Приглушенная Белая Черная и Бежевая Минималистичная Элегантная Собрание Компании Презентация



Pdf көрінісі
Дата31.10.2023
өлшемі2.41 Mb.
#481995
түріПрезентация
pdf 20231016 221646 0000



Презентация 
Балалар үйі мен мектеп-интернаттар
тәрбиеленушілерін әлеуметтік қорғау.
ФИ22-2Р
Юлдашбекова Махлиё Элмуратовна 


А
Бала құқығы дегеніміз – қандай да бір
айырмашылыққа: нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне,
туған жеріне, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегіне,
мүлігіне , меншігіне, ататегіне немесе өзге де
жағдайына қарамастан әр баланың (18 жасқа
толмаған әрбір адам бала деп танылады) бойында
болуы қажет бостандығы мен құқығы. Тұлғаның
үйлесімді дамуы үшін бала махаббат пен мейірімділік
бар ортада, отбасында, жақын және сүйіспеншілікке
толы адамдар арасында өсуі керек. Ересектердің
міндеті - баланы өз бетінше өмір сүруге дайындау,
қоғамның толыққанды мүшесі болуына көмектесу
және баланың қалыпты физикалық және
интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.


Балалық шақты қорғау - балалардың құқықтық мәртебесін айқындайтын нормативтік
құжаттарды әзірлеу негізінде балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды
қамтамасыз ететін шаралар жүйесі; балалар еңбегін заңнамалық реттеу; қорғаншылық,
қамқоршылық және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу жүйесін
жетілдіру; тиісті көмекке мұқтаж балалармен түзету және оңалту жұмыстарын жүргізу үшін
мамандандырылған әлеуметтік қызметтер мен мекемелер желісін құру. Балалардың және балалы
отбасылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының ұлттық
саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады.
А


Ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар - келесі
жағдайда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де
қамқорлығынсыз қалған 18 жасқа дейінгі балалар:
●ата-анасының қайтыс болуы (жетім балалар);
●ата-аналардың ұзақ мерзiмде болмауы;
●ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан
айрылуы;
●ата-анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, әрекет
етуге қабілетсіз (әрекет қабілеттілігін шектеу);
●ата-анасының сырқаттануы;
●қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды
күзетпен қамауға алатын орындарында болуы, ата-
анасының бас бостандығынан айыру орындарында
жазасын өтеуi;
●ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның
құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның
iшiнде ата-анасының өз баласын стационарлық үлгідегі
тәрбиелеу, емдеу және медициналық-әлеуметтік
мекемесiнен алудан бас тартуы;
●заң тәртібімен белгіленген ата-анасының қамқорынсыз
қалған балалар деп танылуы.


Мүгедек бала – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне
және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп
соқтыратын, ауруларға, мертігулерге
(жаралануға, жарақаттарға, контузияларға),
олардың зардаптарына, кемiстiктерге
байланысты организм функциялары тұрақты
бұзылып, денсаулығы нашарлаған он сегiз
жасқа дейінгі адам.
Мүгедектерге арналған балалар үй-интернаты - бұл
әлеуметтік қызмет көрсететін ұйым, медициналық
және әлеуметтік мекеме, қамқорлыққа мұқтаж
балалардың тұрақты тұруына, тұрмыстық және
медициналық қызметтерге, сондай-ақ әлеуметтік
және еңбекке бейімделуге арналған. Балалар үй-
интернатында бес немесе алты күндік режимі бар
бөлім немесе топ ұйымдастырылуы мүмкін.


Тәрбиелеушілер үшін балалар үйі-
уақытша болатын жер,оқу аяқталғаннан
соң балалар өздігінен өмір сүру үшін
ашық әлеуметтік ортаға шығарылады. 
Тәрбиелеушілердің өмір жолдарының
ойдағыдай болуы оларды балалар үйінің
дербес өмірге қаншалықты
дайындағанына байланысты. 
Жеткілікті өмірлік тәжірибесі
жоқ,әдеттегі қамқорлық пен өмір
салтынан айырылған бұрынғы
тәрбиелеушілер дербес өмірге
кірісуге дайын емес болып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет