Пән бағдарламасының Нысан (Syllabus) титулдық пму ұс н 18. 4/19



Дата27.06.2016
өлшемі200.5 Kb.
#161668
Пән бағдарламасының Нысан

(Syllabus) титулдық ПМУ ҰС Н 7.18.4/19

парағы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Көліктік техника және логистика» кафедрасы

ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
DPS 4305 Темір жолдағы жылжымалы құрамның динамикасы

Павлодар, 2013




Пән бағдарламасын Нысан

(Syllabus) бекіту парағы ПМУ ҰС Н 7.18.4/19


БЕКІТЕМІН


ММжК факультетінің

деканы________

Т.Т. Тоқтағанов

«___»_____________2013 ж.

Құрастырған: аға оқытушы, магистр _______________ Ж. К. Жанайдаров


Пән бағдарламасы (Syllabus)
DPS 4305 Темір жолдағы жылжымалы құрамның динамикасы

5B071300 – Көлік, көліктік техника және технологиялары мамандығы бойынша күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған

Бағдарлама 2013 ж. «___» _____ бекітілген жұмыс бағдарламаға негізделіп құрастырылған.
2013 ж. «___»______ кафедраның мәжілісінде ұсынылған №___ хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ Қ. Қ. Абишев «___»______ 2013 ж.

Факультеттің Оқу әдістемелік кеңесінде құпталған «___»______2013 ж.

№___ хаттама

ОӘК төрағасы ________________ Ж. Е. Ахметов «___»______2013 ж.

1. Оқу пәнінің куәлігі
Пән атауы " Темір жолдағы жылжымалы құрамның динамикасы "
Кредиттер саны және оқу мерзімі

Барлығы − 2 кредит

Курс: 4

Семестр: 7



Дәрісханалық сабақ барлығы − 30 сағат

Дәріс - 15 сағат

Тәжірибелік / семинарлық сабақ - 15 сағат

СӨЖ - 60 сағат

СӨЖМ - 15 сағат
Жалпы еңбек сыйымдылығы - 90 сағат
Бақылау формасы

Емтихан - 7 семестр


Пререквезиттер

Эксплуатациялық материалдар;

ПТБ вагон жөндеу кәсіпорыны;

ЭПС механикалық бөлім


2. Оқытушы жайлы мәлімет

Аты-жөні: Жанайдаров Жәнібек Қылышбайұлы

Ғылыми дәрежесі, лауазымы: аға оқытушы
Кафедра: "Көлік техникасы және логистика", аудитория 220, 239

телефон: 8(7182)673630, 673638

E-mail: janaydarov@mail.ru.

Консультациялар: дүйсенбі, сәрсенбі 11.15-12.15, сейсенбі, бейсенбі 10.10-12.00


3. Пән, мақсаты, міндеттері
Пәннің қысқаша сипаттамасы

Пәнде жылжымалы құрамның қозғалысы кезіндегі жылжымалы құрамда (ЖҚ) және рельстік жолда пайда болатын динамикалық құбылыстары, сонымен қатар ЖҚ-ның қоршаған ортамен өзара әрекеті оқытылады. Бұл құбылыстарды оқу ЖҚ қондырғыларының жүйесі мен параметрлерін дұрыс таңдауға қажет. Соның ішінде дірілден қорғайтын қондырғыларды (рессорлы аспалар, қос доңғалақтың арбашық қаңқасымен және арбашықтың шанақпен көлденең, бойлық, ені бойынша байланысы, тартқыш қозғалтқыштың, тартқыш редуктордың аспасы және т.б), сонымен қатар механикалық бөлімнің алып жүруші элементтері және темір жол жолының ЖҚ қондырғыларына және ондағы адамдарға әсер етуші динамикалық күштерді төмендету үшін керек.


Пәнді оқытудың мақсаты

- болашақ мамандардың практикалық және аналитикалық ойлауының дамуынан, қозғалыстағы пойызда және вагонда орын алатын күрделі динамикалық процесстерді матиматикалық модельдей білуінен, оқу және практикада қолдануда динамика негізі тасымалдау процесін үздіксіз жасауға мүмкіндік беретінін және ең бастысы оның техникалық құралы - жылжымалы құрам екенін терең түсінуге мүмкіндіктерін дағдыландырудан құралады.


Пәнді оқытудың міндеттері

- вагон және жолдың өзара әрекетінен туған вагондардың тербеліс қозғалысын оқу, осы негізде вагон құрылымының жалпы компоновкасында рессорлы аспаның параметрлерін және басқа конструктивті шешімдерді белгілеу;

- вагонның пойыз құрамында жолға өзара әрекеті бойынша қозғалысының қауіпсіздік шарттарын, қалыптылық және жолдың тұрақтылық шарттарын белгілеу;

- жүрістің тыныштығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін және де жолаушы вагонындағы шуды шектеуші шамаларды анықтау;

- пойыз құрамында вагондар аралығындағы бойлық күштерді анықтау;

- вагон және олардың өзара әрекетіндегі жолдардың жарамсыздық және аяқталмағандықтарының әсерін анықтау.


4. Білімге, ептілікке, дағдыға, міндетке қойылатын талаптар

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер міндетті:

төмендегілерге қатысты түсініктері болуға:

- темір жолдың жылжымалы құрамы;

- жылжымалы құрамда туындайтын динамикалық жүктемелер.
білуге:

- вагондардың тербелісін және эксплуатацияның әр түрлі шарттарындағы оның бөлек элементтерін және осындай жағдайда туындайтын күштерді;

- ЖҚ механикалық бөлігінде динамикалық құбылыстардың туындау себептерін, оларды сипаттау әдістерін;

- динамикалық құбылыстарды сипаттау әдістерін және тербелістің дифференциалдық теңдеулерін құрудың әдістерін, динамикалық үлгілерді құрудың принциптерін;

- сұлба таңдау әдістерін және оның ПДК бағасы негізіндегі механикалық бөліктің параметрлерін.
істей білуге:

- ЖҚ динамикалық моделін таңдау, құру және есептеу;

- ЖҚ механикалық бөлігінің ПДК анықтау;

- жиіліктік және динамикалық құрамға анализ жасау, қозғалыстың тұрақтылық бағасы;

- экипаждық бөлім конструкциясын динамикалық белгі бойынша тиімді ету.
практикалық білімдерге ие болуға:

- ЖҚ динамикалық моделін таңдау және есептеу;

- ЖҚ механикалық бөлігінің динамикалық сапа көрсеткіштерін анықтау;

- экипаждық бөлім конструкциясын динамикалық белгі бойынша тиімді ету.




5 Пәнді оқыту жоспарының тематикасы
Академиялық сағаттарды сабақ түріне байланысты бөлу


п/п


Тақырыптар атауы

Сабақ түрі бойынша аудиториялық сағаттар саны

СӨЖ


дәріс

тәжіри-белік

Лабо-ра-тория-лық

Бар-лығы

СӨЖМ

1

Вагондар тербелісінің негізгі себептері және тербелістер теориясынан кейбір мағұлматтар

1







5

1

2

Вагондардың надрессорлы құрылысындағы меншіктік және мәжбүрлі тербелістер теориясының негізгі түсініктері

1







5

1

3

Жүріс байсалдылығының бағасы және анықтау әдісі және вагондардың журу ыңғайлылығы

1







5

1

4

Рессорланбаған салмақ инерциясының тік күші

2







5

1

5

Вагон қозғалысы кезінде туындайтын көлдеңен ендік күші

2

3




10

2

6

Вагондар конструкциясы элементтерінің серпімді тербелістері жайлы бастапқы мағұлматтар және вагонға қондырылған механизмдер бөлшектері

2

3




10

2

7

Пойыздағы вагондар аралығында әсер ететін және вагондардың маневрлік соқтығысуларындағы бойлық күштер

3

9




10

2

8

Вагондардың темір жолға әсер етуі. Жолдың және вагонның тұрақтылығы

2







5

2

9

Вагондарды динамикалық тексеру бойынша негізгі мағұлматтар

1







5

1




Барлығы: 90 (2 кредит)

15

15




60

15



6. Дәріс сабақтарының мазмұны
1- тақырып. Вагондар тербелісінің негізгі себептері және тербелістер теориясынан кейбір мағұлматтар.

Механикалық тербелісті жүйенің қарапайым үлгілері. Осындай жүйелердің меншіктік тербелісі.



2- тақырып. Вагондардың надрессорлы құрылысындағы меншіктік және мәжбүрлі тербелістер теориясының негізгі түсініктері.

Вагондардың надрессорлы құрылысындағы меншіктік тербелісі. Дара рессорлы аспасы бар вагондардың надрессорлы құрылысындағы мәжбүрлі тербелістер. Вагондардың надрессорлы құрылысындағы мәжбүрлі тербелістер және қос рессорлы аспалы төрт осьті вагондар арбашығы және вагондардың ендік тұрақтылығы.



3- тақырып. Жүріс байсалдылығының бағасы және анықтау әдісі және вагондардың журу ыңғайлылығы.

Вагондар жүрісінің байсалдылығының бағалау және анықтау. Жолаушыларды шудан қорғауды бағалау.



4- тақырып. Рессорланбаған салмақ инерциясының тік күші.

Қысқа тегіс еместік кезіндегі рессорланбаған салмақ инерциясының тік күші. Ұзақ тегіс еместік кезіндегі рессорланбаған салмақ инерциясының тік күші.Доңғалақтардың сырғанау бетінде байсалды оқшауланған және үздіксіз тегіс еместік кезіндегі рессорланбаған салмақ инерциясының тік күші.

5- тақырып. Вагон қозғалысы кезінде туындайтын көлдеңен ендік күші.

Қисық және айырылушы ауысуға кірер кезіндегі, вагонның жолдың түзу жерімен қозғалысында туындайтын күштер. Осы күштерді азайту әдістері.

6- тақырып. Вагондар конструкциясы элементтерінің серпімді тербелістері жайлы бастапқы мағұлматтар және вагонға қондырылған механизмдер бөлшектері.

Вагон шанағының меншіктік ендік тербелістері және оның кейбір конструктивті элементтері. Мұндай тербеліс амплитудаларын азайту әдістері.

7- тақырып. Пойыздағы вагондар аралығында әсер ететін және вагондардың маневрлік соқтығысуларындағы бойлық күштер.

Есептік сұлбалар және шешу әдістері. Пойыз қозғалысы болмағандағы вагондардың бойлық тербелісі жайында бірқатар есептер.

8- тақырып. Вагондардың темір жолға әсер етуі. Жолдың және вагонның тұрақтылығы.

Темір жолға әсер етуші тік күштер. Жол элементтерінде туындайтын кернеуді есептеу әдістері. Рұқсат етілген кернеу.

9- тақырып. Вагондарды динамикалық тексеру бойынша негізгі мағұлматтар.

Пойыздағы бойлық динамикалық күштерді анықтау мақсатында жүргізілген динамикалық тексерулер.


7. Практикалық сабақтар мазмұны

5- тақырып. Вагон қозғалысы кезінде туындайтын көлдеңен ендік күші.



Жоспар

1. Рельс бойынша доңғалақ соқтығысының есебі

2. Рельске кқлдеңен жазықтықта доңғалақтар соқтығысы

3. Дара қос доңғалақтың ирек қозғалысы

4. Рельстен шығуға қарсы доңғалақтың тұрақтылығы

Тапсырма

1. Рельс бойынша доңғалақ соқтығысын анықтау

2. Доңғалақ қыры соқтығысының күшін есептеу

3. Қос доңғалақтың ирек қозғалысының жиілігі ментолқын ұзындығы тозбаған доңғалаққа қатысты қалай өзгеретінін анықтау

4. Доңғалақтың тозу жаңдайында рельске доңғалақтың сүйретілуінен бастап тұрақтылық коеффициент қорыныңөзгеруін анықтау

5. Доңғалақтың рельстен шығу жолы мен уақытын анықтау



Тапсырманы орындау барысындағы әдістемелік нұсқаулар(қысқаша)

Дәріс конспектісін жәнеоқу құралдарын пайдалану.



Әдебиет: [1]
6- тақырып. Вагондар конструкциясы элементтерінің серпімді тербелістері жайлы бастапқы мағұлматтар және вагонға қондырылған механизмдер бөлшектері.

Жоспар

1. Жүк вагонының меншіктік тербелісі

2. Жүк вагонының мәжбүрлі тербелісі

Тапсырма

1. Рессорлы жүк вагоныны шанағының секіру тербелісінің декремертін және жиілігін, периодын анықтау. Галопирлеу тербелісіндегі жүк вагоны шанағының инерция моментін анықтау. Дара аспалы рессордағы вагон шанағы тербелісінің логарифмдік декрементін және периодын, сызықтық , шеңберлік жиілігін есептеу.

2. Төрт осьті вагон қозғалысының критикалық жылдамдығын және рессордың статикалық иілуін анықтау. МТ-50 типті арбашық үшін қозғалыстың критикалық жылдамдығын және статикалық иілуін анықтау. Рессорланған элементтер қандай массаға ие екенін анықтау.

Тапсырманы орындау барысындағы әдістемелік нұсқаулар(қысқаша)

Дәріс конспектісін жәнеоқу құралдарын пайдалану.



Әдебиет: [1], [2]
7- тақырып. Пойыздағы вагондар аралығында әсер ететін және вагондардың маневрлік соқтығысуларындағы бойлық күштер.

Жоспар

1. Екі еркіндік дәрежелі меншіктік тербеліс жүйесі.

2. Рессордағы шанақтың ендік тұрақтылығы.

3. Маневрлік жұмыс процесіндегі вагон соқтығысы күшінің есебі.



Тапсырма

1. Жолаушы вагондарының тік тербелісінің екі меншіктік жиілігін есептеу.

Дара рессорлы аспалы жүк вагондарының тік тербелісінің екі меншіктік жиілігін есептеу. Жүк вагоны шанағының секіру және галопирлеу тербелістерімен байланысты екі меншіктік жиілігін есептеу.

2. Шанақтың бос және жүктеулі кезіндегі төәкеруден бастап тұрақтылығы жайлы қорытынды жасау. ЦМВ және КВЗ-ЦНИИ типті арбашықтағы жолаушы вагондары үшін рұқсат етілген иілулер шамасын есептеу.

3. Вагон соқтығысындағы максималды келісілген жылдамдықты анықтау. Екі вагон соқтығысының күшін анықтау.

Тапсырманы орындау барысындағы әдістемелік нұсқаулар(қысқаша)

Дәріс конспектісін жәнеоқу құралдарын пайдалану.



Әдебиет: [1], [2[6]
8. Өздік жұмыстың тапсырмалары

1- тақырып. Вагондар тербелісінің негізгі себептері және тербелістер теориясынан кейбір мағұлматтар.

СӨЖ тапсырмасы әр тақырып бойынша:

1. Сұрақтардың өңделуі:

1) Вагон тербелісінің негізгі себебі

2) Тербелістік жүйенің қарапайым моделі

3) Осындай жүйелердің меншіктік тербелісі.

4) Қарапайым тербелістік жүйенің тербелісін сөндірудің параметрлерін есептеу.

2. Реферат жазу
2- тақырып. Вагондардың надрессорлы құрылысындағы меншіктік және мәжбүрлі тербелістер теориясының негізгі түсініктері.

1. Сұрақтардың өңделуі:

1) Вагондардың надрессорлы құрылысындағы меншіктік тербелісі. Дара рессорлы аспасы бар вагондар. Қос рессорлы аспалы вагондар.

2) Вагондардың люктік аспасы кезіндегі бүйірлік ауытқуы және жатқызылуы.

3) Дара рессорлы аспасы бар вагондардың надрессорлы құрылысындағы мәжбүрлі тербелістер.

4) Вагондардың надрессорлы құрылысындағы мәжбүрлі тербелістер және қос рессорлы аспалы төрт осьті вагондар арбашығы және вагондардың ендік тұрақтылығы.

5) Тербелісті сөндірудің параметрлерін таңдау.

6) Вагондардың ендік тұрақтылығы.

2. Реферат жазу
3- тақырып. Жүріс байсалдылығының бағасы және анықтау әдісі және вагондардың журу ыңғайлылығы.

1. Сұрақтардың өңделуі:

1) Вагондар жүрісінің байсалдылығының бағалау және анықтау. 2)Жолаушыларды шудан қорғауды бағалау.

2. Реферат жазу


4- тақырып. Рессорланбаған салмақ инерциясының тік күші.

1. Сұрақтардың өңделуі:

1)Қысқа тегіс еместік кезіндегі рессорланбаған салмақ инерциясының тік күші.

2)Ұзақ тегіс еместік кезіндегі рессорланбаған салмақ инерциясының тік күші.

3)Доңғалақтардың сырғанау бетінде байсалды оқшауланған және үздіксіз тегіс еместік кезіндегі рессорланбаған салмақ инерциясының тік күші.

2. Реферат жазу


5- тақырып. Вагон қозғалысы кезінде туындайтын көлдеңен ендік күші.

1. Сұрақтардың өңделуі:

1) Қисық және айырылушы ауысуға кірер кезіндегі, вагонның жолдың түзу жерімен қозғалысында туындайтын күштер. Осы күштерді азайту әдістері.

2) Вагонның шеңберлік қисықпен қозғалысы кезінде туындайтын күштер.

3) Доңғалақ қырының бүірлік тозуы және рельстің жолдың қисық бөліміндегі формасы.

2. Реферат жазу


6- тақырып. Вагондар конструкциясы элементтерінің серпімді тербелістері жайлы бастапқы мағұлматтар және вагонға қондырылған механизмдер бөлшектері.

1. Сұрақтардың өңделуі:

1)Вагон шанағының меншіктік ендік тербелістері және оның кейбір конструктивті элементтері. Мұндай тербеліс амплитудаларын азайту әдістері.

2) Вагон астындағы электргенератор жетегінің карданды валының және басқа жетектік қондырғылардың шеңберлік тербелісі.

2. Реферат жазу
7- тақырып. Пойыздағы вагондар аралығында әсер ететін және вагондардың маневрлік соқтығысуларындағы бойлық күштер.

1. Сұрақтардың өңделуі:

1) Есептік сұлбалар және шешу әдістері. Пойыз қозғалысы болмағандағы вагондардың бойлық тербелісі жайында бірқатар есептер.

2) Маневрлік жұмыс процесіндегі вагон соқтығысы күшінің есебі.

2. Реферат жазу
8- тақырып. Вагондардың темір жолға әсер етуі. Жолдың және вагонның тұрақтылығы.

1. Сұрақтардың өңделуі:

1)Темір жолға әсер етуші тік күштер.

2)Жол элементтерінде туындайтын кернеуді есептеу әдістері. Рұқсат етілген кернеу.

3) Жолдың ендік тұрақтығын есептеу және рельс басына доңғалақ қырының үйкелуін болдырмайтын шарттарды анықтау.

4) Пойыздың бойлық күштің сығылуы салдарына вагонның тұрақтылығы.

2. Реферат жазу
9- тақырып. Вагондарды динамикалық тексеру бойынша негізгі мағұлматтар.

1. Сұрақтардың өңделуі:

1) Вагондарды дайындау және тексеру жобалануының этаптары.

2) Вагондардың дипамикалық зерттеулер бойынша және жолға әсері бойынша зерттеулердің кейбір мағұлматтары.

3) Пойыздағы бойлық динамикалық күштерді анықтау мақсатында жүргізілген динамикалық тексерулер.

2. Реферат жазу


9. СӨЖМ консультациялар графигі (СӨЖМ СӨЖ-дің 25% құрайды)

Барлық сұрақтар бойынша консультациялар ағымдық семестрдің СӨЖМ графигіне сәйкес орындалады



11. Оқушының білімін тексеру кестесі

Дәріс және тәжірибелік сабақтарға қатысу 0-100 баллға бағаланады


Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі




Жұмыс түрі

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты және мазмұны

Ұсынылған әдебиеттер

Орындалу ұзақтығы

Бақылау формасы

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

Вагондар тербелісінің негізгі себептері және тербелістер теориясынан кейбір мағұлматтар

[1],[2]

1 апта




2- апта

2

Реферат

Вагондардың надрессорлы құрылысындағы меншіктік және мәжбүрлі тербелістер теориясының негізгі түсініктері

[1],[2]

1 апта




3- апта

3

Реферат

Жүріс байсалдылығының бағасы және анықтау әдісі және вагондардың журу ыңғайлылығы

[1],[2]

2 апта




4-апта

4

Реферат

Рессорланбаған салмақ инерциясының тік күші

[1],[2]

2 апта




6-апта

5

Реферат

Вагон қозғалысы кезінде туындайтын көлдеңен ендік күші

[1],[2]

2 апта




8-апта

6

МБ

1-5 тақырып







Ауызша

8-апта

7

Реферат

Вагондар конструкциясы элементтерінің серпімді тербелістері жайлы бастапқы мағұлматтар және вагонға қондырылған механизмдер бөлшектері

[1],[2]

2 апта




10-апта

8

Реферат

Пойыздағы вагондар аралығында әсер ететін және вагондардың маневрлік соқтығысуларындағы бойлық күштер

[1],[2]

2 апта




12-апта

9

Реферат

Вагондардың темір жолға әсер етуі. Жолдың және вагонның тұрақтылығы

[1],[2]

2 апта




13-апта

10

Реферат

Вагондарды динамикалық тексеру бойынша негізгі мағұлматтар

[1],[2]

2 апта




14-апта

11

МБ

6-9 тақырып







ауызша

15-апта


Ескерту

1. Реферат студенттің өздік жұмысының тақырыбына сай нақты тақырыпқа жазылған, міндетті түрде оқытушымен келісілген болуы керек.
12. Оқушының білім бағасының критерилері

Пәнді оқу барлық өтілген материалдарды қамтитын тестілеу формасындағы емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберу үшін оқу бағдарламасындағы барлық қарастырылған тапсырмаларды орындау міндетті шарт болып табылады.Әр тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.

Жіберу рейтингі ағымдағы барлық орындалған тапсырмалардың (дәріске қатысу, үй жұмысы, СӨЖ тапсырмасы, тәжірибелік тапсырма, межелік бақылау)орташа арифметикасынан шығарылады.

Қорытынды бақылауға оқу бағдарламасының барлық талаптарын орындаған, курстық жобаны қорғауда қанағаттанарлық баға алған және жіберу рейтингі 50 баллдан кем емес студенттер жібіріледі.

Студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі әр пән бойынша қорытынды бақылауда анықталатын қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Ол ЖР менолардың салмақ үлесінен қорытындылады.

Қ =ЖР*0,6+ИК*0,4

Қорытынды баға егер студент жіберу рейтингі және қорытынды бақылау бойынша қанағаттанарлық баға алса ғана есепке алынады.Қорытынды бақылауға себепсіз келмеген жағдайда баға "өанағаттанарлықсыз" болады.

Студенттердің " Темір жолдағы жылжымалы құрамның динамикасы " пәні бойынша оқу жетістіктері, яғни білімі, ептілігі,міндеті , дағдысы әріптік жүйедеадекватты сандық эквивалентпен жәнетрадициондық шкала бағаларымен бағаланады:




Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдың сандықэквиваленті

Проценттік мазмұны

Традиционды жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1.33

55-59

D

1.0

50-54

Е

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

13. Оқытушының талаптары, саясат және құзыреттіліктер
Студенттердің барлық аудиториялық сабақтарға қатысуы және қалып келмеуі міндетті болып табылады. Сабақ босатқан жағдайда деканатпен белгіленген тәртіп бойынша адалдайды (отрабатывает). Сабақты максималды екі рет босату рұқсат етіледі. Сабаққа екі рет қалып келі бір сабақ босатқанға тең болады. Егер екіден коп босату болса әкімшіліктің шешімі қабылданғанша оқытушы студентті сабаққа кіргізбеуге құқығы бар.

Жұмысты белгіленген уақыт мерзімінде тапсыру қажет. Емтихандық сессия басталуына 3 күн қалғанда – барлық тапсымаларды тапсырудың соңғы мерзімі болып табылады.

Барлық тапсырмаларды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Әрбір оқу сабағында өткен материалдарды қайталау және адалдау міндетті. Оқу материалдарын игеру дәрежесі тесстік және жазбаша жұмыстармен тексеріледі. Студенттерді тестілеу ескертусіз жүргізілуі мүмкін.



Оқытушының басшылығымен студенттердің өздік жұмысын (ОСӨЖ) орындаған кезде келесі төрт негізгі қағидаларды ескеру қажет:

Бірінші – оқытушының пән бойынша бағыттау мақсатында жүргізген сабақтары кезінде берілген мәліметті студенттердің белсенді түрде қабылдауын қамтамасыз ему.

Екінші – оқытушының ақыл-кеңесін ескере отырып, студенттер өз бетінше оқу-әдістемелік әдебиет пен оқулықтарды зерделейді және үй тапсырмаларын, бақылау, курстық т.б. жұмыстарды орындайды. Бұл кезеңде студенттердің жұмыс әдісін білуі және қажырлы болуы маңызды.

Үшінші – оқу барысында кездесетін қиындықтарды талдап, оның себептерін анықтауға тырысу, оқытушыға сұрақтар қойып, оған өзінше жауап табу.

Төртінші – оқытушымен әрдайым байланыста болып, ақыл-кеңес, нұсқаулар алу.

14 Әдебиеттер тізімі

Негізгі


1) Жүнісбеков П. Ж. Автомобильдің құрылысы және пайдалануы. Оқулық.– Астана: Фолиант, 2007-360бет.

2) Пайдаланудағы вагондарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық, Астана 2009.– 95 бет.

3) Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. 7 маусым 1999ж.

4) ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2008ж. 18 наурыздағы 125 бұйрығы. «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қортынды мемлекеттік аттестаттауды жүргізудің үлгі ережесі.»

5) Нормативті құжаттар жинағы 2009г. – 183с.

6) ҚР МЖ МБС 3.08.367–2006.


Қосымша

1) Алиев Б. Тракторлар мен автомобильдер (теориясы) Алматы, 2005.–296 бет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет