1. Ұйым менеджмент негізі ретінде Жалпы мақсаттарға жету үшін құрылатын, айқын құрылған бірлескен қызметтері және айқын белгіленген шекаралары бар автономды адамдар тобы ретінде көрінісін табатын әлеуметтік жүйе
2. Ұйымдардың жалпы сипаттамалары Бұл қызметтер жалпы мақсатқа немесе мақсаттарға жету үшін бағытталған адамдар тобы
3. Басқарушылық еңбек бөлінісінің негізгі түрлері: мәні, мазмұны 4. Еңбек сипаты және менеджерлердің кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптар 5. Менеджмент табысқа бағытталған басқару ретінде Табысқа бағытталған менеджмент ол стратегиялық менеджмент. Стратегиялық менеджмент - басқарудың жоғарғы деңгейінің атқаратын қызметі және толықтай кәсіпорын мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің табысқа жетуін қамтамасыз етуге бағытталған.
6. Менеджменттің негізгі функциялары: жоспарлау Жоспарлау – бұл туристтік құрылымның кез келген мақсаттарын, жетістікке жету әдістерін анықтайтын басқару процессінің бір кезеңі. Бір жағдайларда фирма алға қойған мақсатына жеткеннен кейін өз өмір сүруін тоқтатса, кейбіреулері жаңа, оданда маңызды мақсаттарды қояды. Бұл жоспарлаудың біржолғы әрекетін ұсынбайтынын көрсетеді. Бұл мүмкіндіктер, шарттар және факторлар есебінде фирма әрекетінің жаңаландырылу әдісі және жаңа жолдарды зерттеудің үздіксіз процессі. Жоспарлау функциясы өзіне келесідей жұмыс түрлерін қосады: туризм басқарулары орнататын аймақтың дамуы жөнінде мақсаттарды құруға қатысуы. орынның бәсекелестікке қабілеттілігінің ағымдық анализі (нарық, тікелей және жанама бәсекелестік, сұраныс, сала) аймақтың бәсекеге қабілеттілігі стратегиясын құру, оның ерекше ұстанымы аймақтың бәсекеге қабілеттілігі стратегиясын өмірге айналдыру - алдыңғы орында туристтік кәсіпорындарға инновациялық менеджмент жөнінде консультация өткізу
7. Менеджменттің негізгі функциялары: ұйымдастыру Ұйымдастыру – бұл кәсіпорынның мақсаттарға жету құралы. Экономикалық көзқарасы бойынша ұйымдастырушылық әрекет кәсіпорын жұмысының тиімділігінің артуына алып барса, персоналды басқару көзқарасы бойынша ол жұмысқа мән береді және орындаушылар арасында бөліп беріледіҰйымдастырушылық функциясы процессін орындауда басқарылатын принциптер тізбегі бар: Жоспарлаудың барысында табылған фирма мақсаттарын анықтау және бөлшектеу. Осы мақсаттарға жету үшін қажетті әрекет түрлерін анықтау. Адамдарға түрлі мәселелерді тапсыру және оларды басқарылатын жұмыс тобына немесе бөлімшесіне біріктіру. Басқаруды кім жүзеге асыратынын нақты анықтамасын қосатын, жұмысшылар қарым-қатынасын орнату арқылы әрбір топқа тапсырылған түрлі әрекетті координациялау, яғни топтың әрбір мүшесі не істеу керектігін және қандай мерзімде екенін білуі тиіс. Сонымен бірге онымен кім басқаратында білуі шарт. Мақсаттың тұтастығы – ұйымның әрбір мүшесі жалпы пайда үшін қызмет етеді, яғни ешкім ұйымның мақсатына қарсы жұмыс істемеу керек. Басқару қарқыны немесе менеджмент қарқыны - әрбір менеджер басқарылуындағы жұмысшылар санына жауапты