- Ғылыми дүниетаным қоғамдық сананың ең жоғары формасы. Ғылыми дүниетаным әлемге деген ғылыми, философиялық, адамгершілік, эстетикалық көзқарастар жүйесі. Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері. Дүниетанымның құрылымы: білім, көзқарастар, сенім, идеалдар, өмірлік ұстаным. Тұлғаның іс-әрекеті – оның дүниетанымының көрінуі. Дүниетанымның түрлері.
- Дүниетанымды қалыптастырудың әдіснамалық негіздері. Жеке тұлғаның құндылық бағдары, оның интеллектуалды дамуы – оқушылар дүниетанымының қалыптасу көрсеткіші.
- Тұлға дүниетанымын қалыптастыру жолдары және құралдары. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру құралдары: оқыту мен тәрбиенің мазмұны, формасы, әдістері, пәнаралық байланыс, оқушыларды әр алуан іс-әрекет түрлеріне қатыстыру; отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігі, ТПҮ жобалау және т.б.
- Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың қазіргі мәселелері. Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптастырудағы мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігінің маңызы.
- Тәрбие – тұтас педагогикалық үдерістің бөлігі. Тәрбие мазмұны ұғымы. Тәрбиенің мақсаты, міндеттері мен мазмұнының өзара байланысы. Тәрбие мазмұнының қоғамдық сана мен құндылық ұстанымға тәуелділігі. Тәрбиенің түрлері және оларға сипаттама. Тәрбиенің дәстүрлі түрлері. Тәрбие мазмұнының әлеуметтік-экономикалық негізделуі.
- Тәрбие мазмұнын көкейкестендіру және жаңарту: адамгершілік-рухани, азаматтық-патриоттық, құқықтық, көпмәденилік, экологиялық, денсаулыққа және салауатты өмір салтына құндылық қатынасты қалыптастыру және т.б. 12-жылдық білім беру жағдайындағы кәсіптік бағдар беру жұмысының ерекшеліктері.
- Ұлттық тәрбиелік әлеует. Ұлттық мәдениетке ұлттық сана мен құндылық қатынасты қалыптастыру, этникааралық толеранттылыққа тәрбиелеу, ұлтаралық қатынас мәдениеті –ҚР тәрбие үдерісінің басымды бағыты.
- ТПҮ тәрбие түрлерінің өзара байланысы. Тәрбие мазмұнындағы тұлғалылықты күшейтудің бастамасы: өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу. Оқушының өмірлік өзін-өзі анықтауы, әлеуметтік белсенділігі.
- Әлеуметтену контекстіндегі тәрбие. Әлеуметтендірудің педагогикалық сипаттамасының компоненттері. Мектеп жағдайында әлеуметтенудің түрлері, кезеңдері. Оқушының әлеуметтенуінің негізгі басқыштары: бірегейлік, даралық, жекелік. Тәрбиелік кеңістік – оқушыны әлеуметтендіру факторы.
Достарыңызбен бөлісу: |