Педагокика Бақылау сұрақтар Балалардың адамгершілік тәрбиесі дегеніміз?



бет1/3
Дата06.05.2024
өлшемі34.11 Kb.
#500606
  1   2   3
Психология


Педагокика
Бақылау сұрақтар
1.Балалардың адамгершілік тәрбиесі дегеніміз?
1."Адамгершілік даму","адамгершілік тәрбие" ұғымдары. Жалпы базалық кұндылықтар.Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу туралы Н.Қулжанова, А.К. Менжанова, Ж.А.Исмайлова зерттеулері. Мектеп жасына дейінгі балалардың "Мен бейнесі", "Мен тұжырымдамасынын" қалыптасу ерекшеліктері. "Өзін- өзі тану" бағадарламасы - мектеп жасына дейінгі балаларды жоғары рухани адамгершілікке тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балалардың “Мен бейнесі”, “Мен түжырымдамасының” қалыптасу ерекшеліктері. “Өзін- өзі тану” бағадарламасы – мектеп жасына дейінгі балаларды жоғары рухани адамгершілікке тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу мақсат, міндеттері, мазмұны және оның әдістері, принциптері. Адамгершілікке тәрбиелеу механизмі. Ізгілік сапаларын қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіру. Мектеп жасына дейінгі балаларға әлеуметтік тәрбие берудің теорялық негіздері. Әлеуметтік тәрбиелеу әдістемесі. Жеке тұлғалық бағдарлап тәрбиелеу моделі. “Ұжым” және “Ұжымдық” сезімдері ұғымы. Мектеп жасына дейінгі балалардың ұжымы мен ұжымдық сезімінің ерекшеліктері. Балалар ұжымының қалыптасу кезеңдері және шарттары. Ұжымдағы балалардың өзара қарым-қатынасы. С.А. Козлованың балалардың жағымды қарым-қатынасқа тәрбиелеу әдістемесі. Елжандылыққа тәрбиелеудің теориялық негіздері. Елжандылыққа тәрбиелеу әдістемесі. С.Асфендияровтың елжандылық туралы ойлары. Мектеп жасына дейінгі балаларды бастапқы азаматтыққа тәрбиелеу. Мектепке дейінгі балаларға адамгершілік тәрбие беру. Балалар бақшасында адамгершілік тәрбие берудің жалпы сипаттамасы. Адамның моралдық сапа негіздері мектепке дейінгі балалық шағында қалыптасады. Мектепке дейінгі жылдарда бала ересектердің жетекшілігімен жақын адамдарымен, құрдастарымен, заттармен, табиғатпен қарым-қатынас жасаудың, тәлім-тәрбие алудың бастапқы тәжірибесіне ие болады. Балалардың іс-әрекеттерін басқара отырып, тәрбиші олардың бойында Отанын сүю, айналадағыларға ықыласпен қарау, шамасы келгенше оларға көмектесуге ұмтылу, дербес іс-әрекетте белсенділік және белгілі бір іске бастама (инициатива) көрсету сияқты адамның маңызды сипаттарын қалыптастырады. Дұрыс тәрбие балаларда теріс тәжірибе көбеюіне жол бермейді, баланың адамгершілік сапасының қалыптасуына қолайсыз әсер ететін мінез-құлықтағы теріс дағдылар мен әдеттердің дамуына кедергі жасайды. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері – балалардың адамгершілік сезімдерін, мінез-құлықтың ізгі дағдылары мен әдеттердің адамгершілік ұғымдары мен мінез-құлық түрткілерін қалыптастыру. Баланың тәрбиелеуде оның өмірінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ адамгершілік сезімдерін қалыптастыру үлкен орын алады. Үлкендермен қарым-қатынас жасау процесінде оларға үйір болу, оларды жақсы көру сезімі, олардың нұсқауларына сай әрекет жасауға, оларға қуантуға, жақын адамдарын ренжітетін қылықтар жасамауға ұмтылу пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет