«ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиал қызметкерлері Жидебай жерінде.
«Абай-дана, Абай-дара қазақта!»
Өлең, жырын қазағына арнаған,
Елдің қамын тебірентіп толғаған.
Халқы үшін мыңмен жалғыз алысқан,
Бұл заманда Абай сынды бар ма адам?!
Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі.
Ақынның дүниеге келгеніне 170 жыл, ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық, адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.
Ұлы ғұламаға – 170 жыл. Осы мерейтойды атап өту Шығыс жұрты үшін үлкен мереке, үлкен іс-шара. Аталған мерейтойды ШҚО бойынша ХҚКО қызметкелері атап өтті.
Іс-шараны ұжым ақынның туған жері Жидебайға барып, Абай мен Шәкәрім басына тағзым етуден бастады. Абайдың «Жидебай-Бөрiлі» мемлекеттiк тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайын аралады. Ақынның өмірі мен шығармашылығынан, жүріп өткен жолы мен өмірлік тағылымынан, оның ұрпақтары мен кейінге қалдырған мұрасымен сусындады. Бұдан кейін Абай ауданы, Қарауыл ауылындағы Ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді. Соның дәлелі ретінде шара соңында филиалдың бөлімдері арасында «Абай-дана, Абай-дара қазақта!» атты «Абай жолы» роман-эпопеясынан театрландырылған көріністерден байқау ұйымдастырылды. Кеш соңы Жидебай жерінің «Әйгерім бұлағы» басындағы этноауылда іс-шараны қорытындылаумен аяқталды.
«ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалы
Достарыңызбен бөлісу: |