Даралылық - адамды басқа адамдардан ерекшеліндіріп тұратын айрықша қасиеттері,ешкімге ұқсамастығы,оның қайталанбастығы.
Демократиалық қарым-қатынас - оқушы білімді іздестіруде қарым-қатынаста тең құқылы субьект ретінде қарастырылады.Оқушылар мен мұғалім ынтымастық қарым-қатынаста болады.
Діл (менталитет) - тұлғаның, адамдар тобының немесе белгілі бір социум дүниетанымның, дүниеге деген көзкарастарының және мінез-құлықтарының терең жатқан негіздері болып табылатын мәдениеттің мазмұны. Мәдениеттану және философиялық әдебиеттерде діл белгілі бір кезеңдегі, географиялық аймақтағы және әлеуметтік ортадағы адамдар қауымы көзқарастарының, сезімдерінің жиынтығы, тарихи және әлеуметтік үрдістерге ықпал ететін қоғамның ерекше психологиялық салты ретінде түсіндіріледі. Діл - рухани кұбылыс. Диагностика - Дарынды балалар – жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет салуға,техникаға т.б.) байқатқан балалар.
Жеке тұлға - индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі,оның әлеуметтік құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды іске асыру қабілеттері.Жеке тұлға ретінде адам өзінің санасының даму деңгейімен,өз санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен сипатталады. Жеке тұлға-қоғамдық мәні бар адам.Кез келген адам өмірге индивид болып келіп,тек саналы қоғамдық және еңбек іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады.
Ізгілікті (гуманистическая) педагогика – шәкіртті педагогикалық үрдістің субъекті ретінде танып, адам менмдам арасындағы қатынасты ұлықтай білген педагогика.
Интерактивті қарым қатынас –адамдардың өзара тығыз әрекетте болуларын, тығыз байланыста,көпшілік ішінде жұмыс істей алуға бейімделуіне бағытталған қарым-қатынас.
Индивид - адамды адамзат тұқымының жеке бір өкілі ретінде,биологиялық тіршілік иесі ретінде қарастыратын ұғым. Индивид-жекелік,яғни көп адамдардың біреуі.
Құндылық – кез келген индивид, топ, ұжым, этнос, т.б. үшін өмірлік маңызы жоғары материалдық немесе рухани нысаналар.