Педагогика кафедрасы



бет1/5
Дата20.06.2016
өлшемі0.98 Mb.
#149276
  1   2   3   4   5

ПОӘК 042-14.1.01/01-2013

Баспа . № 1 от 03.09.2013

Бет -



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ


СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-1830-2013



«Педагогикалық инновация» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

(оқу әдістемелік материалдар)


№3 – басылым



«Мектепке даярлық тобы педагогының педагогикалық іс-әрекеті және жеке тұлғасы»

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В010200-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Cемей – 2013

1.ӘЗІРЛЕГЕН:

Құрастырушы: 28.08.2014

п.ғ.м., аға оқытушы Мухметова Раукен женисовна
2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:

2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды.

Хаттама № 1 04.09.2014ж.

Кафедра меңгерушісі: ______________ /Джанбубекова М.З./


2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.

Хаттама № 1 «05» 09.2014ж.

Төрағасы: ________________ /Ахметова Т.Ш./
3. БЕКІТІЛДІ:

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды.

Хаттама №1 18.09.2014ж.

ОӘК төрағасы: ____________ /с.ғ.д. Искакова Г.К./


4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2014ж. басылымның орнына)

МАЗМҰНЫ


  1. Пән бойынша негізгі түсініктер (глоссарий).

  2. Пәні бойынша дәрістер кешені.

  3. Пәні бойынша практикалық сабақтар кешені

  4. Пәні бойынша cтуденттердің өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар



  1. «Мектепке даярлық тобы педагогының педагогикалық іс-әрекеті және жеке тұлғасы» пәні бойынша негізгі түсініктер

(глоссарий)
Активті оқыту әдістері (белсенді)  оқушы оқытудың «субектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс);

Әдiстеме /методика/ - 1) бiр нәрсенi практикалық орындаудың әдiстерiнің, тәсілдерінің жиынтығы; 2) қандай да бiр ғылымды оқытудың әдiстерi туралы iлiм.

Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері.

Бiлiм беру - қoғaм мүшелеpiнiң aдaмгepшілiк, интеллектуалдық мәдeни жәнe дeне дaмyы мен кәciби білiктiлiгiнiң жoғapы дeңгейiнe қoл жeткiзyдi мaқcaт eтeтiн үздiкciз тәpбиeлey мeн oқытy пpoцeci. Білім беру ұғымын ең алғаш рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоцци.

Бiлiм берудi информатизациялау - білім беру жүйесін микропроцессорлық техникаға негізделген ақпараттық ӛніммен, құралдармен және технологиялармен қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың комплексі.

Белсендiлiк - әлеуметтiк және психикалық белсендiлігiнiң турi: жеке адамның белгiлi бiр iс-әрекетке бағытталғандығының қарқыны. Тiршiлiк және iс-әрекеттерi барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзiн-өзi тәрбиелеу белсендiлiгi дамиды

Білім беру – білім, іскерлік, дағдыны игеру процесі мен нәтижесі.

Білім беру технологиясы - қатысушылардың комфорттық жағдайды қамтамасыз етіп, нақты нәтижеге жету мақсатындағы білім беру процесін жобалаудағы, ұйымдастырудағы, бағдарлаудағы және коррекциялаудағы мұғалімдер мен 20 оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің процестік жүйесі. Б.Б.Т. кіретіндер: мақсаттық бағытталғандық, сүйенетін ғылыми жүйесі, нәтижені бағалаудың ӛлшемдері, нәтижесі, қолданудағы шектеуліктер.

Гуманизм (лат. Gumanus – адамгершілік) – дүниетаным принципі. Оның негізіне адамның мүмкіншілігінің шексіздігіне, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын, абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету қоғамның түпкілікті мақсаты деген мұрат жатады.


Ғылым – 1) білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер; 2) негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы; 3) табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми принциптерге негізделген жүйесі.

Дамыту – адам ағзасындағы сапалық және сандық өлшемдердің өзгеру процесі.

Дамытып оқыту - оқушылардың таным іс-әрекетін барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету.

Дарынды балалар –жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет салуға, техникаға және т.б.) байқатқан балалар.

Дәстүрлі емес сабақ - бұл орнатылмаған құрылымы бар импровизациялық оқу жұмысы. Түрлері: интегралды сабақтар, аукцион, парламенттегі дебаттар, ойын, саяхат, музыкалық-театрландырған, сайыс т.б. сабақтар.

Дәстүрлі оқыту - ең алдымен оқытуды ұйымдастырудың кластық-сабақтық жүйесі тусініледі. Ол Я.А.Коменский белгілеген дидактика принциптеріне негізделіп XVIII ғ. қалыптасып, дүние жүзінің мектептерін де осы күнге дейін оқытуды осылай ұйымдастыру басым болып келеді. Оқытудың дәстүрлі жүйесіндегі басты ролді білім беру, мұғалімнің іс-әрекеті атқарады. Оны Я.А.Коменскийдің, Н.Пестолоцци, И.Гербарт секілді педагогтардың тұжырымдамасы құрайды.

Жазалау –келеңсіз қылықтарды шектеп, тежеу үшін, басқалар алдында, өз тұрғысынан айыбын мойындау сезімін ояту мақсатында қолданылатын педагогикалық ықпал əдісі.

Жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Жаңашыл – мұғалімдер – жаңа педагогикалық жүйелердің авторы, жаңартуды және жаңалықтарды жасаушы, жүзеге асырушы.

Жаңашылдық (новация) – бұл шығармашылық ғылыми – зерттеу немесе өндірістік қызметтің өнімі, кез – келген құбылыс, оны пайдалану адам өмірінің нақты өмір сүру сферасында белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді. Жаңашылдық – бұл ерекше сипаты болып қоғамға бұрынырақта белгісіз болған өнімдерді тұрақты іздеу мен жасап шығару болып табылатын, шығармашылық қасиеті бар тұлғалар қызметінің қорытындысы. Жаңашылдық болып мыналар табылуы мүмкін: бұйым түрі, техника мен технология

Жеке адам (тұлға) /личность/ - қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид. Ол өзінің өмір жолын таңдай алады. Тұлға -қоғамдық-тарихи категория. Оның қоғамдық мәні мен әлеуметтік функциясы жеке адам сипаттамасының ең басты көрсеткіштері болып табылады. Жеке адам тарихы, философия, социология, этика, эстетика, психология, педагогика т.б. зерттеу объектісі.

  • Жекелеген әлеуметтік шарттар: нақты мемлекеттік және қоғамдық институттардың әрекеті бұқаралық ақпарат құралдары, білім беру ұйымдары, өнерпаз шығармашылық педагогикалық бірлестіктер;

  • Жекелік факторлар: педагогикалық инноватиканы жасаушылардың және насихатшылардың тұлғалық ерекшеліктері.

Имидж (бейне, тұлғаның фасадтық бөлігі, оның сыртқы эффектісі) – арнайы бағытталған қалыптастырушы бейнесі, танымдылық, эмоционалды-психологиялық тұрғыдан өзгеге әсер ету үшін қолданылады.

Инновациялық қызмет - нәтижесi экономикалық ұсу мен бәсекелестiк қабiлетiлiгi үшiн пайдаланылатын жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдi, технологияларды және ӛнім түрлерiн ұндiрiстiң түрлi салаларына және қоғамды басқару салаларына ұңгiзуге бағытталған қызмет.

Интуиция (сезу) – объективті шындықтың екінші белгісін көрсетуде ойлаудың ерекше түрі

Кәсіби қабілеттер - адам тұлғасының жеке психологиялық сапаларын тәрбиелеуде өзгеретін, тұрақты қатынас

Кәсіби намыс – адамның өз-өзіне және қоғамның оған деген қатынасын ашады

Кәсіби стресс – күрделі еңбек жағдайында физиологиялық және психологиялық реакцияларда көрінетін көп өлшемді феномен

Қалыптастыру – әр түрлі факторлардың әсерінен индивидтің тұлға болып қалыптасу процесі.

Қарым-қатынас – адамдар арасындағы байланыстың күрделі түрі.

Мақсат – бұл ғылыми түсінік, ол белгілі бір әрекеттің түпкі нәтижесін сезіну деп түсіну керек. Оны ойдан шығаруға болмайды. «Мақсат – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой – санадағы көрінісі.



Мәдениет – қоғамның белгілі бір тарихи дамуының белесі, шығармашылық күш пен адам қабілетінің өмір мен шығармашылықта көрініс табуы, материалдық және рухани әлемнің бірлігі

Миға шабуыл әдісі –топта жұмыс істеуде шығармашылық белсенділігін жігерлендіру негізінде студенттерге ситуация шешімі жауабының бірнеше жолынайтуға мүмкіндік беретін, идеялармен шешімдерді қабылдаудың оперативтіәдісі.

Мұғалім – оқушыларға сабақ беретін оқытушы, ұстаз. Ол педагогикалық қабілеттілігі, психикалық ерекшеліктері, сөйлеу шешендігі, жүйке жүйесінің мықтылығы сияқты сипаттардан басқа, балалармен тіл табыса алу қабілетімен де ерекешеленеді.

Мұғалімнің кәсіптік әлеуметтендірілуі - мұғалімнің кәсіптік ортаға енуі; педагогикалық тәжірибені меңгеруі, педагогтар қауымдастығының стандарты мен құндылықтарын игеруі, жинақталған тәжірибені белсенділікпен жүзеге асыруы.

Мінез-құлық мәдениеті адамшылық қарым-қатынастың негізгі талаптары мен ережелерін сақтау, айналасындағылармен дұрыс қарым-қатынас құра білу. Адамның жүріс-тұрыс, іс-әрекетінің жиынтық көрінісі мінез-құлық ерекшелігін айқындайды. Мінез-құлықты ерекшеліктер моральдық категорияға жатады. Ол – адамның қоғамдағы мінез-құлқын реттеу қызметін атқаратын әлеуметтік институт, қоғам түгелдей мақұлдаған заңды талаптардың орындалу барысымен анықталады. Құқықтың моральдан айырмашылығы: біріншіден, қоғам мойындаған адамгершілік талаптарын әр адамның орындауын барлық қоғам мүшелерінің қадағалауына байланысты, екіншіден, мораль талаптарын орындау тек рухани әсер ету формаларымен (қоғамдық баға беру, көрсетілген мінез-құлық ережелерінің орындалуын мақұлдау немесе айыптау) өлшенеді. Мінез-құлық мәдениеті адамның өскен ортасына, адамдармен күнделікті қарым-қатынасына, білім өресіне, көрген –түйгеннен алған үлгі -өнегесіне байланысты.

Оқыту – оқушылар бойында білім, іскерлік, дағдыны, ойлау тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесулерінің процес.

Оқыту әдiстерi - бұл мұғалiм мен оқушылардың оқу тәрбие жұмысының мiндеттерiн шешуге бағытталған өзара бiрлескен iс-әрекетiнiң тәсiлдерi.

Оқыту технологиясы /педагогикалық технология/ - дидактикадағы бағыт, оптимальды жүйелердiң принциптерiн анықтаудың және жасаудың, алдын-ала сипаттамалары берiлген қайталауға келетiн дидактикалық процестердi конструкциялауды ғылыми зерттеу аясы.

Өзін-өзі жетілдіру – жеке идеяларды ұғу, онымен өзіңді салыстырып, өзіңді өзгертуге тырысу

Өзін-өзі сендіру – бұл әрдайым өз-өзімен дауласу, түрлі жоспарларды және қойылған мақсатқа жету анализі

Пассивті оқыту әдістері – оқушы оқытудың «объектісі» ролін атқарады (тыңдау және көру);

Педагог–жаңашыл – жаңа педагогикалық жүйелердің авторы, жаңартуды және жаңалықтарды жасаушы, жүзеге асырушы.

Педагогикалық әрекет - оқу пәнінің мазмұнына сай келетін, сабақ жайында оқу кеңістігінде жүзеге асатын мақсатқа жетуге бағытталған біртұтас психофизикалық процесс

Педагогикалық басқару – қойылған мақсатқа сәйкес педагогикалық жағдайды, процесті немесе жүйелерді бір қалыптан екінші қалыпқа ауыстыру процесі.

Педагогикалық біліктілік – ол іс- әрекетке деген дайындық және іс- әрекеттің көзі. Мұғалімнің педагоги калық біліктілігі бірлесе педагогикалық шеберлікті айқындайды. Мұғалімнің педагогикалық біліктілігі оның мамандығына, дипломына , сапасына сәйкес анықталады.

Педагогикалық жүйе – адамды дамыту мақсатындағы жетістіктерге жеткізуші барлық факторлардың біртұтас бірлігі. Педагогикалық жүйенің белгілері: 1) мақсатқа жету үшін қажетті құрауыштардың толықтығы; 2) құрауыштар арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділіктердің болуы; 3) құрауыштарды біріктіретін жетекші буын, жетекші идеяның болуы; 4) құрауыштар арасында ортақ қасиеттердің пайда болуы.

Педагогикалық зерттеулер – оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрылымы, механизмі, педагогиканың теориясы мен тарихы, оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылу әдістемесі, оның мазмұны, принциптері, әдістері мен ұйымдастырылу нысандары туралы қоғамдық тұрғыдан маңызды жаңа білімдер алуға бағытталған ғылыми қызмет процесі мен нәтижесі.

Педагогикалық инноватика - Педагогикалық жаңа енгізулер (инновациялар) - мақсатты бағытталған өзгерістер, олар білім беру мекемесінің әрекетіне жаңа, салыстырмалы тұрақты элементтерді енгізеді, сөйтіп оның дамуына және қызметіне тиімді әсер етеді. Педагогикалық жаңа енгізулердің тарауының факторлары:

Педагогикалық қабілеттілік – педагогикалық жүйенің талаптарын сезіне отырып, осы талаптардың оқушыларда бейнелену ерекшеліктьерін аңғару және қажетті нәтижеге жету үшін оқушыларға әсер етудің мүмкін болатын әдіс- тәсілдерін орынды қолдана білі қабілеттілігі болып табылады. Педагогикалық қабілеттілігі бар студент педагогикалық іс- әрекетті тез меңгеріп кетеді. Болашақ шебер педагогтың кәсіби қалыптасуы, оның педагогикалық қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады.

Педагогикалық қарым- қатынас шеберлігі – педагогикалық шебер мұғалім кім- кіммен болса да жақсы қарым- қатынас жасай білуі тиіс. Қарым- қатынас адамдармен , ұжыммен, топпен, жекелей түрде де болуы мүмкін.

Педагогикалық мамандық – адамзаттың өмір сүре бастауын өзінің мамандығымен басқа адам тұлғасын қалыптастыруды басқару өнері болып табылатын әрекет түрі.

Педагогикалық ойлау – бұл ұстаздың кәсіби ақылы және практикалық шығармашылығы, этикалық нормалардың сапалығы, ғылыми білім, педагогикалық технология, тұлғалық сапалардың оқу-тәрбие процесінде көрініс табуы

Педагогикалық позиция – жағдай, ой арқылы оқытушының студентке көзқарасы және олармен қарым-қатынас барысында бағыты анықталады

Педагогикалық такт - педагогикалық үдерістің моральдық реттеушісі ретінде оқытушының құлықтық-психологиялық қасиеттеріне негізделеді және кәсіби компетенттілікті танытудың деңгейі болып табылады.

Педагогикалық талап – студенттің тәрбиеленуі кезіндегі тәртібіне қойылатын ұсыныс

Педагогикалық техника- өз- өзін басқара білу және педагогикалық мәселелерді шешу процесі барысында өзара әрекеттестік жасай алу қабілеттіктерінен тұратын, мұғалімнің жүріс- тұрысының ұйымдастырылуының ерекше формасын көрсететін педагогикалық шеберліктиің элементі.

Педагогикалық технология – бұл жеке қасиеттердің көрінуі мен мәдени-әлеуметтік мөлшердің үйлесімділігі және баланың өмірге деген көзқарасын, өмірмен қарым-қатынасын қалыптастыру мақсатында, балаға әсер етудің кәсіби негізделген педагогикалық шеберлік бөлігі

Педагогикалық технология шеберлігі – білімдарлық үрдісті көтеру, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ету, оқушылардың жұүмыс істеу ерекшеліктерінеп , әдістемелік тәжірибесіне, жаңашыл әдістерін кеңінен пайдалануға үлкуен мән беру болып табылады.

Педагогикалық тұлға ұстаздың шәкіртіне өзінің жеке бас үлгісімен ықпал етуі. Ол идеяның тұңғыш негізін салушы Лейпциг қаласындағы (Германия) қыздар мектебінің директоры Г.Гаудиг (1860 – 1923 ж.ж.) болды. Ол XIX ғ. екінші жартысында ұстаздың жеке бас үлгісінің педагогикалық негізі туралы арнайы еңбек жазды. Гаудигтің теориясы бойынша, мұғалім арнайы ережені немесе әдістемелік нұсқауды басшылыққа алмай, өзінің білімі мен іскерлігін жеке басының үлгісімен шығармашылықпен іске асыру арқылы шәкірттеріне ықпал етуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет