«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер



бет89/95
Дата15.05.2024
өлшемі292.94 Kb.
#501185
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   95
«ïàòîôèçèîëîãèÿ – » ïºí³íåí êóðñ «æàëïû ìåäèöèíà» ìàìàíäûƒû áîéû

Есеп № 11

  1. Гипохромдық анемия, ядролық солға ығысқан нейтрофильдік лейкоцитоз, айқын емес микроанизоцитоз, пойкилоцитоз, полихроматофи-лия, шеткері ретикулоцитоз.

  2. Созылмалы постгеморрагиялық анемияға тән.

  3. Иә бар, бұл жағдайдағы полихроматофилия және шеткері ретикулоцитоздың дамуы қанның физиологиялық регенерациясының күшейгендігін дәлелдейді.



Есеп № 12
1. Гипохромдық анемия, айқын микроанизоцитоз, пойкилоцитоз, анулоцитоз.
2. Темір тапшылықтық анемияға тән.
3. Науқаста дамыған асқазан-ішек патологиясына байланысты, темірдің тапшылығы оның сіңірілуінің бұзылысына негізделеген деп тұжырымдауға болады.


Есеп № 13
1. Темір тапшылықтық анемияға тән.
2. Темір тапшылықтық анемияның дамуына әкелетін патологиялық үрдістердің ішінен созылмалы қансырауды, темір сіңірілуінің бұзылысын, темір тасымалдануының бұзылысын, гем немесе порфириннің синтезінің өзгерісі кезіндегі темірдің утилизациясының жеткіліксіздігін атап өтуге болады.
Есеп № 14

  1. Порфирин синтезінің бұзылуына негізделген гипохромды анемияның дамығанын дәлелдейді.

  2. Қан сарысуындағы темірдің жоғары мөлшерде болуын, науқастың қорғасынмен жұмыс жасайтының ескере отырып, бұл аурудың дамуы негізінде, гем синтезіне қатысатын ферменттердің белсенділігінің бұзылуына әкелетін, қорғасындық интоксикация жатыр деп қортынды жасауға болады.

Есеп № 15
Организмде В12 витаминінің жеткілікті мөлшерде қоры болады. Орга-низмде ол витаминнің сіңірілуінің бұзылысы кезінде витамин тапшылығы туындауы үшін аз дегенде 2-3 жыл уақыт қажет. Сондықтан да, бұл жағдайда мегалобластық анемияның дамуы фолий қышқылының сіңірілуінің бұзылыстарына негізделген болуы мүмкін.


Есеп № 16

  1. В12-витамин тапшылықтық анемияға тән.

  2. Асқазанның шырышты қабатының ісіктік өзгерістерге ұшыраған париетальдық жасушаларының гастромукопротейнді өндіруінің жеткілік-сіздігі және В12 витаминінің сіңірілуінің бұзылуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет