Пән бағдарламасының беттік парағы (SYLLABUS)
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.4/19
|
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия кафедрасы
ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
OTC 4306– Құбыр цехтарының жабдықтары
Павлодар, 2013 ж.
Лист утверждения программы дисциплины (Syllabus)
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.4/19
|
|
БЕКІТЕМІН:
ММЖжК деканы
__________Тоқтағанов Т.Т.
«___»_________20__ ж.
|
Құрастырушы: _________ магистр, аға оқытушы Абсолямова Д.Р.
(қолы)
Металлургия кафедрасы
Пән бағдарламасы (Syllabus)
OTC 4306– Құбыр цехтарының жабдықтары
5В070900 «Металлургия» мамандығының күндізгі оқу түріндегі студенттеріне арналған
Бағдарлама «__»_________20__ж., №__ хаттамамен бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған
Кафедра отырысында ұсынылған «__» _____20__ ж., №_ хаттама
Кафедра меңгерушісі_________ Сүйіндіков М.М.
Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің оқу әдістемелік кеңесі қолдаған «__» _____20__ ж., №__ хаттама
ОӘК төрағасы __________ Ахметов Ж.Е.
1. Оқу пәннің төлқұжаты
Пән аталуы Металдарды қысыммен өңдеу
Кредиттер саны және оқу мерзімі
Барлығы – 1 кредит
Курс: 4
Семестр: 7
Аудиторлық сабақтардың барлыңы – 15 сағат
Дәріс – 7,5 сағат
Тәжірибелік – 7,5 сағат
СӨЖ – 30 часов
сонын ішінде ОСӨЖ – 15сағат
Жалпы еңбек сыйымдылығы – 45 сағат
Бақылау түрі
емтихан – 7 семестр
Пререквизиттер
Материалдар кедергісі, машиналар мен механизмдер теориясы, электротехника және өндірістік электрондар негізі, гидравлика және гидропневмоберіліс, машинажасау экономикасы, материалтану.
Постреквизиттер
Пәнді оқып меңгеру және алған білімі келесі пәндерді ұғынуға қажетті: Мемлекеттік емтихан, дипломдық жобалау.
2. Оқытушы туралы мағлұмат және контактылы ақпараттар
Дәріс, тәжірибелік, СОӨЖ – Абсолямова Д.Р., магистр, аға оқытушы
Металлургия кафедрасы, Б–224 аудиториясы.
телефон: 8 (7182) 673623,
3. Пән, мақсаттары және міндеттері
Пән туралы мағлумат
«Құбыр цехтарының жабдықтары» пәні – өзіне құбыр илемдеу өндірісінің жабдықтарын, сонымен қатар құбыр илемдеу цехтарындағы басқа да жабдықтарының тағайындалуы мен құрылғысы бойынша теориялық білімдерді алу, жабдықтардың негізгі техника–экономикалық көрсеткіштерінің тиімді үйлесімін анықтауы бойынша негізгі мәліметтерден тұратын профилдеуші пән болып табылады.
Пәнді оқыту мақсаты
Негізгі мақсаты тәлімгерлер тандап алған мамандығы мен мамандыруы бойынша жалпы мәліметтерді алу, университеттін бағдарламану ресурстарымен қолдану, конспекттер мен рефераттарды құрастыру кезінде қажетті тәжірибелік дағдыларды алу.
Пәнді оқыту міндеттері
Пәннің негізгі міндеті – құбыр цехтарының жабдықтары бойынша білімдерді алу, құбыр өндіру кезіндегі пайда болатын ақауларды анықтау, құбыр илемдеу өндірісіндегі илемдеу орнақтарын пайдалану кезінде қажетті тәжірибе дағдыларын тәлімгерлерге беру.
4. Біліуіне, істей білуіне, дағдыларына және құзыреттеріне қойылатын талаптар
Осы пәнді оқу нәтижесінде студенттердің мағлұматтары болуы керек: қобылау және жаю орнақтарының тағайындалуы мен құрылымы бойынша, сонымен қатар құбыр илемдеу цехтарының басқа да жабдықтары бойынша білімдерді алу; жабдықтың негізгі техникалық экономикалық көрсеткіштердің рационалды үйлесімін анықтауын істей білу, металлургиялық өңдірісіндегі жабдықтарымен қолдану және есептеу кезіндегі қажетті тәжірибелік дағдыларын тәлімгерлерге еңгізу болып табылады
білуі керек:
-
тұтас және пісіріліп жасалынған құбырларды алуға арналған металлургиялық жабдықтардың жұмыс шарты, тағайындалуы мен құрылымы;
-
жабдықтардың жеке түрлерінің қадыр қасиеттері мен кемшіліктері;
-
жабдықтарды жетілдіру бағыты мен болашағы;
-
құбыр илемдеу комплексіндегі машиналарды пайдалану үздік әдістері.
істей білуі керек:
-
жабдықтырдың жұмыс істеу оптималды шарттарын таңдау;
-
жабдықтардың негізгі параметрлері мен қуатын есептеу;
-
жабдықтар жаңарту және жобалау бойынша ұсыныстарды негіздеу және еңгізу.
құзыретті болу:
-
құбыр илемдеу өндірісіндегі техника экономикалық параметрлері;
-
құбыр илемдеу өндірісінің механикалық жабдықтарының техника экономикалық талдауын жасау.
5. Пәннің тақырыптық жоспары
Сабақ түрі бойынша академиялық сағаттардың реттелуі
№ т/б
|
Тақырыптар аталуы
|
Сабақ түрі бойынша аудиторлық сағаттар саны
|
ОӨЖ
|
дәріс
|
тәж.
|
зертх.
|
барлығы
|
соның ішінде СОӨЖ
|
1
|
Кіріспе. Қобылау орнақтары
|
0,5
|
0,5
|
|
2
|
1
|
2
|
Автоматты орнақтар
|
1
|
1
|
|
4
|
2
|
3
|
Үздіксіз құбыр илемдеу орнақтары
|
2
|
1
|
|
4
|
2
|
4
|
Пилигримдік орнақтар
|
0,5
|
1
|
|
4
|
2
|
5
|
Жаю орнақтары
|
0,5
|
1
|
|
4
|
1
|
6
|
Редукциялық және калибрлеу орнақтары
|
1
|
1
|
|
2
|
1
|
7
|
Құбырларды суықтай илемдеу, тартып созу және баспалау үшін арналған агрегаттар
|
1
|
1
|
|
6
|
3
|
8
|
Құбырларды пісіріп жасау үшін арналған агрегаттар
|
1
|
1
|
|
4
|
2
|
|
Барлығы:45 (1 кредит)
|
7,5
|
7,5
|
|
30
|
15
|
6. Дәріс сабақтардың мазмұны
Тақырып 1. Кіріспе. Қобылау орнақтары
Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):
1. Металлургиялық зауыттағы толық және толықсыз металлургиялық циклмен құбыр илемдеу цехының орны мен тағайындалуы.
2. Қобылау орнақтарының конструкциясы. Қобылау илемдеу орнағының негізгі және қосымша жабдықтары.
Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)
Толық металлургиялық циклы бар металлургия кәсіпорындарда төрт түрлі қайта өңдеу қолданылады:
-
бірінші қайта өңдеу деп домна пештерінде шойын өндіруді айтады. Шойынның негізгі бөлігі болат балқыту цехтарына болатты балқытып алу үшін жіберіледі (қайта өңделетін шойын). Қалған бөлігі машинажасау өндірісіне жіберіледі;
-
екінші қайта өңдеу деп болат балқыту цехтарында (мартен, конвертер, электрлі болат балқыту агрегаттарында) болатты балқытып өндіруді айтады. Онда болат құймакесек немесе дайындаманы үздіксіз құйатын машинада (ДҮҚМ) дайындама болып құйылады. Осы құймакесектер немесе дайындамалар илемдеу цехтары үшін бастапқы шикізат болып табылады. Өте маңызды болып құрамына бірінші қайта өңдеу кірмейтін, яғни болатты домна өндірісісіз тікелей тотықсыздандыру жолымен электрпештерде балқытып алатын металлургиялық зауыттар саналады;
-
үшінші қайта өңдеу деп қаңылтырды, сорты илемді ыстықтай өңдеп жасайтын илемдеу өндірісін айтады. Осы өнімдер металлургия өндірісінің дайын өнімі ретінде тұтынушыға жөнелтіледі немесе ары қарай өңдейтін цехтарға жіберіледі (төртінші қайта өңдеу цехтарына). Қазіргі заманғы ыстықтай илемдейтін орнақтарда қалыңдығы 1,2 мм және одан үлкен болатын қалың қаңылтыр шығарылады;
төртінші қайта өңдеу деп ыстықтай илемделген сортты және табақты болаттарды, оларға қосымша арнайы қасиеттер беру және сапасын жақсарту мақсатымен, ары қарай өңдеуді айтады.
Құбырларды илемдеудің барлық технологиялық сұлбалары екі негізгі операцияны қосады:
-
дайындамадан немесе құймакесектен қалынқабырғалы гильзаны алу;
-
алғашқы құбырға гильзаны жаю.
Қарапайым бойлық илемдеу кезінде біліктер жан-жаққа айналады: біреуі – сағат бойымен, ал басқасы – қарсы, ал деформацияланатын металл олардың бөшкелеріне перпендикуляр жылжиды. Винтті илемдеу кезінде дөңгелек дайындамаға айналмалы-ілгермелі (винтті) қозғалысты беретін біліктер бір бағытта айналады. Осынын арқасында қимасы бойынша металл біліктермен қысылады және олардың бөшкесі бойымен ұзартылады. Винтті илемдеуді іске асыру үшін жұмыс біліктерінің остерін дайындама осіне қатынасты кейбір бұрышпен орнатылады.
Тақырып 2. Автоматты орнақтар.
Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):
1. Автоматты орнақтарда илемдеу үрдісінің негізі.
2. Жұмыс қапастары орналасуы мен тағайындалуы бойынша илемдеу орнақтарының топтастырылуы.
Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)
Автоматты орнағы бар агрегаттарда диаметрі 60 – 420 мм, қабырға қалыңдығы 3 – 60 мм және ұзындығы 15,5 м дейін болатын құбырларды илемдейді. Мұндай агрегаттарда құбырларды өңдіру үшін бастапқы материал ретінде толық қимасының диаметрі 350 мм дейін болатын ыстықтай илемделген немесе соғылған дайындамалар қолданылады.
Технологиялық процесс гильзаны алудан және гильзаны құбырға илемдеу операцияларынан тұрады. Соңғы операцияда ұзарту әдісін қолданып гильзаны жаяды және қабырға қалыңдығын жұқартады. Қалған операциялар дайындаманы әзірлеу мен берілген өлшемге дейін құбырларды өңдеумен байланысты.
Автоматты орнағы бар агрегаттар кішкентай (140 агрегаты, диаметрі 50.....140 мм, қабырға қалыңдығы 3....30 мм құбырлар жасау үшін); орташа (250 агрегаты, диаметрі 114.....219 мм, қабырға қалыңдығы 35...40 мм құбырлар жасау үшін); үлкен (400 агрегаты, диаметрі 140....426 мм, қабырға қалыңдығы 5....60 мм құбырлар жасау үшін) болып бөлінеді.
Барлық автоматты орнағы бар агрегаттардың жабдықтарының орналасуы мен технологиялық процесінің сұлбалары бірдей.
Тақырып 3. Үздіксіз құбыр илемдеу орнақтары.
Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):
1. Құбырларды үздіксіз құю үрдісінің негізі.
2. Үздіксіз орнақтарының конструкциясы. Қозғағыштары енкейіп орналасқан үздіксіз орнақтары.
Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)
Үздіксіз орнақты агрегаттар көп елдердің өнеркәсібінде шамамен 100 жыл қолданылды, алайда бұл агрегаттар екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда қарқынды өндіріле бастады. Соңғы онжылдықта барлық елдерде, құбырлардың негізгі өндірушілері болып табылатын елдер (ТМД, АҚШ, Жапония, Италия елдері) екі – үш жаңа агрегаттан жасап шығарды. Құбырларды өндірудің бұл тәсілінің прогрессивтілігі оның жоғары өнімділігі мен экономдылығымен анықталады. Осыған дейін перспективсіз саналған осы тәсілдің екі факторы дамуын анықтады. Үздіксіз орнақтың индивидуалды жетегін жасау керілісті реттеуге мүмкіндік берді, осының нәтижесінде құбыр мен түзеткіш арасында ұзын түзеткішті алып шығуды жеңілдететін саңылау пайда болатын біліктердің калибрлерінің жүйесін жасауға мүмкіндік берді. Сонымен бұл ұзындығы үлкен қара құбырларды илемдеуге мүмкіндік берді. Екінші фактор – редукционды-керілісті орнақтардың орнатылғаны, бұл агрегаттың маневрлігін арттырды және бір-екі диаметрлі қара құбырлардан қабырға қалыңдығы мен диаметрі кең диапазонды дайын құбырларды алуға мүмкіндік берді.
Тақырып 4. Пилигримдік орнақтар.
Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):
1. Пилигримді орнақтағы білік калибрлеріндегі негізгі элементтерінің тағайындалуы.
2. Жұмыс қапастары. Түрі мен конструкциялары.
Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)
Пилигримді орнақ мынандай жабдықтардан тұрады: қос пішінбілікті жұмысшы қапастан, гильзаға арналған науашадан, беру аппаратынан, құралбілік сырығынан. Гильзаны периодты жаншу ауыспалы радиустарға иемделген мөлшерлегіші бар пішінбіліктермен іске асырылады. Пішінбіліктер илемделетін құбыр қозғалысына қарама-қарсы бағытта айналады.
Тесу орнақтарында алынған қалың қабырғалы құбырларды, қыртысжазғыш деп аталатын, цилиндрлі құралбіліктерді қолданып илемдейді. Пішінбіліктер мөлшерлегішінің қимасы, аша деп аталатын максималдан, дайын құбырдың өлшемдеріне сәйкес келетін минималға дейін өзгереді. Пішінбіліктің әрбір айналуында құбыр ұзындығының кішкентай аймағы жаншылады, одан кейін құбырды беру беріліс аппаратының көмегімен бір уақытта 90° бұру арқылы жүзеге асырылады.
Тақырып 5. Жаю орнақтары.
Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):
1. Екі- және үшбілікті жаю орнақтарының конструкциясы. Бас біліктің түрі мен конструкциясы.
2. Тағайындалуы, түрі, кинематикалық сұлбалары, конструкциялық орындалу нұсқалары.
Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)
Үш пішінбілікті илемдеу орнақтары бар агрегаттарды диаметрдің қабырғаның қалыңдығына қатынасы 10…12 аралығында болатын құбырларды илемдеу үшін қолдану аса үнемді болып отыр. Үш пішінбілікті илемдеу орнақтарының аса маңызды ерекшеліктерінің бірі болып, түржиыны басқа құбырларды илемдеуге жылдам ауысуға болатындығы.
Бұл агрегаттарда көміртекті, азқоспаланған және жоғарықоспаланған болаттардан құбырларды илемдеуге болады.
Өлшенген ұзындықты илемделген дөңгелек дайындаманы тиеу машинасымен сақиналы пешке тиейді. 1150…1200°С температурасына дейін қыздырылған дайындаманы түсіру машинасының көмегімен көлбеу сөреге, солан кейін рольгангке береді. Осы рольганг арқылы дайындама соққы типті пневматикалық центрлегішке түсіп, одан кейін тесу орнағының қабылдау науашасына тиеледі. Тесуші орнақтар автоматты орнақтары бар агрегаттарда қолданылатын орнақтарға ұқсас. Тескен кезде кермелеу коэффициенті 1,3...2 дейін жетеді.
Тақырып 6. Редукциялық және калибрлеу орнақтары.
Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):
-
Редуциялау үрдісінің машиналары мен механизмдері.
-
Редукциялық және калибрлеу орнақтарының конструкциялары.
Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)
Редукционды орнақ – үздіксіз жұмыс істейтін орнақ, тізбектей орналасатын бір типті қапастардан (9 – 26) тұрады. Қапастар екі, үш немесе төрт біліктен тұрады, олар домалақ калибр түзеді (сурет 6.1). Екібілікті қапастар жазықтыққа 45° бұрышпен және бір біріне 90° бұрышпен еңкейтілген, бұл құбырды диаметрі бойынша біртекті етіп өңдеуге мүмкіндік береді. Калибрлердің диаметрлері келесі қапастарда азая бастайды. Нәтижесінде илемделетін құбырдың диаметрі кішірееді; мұндағы қабырға қалыңдығы үлкеюі, кішіреюі немесе өзгермеуі мүмкін. Құбыр диаметрінің сандық азаюы (редуцирлеу дәрежесі) 70% және одан да жоғары болуы мүмкін.
Редукционды – калибрлі орнақтар құбырдың сыртқы диаметрін кішірейтіп және оларды калибрлеуге арналған. Агрегат құрамында мұндай орнақтардың болуы оның өнімділігін жоғарылатып, сортаментін кеңейтеді, яғни ұзын және кіші диаметрлі құбырларды алуға мүмкіндік береді. Редукционды калибрлі орнақтар әдетте 12 – 20 қапастардан тұрады, олар керіліссіз немесе аз керіліспен жұмыс істейді. Құбырларды осындай орнақтарда илемдеген кезде диаметр кішіреюі 40 – 45% көп емес және қабырға қалыңдығы арта түседі.
Тақырып 7. Құбырларды суықтай илемдеу, тартып созу және баспалау үшін арналған агрегаттар.
Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):
-
Құбырларды баспалауға араналған агрегаттар.
-
Тігінен және көлденен орындалған механикалық және гидравликалық баспақтар.
Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)
Құбыр илемдеу агрегаттарында диаметрлері 75 мм дейінгі, қабырғасының қалыңдығы 2,5 – 3 мм аспайтын жіксіз құбырларды ыстықтай илемдеу әдісімен алуға болады. Одан ары қарайғы ыстықтай редукциялау арқылы құбыр диаметрін 35 – 38 мм дейін, ал редкциялауды керіліспен жүргізгенде 17 – 20 мм дейін кішірейтуге болады. Бірақ ыстықтай илемдеу жолымен беттері таза өңделген, геометриялық дұрыс пішінді және өлшемдерінің шақтамалық мәндері төмен құбыр алу мүмкін емес. Мұндай нәтижеге суықтай илемдеу орнақтарында және суықтай құбыр сымдау орнақтарында қол жеткізуге болады.
Қазргі кезде суықтай илемдеу және суықтай сымдау жолымен диаметрлері 0,3 – 150 мм, қабырғасының қалыңдығы 0,1 мм дейінгі жұқа қабырғалы құбырлар алады; кейбір жағдайда диаметрі едәуір үлкен құбырлырды (250 – 450 мм) суықтай илемдеуге де қолданады. Суықтай илемдеу мен сымдауға негізінен жіксіз құбырлар қолданылады.
Тақырып 8. Құбырларды пісіріп жасау үшін арналған агрегаттар.
Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):
1. Пісіріп жасалынған құбырларды өндіру тәсілдерінің топтастырылуы.
2. Құбырларды электр пісірудің үздіксіз агрегаттары.
Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)
Құбырларды пісіру барысында ауыспалы ток шамасы жүйелілі ең үлкеннен нөлге дейін өзгереді, осы кезде жиектер жігінде бөлінетін, жылу мөлшері де жүйелілі өзгереді, сол үшін жіктің одан әрі қыздырылған аймақтары біраз қыздырылғандармен кезектеседі. Ең үлкен пісіру тогына сәйкес келетін, сәттердегі электродтармен түйіспеден шығатын, жіктің сол нүктелерінде одан әрі қатты қыздыру өтеді және де металлдың балқуы; нәтижесінде «жіктік» деп аталатын сипат пайда болады.
Жиілігі 450 – 500 кГц токты құбырларды пісіру үшін пайдалану келесіде негізделген, осы жиілік кезіндегі ток ең кіші кедергі жолы бойынша жүрмейді, ал ең кіші индукция жолы бойынша өтеді. ЖЖТ өтуімен байланысты, физикалық құбылыстар қатары пісірілетін беттенрді жататын, металлдың өте жұқа қабатындаэнергия бөлінген кезде тек қана үстіңгі қыздыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. ЖЖТ келтіру екі тәсілмен жүзеге асырылады¨түйіспелі және индукциялық.
Әдебиет: [2]
Тақырып 1. Гильзаны ыстықтай қобылау кезіндегі металдың біліктерге қысымын есептеу, 1 сағат
Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):
1. Гильзаны ыстықтай қобылау үшін арналған аспап жиынтығымен танысу және олармен жұмыс жасау кезінде қажетті машықтарды үйрену.
Тапсырмалар:
1. Ұсталық қалыптау жабдықтарында қозғау, жетектеу және орындау механизмдері.
2. Ұсталық қалыптау жабдықтардың параметрлері.
3. Механикалық және гидравликалық баспақтар мен тоқпақтардың әсері.
4. Механикалық және гидравликалық баспақтар мен тоқпақтардың және ротоциялық машиналардың топтастырылуы.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)
1. Машинаның толық атын, моделін, техникалық сипаттамаларын, кинематикалық немесе принципиалды кескінді, жұмыс істеу принципін және құрылымын қысқаша көрсетіп, қозғағыш, тасымалдағыш және орындаушы механизмдерін көрсетіп, қысқаша шешім қабылдау керек.
Әдебиет: [10].
Тақырып 2. Автоматты орнақтағы металдың біліктерге қысымы мен күшін есептеу, 1 сағат
Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):
1. Автоматты орнақтағы металдың біліктерге қысымы мен күшін есептеу және олармен жұмыс жасау кезінде қажетті машықтарды үйрену.
Тапсырмалар:
1. Ұсталық – қалыптау жабдықтарын толық және дұрыс пайдалану үшін олардың технологиялық мүмкіншілектерімен танысу.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)
1. Қосиінді баспақтың төлқұжатының қажеттілігі мен тағайындалуы туралы қысқаша мәлімет беру.
2. «Төлқұжатты толтыруға қажетті нұсқауды» қолданып төлқұжаттың барлық бөлімін толтыру.
3. Төлқұжатты толтыруға қажетті нұсқаулар министірлік құрастырушы зауыттын қай министрлігін қайыссында көрсетіледі.
4. Төлқұжатты толтыруға қажетті нұсқаулар
Әдебиет: [10].
Тақырып 3. Кинематикалық керуінің коэффициентің және айналу моментін есептеу, 1 сағат
Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):
1. Кинематикалық керуінің коэффициентің және айналу моментін есептеу және олармен жұмыс жасау кезінде қажетті машықтарды үйрену.
Тапсырмалар:
1. Гидравликалық күшсалғыштың әрбір мәніндегі манометрі көрсеткіштерін анықтау.
2. Статикалық күштер күйіндегі баспақ тораптары мен бөліктерінің серпімді деформациясын өлшеу.
3. Динамикалық жүктеу шарттарында баспақтың жалпылама серпімді деформациясын өлшеу - lдин.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)
1. Гидравликалық күшсалғыштың әрбір мәніндегі манометрі көрсеткіштерін анықтау.
2) Статикалық күштер күйіндегі баспақ тораптары мен бөліктерінің серпімді деформациясын өлшеу:
а) қосиінді біліктің серпімді майысуын l өлшеу. Тораптар мен бөлшектердің серпімді деформациясын сағат типті индикатормен өлшейді. Өлшемдерді жүргізу алдында өлқылықтардың орта мәнін анықтау үшін баспаққа екі үш рет күш салу қажет. Үш мәнді индикатордың көмегімен алынған косиінді екінші кестесіне еңгізу керек. Тәжірибе және есептер түрінде алынған кривошипті біліктің серпімділі майлауының орташа мәндерін салыстырып 3.1.2 кестесіне еңгізу қажет;
ә) баспақ үстелінен қалып астындағы плитамен бірге серпімді дефрмациясын өлшеу l2. Бүл мәндерді 3.1.2 кестесіне еңгізу керек;
б) баспақ тұрағының серпімді деформациясың l3 есептеу;
в) қосиінді білік l4 +шатун+сырғыма+тұрақ жүйелерінің серпімді деформациясын өлшеу;
г) шатун l5 сырғыма жүйелерінің серпімді деформациясын өлшеу. Сырғыманың шатунмен қоса серпімді деформация өрнегі арқылы анықтауға болады
Әдебиет: [10].
Тақырып 4. Пилигримдік орнақтағы біліктеріне әсер ететін күші бойынша илемдеу моментін анықтау, 1 сағат
Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):
1. Пилигримдік орнақтағы біліктеріне әсер ететін күші бойынша илемдеу моментін анықтау және олармен жұмыс жасау кезінде қажетті машықтарды үйрену.
Тапсырмалар:
-
Балға соққысының энергетикалық ПӘК-тін эксперименталды түрде зерттеу.
-
Энергетикалық ПӘК-ін анықтау әдісін және зерттеуді жүргізу әдістемесін жазба түрінде көрсету.
-
Тіркейтін және өлшейтін құрылғыларға сипаттамалар беру.
-
Осциллограммаларды талдау.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)
Шаботты балға соққысының ПӘК-і
мұндағы М – шабот массасы;
m – балғаның соққы беретін бөліктерінің массасы;
– қалыптасу коэффициенті.
мұндағы , – шабот пен соққы беретін бөліктердің соғу
алдындағы жылдамдықтары;
, – шабот пен соққы беретін бөліктердің
соққыдан кеійн қайту жылдамдықтары.
Шаботты балғада =0 және шамасы мейлінше аз болғандықтан
Әдебиет: [10].
Тақырып 5. Жаю орнақтарының әмбебап шпиндельдерін есептеу, 1 сағат
Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):
-
Жаю орнақтарының әмбебап шпиндельдерін есептеу және олармен жұмыс жасау кезінде қажетті машықтарды үйрену.
Тапсырмалар:
1. Қосиінді параққалыптағыш баспақтардың конструкциялық ерекшеліктері мен жұмыс істеу ерекшеліктерін, қалыпты бекіту бөлшектерін және баспақты жөндеуді оқып үйрену.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)
-
Қосиінді механизмнің кинетикалық сұлбасымен, конструктивтік схемасымен, кейбір бөліктерінің қажеттілігімен танысу.
-
Қарастырылған баспақ түрін, тұрақ конструкциясын, қосиінді біліктің орналасуы мен түрін, шатун мен сырғыманың бір-бірімен байланысу ерекшеліктерін, қалыптау кеңістігін реттеу әдістерін анықтау.
-
Қалыпты бекітетін орындардың сұлбасын сызу, қалыптың сырғымада итергіш барын анықтау.
Екінші және үшінші баптар бойынша есеп жасау.
Әдебиет: [10].
Тақырып 6. Үшбілікті редуциялық орнағының айналу моментін есептеу, 1 сағат
Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):
-
Үшбілікті редуциялық орнағының айналу моментін есептеу және олармен жұмыс жасау кезінде қажетті машықтарды үйрену.
Тапсырмалар:
1. Гидравликалық баспақтың жұмыс істеу принцибімен және ерекшеліктерімен танысу. Негізгі параметрлердің тәжірибе жүзінде алынған мәндерін төлқұжаттағы көрсеткіштермен салыстыруды үйрену.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)
1. Гидравликалық пресстердің принципиалдық кескінімен және конструктивті ерекшеліктерімен танысу.
2. Тәжірибе жүзінде пресстің негізгі параметрлерін анықтап олардың мәнін жұмыс хатамасына енгізу.
3. Номиналды күштің, кері жүрістің, итергіштің күштерінің мәнін есептеу. Сораптық қысымын көлденең белдеменің қозғалыс жылдамдығын есептеу.
4. Төлқұжаттағы және есептелген көрсеткіштерді тәжірибе жүзінде анықталған көрсеткіштермен салыстыру.
Әдебиет: [10].
Тақырып 7. Суықтай илемдеу агрегатындағы қапастың тұра және кері жүріс кезіндегі жаншу дәрежесін есептеу, 1 сағат
Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):
-
Суықтай илемдеу агрегатындағы қапастың тұра және кері жүріс кезіндегі жаншу дәрежесін есептеу және олармен жұмыс жасау кезінде қажетті машықтарды үйрену.
Тапсырмалар:
1. Гидравликалық баспақтың жұмыс істеу принцибімен және ерекшеліктерімен танысу. Негізгі параметрлердің тәжірибе жүзінде алынған мәндерін төлқұжаттағы көрсеткіштермен салыстыруды үйрену.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)
1. Гидравликалық пресстердің принципиалдық кескінімен және конструктивті
Әдебиет: [10].
Тақырып 8. Тұра және спиральды жапсармен құбырларды өндіру күшін есептеу, 1 сағат
Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):
-
Тұра және спиральды жапсармен құбырларды өндіру күшін есептеу және олармен жұмыс жасау кезінде қажетті машықтарды үйрену.
Тапсырмалар:
1. Гидравликалық баспақтың жұмыс істеу принцибімен және ерекшеліктерімен танысу. Негізгі параметрлердің тәжірибе жүзінде алынған мәндерін төлқұжаттағы көрсеткіштермен салыстыруды үйрену.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)
1. Гидравликалық пресстердің принципиалдық кескінімен және конструктивті
Әдебиет: [10].
8. Өздік жұмысының тапсырмалары
Тақырып 1. Кіріспе. Қобылау орнақтары.
Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
1. Сұрақтарды қарастыру:
1) Винтті илемдеу орнақтарында дайындамаларды қобылау.
2) Дайындамалар мен құбырларды баспақтарда қобылау.
2. Осы сұраққа арналған оқулықтардағы бөлімдерді, дәріс конспектісін оқу.
3. Реферат жазу.
Тақырып 2. Автоматты орнақтар.
Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
1. Сұрақтарды қарастыру:
1) Автоматты орнақтың дөңгелек калибрында құбырларды илемдеу.
2. Осы сұраққа арналған оқулықтардағы бөлімдерді, дәріс конспектісін оқу.
3. Реферат жазу.
Тақырып 3. Үздіксіз құбыр илемдеу орнақтары.
Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
1. Сұрақтарды қарастыру:
1) Үздіксіз орнақтарында құбырларды илемдеу.
2. Осы сұраққа арналған оқулықтардағы бөлімдерді, дәріс конспектісін оқу.
3. Реферат жазу.
Тақырып 4. Пилигримдік орнақтар.
Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
1. Сұрақтарды қарастыру:
1) Пилигримді орнақтарында құбырларды илемдеу.
2. Осы сұраққа арналған оқулықтардағы бөлімдерді, дәріс конспектісін оқу.
3. Реферат жазу.
Тақырып 5. Жаю орнақтары.
Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
1. Сұрақтарды қарастыру:
1) Стакандарды рейкалы орнақтарында жаю.
2. Осы сұраққа арналған оқулықтардағы бөлімдерді, дәріс конспектісін оқу.
3. Реферат жазу.
Тақырып 6. Редукциялық және калибрлеу орнақтары.
Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
1. Сұрақтарды қарастыру:
1) Құбырларды редукциялау және калибрлеу.
2. Осы сұраққа арналған оқулықтардағы бөлімдерді, дәріс конспектісін оқу.
3. Реферат жазу.
Тақырып 7. Құбырларды суықтай илемдеу, тартып созу және баспалау үшін арналған агрегаттар.
Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
1. Сұрақтарды қарастыру:
1) Құбырларды суықтай илемдеу.
2) Құбырларды тартып созу.
2. Осы сұраққа арналған оқулықтардағы бөлімдерді, дәріс конспектісін оқу.
3. Реферат жазу.
Тақырып 8. Құбырларды пісіріп жасау үшін арналған агрегаттар.
Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:
1. Сұрақтарды қарастыру:
1) Пісіріліп жасалынған құбырларды өндірудің жалпы сұрақтары.
2) Құбырларды үздіксіз пештік пісіру.
3) Диаметрі кіші және орта электр пісіріліп жасалынған құбырларды өндіру.
4) Диаметрі үлкен құбырларды өндіру.
2. Осы сұраққа арналған оқулықтардағы бөлімдерді, дәріс конспектісін оқу.
3. Реферат жазу.
9. ООӨЖ (ОӨЖ ООӨЖ 25%құрайды)
№
|
Сабақ түрі
|
дүйсенбі
|
сейсенбі
|
сәрсенбі
|
бейсенбі
|
жұма
|
сенбі
|
1.
|
Дәріс сұрақтары бойынша кеңес беру
|
|
|
|
|
14.45
15.35
|
|
2.
|
Тәжңрибелік сұрақтары бойынша кеңес беру
|
|
|
|
|
14.45
15.35
|
|
3.
|
ОӨЖ сұрақтары бойынша кеңес беру
|
|
|
|
|
|
|
4.
|
Тестілеу тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес беру
|
|
|
11.30-
12.20
|
|
|
|
10. Оқушылардың білімдерін тексеру кестесі
Дәріске қатысу және тәжірибелік (семинар, зертханалық, жеке, студиялық) бөлігі 0 – 100 балға бағаланады.
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
№
|
Жұмыс түрі
|
Тақырып, мақсат және мазмұны
|
Ұсынылатын әдебиет
|
Орындаудың ұзақтығы
|
Бақылау түрі
|
Тапсыру мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Реферат
|
Винтті илемдеу орнақтарында дайындамаларды қобылау. Автоматты орнақтың дөңгелек калибрында құбырларды илемдеу.
|
|
4 апта
|
|
4 апта
|
3
|
Реферат
|
Үздіксіз орнақтарында құбырларды илемдеу.
|
|
4 апта
|
|
8 апта
|
4
|
Реферат
|
Пилигримді орнақтарында құбырларды илемдеу.
|
|
4 апта
|
|
8 апта
|
5
|
Межелік бақылау
|
Модуль 1,2
|
|
|
тестілеу
|
8 апта
|
6
|
Реферат
| Стакандарды рейкалы орнақтарында жаю. |
|
4 апта
|
|
12 апта
|
7
|
Реферат
|
Құбырларды редукциялау және калибрлеу.
|
|
4 апта
|
|
12 апта
|
8
|
Реферат
|
Құбырларды суықтай илемдеу. Пісіріліп жасалынған құбырларды өндірудің жалпы сұрақтары
|
|
3 апта
|
|
15 апта
|
9
|
Межелік бақылау
|
Модуль 3,4
|
|
|
тестілеу
|
15 апта
|
12. Оқушылардың білімдерін бағалау критерийлері
Пәнді оқытуы барлық өткен материалды тестілеу түріндегі емтиханмен аяқталады. Бағдарламаларда ескертілген барлық тапсырмаларды орындау емтиханға жіберу үшін міндетті шарты болып табылады. Әрбір тапсырма 0 – 100 балға бағаланады.
Ағымдағы сабақтарда (дәріске қатысу, үй жұмыстары, ОӨЖ бойынша тапсырмалар, тәжірибе бойынша тапсырмалар және т.б., межелік бақылау) барлық тапсырмаларды орындалғанның орта арифметикалықтан жіберу рейтингі шығарылады.
Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын (барлық зертханалық (тәжірибелік) жұмыстарды, СӨЖ бойынша тапсырмалар мен жұмыстарды орындау және қорғау) орындаған, курстық жобаны (жұмысты) қорғаңан үшін оң бағалар алған және жіберу рейтингін (50 балдан төмен емес) жинаған студенттер жіберіледі.
Әрбір пән бойынша (соның ішінде қорытынды бақылау түрі ретінде МЕ болатын пәндерде) студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды (Қ) бағамен анықталады, ол ЖР және ҚБ үлес салмақтарын есепке ала (ЖРҮС және ҚБҮС) олардың бағаларынан (емтихан, дифференциалданған сынақ немесе курстық жоба/жұмыс) қалыптасады
Қ = ЖР·0,6 + ҚБ·0,4
Үлес салмақтары жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ЖР үшін 0,6 аспау, ал ҚБ үшін 0,3 төмен болмау қажет.
Курстық жоба/жұмыс комиссия алдында қорғалады. Жетекші пікірін есепке ала көрсетілген білімдеріне сәйкес баға қойылады.
Егерде жіберу рейтингі және қорытынды бақылау бойынша оқушы тек қана оң бағаға ие болған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептеледі. Қорытынды бақылауға
Қорытынды бақылауды себепсіз босату «қанағаттанарлықсыз» бағаға тең деп есептеледі. Пән бойынша аралық аттестация және емтихан нәтижелері дәл сол күні немесе келесі күні, егер жазбаша емтихан түстен кейін өткізілсе, студенттерге жеткізіледі.
Межелік бақылаудағы (рейтингтегі) және қорытынды емтихандағы студенттің білімдеріне қорытынды бағаны түзу есептеу үшін 0 ден 100% дейін пайыз арқылы бағаланады.
Межелік бақылаудың бағасы ағымдағы бағаларынан және межелік бақылаудың бағасынан қалыптасады.
Пән бойынша оқу жетістіктері, яғни студенттердің білімдері, дағдылары және құзыры, оның цифрлік эквивалентіне және бағалардың дәстүрлі бағанасына адекватты көпбалды әріптік жүйесі бойынша бағаланады.
Әріптік жүйесі бойынша баға
|
Балдардың цифрлік эквиваленті
|
Пайыздық мөлшері
|
Дәстүрлі жүйесі бойынша баға
|
A
|
4,0
|
95–100
|
Өте жақсы
|
A–
|
3,67
|
90–94
|
B+
|
3,33
|
85–89
|
Жақсы
|
B
|
3,0
|
80–84
|
B–
|
2,67
|
75–79
|
C+
|
2,33
|
70–74
|
Қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65–69
|
C–
|
1,67
|
60–64
|
D+
|
1,33
|
55–59
|
D
|
1,0
|
50–54
|
F
|
0
|
0–49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
11. Оқытушы талаптары, саясаты және рәсімі
Нұсқа
Оқушылар барлық аудиториялық сабақтарына кешікпей қатысу міндетті болып табылады. Сабақты босатқан жағдайда деканат орнатқан тәртібіне сәйкес еңбекпен өтеу. Максималды тек қана екі сабақты босату мүмкін. Екі сабаққа кешігіп келу бір сабақты босатқанына тең деп саналады. Егерде екі сабақтан астам қатыспау жағдайда оқытушы келесіде, сұрақтын әкімшілік шешуіне дейін, студентті сабаққа жібермеуге рұқсат. Дәрістерде, осы курс студенттерінің контингентіге кірмейтін, бөтен адам қатысуына тыйым салынады.
Жұмыстарды белгілі мерзімде тапсыру қажет. Барлық тапсырмалардың ең соңғы тапсыру мерзімі – емтихан сессиясы басталуына дейін 3 күн.
Барлық тапсырмаларды тапсырмаған, және курстық жобаны/жұмысты қорғамаған студенттер емтиханға жіберілмейді.
Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыптарды қайталау және өткен материалды қайтадан орындау міндетті. Оқу материалдарды игеру дәрежесі тест немесе жазбаша жұмыстары арқылы тексеріледі. Студенттерді тестілеу ескертусіз өткізуге рұқсат.
Оқытушы басшылығымен студенттердің өздік жұмыстарын (ОСӨЖ) орындау кезінде келесі негізгі төрт функцияларын есепке алу керек.
Біріншісі – оқу пәні бойынша өткізілген сабақтар кезінде алынған оқытушының ақпаратын студенттердің белсенді қабылдауының жүзеге асыруын болжайды.
Оқытушы ұсынысы негізінде студенттер өздігінен оқу әдістемелік құралдарын, әдеби көздерін оқып, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жобаны/жұмысты орындайды деп екінші функция ескереді.
Студенттердің қиын жағдайларын талдау және жүйелеу, оқу материалдарды олар түсінуіне және меңгеруіне, басқа оқу амалдарын орындауындағы қиыншылықтар пайда болу себептерін анықтау студенттердің үшінші функциясы болып табылады. Студенттер шешілмейтін қиыншылықтарды оқытушыға арналған сұрақтар жүйесіне аударады, осы сұрақтарға өзіндік жауаптар нұсқаларын қалыптастырады.
Оқытушыдан сәйкесінше түсініктемелерді, кеңестерді сұрау студенттердің төртінші функциясы болып табылады.
12 Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
-
Целиков А.И., Полухин П.И. и др. Машины и агрегаты металлургических заводов, М.: Металлургия, 1978 т.3.Машины и агрегаты для производства и отделки проката – М.: Металлургия, 1988, 680 с.
-
Королев А.А. Конструкция и расчет машин и механизмов прокатных станов.– М.: Металлургия, 1985 –376 с.
-
Притыкин Д.П. и др. Механическое оборудование заводов цветной металлургии, ч. 2. Механическое оборудование цехов по обработке металлов давлением. М.: Металлургия, 1988, 324с.
-
Королев А.А. Механическое оборудование прокатных и трубных цехов – М.: Металлургия, 1987, 480 с.
-
Шевакин Ю.Ф., Коликов А.П. и др. Производство труб. – М.: Интермет инжиниринг, 2005 – 568 с.
Қосымша әдебиет
-
Целиков А. И., Смирнов В.В. Прокатные станы – М.: Металлургиздат, 1958.- 432 с.
-
Целиков А.И. , Зюзин В.И. Современное развитие прокатных станов – М.: Металлургия, 1987, 396 с.
-
Вердеревский В.А., Глейбер А.З., Никитин А.С. Трубопрокатные станы – М.: Металлургия, 1983, 240 с.
-
Потапов И.Н., Полухин П.И. Технология винтовой прокатки. - М.: Металлургия, 1964, 488с.
-
Основы металлургии т.7 Технологическое оборудование предприятий цветной металлургии М.: Металлургия, 1975, 1008с.
-
Гребеник В.И. и др. Расчеты металлургических машин и механизмов. – Киев: Вища школа, 1988, 488с.
-
Когос А.М. Механическое оборудование волочильных и лентопрокатных цехов, М.: Металлургия, 1980, 310 с.
Достарыңызбен бөлісу: |