Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының
2011-2015 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
-
Миссиясы мен пайымдауы
Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының миссиясы - өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізетін жерді тиімді пайдалану мен қорғауға жағдай жасау.
Пайымдауы - Павлодар облысының жер ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану, жер телімдеріне деген тұрғындардың, кәсіпкерлік, өндірістік және әлеуметтік мақсаттағы субъектілердің қажеттіліктерін толық қанағаттандыру.
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды және қызметтің тиісті салаларын (аясын) дамыту тенденциясын талдау
1.1-стратегиялық бағыт. Облыстың жер ресурстары бойынша өзекті мәліметтерді құру
1.1) Реттеуші салаларды дамытудың негізгі параметрлері
Облыстық жер қатынастары басқармасы өз жұмысын Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының басқа данормативтік-құқықтық актілеріне және облыс әкімдігінің 2009 жылғы 28 шілдедегі №157/11 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Облыстың жер ресурстарын пайдалану жағдайы. Павлодар облысының жер қоры 12470,5 мың гектарды құрайды. Облыс аумағы 13 әкімшілік-аумақтық бірлікке бөлінген, оның ішінде 10 аудан және 3 қалалар: Павлодар, Екібастұз, Ақсу.
Аудандардың көлемі өнімді алқаптардың үлес салмағына, ең алдымен егістік, ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқындылығына және мамандануына, табиғи-климаттық жағдайларға және факторларға байланысты бөлінген. (1-кесте).
1-кесте
Әкімшілік бірліктер бойыншаоблыстың жер қорын бөлу
-
Р/с
№
|
Қалалар мен аудандардың атауы
|
Жалпы көлемі, мың га
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
1
|
Павлодар қ.
|
63,4
|
63,4
|
2
|
Екібастұз қ.
|
1887,6
|
1887,6
|
3
|
Ақсу қ.
|
798,9
|
798,9
|
4
|
Ақтоғай
|
977,8
|
977,8
|
5
|
Баянауыл
|
1850,8
|
1850,8
|
6
|
Железин
|
766,8
|
766,8
|
7
|
Ертіс
|
1013,9
|
1013,9
|
8
|
Качиры
|
673,5
|
673,5
|
9
|
Лебяжі
|
799,9
|
799,9
|
10
|
Май
|
1807,7
|
1807,7
|
11
|
Павлодар
|
589,1
|
589,1
|
12
|
Успен
|
548,0
|
548,0
|
13
|
Шарбақты
|
693,1
|
693,1
|
|
Барлық жер
|
12470,5
|
12470,5
|
2007 жылы Павлодар қаласының аумағы Бас жоспардың қабылдануына байланысты Ақсу қаласы мен Павлодар ауданының аумағы есебінен өсті.
Облыстың жер қоры мақсатты пайдалануға сәйкес санаттар бойынша бөлінді, осы құрылымдарға байланысты 1990 жылдан 2010 жылдар аралығында маңызды өзгерістер болды (2-кесте).
2-кесте
Павлодар облысының жер қорының жерлерін
жер санаттары бойынша бөлу
Р/с№
|
Жер санаттары
|
1990 ж.
|
2000ж.
|
2006ж.
|
2007ж.
|
2008ж.
|
2009ж.
|
2010ж.
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
1
|
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
|
10677
|
2731,5
|
3478,6
|
3653,5
|
3980,3
|
4107,3
|
4220,6
|
2
|
Елді мекендер жері
|
183,8
|
1273,3
|
1828,7
|
1826,1
|
1813,9
|
1782,9
|
1756,7
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
3
|
Өнеркәсіп, кө-лік, қорғаныс, байланыс жері және ауыл ша-руашылығы мақсатына арналмаған жер
|
840,3
|
128,4
|
132,4
|
131,6
|
128,6
|
119,3
|
136
|
4
|
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері
|
1,0
|
2,3
|
0,0
|
326,9
|
346,3
|
346,4
|
346,4
|
5
|
Орман қорының жері
|
452,9
|
451,5
|
454,2
|
127,5
|
127,5
|
127,5
|
127,5
|
6
|
Су қорының жері
|
21,6
|
21,0
|
21,6
|
21,6
|
24,3
|
78,5
|
78,5
|
7
|
Босалқы жер
|
294,3
|
7862,5
|
6555,0
|
6383,3
|
6049,6
|
5908,6
|
5804,8
|
|
Барлық жер
|
12470,5
|
12470,5
|
12470,5
|
12470,5
|
12470,5
|
12470,5
|
12470,5
|
Осы орайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер санаты көлемінің қысқаруы және жер қоры жерінің өсуі негізінен 1990 жылдан 2000 жылға дейінгі аралықта болды. Елді мекендер жерінің өсуі 2000 жылдан 2004 жылға дейінгі аралықта жер-шаруашылық орналастыру жөнінде жұмыс жүргізу негізінде болды. Орман қоры жерінен “Ертіс орманы” мемлекеттік орман табиғи резерваты және Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ауысуы есебінен 2007 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақ жері өсті.
2010 жылғы 1 қарашада облыста 183945 жер телімінің меншік иесі және жер пайдаланушысы тіркелді, оның ішінде 162409-і – меншік иелері, 20276-сі – уақытша жер пайдаланушылар, 1260-ы – тұрақты жер пайдаланушылар.
2010 жылғы 1 қарашада 2666,9 мың га бекітілген ауылшаруашылық алқаптары бар 3544 шаруа (фермерлік) қожалығы, 1244,9 мың га жер көлемімен 145 ірі агроқұрылым тіркелген. 5804,8 мың га босалқы жер тіркелген, оның ішінде 611,8 мың га - егістікке жарамды жер.
Жер балансына сәйкес облыста суарылатын жер көлемі 59,5 мың гектарды құрайды. Нақты (облыс ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша) 15,0 мың га шамасында пайдаланылады. Қалған жер суару жүйесінің толық немесе жартылай істен шығу себебінен пайдаланылмайды.
Алдағы уақытта келешегі бар инженерлік және көлік инфрақұры-лымының әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік объектілердің құрылысы үшін аумақтарды резервке қою жүзеге асырылған. Павлодар қаласы бойынша жалпы көлемі 4536,9 га 30 жер телімі, Екібастұз қаласында - 61 жер телімі (18740,9 га), Ақсу қаласында - 23 жер телімі (269,9 га) резервке қойылды.
Жерге орналастыру. Елді мекендердің жерін тиімді пайдалану мақсатында қалалар, кенттер және ауылдық елді мекендердің аумағында жер-шаруашылық орналастыру жобаларын дайындау жүргізілуде.
Мысалы, облыстық статистика басқармасының мәліметтері бойынша «ПавлодаржерҒӨО» ЕМК облыстың 407 ауылдық елді мекеінің ішінен 397 ауылдық елді мекенде жер-шаруашылық орналастыру жобасын дайындады (97,5%), оларда ауылшаруашылық алқаптарын тиімді орналастыруға және пайдалануға ғылыми - негізде кепілдемелері бар. Оның ішінен 312 жоба 2004 жылы облыстық бюджет есебінен дайындалды.
10 ауылдық елді мекен қазіргі кезге дейін жер-шаруашылық орналастыру жобасы жоқ, оның ішінде Ертіс, Лебяжі, Май, Качиры аудандарының орталықтарында және Баянауыл (Біржанкөл, Егіндібұлақ, Александровка, Большевик), Успен (Тобылжан), Шарбақты (Галкин ауылдары) аудандары-ның ауылдарында.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жері. Облыста 5 ерекше қорғалатын табиғи аумақ (бұдан әрі – ЕҚТА) бар: жалпы көлемі 377,1 мың гектар “Ертіс өзенінің жайылмасы” мемлекеттік табиғи қорығын, көлемі 278,0 мың гектар “Ертіс орманы” мемлекеттік орман табиғи резерваты, көлемі 68,5 мың гектар Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, көлемі 60,0 мың гектар “Қызылтау” мемлекеттік табиғи қорығы, көлемі 2,0 гектар “Құс қанаты” мемлекеттік табиғи ескерткіші.
Барлық ЕҚТА республикалық маңызы бар мәртебеге ие және Қазақстан Республикасы АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің еншілесінде.
Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуді лицензиялау. Облыстың жер қатынастары басқармасы жер заңнамасына сәйкес тек жерге орналастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғаларға лицензия береді.
2010 жылғы 1 желтоқсанда облыс аумағында жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу бойынша лицензиялық қызметін жиырма алты заңды және жеке тұлға жүзеге асырады, оның ішінде өзінің филиалдарымен “ПавлодаржерҒӨО” ЕМК атынан бір мемлекеттік кәсіпорын, 2 МКҚК, жиырма ЖШС және үш жеке кәсіпкерлер.
Жер нарығын және ақылы жер пайдалануды дамыту. 2009 жылы жер пайдаланушылардан түскен түсім 3403 млн теңгені құрады, оның ішінде жерді жалға алудан – 1412 млн. теңге, жеке меншікке жер учаскелерін сатудан – 178 млн. теңге, ал жер салығынан – 1813 млн теңге.
Республикалық рейтингке сәйкес Павлодар облысы бойынша жал түсімдерінің сомасы жыл сайын республикалық жалпы түсімнің 19-21 %-ын құрайды.
2006-2010 жылдары аралығында облыста 15 аукцион өткізілді, онда 53 жер телімі берілді, оның ішінде жеке меншікке 2 жер телімі сатылды, оның бастапқы сомасы 5,25 млн. теңге бола тұра, соңғы сомасы 33,3 млн. теңгені құрады, 51 жер теліміне жал құқығы сатылды, оның бастапқы сомасы 11,4 млн. теңге бола тұра, соңғы сомасы 49 млн. теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерге 6 конкурс өткізілді, 14 млн. теңге сомасында 12 жер теліміне жал құқығы сатылды.
2006-2010 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге 42 конкурс өткізілді, уақытша жер пайдалануға жалпы көлемі 404498,8 га 611 жер телімі уақытша пайдалануға берілді.
Жер реформасының басынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер санатынан жалпы көлемі 3834,7 га 33 жер телімі сатылды, оның ішінде егістік – 1687,7 га, оның суармалы егістігі – 385,3 га, жайылым – 2121,3 га, өзге жер – 25,7 га.
-
Негізгі проблемаларды талдау
Бүгінгі күні Павлодар облысының жер қатынастары саласындағы негізгі проблема жер ресурстары саласы туралы толық және өзекті ақпараттардың жоқтығы болып табылады. Бұл ауылдық елді мекендердің, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің, суармалы жердің, су объектілерінің картографиялық материалдарына қатысты. Облыстық басқарма мен аудандық бөлімдердің арасында жер қатынастары саласындағы тікелей бағыныштылықтың жоқтығы өзара іс-қимылда қиындық туғызып, шектеледі. Өз құзыретіне жатпағандықтан бөлімдерге тікелей тексеріс жүргізуге басқарманың мүмкіндігі жоқ.
Жер ресурстарын пайдалану мен қорғау үшін және жер заңнамасының сақталуына бақылау функциялары тек қана Өңіраралық жер инспекциясының иелігінде. Бірақ, штаттағы қызметкерлер құрамының аздығына байланысты (барлығы 6 адам) жерді пайдалануға бақылауды толық және уақытында жүзеге асыра алмайды.
Сонымен қатар, облыстық жер қатынастары басқармасының құзыретіне Ережеге сәйкес жер ресурстарын ішінара пайдалану және қорғау бөлігінде аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың қызметтерін үйлестіру кіреді. Осыған байланысты стратегиялық жоспарға облыстың көрінісі жер қатынастары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуге және таусылмас (каскадирования) әдістерді жүзеге асыру мақсатында оларды үйлестіру бөлігінде қалалар мен аудандар бойынша іс шаралар енгізілді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді түгендеу. Ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді түгендеуден өткізу жүзеге асырылмады. Барлық топырақтық, геоботаникалық, дәнді-дақылдық техникалық жағдайдың материалдары (топырақ картасы, тоқырақтың агроөндірістік топтамасының картограммасы, бонитет балы) 1990 жылға дейінгі зерттеу нәтижелерімен ұсынылған, алайда дәнді-дақылдық техникалық жағдайдың сапалық сипаттамасын анықтау және топырақты бағалау 7-10 жыл аралығында өткізіліп отыруы тиіс.
Топырақты зерттеуге жататын жердің облыс бойынша жалпы көлемі 11 773,6 мың гектарды құрайды, оның 11015,4 гектары 1990 жылға дейін зерттелді, бұл 93,6 %-ды құрайды. 758,2 мың га немесе 6,4%-ы зерттелмеген.
Геоботаникалық зерттеуге жататын жердің жалпы көлемі 10430 мың гектарды құрайды. Сонымен бірге, зерттелетін материалдардың негізгі бөлігі (7796,6 мың га немесе 73%-ы) 1990 жылға дейін орындалды және қайта зерттеуді қажет етеді, өйткені ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістікке жарамды жердің едәуір бөлігі ұзақ уақыт тыңайма жағдайында қалуда, бір бөлігі жайылымға ауыстырылған, осыған байланысты өсімдік қауымдастығының құрамы өзгерді. 2633,4 мың гектардың немесе 27% жердің геоботаникалық зерттеу материалдары жоқ. Сонымен бірге, жерді түгендеу келешекте пайдаланылмайтын, тиімсіз пайдаланылатын немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жер телімдерін айқындауға мүмкіндік береді.
Су объектілерінің жерін түгендеу. Облыс бойынша су объектілерінің астында 297,7 мың га тіркелеген, сонымен қатар 243,5 мың га өзге санаттарда орналасқан. Олардың көп бөлігі – 167,4 мың га жер қорына жатады. Бұл жағдай 1970 жылдардан бастап қалыптасқан. Жер қорынан су қорына объектілерді ауыстыру қажет етеді.
Ауылдық округтардың аумағындағы су айдындарын түгендеудің мақсаты – тұрғындарға, экономика саласында қажеттілігін және қоршаған ортада тұрақтылығын сақтау үшін олардың санын, орналасуын, көлемін анықтау. Суды пайдалануға байланысты су шаруашылығы объектілерін және ғимараттарын жобалау, суды бөлу және пайдалану үшін мәліметтерді алу қажет.
Суармалы жерді түгендеу. Қазіргі кезде жер балансының нақты мәліметі үшін суармалы жер бойынша түгендеу жүргізу қажет, өйткені суармалы жер соңғы рет түгендеуден 1995-1997 жылдары жүргізілген. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша жер балансында тіркелген суармалы жердің 59,5 мың гектарының 15,2 мың гектары (25,5%-ы) суарылады, қалған 45,4 мың гектары (76,3%-ы) техникалық себептермен суарылмайды (сорғы станциялары, су жіберетін станциялар демонтаждалған).
Картографиялық қамтамасыздық. Қазіргі кезде жер телімдерін меншікке және жер пайдалануға беру кезінде көбінесе қиындық тудыратын сапалы жоспарлы-картографиалық материалдың жоқтығынан қиын жағдай туындап, өрши түсуде, берілген және берілетін жердің құрамы және шекарасы, ауданы бойынша сот талқылауы, даулы жағдайлардың туындауы жиіледі. Бүгінгі күні картографиялық материал осыған ұқсас мәселелерді шешу кезінде заңды құжат болып табылады.
Жоспарлы-картографиялық материалдардың графикалық есебінің мазмұнында жер реформасын өткізу нәтижесінде жер пайдаланушылар құрамында орын алған түпкілікті өзгерістер көрсетілмейді және мемлекеттік топонимикаға сәйкес емес. Бұл фактор тек ағымдағы жерге орналастыру үдерісін ғана емес, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді, келешектегі проблемаларды шешуді, жер пайдалану үшін төлемдерді өндіруде жер нарығын одан әрі құруды қиындатады.
Сонымен қатар, түзетілген жоспарлы-картографиялық материал түгендеу нәтижесінде жерді мемлекеттік есепке алу, жер кадастрын жүргізуді жақсартуға негіз болады, сондай-ақ ауылдық округтердің әкімдері мен басқа қызметтер пайдалануы мүмкін.
Осы уақытта елді мекендердің М 1:2000 картографиялық материалдары 2004-2005 жылдары әзірленген, ол Ақсу қаласы мен Павлодар аудандарының ауылдық аймақтарында ғана бар. Облыстың қалған 9 ауданының ауылдық елді мекендері мен Павлодар және Екібастұз қалаларында осындай материалдар жоқ.
“Жер конкурстары мен аукциондары” ААЖ МЖК кіші жүйесіне қосылу. Қалалар мен аудандардың жергілікті жерде конкурстарды өткізуді автоматтандыру мақсатында “Жер конкурстары мен аукциондары” ААЖ МЖК қызметін қолдаушы бағдарламалық өніммен жер қатынастары бөлімдерін қамтамасыз ету үшін қаржыландыру қажет.
Облыста жерді жедел мемлекеттік есепке алу (жылдық жер балансы). Жер туралы нақты мәлімет жер ресурстарын басқару жөнінде шешімдерді қабылдау кезінде және қаржыландыру мақсаты үшін қажет.
Құзыретіне сәйкес облыстық жергілікті атқарушы органдардың қаулы жобасын дайындау. Облыстың жергілікті атқарушы органының жер қойнауын пайдалану және магистральды құбырлар, мўнай және газ өңдеу объектілерін салу, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиєи аумақтарды құру әрі кеңейту мақсатында жер учаскелерін беру жөніндегі, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кең орындарын (кең таралғанынан басқасын) қазуға, магистральды құбырлар салу, жергілікіті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру әрі кеңейту үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау. Жер қойнауын пайдаланушыларға жерді беру облысты құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Жерге орналастыру жұмыстарына лицензия беру. Мамандандырыл-ған жерге орналастыру кәсіпорындары арасында бәсекеге қабілетті ортаны тудыру.
Аудандар мен ауылдық округ аумақтардың жерін аймақтандыру. Аудандық аймақтандыру сызбаларының болуы жерді бір санаттан екінші санатқа ауыстыру үдерісін реттеуге, жерді пайдалану және қорғау үшін мемлекеттік бақылауды күшейтуге ықпал етуші еді.
Мақсаты жердің нысаналы мақсатын және пайдалану режимін белгіленуімен олардың аумағын анықтау болып табылады.
Міндеті: өңірдің табиғи және экономикалық жағдайын зерделеу негізінде жердің нысаналы мақсатының жіктемесі қосылатын жерді аймақтарға бөлу жобаларын дайындау, жерлердің сапасын және экологиялық жағдайын анықтау, олардың өнімділігін және кадастрлық құнын, әртүрлі санаттағы жерлердің ерекшелігін немесе арнайы пайдалану режимін анықтау; ауданның жер қоры жағдайына уақытында талдау жүргізу және табиғи-ауыл шаруашылық аймақтарға бөлу және табиғи аймақтары, аймақтардың іші және округтері көрсетілуімен пайдалану режимі бойынша жерлердің аумағын жер қорының құрылымына сәйкес келтіру. Ауданның жер қорын келешекте пайдаланудың негізгі бағыттары анықталады.
Жер шаруашылық орналастыру жобасын әзірлеу. Ақсу қаласының (Айнакөл, Қарабай, Көктас, Сынтас ауылдары) мен Павлодар ауданының (Заңғар, Коряковка, Бірлік, Жертұмсық, Подстепное, Заозерное, Көктөбе, Толыбай) елді мекендері үшін 2007 жылы Павлодар қаласының жеріне беру кезінде олардың сызықтары өзгеруіне байланысты жаңа жер-шаруашылық орналастыру жобасын әзірлеу қажет.
Ауылдық елді мекендердің шекарасын белгілеу. Ақша қаражатының жоқтығынан облыстың бірдебір елді мекендерінің нақты шекарасын белгілеу бойынша іс-шаралар жүзеге асырылған жоқ.
Ауылдық елді мекендердің шекарасын белгілеу жер нарығын, жергілікті жерде жерлерді есепке алу, жер қатынастары мәселелерін реттеу проблемаларын шешеді. Шекараларын анықтау ауылдың келешектегі дамуын одан әрі анықтау және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін келешекте жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |