Педагогикалық менеджменттің әдістері мен құралдары Орындаған: Авил Жайнур



Дата12.03.2024
өлшемі0.64 Mb.
#495101
Presentation 29pptx


Педагогикалық менеджменттің әдістері мен құралдары
Орындаған:Авил Жайнур
Қабылдаған: Ғабит Самал
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігі Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Жоспар:
1. Педогогикалық менеджмент.
2.Педагогикалық менеджменттің әдістері.
3. Педагогикалық менеджменттің жүйеқұраушы факторлары.
4. Педагогикалық менеджменттің
принциптері.
5. Басты жүйеқұраушы фактор.
Педагогикалық менеджмент (басқару).
Басқару тек техникалық және өндірістік процестерге ғана емес, сонымен қатар педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет. Сондықтан басқару теориясында педагогикалық менеджмент ерекше орын алады. Практикалық іс әрекет ретіндегі педагогикалық басқару (менеджмент) – оқушылардың оқуы мен
тәрбиесін басқару. Педагогикалық басқару теориясы – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар жүйесі, ұжымдар мен жеке адамдар жүзеге асыратын тәрбие мен оқыту процестерін басқару туралы білімдер.
Педагогикалық менеджменттің әдістері
Педагогикалық менеджменттің әдістері көптеген жұмыстарды жүргізу мен басқару үшін қолданылатын көптеген әдістерді ұсынады. Бұл ақпараттың бірнеше міндеттері:
1. Стратегиялық пландар жасау - оқу орнының жаңарту, арнайы мақсаттарды белгілеу мен қойылымдарды орнату.
2. Тұрақты бағалау және мониторинг - оқушылардың жетістіктерін бағалау және олардың оқу процесін жақсарту үшін мониторинг жасау.
3. Қосымша оқу ресурстарының қолдану - технологияларды, оқу материалдарын және басқа қосымша ресурстарды колдану.
4. Команда жұмыстарын ұйымдастыру - коллективтің қолдауымен біріктіру, жұмыс істеу әдістері мен жақсарту.
5. Жаңа технологияларды қолдану - оқу процесін жақсарту үшін жаңа технологияларды қолдану.
Педагогикалық менеджменттің жүйеқұраушы факторлары – оның мақсаты мен міндеттері.
Педагогикалық менеджменттің негізгі мақсаттары:
• Білім мекемесіндегі барлық қызметкерлер меноқушылардың күш-қуатын, уақытын және барлыққұралдарды нәтижелі де жоспарлы пайдалану;
•Білім менеджерлері қызметінің нақты мақсаттарғажәне қоғамның рухани, әлеуметтік-экономикалықдаму жоспарына сәйкестігін анықтау;
•Оқу-тәрбие процесінің барлық жеке мақсаттарынтүпкілікті мақсатқа – еркіндік пен жауапкершіліктіқатар сезінетін, шығармашылық бағытта ойлай және әрекет ете білетін тұлға қалыптастыруға бағыттау.
Педагогикалық менеджменттің
принциптері
1. Адамға құрметпен және сенімділікпен қарау принципі: - адамның
жеке басын құрметтеу; - тұлғаға таңдау еркіндігін беру; - өзара
сыйласымдық негізінде сенімділік білдіру; - адамға шамадан тыс
талап қоймау; - адам мүмкіндіктерінің ашылуына,
бастамашылдықтың дамуына жағдай жасау; - әркімнің
жетістіктерін, оқу орнындағы жеке үлесін көтермелеу.
2. Бірыңғай көзқарас принципі: - әріптестермен «басқарушы және
басқарылушы» емес, «адам және адам» қарым-қатынас жүйесін орнату; қызметкерлердің рухани әлемін, талпыныстарын түсіне білу; - жұмыста
өткізген уақыттың қуаныш пен қанағаттану сезімін әкелуіне барлық
мүмкіндіктер жасау; - әріптестермен бейресми жағдайларда кездесіп тұру
Педагогикалық менеджменттің
принциптері
3. Өзара әрекеттестік принципі: - қызметкерлердің жеке сапаларын білу
және ескеру; - әріптестердің бастамашылдығын, құзыреттілігін және
жауапкершілігін бағалау; - педагогикалық тұрғыдан тиімді кез келген
бастамаға ұқыптылықпен қарау.
4. Әлеуметтік әділеттілік принципі: - оқытушылар арасында оқу жүктемесін
ғана емес, қоғамдық жұмыстарды да теңдей бөліп тарату; - әкімшілік қызметі
туралы ұжымға жүйелі түрде ақпарат беріп тұру; - педагог еңбегінің
жетістіктері мен оны қоғамның қабылдауы арасында сәйкестік орнату.
5. Тұлғаға бағыттылық принципі: - әрбір оқушының жұмыс жүйесін терең
зерттеу; - жүйелі түрде сабақтарға, тәрбие шараларына қатысу және
педагогикалық талдаудың сапасын арттыру; - әрбір оқытушыға
шығармашылық деңгейде жұмыс жасауға мүмкіндік жасау; - педагогтардың кәсіби шеберлікдеңгейін біртіндеп көтеру; - әрбір оқытушыға жеке мақсаттар мен міндеттер белгілеу.
Педагогикалық менеджменттің
принциптері
6. Оқытушылық қызметті жетілдіру принципі: - Оқытушылардың
біліктілігін арттыру ісін үнемі қадағалау; - Жеке пәндерді оқыту (тәрбие
шараларын өткізу) әдістемесі туралы дөңгелек үстелдер, семинарлар
ұйымдастырып тұру; - Оқытушылармен қазіргі және келешектегі кәсіби
қажеттіліктер туралы кеңестер өткізіп тұру.
7. Жекеше ынталандыру принципі: - Моральдық және материалдық септүрткілерді (стимул) әділетті қолдану; - Ұтымды ойластырылған сеп түрткілер
жүйесін пайдалану. Сыпайылық, езу тарту, сезімталдық қарым-қатынас – сыйлық
бергеннен де күшті сеп- түрткілер екендігін есте сақтау.
8. Бірыңғай мәртебе принципі: - Педагогикалық процесс субъектілерінің барлығы
(мектеп қызметкерлері, мұғалімдер, оқушылар) атқаратын қызметіне қатыссыз
теңдей демократиялық жағдайларда болуы тиіс.
Басты жүйеқұраушы фактор – талдаунәтижелік.
Оқу-тәрбие процесінің жалпы қызметінің нәтижесін көрсетуді көздейтін төртінші жүйеқұраушы компонент –талдау-нәтижелік. Талдау – белгілі бір мәселенің мәнімағынасын бағалауға қажетті ақпарат жинақтауға және оны өңдеуге бағытталып, менеджменттің ең бастапқы функциясы болып табылады. Педагогикалық талдау - білім менеджерінің оқу-тәрбие процесінің нақты жағдайын зерттеуге, оның нәтижесін объективті бағалауға және даму тенденциясын анықтауға бағытталған қызметі. Талдау негізінде оқу-тәрбие жүйесін жоғары сапалы жағдайға жеткізу жөнінде нұсқаулар әзірленеді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет