар арқылы,оларды орындаған шақтарда ұшырасатын сәтсіздіктерден аса отырып,бара-бара мақсатты қимыл-қозғалыстарға қалыптасады.Мақсатқа сәйкес қимыл әрекеттерін қуаттау-ерікті қозғалыстарды қалыптастыруға бағытталған қажетті әрекеттер.Мысалы, баланың шап беріп ұстай алатын қимылдарын бірнеше рет тамақ немесе басқа биологиалық маңызы зор агенттермен қуаттаса,олар мақсатты сипатты қимыл әрекеттеріне айналады.Тұңғыш даму кезеңдерінде баланың қимыл-қозғалыс(локомоторлық)функциясы өте қарапайым формаларында іске асады.Бір-екі жастағы бала жүрісін еске түсірейік.Оның қимыл белсенділігі көптеген спорт түрлеріндегі немесе әртістік өнердегі қимыл-қозғалыстарға мүлде ұқсамайды.Қимыл-қозғалыс функциясының дамуы біркелкі емес.Туғаннан соң бір жасқа дейін бала өте тез өседі.Тұңғыш балалық шақта тұлға бұлшық еттерінің массасы тек артады.Тек мектепке дейінгі жаста ғана(5-6 жаста)қолдарының ұсақ бұлшық еттері тез дамиды.бұл жаста бала саусақтары дәл және нәзік қимыл-қозғалыстарға ие бола бастайды.Тірек-қимыл аппаратының және орталық реттеуші механизмдерінің жетілуі жоғарылаған сайын жаңа қимыл-қозғалыстарды меңгеру қабілеті артады.Бастауыш сыныптағы балалар шапшаң шешім қабылдап орындауды талап ететін,аяқ астынан пайда болатын қимыл-қозғалыс жағдаяттарына салыстырмалы тез бейімделеді.Қимыл-қозғалыс дағдыларын үйрену және оларды орнықтыру жеделдігі көптеген жағдайларда оқытушының шеберлігіне,қуаттау әдістерінің ебін табуына, баланың сабаққа деген ынта-жігерін арттыра білуге байланысты. Сондықтан физиологиялық әрі педагогикалық тұрғыдан алғанда да түсінік беріп,жаттығулардың орындалуына баға беріп,баланың қимыл әрекеттеріне тұрақты бақылау жасап отырғанымыз дұрыс.

Ерікті қимыл-қозғалыстардың қалыптасуы оқытудың алғашқы кезеңдерінде шартты рефлекстік әрекеттердің жалпы заңдылықтарына тәуелді.Жастық даму және түйсіктің қалыптасуы барысында осы заңдылықтар жаңа сапалық мазмұнға ие бола бастайды.Қимыл-қозғалыстарға саналы ынта-жігерді бақылау оқудың нәтижелі болуының басты кепілі болып келеді.Сондықтан қолда бар қуаттаушыагенттердің ішіндегіәлеуметтік маңызы бар түрін пайдалануц маңызды.

Баланы жаңа қимыл-қозғалыстарға үйрету жолындағы қуаттаушы агенттер:мұғалімнің сөзі,әрекет жетістіктерін бағалауы,баланың өз табыстарының маңызын ұғынуы және өзіне-өзі баға беруі.Алайда оқытудың тұңғыш кезеңдерінде үйреніп жатқан дене жаттығуларындағы табыстары қарапайым,сонымен қатар айқын,жағымды,табиғи,биологиялық мазмұны құпия емес агенттерді пайдаланған жөн.Қимыл-қозғалысарды орындап жатқан мезгілдің өзінде немесе орындалып біткеннен кейін нақты бейнелі қуаттаулар оқуды жеңілдетеді.Мұндай әдістер бастауыш сыныптардағы оқушылардың ойлау қасиетінің ерекше бейнелі болуымен байланысты.Оларда нақты тітіркендіргіштердің әлі де болса көбісі сөз бейнесіне ие бола қойған жоқ.Сондықтан балаларға қуаттаушы заттық агенттер әсер етеді.

Бастауыш сынып жасындағы балалар техникалық жағынан күрделі қимыл-қозғалыстар формаларын меңгеруге қабілетті.Бұл 7-8 жаста жоғары жүйке көрсетеді.Осы уақытқа дейін жүйке жасушаларының өте маңызды өсу сатысы құрылымдық саралап жіктеумен аяқталады.Абстракциялық ойлау негізі болатын іштен сөйлеу мүмкіндіктерінің қалыптасуы қарқынды түрде артады.Алайда ішкі тежелу процестері әлі де болса жетілмегендіктен,жаңа қимыл-қозғалыстарды жасау оларға қиынырақ түседі.



Баланы қимыл-қозғалыстарға үйрету шапшаңдығы оның сыртқы әсерлерге деген бейімделгіштігіне байланысты.Балалардың жеке дамуында түрлі бағыттағы дене жүктемелеріне сезімтал келетін кезеңдер байқалады.М ысалы,6-8 жастағы баланы уконьки тебуге 9-11 жас кездегіден үйрету жеңіл.8-12 жас аралығында дәлдік пен үйлесімділікті,кеңістікті бағдарлай алу қасиетінің қарқынды дамуына байланысты іс жүзінде қандай да болсынқимыл-қозғалысқа үйретуге болады.Мектепке дейінгі жаста екі аяқ пен бір сәттілік қимылдарды (мысалы,екі аяқпен теуіп секіру)жасау қиындық туғызады,өйткені туа біткен қайшылас координация әлі де сақталған.Тек 7-8 жасқа дейін аяқпен бір сәттілік симметриялық қимыл қозғалыстар жасауға қажетті үйлесімділіктің физиологиялық механизмдері дамып жетіледі.8-9 жастан бастап жүгіріс пен жүзудің жылдамдығы қарқынды өсе бастайды,ал 10-11жасқа жақын жүгіріс адымдарының жиілігі максимал дәрежесіне жетеді ,тіпті 10-11жастағы балалар осы жағынан 12-14жастағы жасөспірімдерден асып түседі.Жасөспірімдік және бозбалалық жастарға дерексіздік ойлауғдың басым болуымен байланысты, нақты,заттық тітіркендіргіштерге қарағанда, сөз сигналдарына шартты қимыл рефлекстері тез жасалады.Сондықтан (әсіресе бозбалалық шақта),негізінен,сөздік әдістерді пайдалану арқылы арқылы қимыл-қозғалыстарға үйрету физиологиялық тұрғыдан негізді.Жасөспірімдер жоғарғы қозғыштығымен,өте жоғары қимыл белсенділігімен,қимылдарының ретсіздігімен (ебедейсіздігімен) ерекшеленеді. Жыныстық жетілуге кезеңіне жақын мидыңталдау-түзу функциясының мүмкіндігі жоғарылайды.Дене жаттығулары сабақтарының мазмұны мен маңызын түйіну арқылы жасөспірім лардың түрлерін тез меңереді.Жасөспірім психикасының тұрақсыздығы оның дене жаттығуларына деген назарын үнемі қуаттап тұруды қажет етеді.Бірақ олардың аса күрделі болмағаны жөн.Күрделі қиын жаттығуларға немесе өте қарапайым жеңіл орындалатын жаттығулар сияқты қимыл-қозғалыстарға ынта-жігер тез сөнеді.Дене жаттығуларына аса қол жетімділік техниканы меңгеруге деген немқұрайлыққа әкеледі.Дәл осы жаста, жаттығуларды орындау арқылы физикалық жан-жақты даму , проприоцепия апаратын жетілдіретін дұрыс техникамен қабаттасуы керек. Тиімді құрылған дене жаттығуларының сабақтары,организмнің мүшелері мен ұлпаларының дамуын,өсуін күшейте отырып,биологиялық процестерді құрайды.Жасөспірімдер өзінің мүмкіндіктерін асыра бағалай отыра күш жаттығуларымен, ауыр заттарды көтерумен,күрделі акробатикалық,гимнастикалық және басқа жаттығуларымен өзін-өздері жүктейді.Осындай ерекшеліктерді ескере отырып,спорттық жарақаттарға әкелетін және техникалық делетанизмнің потенциялдық қайнар көзі болатын жаттығуларды сабақ барысына кіргізуге болмайды.Адамның ерікті қимыл-қозғалыстарының қалыптасуы санасының белсенді түрде қабаттасуымен қатарласа жүреді.Қимыл-қозғалыстарға үйретудің нәтижесі жатталатын дене жаттығуларының маңызын түсінуге , оқушылардың қызығушылығына,оқыту әдістерңінің балалардың жастық ерекшеліктеріне сәйкес келуіне тәуелді.Адамның қимыл-қозғалыс әрекеттері екінші сигналдық жүйенің қызметіне тығыз бацланысты.Сондықтан қимыл амалдарына үйрету процесін оларды іс жүзінде орындап көрсетумен қатар,сөзбен бейнелер жасаған жөн.Алайда,ерікті қимылдарды бойғға сіңіру процесінде тәжірибесінің шешуші рөл атқаратыны естен шығармаған жөн. Адамдардың ерікті қимылдардың жануарлардың шартты рефлекстерімен теңеуге болмайды.Жануарлардың шартты қимыл рефлекстері,әдетте,рефлекстерді немесе олардың өзгертілген формаларын қайталайды.Ал адам іс-әрекеттерінің мақсатқа сәйкестілігі туа біткен рефлекстерді қайталауға жатпайды. Керісінше, ол жеке даму процесіндегі күрделі шартсыз рефлекстердің және қимыл-қозғалыстардың бойға сіңірген жаңа формаларының бірлестігі болып келеді.Адамның қимыл-қозғалыс әрекеттерінің ең жоғарғы психикалық функцияларымен,сана сезімімен және ойлауымен байланысты.Адам мен жануар үшін бірдей шартты тітіркендіргіштердің биологиялық маңызы мен күштерінің ерекшеліктері өте маңызды.Сыртқы ортаның қандай болсын агенті адам мен жануарлар үшін шартты рефлекстердің жасалуына сигнал бола алады.Бірақ адам үшін сөз-өте жоғарғы маңызды сигнал.

Қимыл-қозғалыс белсенділігі-жоғары дамыған тірі материяның ерекшілігі ғана емес,тіршілікке қажетті жағдай.Адамның эволюциялық дамуы оның барлық мүшелері мен жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруын ғана мүмкін еткен.Баланың қимыл-қозғалыстарын табиғи мұқтаждығы шектелген болса,оның іштен туа біткен мүмкіндіктері өз маңызынан айырылады.Әрекетсіздік денені де бұзады.Қимыл-қозғалыс белсенділігі шектелуі организмдердің қызметтік және құрылымдық өзгерістеріне әкеліп,өмірін қысқартады.Қимыл-қозғалыстар-жануарлар дүниесінің тіршілік етуінің жәнеэволюциядағы оның прогресінің шарты.Энергия ресустарын қорға жинау,тыныштық күйде оларды үнемді жұмсау және соның нәтижесі ретінде өмірдің ұзаруы қаңқабұлшық еттерінің белсенділігіне байланысты.Осы тұрғыдан алғанда,қаңқабұлшық еттерінің шамалы қарқыны бар әрекеттері тиімді болып келеді.

Іс-тәжірибе, зерттеулеркөрсеткендей,қимыл-қозғалыс белсенділігі жасқа орай болатын инволюциялық өзгерістерді тежейді,белсенді жасампаздық өмір кезеңінің ұзаруына септігін тигізеді.Қоғам байлығы,ғылыми-техникалық прогресс,әлеуметтік-экономикалық даму,жеке адам денсаулығына байланысты.Басқаша айтқанда,өсіп келе жатқан жастардың денсаулығы-маңызды әлеуметтік категория.

Денсаулықты сақтау факторларының қатарына дене тәрбиесі жетекші рөл атқарады.Дене ттәрбиесімен шұғылданушылардың онымен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда,қара жұмыс жәнеақыл-ой еңбегін атқара алатын мүмкіндіктері жғары дәрежеде ұзақ сақталады.Қимыл-қозғалыс белсенділігінің төмендігі денсаулыққа зиянды әсер етеді.Бірінші кезекте ол жүрек-қан тамырлары ауруларына,зат алмасудың бұзылуына себеп болады.Дене жаттығулары қан тамырларындағы атеросклероздық өзгерістертердің алдын алады,жүректің ишемиялық ауруының қаутін азайтады.Дене жаттығуларын жасау барысында организмнің ішкі ортасында пайда болатын өзгерістерге төтеп бергіштік-жаттыққан организмнің ерекше қасиеті.Сонымен қатар,дене жаттығулары адамның сыртқы ортаның зиянды факторларына да беріктігін арттырады.Спортпен жүйелі шұғылданатын балалардың денсаулығы мықты суық тигеннен болатын аурулардың жиілігі төмен.Мектеп тіршілігі жағдайларында,қалыпты дене дамуы мен денсаулыққа қажетті қимыл-қозғалысқа деген табиғи мұқтаждық шектелген.Дене тәрбиесі мұғалімінің,спорт мектебі бапкерінің назарында дене жаттығуларының сауықтырушырөлі бірінші кезекте болуы керек.Күнделіктегі қимыл-қозғалыс белсенділігін денсаулық резервтерін жинақтайтын табиғи негіз ретінде қарастырған жөн.Қоғамның қазіргі даму кезеңінде,жастарды сауықтырушы тиімді құралдардың бірі спорт болып келеді.Спорт жоғары дәрежедегі тәртіптендіруші фактор.Бұл табиғи қызу,жүйелі бұлшық ет жұмысы кездерінде организмнің ішкі қажеттілігінен туындаған тәртіп.Ол артықшылықтармен күресетін қатал режимді бұзуға қарсы тәртіп. Ерікті қимылдарға үйрету адамның ерікті қимыл-қозғалыс әрекеттері.Ерікті қимыл туралы ілімнің дамуы.Адам қимыл-қозға-лыстарын ерікті және еріксіз деп шартты түрде екі топқа бөлуге болады.Спорттық жаттығулар құрамына кіретін ерікті қимыл-қозғалыстар,негізінен,сананың бақылауымен орындалады.Еріксіз қимылдар сананың қатынасуынсыз немесе пайымдаусыз басқарылады.

Спорт тәжірибесінде кездесетін ерікті қимыл-қозғалыстардың қарапайым формаларынан бастап өте күрделі түрлеріне дейін-жалпы физиологиялықтабиғаты ондаған жылдар бойы зерттелген.Бұл ғылым қазіргі заманда да толықтырылып,дамудың үстінде.Адамның ерікті реакцияларын рефлекстер жүйесі деп тануды,қимыл-қозғалыс әрекеттерінің негізін қалаушы ғалым,физиолог-И.М.Сеченев ұсынған. "Ми рефлекстері" атты еңбегі арқылы ол адам психикасы мен ерікті қимыл-қозғалыс әрекеттерінің табиғи-материалистік көзқарасты негіздеді. И.М.Сеченев ерікті қимыл-қозғалыстар,психикалық процестер және адамның ойлау қасиетінің табиғи рефлекстік,дәлірек айтқанда, адамға әсер етуші обьективтік құбылыстарды шағылыстырудың нәтижесі деп көрсеткен.И.М.Сеченевтің пікірі бойынша,адамның іс-әрекеттері-еріктіліктің ең жоғары формасы.И.М.Сеченевтің идеялары кейінгі уақытта И.П.Павловтыңтәжірибелерінде дәлелденген.И.П.Павлов сыртқы орта факторларының бүтін организмдегі функцияларына тигізетін әсерін мұқият есепке алып,осы заманға дейін өзінің маңызын жоймаған,рефлекстік теорияның материалистік принциптерін негіздеді.

Ерікті қимыл-қозғалыстардағы шартсыз тонус беруші-сергітуші рефлекстер.Ерікті қимыл-қозғалыстар-туа біткен рефлекстік негізді процестер.Туа біткенрефлекстер қатарына дене қалыптарының немесе кейіп рефлекстері,тепе-теңдікті ұстап тұруды қамтамасыз етуші және тағы басқа рефлекстер жатады.Қолданыстағы жіктеу бойынша туа біткен қимыл-қозғалыс рефлекстері дене қалпын тыныштық күйде ұстап тұрудыжәне дененің қозғалыстардансоң бұрынғы қалпынақайтакелуді қамтамасыз етуші рефлекстер болып екіге бөлінеді.Кейіптену рефлекстері бастың еңкейген немесе оңға-солға бұрылған кездерінде мойын бұлшық еттеріндегі жүйке талшықтары ұштарының және ішкі құлақ шытырманының тітіркенулерінен пайда болады.Басты көтеру немесе еңкейту аяқ-қол және тұлға бұлшық еттерінің тонусын өзгертеді де,қалыпты кейіпті сақтауға септігін тигізеді.Басты оңға-солға бұрылуымойын бұлшық еттері мен сіңірлер проприорецепторларының тітіркенулерін туғызады да,тұлғаны басқа қатысты симметриялықалыпқа тұрақтандырады.Бастың кеңістіктегі қалпының өзгеруінде және сол өзгерістерді талдауда вестибулдар аппаратының маңызы зор.Бас оңға солға бұрылған кезде оның рецепторлық құрылымдары қозуға келеді де,бұрылған жағындағы мойын бұлшық еттерінің тонусын рефлекстік жолмен көтереді.Бұл тұлғаның басқа қатысты бағытын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Айналумен тонустың осылай таралуыарқылы ұтымды орындауға мүмкіндік туады.Түзетуші рефлекстер дене кейпінқалыптан ауытқыған жағдайында сақталуын қамтамасыз етеді.Түзетуші рефлекстер тізбегі басты көтеруден басталады және өзгерген тұлға қалпын соңынан қалыпты кейіпке қайта келтірумен аяқталады. Түзетуші рефлекстердің іске асуна вестибулар,көру аппараттары, бұлшық ет,проприорецепторлары,тері рецепторлары қатысады. Дененің кеңістікке бір орыннан екінші бір орынға ауысуы статокинетикалық рефлекстермен іске асады. Айналмалы қимыл-дарға жарты шеңберлі каналдардағы эндолимфа толқуларының нәтижесінде вестибулалық рецепторлар қозады. Орталыққа тепкіш тітіркеністер сопақша мидағы вестибулалық ядроларға келіп,айналмалы қимылдарда бас пен көз қалыптарының рефлекстік өзгерістіріне әкеледі.

Айналдыру рефлекстері бастың қозғалысқа қарсы баяу бұрылысымен,соңынан тұлғаға қатысты қалпына шапшаң қайта келуімен сипатталады.Көз де ұйқас қозғалыстаржасайды,айналу жағына баяу бұрылысының биологиялық маңызы мынада.Айналған сәтте көру алаңында көрінген заттарға көз қырын салу және оларды белгілеу.Көздің айналу жағына қарай шапшаң бұрылысы олардың бұрынғы дұрыс қалпына келуін қамтамасыз етеді.Дененің айналуы тоқтаған кездекөз айналысқа қарсы бағытта бұрылыс жасайды,ал бас пен тұлға айналу жағына ауытқуды жалғастыра береді.Дененің тік бағыттағы ауысуы лифт рефлекстерімен іске асырылады.Кенеттен төменқарай түсілген жануардың секіруге дайындық рефлексі пайда болады,ал жерге қонуы аяқтарының иілуімен іске асады.Осыған ұқсас құбылыстар лифт кабинасын жоғары қарай шапшаң көтерген кезде ішінде тұрған адамдарда пайда болады.Көтерілудің басында аяқтар мен тұлға иіледі,ал кілт тоқтаған сәтте-жазылады.

Тұлға мен аяқ-қол бұлшық еттері тонусының рефлекстік өзгерістері вестибулалық ядролардың миықпен,ми дінінің қимыл орталықтары және қыртыс асты бөлімдерімен өте кең функциалық және морфологиялық байланыстары арқылы жасалады. Лифт рефлекстері балаларды тереңге секіруге,секіріп түскенде жерге дұрыс қонуға үйретуде маңызы зор.Бұл рефлекстердің туа біткендігіне қарамастан,секіртерде жерге дұрыс қонуды үнемі түзетіп отыруды қажет етеді.Дәлірек айтқанда,балалардың лифт рефлекстерін "жетілдіру",оқытушының үнемі назарында болғаны жөн.Еріксіз қимыл-қозғалыстар формаларына туа біткен бірнеше рефлекстер жатады.Ию тебу және ырғақты (сгибателные, отталкивание,ретмические).Алақан немесе табан терісін тітіркендіруге жауап ретінде қол аяғын иеді,егерде алақанды немесе табанды баппен қысса,ол затты тебеді.Ырғақты рефлекс екі формада білінеді.Серпу және адымдау.Серпу рефлекстеріеің типтік мысалы ретінде жануардың қасыну рефлекстерін келтіруге болады.Бір аяқтың ырғақты қимылдары жұлындағы жүйке орталықтарының функциялық сыңаржақтылық өзгерістері арқылы іске асады.Адымдау рефлексі аяқтардың жүйке орталықтарындағы рецепторлық арақатынастарына байланыстыЫрғақты рефлекс жүру,жүзу сияқты күрделі циклдық қозғалудың (локомоция) негізін құрайды.Дене жаттығуларын орындау туа біткен қимыл-қозғалыс рефлекстерін үнемі түзетумен байланысты.Орталықтан бағытталған реттеуші әсерлер ерікті қимыл-қозғалыстардың сипатына орай,бұлшық еттер тонусын қажетті дәрежеде ұстап тұруды қамтамасыз етеді.

Спорттық әрекеттер организм мен сыртқы орта арасында болатын әрекеттесуді тынымсыз түзетумен байланысты.Мұндай әрекеттесудің мысалы ретінде(спорттық ойындар жағдайларында) дене жаттығуларының күрделі техникасын өзгермелі сыртқы орта жағдайларында меңгеруді келтіруге болады.Жаттығуларды ұтымды орындауды қамтамасыз ететін,өте нәзік ажыратуды жасау-атқарушы бұлшық ет аппараттарынан қимыл-қозғалыстарды басқаратын ең жоғарғы жүйелерге дейінгі-организмнің барлық функциялық жүйелерінің үйлесімді әрекеттерінің нәтижесі.Басқаша айтқанда,қимыл-қозғалыстарға үйрету-өте күрделі процесс. Мұндағы жетістіктер тірек-қимыл аппаратының жағдайына,оның функциялық жетілуіне,мидың талдау қорыту қызметінің даму деңгейіне байланысты.

Бұл айдарда қимыл-қозғалыс белсенділігінің және жүктемелеріне бейімделудің физиологиялық негіздері берілген.Бір бөлімі балалар, ж асөспірімдер және бозбалалар дене жаттығуларының физиологиялық проблемаларына арналып отыр.Дене жаттығуларына, дене тәрбиесі және спорт сабақтарына үйретудің физиологиялық заңдылықтары мен алғышарттары қарастырылған. Жалпы білім беретін мектептегі дене жаттығулары сабақтарының түрлеріне негіздеме іспеттес.Балғын спортшыларды таңдау,оларды машықтандыру жағдайларды ескерілген.Сонымен қатар сауықтыру жұмыстарындағы және кейбір әлеуметтік мәселелерді шешу жолындағы жалпы халықтық дене тәрбиесінің рөлі көрсетілмек.

Жасөсімдердің дене сымблатын қалыптастыру

Жасөспірімдік және бозбалалық жастарға дерексіз ойлаудың басым болуымен байланысты,нақты,заттық тітіркендіргіштерге қарағанда,сөз сигналдарына шартты қимыл рефлекстері тез жасалады.Сондықтан(өсіресе бозбалалық шақта),негізінен,сөздік әдістерді пайдалану арқылы қимыл-қозғалыстарға үйрету физиологиялық тұрғыдан негізді.Жасөспірімдер жоғарғы қозғыштығымен,өте жоғары қимыл белсенділігімен,қимылдың ретсіздігімен(ебедейсіздігімен)ерекшеленеді.Жыныстық жетілу кезеңіне жақын мидың талдау-түзу функциясының мүмкіндігі жоғарылайды.Дене жаттығулары сабақтарының мазмұны мен маңызын түйсіну арқылы жасөспірім олардың түрлерін тез меңгереді.Жасөспірім психикасының тұрақсыздығы оның дене жаттығуларына деген назарын үнемі қуаттап отыруды қажет етеді. Бірақ олардың аса күрделі болмағаны жөн.Күрделі,қиын жаттығуларға немесе өте қарапайым жеңіл орындалатын жаттығулар сияқты қимыл-қозғалыстарға ынта-жігер тез сөнеді. Дене жаттығуларына аса қол жетімділік техниканы меңгеруге деген немқұрайлыққа әкеледі.Дәл осы жаста жаттығуларды орындау арқылы физикалық Жан-жақты даму,проприоцепция аппаратын жетілдіретін дұрыс техникамен қабаттасуы керек.

Тиімді құрылған дене жаттығуларының сабақтары ,организмнің мүшелері мен ұлпаларының дамуын,өсуін күшейте отырып, биологиялық процестерді құрайды.Жасөспірімдер өзінің мүмкіндіктерін асыра бағалай отыра күш жаттығуларымен,ауыр заттарды көтерумен,күрделі акробатикалық,гимнастикалық және басқа жаттығуларымен өзін-өздері жүктейді.Осындай ерекшеліктерді ескере отырып,спорттық жарақаттарға әкелетін және техникалық дилетанизмнің потенциялдық қайнар көзі болатын жаттығуларды сабақ барысына кіргізуге болмайды.

Адамның ерікті қимыл – қозғалыстарының қалыптасуы санасының белсенді түрде қатысуымен қабаттаса жүреді.Қимыл – қозғалыстарға үйретудің нәтижесі жатталатын дене жаттығуларының маңызын түсінуіне, оқушылардың қызығушылығына,оқыту әдістерінің балалардың жастық ерекшеліктеріне сәйкес келуіне тәуелді.

Адамның қимыл – қозғалыс әрекеттері екінші сигналдық жүйенің қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан қимыл амалдарына үйрету процесінде оларды іс жүзінде орындап көрсетумен қатар, сөзбен бейнелер жасалғаны жөн. Алайда, ерікті қимылдарды бойға сіңіру процесінде қимыл тәжірибесінің шешуші рөл атқаратынын естен шығармаған жөн.
Адамның ерікті қимылдарын жануарлардың шартты рефлекстерімен теңеуге болмайды. Жануарлардың шартты қимыл рефлекстері, әдетте, шартсыз рефлекстерді немесе олардың өзгертілген формаларын қайталайды. Ал адам іс — әрекеттерінің мақсатқа сәйкестілігі туа біткен рефлекстерді қайталауға жатпайды. Керісінше, ол жеке даму процесіндегі күрделі шартсыз рефлекстердің және қимыл – қозғалыстардың бойға сіңірілген жаңа формаларының бірлестігі болып келеді. Адамның қимыл – қозғалыс әрекеттері ең жоғары психикалық функцияларымен, сана сезімімен және ойлауымен байланысты.

Адам мен жануар үшін бірдей шартты тітіркендіргіштердің биологиялық маңызы мен күштерінің арасындағы ерекшеліктері өте маңызды. Сыртқы ортаның қандай болсын агенті адам мен жануарлар үшін шартты рефлекстердің жасалуына сигнал бола алады. Бірақ адам үшін сөз — өте жоғары маңызды сигнал.

 

3 Жасөспірімдердің тірек-қимыл жүйесінің физиологиялық негіздері



Қимыл-қозғалыс белсенділігі-жоғары дамыған тірі материяның ерекшелігі ғана емес, тіршілікке қажетті жағдай. Адамның эволюциясындағы дамуы оның барлық мүшелері мен жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруын тек белсенді қимыл-қозғалыс әрекеттері бар жағдайларда ғана мүмкін еткен.
Баланың қимыл-қозғалыстар табиғи мұқтаждығы шектелген болса, оның іштен туа біткен мүмкіндіктері өз маңызынан айырылады. Әрекетсіздік денені де бұзады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі организмнің қызметтік және құрылымдық өзгерістеріне әкеліп, өмірін қысқартады.
Қимыл-қозғалыстар-жануарлар дүниесінің тіршілік етуінің және эволюциядағы оның прогресінің шарты. Энергия ресурстарын қорға жинау, тыныштық күйде оларды үнемді жұмсау және соның нәтижесі ретінде өмірдің ұзаруы қаңқа бұлшық еттерінің белсенділігіне байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, қаңқа бұлшық еттерінің шамалы қарқыны бар әрекеттері тиімді болып келеді.

Іс-тәжірибе, зерттеулер көрсеткендей, қимыл-қозғалыс белсенділігі жасқа орай болатын инволюциялық өзгерістерді тежейді, белсенді жасампаздық өмір кезеңінің ұзаруына септігін тигізеді. Қоғам байлығы, ғылыми-техникалық прогресс, әлеуметтік-экономикалық даму, жеке адам денсаулығына байланысты. Басқаша айтқанда, өсіп келе жатқан жастардың денсаулығы-маңызды әлеуметтік категория.

Денсаулықты сақтау факторларының қатарына дене тәрбиесі жетекші рөл атқарады. Дене тәрбиесімен шұғылданушылардың, онымен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда, қара жұмыс және ақыл-ой еңбегін атқара алатын мүмкіндіктері жоғары дәрежеде ұзақ сақталады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің төмендігі денсаулыққа зиянды әсер етеді. Бірінші кезекте ол жүрек-қан тамырлары ауруына, зат алмасудың бұзылуына себеп болады. Дене жаттығулары қан тамырларындағы атеросклероздық өзгерістердің алдын алады, жүректің ишемиялық ауруының қаупін азайтады.
Дене жаттығуларын жасау барысында организмнің ішкі ортасында пайда болатын өзгерістерге төтеп бергіштік – жаттыққан организмнің ерекше қасиеті. Сонымен қатар, дене жаттығулары адамның сыртқы ортаның зиянды факторларына да беріктігін арттырады. Спортпен жүйелі шұғылданатын балалардың денсаулығы мықты, суық тигеннен болатын ауруларының жиілігі төмен.

Мектеп тіршілігі жағдайларында, қалыпты дене дамуы мен денсаулыққа қажетті қимыл-қозғалысқа деген табиғи мұқтаждық шектелген. Дене тәрбиесі мұғалімінің, спорт мектебі бапкерінің назарында дене жаттығуларының сауықтырушы рөлі бірінші кезекте болуы керек. Күнделіктегі кимыл-қозғалыс белсенділігін денсаулық резервтерін жинақтайтын табиғи негіз ретінде қарастырған жөн.


Қоғамның қазіргі даму кезеңінде, жастарды сауықтырушы тиімді құралдардың бірі спорт болып келеді. Спорт-жоғары дәрежедегі тәртіптендіруші фактор. Бұл табиғи қызу, жүйелі бұлшық ет жұмысы кездерінде организмнің ішкі қажеттілігінен туындаған тәртіп. Ол артықшылықтармен күресетін қатал режимді бұзуға қарсы тәртіп.
Ерікті қимылдарға үйрету адамның ерікті қимыл-қозғалыс әрекеттері
Ерікті қимыл туралы ілімнің дамуы. Адам қимыл-қозғалыстарын ерікті және еріксіз деп шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Спорттық жаттығулар құрамына кіретін ерікті қимыл-қозғалыстар , негізінен, сананың бақылауымен орындалады. Еріксіз қимылдар сананың қатысуынсыз немесе пайымдаусыз басқарылады.

Спорт тәжірибесінде кездесетін ерікті қимыл-қозғалыстардың қарапайым формаларынан бастап өте күрделі түрлеріне дейін — жалпы физиологиялық табиғаты ондаған жылдар бойы зерттелген. Бұл ғылым қазіргі заманда да толықтырылып, дамудың үстінде.


Адамның ерікті реакцияларын рефлекстер жүйесі деп тануды,қимыл-қозғалыс әрекеттерінің негізін қалаушы ғалым, физиолог И.М.Сеченев ұсынған. «Ми рефлекстері» атты еәбегі арқылы ол адам психикасы мен ерікті қимыл- қозғалыс әрекеттерінің табиғи – материалистік көзқарасты негіздеді. И.М.Сеченев, ерікті қимыл-қозғалыстар, психикалық процестер және адамның ойлау қасиетінің табиғаты рефлекстік, дәлірек айтқанда, адамға әсер етуші обьективтік құбылыстарды шағылыстырудың нәтижесі деп көрсеткен. И.М.Сеченевтің пікірі бойынша, адамның іс-әрекеттері – еріктіліктің ең жоғары формасы.

И.М.Сеченевтің идеялары кейінгі уақытта И.П.Павловтың тәжірибелерінде дәлелденген. И.П.Павлов сыртқы орта фактроларының бүтін организмдегі функцияларына тигізетін әсерлерін мұқият есепке алып, осы заманға дейін өзінің маңызын жоймаған, рефлекстік теорияның материалистік принциптерін негіздеді.

Ерікті қимыл-қозғалыстардағы шартсыз тонус беруші – сергітуші рефлекстер. Ерікті қимыл-қозғалыстар – туа біткен рефлекстік негізді процестер. Туа біткен рефлекстер қатарына дене қалыптарының немесе кейіп рефлекстері, тепе-теңдікті ұстап тұруды қамтамасыз етуші және тағы басқа рефлекстер жатады.

Қолданыстағы жіктеу бойынша туа біткен қимыл-қозғалыс рефлекстері дене қалпын тыныштық күйде ұстап тұруды және дененің қозғалыстардан соң бұрынғы қалпына қайта келуді қамтамасыз етуші рефлекстер болып екіге бөлінеді.

Кейіптену рефлекстері бастың еңкейген немесе оңға-солға бұрылған кездерінде мойын бұлшық еттеріндегі жүйке талшықтары ұштарының және ішкі құлақ шытырманының тітіркенулерінен пайда болады. Басты көтеру немесе еңкейту аяқ-қол және тұлға бұлшық еттерінің тонусын өзгертеді де, қалыпты кейіпті сақтауға септігін тигізеді. Бастың оңға-солға бұрылуы мойын бұлшық еттері мен сіңірлер проприорецепторларының тітіркенулерін туғызады да, тұлғаны басқа қатысты симметриялы қалыпқа тұрақтандырады.
Бастың кеңістіктегі қалпының өзгеруінде және сол өзгерістерді талдауда вестибулдар аппаратының маңызы зор. Бас оңға-солға бұрылған кезде оның рецепторлық құрылымдары қозуға келеді де, бұрылған жағындағы мойын бұлшық еттерінің тонусын рефлекстік жолмен көтереді. Бұл тұлғаның басқа қатысты бағытын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Айналумен байланысты көптеген спорттық жаттығуларды тонустың осылай таралуы арқылы ұтымды орындауға мүмкіндік туады.

Түзетуші рефлекстер дене кейпін қалыптан ауытқыған жағдайында сақталуын қамтамасыз етеді. Түзетуші рефлекстер тізбегі басты көтеруден басталады және өзгерген тұлға қалпын соңынан қалыпты кейіпке қайта келтірумен аяқталады. Түзетуші рефлекстердің іске асуына вестибулар, көру аппараттары, бұлшық ет проприорецепторлары, тері рецепторлары қатысады.


Дененің кеңістікке бір орыннан екінші бір орынға ауысуы статокинетикалық рефлекстермен іске асады. Айналмалы қимылдарға жарты шеңберлі каналдардағы (арна) эндолимфа толқуларының нәтижесінде вестибулалық рецепторлар қозады. Орталыққа тепкіш тітіркеністер сопақша мидағы вестибулалық ядроларға келіп, айналмалы қимылдарда бас пен көз қалыптарының рефлекстік өзгерістеріне әкеледі.

Айналдыру рефлекстері бастың қозғалысқа қарсы баяу бұрылысымен, соңынан тұлғаға қатысты қалпына шапшаң қайта келуімен сипатталады. Көз де ұқсас қозғалыстар жасайды, айналу жағына қарай тез, ал айналуға қарсы жағына баяу бұрылысының биологиялық маңызы мынада. Айналған сәтте көру алаңында көрінген заттарға көз қырын салу және оларды белгілеу.Көздің айналу жағына қарай шапшаң бұрылысы олардың бұрынға дұрыс қалпына келуін қамтамасыз етеді. Дененің айналуы тоқтаған кезде көз айналысқа қарсы бағытта бұрылыс жасайды, ал бас пен тұлға айналу жағына қарай ауытқуды жалғастыра береді.

Дененің тік бағыттағы ауысуы лифт рефлекстерімен іске асырылады. Кенеттен төмен қарай түсірілген жануардың секіруге дайындық рефлексі пайда болады, ал жерге қонуы аяқтарының иілуімен іске асырылады. Осыған ұқсас құбылыстар лифт кабинасын жоғары қарай шапшаң көтерген кезде ішінде тұрған адамдарда пайда болады.Көтерілудің басында аяқтар мен тұлға иіледі, ал кілт тоқтаған сәтте – жазылады.

Тұлға мен аяқ-қол бұлшық еттері тонусының рефлекстік өзгерістері вестибулалық ядролардың мишықпен, ми дінінің қимыл орталықтары және қыртыс асты бөлімдерімен өте кең функциялық және морфологиялық байланыстары арқылы жасалады. Лифт рефлекстерінің балаларды тереңге секіруге, секіріп түскенде жерге дұрыс қонуды үйретуде маңызы зор. Бұл рефлекстердің туа біткендігіне қарамастан, секіртерде жерге дұрыс қонуды үнемі түзетіп отыруды қажет етеді. Дәлірек айтқанда, балалардың лифт рефлекстерін «жетілдіру», оқытушының үнемі назарында болғаны жөн. Еріксіз қимыл-қозғалыс формаларына туа біткен бірнеше рефлекстер жатады. Ию, тебу және ырғақты (сгибателные, отталкивание, ретмические).Алақан немесе табан терісін тітіркендіруге жауап ретінде бала қол-аяғын иеді, егерде алақанды немесе табында баппен қысса, ол затты тебеді.


Ырғақты рефлекс екі формада білінеді. Серпу және адымдау. Серпу рефлексінің типтік мысалы ретінде жануардың қасыну рефлексін келтіруге болады. Бір аяқтың ырғақты қимылдары жұлындағы жүйке орталықтарының функциялық сыңаржақтылық өзгерістері арқылы іске асады.
Адымдау рефлексі аяқтардың жүйке орталықтарындағы реципторлық арақатынастарына байланысты. Ырғақты рефлекс жүру, жүзу сияты күрделі циклдық қозғалудың (локомоция) негізін құрайды. Дене жаттығуларын орындау туа біткен қимыл-қозғалыс рефлекстерін үнемі түзетумен байланысты. Орталықтан бағытталған реттеуші әсерлер ерікті қимыл-қозғалыстардың сипатына орай, бұлшық еттер тонусын қажетті дәрежеде ұстап тұруды қамтамасыз етеді.

Спортық әрекеттер организм мен сыртқы орта арасында болатын әрекетесуді тынымсыз түзетумен байланысты. Мұндай әрекеттесудің мысалы ретінде (спорттық ойындар жағдайларында) дене жаттығуларының күрделі техникасын өзгермелі сыртқы орта жағдайларында меңгеруді келтіруге болады. Жаттығуларды ұтымды орындауды қамтамасыз ететін, өте нәзік ажыратуды жасау – атқарушы бұлшық ет аппаратынан қимыл-қозғалыстарды басқаратын ең жоғарғы жүйелерге дейінгі – организмнің барлық функциялық жүйелерінің үйлесімді әрекеттерінің нәтижесі. Басқаша айтқанда, қимыл-қозғалыстарға үйрету — өте күрделі процесс. Мұндағы жетістіктер тірек-қимыл аппаратының жағдайына, оның функциялық жетілуіне, мидың талдау-қорыту қызметінің даму деңгейіне байланысты.



Бұл айдарда қимыл-қозғалыс белсенділігінің және жүктемелеріне бейімделудің физиологиялық негіздері берілген. Бір бөлімі балалар, жасөспірімдер және бозбалалар дене жаттығуларының физиологиялық проблемаларына арналып отыр. Ден жаттығуларына, дене тәрбиесі және спорт сабақтарына үйретудің физиологиялық заңдылықтары мен алғышарттары қарастырылған. Жалпы білім беретін мектептегі дене жаттығулары сабақтарының түрлеріне негіздеме іспеттес. Балғын спортшыларды таңдау, оларды машықтандыру жағдайлары ескерілген. Сонымен қатар сауықтыру жұмыстарындағы және кейбір әлеуметтік мәселелерді шешу жолындағы жалпы халықтық дене тәрбиесінің рөлі көрсетілмек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет