Педагогикалық кеңес
Хаттама№1
27.08.2021ж Қатысқандар саны:12
Тақырыбы: «Балаларды жаңартылған бағдарламамен оқытып,тәрбилеу –тәрбиеші-педагогтардың басты міндеті»
Күн тәртібінде:
1. Балабақшаның жылдық жоспары мен ұйымдастырылған оқу –қызметінің кестесін күн тәртібін бекіту туралы .Меңгеруші А.Жаштаева.
2. «Сыни ойлау технологиясы»баяндама туралы. Тәрбиеші М.Еспенбетова
3. Тәрбиешілердің шығармашылық жұмыс тақырыптарын бекіту туралы . ӘдІскер М.Тұңғатова
4. Психологиялық тренинг туралы. Психолог А.Бердібаева.
5.Ішкі еңбек тәртібі туралы. Меңгеруші А.Жаштаева .
6. Бақылау және басқару .Жедел бақылау. Меңгеруші А.Жаштаева.
7. Ата-аналардың келісім шарттары туралы. Меңгеруші А.Жаштаева.
1.Тыңдалды. Балабақша меңгерушісі Жаштаева Айша Сапарқызы сөз сөйледі. Ол өз сөзінде 2021-2022 жаңа оқу жылымен әріптестерді құттықтады. Алдағы оқу жылында жан-жақты ізденіп,үлкен жетістіктерге жетеді деген сенімдемін деді.
Балабақша әдіскері Тұңғатова Махпал сөз алды :- ҚР МДҰ-Да 2021-2022 оқу жылында оқыту мен тәрбиелеу туралы әдістемелік нұсқаулық бойынша Мемлекеттік стандарт бойынша өзгеріс бар. Бұрын базистік оқу жоспары деп берілсе,енді үлгілік оқу жоспары болып келді. 4 топ тәрбиешілері перспективалық жоспармен апталық циклограммалардың жоспарларын алдын ала,бір жылғы оқу жылына түзіп қоясыздар. Биылғы оқу жылында 58 өтпелі тақырыптар берілген . Әр айға бір өтпелі тақырып қоясыздар. Қазір мен сіздерге мына төмендегі тақырып тізімдерін үсынамынн. Сіздер келіссеңіздер осы тақырыптарды меңгерушіге бекіттіріп аламыз .
1. «Балабақшада»
2. « Менің отбасым»
3. «Дені саудың жаны сау»
4 «Менің Қазақстаным»
5 «Табиғат әлемі»
6. «Бізді қоршаған әлем»
7. «Салттар мен фольклор»
8. «Біз еңбекқор баламыз»
9. «Жайдары жаз келді»
Білім беру процесінің негізгі міндеттері:
1. Мектепке дейінгі ұйымда балалардың табысты бейімделуі мен дамуы үшін жағдай жасау.
2. Коммуникативтілік ,креативтілік ,сыни ойлау,ынтымақтастық және командада жұмыс істей білуді меңгерту.
4. Балаларды жалпы адамзаттық құндылықтарға баулу.
Сондай ақ,әдіскер МДҰ –ның үлгілік жоспарындағы әрбір топ бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтерінің көлемі мен ұзақтығына және вариативтік компоненттердің қай топтарда өтілетіндігі мен апталық сағат саны туралы қысқаша айтып өтті.
2. Тыңдалды. Балабақша тәрбиешісі Еспенбетова Мөлдір «Сыни ойлау технологиясы» атты баяндама оқыды.
-«Сыни ойлау технологиясын » қолдану-балаға тәрбиешінің сұрақтарына жауап беруден емес,өз сұрақтарывна жауап алуға мүмкіндік береді. Педагогтардың «сыни ойлау » технологиясының тиімділік әдістері мен тәсілдерін қалыптастырады.
Сыни ойлау дағдылары:
1.Затты қаситтері мен белгілерін ауызша сипаттау бойынша тбы.
2. Екі немесе одан артық нышандардың жалпы және түрлі белгілерін табу.
3. Ауызша сипаттаубойынша нысанамен жасауға мүмкін болатын әрекетті табу.
4.Бір затқа қолданылатын әрекетерді басқасына ауыстыру.
5.Шығармашылық әңгіме ,ертегі,жұмбақ құрастыру.Сыни ойлау технологиясын қолдану. Балаға тәрбиешінің сұрақтарына жауап алуға мүмкіндіктуады.
3.Тыңдалды. Балабақша әдіскері М.Тұңғатова сөз алды. Ол өз сөзінде-жылдағы дәстүр бойынша тәрбиешілердің шығармашылық жұмыс тақрыптарын бектуіміз керек деді.
1. «Денсаулық» технологиясы-А.Адилова
2. «Монтессори технологиясы »-А.Баубекова.
3. «Ертегі терапиясы »- Молдабек Г.
4. «Бүлдіршіндерді салауатты өмір салтына баулу» -М.Еспенбетова.
5. «Триз »технологиясы- Н.Альзатова
6. «Ойын » технологиясы С.Құрбанова.
7. «Денсаулық »технологиясы- А.Баубекова.
4. Тыңдалды. Балабақша психологі Бердібава Айтолқын сөз сөйледі. Ол тәрбиешілер мен педагогтарға арналған «Менің көңіл күйім» атты психологиялық тренинг ұйымдстырды.
5. Тыңдалды. Балабақша меңгерушісі А.Жаштаева сөз сөйледі. Ол өз сөзінде : -Құрметті әріптестер, әрбір мкеменің өзінің ішкі тәртіп ережелері мен лауазымдық міндеттерінің бекітілген ережелері болады. Ішкі тәртіпті бұзған қызметкерге тәртіптік шаралар қолданылады.Бұл туралыЕңбек Кодексінің 63,64,65,66-баптарында жазылған . Біздің балабақшаның ішкі тәртіп ережелері қандай? Таңертең сағ. 8 ден кешікпей келу. 18-19 да жұмыстан қайту. Түсте сағ. 13-14 де 1 сағаттүскі үзіліс ,яғни демлыс беріледі.
Басшының рұқсатынсыз балбақшаны тастап ,бабаларды тастап кетуге қатаң тыйым салынады. Сондай ақ с абақ жоспарын уақтылы жазып және уақтылы сабақ өты. Бекітілген күн тәртібі және басқа да балалармен атқарылатын жұмыстарды бұлжытпай орындау. Сонымен қатар балабақша мүлкін күтіп ұстау ,бөлмелерді таза ұстау –ішкі тәртіп ережелеріне жатады.
6.Тыңдалды. Балабқша меңгерушісі Жаштаева Айша сөз сөйледі.Ол өз сөзінде 2021 жылы 26 тамыз күні Бақылау және басшылық бойынша «шолу » тексеру болып өткенін айтты.
Тәрбиешілер, стандарт талабына сәйкес топтарда 5 білім саласы бойынша заттық-дамыту орталықтары жаңа материалдарымен толықтырылуы қажет. Шолып тексеріп шықтым, ешнәрсе жаңартылмаған, ағымдағы жөндеуден кейін шаршап қалдыңыздарма ма білмеймін, еш жаңалық көрмедім. Тек айгөлек тобында ғана фетра материалдан жасалған ойыншықтар бар екен. Жазғы сауықтыру жоспарлары барлық топта бар жазылған екен, түгел бәрін маған тапсырыңыздар. 2021-2022 жаңа оқу жылына тәрбиешілеріміз перспектива және циклограмма жоспарларын электрондық түрде жазып басшыға бекітуге ұсынсын. Перспективалық жоспарды аса ұқыптылықпен, жауапкершілікпен жан-жақты ізденіп жазыңыздар деді меңгеруші.
Достарыңызбен бөлісу: |