"Түркі тілдерінің сөздігі" - Түрік тайпаларының тілі, фольклоры, этнографиясы туралы шығарма авторы Махмуд Қашқари (1029-1101) еді, оның халиф әл-Мухтадиге арнап 1072-1074 жж. жазған "Түркі тілдерінің сөздігі" («Диуани лұғат ат-түрк») атты атақты шығармасы бар. Онда тарихи-мәдени, этнографиялық және лингвистикалық материалдар жинақталып, кеңінен қамтылған. "Түркі тілдерінің сөздігі" - XI ғасырдағы түркі халықтарының дүние танымының ерекшелігін, этникалық құндылықтары мен мінез-құлық нормаларын сипаттайтын түркі мәдениетінің ескерткіші, онда ата-бабаларымыздың бұрыңғы мұралары толық қамтылған. Кітапта ежелгі зороастрийлік-шамандық дүниеге көзқараспен қатар жаңа идеология - исламның элементтері мен оның бір тармағы суфизм туралы да айтылған
- "Сөздік" қазіргі кезде А.Н.Кононовтың айтуы бойынша XI ғасырдағы түріктердің өмірі туралы бірден бір ақпарат көзі болып табылады: атап айтқанда, олардың материалдық мәдениеті, тұрмыс-салты туралы, энонимдер мен топонимдер, рулық бөлініс жөнінде, түрлі лауазым иелерінің атақтары мен атаулары, тағамдар мен сусындар атаулары туралы, мал шаруашылығы жөнінде, өсімдіктер мен дәндер туралы, астрономиялық терминдер, металдар мен минералдар туралы, географиялық терминология мен номенклатура туралы, қалалар, аурулар мен дәрілер атаулары, тарихи және мифологиялық батырлар, діни және этникалық терминология туралы, балалардың ойыны мен ойын-сауықтар туралы және т.б.". Махмуд Қашғари өзінің кітабында мынандай негізгі жанрларды бөліп қарастырады: түркі тілді фольклорлық-тұрмыс-салт және лирикалық әндер, батырлар жырынан үзінділер, тарихи ертегілер мен аңыздар, 400-ден аса мақалдар, мәтелдер және шешендік сөздер.
Сәулет және сән өнерiнiң ескерткiштерi - Сәулет өнері ескерткіштері — оны жасаған қоғамнын өмірі туралы аса бай ақпарат көзі. Өнердің және құрылыс техникасының ескерткіштері болумен қатар, олар дәуірдің эстетикалық нормалары, идеологиясы туралы, ғылыми-техникалық мүмкіншіліктің дамуы туралы, мәдени қарым-қатынастар туралы, құрылыс қоленерінің ұйымдастырылуы мен деңгейі туралы айқын түсінік береді
- Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қазіргі кезге дейін сақталған архитектуралық құрылыстар саны көп емес және мұсылмандық орта ғасырлар дәуірімен шектелген. Сондықтан сәулет енері тарихының жалпы проблемаларын шешу, архитектуралық-көркемдік бейне эволюциясын ашып көрсету, сәулет өнері дамуының зандылыктарын зерттеу көбінесе сәулет енері ескерткіштерін археологиялық зертгеуге байланысты.
- Сәулет өнері археологиялық қазба жұмыстарында табылған ескерткішерде, тіпті тас дәуірі ескерткіштерінің өзінен-ақ ұшырасып, одан кейінгі кезендерде барған сайын ұлғая береді. Ол адамның материалдық және рухани мәдениет сапаларын біріктіретін жасампаздық қызметінің ерекше түрі — «пайданың, беріктік пен әсемдіктің» ұштастырылуы болып табылады
Достарыңызбен бөлісу: |