Педагогикалық практика бойынша



Дата06.03.2024
өлшемі18.19 Kb.
#494576
бақжан


«Халықаралық туризм және меймандостық» университеті
«Дене шынықтыру және спорт» мектебінің 3 курс ДШС 21-01 тобының студенті Жарқын Бақжан Абайұлы
педагогикалық практика бойынша
ЕСЕБІ
Мен, Жарқын Бақжан Абайұлы 22.12.2023ж № С-369 БҰЙРЫҚ негізінде 2024 жылғы 23-ші қаңтар мен 26 ақпан аралығында Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Н.Бекежанов атындағы №13 жалпы білім береті мектебінде дене шынықтыру пәні бойынша педагогикалық практикадан өттім.
Н.Бекежанов атындағы №13 жалпы білім беретін мектебінде оқу және тәрбие жұмыстары бойынша директордың орынбасарларымен және дене шынықтыру мұғалімдерімен таныстым. Дене шынықтыру мұғаліміне бекітіліп, педагогикалық практиканың жұмыс жоспар - кестесімен танысып, педагогикалық практиканың өту барысын күнделік - есепке жазып отырдым. Сабақтан тыс уақытта өзіме бекітілген сынып оқушыларымен тығыз байланыста болып сынып жетекшісімен бірге тәрбие жұмыстарын жүргізді.Маған берілген 6 сыныбымның сабақтарына қатыстым, оқушылардың сабақ үлгерімін бақылау барысында пән мұғалімінің берген тапсырмаларын дұрыс орындауларын қадағалап нұсқаулықтар беріп отырдым. Күнделікті дене шынықтыру сабағы бойынша тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатысып отырдым.. Сонымен қатар, 6 сыныбына дене шынықтыру сабағының ҚМЖ-ры бойынша жүгіру секіру реттілігі тақырыбында ашық сабақ өттім. Мектеп жоспар бойынша ұйымдастырылып өткізілген тәрбие сағаттарына да қатысып қажетті тәжірибелер жинақтап, өз дайындығым бойынша 6 сыныбының тәрбие сағатының жылдық жоспарынан «Ізгілік – адамгершіліктін белгісі» тақырыбында тәрбие сағатын өткіздім.
Мектепте «Валейбол, Футбол, Тоғызқұмалақ, Асық ату» үйірмесі жұмыс жасайды. Одан соң құжаттарды түгелдеп, өткізуге дайындадым.


3 курс, ДШС 21-01 тобының
студенті Жарқын Б.А

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет