Павлодар облысы Качир ауданы әкімдігінің



Дата04.07.2016
өлшемі81.21 Kb.
#178583





Павлодар облысы

Качир ауданы әкімдігінің

2012 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 504/18 қаулысымен

бекітілген


«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына


денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды
үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер


1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына
денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды
үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес Качир ауданының жалпы орта білім беретін ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымы) көрсетеді.

2.1Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

5. Мемлекеттік қызмет денсаулық жағдайына байланысты уақытша немесе үнемі білім беру ұйымдарына бару мүмкіндігі жоқ жеке тұлғаларєа (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) ұсынылады.

6. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Алдын ала жазылу және жедел рәсімдеу қарастырылмаған.

7. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқтау нысаны білім беру ұйымының бұйрығы немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартатыны жөнінде дәлелдi жауап болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) мемлекеттiк қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күні.

9. Білім беру ұйымы осы стандарттың 11-тармағында қарастырылған құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлайды.

10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау білім беру ұйымының жауапты қызметкерімен жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіндегі әрекеттер

(өзара қызметтер) тәртібін сипаттау
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы білім беру ұйымына Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға алатын күні белгіленген тізімдеме беріледі.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалды бірліктер (бұдан әрі – бірліктер) қатыстырылған:

білім беру ұйымының жауапты қызметкері;

білім беру ұйымының басшысы.

14. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындаудың мерзімін көрсетумен әрбір бірлік бойынша әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшада көрсетілген.

15.Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық кезектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламентке 3-қосымшада көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсететін

лауазымды адамдардың жауапкершілігі
16. Білім беру ұйымының лауазымды адамдарына мемлекеттік қызмет көрсету барысында олармен қабылданған шешімдер мен әрекеттер (әрекетсіздік) үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған тәртіпте жауапкершілік жүктеледі.

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына


денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара

алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру

үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламентіне

1-қосымша

Качир ауданы білім ұйымдарының тізімі


п\п


Білім беру ұйымының атауы

Мектептің мекенжайы

1

“Качир ауданының Теренкөл ауылының А.Н.Ёлгин атындағы №1 жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Тереңкөл ауылы, Ленин көшесі, 234

2

“Качир ауданы Тереңкөл ауылының А.Текенов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектебі” мемлекеттік мекемесі

Тереңкөль ауылы, Ленин көшесі,67

3

“Качир ауданы Теренкөл ауылының Қатша Оспанова атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебі” мемлекеттік мекемесі

Тереңкөль ауылы, Ленин к-сі , 115 үй

4

“Качир ауданының №1 Песчан жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Песчан ауылы,Шоссейная к-сі,1

5

“Качир ауданының №2 Песчан жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Песчан ауылы,Шоссейная к-сі, 200

6

“Качир ауданының Байқоныс жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Байқоныс ауылы

7

“Качир ауданы Байқоныс ауылы округінің Қызылтаң жалпы білім беретің орта мектебі” мемлекеттік мекемесі

Қызылтаң ауылы

8

“Качир ауданының Береговая жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі


Береговая ауылы

9

“Качир ауданының Бобровка жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Жанабет ауылы

10

“Качир ауданынын Октябрь жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Октябрьск ауылы

11

“Качир ауданының Ивановка орта жалпы білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Ивановка ауылы

12

“Качир ауданының Львовка орта жалпы білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Львовка ауылы

13

“Качир ауданының Коммунар жалпы білім беру орта мектебі” мемлекеттік мекемесі

Фрументьевка ауылы

14

“Качир ауданының Воскресенка жалпы білім беру орта мектебі” мемлекеттік мекемесі

Воскресенка ауылы

15

“Качир ауданының Березовка жалпы білім беру орта мектебі” мемлекеттік мекемесі

Березовка ауылы

16

“Качир ауданының Трофимовка жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Трофимовка ауылы

17

“Качир ауданы Жаңа-Құрлысауыл округінің Тегістік жалпы білім беретін орта мектебі” мемлекеттік мекемесі

Тегістік ауылы

18

“Качир ауданының Федоровка жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Федоровка ауылы

19

“Качир ауданының Калиновка жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Калиновка ауылы

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына


денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара

алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру

үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламентіне

2-қосымша


Құрылымдық-функционалды бірліктер (бұдан әрі – бірліктер) сипаттамасы


Негізгі үрдістің іс-әрекеті (жұмыстың барысы, ағымы )

п/п


Іс-әрекеттің (жұмыстың барысы, ағымы )№

1

2

3

1

Бірліктердің атауы

Білім беру ұйымының басшысы


Білім беру ұйымының жауапты қызметкері


Білім беру ұйымының басшысы


2

Іс-әрекеттің (үрдістің, операция процедура-ларының) аталуы

және оның сипаттамасы



Мемлекеттік қызметті алушымен ұсынылған құжаттарды қабылдау, қажетті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беру.


Бұйрықтың немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындайды

Бұйрыққа немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және мемлекеттік қызметті алушыға береді.

3

Аяқтау түрі (деректер, құжат, ұйымдастыру-реттеу шешімі)

Алатын күні белгіленген тізімдеме

Бұйрықтың жобасы немесе қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап

Бұйрық немесе қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап

4

Орындалу мерзімі

30 минуттан аспайды

1 жұмыс күні

30 минуттан аспайды

5

Келесі іс-әрекеттің №

2

3




«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына


денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара

алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру

үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламентіне

3-қосымша


Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің сызбасы:





    












Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет