Орындаған: Магзумова Алима
107 ЖМ
№5 Тақырып: Коммуникациялық дағдылар, үрдіс туралы түсінік, медициналық этика және деонтология. Дәрігер мен науқастың тиімді қарым - қатынаста орнатуда вербальды және вербальды емес қарым-қатынас түрлері. Дәрігер мен науқас арасындағы қарым - қатынас барысында коммуникативтік кедергілер
1. Дәрігердің пациентпен, оның отбасы мүшелерімен, медициналық қызметкерлермен/әріптестермен тиімді және жанжалсыз өзара қарым-қатынас орнату үшін коммуникативтік құзыреттіліктің маңыздылығы.
Медицина қызметкерінің коммуникативті білгерлігі-кәсіби маңызды қасиет. Мамандығына байланысты медициналық қызметкер үнемі және тығыз, қарқынды қарым-қатынас жасауға мәжбүр болады: науқастармен және олардың туыстарымен, жақындарымен, басқадай медициналық қызметкерлерімен (дәрігер, әріптестері, мейірбикелер, кіші мейірбикелер, мекеме әкімшілігімен т.б). Тиісті мамандық дәрежеге және табысқа жету үшін медициналық қызметкер қатынасу білгерлігін, басқа адамдармен қарым-қатынас тәсілдерін, үнемі дамытып, жетілдіріп отыруы қажет. Науқаспен тиімді психологиялық жанасу арқылы нақтылы түрде және толық мәлімет жинастыру мүмкіншілігі туады. Медициналық қызметкердің алдында тұрған мәселелердің нәтижелі шешілуі, ауру адаммен сенімділігін және түсіністік жағдайға жетуі, оның қарым-қатынас икеміне, яғни коммуникативті білгерлігіне байланысты.
Коммуникативті білгерлік (компетенттілік) дегеніміз-медицина қызметкерлерінің басқа адамдармен (науқас және оның жақындары мен туыстары, дәрігер, әріптестері, кіші мейірбикелер т.б) коммуникация тәсілдерін нәтижелі қолдана білу арқылы қарым-қатынас жасау қабілеті. Медицина қызметкерінің емдеу шараларының дәлдігі мен дұрыстығына күдікті болмаған және медициналық қызметкерге толық сенім білдірген жағдайда ғана науқас қажетті процедураларды сеніммен өтеді. Алайда, медицина қызметкері мен науқас арасында мұндай психологиялық жанасу тұрақтанбаса, ол нұсқаулықтарды немқұрайлы орындап, басқа медициналық қызметкерге бас бұрып немесе өзін-өзі емдеуге мәжбүр болады.
Қазіргі заманға сай ақылы медицина жағдайында пациент тапсырыс беруші ретінде, яғни медициналық қызметкердің көрсеткен қызметі үшін ақы төлеуіне байланысты, олардың арасында психологиялық қатынас өте күрделі және маңызды. Бұндай жағдайда пациент маманның кәсіптік білгерлігімен қатар, оның адамгершілік және жеке тұлғалық қасиеттерінен хабардар болады: қадірлігі мен сенім білдіруі, назар аударуымен ілтипаттылығы, өзіне қарай адамды бейімдеуі, қатынасуға ынталануы, ұқыптылығы мен қайырымдылығы. Кейбір ауру адамдар, медициналық қызметкердің психологиялық қасиеттерін, оның кәсіптік біліктілігі мен біліміне де жоғары мән береді.Сонымен, медициналық қызметкердің коммуникативтік маңызды қасиеттеріне келесілер жатады: адамгершілігі, адамға назар аударуы, мамандығын сүю, қайырымдылығы, кішіпейілдігі, әдептілігі. Жақсы көңіл-күй жағдайында жанасу құрастыратын медициналық қызметкердің тұлғалық қасиеттеріне науқастар өте жоғары баға береді.
Медициналық қызметкерде психологиялық біліммен қатар (тұлға түрлері, темперамент, қақтығыстарды шешу қабілеті т.б), коммуникативтік тұрғыдан білгерлік жоғары болған жағдайда, оның науқаспен қатынасы арнайы біліктілікпен құрастырылады, мысалы жанасу құруды білуі, тыңдай білуі, коммуникацияның вербальды емес белгілерін білуі, сауалдар құрастыруы.Сонымен қатар, медициналық қызметкер өз эмоцияларын, яғни көңіл –күйін тұрақты ұстай білуі, құпияны сақтауға қабілеттілігі, өз реакцияларын бақылап қадағалауы, әдеп сақтай білуі де мағыналы.
Достарыңызбен бөлісу: |