^ Педагогикалық деонтологияның негізгі ұғымдары
Педагогикалық деонтологияға қатысты ұғымдар жүйесіне педагогикалық деонтология, деонтологиялық ұстанымдар, деонтологиялық даярлық, деонтологиялық дайындық, деонтологиялық тәлім-тәрбие, деонтологиялық талаптар, деонтикалық модальдық, деонтологиялық қарым-қатынас, деонтологиялық келіс, деонтологиялық позиция, деонтологиялық кредо, деонтологиялық әлеует жатады.
Жеке тұлғаның басқа адамдармен арақатынасына және осыған байланысты адамгершілік реакциясына беретін бағасы эмоционалды өткірлігімен сипатталады. Жеке тұлғаның моральдық санасының деңгейі тұрғысынан белгілі жағдайдағы адамның көңіл-күйінің толқуы – адамгершіліктік қатынастың ең маңыздысы. Өзінің кез келген қылығына адамның адамгершілік тұрғыдан беретін бағасына ой елегінен өткізген көңіл толқулары жатады; өткенге ой жүгіртіп, болған іске объективті түрде мән беріп, көңіл толқуларын тудырған моральдық коллизиялардың маңызын анықтайды. Адамның нақты адамгершілік қабілетінің реакциясынан, өзіндік моральдың интуициясынан басқа адамға көмекке ұмтылып, оның жанына зиян келтірмей әсер етуге жетелейтін жоғары деңгейдегі адамгершілік мәдениеті қалыптасады. Педагогтың кәсіби қызметінде нақты адамгершілік реакциясын тудыратын қабілет – педагогикалық парыздылыққа негізделген мінез-құлқы, оны зерттейтін ғылым - педагогикалық деонтология.
Осыдан, педагогикалық деонтология – ұстаздың кәсіптік парызына негізделген мінез-құлқы туралы ғылым.
^ Педагогикалық деонтологияның ұстанымы – ұстаздық кәсіпте басшылыққа алатын парыздылық ұғымына негізделген жетекші идея, іс-әрекетті реттеуші қағида.
^ Педагогикалық деонтологияның талаптары – кәсіптік парыздылық ұғымына негізделген ұстаз қызметіне қойылатын талаптар.
Деонтикалық модальдық – деонтологиялық талаптарды білдіретін мiндеттендірулердің (бұйрық, нормалар, ұстанымдар, қоғамдық мұрат т.б.) түрлерiн және олардың арақатысын, іс-әрекеттiң белгiлi бiр нормалар жүйесi тұрғысынан сипаттамалары.
^ Деонтологиялық өзара қарым-қатынас – педагогикалық деонтология ұстанымдарына негізделген ұстаз бен оқушы арасындағы өзара эмоционалдық байланыс, мінез-құлықтық қатынас.
Қарым-қатынас психогигиенасы қоғамның, топтың, жеке адамның жүйке жүйесiнiң, жан дүниесiнiң саулығына зиян келтiрмейтiн қарым-қатынасты насихаттаудың, сол саладағы әлеуметтiк бақылаудың бiр амалы болады. Қарым-қатынас психогигиенасының басты ұстанымы: «Зиян келтірме!»
^ Деонтологиялық даярлық - ұстаздың кәсіптік қызметін деонтологиялық талаптарға сәйкес атқаруға санасының, білімділігі мен біліктілігінің дайын болу күйі .
^ Деонтологиялық тәлім-тәрбие – болашақ ұстаздың парыздылық сана-сезімін, мінез-құлқын жетілдіру амалдары.
Деонтологиялық дайындық – ұстаздың деонтологиялық ұстанымдарға сәйкес қызмет етуге қажетті білім, біліктілік қорын қамыту үдерісі.
Ұстаздың деонтологиялық тұғыры – парыздылық сезіміне негізделген дүниетанымды құраушы наным.
Ұстаздың деонтологиялық сана-сезімі – өз кәсіби парыздылығына байланысты педагогтың субъективті, еркін және қалтқысыз уәжділігінің негізіндегі ақиқаттың бейнеленуі.
^ Деонтологиялық кредо – парыздылық сезіміне негізделген қандай да бір іске, мәселеге көзқарас, қатынас.
Ұстаздың деонтологиялық әлеуеті – деонтология ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, әрекет жасауға мүмкіндік беретін, құқылық, кәсiптiк, моральдық мiндеттерi мен тәртiп ережелерiн сақтауға, жасырын түрде бар болып, белгілі бір жағдайларда байқалатын ұстаздардың бойындағы қабілет-қасиеттер жиынтығы.
Әдебиеттері:
1 А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление в русский язык, с означением их корней. – М., 1865.
2 Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н. Чудинованың ред.бойынша– М., 1910.
3 Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006.
4 Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. – 2005.
5 Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002.
6 Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980.
7 В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998.
8 Е. Барштейн Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938.
9 Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001
10 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. - Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б.
5.Тақытып. Педагогикалық деонтологияның басқа ғылымдармен сабақтастығы. (2 сағат. 9-10 апта)
Мақсаты: Педагогикалық деонтология ұстаздың кәсіптік парыздылығына негізделген мінез-құлықы туралы ғылым болғандықтан, «адам-адам» жүйесіндегі барлық ғылымдармен сабақтаста болады: философия, педагогикалық этика, халық педагогикасы, физиология, психология, т.б.
Жоспар:
-
Педагогикалық деонтологияның педагогикалық этикамен сабақтастығы
-
Педагогикалық деонтологияның психологиямен сабақтастығы
-
Педагогикалық деонтология физиологиямен сабақтастығы
-
Педагогикалық деонтологияның халық педагогикасымен сабақтастығы
Педагогикалық деонтология ұстаздың кәсіптік парыздылығына негізделген мінез-құлықы туралы ғылым болғандықтан, «адам-адам» жүйесіндегі барлық ғылымдармен сабақтаста болады: философия, педагогикалық этика, халық педагогикасы, физиология, психология, т.б.
^ Педагогикалық деонтологияның философиямен сабақтастығы оның пайда болу алғышарттарын баяндағанда деректі анықталды және ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру үдерісінің әдіснамалық негіздерін айқындауда, қоғамның әр кезеңіндегі экономикалық формацияларын ескеруде көрініс табады. Философияның диалектика, таным теориясы, герменевтика, экзистенциализм, синергетика т.б. материяның дамуы, ұйымдасуы туралы ілімдер ұстаздың зерттеушілік қабілетін дамытуға мүмкіндік туғызады, ал оның деонтологиялық сипатын анықтауда сананың ролін ашып, тәрбиелеу мәселесін шешуде философияның «сананың жалпы қасиеттері», «сананың құрылымы», сананың функциялары» т.с.с. тақырыптарды талдап, іске қосу қажеттігі күмән тудырмайды. Мысалы, философияда «сана біріншіден, адамның ерекше психикалық қабілетін, екіншіден, оның осы қабілетті білдіретін күйін, үшіншіден, оның мазмұнын, төртіншіден - әлдебір басқарушы механизмді білдіреді» делінгенінен деонтологиялық даярлықты қалыптастыруда парыздылық сананы, сана-сезімді тәрбиелеудің ең маңызды әрекеті екені дәлелденіп, оның ұстаздың іс-әрекетін іштей реттеуші күш екенін айқындайды.
^ Педагогикалық деонтологияның педагогикалық этикамен сабақтастығы
Философиялық тұрғыдан педагогикалық деонтология мен педагогикалық этика өзара жалпылық пен жекелік қатынасында болады және олардың өзара әрекеттестігі диалектикаға бағынады. Сондықтан оларды жалпылық пен жекелік ретінде біркелкілікке, теңдестіруге мүмкін емес.
Педагогикалық этика – педагогикалық деонтологияның теориялық негізі, өйткені педагогикалық этика ұстаздың кәсіби адамгершілік нормаларын зерттейді, ал педагогикалық деонтология олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар педагогикалық деонтология және педагогикалық этика педагогикалық үдерістің ортақ ізгілік мәселесін шешеді, мысалы, педагогикалық деонтологияның зерттеу пәні педагогтың кәсіби мінез-құлқы, оның бойында кәсіби-педагогикалық адамгершіліктің ұйымдастырушылығы болып табылса, педагогикалық этиканың зерттеу пәні – педагогтың санасын, мінез-құлқын, қарым-қатынасы мен қызметіндегі моральдік бейнесін реттейтін заңдылықтар, нұсқаулар, ережелер.
Педагогикалық деонтология мен педагогикалық этиканың сабақтастығын қарастыру кезінде, басты назарды осы ғылымдардың алдында тұрған мақсат-міндеттерге аудару керек, мысалы:
-
педагогикалық этика ұстаздың адамгершілік бейнесіне қоғамның қоятын түрлі талаптарын түзеді, ал педагогикалық деонтология осы нормалардың іс-әрекетке ену механизмдерін зерттейді;
-
педагогикалық этика іс-әрекеттің моральдық құндылығын зерттейді, ал педагогикалық деонтология ұстаздың осы құндылықтарды жете түсінуі мен өзінің іс-әрекетін тиісті тәртіпке салуына мүмкіндік туғызады;
-
педагогикалық этика педагогикалық қызметтің этикалық нормаларын қалыптастырса, онда педагогикалық деонтология білім беру сферасында жұмыс істейтін қызметкерлердің іс-әрекеттері мен амал-қимылдарындағы осы нормалар мен ережелерге сәйкестендіру амалдарын зерттейді.
^ Педагогикалық деонтологияның психологиямен сабақтастығы Психология адамның жан дүниесінің даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым болғандықтан, педагогикалық деонтологияның басты «Зиян келтірме!» ұстанымының теориялық негіздерін, іске асыру амалдарын, әдіс-тәсілдерін жүйелеп, пайымдауға негіз болады.
Педагогикалық деонтологияның басты мақсаттарының бірі – бала тұлғасының оңтайлы, прогресті дамуын, яғни психикасының мақсатты түрде өзгеруін (ойлау, қабылдау, іс-әрекет т.б.). психологиялық комфортты жағдай туғызу негізінде іске асыру болып табылады. Ондай жағдай туғызу тек психологиялық білімі жоғары деңгейдегі және өзінің іс-әрекетін сәйкесті басқара алатын ұстаздың қолынан келеді. Мұндай жанға жайлы жағдайдың мән-мағынасы психологиялық тұрғыда дәлелденіп, ұстаздың деонтологиялық сипатының сәйкесті көрсеткіштерінің қажеттілігін ашады.
Ғылымның бұл екі саласының сабақтастығы педагогикалық деонтологияның зерттеу міндеттерін іске асыру кезінде психологияның ғылыми ізденіс амалдарын (рейтинг, психологиялық тестлеу, сауалнама жүргізу т.б.) кең қолдану кезінде байқалады.
^ Педагогикалық деонтология физиологиямен өте тығыз байланыста, өйткені физиология – тұтас ағзаның тіршілік әрекеті және оның жеке бөліктері, функционалды жүйесі жөніндегі ғылым. Баланың психикалық және физикалық дамуын басқарудың механизмдерін дұрыс ұғыну үшін, ең бастысы, жоғары жүйке қызметінің әрекет заңдылықтарын игерген жөн, ал функционалды жүйке теориясы ұстазға және тәрбиеленушінің өзіне тән танымдық үдерістер табиғатын ашып көрсетеді.
^ Педагогикалық деонтологияның халық педагогикасымен сабақтастығы бірнеше аспекте байқалады: мұғалімнің тұлғалық ерекшеліктерінде, қарым-қатынас әрекеттерінде, білімділігі мен кәсіби шеберлігінде, мінез-құлқында, жүріс-тұрысында, сыртқы бет-бейнесінде. Қазақ халық фольклорында ұстаздық етуші үлкендердің қызметіне зор орын беріледі. Өзі үйренбеген өзгені де үйрете алмайды, үйренгеннің ғана үйретуге хақысы бар. Міне сондықтан да қазақ «Шәкірт болмаған, ұстаз болмас» деген. Рим философы Боэций Аниций (480-524 ж.ж.) «Шәкірт болып көрмеген – ұстаз болып жарытпас» дегенімен сөзбе-сөз дәл келеді.
Ешбір кітаптан оқымай-ақ, ата-бабаларымыз, өздерінің күнделікті тіршілік-тұрмысынан көрген, басынан өткерген жайттарды таразылап, ой елегінен өткізіп, ұрпағын өмірге жарасымды, заман талабына сай салиқалы азамат етіп тәрбиелеуге ұмтылған. Оған септігін тигізетін ұлттық әдеп-ғұрып, салт-дәстүрлерді жасап, оны ұрпақтан-ұрпаққа баға жетпес асыл мұра ретінде қастерлеп жеткізіп келген. Ата-салтымыз – халқымыздың ойшылдығынан, данышпандығынан дарыған, ұзақ өмірдің елегінен өткен сарқылмас қазына, асыл мұра.
Қазақ тағылымының педагогикалық деонтологияға арқау болар негізгі бағыттары, көпшілік ұйғарымдары, тәжірибелік қорытындылары: шындық пен әділдіктен, ақиқаттан айнымау, берген антына берік болу, аманатқа борышты болмау; ар, ождан тазалығын сақтау, ақыл-ойлы, парасатты болу, барлық іс-әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатынас жасай білу қабілетінен, көзқарасынан ғибрат белгісі көрініп тұру қажеттілігі; аз сөйлеп, көп тыңдау, салмақты сөйлеу, иманды, инабатты, қайырымды болу, жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; рухына кір салмау, үлкендерді тыңдау, құрметтеу, өз қатарынан кем болмау, асып-таспау, достық пен татулықты сақтау, ел берекесін сақтап, оның ырысына үлес қосу т.с.с. Осының бәрі деонтологиялық даярлығын қалыптастыру барысында педагогтың бойына дарытуды қажет ететін адамгершіліктік қасиеттер.
Бала тәрбиесi қай заманның, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зерделi зиялыларының назарына кенже болмаған. Әбунәсiр Әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Асан қайғы, Бұқар жырау тiл бiлiмi, философия, астрономия, психология, педагогика саласындағы ғылымның, мәдениеттiң дамуына ықпал етумен қатар сапалы ұстаздықтың мәнін, мағынасын ашып, қоғам кеңістігіндегі орнын көрсете білген.
Бүкіл әлемдiк мәдениетке танымалы: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шәкәрiм Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедов, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жүсiпбек Аймауытов, Мiржақып Дулатовтардың еңбектерiнiң ұрпақ тәрбиесiне қосар үлесi өз алдына бiр төбе. Онда ұлттық дәстүрдi өз туындыларының негiзгi арқауы еткен педагогикалық, психологиялық тұжырымдары казiргi заман талабымен үндеседі.
Заманымыздың көрнекті ақыны, ауыз әдебиетін адамгершіліктің академиясы деп санайтын Мұзафар Әлімбаевтың «Халық – ғажап тәлімгер» атты туындысы ұрпақтың ертеңін ойлаған барша оқырман қауымға, соның ішінде ұстазға ерекше арналғаны айдан ашық. Онда «Халық педагогикасы тұрмыс-тiрлiктiң ешбiр қырын көзден таса қалдырмайды. Ел-жұрт «үлкеннен - өнеге, iнiден – iзет» күтедi. Үмiт ақталмаса, ел-халық өкпесiн де жасырмайды…өйткенi «Халық сынай да бiледi, сыйлай да бiледi». Қара жердiң үстiнде тiрлiк еттiң екен – халықтан ешнәрсе жасыра алмайсың. Ашық-аян тiрлiк ет: адал бол, еңбек ет, дос атан, дос-жаранды сатпа, дүниеқоңыз болма! Мiне, қазақ халқының қадым заманнан бергi адамгершiлiк заңы! Иә, зымыран уақыт зырлай берсiн. «Ақыл азбайды, бiлiм тозбайды». Даналықтың алғыр ерлерi де, тәлiмгерлерi де бiздiң бiлгiр ата-бабаларымыз екен ғой!.. Өзiне өзгелердiң көзiмен де, өзi көзiмен де қарай бiлу – бiлгiрлiк, көшелiлiк! Халық кереметтей түйiн жасап, жас өрiмдерге ойдан кетпестей өнеге-үлгi ұсынады[106].
Этнопедагогика мен халық педагогикасын оқыту арқылы жас ұрпаққа ұлттық тәлiм-тәрбие беретiн мамандар даярлай отырып, егемен елiмiздiң мәдениеттi, еңбекшiл де iскер, бойында халықтық бiлiмге негiзделген iзгiлiктi қасиеттерi қалыптасқан «сегiз қырлы бiр сырлы» ұстаз тәрбиелеу – бүгiнгi таңдағы басты мiндет.
Халық педагогикасының әртүрлi жақтарын сөз еткенiмiзде, алдымен соны іске асырар педагог тұлғасына қойылатын талаптар, содан кейін сол талаптарға педагог тұлғасын сәйкестендіру тетігін айқындау мәселесі – қазіргі заманның білім беру саласының күн тәртібінен белді орынға ие.
Сонымен нағыз айтуға тұрар ұстаз болу үшiн тек қана ғылыми-теориялық тұрғыдағы бiлiмдарлықтан басқа, асқан шеберлiкпен, педагогикалық технологияны жетiк игеру, жоғары моральды, санасы кемелденген, өз бойында нағыз белсендi гуманистке сай қасиеттер тәрбиелеуге ынталы мұғалiмнің халық педагогикасынан сусындай білуі – іргелі деонтологиялық қасиет.
Педагог өз ұжымында жоғары этика-деонтологияға сәйкес қарым-қатынастар, зертханаларында, сыныптарда үлгiлi психологиялық ахуал тудыруға әрдайым ынталануы қажет. Мұндай ахуал жалпы педагогикалық ұжымға, жеке оқушыға, мұғалімге өзінің оңтайлы әсерін тигізбей қоймайды. Халықтың «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны істейді» дегенін деонтологиялық тұрғыдан қарастырсақ, педагогикалық ұжымның, жеке әрбір ұстаздың оқушыға өнеге көрсете алатындай «ұя» болуы талабын қояды.
Халық педагогикасының «Адамдықтың нұры бол, адалдықтың құлы бол» дегені, педагогикалық деонтологияның ұстаздың адамдығы мен ары ғана оның қызмет барысындағы іс-әрекеттерінің бақылау-бағалаушысы бола алатынына сәйкес ақыл.
Халық педагогикасының бір ғана саласы - мақал-мәтелдердің өзінде бірталай жоғарыда айтылған сабақтастықтың нышанын байқаймыз. Мақал-мәтелдер – халықтың моральдық кодексi, тәрбие қағидасы, атаның артындағы iзбасарына қалдырған өнегелi өсиетi. «Адамға өткен дәуiр бәрi – сабақ» демекші, заманалар тәжiрибесiнен сұрыпталған тұжырымдар кейiнгi ұрпаққа кiтап көзiндей аса қымбат болғаны да, болатыны да осыдан.
Мақал-мәтелдер болып кең таралған халықтың ақыл-өсиеті педагог тұлғасының деонтологиялық дайындығының барлық компоненттеріне қатысты. Олар педагогты өзіне-өзі сыншыл болуға, қызмет барысында ізгі ұстанымдарға жүгінуге, өзін-өзі басқара білуге, өзін-өзі жетілдіре білуге т.с.с. кәсіби шеберлікке қажетті қасиеттерге жетелеуге бағытталған.
Әдебиеттері:
1 А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление в русский язык, с означением их корней. – М., 1865.
2 Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н. Чудинованың ред.бойынша– М., 1910.
3 Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006.
4 Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. – 2005.
5 Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002.
6 Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980.
7 В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998.
8 Е. Барштейн Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938.
9 Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001
10 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. - Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б.
6.Тақытып. Ұстаздың деонтологиялық даярлығының мәні мен мағынасы. (2 сағат. 11-12 апта)
Мақсаты: Болашақ маманның білім, ептілік, дағды, құзырлығымен қатар оның деонтологиялық даярлығын қалыптастыру
Жоспар:
Ұстаздың деонтологиялық сана-сезімін сипаттайтын жалпы көрсеткіштер
Қазіргі қоғамда аталған өзгерістермен қоса, рухани құндылық орнына біртіндеп материалдық құндылық басымдылық танытып келе жатқаны байқалады. Мұның дәлелі ретінде соңғы кезде қаржылық мәселелер адам өмірі мен денсаулығынан, тіпті бас бостандығынан да жоғары қойылып жүр, мәселен: қалтасы қалың науқас адамнан айырылып қалмас үшін жалған диагноз қоятын немесе тым қымбат дәрілерді жазып беретін дәрігерлерді кездестіруге болады; көлемді қаражат алу үшін белгілі бір оқиғаны «қажетке сай» өңін айналдырып жазып, қоғам арасына іріткі салатын тілшілерді (журналист) де кездестіре аласыз; білім беру кезінде репетиторлық қызмет көрсетіп, арнайы қаражат табу мақсатында кей материалдарды жартылай ғана оқытатын мұғалімдер де табылады; көлемді пұл алу үшін дәулетті адамның өтініші бойынша дені сау адамды «психикасы бұзылған науқастарды емдеу» орнына жіберетін психологтар бар; мемлекет тарапынан қаржыландырылатын әлеуметтік жобалардан ақша түсірудің жолдарын табатын әлеуметтік қызметкерлер де болады. Ең қауіптісі, аталған мамандар еш арланбайды да, оларға тәртіп сақтау қызметкерлері де оң қабақ танытады, өйткені өздері де бұл тұрғыдан осал емес.
Сондықтан бүгінгі күні мамандарды даярлаудың мазмұны мен технологиясын түбегейлі өзгерту өзекті мәселеге айналды, әсіресе «адам-адам» жүйесіндегі мамандарды даярлаудың кәсіби білім беру жүйесін қайта құру қажет. Болашақ маманның білім, ептілік, дағды, құзырлығымен қатар оның деонтологиялық даярлығын қалыптастыру - кезек күттірмес мәселе. Яғни, кәсіби білімнің аса маңызды құрамдас бөлігі ретінде деонтологиялық санасын тәрбиелеу болашақ мамандардың кәсіби біліктілігінің маңызды көрсеткіші бола алады. Сонда ғана студент грант пен ата–аналар қаражатын қандай «тауарға» жұмсау керек екенін білетін болады, яғни сессияны «ақша беріп жабу» арқылы бір нәрсеге екі рет ақы төлеп, еш пайда ала алмағанын түсінеді. Керісінше, әрбір оқытушыдан, профессордан мүмкіндігінше көп білім алуға тырысады, олардың білімдендіру еңбегіне сын тұрғысынан талап қояды. Яғни, студенттің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру кәсіби білім беру жүйесінің саналы тұтынушысын тәрбиелеуді көздейді, іске асырады.
Сонымен, «адам-адам» жүйесіндегі маман даярлауда батыл бетбұрыс керек.
Бұл әрекет ұстаз тұлғасын қалыптастыруда әсіресе маңызды. Өйткені ұстаз – болашақ ел иелерін тәрбиелеу ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі. Көптеген азаматтық қасиеттердің адам бойына ұялауы мектеп ұстаздарының жұмысымен ажырамас байланыста.
Бүгінгі күні бүкіл адамзат қауымы алдында бұрын болмаған, бүкіләлемдік ауқымды проблемалар қойылуда. Олардың ішінде бейбітшілік пен қарусыздану, қоғамдық және әлеуметтік даму, кейбір мемлекеттер мен аймақтардың артта қалуын жою, ғылыми-техникалық алға басу, халық ағарту және мәдениет проблемалары, халық санасын өсіру, денсаулық сақтау, адамның жаңа биологиялық, әлеуметтік жағдайларға бейімделуі, қор мен энергетика, азық-түлік пен табиғат және т.б. күрделі мәселелер бар. Адамзаттың қазіргі жағдайы, оның болашағы осы мәселелердің ұтымды шешіміне тәуелді. Ал осының бәріне мұғалім тұлғасы сипатының қатысы бар.
Ұстаз неғұрлым ел, отан, халық алдындағы борышын саналы өтеуге ынталы болса, соғұрлым оның еңбегi елге жан-жақтан пайдалы болатыны күмән тудырмайтын айғақ.
Осыны түйiндей келе, өз iсiне шебер, парыздылық санасы жеткiлiктi дамыған педагог қызметiнiң тiкелей педагогикалық нәтижесiмен бірге едәуiр саяси-экономикалық, әлеуметтік нәтижесi де бар деп айтуға болады. Оның негізгі міндеттері – шәкірттеріне әлем туралы ғылыми түсінікті сіңіру, оқушыларды өз бетінше және шығармашылықты ойлауға баулу, ғылыми таным тәсілдерін меңгерту, өміршеңдіктерін арттыру, т.б.
“Өмір сүру, – деп жазды С. Экзюпери, – демек, баяу өсіп-өну. Мұғалім біздің үмітімізді және біздің, қоғамымыздың болашағын үйлесімді тәрбиелеуге тиіс. Мұғалім балаларға әлем мәдениетін таныстыра отырып, шын мәнінде, бақыт негізін қалайды” – деп, ал К. Г. Паустовский “Бақыт білімпазға келеді. Білімді әрі тәрбиелі адам ғана көре алатын жер көркін надан адам еш уақытта көрмейді” – деп, мұғалімнің шеберлігіне болашақтың бақыты тәуелді екенін білдіреді.
Ұстаздың кәсiптiк санасының өзгеруiне, әдеп жүйелерiн сұранысқа сәйкес құрауына мәжбүр ететін сана-сезімнің қозғауы олардың деонтологиялық даярлығына, деонтологиялық әлеуетіне және сыртқы түрткі болған жағдайлар мен әлеуметтік сұраныстың ықпалына байланысты
Алайда, болашақ мұғалімнің деонтологиялық даярлығының ғылыми-педагогикалық негізін айқындауда қарастырылған іргелі ғылыми жұмыстарда деонтология педагогикалық мәселе ретінде арнайы зерттелмегені байқалды. Бірақ, педагогиканың баяғыдан топталып айтылып келе жатқан этикалық мәселелерi заман талаптарына сай «педагогикалық деонтология» деп, қайта жаңғырып жаңа мазмұндалып келе жатқаны хақ.
Олардың белгілері:
- біріншіден, баланың жан дүниесiне зиян келтiрмей әсер ету тақырыбына арналған көптеген ғылыми, ғылыми-публицистикалық еңбектер (В. А. Сухомлинский, Ю. П. Азаров, “А. А. Дубровский, В. С. Ротенберг пен С. М. Бондаренко, В. И. Слуцкий В. Ф., Шаталов, Ш. А. Амонашвили, т.б.) педагогикалық деонтологияның “Зиян келтірме!” ұстанымының көкейтестілігі күннен күнге асуда екенін дәлелдейді;
- екiншiден, педагогикалық деонтологияға қазiргi кезде асыра көңiл бөлiнуiне себепкер болған, өзектілігін түсiндiретiн әлеуметтік жағдайлар, атап айтсақ:
1) заманымыздағы болып жатқан көп өзгерiстердiң iшiнде адамның денсаулығына деген назардың өсуі. Әсіресе баланың жан саулығына, тән саулығына деген көзге түсер қоғамдағы бетбұрыс, денсаулық технологияларын көздеген мектептер, балабақша, жазғы сауықтыру орталықтарының санының өсуі, т..с.с. Денсаулықтың арқауы салауатты өмiр салты дер болсақ, ол өзі адам бойындағы күнделiктi тыныс тiршiлiгiнен байқалатын ақыл-ой парасаты, сезiм, қимыл-қозғалысы, жүрiс-тұрысы, мiнез-құлқы сияқты тағы басқа жоғары деңгейдегi саналы қасиеттi көрсететiн тұлғаның өмiр сүру үдерісінің көркем бейнесi. Олай болса, мұғалiмнiң кәсiптік сауаттылығына, жалпы салауаттылығына, оның қарым-қатынас құру мәнерiне өзiнiң және оқушының денсаулығы тәуелдi екендiгi күмән тудырмайды;
2) өмiр шарттарының өзгеруіне, құндылықтардың ауысуына байланысты мемлекеттiң, әлеуметтiң, ата-ананың мектепке, мұғалiмге қоятын талабының жоғарылауы;
3) халықтың ақпараттану мүмкiншiлiгiнiң өсуi. Заман талабы бойынша жарық көрiп жатқан ғылыми еңбектер, жаңадан ашылып, iзгiлiктi жұмыс iстеп жатқан әртүрлi оқу орындары, ондағы ұстаздардың мамандыққа сай парыздарын өнегелi еңбек ету арқылы өтеуiнiң үлгiлерi туралы радиохабарлар, телекөрiнiстер, газет, журнал бетiндегi мақалалар бiлiм беру сапасына деген белгiлi бiр жоғары эталонды сұраныс қалыптасуына жетелейдi. Мұғалiмдердiң iс-әрекетiндегi деонтологиялық факторлардың рөлiн “керi” ақпардың әсерi де айқын көрсетедi. Мысалы, жалпы бiлiм беру саласындағы, соның iшiндегi жеке мектептер тұрмыс-тiршiлiгiндегi жiберiлген түрлi олқылықтарға байланысты шағым хаттар, сыни мақалалар, радио-теле-хабарлар өз әсерiн қалдырмай қоймайды. Халық пiкiрi, қай кезде болсын, мекеменiң, ұжымның жұмысының нақтылы көрсеткiшi. Педагогтар ұжымындағы мұғалiмдердiң балаға деген сезiмталдығы, ақ ниеті, кiшiпейілдiлігi – олардың деонтологиялық мүмкiншiлiктерiнiң ең маңызды белгiсi. Мұның бар-жоғы халық пiкiрiнде көрініс табады;
- үшіншіден, педагогикалық деонтология қағидаларының мазмұны мен қолдану әдiстемесiндегі ерекшелiктерді бiлiм беру саласының әртүрлi объектiлерiнде ескеру қажеттілігі. Мысалы, балабақшада, бастауыш мектепте, орта мектепте, жоғарғы оқу орындарында заман өзгерiстерiне сай жаңа талаптарды ескеру мүмкіндігі әртүрлі. Сондықтан педагогикалық деонтологияның қолдану объектісіне байланысты ерекшелiктерi ескерiлген ғылыми iзденiстердің қажеттігі туындайды.
Қазіргі уақытта әлеуметтік және рухани өмір саласында, сонымен қатар білім беру саласында да қайта құрулар жүріп жатыр. Білім берудің болмысына бүкіл адамзаттың болашағы тәуелді. Осыған байланысты педагогикалық мамандар даярлауға, соның ішінде ұстаздың кәсіби қызметті жүргізуге даярлығын қалыптастыруға көп көңіл бөлінуде.
Психологиялық-педагогикалық әдебиетте «педагогикалық қызметке даярлық» («ұстаздың кәсіби дайындығы») біржақты қарастырылмайды.
Н.Н.Никитина және Н.В.Кислинская ұстаздардың кәсіби даярлығының екі түрін ерекше атап көрсетеді:
- теориялық даярлығы, яғни жалпы мәдени, ғылыми, арнайы, психологиялық, педагогикалық білім жүйелерін тиесілі меңгеру;
- тәжірибелік даярлығы, яғни іскерлігі мен қабілеті мамандық сипаттамасындағы талаптарға сай болуы.
Д.Н.Узнадзе бұл түсінікті субъектінің қандайда бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайда болған психологиялық күйі ретінде қарастырады. Оның айтуы бойынша «...даярлық – бұл субъекттің барлық мінез-құлықтық белсенділігінде анықталатын міндеттің белгісі болып табылады» [62].
М.И.Дьяченко, Л.А.Кандыбович іс-әрекет кезінде адамның тұрақталған жеке ерекшелігі ғана емес, (сендіру, көзқарастары, мінездің ерекшеліктері және т.б.), сонымен бірге осы қызметтің түріне байланысты жағдаятқа сәйкес психологиялық күйі де көрінеді деп нақтылайды. Ғалымдардың айтуынша, кәсіби қызметке даярлық - жеке тұлғаның белгілі бір уақыт аралығында сапалы қызмет атқару мүмкіншілігіне себепші икемділігі, соған сәйкесті санасының сипаты, мінез-құлқы. [63]
Н.Д.Хмель зерттеулерінде ұстаздың қызметке даярлығын уәждік, жеке-даралық, мазмұнды және үдерісті компоненттердің жиынтығы ретінде қарастырады [64].
Л.В. Занина, Н.П.Меньшикова тұлғаның кәсіби даярлығына былай сипаттама береді: «Өзінің еңбек және кәсіби жолын таңдауға даярлығы, өзінің қызығушылықтарын, жеке тұлғалық, жеке дара психологиялық ерекшеліктерін түсінуі» [65].
В.А.Сластенин педагогикалық қызметке кәсіби даярлықты «ұстазға бір жағынан - психологиялық, психофизиологиялық және физиологиялық даярлығына, ал екінші жағынан – ғылыми-теориялық және тәжірибелік даярлығына қойылатын талаптар жиынтығы» ретінде анықтайды [66].
«Әлеуметтік педагогика сөздігінде» қандайда қызмет түріне кәсіби даярлықты «өзін белгілі кәсіби қызметке қабілетті және дайындалған, оны мақсатты орындай алатын жеке тұлғаның субъектілік күйі» ретінде қарастырады [61].
Қорыта келе, болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығының әртүрлі аспектілерін ашатын, «ұстаздың кәсіби даярлығы» түсінігінің бірталай сипаттамалары мен ұстаздың кәсіби дайындық мәселесін зерттеудің көптеген тәсілдері бар. Оларды төмендегідей екі топқа бөлуге болады:
-
жеке–тұлғалық сапалармен сипатталатын дайындық ретінде қарастырылатын, қызметінің ерекшелігіне негізделген тұлғалық даярлық;
-
мамандығына сәйкес іс-әрекетке қажетті психиканың мүмкіндігін жұмылдыра алу ептілігінде көрініс табатын қызметтік даярлық;
Әдебиеттері:
1. 1 А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление в русский язык, с означением их корней. – М., 1865.
2 Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н. Чудинованың ред.бойынша– М., 1910.
3 Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006.
4 Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. – 2005.
5 Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002.
6 Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980.
7 В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998.
8 Е. Барштейн Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938.
9 Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001
10 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. - Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б.
7.Тақытып. Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығының құрылымы. (2 сағат. 13-14 апат)
Мақсаты: Ұстаздың кәсіби қызметінің деонтологиялық аспектілері күрделі және көпжақты, олардың өзара сабақтастығы әлеуметтік-психологиялық факторлармен түсіндіріледі.
Жоспар:
-
Балаға деген сүйiспеншiлiк.
-
Педагогтың кәсiби парыздылық сана сезімі мен жауапкершілігі
-
Ұстаздың өзiн-өзi әрдайым жетiлдiруге дайындығы
-
Әділдік.
-
Сапалы сөйлеу икемділігі.
-
Ұстаздың деонтологиялық даярлығының тұлғалық компоненті.
«Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсіне білетін, көреген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадыда жақсы сақтайтын, … еш нәрсені ұмытпайтын…, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі.., мейілінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да атрибуттарына жирене қарайтын, табиғатынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, жақындарына да, жат адамдарына да әділ.., жұрттың бәріне өз білігінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп…, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек…» деп, ғұлама ойшыл Әл-Фараби ұстаз тұлғасына деген талапты көрсеткен.
Қазақтың хәкімі Абай Құнанбайұлы ұстаздық еткен адам тұлғасына көп көңіл бөліп, олардың біліктік мінездемесі мыналардан құралады дейді:
«1)батыл; 2) жарылқаушы (өзіңді және өзгені); 3) мейірімді; 4) сүйікті; 5) кешіруші; 6) қорғаушы; 7) айыпты жабушы; 8) қызық беруші; 9) пайда беруші; 10) басқарушы; 11) кірсіз, жаны таза; 12) негізі бар; 13) күнәсін біліп, оны тазарта алушы және т.б.. Мұнда Абай жалпы ғылымнан қуат алған ізгілікті, парасатты адамның тұлғалық моделін жасаған» [106].
«Әр баланың жүрегіне жол тап, біреуін жылы сөзіңмен баура, екіншісіне сәл-пәл қатаңдау бол, үшіншісіне әлденені өзің жасап көрсет, … әр балаға нақтылықпен қара» деп халық педагогикасы да ұстазды міндеттейді.
Қоғам өз үмiтiн, өз болашағын тапсырған адамда қандай қабiлеттер болуы тиiс? Педагогикалық қызметтiң табысты өтуiн қамтамасыз ететiн мұғалiмнiң мiнезiнде қандай қасиеттер, тұлғасында қандай қабiлеттерi мен моральдық көрсеткiштерi болуы керек? Ел арманын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшiн, мектептің мұрат-мұқтаждығын iске асыратын мұғалiм ненi бiлу керек? Неге парыздану керек?
Ұстаз қандай болуы керек? – деген сұраққа жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Спандияр Көбеев төмендегідей пікір білдірген екен. « Менің ойымша:
-
біріншіден, ол теорияны жақсы меңгерген, ұдайы оқып, өзінің идеялық-саяси білім, мәдениет дәрежесін жоғары көтеруші адам болуы керек;
-
екіншіден, өзінің педагогикалық мамандығын жақсы көретін, осы мамандықтың жетіле беру жолында арымай-талмай еңбек етіп, ұдайы ізденіп, педагогика ғылымын тереңдей зерттеп отыратын адам болуы қажет;
-
үшіншіден, өзі сабақ беретін пәнді толық меңгерген, сонымен бірге ғылымның әр саласынан көп хабары бар, жан-жақты білімі бар, мәдениетті болуы қажет;
-
төртіншіден, ол өзінің әрбір оқушысының ерекшелігі мен зейінін жақсы білетін, балаларды, өз оқушыларын жақсы көретін, оқыту әдісін жетік білетін болуы қажет;
-
бесіншіден, өз оқушыларымен тығыз байланыста, олармен дос, олардың қойған тілектеріне көңіл қойғыш, сұрауларына түсінікті жауап бере алатын, мұң-мұқтажына ұдайы көңіл бөліп отыратын қамқор болуға тиіс;
-
алтыншыдан, өз оқушыларына қатаң талап қоя отырып, сол талаптарын орындатқанда, оны жақсылап ұғындыру арқылы, барлық істегі саналылығы мен ұқыптылығы, мәдениеттілігі мен үлгілілігі арқылы орындатып отыратын болуы қажет;
-
жетіншіден, оқытушы керек болған жағдайда, жаза тарттыра отырып, бұл шараны балалардың, оқушының тәртіпті болуын, жақсы тәлім-тәрбиелі және саналы болуын көздеп жүргізетін адам болуы қажет.
Қорыта келгенде, оқытушы өзінің сырт бейнесі арқылы да, оқытушылық ісі, адамгершілік қасиеті арқылы да, балалармен достық қарым-қатынас ұстауы арқылы да, өз оқушыларына ақылшы, тәрбиеші болу арқылы да үлгі болу керек. Сонда ғана ол оқушылардың алдында беделді болады”[107].
Педагогикалық деонтология тақырыбына өзінің бірталай еңбектерін арнаған педагог-ғалым К.М. Левитан өз зерттеулерінің қорытындысы бойынша ұстаздың тұлғалық сапасын деонтологиялық тұрғыдан анықтайтын қабілеттер иерархиясын төмендегідей қылып құрастырған: 1) өз пәні бойынша жоғары деңгейлі білімі; 2) сол білімдерін, дағдыларын оқушыларға жеткізе білуі; 3) талап ету ептілігі; 4) оқушыны өз пәніне қызықтыра білуі; 5) жалпы эрудициясы; 6) тілектестігі; 7) әдептілігі; 8) қызықты сабақ ұйымдастыра білуі; 9) мамандығына деген сүйіспеншілігі; 10) шыдамдылығы; 11) балаларды түсіне білуі; 12) балаларға деген сүйіспеншілігі; 13) әділеттілігі; 14) өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысы; 15) әзіл-оспақты түсіне білуі; 16) техникалық оқу құралдарын қолдана білуі; 17) ұстанымдылығы (принципшілдік); 18) ашықтылығы; 19) жақсы мұқамы (дикция – сл. І том); 20) еңбексүйгіштігі; 21) сабырлығы; 22) артистігі; 23) музыкалық қабілеттері; 24) сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыра білуі; 25) эмоционалдығы; 26) адал ниеттілігі[104].
Карл Роджерс ұжым басқаратын тұлғаның төмендегідей ерекшеліктерін іріктеп алған: жеке тұлғалық конгруэнттігі (сәйкестігі); рефлексиялық қабілеті (өз басының және басқа адамның тәжірибесін ескеру); эмоционалды сензитивтілігі (сезімділік); эмпатиялығы (жанашырлық, түсінушілік); ой мен сезімдерін білдірудегі айқындығы және өздігінен болдыра білуі[60].
Сонымен ғалымдардың бір бөлігі мұғалімнің оқушыға деген сүйіспеншілігін, баланы жақсы көру сезімін асыра айтса, екіншілері, ұстаз сипатының ең алдыңғы қатарында кәсіби парыздылық сезімі болу керек деп санайтындығы байқалады.
Келтірілген ой-пікірлерді талдай келе педагогикалық деонтологияға сәйкес ұстаздың мiнез-құлқының негiзгi iргелi қасиеттерi және iс-әрекет стилi, педагогтық реңкi туралы үш пiкiрге тоқталдық:адамсүйгiштiк (соның ішінде әсіресе балаға деген сүйiспеншiлiк), парыздылық сана-сезiмi (әділдік, парыздылық пен жауапкершілік), бiлiмге, өзіндік ізденіске, өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылыс. Осы үшеуін ең негiзгiсi деп бөлмей, бәрi бiр деңгейде қарастырылғанын жөн деп санаймыз, яғни, адамсүйгiштiк те, бiлiмге деген мәңгiлiк құштарлық та ұстаз парыздылығы деген қасиетке саяды. Соларға қысқаша тоқтала кетейік.
^ 1) Балаға деген сүйiспеншiлiк. Балаға деген сүйiспеншiлiк мұғалiмнiң iс-әрекеттiнде, оқушыға тәлiм-тәрбие беруге арналған түрлi шараларда, қылықтарында көрiнiс табу керек. Ұстаздық сүйiспеншiлiктiң дәл осы тұсын арнайы айтып кеткен жөн. Оған жалпы адамсүйгiш, инабатты, сезiмтал болуымен қатар, өзiнiң алдына келген оқушыға сол сезiмдi дарыта алуы өте маңызды. Мұғалiмнiң кейбiр оқушыларға асқан сүйiспеншiлiктi бiлдiруге, кейбiреуiн жек көруге, басқаларына немкұрайдылықпен қарауға құқысы жоқ. Ұстаздық сүйiспеншiлiктің бәрiне бiрдей болуы да мүмкiн емес, бiрақ бәрiне бiрдей сүйiспеншiлiктi бiлдiру - оның ұстаздық парызы.
^ 2) Педагогтың кәсiби парыздылық сана сезімі мен жауапкершілігі. Бұл екеуі ұстазға ауадай қажетті қасиеттер. Парыздылық пен жауапкершілікті түсіне білуден адамның имандылығы мен адамгершілігінің дәрежесі байқалады, оның қылықтарын жаман, жақсы, иманды, имансыз деп бағалау туады. Парыздылыќты сезіну, оны орындау ми мен жүректің бірлескен жұмысын қажет етеді. Оны ақыл мен сезім тұрғысынан жақсы, жаман деп бағалау ар мен ұятқа келіп тіреледі. Өз қылығының дұрыс, бұрыстығын түсіне білу – адамға үлкен қуаныш шабыт-жігер, қанағат әкеледі. Кісінің өзіне орынсыз тағылған жала, өсек-өтіріктің бекерлігіне қарсы күресу сезімі артады. Адам өзінің парызы мен жауапкершілігіне үйлеспейтін қолайсыз қылық көрсетсе, мұнысы тәрбиелі кісінің жанына мықтап батады, оның арына тиеді, тіпті ой-санасынан кетпей қояды. Мұндайда ақыл мен арды ерекше қастерлей білетін адам жіберген қателігін тез түзетуді ойластырады, қашан ары тазарғанша дегбірсізденіп, жаны тыным таппайды[15].
Басқа мамандықтағы адамдарға қарағанда ұстаздың кәсіптiк парыз сезiмi кемелденген және ерекше кәсіптік деңгейге дейiн машықталған, тәрбиеленген болу керек. Парыздылық мiндет ұстаздан асқан дәлдiктi, барлық iстерiнде ұқыптылықты, iскерлiктi, жауапкершілікті талап етедi.
^ 3) Ұстаздың өзiн-өзi әрдайым жетiлдiруге дайындығы. Ұстаздың өзiн-өзi әрдайым жетiлдiруге дайындығына қажымай-талмай бiлiмдерiн толықтыру, дағдылар мен машықтарын дәлдендіру, өзiнiң сыртқы көрiгiне көп көңiл бөлу, т.с.с. саяды. Яғни бiлiмiн толықтыруға, әрi қарай оқуға, өзiн жетiлдiруге жалыққан мұғалiм, ұстаздық етуден қалады, бұл қатты айтылған сөз болса да, шындығына дәлел болатын кейбiр жағдайларға тоқтала кетейiк:
-
заман ағымы жыл сайын демеймiз, күн сайын адамдарды өзгертедi, ал бала, қорғасын сияқты, заманның өзгеруiне өте бағынышты екенi белгiлi;
-
психология, педагогика ғылымдарында технологиялық, теориялық жаңалықтар желiсi үдеу алып келедi;
-
қоғамда, мемлекетте, әлемде болып жатқан даму өзгерiстерден ақпараттану екпiнi асуда, т.с.с.
Ұстаз осының бәрінен хабардар болып, өзінің соларға қатысын қалыптастырып, оқушылардың болашағына ұтымды әсер ете білуі қажет. Сондықтан ұстаздың өзiн-өзi әрдайым жетiлдiруге дайын болуы – оның µте мањызды кәсіптік міндеті.
Ұстаздың өзін-өзі танып білуінің кепілі оның деонтологиялық даярлығы екенін төмендегідей көрсеткіштері дәлелдейді:
-
өзiн-өзi танып бiлуінің мән- мағынасын ашып, әдістерін игеруге ынтасы;
-
өзiнiњ деонтологиялық даярлық бейнесiн жобалаудың жолдарын білуі;
-
өзiнiњ мінез-құлқына, iс-ќылыѓына талдау жасау әдіс-тәсілдерін игеріп, рефлексия жасауға дағдылануы;
-
өзiн-өзi танып бiлуінің педагогикалық жағдаяттарды ұтымды басқаруға септілігін айқындай білуі;
-
басқаны өзіне сендіру өнеріне үйрене білуі;
-
өзiн-өзi жетiлдiру, өзiн-өзi басќару, жігерлендіру әрекеттерінің теориялық негіздерін білуі;
-
өздігінен білімін жетілдіруді жобалап, жоспарлау үлгілерін талдап-таразылауы;
-
өзін-өзі тәрбиелеуді жобалап, жоспарлау үлгілерін талдап-таразылай білуі;
-
оқушыны, тәрбиеленушіні өзін-өзі танып-білуге үйретудің әдіс-тәсілдерін игеруі;
-
өзін-өзі танып-білу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасай білуі т.б
4) Әділдік. Ұстаз қызметінің ерекшелігі сонда, ол қашанда бір шешім қабылдап, біреуді мадақтап, екіншіні даттап жатады. Сондықтан адам баласының ең аяулысы ары мен мұраты, әділдікті бойына сіңіру - ұстаздық парыз. Әділдіктің мағынасы туралық, дұрыстық, шындық дегенді білдіреді де, одан таю, яғни әділдікке жатпайтын іс істеп, қиянат жасау, біреудің обалына қалу жазықсыз жапа шектіру болып шығады. Сондықтан әділдік адамның ең асыл қасиеті, адамгершіліктің, әдеп-инабаттың негізі болып саналады.
^ 5 Сапалы сөйлеу икемділігі.
Оқыту барысында оқушылардың ойлау, сөйлеу әрекеттерiнiң даму процесiне мұғалiмнiң қолданатын сөздерi, сөйлеу мәдениетi, мұқамы, техникасы, шапшаңдығы, сөздерiнiң әсерлiгi, бейнелiлiгi, қарқындылығы шешушi ықпал ететiндiгiн назардан тыс қалдыруға болмайды. Мұғалiмнiң ауызекi сөйлеуi - оның кәсіби шеберлiгiнiң өте маңызды элементi және педагогикалық iс-әрекетiнiң негiзгi құралы. Балаға әсер етудiң негiзгi үш құрылымдық бөлiгi бар: жұқтыру, елiктету, сендiру. Осылардың бәрi мұғалiмдердiң тiл меңгеру деңгейiмен тiкелей байланысты. Сондықтан оқушылардың сөйлеуiнiң дамуына мұғалiмнiң өзiнiң сөйлеу мәдениетiнiң әсерi өте зор.
Осыны ескере отыра, әр мұғалiм өзiнiң сөйлеу қабiлетiн қажымай-талмай жетiлдiру жолында қыруар жұмыс атқару керек. Бұл iсте елеулi көмекшi құрал бола алатын Л.И.Рувинскийдiң редакциясымен “Педагогика” баспасынан шыққан “Учителю о педагогической технике”, Б.Ц.Бадмаев пен А.А.Малышевтың “Психология обучения речевому мастерству”, М. Балақаевтың “Тiл мәдениетi және қазақ тiлiн оқыту”, Т. Қордабаевтың “Жалпы тiл бiлiмi” т.с.с. атты әдебиеттер.
Сонымен қатар мұғалiм сыныпта тіл ұстартудың мәнi туралы әңгiме жүргiзiп, сабақ сайын оқушының сөйлеу мәнерiн тасадан тыс қалдырмай, дұрыс-бұрыстығын байқап, жiберiлген теориялық, грамматикалық, стилистикалық қателерге саналы көңiл бөлуге, бiртiндеп оқушыларға өз қателерiн өздерiне тапқызып түзетуге үйретуге жалықпауы керек. Осы қасиеттер ұстаздың деонтологиялық даярлығының тұлғалық компонентінің негізін құрайды, сондықтан оларға аса көңiл бөлiну қажеттiлiгi күмән тудырмайды.
Қорыта келгенде, мұғалімнің деонтологиялық қасиеттерін дамыту үшін және оған өзін-өзі тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасау үшін «идеал» мұғалімнің үлгісін жасау қажеттігі туады. Осы мүддеге жоғарыда келтірілген педагог-ғалымдардың зерттеулері арналғанын көрдік. Әртүрлі зерттеулер нәтижесін жинақтай келгенде «идеал» мұғалімнің үлгісі мен «орташа» мұғалімнің үлгісінде көп айырмашылық көрінбеді. Айырмашылық тек мұғалімдерде сол қабілеттердің табысты жұмыс істейтіні айқын көріністе болуы, ал орташа күйде жұмыс істейтін мұғалімде солғын болуы.
Оның себебін біз төмендегідей анықтадық: мұғалімдердің бар қабілеттерін табысты жұмыс істетушідеонтологиялық әлеуетінің әр мөлшерде болуы.
Бұл жерде әлеует (потенциал) (лат. Potentia – күш, куат) – жасырын түрде бар болып, белгілі бір жағдайларда байқалатын мүмкіндіктер, қабілеттер жиынтығы ретінде қарастырылады[109]. Деонтологиялық әлеует анықтамасынын төмендегідей нұсқасын ұсынамыз: деонтология ұстанымдарын басшылыққа алып, әрекет жасауға мүмкіндік беретін, жасырын түрде бар болып, белгілі бір жағдайларда байқалатын қабілет-қасиеттер жиынтығы. Ұстаздың деонтологиялық әлеуеті дегеніміз – алдарына келген оқушыларға қатысты педагогтардың құқылық, кәсiптiк, моральдық мiндеттерi мен тәртiп ережелерiн сақтауға, белгілі бір жағдайларда байқалатын мүмкіндіктері мен қабілеттер жиынтығы. Ұстаздың деонтологиялық әлеуеті - оның деонтологиялық даярлығының басты көрсеткіші, тұлғалық қасиеті.
Ұстаздың деонтологиялық даярлығының құрылымы төмендегідей негізгі компоненттерден тұрады: тұлғалық, ақпараттық-теориялық, іс-әрекеттік.
Ұстаздың деонтологиялық даярлығының тұлғалық компоненті.
С. А. Рубинштейн «тұлға тұтастығы дегеніміз – оның құрылымының бірлігі және тұтастықтың негізі болатын жүйелi қасиеттері»[75],– деп санаған.
В.А.Сластенин, В.П.Битуев, Л.М.Фридман, Б.М Теплов пікірлері бойынша, педагог тұлғасының құрылымында бұл рөлді кәсіби педагогикалық бағдарлық атқарады. Сондықтан кәсіби-педагогикалық бағыттылық пен жалпы және педагогикалық қабілеттер «жеке тұлғалық компонентінің» құрылымдық бөліктері болып алынды.
Кәсіби-құндылық бағдарда бекітілген ұстаздың педагогикалық қызметке деген көзқарас жүйесі – кәсіби-педагогикалық бағыттылығының негізі болып табылады.
Тұлға сапасы – даратүрдің (индивид) мінез-құлқында, жүріс-тұрысында әртүрлі жағдаяттарда ұзақ уақыт бойы қалыптасып, іс-әрекетте білінетін сипат.
Әдебиеттері:
1. 1 А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление в русский язык, с означением их корней. – М., 1865.
2 Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н. Чудинованың ред.бойынша– М., 1910.
3 Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006.
4 Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. – 2005.
5 Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002.
6 Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980.
7 В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998.
8 Е. Барштейн Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938.
9 Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001
10 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. - Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б.
8.Тақытып. Болашақ ұстаздардың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру (1 сағат. 15 апат)
Мақсаты: Ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыруды жеке тұлғаның сан қырлы білім алып, тәрбиеленуі тұрғысынан қарастыру.
Жоспар:
-
Ұстаздың деонтологиялық дайындығы
-
Жас педагогтардың мемлекеттің, халықтың алдында беретін антының жобасы
-
Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастырудың әдістері
Ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру түсінігіне негіз болатын ойшылдардың ақылдарын келтіре кетейік. Адамның ой-сезімін, мінез-құлқын тәрбиелеп, жетілдіру арқылы оны бақыт жолына салу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған орта ғасырдағы Шығыстың әйгілі ойшыл философы Әл-Фараби болды. Әл-Фараби «Бақытқа жету жолына меңзеу» деген тамаша еңбегінде кісінің жан дүниесін жетілдіру мәселесін философиялық тұрғыдан зор білгірлікпен жан-жақты да, терең зерттеп, талқыға салады. Мұнда Әл-Фарабидің айтуынша, бақыт – әр адамның көздейтін мақсаты, үлкен игілік. Сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін адамда үш түрлі тамаша табиғи қабілеті бар. Ол: а) ерекше жаралған дене құрылысы; ә) жан құмарлықтары; б) ой парасаты. Бұл қабілеттер өзінен-өзі табиғат тудырған қалпында бақытқа жеткізбейді. Бірде түгелдей жақсылық нәтижесін берсе, енді бірде керісінше болуы мүмкін. Мұндай кездейсоқтықты жеңудің жолы – аталған үш қабілеттің әрқайсысын дұрыс жолға бағыттап тәрбиелеу, терісін оңдап, дұрысын ілгері дамыту, сол арқылы адамның мінез-құлқы мен ой-парасатын оларды саналы түрде үнемі дұрыс нәтиже тудыратын дәрежеге көтеру. 1Мұны іске асыру, бір жағынан, адамның өзіне байланысты болса, екінші жағынан арнайы тәрбиеге тәуелді. Сонымен Әл-Фарабидің бұдан мың жылдан бұрын айтылған кемеңгерлік ойлары бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ дей отыра, біз оларға ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру үдерісі негізделеді демекпіз.
Ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыруды жеке тұлғаның сан қырлы білім алып, тәрбиеленуі тұрғысынан қарастыруға болады. Мұндай білім алу парыздылық сана сезім, таным және ерік үдерістерінің нәтижесі болып табылатын парыздылық месел (уәж) мен кәсіптік мінез-құлық тәсілдерінің синтезімен, болашақ ұстаздың мінез-құлқындағы кәсіптік деонтологияға деген тұрақты көзқарасымен; өзін-өзі икемдеу, жетілдіру көрінісімен сипатталады.
С.И.Ожеговтың «Толковый словарь русского языка» кітабында «қалыптастыру» термині «белгілі бір түрге келтіру, аяқтау» деген мағынаны береді. [87]. Ш.Т.Таубаеваның айтуындай бұл түсінік тар мағынада (даму үдерісі мен нәтижесі), белгілі шекке дейінгі кең мағынада (қалыптасу үдерісі) пайдалануына қарамастан, педагогикада әлі де болса қалыптаспаған педагогикалық категория [88].
Осыған орай, педагогикалық мамандықтағы студенттің деонтологиялық даярлығын қалыптастыру оған болашақ кәсіби қызметіне сәйкес парызының мазмұнын игертіп, түсіндіре отырып, санасын тәрбиелеу. Яғни, осы парызға сәйкес студенттің болашақ қызметі аясында міндеттерін орындауы оның ішкі сарынының, сезімдерінің, сенімдерінің, ойларының негізінде жүреді.
Ұстаздың деонтологиялық даярлығына кәсіптік қызметін деонтологиялық талаптарға сәйкес атқаруға қажетті білім, біліктілік деңгейі, санасының дайын болу күйі жатады. Деонтологиялық даярлығы қалыптасқан жағдайда мұғалім өз мінез-құлқын, әрекеттерін парыздылық сезімге бағындыра алады. Ұстаздың деонтологиялық даярлығын жүзеге асыру үшін оның жеке тұлғалық мінез-құлқына, сана-сезіміне сәйкесті әсер ететін арнайы деонтологиялық дайындық қажет.
Ұстаздың деонтологиялық дайындығына - деонтологиялық ұстанымдарға сәйкес қызмет етуге қажетті білім, біліктілік қорын қамту, санасын жетілдіру, тәрбиелеу әрекеттері жатады.
Ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру құрылымы философияның сана, сана-сезім туралы қағидаларына сүйене анықталады.
Осыдан, ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастырудың мақсаты: егемендігіне ие болып еңсесін көтеріп жатқан халықтың денсаулығын сақтауына әрдайым күресте болатын, өзінің кәсіптік парызына тұла бойы берік, еліміздің игілігіне ауқымды үлес қосатын ұл-қызын тәрбиелеп, өсіретін ұстаз тұлғасын дайындау. Оның бойына ұстаздық қызметтің гуманистік сипатына сәйкес адамгершілікті-психологиялық қасиеттер дарыту, ғылыми-тәжірибелік ізденіске жалықпайтын, қажымай-талмай өзінің жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін жетілдіруге бейімделген, кәсіптік санасын, сана сезімін қалыптастыру.
Педагогтың адамгершілік санасының рационалды мазмұны тек дербес мәнге ғана емес, сол сияқты педагогикалы қызметте айқындалатын эмоционалдық процестерге де әсер етеді. Бұл әсерлер барлық бағыттарда жүреді. Ең әуелі, бірыңғай мақсат пен моральдық сананың барлық элементтерінің тұтастығын қалыптастырады. Сонымен қатар педагогтың моральдық санасын қалыптастыру үдерісінде рационалды білім мазмұны мен адамгершілік көңіл-күй ескеріледі. Бұл күрделі үдеріске сәйкесті тәлім-тәрбие беру саласындағы күнделікті қарым-қатынас кіреді. Осының салдарынан:
-
педагог тұлғасы санасының сана асты деңгейі қалыптасады;
-
мұғалімнің өзіндік адамгершілік санасы қоғамдағы әртүрлі қолданыс тапқан нормалар мен ұстанымдарды рационалды түрде игереді;
-
ізгілік пен зұлымдық, әділеттік пен әділетсіздік, парыз, ар туралы білуі болашақ ұстаздың санасы мен мінез-құлықтарын деонтологиялық талаптарға сәйкестендіреді;
-
тұлғаның жан-жақты дамуының нәтижесінде олардың білімдері сенімге айналады.
Бұл үдеріс - адамгершілік талаптарының және олардың өзіндік мәнін түйсіну қажеттілігін әрі қарай саралайтын құбылыс. Басқаша айтқанда, сендіру дегеніміз – білім мен сезімнің қорытпасы. Сондықтан ұстаздың сене және сендіре білуі оның мінез-құлқының тұрақты қасиеті болуы қажет. Педагогтың ішкі сенімінен, жүрек әмірінен туындайтын парыздылық санасы, сана-сезімі, яғни деонтологиялық әлеуеті оған баламен ұтымды қарым-қатынас жасауына, оның көңіл-күйін түсініп, бар күшін соның тұлғалық дамуына жұмылдыруына көмектеседі.
Адам тіршілігінің салмақты құндылығының бірі – сана. Сананы тудыратын объективтік шындық. Сана – түйсік мүшелері арқылы объективтік шындықты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады. Ол үшін адам көп нәрседен хабардар болу қажет. Қысқаша айтқанда адамның санасы сыртқы дүниенің бейнелеуінің нәтижесі. Сананың негізінде білім, білу жатыр. Білім практикалық қызмет үшін аса қажетті. Материалдық, практикалық қызмет - адам өмірінің негізі десек, онда сананың шығуының, қалыптасуы мен дамуының түпкі негізі практикалық іс-әрекет, еңбек, қызмет болмақ. Объективтік дүниетаным санаға түрткі болады. Сана - объективтік дүниенің адам миында пайда болған субъективтік бейнесі, ол белгілі бір дәрежеге жеткенде өзіндік санаға, яғни сана-сезімге айналады. Сана-сезімге адамның өзі жайлы ойлай алатын өзін-өзі сезе білетін, өзін-өзі танитын, өзіне-өзі баға беретін, өзінің ісін өзі елекке салатын, өзін басқамен салыстыра білетін, өзін-өзі реттей білетін қабілеттер кіреді.
Ұстаз санасы болып жатқан құбылыстың мәнін объективті бейнелеу үшін оны бағалай білу керек, содан кейін жағдаятқа сәйкес эмоция тудыру арқылы жоғары сапалы сезіне алады. Сонда ғана деонтологиялық әлеуеті негізінде ұстазда сәйкесті жүріс-тұрыс мәдениеті пайда болады. Яғни кез келген жағдаятқа адамгершілікті реакция тудыра білуі, моральды интуициясының қалыптасқанының нәтижесі. Осыдан қызмет аясында қоғамдық моральдың нормалары мен ұстанымдарын білуі ұстазға өзіндік мәні бар маңызды қағида болып табылады.
Қорыта келе, ұстаздың деонтологиялық даярлығына сәйкес санасының қалыптасуы төмендегідей бөліктерден тұрады:
-
Қоғамдық қызмет аясында, іс-әрекет, қарым-қатынас сферасында шынайы тәжірибені сезіну;
-
Деонтологиялық нормалар ұстанымдар мен ережелер туралы рационалды біліммен санаға әсер ету, жекелік сана-сезім қалыптастыру;
-
Білімдерді деонтологиялық нанымға айналдыру.
Мұнда басшылыққа алатын ой-түйін: наным - білімдер мен сезімдердің қорытпасы, сондықтан деонтологиялық наным жүріс-тұрыс уәжіне айналады.
Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру оның санасына әсер етуді, сана-сезімге дейін жетілдіруді, кәсібіне сәйкес парыздылық сана-сезімін тудыруды көздейді. Мұнда сананың қамтитын екі аймағы да ескеріледі: рационалды және эмоционалды.
Сана объективтік шындықты жалпыға белгілі түсініктер мен категорияларды ұғынумен объективті өмірді, объективті дүниені тікелей тануы арқылы адамның біліміне, мінезіне, ойлау қабілеттеріне, күнделікті өмір жағдайына, тәрбиесіне сәйкес қалыптасады. Осыған орай, болашақ ұстаздың санасына деонтологиялық тұрғыдан әсер етудің төмендегідей жолдары айқындалды.
Онда студенттің:
-
білімділігін асыру үшін, болашақ педагогтың деонтологиялық даярлығын қалыптастыруға қажетті «Педагогикалық этика», «Педагогикалық деонтология негіздері», «Қолданбалы педагогика», «Сабақта психологиялық комфортты жағдай жасау әдістері» атты арнайы курстар оқыту. Соған қоса, барлық пәндерді оқытуда, әсіресе, мамандыққа бейімдейтін арнайы пәндерді оқыту барысында деонтологиялық ұстанымдарды ескеру мүмкінділігін қолдану;
-
мінезінің педагогикалық деонтология ұстанымдарына сәйкес қалыптасуын ескере отырып, педагогикалық оқу орнына талапкерлердің құжаттарын қабылдау алдында олардың психикаларының қасиеттерінің, мінез-құлқы ерекшеліктерінің таңдаған кәсібіне сәйкестігін анықтау және оқыту барысында студенттердің кәсіптік мінезінде деонтологиялық нышандары ұялату үшін жоспарлы жұмыс жүйесін атқару;
-
ойлау қабілеттеріне деонтологиялық даярлықты қалыптастыру процесіне сәйкес әсер ету үшін студенттердің ғылыми-зерттеу, өзіндік ғылыми жұмыстарын педагогикалық деонтологияға қатысты тақырыптарға бағыттау, оқу орнының талаптар жүйесінің мәнін көтеру мүмкінділігін ашу, жас педагогтарды мемлекеттің, халықтың алдында ант беруге даярлау;
-
күнделікті өмір жағдайын деонтологиялық дайындыққа сәйкестендіру үшін университеттің зертханаларында, кафедраларында үлгілі деонтологиялық ахуал жасап, профессор-оқытушы студенттер арасында қарым-қатынасты, студенттердің өзара қарым-қатынастарын оқу орнының қызметкерлерінің өзара қарым-қатынастарын педагогикалық деонтология талаптарына негіздеу;
-
арнайы тәрбиесіне деонтологиялық тұрғыдан оңтайлы әсер ету үшін педпрактиканы педагогикалық деонтология ұстанымдарына сүйене атқаруды қадағалау, оқу-тәрбиелік іс-шараларды, қоғамдық-пайдалы жұмыстарды педагогикалық деонтологияға негіздеу, университетте ұстаздық парыздылық тақырыбында пiкiрталастар, семинарлар, кездесулер, ашық (жария) дәрiстер өткiзу, т.с.с. кәсіби-әдептілік, кәсіби-парыздылық тәрбиенің мүмкіндіктерін тудыратын іс-шаралар жүйесін жасау қажет.
Әдебиеттері:
1 А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление в русский язык, с означением их корней. – М., 1865.
2 Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н. Чудинованың ред.бойынша– М., 1910.
3 Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006.
4 Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. – 2005.
5 Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002.
6 Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980.
7 В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998.
8 Е. Барштейн Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938.
9 Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001
10 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. - Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б.
3. Педагогикалық деонтология пәні бойынша семинар
тапсырмалары.
1 Тақытып. Деонтология ұғымы. (2 сағат. 1-2 апта)
Мақсаты: Деонтология ұғымына анықтама беру, түсіндіру. Педагогикалық деонтология мазмұнын және негізгі қызметтерін айқындау.
Жоспар:
-
Деонтология ұғымдары
-
Денотология салалары
-
Деонтология салаларының өзіндік ерекше өзгешеліктері мен ортақ белгілері
Бақылау сұрақтары:
-
«Деонтология» ұғымы нені білдіреді?
-
Деонтологияның қандай салалары бар?
-
Деонтология салаларының өзіндік ерекше өзгешеліктері мен ортақ белгілері қандай?
-
Сіздің ойыңызша, кәсіптік деонтологияны зерттеу медицина қызметкеріне ме, әлде болашақ ұстазға маңызды ма? Ойыңызды ортаға салыңыз.
-
Уильям Джеймстің: «Алғашқы кезеңде жаңа теория ешбір мағынасыз не қисынсыз болып көрінеді, кейін бұл ойды қабылдай отырып, оның ешбір ерекшелігі жоқтығы айтылады. Ақыр соңында бұрын қарсы пікір білдірген ғалымдар аталмыш теорияны мойындап қана қоймай, оны өздері ашқандарын айтып бағады» деген пікірін деонтология ғылымының пайда болу тарихына жатқызуға бола ма? Көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
Әдебиеттер:
1 А.Д. Михельсон Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление в русский язык, с означением их корней. – М., 1865.
2 Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка// А.Н. Чудинованың ред.бойынша– М., 1910.
3 Словарь иностранных слов// Н.Г. Комлеваның ред. бойынша– М., 2006.
4 Новейший философский словарь// И.Ф. Фроловтың ред. бойынша– Р/на-Дону. – 2005.
5 Оксфордский толковый словарь. – Киев, 2002.
6 Словарь по этике/ И.Конның ред. бойынша – М., 1980.
7 В.В. Самойленко История медицинской деонтологии. – М., 1998.
8 Е. Барштейн Что должен знать врач-стахановец// Правда. – М., 1938.
9 Е.П.Прохоров, Журналистика и демократия. – М., 2001
10 Ғ.М. Кертаева Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. - Монография. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002,- 224 б.
2.Тақытып. Педагогикалық деонтологияның пайда болу алғышарттары. (2 сағат. 3-4 апта)
Мақсаты: “Педагогикалық” деген сөзбен қоса «педагогикалық деонтология» деген сөз тiркесі мұғалiмнiң қызметiне байланысты парыз ұғымын құрастыратын этикалық ережелер, нормалар, ұстанымдар жиынтығын іске асыру.
Жоспар:
-
Этикалық-философиялық алғышарттар.
Достарыңызбен бөлісу: |