Педагогтардың кәсіби құзыреттілігі мәселесі үнемі зерттеуші ғалымдар назарында
ХІХ ғасырдың 70-90 жылдары Н.В. Кузьминаның, А.К. Маркованың, М.Ж. Жадринаның және т.б. зерттеулерінде құзыреттілікті мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінде кәсібилікті анықтайтын басты компонент және педагогикалық үрдісті басқаруда жаңа мақсат ретінде қарастырады.
Құзыреттілік пен құзырлық мәселесі жайында жұмыстарға талдау қазіргі кезде «құзырлықтың» және «құзыреттілік» ұғымдарының нақты бір мағыналы түсініктері жоқ екені байқалады. Зерттеушілер құзырлық пен құзыреттіліктің 40-қа жуық түрлерін атайды.
Құзыреттілік - ұстаздың мамандықты оқушы тұлғасының қалыптасу құралына айналдыру қабілеті (И.В.Кузьмина);
- білім, білік, дағды және оларды іс-әрекетте, қарым-қатынаста, дамуда (өзіндік дамуда) жүзеге асырудың жолдары мен тәсілдері (Л.М. Митина);
- кәсібиліктің тұлғалық құрамы (Т.Ю. Базаров);
- маманды даярлау сапасының өлшемі мен нәтижесі (А.Г. Бермус, И.А. Зимняя);
- білім мазмұны жаңаруының тәжірибеде байқалуы (В.В. Краевский);
- оқытушының педагогикалық мәдениетінің базалық құрамы (Т.Е. Исаева);
Қазіргі білім беру үрдісіне және ұстаз біліктілігіне қойылып отырған талаптарды негізге ала отырып педагог меңгере білуге тиісті негізгі құзіреттерді анықтадық.
Достарыңызбен бөлісу: |