ҒТАХР 14.41.77
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨЛШЕМДЕР ҒЫЛЫМИ БАҒЫТ ЖӘНЕ ДЕРБЕС МАМАНДЫҚ РЕТІНДЕ
С.С. Қоңырбаева1, М.М. Қалиева2 1п.ғ.к., қауым профессор м.а., 2 2-курс магистранты, 1,2 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті,
Қазақстан, Алматы қ., е-mail: pedsheberlik@mail.ru
Педагогикалық өлшемдердің теориясы мен әдіснамасын дамытуға ұмтылыс және осы негізде
тестілерді құрастыруға деген талпыныстар жөніндегі осыған дейінгі кеңестік педагогика кезеңінен
бастап әлемдік, ресейлік, отандық тәжірибелер бар.
Педагогикалық өлшемдер – пәнаралық қолданбалы теория әрі тәжірибе. Педагогикалық
өлшемдерді бұлай түсіндіру арнайы теорияның құрылу және негіздеу мәселелеріне, сонымен бірге
бұрын бар тәжірибені қайта құру әдістерін құру және негіздеу мәселелеріне зейін аударуды талап
етеді. Бұл педагогикалық өлшемдердің ғылыми әдіснама мәселесі. Әдіснаманың басты мәселелері –
педагогикалық өлшемдердің, шкалалаудың және нәтижелерді интерпретациялау ережелерінің
мәнін, мақсаттарын, міндеттерін анықтау және әдістерін негіздеу.
Елімізде 6М012400 – «Педагогикалық өлшемдер» мамандығы бойынша 2014 жылдан мамандар
даярлануда. Білім берудің сапасын арттыруға жаңаша бағыттың алғашқы қадамдары деп білеміз.
Білім беру жүйесіндегі білім мазмұнын жаңартумен қатар енген бағалаудың жаңа әдістері мен
мүмкіндіктері, оның білім сапасын жақсартудағы өлшеудің жаңа инструментарийлері осылайша
көпшілікке мейлінше түсінікті бола түседі. Түйін сөздер: өлшем, педагогикалық өлшемдер, білім сапасы, ғылыми бағыт
Педагогикалық өлшем (ағылшын тілінен аударғанда «Educational measurement») ХХ ғасырдың
басындағы ғылыми бағыт ретінде пайда болды. Дәл осы жылдары педагогтардың бағалаушы іс-
әрекетінің жеткіліксіздігі саналы түсіндірілді. Тестілер Еуропада Коменскийдің, Ушинскийдің,
Гербарттың, Дистервегтің, Песталоццидің және т.б. алғашқы педагогикалық жүйелері қалыптасқан
кезеңінен кейін пайда болды. Аталған жүйелерде тестілер болмады. ХХ ғасырдың 30-жылдарында
тестілер болды, алайда КСРО-да осы кезеңде танымал идеология мен танымал қайреткерлерге
берілгендік рухында тәрбиелеу мақсаты негізгі пәні болған педагогикалық жүйесі қалыптасты. Білім
беру мен оқыту аталған идеология рухында тәрбиелік сипатқа ие болды.
Көптеген ғалымдардың үлесі арқылы педагогикалық өлшемдердің дамуы біршама
жетістіктерге жетті. Educational Measurement – Педагогикалық өлшемнің дамуына үлес қосқан
шетелдік ғалымдар - A.Anastasi, A.Birnbaum, W.Brown, L.J.Cronbach, R.L.Ebel, R. Fisher, R.Glezer,
J.P.Guilford, H. Gulliksen, L.L.Guttman, R.Hambltone, P.Horst, G.F.Kuder, R.Linn, J. Loevinger, F.M.Lord,
W. Masters, J.Nitko J.Nunnally, G.Rasch, M.W.Richardson, G.Sax, C.Spearman, M.Stone, E.L.Thorndike,
R.L. Thorndike, D.Weiss, W. Wiersma и S. G.Jurs, B.D.Wright және көптеген басқа ғалымдар. Батыс
елдерінде, әсіресе АҚШ-да қазіргі кезде кең ауқымды теориялық және дәйекті материал жинақталған.
Педагогикалық өлшемдер саласында жыл сайын монографиялар, арнайы ғылыми журналдар, оқу
құралдары шығып тұрады.
Педагогикалық өлшемдердің теориясы мен әдіснамасын дамытуға ұмтылыс және осы негізде
тестілерді құрастыруға деген ұмтылыс КСРО мен Ресейде бірнеше рет жасалды. Тест құрастыруға
деген алғашқы ұмтылыстар 20-жылдардың басында болды; олар тестологиялық жұмыстардың
авторларымен байланысты: П.П.Блонский, А.А.Болтунов, М.С.Бернштейн, Н.А.Бухгольц,
С.Г.Геллерштейн, Е.В.Гурьянов, А.Б.Залкинд, М.И.Зарецкий, С.М.Ривес, А.М.Мандрыка, А.
А.Смирнов, М.В. Соколов, А.А.Толчинский, Н.К.Удовиченко, Б.А.Шевырев, А.М.Шуберт, Т.А.Эрн
және көптеген басқа ғалымдар. Аталған авторлар тестінің алғашқы дәл емес анықтамаларын берді,
тапсырмалардың формаларын, тестілердің сапасының критерийлерін зерттеді, тестілерді практикалық
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы No 2 (74), 2018
94
түрде қолданумен айналысты. Алайда бұл жұмыс 30-жылдардың басында тоқтап қалды: алдымен
идеологиялық сынның көмегі арқылы, содан кейін 1936 жылы саяси тыйым арқылы тоқтатылды 1. 30-жылдардың басында КСРО-да субъективизм жедел артты және эгалитаризм кең тарала
бастады. Саясаттағы субъективизм білімді тексерудің кез келген объективті әдісінің дамуына кедергі
келтірді, себебі онда командалық-әкімшілік жүйенің өмір сүруіне қауіп қарастырылды. Онда
таңдаудың шешуші белгісі ретінде білім, қабілеттер алынбайды, онда жоғарыда тұрған басшылардың
бұйрықтарын бұлжытпай орындау алынды. Осы кезден бастап, әдебиеттерде тестілердің зиянды
туралы, тестілерді отандық педагогикалық ғылым мен пратикада қолданудың мүмкін еместігі туралы
көп жазылды. Батыс елдерімен салыстыру көрсеткендей, олар бізден жұмыстың ауқымы бойынша,
басылымдардың саны бойынша, ғылыми кадрларды даярлау бойынша, тест теориясын дамытудың
деңгейі мен сапасы бойынша, тест процесінің техникалық және бағдаралмалық-есептеу қамтамасыз
етілуі бойынша озып кеткен.
Тест бойынша аса алға дамып кеткен елдердің қатарына Нидерланды, АҚШ, Англия, Жапония,
Дания, Израиль, Канада, Австралия жатады. Бұл елдердің тізіміне тұрғындарының өмір сүруінің
жоғары деңгейі анықталған елдер енгізілген. Тестілерді қолдану білім берудің сапасына жағымды әсер
етеді; білім берудің сапасы басқарудың сапасымен байланысты, сапалы басқару тұрғындардың
өмірінің сапасын арттыруға алғышарттар құрады, Қазір тестілердің көмегі арқылы миллиондаған
оқушылар мен студенттердің, әскери қызметкерлердің, мемлекеттік әкімшілік, басшы
қызметкерлердің даярлығы тексеріледі.
Тестінің бағалаудың басқа формаларынан демаркациялануы критерийлері ретінде, атап айтсақ
тестінің анықтамасына келесі терминдер енгізілді: тапсырма, мазмұн, форма, қиындық, деңгей, жүйе,
құрылым, сапа. Дәл осы кезеңде аса перспективалы бағыттарда тестілерді дамытуға ықпал ететін өзара
байланысқан, негізгі, бастапқы және қайта жаңғыртушы ұғымдардың жиынтығын құрастыру маңызды:
бұл педагогикалық өлшем теориясының дамуы, атап айтсақ, педагогикадағы латентті-құрылымдық
талдау, тест теориясында жүйелі ұғымдарды қолдану, тестілердің сапасын негіздеудің критерийлерін
құру.
Тестілерді құрастыру бойынша қоғамдық ассоциациялардың арнайы ондаған журналдарды
шығарудың шетелдік тәжірибесі пайдалы, атап айтсақ, Journal of Educational Measurement, Educational
and Psychological Measurement, Psychometrika және т.б., сонымен бірге жүздеген монографиялар, оқу
құралдарын, тест және педагогикалық өлшемдер бойынша диссертациялардың жазылу тәжірибесі аса
құнды.
Бұл жерде ресейлік көрнекті ғалым В.Аванесовтің жеке тәжірибесі мен куәлігін енгізуге болады.
Бір мәселеден екінші мәселеге табиғи ғылыми өту, отандық педагогикалық ғылымда талап етілмеген
немесе қажет болмаған тестілерді зерттеуге әкелді. Жұмыстың нәтижелерін басылымда жариялау
үшін, алдымен педагогикалық ғылымдар академиясының мүшелерін тест деген мәселенің
маңыздылығына сендіру керек. Мұнда олардың бойындағы тестофобияны жеңуге деген талпыныс
қиын болды. Мұны педагогикалық басылымдарда жасау мүмкін емес. Тек 1978 жылы автор «Вопросы
психологии» журналында «Проблема психологических тестов» атты мақаласын жариялады, онда
психологиялық және педагогикалық тестілеуді ұйымдастыру мәселелері қамтылды2.
Аталған мақаланың екінші ағылшын тіліндегі нұсқасының алғы сөзінде, шетелдік басылымдар
мақалада КСРО-да тестілермен жүргізілген жұмыстың тек қана бір бөлігі айқын көрінеді деген болжам
жасады, алайда бұл дұрыс емес. Педагогикалық өлшемдердің деңгейіндегі айырмашылықтың болуына
АҚШ-да тестілерге, оларды құрастыруға деген идеологиялық кедергілерге тыйымның болмауы ықпал
етті. Керісінше, жыл өткен сайын осы салаға енгізілетін қаржылық салымдар артып отырды. Білім және
қабілеттер тестін құрастыру және қолдану ісінің кең жайылуы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде
байқалды. Ол кезде тестілер ӘӘК (әскери-әуе күштері) ұшу және техникалық персоналын кәсіби
таңдау ісінде кең қолданылды, бұлай таңдау мыңдаған доллар ақшаны үнемдеуге мүмкіндік берді.
Соңғы жиырма жыл тест теориясында, сонымен бірге тестілеу тәжірибесіндегі радикалды
өзгерістермен сипатталды.
Педагогикалық өлшемнің әдіснамасының негіздерін құрастыруға осы жұмыстың авторы жоғары
мектептің педагогикасы мен психологиясы бойынша оқу құралында алғаш рет ұмтылыс жасады. Содан
кейін бұл жұмыс маңызды түрде кеңейтілді және жоғары мектеп студенттерінің білімін педагогикалық
тестілік тексеруді ғылыми ұйымдастырудың негіздері бойынша арнайы оқу құралы түрінде
жарияланды. Онда педагогикалық өлшемдерге бағдарлана отырып, ЖОО-ғы педагогикалық
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы No 2 (74), 2018
95
бақылаудың пәніне, негізгі функциялары мен принциптеріне анықтама берілді, білімді тестілік
бақылаудың ғылыми негіздері ретінде өлшемнің рөлі көрсетілді, педагогикалық тестілердің теориясы
мен тарихы мәселелері қарастырылды, олардың сапасының критерийлері, салыстыру әдістір мен оқу
процесіндегі тестілеу нәтижесінің интгерациясы қарастырылды. Содан соң педагогикалық
өлшемдердің педагогикалық бағалау мәселелерімен тығыз байланысты мәселесі қарастырылған
ғылыми-зерттеу еңбектер шықты.
Соңғы кезде тестілерге деген қызығушылық біршама артқанмен, ситуация жақсарған жоқ.
Тестілерді құрастырудағы қарапайымдылық пен оған деген артып келе жатқан сұраныс, көптеген
сапасыз материалдардың пайда болуына ықпал етті. Қалыптасқан ситуацияның себептерінің бірі – бұл
емтихан, сынақ және білімді тексерудің басқа дәстүрлі формаларына жұмсалатын шығындармен
байланысты оқу процесінің өзгерісіндегі қиындықтар. Педагогикалық консерватизммен үйлесе
отырып, бұлай ұйымдастыру кез келген жаңалықтарды теріске шығарады, егер оларды қабылдаған
жағдайда, оларды танымастай күйге өзгертеді. Аталған ситуация білім берудің тиімділігін арттырудың
әлемдік тенденциясымен және білім беру әрекетін қоғамдық өндірістің жетекші саласына
айналдырумен қарама-қайшылықта болады.
Педагогика өлшемдердің ғылымдар аясында дамуы. Педагогикалық өлшемдер – пәнаралық қолданбалы теория әрі тәжірибе. Педагогикалық өлшемдерді бұлай түсіндіру арнайы теорияның құрылу және негіздеу мәселелеріне, сонымен бірге бұрын бар тәжірибені қайта құру әдістерін құру және негіздеу мәселелеріне зейін аударуды талап етеді. Бұл әдіснама мәселесі. Әдіснаманың басты мәселелері – педагогикалық өлшемдердің, шкалалаудың және нәтижелерді интерпретациялау ережелерінің мәнін, мақсаттарын, міндеттерін анықтау және әдістерін негіздеу.
Педагогикадағы өлшеудің мәні – зерттелуші объектінің, үрдістің сипаттамалары мен жеке белгілерін нақты сандық жүйе арқылы белгілеу және оларға «жақсы-жаман», «аз-көп», «терең-таяз» секілді бағалар бере отырып, бip немесе бірнеше белгілерді салыстырудың бастапқы нүктесін, салыстыру шкаласын табу, «өлшем» ұғымы нақты ережеге сай қандай да бip заттың сандықық баламалар арқылы белгіленуін білдіреді. Адамның төбeci мен өкшесінің арасындағы «сызғыш» арқылы табылған сандық баламалары, адам бойының ұзындығын өлшеу болып табылады. Баланың интеллектуалдық коэффициентін өлшеу – тапсырмаларға қайтарылған жауаптар, «реакциялар» сипатының сандық баламалары. Өлшеу арқылы қандай да бip қасиеттер оңай өңдеуге жататын «сандық» ұғымға айналдырылады.
Өлшем туралы Абай 43-сөзінде былай дейді: «Ішпек, жемек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық - бұл нәрселердің, барлығының өлшеуі бар ..» немесе «..әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуін білмек – бір үлкен іс...»3. А.Машанов өлшеу жөнінде: ғылымның асыл тегі өлшеуін білуде 4 деп жазады.
Педагогикалық өлшемдердің мәні туралы анықтамалардың толыққанды және дәлдігі үшін екі анықтаманы қосуға болады. Оның алғашқысын ғылымның классигі Н.Р. Кэмпбелл берді. Ол өлшемге ғылымның талаптарына сәйкес зерттелетін қасиеттерді айқындауға санмен белгілеу процесі ретінде анықтама береді. Осы анықтама арқылы ғалым ғылымның анықтай алатын қасиеттерінің өлшеуге болатын айқындап көрсетеді. Н.Р. Кэмпбелл жеке тұлғаның сапаларын, білімін және интеллектісін өлшеудегі қиындықтарды осы қасиеттерден емес, олардың мәніне қатысты жалпы түсіндіруде көрсетеді.
Н.Р. Кэмпбеллдің логикасымен өлшемге берілген анықтамасы үйлеседі: бұл сандар арқылы жеке
тұлғаның зерттелетін қасиеттерін зерттеушілер көрсететін процесс. А. Тарскийдің анықтамасында екі
аспект қызықты болып табылады: біріншісінде, өлшемнің процессуалдығының қасиеті бекітіледі (қазір
таралып кеткен «процедура» сөзінен біршама жақсы) және екіншісінде, анықтаманың қысқалығы
көрсетіледі. Педагогикалық өлшем процесі – бұл ғылыми өндіріс және жеке тұлғаның айқын бақылауға
болмайтын қасиеттерін өлшеу әдістерін практика жүзінде қолдану.
Кең тараған анықтамаларға сай 1946 жылы америкалық психолог С.Стивенсон арқылы
ендірілген өлшем – бұл объект сипаттамаларына ережеге сай сандық мәннің бepілyi. Бұл анықтама
сандық өлшеу тәжірибелерін жинақтау нәтижесінде жаратылыстану ғылымдары арасында кеңінен
таралып, жалпы өлшеу теориясының негізін калаған 5.
Классикалық, тікелей сандық өлшем теориясы ғылымның, техниканың, технологияның дамуына байланысты сандық өлшеуіштердің жаңа әдіс-тәсілдеріне көшуде. Тікелей бақылауға жатпайтын құбылыстар физика ғылымының жетістіктері арқылы өлшенетіні, бақыланатыны
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы No 2 (74), 2018
96
белгілі. Мысалы, Күннің салмағы, Галактика планеталарының арақашықтығы аралық құралдар арқылы толық өлшенеді Ғылымда адам женіндегі өлшемдер де осындай жанама аралық сипатта. Адамның құзырлылығы, epкi, күші оның ішкі әлемі арқылы сипатталады. Мұны нейропсихология, нейрохирургия жетістіктерімен объективтендіру мүмкін емес, бipaқ, соған қарамастан, эмпирикалық жіне теориялық жинақталған материалдарға сүйене отырып, аталмыш сапалар байқалу дәрежесіне сай бағаланады.
Педагогика, психология, социология ғылымдарының дамуына байланысты қасиеттердің, байқалу дәрежесін бip-бipiнeн айыру тек сандық емес, сапалық өлшем бірліктерін пайдалана отырып, бағалаудың, қажеттілігі туындап отыр. Сапалық бағаларды дәл өлшеудің инструменттері мен тәсілдерінің болмауына байланысты сандық бағаларға Қарағанда нақтылығы төмен дәрежеде. Дәстүрлі білім жүйесіндегі өлшем бірліктерін («5», «4», «3», т.б.) педагогтардың не үшін қойғысы келсе де толық мүмкіндіктері болып келгені белгiлі.
Ресей ғалымдары арасында халықаралық сараптамашы ретінде танылған Н.Найденованың білім сапасын бағалаудың әлемдік инструментарийлері жөніндегі ғылыми пайымдаулары біздің еліміздегі ғалымдар мен арнайы мамандар тарапынан зерттеліп,білім беру сапасын бағалаудың мүмкіндіктерін арттыруы – алдағы уақыттың еншісінде [6;127].
Елімізде құзырлылықтың педагогикалық категория ретінде дамуын терең зерттеген ғалым К.Құдайбергенова педагогикалық өлшем туралы өз монографиясында жақсы тұжырымдар жасаған. Ғалым қазіргі кезде педагогикада кең тараған «құзыреттілік» ұғымының дәл атауы «құзырлылық» екендігін дәлелдей отырып, оның білім сапасы мен педагогикалық өлшемге қатыстылығын жақсы талдап көрсеткен.
Білімдегі бағаның бірегей болмауы, өлшенетін «белгісіздік» сипаттарын жабық түрде болуы тікелей өлшеу мүмкіндігінен айырады. Белгісіз зат сипаттарының бip мәнділкте берілмеуі бғалау үрдісінде белгісіздің өлшенетін сипаттарының орнына, байқалған белгілерді бағалаумен шектелді. Мысалы, құзырлылық (ақпараттық құзырлылық) өлшенетін бeлгiciз зат, ал оның мәні не деген сұраққа қанша бағалаушы болса, соншама жауап, соншама өлшем бipлiгiн алуға болады. Құзырлылықтың орнына оның бақыланатын бeлгici (ақпаратты интернеттен немесе басқа ақпарат көздерінен тауып алғаны) бағаланады. Қойылатын сапалық баға субъективті, тікелей мұғалімнің көзқарасына байланысты. Сондықтан да белгісіздің ішкісипаттары, эмпирикалық нәтижелерді өлшеу эксперттік, статистикалық талдауды қажет етеді.
Сапалық және сандық амалдар арасындағы қатынас айырмасының, күшеюi ұғымдарды сапалық тұрғыдан классификациялау, салыстырмалылық тұрғыдан типтерге жүйелеу, сандық тұрғыдан өлшеу секілді жіктеулерге әкелді. Сандық өлшеуге қарағанда ұғымдарды сапалық тұрғыдан классификациялау субъективті түрде, теориялық деңгейде пайымдалады. Құзырлылықтың сапалық классификациясы төмендегідей жіктелген: - педагогикалық (бiлiмi, білiгі, дағдысы); - әлеуметтік-философиялық (тұлғалыққасиеттері); - психологиялық (генетикалыққасиеттері) 7; 61. Классификациялық ұғымдар бip жазықтықтың ұғымдары емес, олар құзырлылықтың өлшенетін жалпы сипаттарының негізінде алынып отыр. Бұл ұғымдар өлшенетін сапалық сипаттар ретінде алынып отырғандықтан, оларды салыстыру, абстрактілеу, жинақтау, тану, бірдейлікке келтіру қажет. Педагогикалық құбылыстарға сандық талдау жасаудағы киындық, оның өлшеу процедураларын айқындау. Бұл мәселе 1920-30 жылдары П.П. Блонский, Л.С. Выготский және т.б. ғалымдардың еңбектерінде көтерілгенімен, тәжірибеде аяқсыз қалып, 1960 жылдары математикалық есептеулердің әcipece, кибернетикалық әдістердің дамуына сай өpic алады. Философиялық зерттеулерде өлшеу процедуралары танымның сападан санға ауысуын білдіретін, зерттелу пәнi аймағының сапасы, өлшеу процедураларының мәнін және оның негізгі қалаушы абстракциясы жөніндегі, өлшеу процедуралары мен оның нәтижелерінің гносеологиялык қасиеттерi жөніндегі білімніңбар екендігін болжамдайтын өткел ретінде қарастырылады өлшем теориясы XX ғасырдың соңғы онжылдығынан бepi аксиома ретінде біржақтылық ұстаным күйінде зерттелуде. В.С. Аванесов педагогикалық өлшемді сандық өлшем бірлігін қолдануға байланысты ғылымның қолданбалы жаңа бағыты, ал өлшеудің негізгі әдісі тестілеу деп көрсетеді.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы No 2 (74), 2018
97
Мектептегі білім берудің педагогикалық өлшемі – білім үдерісінің жеткен жетістіктер дәрежесінің және оның нәтижесінің мемлекеттік бiлім стандарты бекіткен талаптарға, нормаларға сәйкестігін белгілеуге мүмкіндік беретін сапаны басқару жүйесінің элементі. В.И.Звонников эмпирикалық құрылым мен нәтиже негізінде алынатын бағалаудың сандық құрылымы өз қасиеттерін сақтай отырып, сандық мән арқылы бipiн-бipi шкалада көрсете алады. Мұндай шкала арқылы өлшенетін объектіге тікелей сүйенбей-ақ, эмпирикалық құрылымға тән барлық қасиеттерді анықтауға болады деген қорытындыға келе отырып, ғалым «өлшем — изоморфтық түрде таңдап алынған эмпирикалық сандық құрылым арқылы сандық функцияларды конструктілеу» деп пайымдайды. Автор педагогикалық өлшем бірнеше кезеңнен тұратын үдеріс деп, оны төмендегідей жіктейді.
өлшеу пәнінің сапалық жазбасын, яғни педагогикалық құбылыстар мен объектілердің белгілерін, сипаттамаларын анықтау;
өлшеуіштер құрастыру – критерийлер, көрсеткштер, әдістерді таңдау, (тест тапсырмалары, бақылау жұмыстары);
шкалалау - нәтижелер сай келетін реттілікті конструктілеу;
педагогикалық эксперимент арқылы өлшемдердің алғашкы нәтижесін анықтау;
алғашқы нәтижелерге математикалық-статистикалықөңдеужүргізу;
өлшем нәтижелерін мазмұндықөңдеуден өткізу8.
Өлшеу теориясы статистикалықәдістердіқолдана отырып, педагогикалық тұрғыдан, тікелей өлшенілмейтін қасиеттердіңбақылауға жататын белгілерін айқындау арқылы сапалықкөрсеткіштердің, объект сипаттамасының сандық жазбасын беруге мүмкіндік туғызады.
Педагогикалықөлшемдіөлшенетін сипаттарға сандық мәндібекітудегі эмпирикалық
операциялар жиынтығы ретінде қарастыра отырып, бip нәтижені дәл осындай әдіс-тәсілдермен, өлшеу құралымен алынған келесібip нәтижемен салыстыру барысында үдерістегі немесе қасиеттегіiшкі заңдылықтарды ашуға болады. Алынған белгілерді талдау барысында тек эталонға сүйену жеткіліксіз, бұдан басқа зерттеліп отырған құбылыстың, немесе заттыңқандай ретте орналасқанын, олардыңбip-бipiнeқатынасы қандай, бip-бipiнeн айырмасы неде? деген сұрақтарға жауап. құбылыстың немесе зерттеліп отырған объектіқұрылымының, туу себеп-
салдарларын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл дегеніңіз зерттеліп отырған объекті жөніндегі білімді
сапалық деңгейден «сандық-белгілік» (графиктік, схемалық, формулалық) деңгейге келтірудің,
қажеттігін туғызады. Мұндай белгілік ауысымдардыпайдалану объектіні толық, жан-жақты түсінуге, өлшеуге мүмкіндік туғызады.
Педагогикалық өлшемнің негізгі квалиметриялық, мотивациялық, зерттеушілік, эксперттік қызметтері білім сапасын, оның үдерістерін, шарттары мен нәтижелерін қамтамасыз етеді; мотивациялық құндылық аймағына тиімді әсер етуге бағытталады; тәжрибелі-эксперименттік жұмыс сапасын бақылау-бағалаушылық және диагностикалық қызметті реттейді; қажетті сапа жөніндегі пайымдауды алу үшін педогогикалық жұйелердің ғылыми негізделген кешенді процедураларына, құжаттық-құқықтық әрекеттер мен операциялар арқылы нормаға, стандартқа сай дәрежесін белгілеуге бағытталады.
Әлемдік білім кеңістігінде педагогикалық өлшемдер ғылым ретінде дамығанымен, дербес мамандық ретінде маман даярлауда Нидерланды мемлекетінің тәжірибесі бар. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, «Жалпы педагогика» кафедрасының ұсынысы бойынша 6М012400 – «Педагогикалық өлшемдер» мамандығынан магистрлар даярлауға 2014 жылы Министрлік тарапынан рұқсат беріліп, мамандар даярлануда. 2016-2017 оқу жылында ғана мемлекет тарапынан 5 грант, 2017-2018 оқу жылында 15 грант бөлінді. Бұл біздің еліміздің жаңалығы мен жетістігі саналады. Білім берудің сапасын арттыруға жаңаша бағыттың алғашқы қадамдары деп білеміз. Білім беру жүйесіндегі білім мазмұнын жаңартумен қатар енген бағалаудың жаңа әдістері мен мүмкіндіктері, оның білім сапасын жақсартудағы өлшеудің жаңа инструментарийлері осылайша көпшілікке мейлінше түсінікті бола түседі.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы No 2 (74), 2018
98
Пайдаланылған әдебиеттер
1 Звонников В,И., Челышкова М.Б. Современные средства оценивания результатов обучения: учебное пособие для студ.высш.учеб.заведений. –М.: Издательский центр «Академия», 2009. –
224 с. 2 Аванесов В.С. Журнал «Педагогические измерения». No1. 2005.testolog@mtu-net.ru 3 Құнанбаев, А. Өлеңдер, поэмалар, аудармалар, қара сөздер. Құраст. Г.Бельгер. - Алматы:
«Мектеп», 2007.- 248 бет.- («Жетінші сөз» сериясы). 4 Машанов А. әл-Фараби және бүгінгі ғылым, А., 2004. 5 Мұратбаева Г.А., Қоңырбаева С.С. Бағалау өлшемдері – білім сапасын бақылаудың сенімді
құралдары. // Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 50 жылдығына арналған «Жас
ғалым - 2017» атты VІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері.
Қазақстан, Тараз, 2017 жыл, 30 наурыз. -Б.13-16. 6 Найденова Н.Н., Мұратбаева Г.Ә. Білім сапасын бағалаудың қазақстандық және әлемдік
инструментарийлері // Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы
No 1 (73), 2018. 118-127 бб. 7 Құдайбергенова К.С. Құзырлылықтың педагогикалық категория ретінде дамуының теориялық-
әдіснамалық негіздері. Монография. – Алматы, 2012. – 340 б. 8 Звонников В.И., Челышкова М.Б. Контроль качества обучения при аттестации:
компетентностный подход: учебное пособие. М.: Университетская книга; Логос, 2010.272 с.
ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ ИЗМЕРЕНИЕ КАК НАУЧНОЕ НАПРАВЛЕНИЕ И СПЕЦИАЛЬНОСТЬ
С.С. Қоңырбаева1, М.М. Қалиева2 1 к.п.н., и.о. профессора, 2 магистрант 2-курса «6М012400 – Педагогическое измерение» 1,2 Казахский государственный женский педагогический университет,
Казахстан, г.Алматы, е-mail: pedsheberlik@mail.ru
На сегодняшний день имеются определенные изученные теоретические положения в развитии
методологии и теории педагогических измерений, где приводятся сравнительная характеристика опыта
в мировой, российской и отечественной педагогике.
Педагогические измерения – междисциплинарная прикладная теория и практика. Авторами статьи
излагается актуальность изучения специальной теории педагогических измерений на основе создания
методов реконструкции ранее имеющегося опыта. Данная проблематика затрагивает научно-
методологические аспекты педагогических измерений. Авторами рассмотрены цели и задачи
педагогических измерений, значимость положений результатов тестирования и шкалирования путем
интерпретации, различных методов.
В названном учебном заведении осуществляется профессиональная подготовка магистров
специальности 6М012400 – «Педагогические измерения» научно-педагогического направления за
последние три года. В системе образования актуальными являются современные методы оценивания
результатов обучения, отбор новых инструментариев в улучшении качества образования.
Ключевые слова: измерения, педагогическое измерение, качество образования, научное
направление
PEDAGOGICAL MEASUREMENT AS A SCIENTIFIC DISCIPLINE AND SPECIALTY
S.S.Konyrbayeva 1, М.М.Kaliyeva 2 1Cand.Sci. (Pedagogy), Prof.(acting), 2Chair of General pedagogics 2-year Master student "6M012400-Pedagogical measurement» 1,2 Kazakh State Women’s Тeacher Training University,
е-mail: pedsheberlik@mail.ru
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы No 2 (74), 2018
99
Today we have certain studied theoretical position in methodology and theory pedagogical measurements, where are given compare characteristic experience in the world, Russian and native pedagogy. Pedagogical measurement is interdisciplinary applied theory as well as practice. Explanation of problems of creation of the special theory of pedagogical measurements requires attention to problems of justification, creation of methods of reconstruction of earlier available experience. These problems are related to the scientific methodology of pedagogical measurements. The importance of the provisions of the results of scaling, interpretation, pedagogical measurements and their goals, objectives, methods of determination is the main problems of the methodology. In our university, Master program 6М012400 – "Pedagogical measurement" was introduced three years ago. In the education system the new methods of assessment, measurement of education, the selection of new tools in improvement the quality of education are crucial. Key words: measurement, educational measurement, quality of education, research areas
Пайдаланылған әдебиеттер
1 Звонников В,И., Челышкова М.Б. Современные средства оценивания результатов обучения: учебное пособие для студ.высш.учеб.заведений. –М.: Издательский центр «Академия», 2009. –
224 с.
2 Аванесов В.С. Журнал «Педагогические измерения». No1. 2005.testolog@mtu-net.ru
3 Құнанбаев, А. Өлеңдер, поэмалар, аудармалар, қара сөздер. Құраст. Г.Бельгер. - Алматы:
«Мектеп», 2007.- 248 бет.- («Жетінші сөз» сериясы).
4 Машанов А. әл-Фараби және бүгінгі ғылым, А., 2004.
5 Мұратбаева Г.А., Қоңырбаева С.С. Бағалау өлшемдері – білім сапасын бақылаудың сенімді құралдары. // Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 50 жылдығына арналған «Жас
ғалым - 2017» атты VІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері.
Қазақстан, Тараз, 2017 жыл, 30 наурыз. -Б.13-16.
6 Найденова Н.Н., Мұратбаева Г.Ә. Білім сапасын бағалаудың қазақстандық және әлемдік
инструментарийлері // Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы
No 1 (73), 2018. 118-127 бб.
7 Құдайбергенова К.С. Құзырлылықтың педагогикалық категория ретінде дамуының теориялық-
әдіснамалық негіздері. Монография. – Алматы, 2012. – 340 б.
8 Звонников В.И., Челышкова М.Б. Контроль качества обучения при аттестации:
компетентностный подход: учебное пособие. М.: Университетская книга; Логос, 2010.272 с.
ПЕДАГОГТЫҢ БАҒАЛАУ-КВАЛИМЕТРИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ
Кобдикова Ж.У. п.ғ.д., доцент ҚазҰҚПУ, Алматы, Қазақстан
Педагогтің бағалау-квалиметриялық құзыреттілігі қазіргі жағдайда педагогиканың өзекті түсінігін көрсетеді,өйткені қазіргі уақытта педагогтың кәсіби құзыреттілігінің бағалаушы құрамдас бөлігі «жаңғырту» жүріп жатыр. Қазіргі заманғы ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, педагог бағалау қызметінің теориясы саласындағы білім мен іскерлікті және педагогикалық квалиметрия саласындағы білім мен іскерлікті синтездейтін тиісті бағалауквалиметриялық құзыреттерді меңгеруі тиіс. Бұл мақалада педагогтің бағалау-квалиметриялық құзыреттілігінің сипаттамасы берілген. Жетекші тәсіл ретінде педагогтің бағалау-квалиметриялық құзыреттілігінің квалиметриялық және бағалау компоненттерінің салыстырмалы талдауы қолданылды. Тірек сөздер: бағалау қызметі, бағалау, педагогикалық квалиметрия, өлшеу, құзыреттілік, бағалауквалиметриялық құзыреттілік. Қазіргі заманғы педагог бағалау және өлшеу саласында құзыретті болуы тиіс: ол педагогикалық квалиметрия негіздерін білуі, бағалау саласындағы білімді сауатты қолдана білуі, диагностиканың, оқыту нәтижелерін өлшеудің өзекті тәсілдерін қолдануы, бағалау шкалаларын пайдалануы, бағалау жүйелерін саралауы, бағалаудың тиімді құралдарын пайдалануы тиіс. Бағалау қызметі педагогикалық процестің міндетті компоненті болып табылады,онда оқу қызметінде өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау және педагогикалық қызметте оқу үрдісі мен нәтижелерін бағалау сияқты құбылыстар өзара әрекеттеседі. Қазіргі бағалау қызметі білім алушының үлгерімін бағалауда ғана емес, сонымен қатар білім беру нәтижелерінің сапасын басқаруда және оны бағалауда да болып табылады. Білім беру нәтижелерінің сапасын бағалау және өлшеу үшін арнайы бағалау және квалиметриялық білімдер мен біліктер жатқызылады. Бағалау білімі мен іскерліктері мыналарды қамтиды: а) бағалау қызметі туралы, оның құрылымы мен құрамдастары туралы, бағалау және белгі туралы, бағалау кезіндегі сенім және оны қамтамасыз ету тәсілдері туралы, топта қолайлы психологиялық климат құру тәсілдері туралы, бағалау кезіндегі төзімділік туралы, бағалау кезіндегі әдеп туралы, бағалау объектісі мен пәні туралы, бағалау әрекеттерін жүзеге асыру кезіндегі объективтілік туралы.; б) іскерліктер: объективті бағалау қызметін жүзеге асыру, оқушылармен өзара іс-қимыл жасау, сенімді қарым-қатынас жасау, бағалау кезінде кәсіби этиканы сақтау, бағалау кезінде қолайлы психологиялық жағдай жасау, алынған нәтижелерді түзету (қажет болған жағдайда), оқушыны тыңдау, қойылған белгіге немесе бағаға түсініктеме беру, жетекші сұрақ қою, өзін-өзі бағалауға үйрету және т. б. Квалиметриялық білімдер мен іскерліктерге мыналар жатады: а) негізгі квалиметриялық ұғымдарды білу, Өлшеу туралы, бағалаудың қазіргі критерийлері туралы, бағалау шкаласы, бағалау жүйесі, мониторинг, рангтер, рейтингтер және т. б. туралы білім; бағалау пәнін анықтау, бағалау пәнін бағалау критерийлерімен салыстыру, бағалау әрекеттерін талдау, бағалау нәтижелерін сипаттау және түсіндіру, бағалаудың барабар шкаласын теріп, оқу іс-әрекетінің нәтижелерін болжау және мүмкін болатын жағымсыз салдарларды болдырмау және т. б. 187 Бағалау қызметі бүгінгі күні білім беру нәтижесінің сапасын анықтау мақсатында өлшеу процедураларын іске асыру есебінен квалиметриялық толықтыруды қажет етеді Педагогикалық квалиметрия квалиметриялық ұғымдар мен терминдерді (өлшеу, бағалау критерийлері, шкалалар, рейтингтер, бағалаудың қазіргі заманғы жүйелері, қашықтықтан бағалау және т.б.) мазмұнға қосу есебінен педагогтың бағалау қызметін кеңейтуге және жаңартуға мүмкіндік берді. Бұл мақалада бағалаудың өзекті тенденцияларын ескеретін «болашақ педагогтың бағалауквалиметриялық құзыреттілігі» ұғымының авторлық сипаттамасы берілген[1, 5-б.]. Бағалау-квалиметриялық құзыреттер»,- дегеніміз не? Педагогикалық бағалау оқу іс-әрекеті нәтижелерінің сапасын өлшеуді, тест тапсырмаларын құрастыра және бағалай білуді, бағалау рәсімдерін қашықтықтан жүзеге асыруды, білім алушының жеке даму траекториясын анықтауды, білім алушылардың жетістіктерінің нәтижелілігін дәлелдейтін өлшеулер жүргізуді қарастырады. Мұның бәрі бізді оқыту нәтижелерін өлшеу және бағалау теориясы мен әдістемесі ретінде педагогикалық квалиметрияға жүгінуге мәжбүр етеді[2, 15-б.]. Бұл теорияны А. И. Субетто сандық және сипаттама шкалаларының көмегімен педагогикалық ҚЫЗМЕТ САПАСЫНЫҢ мониторингімен айналысатын білім саласы ретінде қарастырады. Білім алушылардың жетістіктерін бағалау мен өлшеуде бағалау және квалиметриялық элементтерді біріктіретін ұғымды қарастырайық. Бұл болашақ педагогтың бағалау-квалиметриялық құзыреттерінің дербес кешенін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Ғылыми дереккөздерді талдай отырып, «бағалау» терминінен басқа «бағалау», «бағалау қызметі», «педагогикалық қызметтің компоненті», «белгі», «бағалау рәсімі», «бағалау әрекеттері» терминдерінен басқа да терминдерді байқауға болады. Бағалау қызметіне, мінез-құлқына қарым-қатынас ретінде, олардың маңыздылығы мен нормалар мен мақсаттарға сәйкестігін анықтау ретінде түсіндіріледі [3, 19-б.]; дәрежесін, деңгейін, сапасын анықтау ретінде [4, 32-б.]. Бағалау қызметі білім беру үрдісінің тиімділігінің көрсеткіші болып табылады, сондықтан оның қазіргі үрдістерге сәйкестігінің маңыздылығы айқын. Бағалау қызметі, біздің ойымызша,»бағалау» ұғымын анықтаудағы әрекеттерді қамтиды. А. Н. Субботко бағалау қызметін энергетикалық, ақпараттық және атқарушы компоненттердің біртұтас бірлігін қамтитын жүйе ретінде қарастырады. Ол процесті «бағалау қызметінің құрамдас бөліктерін белсендіру, бағалау нәтижесін қалыптастыру және бағалау қызметінің бағдарламалық қамтамасыз ету үшін алынған деректерді пайдалану және соңында бағалау қызметі бағдарламасының басқаруындағы жаңа деректерді өңдеу» ретінде ұсынады[5, 12-б]. Б. П. Тугаринов бағалау қызметі деп адам үшін маңызды бірдеңе немесе бірдеңе құндылықтардың болуын немесе болмауын анықтауға байланысты күрделі талдау процесін түсінеді[6, 54-б.]. Н. В. Селезнев осы қызмет түрін адамның ортамен белсенді өзара іс-қимылы ретінде қарастырады, ол адам үшін қазіргі уақытта аса өзекті өмірлік маңызды құндылықтарды анықтауға бағытталған [7, 18-б.] Білім беруді жаңғырту құзыреттілік тәсіліне байланысты педагогикаға «құзыреттілік пен құзыреттілік»деген терминдерді енгізуге алып келді. Бұл терминдер педагогикалық үдеріспен, педагогикалық жүйемен ғана емес, сонымен қатар осы құбылыстардың барлық құрамдастарымен, соның ішінде бағалаумен де байланысты болды. Қазіргі бағалау бағалау құзыреттілігі түріндегі сипаттамалармен сүйемелденеді. «Бағалау құзыреттілігі» ұғымының мазмұнына тек білім, білік, дағдылар, қабілеттер ғана емес, сонымен қатар білім беру үдерісінің нәтижесі ретінде басқа да жеке мінездемелер енгізіледі. Бүгінгі таңда бағалау құзыреттілігі мен әр түрлі санаттағы құзыреттіліктерге зерттеулер жүргізілуде. Мысалы, Е. В. Прилипко [8, 33-б.], М. И. Томилова [9, 23-б.] оқытушылардың зерттеу объектісі ретінде қарайды, Э. Э. Кожевникова-оқушылардың денсаулығын бағалай алатын мұғалімдер [10, 125-б.], Д. А. Примеров педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерін зерттейді [11, 105-б.]. Бағалау жағдайындағы денсаулық сақтау бүгінгі күні педагогтар тарапынан ұқыпты қарауды талап ететін білім алушылардың психикалық жағдайына сәйкес келеді, объективтілік пен әділдік кез келген бағалаудың негізінде міндетті түрде жатуы тиіс. Барлығы білім берудегі квалиметриялық тәсілді өзі туралы анық мәлімдейді, бұл «бағалау құзыреттілігі»ұғымының мазмұнында көрініс табады. Осыған байланысты отандық педагогикада «педагогикалық квалиметрия»атты білімнің жаңа саласының пайда болуын атап өту қажет. XX ғасырдың 60-жылдарының аяғында квалиметрияның пайда болуына жатады және әскери инженер-құрылысшы Г. Г. басшылығымен жұмыс істеген кеңес ғалымдарының есімдерімен байланысты. Азгальдов. Квалиметрияны анықтау 1968 жылы Гарри Гайкович Азгальдов салааралық ғылым ретінде берілген. 188 Бағалау құзыреттілігі. Оқытушының бағалау құзыреттілігі-берілген саладағы ең аз қызмет тәжірибесімен, оқытушының жеке қасиеттерінің жиынтығымен (құндылық-мағыналық бағдар, білім, білік, дағды, қабілет), оның бағалау қызметінің тәжірибесімен (Е. В. Прилипко) Оқытушының бағалау құзыреттілігі - білім берудің гуманистік құндылықтарына негізделген, осы тұлғаның білім жүйесін және түнгі қызметті жүзеге асыруда қолдану қабілеттілігі мен дайындығын көрсететін тұлғаның интегралдық жеке басының құқығы (М. И. Томилова). Бағалау құзыреттілігі мұғалімнің өзі оқушылардың денсаулығы, - көпфакторлы құбылыс, ол мұғалімнің білім жүйесін, іскерлігін, оның құндылықты бағдарын, іс-әрекеттің мотиві мен тәсілдерін, гуманистік көзқарас және денсаулық сақтау принциптері негізінде оқушылардың білім беру нәтижелерін бағалау саласындағы жеке қасиеттерін қамтиды (Э. Э. Кожевникова) Бағалау құзыреті. Педагогикалық ЖОО студенттерінің бағалау құзыреттілігі-тұлғаның бағалау қызметінің құрылымы мен мазмұны туралы білімді қолдануға дайындығы мен қабілеті, бағалау қызметінің іскерліктері мен тәжірибесін пайдалану; осы қызмет түріне жеке тұлғаның уәждемесін қалыптастыру, оның құрылымын білу және оның процесі мен нәтижесіне тұрақты құндылық қатынасы (Д. А. Мысалов). Квалиметрияның шетелдік аналогы «бенчмаркинг» термині болып табылады, оның пайда болуы 1972 жылы (АҚШ) көрсетіледі. Роберт К. Кемп бұл ұғым ретінде тауарларды зерттеу мен бағалаудың үздіксіз процесін, сондай-ақ әлемдік саудадағы көшбасшылар өндірісінің тәжірибесін зерделеуді түсінеді [12, 112-б.]. Бенчмаркингтің басты ерекшелігі-ол тек экономикалық ғылымды зерттеуге бағытталған, бұл квалиметрия ғылым ретінде кең және тереңірек деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Квалиметрия өзінің ғылыми қалыптасуына қарай жаңа салааралық байланыстарды қалыптастырып, 1979 жылы Е. К. Марченконың арқасында педагогикадағы Квалиметрия туралы сөз қозғады. Автор алғаш рет педагогикадағы математикалық, сандық өлшеулерді, таным объектілерін Алгоритмдеу мен математикалық моделдеуді және өз жұмысында оқу үрдістерін қолданды [13, 23-б.]. Педагогикалық квалиметрияның әртүрлі анықтамасы бар. Мысалы, Е. В. Яковлев « педагогикалық объектілердің сапалық және сандық өлшемдерінің заңдылықтарын зерттейтін және негіздейтін ғылыми бағытты «түсінеді [14, 51-б.]. Квалиметриялық тәсіл негізінде зерттеушілер САПАНЫҢ әр түрлі көрсеткіштерін бөледі: педагогикалық құрамның сапасы, материалдық-техникалық базаның жағдайы, педагогикалық құрамның уәждемесі, оқу бағдарламаларының сапасы, басшылықтың инновациялық белсенділігі, үдерістік инновацияларды енгізу, бітірушілердің жұмысқа түсу кезінде немесе еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігі [15, 17-б.] және т. б. Егер бағалау қызметінде біз бағалау процесі туралы айтатын болсақ, онда квалиметрияны қарау кезінде сөз Өлшеу туралы болып отыр. А. И. Субетто өлшеу ретінде сапа шараларын құруды және олардың мәнін арнайы алгоритмдердің көмегімен анықтауды түсінеді. Автордың пікірінше, ол әрқашанда салыстыру жүйесі мен өлшеуіш субъектіні қамтитын белгілі бір өлшеу жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады. В. С. Аванесов педагогикалық өлшемде тұлғаның қызығушылығын тудыратын қасиеттерінің көріну деңгейін сандарға көрсету процесін қарастырады [16, 72-б.]. Зерттеушілер «квалиметриялық құзыреттілік» және «квалиметриялық құзыреттілік» ұғымдарын қарастырады. В. В. Юшковтың квалиметриялық құзыреттілігі деп «Технология»білім беру саласында білім алушыларды даярлау сапасын бағалаумен және басқарумен байланысты табысты кәсіби-педагогикалық қызмет үшін квалиметриялық білімдерді, біліктерді, Дағдылар мен жеке қасиеттерін қолдану қабілетін түсінеді [17, 84-б.]. Мұнда технологиялық білім беру бакалавры туралы сөз болып отыр. Е. В. Коробейникова квалиметриялық құзыреттілікпен педагогикалық практикада квалиметриялық әдістерді табысты қолдану үшін қажетті білім, білік, дағды және практикалық іс-әрекет тәжірибесінің жиынтығын қарастырады[18, 26-б.]. Зерттеу орталығында болашақ мұғалім бар. А. В. Мальцев, М. Ю. Мамонтова осы құзыреттілік деп педагогикалық қызметкердің оқыту кезінде алған білім мен іскерлікті оқыту нәтижелерін бағалау және оқу процесінің сапасын басқару міндеттерін шешу үшін педагогикалық өлшеулер саласындағы білім мен іскерліктің жиынтығын пайдалану дайындығы мен қабілетін түсінеді [19, 24-б.], ал Н. Б. Фомин -маманның теориялық-басқарушылық дайындығының бірлігін және мектептегі білім беру сапасын арттырудың вариативті міндеттерін шешу үшін кәсіби салада қолданбалы аналитикалық-бағалау технологияларын кешенді қолдану тәжірибелік қабілетін көрсететін жүйелі-жеке білімі және т.б. авторлар қажетті квалиметриялық білімге, білімдерге, білім алушыларды даярлау сапасын бағалау, өлшеу және басқару бойынша табысты педагогикалық қызмет үшін қабілеттерге назар аударады. Бағалау құзыреттілігінің квалиметриялық компоненті бағалау процесінің өзіне жаңаша қарауға, сапасын сандық өлшеуге мүмкіндік береді: білім сапасы, қалыптасатын құзыреттілік сапасы, білім сапасы, шеберлік және т. б. Шетелдік дерек көздерді талдау «Педагогтың бағалау-біліктілік құзыреттілігі» ұғымының 189 болмауын көрсетті. Алайда Небраска университетінің «Бюрос» тестілеу орталығы Америка мұғалімдер Федерациясымен, білім берудегі өлшем саласындағы ұлттық Ережемен және Ұлттық білім беру қауымдастығымен бірлесіп, білім алушылардың жетістіктерін бағалау саласындағы мұғалімдердің құзыреттілігі үшін стандартты әзірледі. Ол мыналарды қамтиды: 1. Мұғалімдер бағалау әдістерін қолдануда тәжірибелі болуы керек. 2. Мұғалімдер бағалау әдістерін дамытуда тәжірибелі болу керек. 3. Мұғалімдер әкімшілік ету, баға қою және бағалау нәтижелерін ұсыну бойынша тәжірибелі болуы керек. 4. Мұғалімдер оқушыларға қатысты бағалау шешімдерін қабылдау кезінде, сабақтарды жоспарлау кезінде, кестені әзірлеу кезінде және т. б. бағалау нәтижелерін қолдануда тәжірибелі болу керек. 5. Мұғалімдер студенттерді бағалау кезінде қолданылатын валидтік бағалау процедураларын дамытуда тәжірибелі болу керек. 6. Мұғалімдер білім алушылар мен басқа педагогтардың нәтижелерін ауызша бағалауда тәжірибелі болуы керек. 7. Мұғалімдер жалған, заңсыз және басқа да қолайсыз бағалау әдістерін тануда тәжірибелі болу керек [20, 35-б.]. Бағалау және квалиметриялық құзыреттер мен құзыреттілікті қарастырып, біз осы ұғымдардың байытылатыны, бір-бірін өзара толықтыратыны туралы қорытындыға келдік. Бірліктегі өлшеу және бағалау бағалау рәсімдерінің қазіргі заманғы үрдістерін көрсететін жаңа, өзекті ұғым құруы тиіс. Осыған байланысты «болашақ педагогтың бағалау-квалиметриялық құзыреттілігі» ұғымы әзірленді, ол білім беру нәтижелерінің сапасын бағалау және өлшеу үшін талап етілетін психика мен жеке тұлғаның күрделі білім, білік, қасиеттері мен сапасын түсіну керек. Біздің ойымызша, негізгі біліктілік - метрикалық ұғымдар (өлшеу, бағалау критерийлері, шкалалар, рейтингтер, бағалаудың қазіргі заманғы жүйелері, қашықтықтан бағалау және т.б.) түріндегі квалиметриялық білімді болашақ педагогтарды кәсіби даярлауға қосу қажет. Қорытынды: педагогикалық квалиметрия элементтерін түрлі өлшеу құралдары түрінде бағалау қызметіне қосу Білім берудегі қазіргі үрдістерге жауап береді. Бұл тәсіл білім беру ортасындағы бағалау қызметін жаңаша қарауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде болашақ Педагогтің кәсіби дайындығына қосымша талаптар қояды. Қазіргі жағдайда білім алушылардың жетістіктерін бағалау және өлшеу тұрғысынан педагог бағалау, сондай-ақ квалиметриялық құзыреттілікті меңгеруі тиіс. Бұл ретте болашақ педагогтың бағалау-квалиметриялық қызметінің табысты факторларына қатысты білім сапасын анықтаудағы, бағалаудағы кәсіби позициясын көрсететін тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру маңызды. Бағалаудың квалиметриялық құраушысын қарау оқу жоспарына, бағалау-квалиметриялық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған арнайы модульдегі болашақ педагогты психологиялық-педагогикалық даярлаудың білім беру бағдарламасына қосу қажеттілігіне әкеледі. Бұл ойды табысты іске асыру болашақ педагогтың кәсіби дайындығының мазмұнын жаңғыртуды ғана емес, сонымен қатар оқытудың креативті тәсілдерін табуды да көздейді. ӘДЕБИЕТ 1 Панюшкина Марина Александровна, старший преподаватель института образования ФГАОУ ВО «Балтийский федеральный университет им. И. Канта», г. Калининград, Россия 2 Субетто А. И. Квалиметрия: малая энциклопедия. - Вып. 1. - СПб.: ИПЦ СЗИУ - фил. РАНХиГС, 2015. - 244 с. 3 Хведченя Л. В. Педагогическая квалиметрия: историко-методологический аспект // Педагогика, Вестник БДУ, сер. 4. - 2011. - № 3. - С. 108-111. 4 Большой Российский энциклопедический словарь: в 2 т. - М.: Большая российская энциклопедия, 2003. - 1887 с. 5 Субботко А. Н. Формирование у будущего учителя системы оценочной деятельности: дис. ... канд. пед. наук: - Брянск, 2006. - 170 с 6 Тугаринов Б. П. Философия сознания. - М., 1971. - 199 с. 7 Селезнев Н. В. Развитие оценочной деятельности учителя и учащихся в учебно-воспитательном процессе: дис. ... д-ра пед. наук: 13.00.01. - Борисоглебск, 1997. - 280 с. 8 Прилипко Е. В. Оценочная деятельность преподавателя в компетентностной парадигме: формирование осознанной компетентности // Инновационные проекты и программы в образовании. - 2017. - № 1. - С.30-35. 9 Томилова М. И. Развитие оценочной компетентности преподавателя в вузе: автореф. дис. ... пед. наук: - Великий Новгород, 2013. - 25 с. 10 Кожевникова Э. Э. Развитие оценочной компетентности учителя при повышении квалификации как фактор сохранения здоровья школьников: дис. ... канд. пед. наук: 13.00.08. - Новокузнецк, 2012. - 239 с. 11 Примеров Д. А. Формирование оценочной компетенции студентов педагогического вуза: дис. ... канд. пед. наук: 13.00.08. - Челябинск, 2012. - 193 с. 12Азгальдов Г. Г., Азгальдова Л. А. Количественная оценка качества (Квалиметрия). - М., 1971. - 175 с. 190 13 Марченко Е. К. Методы квалиметрии в педагогике. - М., 1979. - 33 с. 14 Яковлев Е. В. Квалиметрический подход в педагогическом исследовании: новое видение // Педагогика. - 1999. - № 3. - С. 49-54. 15 Копилка уроков: сайт для учителей: обобщение педагогического опыта на тему «Педагогическая квалиметрия и ее роль в определении качества образования». 16 Аванесов В. С. Педагогическое измерение латентных // Педагогическая диагностика. - 2003. - № 4. - С. 69- 78. 17 Юшкова В. В. Формирование квалиметрической компетенции будущих бакалавров технологического образования: дис. ... канд. пед. наук: 13.00.08. - Ижевск, 2012. - 210 с. 18 Коробейникова Е. В. Квалиметрическая подготовка будущих учителей: дис. ... канд. пед. наук: 13.00.08. - Челябинск, 2007. - 173 19 Мальцев А. В., Мамонтова М. Ю. Формирование квалиметрической компетентности педагогических работников // Известия Уральского государственного университета. - 2009. - № 4(68). - С. 7-16. 20 Фомина Н. Б. Формирование квалиметрической компетентности руководителя общеобразовательного учреждения в системе повышения квалификации: дис. ... канд. пед. наук: 13.00.08. - Ижевск, 2010. - 195 с
Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы мен Еуразия ұлттық университеті 2006 жылы «Педагогикалық өлшемдер: қазіргі жағдайы мен даму тарихы» атты I халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Аванесов В.С., Григорьев С.Г., Гриншкун В.В., Масленников А.С., Наводнов В.Г. сынды ғалымдар, сонымен қатар Хлебников В.А. – РФ Федералды тестілеу орталығының директоры конференцияға Ресейден шақырылды.
Кітап Білім және ғылым Министрі Б.С Әйтімованың құттықтау сөзімен басталды. «…Тұңғыш рет ғылыми қызметкерлердің мамандықтар номенклатурасында «Педагогикалық диагностика, білім сапасын бағалау және басқару» мамандығы еңгізіліп, «Педагогика» мамандығы аясында «Педагогикалық өлшемдер» специализациясы бойынша магистрлерді дайындау басталды. Бұл шешімдер оқушылардың оқу жетістіктерін және сапасын бағалау жүйесінде келешекте қолдану және терең ғылыми зерттеулер жүргізуге түрткі болады.
Т.О. Балықбаевтың «Қазақстандағы сыртқы бағалау жүйесін және педагогикалық тестілеуді дамыту» конференцияның негізгі баяндамасы болды. Баяндамада білім сапасын бағалаудың жаңа әдістерін енгізудің бірінші қадамдары, сонымен қатар 1999 жылдан студенттік контингентін қалыптастырудың жаңа моделін енгізу туралы сипатталады. 2004-2006 жылдардағы ҰБТ шешімдері және оны енгізу қорытындылары, жаңа үлгінің басты қағидалары суреттеледі. Мемлекеттік аралық бағалау (МАБ) Ұлттық білім сапасын бағалау жүйесінің элементі болып суреттеледі.Баяндамада Қазақстандағы тестілеудің әдіс-тәсілдерінің және технологияның одан әрі дамуы, білім сапасының тәуелсіз сыртқы бақылаудың жолдары көрсетілген. Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығының мамандарының мақалаларында орта және жоғары білімді сырттай бағалаудың нақты іс-шараларының қорытындылары суреттеледі. Конференцияда Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығының бұрынғы директоры Т.Ж. Тасболатов, педагогикалық өлшемдердің аясында зерттеу жұмыстарын жүргізетін ұйымдардан мамандар қатысып, оның ішінде 2005 жылы құрылған Ұлттық білім сапасын бағалау орталығының баяндамалары бар.
Жалпы, I педагогикалық өлшемдер конференциясы мүдделі тараптардың қатысуымен жаңа ғылым сұрақтарын талқылайтын жақсы алаң болып табылады. Конференциядағы баяндамаларда педагогикалық өлшемдердің практикасы мен теориясының қазіргі жайы айқын көрініс тауып, Ұлттық білім сапасын бағалау жүйесінің элементтері, сол кездегі барлық білім сапасын бағалаудағы іс-шаралар сипатталады.
Қазақстандағы педагогикалық өлшемдердің даму тарихындағы бірінші конференцияның 10 жылдығына орай, оның рөлі мен орнын еске түсіру өте маңызды. 2016 жылы қыркүйек айында өткізілетін «Педагогикалық өлшемдер: болашағының даму тәжірибесі» атты II Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының қорытындылары өткен жылдардағы жетілу мен жас ғылымның алдағы даму жолдарын белгілеп береді.
Достарыңызбен бөлісу: |