Педагогикалық КӘсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы



бет4/14
Дата27.09.2022
өлшемі166.54 Kb.
#461474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
лекция 2 (1)

Мұғалімдер күрделі үдерісті – оқушы тұлғасының қалып-тасуын басқарады. Мұғалім - оқушы өмірінің іргетасын қалаушы және ғылым негіздерін меңгертетін маман. Мұғалім мамандығы баршамызға ортақ игілікті іс болып табылатын жас ұрпақты тәрбиелеуге негізделеді, себебі адам бойындағы тәрбие мен жүйелі білім баланың өмірінің он бір жылы өтетін орта мектептен бастап қалыптасады.


Мұғалімдерге аса жауапты іс жүктелген. Мұғалімдерге баланың мінез-қүлқының, дүниетанымының, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, жалпы олардың өсіп дамуының ең маңызды кезеңі сеніп тапсырылған.

2. Мұғалім еңбегінің профессиограммасы – мұғалім тұлғасының моделі ретінде

Адамзат тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайларға байланысты өзгеріп отырған. Мұғалімдердің моральдық-психологиялық, этикалық сапалары туралы ойлар шығыс философы Әбу Насыр Әл-Фараби еңбектеріндегі айырықша көңіл аударылған мәселелердің бірі. Ол мұғалім бойында шыншылдық, шәкірттеріне де, өзіне де талап қоя алушылық, ықыластылық, қаталдық, күш-жігер және педагогикалық такт сияқты қасиеттердің сақталуын қажет деп санаған. Әл-Фараби ұстаздың мінез-құлық нормасы қандай болуы жайлы былай деп жазады: «..ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – ұстаздың қадірін кетіреді. Оның берген сабағы мен ғылымға шәкірті селқос қарайтын болады».

Педагогика ғылымының негізін қалаушы Я.А.Коменский (XVIIғ.) «Мұғалімдерге ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған еш нәрсе жоқ» - дей отырып, балаларды оқыту-тәрбиелеу барысында мұғалімдерден табиғатқа сәйкестілік және дидактикалық принциптердің орындалуын талап еткен.

Педагогика тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар А.Дистервег, К.А.Гельвеций, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, А.С.Макаренко, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, В.А.Сухомлинский сынды белгілі педагогтар еңбектерінде ерекше қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет