Педагогикалық практика бағдарламасы


Педагогикалық практиканың мақсаты және мәселелері



бет4/15
Дата10.01.2023
өлшемі217.5 Kb.
#468298
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
ҚазҰТЗУ 709-01 Ү. Кәсіптік практика бағдарламасы

Педагогикалық практиканың мақсаты және мәселелері

5В070200 «Автоматтандыру және роботтандыру» мамандығының 1-курс студенттеріне сабақ беру арқылы педагогикалық практикадан өттім. Кафедра оқытушысы т.ғ.к., ассоц.профессор Исаметова Мадина Есдаулетовна дәріс беретін ISO1601 «Роботтандырылған өндіріс технологиясы» пәні бойынша сабағына қатыстым. Бірінші курс білімгерлерінің семинар сабақтарына қатыса отырып, бірнеше сабақтар жүргіздім, сонымен қатар ашық сабақ жүргізілді.




Курстың мақсаты: Курстың бағдарламасын құрастыруда келесі мақсаттар назарға алынды: студенттерді өнеркәсіптік роботтардың жіктелуімен таныстыру, қазіргі заманғы өнеркәсіптік кәсіпорындарды автоматтандырудың негізгі құралдары туралы жалпы мәліметтер беру, қазіргі заманғы роботталған құралдардың құрылымы мен кинематикасы туралы негізгі түсінік беру .


Курстың сипаттамасы: Роботизация және өндірісті цифрландыру қазіргі жағдайын зерттеу, базалық терминология және робототехниканы жіктеу. Өнеркәсіптік роботтардың құрылымдық және кинематикалық талдауы. Өнеркәсіптік роботтарды басқару жетектері мен құралдарын таңдау. Роботтарды жобалауда заманауи АЖЖ және оларды басқару жүйелерін білу.


Пререквизиттер:

  • Математика

  • Материалдар кедергсі

  • Теориялық механика



Постреквизиттер:

  • Математика

  • Физика

Бағдарламаның түлектерінің кәсіптік қызметі автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект және автоматтандырылған басқару аймағына бағытталған. Өндірістік және технологиялық процестерді автоматтандыруға байланысты ішкі мазмұны толық жаңартылып және өндірістік процестерді роботтандыру бойынша жаңа пәндермен толықтырылған.


Білім бағдарламасы келесідей инновациялық пәндерді зерделеуді қарастырады:
- техникалық және роботтандырылған жүйелерде автоматтандыру мен басқару;
- автоматтандыру және роботтандыру жүйелерін жобалау;
- технологиялық процестерді интеллектуальды басқару жүйелері;
- технологиялықжабдықтар диагностикасында интеллектуальды және ақпаратты басқару жүйелері;
- өндірістік процестерді роботтандыру;
- контроллерлер мен микроконтроллерлерді программалау;
- типтік технологиялық процестер мен өндірісті автоматтандыру;
- өндірісті шұғыл басқару;
- автоматтандыру жүйелерін монтаждау, баптау;
- электротехникалық жүйелерін монтаждау, баптау.
Оқу бағдарламасын игеру процесінде автоматтандыру мен роботтандыру саласындағы техника және технология бакалаврі мынадай түйінді құзыреттерге ие болуы тиіс.
Бакалавр түсінігі болуы тиіс:
-қазіргі заманғы өндірістік процестерді автоматтандыру басқару жүйелерін және технологиялық кешендерді роботтандыру туралы;
-әр түрлі өнеркәсіп салаларында өндірістік процестерді автоматтандыру жүйелері мен технологиялық кешендерді роботтандыру үшін қазіргі заманғы программалық өнімдерді, сонымен бірге жасанды интеллект әдістерін қолдана отырып салыстырып талдауға;
-өндірістік процестерді автоматтандырудың қазіргі заманғы техникалық құралдары (датчиктер, оның ішінде интеллектуальды датчиктер, атқарушы механизмдер, соның ішінде аңдушы жетек, микроконтроллерлер, микропроцессорлар және т. б.) туралы.
Білуі тиіс:
-әр түрлі өнеркәсіп салаларында технологиялық процестерді автоматтандырып басқарушы жүйелер мен кешендерді роботтандыруда функциональды сүлбелерін құру әдістерін;
-өндірістік процестерді автоматтандыру мен роботтандыру жүйелерінің қазіргі заманғы даму тенденцияларын;
-әр түрлі өнеркәсіп салаларында технологиялық кешендерді роботтандыру және өндірістік процестерді автоматтандырып басқару жүйелерін эксплуатация, монтаждау, баптау үшін стандарттарды, әдістемелік және нормативтік материалдарды;
-еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігін.
Дағдылары болуы тиіс:
-өндірістік процестерді автоматтандыру және роботтандыру жүйелерде эксплуатация, монтаждау, баптау мен өңдеуді ұйымдастыру бойынша жұмыстарды;
- кәсіптік қызмет саласындағы қолданылатын ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу жұмыстарды ұйымдастыру бойынша.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет