В. И. Вернадский биосфера заттегі геологиялық жағынан



Pdf көрінісі
Дата05.03.2024
өлшемі75.56 Kb.
#494394
Биосферадағы зат айналымы және энергия ағыны (1)



Биосферадағы зат айналымы және 
энергия ағыны 
Биосфера туралы түсінік.Жер кеңістігінде жүретін табиғи 
процестерге әсер ететін тіршілік екені туралы ХIX және XX 
ғасырлар аралығяндағы еңбектерінде пікірін айтумен қатар 
дәлелдеген орыс ғалымы В.В. Докучаев 
В.И. Вернадский биосфера заттегі геологиялық жағынан 
кездейсоқ емес әр түрлі 7 бөлшектен тұратынын атап айтты: тірі 
заттек,тіршілі заттегі, ол затек, биологиялық енжар заттек және 
т.б. Ол ғаламшардағы барлық организмдердің жиынтығын тірі 
заттек деп атай отырып , оның негізгі қасиеті ретінде жалпы 
массасын, химиялық құрамын және энергиясын қарастырды . В.И. 
Вернадскийдің анықтама бойынша өлі заттек деп түзілуіне тірі 
организмдер қатыспайтын биосферадағы заттектер жиынтығын 
айтады. 
Биосферадағы энергия ағыны.Жердегі негізгі энергия көзі 
Күн, жылына биосфераға түсетін бұл энергияның тек шамамен 0,3 
пайызы ғана фотосинтез процесінің нәтижесінде органикалық 
заттектердегі химимялық байланыстың энергиясына ауысады 
және тек 0,1 пайызы таза бірінші өнімге өтіп отырады . Әрі қарай 
қоректі органикалық заттектер арқылы трофикалық тізбекке 
сәйкес таралады. Энергияның пирамида заңына немесе 10 пайыз 
Р.Линделманның ережесіне сәйкес, бір қоректік деңгейге өтетін 
энергия орташа шамамен 10 пайыздан аспайды. Осындай 
деңгейлеер көп болған сайын, ең соңғы тұтынушыға жететін 
энергия үлесі соғұрлым төмени болады.Табиғи жүйе энергияның 
1 пайыз шамасында өзгеруі жүйені тепе-теңдік жағдайынан 
шығарады. Жер бетіндегі ірі масштабта құбыллыстардың бәрі де 
күн сәулесі энергиясынан 1 пайыздан аспайтын жиынтық 


энергияға ие.Энергияның
пирамида заңы тұрғындары азық 
түілікпен қамтамасыз етуге арналған жер көлемінің есебін 
жасауға және т.б экологиялық-экономиялық есептерді жасауға 
қолданылады.Күн энергиясының ағыны арқасында Жерде ауа 
мен судың әлемдік физикалық айналымы жүреді.
Экожүйедегі 
органикалык 
зaттeктеpдiң 
синтезі 
мен 
ыдырауына сүйенген биогендә элементтердің айналымын 
заттектерде Биоталық айналымы деп атайды. Биогенді 
элементтерден басқа биоталык айналымға биотаға өте кажетті 
минералды және әртүрлі көптеген қосылыстар да тартылады. 
Сондыктан,тіршілікпен тығыз байланысты, негізінен көміртек, су, 
азот, фосфор, күкірт жэне биогенді катиондар сияқты химиялық 
заттектердің 
алмасу 
циклдерінен 
тұратын 
биологиялык 
(биоталық) айналымның бөлігін биогеохимиялык, айналым деп 
атайды. 
Көміртек 
айналымы 
жасыл 
өсімдіктер 
мен 
кейбір 
микроорганизмдердегі фотосинтез процесінде атмосфералық 
көмірқышқыл газын бекігуден басталады. Өсімдіктер бекіткен 
көміртек бөлігін жануарлар пайдаланып, көмір қышқыл газын 
бөледі. Тіршілігін жойған өсімдіктер мен жануарлар ең соңында 
топырақта микроорганизмдермен ыдырайды, осы ыдырау 
процестердің нәтижесінде ұлпалар құрамындағы қосылыстар 
көміртек диоксидіне дейін тотығып, атмосфераға қайтып оралып 
отырады. Көміртектің белгілі бөлігі үзақ мерзімде қазанды отын 
түрлерін (көмір, табиғи газ, мүнай, шымтезек, жанғыш тақтатас), 
теңіз суқоймаларында карбонатты жыныстарды (әктас, доломит, 
т.б.) түзуге қатысады. Құрлықтағы және мүхит акваториясындағы 
коміртек қосылыстарының пайда болатын негізгі көзінің бірі 
болып жанартаудың атқылауы саналады. 
Азот айналымы Азот барлық белоктардың құрылымына кіреді 
және сонымен қатар биогенді элементтердің ішінде ең негізгі 
организмдердің тіршілік әрекетіне қажет элемент болып 
саналады. Атмосферадағы бос молекулалық түрдегі азоттың өте 


аз молшері ғана биоталық айналымға қатысады. Табиғатта 
байланған азот түрінің бос молекулалық азотқа жалпы қатынасы 
1:100000.
Оттек айналымы. Оттек айналымы фотосинтез процесінен 
басталады. Ауадағы оттектің мөлшері үзақтық геологиялық 
дәуірлер бойына биоталық реттеудің арқасында тұрақты 
деңгейде келе жатыр. Осы деңгейден ауытку орын алса, биосфера 
биотикасының жағдайына әсерін тигізер еді: мөлшері төмендесе 
мүхиттар фаунасы елеулі азайып, көтерілсее ортаның тотығу 
қасиеттерінің қауіпті жағдайға дейін осіп кетуі мүмкін. Бұл 
жағдайлардың жер бетіндегі жануарлар мен адамға да белгілі 
қолайсыз әсері бар. Мысалы, жануарлар мен адамдар биік 
тауларға шыққанда немесе оттекті көп мөлшерде пайдаланатын 
жерлер мен жасанды құрылғыларда оттектік жетіспеуін қатты 
сезеді. 
Фосфор айналымы. Фосфор азот сияқты шектеуші биогендер 
қатарына жатады. Ол нуклеин қышқылдарының құрамына, клетка 
мембраналарының, 
энергия 
тасымалдаушы 
жүйеге 
(аденозиндифосфат, 
аденозинтрифосфат), 
сүйек 
тканіне, 
дентинге (тістің негізгі бөлігін құрайтын сүйек тканінің бір түрі) 
кіреді. Оның айналымын басқа айналымдардай қозғалысқа 
келтірстін 
энергия 
және 
де 
бұл 
процеске 
қатысушы 
фосфорорганикалық түрден бейорганикалық калыпқа, одан қайта 
органикалық түрге алма-кезек ауысып отырады. Өсімдіктердің 
фосфорды 
сіңіруі 
топырақ 
ерітіндісінің 
қышқылдығына 
байланысты. Суда натрий мен кальций фосфаттары нашар ерісе, 
сілтілі ортада мүлдем ерімейді, қышқылдық котерілген сайын 
фосфаттар жақсы еритін фосфор қышқылына айналады (2.6-ші 
сурет). Фосфор тыңайтқыштарын біліксіз артық мөлшерде 
қолданса, топырақта фосфорлану деген зардап орын алуы мүмкін. 
Фосфор уытты элемент болмаса да, фосфорлану кезінде 
түздардың концентрациясы жоғары болғандықтан өсімдіктердің 
өсуі мен дамуы, әсіресе вегетация басталған кезеңде тегжелуі 
байқалады, себебі фосфордың мөлшері топырақта көп 
болғандықтан басқа элементтердің біршама тапшылығы күшейіп, 
өсімдіктердің коректенуінің бүзылуы орын алуымен қатар, 
экологиялық түрғыдан зиянды ауыр металдарды және де басқа 
токсиканттарды көбірек сіңіруге ықтималдығы жоғарылайды. 
Су айналымы.Бұл табиғат жағдайында былай жүреді: жауын-
шашын атмосферадан жер бетіне түсіп, топыраққа сіңіп, су 
қоймаларына ағады, су мұхиттардың, қүрлықтардың, өзендердің 
және басқа да су қоймаларының бетінен буланып, ауа арқылы су 
буы тасымалданып, шықтанып, жауын-шашынмен қайтадан жер 
бетіне оралып отырады. Осылардан басқа, су айналымы 
процесіне өсімдіктердің ауамен жанасатын барлық сыртқы және 


ішкі беттеріндегі судың (транспирациялық су) булануы және 
Жердің өте терең қабаттарындағы магмадан бөлінетін оттек пен 
сутектен түзілген жер асты сулары (ювенилді сулар) жатады. 
Қорытынды: Биосферадағы тепе-теңдік жағдайдың сақталуында 
биоталық айналымның ғаламшарлық дәрежедегі түйықтылығы 
өте маңызды рөл атқарады. Биосфераның үздіксіз жаңарып 
отыратын экологиялық жүйелеріне қайталанып кіретін заттардың, 
энергиялар мен ақпараттардың уақыт пен кеңістікте әркелкі 
болып заңды циклдық қайта бөлінуі үздіксіз жүретін процесс. 
Жоспар: 
1)Биосфера туралы түсінік 
2)Биосферадағы айналым 
3)Органикалық заттардың айналымы
4)Қорытынды 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет