«Қазақ тілі мен әдебиетінен» эсселер жинағы



Pdf көрінісі
бет1/31
Дата30.05.2024
өлшемі336.49 Kb.
#502130
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Эссе жинағы




АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, 2021 ЖЫЛ
«Қазақ тілі мен әдебиетінен» эсселер
жинағы
(жаратылыстану-математикалық
бағыт) 11-сынып
Авторы Жунусов Досан Болатович
зерттеуші-мұғалім


1. Сенің болашақ мамандығыңның адам өмірін сақтаудағы маңызы қандай деп
ойлайсың?
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз. 
(Әл-Фараби)
Мамандық таңдау – адам өміріндегі маңызды қадамдардың бірі. «Алдымда толған
мақсат, толған таңдау, Алайын анасын ба, мынасын ба?» деп, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров
айтқандай, сан тараулы өмірдің бір арнасына түсетін кезіміз де жақындап қалған сияқты. 
Менің ойымша, таңдаған мамандық ең алдымен, өзіңе ұнау керек, өйткені онымен сен
өмір бойы бірге боласың. Екіншіден, қоғамға аса қажетті және адам өмірінде маңызы болу керек
деп есептеймін. Менің таңдауым – дәрігер мамандығы. Бұл кәсіптің адам өмірін сақтаудағы
маңызы қандай?
Халық арасында «Дәрігер – адам жанының арашашысы» деген сөз тегін айтылмаған.
Барлығымызға белгілі, өткен жылдың наурыз айынан бастап, әлемді «Сovid-19» деген пандемия
жаулап алды. «Былтырғы 1 тамыздан бері бұл диагнозбен елімізде 49 749 науқас тіркеуге
алынған.
Жалпы
44 715-і
жазылып
шыққан»
(
https://www.azattyq.org/a/coronavirus-all-latest/30485422.html
). Міне, сын сағатта дәрігерлер
мыңдаған науқасты ажал аузынан арашалап алды. Ауру жұқтыру қаупіне қарамастан бастарын
бәйгеге тіккен ақ халатты абзал жандарды батыр демей, енді қалай атауға болады?!
Мен медицина саласының ең қиын саласы кардиохирургияны таңдап отырмын, ол үшін
11 жыл білім алу керек екен. Әрине, талмай ізденіп, жалықпай оқуды талап етеді. Дәрігер асқан
мейірімнің әрі көркем мінез-құлықтың иесі болуы керек деп есептеймін. Көркем мінез-құлық –
кез келген адамның көркі. Ал бұл қасиет дәрігерге тән болса, тіпті керемет. Дәрігер науқасқа
мейірімділік, жұмсақтық танытып, жылы сөздермен жұбатып, жағдайын сұрап тұруы керек.
Ауру адамға тәкаппарлықпен қарап, емделушілерін бай-кедей деп бөлуіне ешқашан болмайды.
Қаным қайнап барады, қаным қайнап,
Бір амал тап, дәрігер, халімді ойлап.
Алауыртқан ақынның қолын байлап,
Әкетпесін ажал кеп, өлімге айдап,-деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай, ақын да, әкім
де, бай-бағлан да, жарлы-жақыбай да ауру алдында дәрменсіз. Денсаулықты ақшаға сатып ала
алмайсың, сондықтан дәрігердің көмегіне жүгінесің. Бұл - өмір заңдылығы.
Қорыта айтқанда, менің таңдаған мамандығымның адам өмірін сақтаудағы маңызы өте
жоғары. Демек, әрбір дәрігер Гиппократ алдындағы антына адал болуы керек, адам өміріне
жауапты болған соң, олар кең жүректі әрі терең білім иесі болу керек. Пайғамбарымыз
Мұхаммед (с.а.у.) «Алла тағала сырқат жіберсе, оның емін қоса жібереді»,-деген екен, бұл қиын
кезеңнен де өтерміз, ең бастысы, сабыр мен салауат берсін адамзатқа!
(327 сөз)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет