«Педагогика және оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан



бет1/2
Дата20.05.2022
өлшемі83.31 Kb.
#458073
  1   2
ПИП (казак болими)


«Педагогика және оқыту әдістемесі»
пәнінен мемлекеттік емтихан

1.Педагогиканы оқыту әдістемесінің пәні мен міндеттері.


Педагогика" терминi гректің екi сөзiнен: "пайс" - бала және "егейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Педагогика оқу пәні ретінде келесі компоненттерден тұрады: білім беру, оқыту, тәрбие жайлы білім жүйесі;білім, іскерлік, дағдылар мен құзыреттіліктерді меңгеруге бағытталған оқу-танымдық іс-әрекет жүйесі. Оқу пәнінің құрылысын жасау кезінде бірнеше факторлар ескеріледі. Оларды қарастырайық. Егер ғылыми білімдер жеткілікті түрде жүйеленген және оны оқытудың әдістемелік аспектілері болса, сонда ғана олар оқу пәніне енеді. Сәйкес саладағы студенттердің біліміне байланысты оқытушы оқу пәнін жобалай алады. Сонымен бірге, білім алушылардың қабілеттілігі, жас және жеке психологиялық ерекшеліктеріне тән оқу пәні әрқалай оқытылады. Оқу пәні дәрістер, семинарлар, тәжірибелік және зертханалық сабақтар көмегімен оқытылады. Кез-келген оқу пәні дидактикалық материалдар қорымен (нақты тапсырмалар, көрнекілік материалдар, бақылау сұрақтары, әдістемелік нұсқаулар) бекітіледі. Оқу пәнінде белгілі теория, концепциялармен қоса оқытушының әдіснамалық көзқарасы да орын алады. Педагогика ғылымының алдында тұрған мiндеттердің күрделiлiгi бiздің қоғамымыздың барлық саласында жүрiп жатқан қайта құру процесiнен туындайды.
Қоғамның экономика мен саяси жүйесiндегi жаңаша ойлау, халықтың рухани байлығын жандандыру, адам факторын жетiлдiру мәселелерi үздiксiз бiлiм берудің бiрыңғай жүйесiнің ғылыми негiзiн анықтаумен байланысты шешiледi.
1. Педагогика ғылымы алдындағы басты мiндеттердің бiрi - үздiксiз бiлiм берудің бiрыңғай жүйесiн жасау.
2. Педагогика ғылымындағы негiзгi бағыттар халық ағарту жүйесiн, оқу-тәрбие процесiн интеграциялау, гуманитарландыру, интеллектуаландыру, индивидуализациялау және демократиялан­дырудың ғылыми теориялық принциптерiн ашу.
3. Қоғам өмiрiндегi тәрбиенің ролi мен жеке адамның қалыптасуы туралы, теориялық мәселелердi айқындау педагогиканың негiзгi мiндеттерiнің бiрi.
4. Бiлiм беру мазмұнының ғылыми негiздерiн жасау, жалпы политехникалық және кәсiптiк бiлiм берудің арасындағы қатынасты анықтау, оқу тәрбие процесiн оптималдандырудың тиiмдi әдiстерiн ашу, ғылыми практикалық мәнiн көрсету.
5. Сондай-ақ маңызды мiндеттердің қатарына қоғамдағы мұғалiмнің әлеуметтiк орнын және оқу-тәрбие процессiндегi ұстаздың ролi мен маңызын көрсету және iлiмiздегi үздiксiз педагогикалық бiлiм берудің мазмұнын жасау, өздiгiнен бiлiм алудың ғылыми практикалық негiзiн айқындау жатады.
6. Халық педагогикасының педагогика ғылымындағы орнын айқындау, ролiн көрсету және оның педагогикалық процесте жұзеге асырылу жолдарын айқындау.
2.Арнайы орта кәсіби білім беру оқытушысының кәсіби қызметінің негізгі түрлері.


3.Тәрбие - мәдени-тарихи феномен және педагогикалық құбылыс ретінде.
Тәрбие ерте заманнан бері қоғамның ең маңызды қызметі болды. Қоғамдық-тарихи тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа жеткізбей, жастарды қоғамдық-өндірістік қарым-қатынастарға тартпайынша, қоғамның дамуынсыз, оның мәдениетін сақтап, байытусыз адамзат өркениетінің өмір сүруі мүмкін емес.
Қоғамның дамуымен тәрбие өзгереді: оның мақсаты, мазмұны, құралдары. Тарих әр дәуірдегі тәрбиенің ерекшеліктерінің жарқын мысалдарын келтіреді: қарабайыр қауымдық жүйе, антикалық, орта ғасырлар, жаңа және жаңа заман. Әртүрлі елдердің халықтары мен ұлттарының мәдениеті тек дәстүр мен әдет-ғұрыптан ғана емес, тәрбиелік табиғатынан да көрінеді.
К.Д.Ушинский былай деп жазды: «Халықтың өзі жасаған және халықтық қағидаларға негізделген білім абстрактілі идеяларға негізделген немесе басқа халықтан алынған ең жақсы жүйелерде жоқ тәрбиелік күшке ие». Л.И.Маленкова дұрыс атап өткендей, адамзат (филогенезде) және табиғаттан әрбір ата-ана баланың дүниеге келуімен бірге тәрбиелік функцияларды алады: ол қоршау, тамақтандыру, бесік жырын айту, оқу мен санауды үйрету, басқа адамдарды қоғамға таныстыру.
Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді. Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру. "Тәрбие" ұғымы тар мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір тәрбиелейді' деп қолданудық тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар. Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, меселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс. Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы коғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие -педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты үрдіс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып әрекше әдіс-тәсілдерді қолданады. Тәрбие жайлы әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені әресек адамдардық балаларға ықпал жасауы деп түсіндіруінілер де бар. Бұл жағдайда бала енжар объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасай алмайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Тәрбие - педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты үрдіс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып әрекше әдіс-тәсілдерді қолданады.
4.Педагогиканың ғылым және оқу пәні ретінде даму тарихы. Педагогика (гр. 'παῖς', paіda — бала, гр. 'ἄγω', gogos — жетектеуші) — жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны. Педагогикалық институттарда профильді бағдарламалар бойынша оқылатын оқу курсы да педагогика деп аталады. Қазіргі кездегі педагогика оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін қамтиды. Ертедегі Грекия еңбекке, қол және соғыс өнеріне үйретуші құлдарды педагог деп атаған.
19 ғасырдың басында нарықтық қарым-қатынастың дамуына, ғылыми-техникалық өркендеуге байланысты педагогика тармақталып, жеке пәндер бөлініп шықты. Олар:
Жалпы педагогика (тәрбие, білім беру және оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейді),
Сәбилер мен мектепалды педагогикасы,
Мектеп педагогикасы,
Сурдотифло педагогика және олигофрено педагогика (керең, зағип және ақылы кем балалардың тәрбиесі мәселелерін зерттейді),
Жеке пән әдістері,
Педагогика тарихы.
Педагогиканың оқу пәні ретіндегі педагогикалық ғылым және әлеуметтік тәжірибемен өзара қатынасы маңызды сұрақтардың бірі болып саналады. Педагогиканың оқу пәні ретіндегі дамуына 1927-1930 жж. өткен педагогикалық пікірталастар үлес қосты. Пікірталастар барысында оқу пәні ретіндегі педагогиканың мазмұны анықталып, мақсатты түрде бағытталған, арнайы ұйымдасқан және басқарылатын үдеріс ретіндегі тәрбиенің негізі нақтыланды.
Бұл кезеңдері В.Н. Попов, А.У. Зеленко, А.Г. Вальнерлердің «Учебник педагогики: для краткосрочной подготовки педагогических кадров» (1931 ж.), А. Африканов пен П. Груздевтің «Педагогика: учебник для педагогических техникумов» (1931 ж.) және тағы да бірнеше кітаптар жарық көрді.
Ең бірінші педагогика бағдарламасы 1931 ж. жазылып шықты. Бағдарламада педагогиканың жүйесін оқу пәні мен болашақ мұғалімді кәсіби даярлау негізі ретіндегі педагогиканың жалпы курсын жасау талабы болды. Алайда бұл жылдары жарық көрген кітаптар мен бағдарламалардың сараптамасы педагогика курсының әдіснамалық негізі, мазмұны мен құрылымы біртекті болмағанын, 20-30 жылдардағы педагогикаға қатысты қателіктер мен адасушылықтардың бар екендігін көрсетті.
1933 ж. педагогика бағдарламасы бойынша педагогикалық жоғары оқу орындары мен педтехникумдарға арналған екінші бағдарлама мен оқулықтар сериясы шықты, олар: «Педагогика: учебник для высших педагогических учебных заведений», авторы М.М. Пистрак (1934-1935 жж.); «Педагогика: учебник для педтехникумов», авторы П.Н. Шимбирев (1934 ж.).
5.Педагогиканы оқытудағы білім беру технологиялары.
Педагогикалық іс – әрекет саласына “технология” деген сөздікті енгізу “индустриялдық” технология (Ф.Б. Гильбрейт, Ф.У. Тейлор және т.б.) деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Бұл бағытты бірқатар бұрынғы кеңестік үкіметтің аймағында ғалымдар (В.П.Беспалько, П.И. Пидкасистый және т.б.) қолдайды. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс – әрекетін (Т.А. Ильина) ұйымдастыруды іздестіруде. Осымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталған. Білім беру технологияларының басым көпшілігі негізінен оқушылардың белгілі бір білім жиынтығын меңгеруге бағытталған. Концепция жсаушылардың “ұстаздар – оқушылар” жүйесінің ерекшеліктерімен ұстаз еңбегінің технологиясының өзгешіліктері арасындағы өзара байланыстардың түрленген түрлерін көрсетудің басылмауы олардың ең осал жері. Егер кәсіби іс–әрекеттке жеке өзгерістер енгізілсе еңбек саласында түбегейлі өзгерістерге жету және оның нәтижелеріне аса ықпал жасау мүмкін емес. Бұл тағы да “технология” ұғымының мазмұны туралы айтуға мәжбүр етеді.
“Технология” деген термин гректің түп тамыры techne — өнер, шеберлік, кәсіп және loqos – ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе ілімді беретін сөзді құрайды, ол өндірістік процестері жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы, мысалы металдардың технологиясы, химиялық технология, құрылыс жұмыстарының технологиясы және т.б.
6.Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі.
Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі болып табылады. Педагогиканың негізгі категориялары тәрбие, білім беру, оқыту, дамыту, қалыптастыру, әлеуметтендіру, табыстылық, құзыреттілікті қамтиды.Тәрбие мақсаты жалпы және жеке болып келеді. Тәрбиенің жалпы мақсаты барлық азаматтардың бойында сапалық құндылықтардың, ал жеке мақсаты - жеке тұлғаның қалыптасуын көздейді.
Тәрбиенің мақсатына обьективті себептер ықпал етеді, олар: адамның физиологиялық жетілуі мен психикалық дамуы, философия мен педагогика ғылымның жетістіктері, әлеуметтік ортаның қоғам мүддесіне қарай, үнемі өзгеріп отыруы.
Қоғамның мәдени деңгейі, тәрбие мақсатының жалпы бағытын анықтап, қоғамның нақты тарихи сипатына қарай өзгеріп отырады.
Тәрбие мақсатын тұжырымдауда, міндетті түрде табиғат, қоғам, адамның обьективті даму заңдылықтарына сүйену керек.
Тәрбиенің обьектісі - тұлға болса, ұстаз оларды дамыту үшін оларға тәрбие субьектісі ретінде қарап, олардың белсенді іс-әрекетін ұйымдастырып, басшылық жасауы қажет. Тәрбиенің барлық түрі біртұтас педагогикалық үдеріс шеңберінде қарастырылады (Н.Д.Хмель).
Тәрбиенің мақсаты - жастардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, олардың жоғары адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыру, өмірге, еңбекке әзірлеу.
Осыған байланысты тәрбиеге қойылатын негізгі мақсаттар мынадай:
- жеке тұлғаның дүниеге ғылыми көзқарасын дұрыс қалыптастыру;
- жеке тұлғаның даралық және дене қабілеттерін жан-жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.
Тәрбиелік мақсатқа сәйкес, тәрбие мынадай кешенді міндеттерді шешуді алға қояды: дүниетанымы кең, ой-өрісі жоғары, жеке тұлғалық қасиеттері дамыған адамның негізін қалыптастыру; еңбек, таным, қоғам, отбасы, уақытты тиімді пайдалана білу тәрізді әлеуметтік қызметтерді өз мәнінде қабылдап, оларды пайдалана білуге даярлау, кәсіп таңдау; өз тағдырын өзі шешуге мүмкіншілік жасау, оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне, өз бетімен білім алуына мүмкіндіктер туғызу.

Тәрбие-педагогикалық үдерістің жетекші компоненті ретінде тәрбие мақсатын жүзеге асыру, оның құрамды бөліктерінің байланыстарын шешуді талап етеді. Тәрбие мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін оның мазмұны, тәрбие әдістері мен құралдары, формалары бірімен-бірі тығыз байланыста қарастырылуы тиіс.


Мұғалімнің іс-әрекет нысаны – педагогикалық үдеріс. Педагогикалық үдерістің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, онда педагогикалық үдерістің элементарлық бірлігі – бастапқы абстракция болып қалыптасудың қасқағым сәті “педагогикалық жағдаят” болады.
Педагогикалық жағдаят педагогикалық шындыққа тән көпқырлы болады, оның нақты бір қырына көңіл бөлу қажет, мысалы, оның орны, өтетін уақыты, себеп-салдары, пайда болу жағдайы, тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері, әлеуметтік жағдайы, психо-физиологиялық ерекшеліктері, іс-әрекеттің мазмұны мен тәсілі айқындалып, қасқағым сәттегі педагогикалық үдеріс ішіндегі тұлға қозғалысының дамуын көруге мүмкіндік туады.
Педагогикалық үдерісте «ұстаз – оқушылар», «оқушы – оқушы», «сынып оқушылары – сынып ұстаздары» жүйесі қызмет етеді. Мектептің педагогикалық үдерісі – «мектеп – оқушылар» жүйесінің өмір сүру қызметінен тұрады.
Мектеп педагогикалық үдерісі көп деңгейлі және көп құрылымдық құбылыс, себебі олар өзінен кейінгі деңгейдегі жүйелерді қамтиды. Жүйе тек іс-әрекетпен алмасу арқылы өмір сүреді. Мәселен, ұстаздар оқушыларды әртүрлі тәсілдер мен іс-әрекеттерге тәрбиелесе, онда оқушылар оны меңгере отырып, педагогикалық үдерістің белсенді қатысушылары болып, тек репродуктивті деңгейде ғана емес, шығармашылық деңгейіне көтеріледі. Педагогикалық үдерісте мұғалімнің басқару обьектісі – оқушылардың іс-әрекеті болады. Іс-әрекеттің барлық бөлшектері (мақсат, міндеттер, мазмұн және т. б.) жүйелі қызмет ету үшін, оқушы оны меңгеруі тиіс. Ол үшін ұстаздар, ата-аналардың іс-әрекеттері оларға көмек көрсетуге бағытталуы керек. Педагогикалық үдерістегі мұғалімнің басқаруы – субьектілер арасындағы қарым-қатынастар болады. Олар арқылы субьектілердің іс-әрекетімен бірге олардың дамуына тиімді жағдайлар қамтамасыз етіледі.
7.Педагогика курсының мазмұнын реттейтін нормативті құжаттар.
Жалпы педагогика курсынан еске түсірейік, білім беру мазмұнын қандай нормативтік құжаттар реттейді (ҚР МЖБМБС, оқу жоспарлары, білім беру бағдарламалары).
Мектепке дейін білім беру мазмұнын реттейтін құжаттар:
мектеп жасына дейінгі балаларға білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, ол мектеп жасына дейінгі балаларда оқыту және тәрбиелеудің мазмұны мен әдістеріне, балалардың даму ортасына, педагогикалық өзара ықпалдастық сипаттарына қойылатын талаптарды көрсетеді;
ерте жастағы және мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудің бағдарламалары;
оқу және әдістемелік материалдар, ұсыныстар, құралдар, басшылыққа алынатын жетекші материалдар.
Бұл құжаттардың арасында белгілі бір өзара тәуелділік бар. Білім мазмұнын құрастырғанда жетекші орын МЖБМБС-на беріледі, соның негізінде талаптар құрылып білім беру бағдаламалары жасалады. Әр құжатқа толығырақ тоқталайық.
Мектепке дейін білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты.

Мемлекеттік стандарт - бұл заңды түрде белгіленген білімділік нормасы. Ол негізгі білім беру бағдарламаларының мазмұнының міндетті минимумын, білімгерлер жүктемесінің ең жоғары көлемін, бітірушілерді дайындау деңгейіне талаптарды анықтайды.


Мектепке дейін білім берудің мемлекеттік стандарты мектеп жасына дейінгі әрбір балаға мектепке дейінгі мекемеге барған жағдайда заңды түрде белгіленген кепілді білімділік нормасы.
8.ҚР-дағы білім беру жүйесі” тақырыбына дәріс сабағын өткізу әдістемесі.
Дәріс тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы білім беру
жүйесі»
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесімен
таныстыру және білім берудің жаңа нәтижелерінің мәнін түсіндіру
және оны қамтамасыз етудің жолдарын айқындау.
Міндеттері:
1. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің
құрылымы, оның даму перспективасын анықтау;
2. Мұғалімнің құқықтары мен міндеттерін анықтай білу;
3. 050103-«Педагогика және психология» мамандығының
Мемлекеттік жалпыға міндетті Стандарты мазмұнымен танысу;
4. ҚР 2011-2020 жж Білімді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасының мазмұнына;
5. Білім беру жүйесіндегі ӛзгерістердің туындау себептерін
талқылау;
Қарастырылатын мәселелер:
222
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына
жалпы сипаттама.
2. Мұғалімнің құқықтары мен міндеттері.
3. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің
құрылымы, оның даму перспективасы.
4. 050103-«Педагогика және психология» мамандығының
Мемлекеттік жалпыға міндетті Стандарты
5. ҚР 2011-2020 жж Білімді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасына жалпы сипаттама.
9.«Тәрбие жүйесі» ұғымы. Тәрбие жүйесінің мәні, құрылымы, қағидалары және негізгі компоненттері.
Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі қызметтері:
Кіріктіруші;
Реттеуші;
Дамытушы;
Кіріктіруші қызметі бұрын бөлек-салақ, стихиялы сипаттағы келісілмеген тәрбиелік ықпалдарды біртұтас етіп біріктіруге қол жеткізеді. Реттеуші қызметі педагогикалық үрдістерді реттеугу, оларды басқаруға бағытталады. Дамытушы қызметі бір шетінен оның қызмет етуін оңтайландырудағы екінші жағында дамуында, жаңаруында, жетілдіруіндегі жуйе динамикасын қамтамасыз етеді.
Соңғы жылдардағы педагогикалық бақылаулар мектептің тәрбиелік жүйесінің өміріміздің объективті шындығы туғызған жаңа қызметтері бар екенін корсетуге мүмкіндік берді. Олар:
Қорғау;
Түзету;
Теңестіру;
Кез-келген мектептің тәрбиелік жүйесі ең алдымен педагогикалық ұжым ойластырған, қабылдаған мақсаттар блогын қамтиды. Егер жоқ болса онда жүйе де жоқ. Өкінішке орай жаңадан құрылған жүйелердің авторлары, оны қалай жасайтынын айтады да, ал оны не үшін жасайтыны туралы ештеме демейді. Мақсаттар жүйенің сипатын анықтайды және жүзеге асырады. Автормен бірге жүйені педагогтар, оқушылар, ата- аналар, мәдени мекемелер, құқықтық басқа да мектеп өміріне қатысты тұлғалар құрады. Сондықтан осы адамдардың барлығы да жүйені тудырушылар болып есептеледі, олар мектептің тәрбиелік ұжымымен қоян-қолтық бірлесіп әрекет еткенде ғана тәрбиелік жүйенің өзегіне айналады.
Қазіргі жағдайда ғалымдар тәрбие үрдісінің тиімділігін көтеруді тәрбиелік жүйе құрумен байланыстырады, сонымен бірге онда шешуші рөл директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына беріледі.Тәрбие жүйесін басқару, дамыту, қалыптастыру теориясы оның тиімді екеніне көз жеткізуде.
Қазіргі педагогика «технология» сөзі секілді «жүйе» сөзін де жиі-жиі
қолданады. Бұл заңдылық қазіргі ғылымның негізгі принципі –
жүйелік принципіне сай келеді.
• Педагогикалық феномен ретінде тәрбие жүйесін зерттеу жұмыстары
1970 жылдардың басынан үзіліссіз жүргізілуде. Бүгінде тәрбие
жүйесінің біртұтас тұжырымдамасы жасалды, солардың ішінде Л. И.
Новикова, В. А. Караковский, A. M. Сидоркин, Н. Л. Селиванова және
т.б. құрған жүйелерін атауға болады. Олардың зерттеулерінде тәрбие
жүйесі біртұтас әлеуметтік-педагогикалық ағза және өзара
әрекеттесу
жағдайындағы
тәрбиенің
қалыптасқан
негізгі
компоненттері (субъектілер, мақсаты, мазмұны және іс-әрекет, қарымқатынас тәсілдері), сондай-ақ ұжым болып өмір сүру, ондағы
психологиялық ахуал ретінде қарастырылады (Л.И.Новикова).
• Тәрбие жүйесі «педагогикалық жүйе», «дидактикалық жүйе», «тәрбие
жұмысының жүйесі» секілді ұғымдардың ішінде маңызды орын
алады. Өйткені бұл кең көлемді ұғым. Ол өзінде жоғарыда аталған үш
жүйені өзінің компоненттері ретінде қарастырады.
• Егер тәрбие жағымды жағдай тудыра отыра тұлғаның даму процессін
басқаруды қарастырса, тәрбие жүйесі – педагогикалық әрекеттің
компоненттерінің (мақсаты, тәрбие субъектілері, олардың ісәрекеттері, қарым-қатынасы, ортасы, жүйені басқару т.б.) белгілі бір
тәртіппен орныққан жиынтығы ретінде тәрбие процесінің мақсатын
нәтижелі жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Компоненттердің өзара
әрекеттесуі және кірігуі бала тұлғасының қалыпты дамуына мақсатты
және нәтижелі түрде ықпал етеді. Соған орай мектеп педагогикалық
әрекетте логикалық тұрғыдан өзара байланысты өмір сүретін және
дамитын біртұтас әлеуметтік ағза ретінде танылады. Бұл жүйе
педагогикалық әрекетте өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі
ұйымдастыратын процесс ретінде қарастырылады.
Тәрбие жүйесін құруда төмендегідей принциптер басшылыққа
алынады.
1)жүйелік принципі;
2)объективтілік принципі;
3)оптималдық принципі;
4)нәтижелілік принципі;
5)мақсаттың нақты болу принципі;
6)мәліметтердің дәлдігі принципі;
7) кері байланыс принципі;
8) демократилық принцип;
9) тәртіптілік принципі;
10) ынталандырушылық принципі;
11) бастамашылықты марапаттау принципі.
• Тәрбие жүйесінің даму процесі сипатталады:
а)әр түрлі идеялардың тууы және жоғалуы;
ә)әр түрлі іс-әрекеттердің пайда болуы;
б)ұжымның қалыпты өмір сүруі немесе күрделенуі
10.Педагогика курсын қарастыруға байланысты негізгі көзқарастар (аксиологиялық, культуралогиялық, жүйелілік).
11.Педагогика ғылымының құрылымы және оның негізгі салалары.
12.Мектептегі және сыныптағы тәрбие жүйесі, өзара байланысы.
13.Жоғары мектепте білім беруді ізгілендіру.
14.Заманауи педагогқа қойылатын кәсіби-тұлғалық талаптар.
15.Педагогикада жинақталған тәрбиелік жүйелер: И.П.Ивановтың тәрбиелік жүйесі (Жалпы қамқорлық педагогикасы), А.С.Макаренко, Л.И.Новикова, В.А.Краковский, Н.Е.Щуркованың тәрбиелік жүйелері, олардың сипаттамасы.
16.Жоғары кәсіби білім беруде жалпы дидактикалық принциптерді жүзеге асыру ерекшелігі.
17.Оқу міндеттерінің таксономиясы (Д.Толлингерова бойынша).
18.«Педагогикалық технология», «тәрбие технологиясы» ұғымдары, ерекшеліктері.
19.Педагогика курсының мазмұнына жалпы сипаттама.
20.«Сабақ типтері және құрылымы» тақырыбына «Қатені түзету» дәрісінің мәтінін жобалау.
21.Қазіргі мектептердегі тәрбие жұмысы үдерісіндегі педагогикалық қолдау.
22.Педагогика бойынша құрастырылған бағдарламалар мен оқулықтардағы курстың мазмұнына сипаттама беру.
23.Педагогиканы оқыту барысында қолданылатын бақылау түрлері (рейтинг, тестілік бақылау).
24.Тәрбие жоспары, құрылымы және мазмұны. Тәрбие жоспарын құруға қойылатын талаптар.
25.ЖОО-дағы кредиттік білім беру жүйесі.
26.Интерактивті оқыту және оны ЖОО-дарында қолдану.
27.Сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың формалары және әдістері.
28.Оқытудың мәні, құрылымы және қозғаушы күштері.
29.Педагогика бойынша құрастырылған бағдарламалар мен оқулықтардағы курстың мазмұнына сипаттама.
30.Тәрбие жұмысының дәстүрлі және дәстүрлі емес формаларын ұйымдастыру әдістемесі.
31.Дидактикалық принциптерді педагогиканы оқыту барысында пайдалану.
32.Семинар, практикалық және лабораториялық сабақтың ерекшелігі.
33.Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-шараларды (пікірталас, дөңгелек үстел, сайыс, кездесу және т.б.) өткізуге қойылатын талаптар, педагогикалық талдау жасау.
34.Оқытуды ұйымдастыру формалары (жекеше, ұжымдық-топтық, жаппай).
35.Г.Песталоццидің балаларға арналған мектебі
36.Ата- аналар жиналысы сынып жетекшісінің ата- аналармен жұмысының негізгі формасы ретінде.
37.Сабақ- колледждегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.
38.«Педагогика ғылым және оқу пәні» тақырыбында дәріс мәтінін жобалау.
39.Балалар бірлесіктері - оқушыларды тәрбиелеу және әлеуметтендіру институты ретінде. Жастар бірлестіктерінің түрлері.
40.Іскерлік ойындарды оқу үдерісінде пайдалану
41.Дәріс –конференция мен қатені түзету дәрісіне әдістемелік сипаттама
42.Мектеп пен сыныптағы тәрбие жұмысының психологиялық-педагогикалық диагностикасы.
43.Блоктық-модульдік және проблемалық оқыту түрлері
44.Пікірталас, рөлдік пікірталас, педагогикалық-психологиялық консилиум отырысы
45.Оқушылар жиналысы оқушылар ұжымындағы жоғарғы өзін-өзі басқару ұйымы ретінде.
46.Топтық оқыту технологиясына сәйкес оқыту әдістерін таңдап алу шарттары.
47.“Үлкен шеңбер” әдісін пайдалану арқылы сабақ жоспарын құрастыру.
48.Сыныптан тыс шаралардың жоспарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар.
49.Оқытудың заманауи құралдары.
50.Педагогиканы оқытуда ауызша, көрнекі, практикалық және интербелсенді әдістерді қолдану мүмкіндіктері.
51.Педагогикалық талдаудың ролі мен мақсаты. Тәрбие жұмысын талдау түрлері.
52.Педагогика бойынша оқулықтар мен оқу құралдары.
53.Жоғары мектептегі мәселелік оқыту.
54.Сынып жетекшісінің міндеттері мен қызметтері.
55.Педагогиканы оқыту үрдісіндегі ақпараттық технологиялар.
56.«Тәрбие теориясы» тарауына әдістемелік сипаттама.
57.Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты, міндеттері, сыныптан тыс тәрбие жұмысының көптүрлілігі.
58.Педагогика кабинеті оқу әдістемелік және ағартушылық орталық ретінде.
59.Студенттердің өзіндік және ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен басқарудағы оқытушы шеберлігі.
60.Сыныптан тыс тәрбие жұмысының жоспарын құруға қойылатын педагогикалық талаптар.
61.Педагогиканы оқыту барысында қолданылатын бақылау түрлері.
62.«Тәрбие әдістері мен құралдары» тақырыбында семинар сабағын «Дөңгелек үстел түрінде» өткізу.
63.Оқушылармен жүргізілетін кәсіби бағдар беру жұмыстарының әдістемесі.
64.«Педагогиканың жалпы негіздері» бөлімін оқыту әдістемесі.
65.Педагогиканы оқыту барысында білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру.
66.Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жүргізілетін тәрбие жұмыстарының мазмұны мен формалары.
67.ЖОО дәріс - оқытудың дидактикалық цикліндегі басты бөлік.
68.«Аквариум» әдісін пайдаланып, семинар сабағының жоспарын жасау.
69.Сынып жетекшісінің дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі.
70.Жоғары мектептегі педагогикалық технологиялар.
71.«Педагогика және психология» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім бағдарламасының мазмұны, мақсаты.
72.Сынып жетекшісінің қиын балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі.
73.«Дидактика» бөліміне әдістемелік сипаттама.
74.Емтиханды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын әдістемелік талаптар.
75.Оқушылар ұжымы және оның ерекшеліктері.
76.«Тәрбие теориясы» тарауына әдістемелік сипаттама.
77.Мектеп басшысының басқарушылық мәдениеті. Мектепті басқару жүйесінде басқару теориясы.
78.Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері.
79.Мектеп оқушыларына экономикалық тәрбие берудің мәні, формалары мен әдістері.
80.Болашақ мұғалімдерді жалпы педагогикалық дайындаудағы «Педагогиканың жалпы негіздері» бөлімінің маңызы.
81.Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық әрекеттестік технологиясы.
82.Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері.
83.Тәрбиенің заманауи тұрғылары. Заманауи тәрбие технологиялары.
84.Балалар бірлестігі – оқушы тұлғасының тәрбиелік және әлеуметтендіру институты.
85.ЖОО-дағы дәріс түрлері.
86.Педагогика курсы бойынша оқулықтар және оқу құралдары. Оқулыққа қойылатын талаптар.
87.Қазіргі мектептегі тәрбие жұмысына сипаттама. Тәрбие жұмысының формаларының көптүрлілігі. Тәрбие жұмысын жоспарлау.
88.ЖОО-дағы семинар және практикалық сабақтар.
89.«Білім беру жүйелерін басқару» бөлімін оқыту әдістемесі.
90.Оқушылар ұжымының қалыптасуы: көптүрлілігі, құрылымы, даму кезеңдері.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет