Аралық бақылау Әңгімелесу барысындағы балалардың ойлау әрекетінің ерекшелігі



бет1/4
Дата04.07.2023
өлшемі139.12 Kb.
#475532
  1   2   3   4
Аралық бақылау 26.06.2023


Аралық бақылау
1.Әңгімелесу барысындағы балалардың ойлау әрекетінің ерекшелігі
Баланың айналадағы өмірді, қоршаған дүниені, адамдар арасындағы қарым-қатынасты танып-білудегі басты жәрдемшісі – тіл. Тілдің дамуы оның сана-сезімінің, ой-өрісінің, жеке бас ұйытқысының қалыптасуына негіз болады. Болашақ азаматтың жеке бас тұлғасын қалыптастыру негізі мектепке дейінгі кезеңде басталады. Педагогика саласында тіл біліміне ерекше мән беріліп, тіл мен сана, сөйлеу мен ойлау өте тығыз байланысты қарастырылады. Адам ойы сөйлеу тілінде көрініс табатындықтан, дұрыс сөз құрау, өз ойын нақты да, тиянақты жеткізу ақыл-ойдың көрінісі болмақ. Сөздердің грамматикалық жүйесін, оларды қолдану тәсілдерін меңгеру арқылы адамның ойлау жүйесі де дамиды. Сонымен қатар көргенін айтып талдау арқылы бала қоршаған дүниені таниды. Психолог Н.И.Жинкиннің пікірінше ішкі сөйлеуде пайда болатын ой басқа адамға акустикалық кешен арқылы жетеді. Дыбыс есту мүшелерінің қызметімен жүйке сигналдары түрінде миға жетіп, тыңдаушыға жеткізіледі. Бала айналасындағы заттар мен құбылыстарды, көріністерді біліп қана қоймайды, соларды ұғынуға талпынады, соның негізінде біртіндеп ол жайында ұғым қалыптастыруға ұмтылады. Сондықтан бала мынау не? Бұл неліктен болады? т.с.с. сұрақтар қойып өз ойын айқындауға тырысады. Сұрақтарға жауап алу барысында олардың ойлау қабілеті дамиды. Ойдың жемісі – сөз.
Бала сөз арқылы өз ойын сыртқа шығарады. Тіл мен ой тығыз бірлікте болғандықтан, байланыстырып сөйлеуді дұрыс қалыптастыру арқылы ойлауды да жетілдіруге мүмкіндік туады. Тілі дұрыс қалыптасқан бала басқаның да ойын тез түсініп, өз ойын да жүйелі жеткізе алады. Сонымен қатар тіл мен ойлау бір-бірімен байланыста екенін ұғады. Тілсіз ойлаудың болмайтынына, әрбір ой тіл арқылы ғана көрінетініне, яғни сөйлеуді ойлаудан бөліп алудың мүмкін еместігіне көз жеткіземіз. Зерттеуші-ғалым, профессор Х. Досмұхамедов тіл, сөйлеу адам психологиясының басты белгілерінің бірі екендігін айта келіп: “Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел болмайды. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт… Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, ол – күйініш. Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлеу бұл – сүйініш” деп жасаған тұжырымы бүгінгі заман талабымен үндесіп жатқанын көреміз. Бала тәрбиесіндегі тіл мәніне ерекше көңіл бөлген ұлы чех педагогы Я.А.Коменский: “Бала тілін мектепке дейінгі сәттен бастап дамытпай, жеке адам тәрбиелей алмаймыз”деген тұжырым жасады. Ол өзінің баршаға танымал “Аналар мектебі” еңбегінде: “Сөз әр заттың мәнін бейнелейді, сөзді түсінбес бұрын заттың мәнін түсінуі керек, сөз заттардың жеке белгілерін түсінуі барысында сыртқа шығады” деген ойы бүгінгі таңда өз мәнін сақтауда. Ал Н.Құлжанова мектепке дейінгі тәрбие мәселесін зерттей келіп, баланың нені үйренуі керектігіне тоқтала келіп: - сөйлеу, яғни сөз бен сөзді байланыстырып, өзінің ойын, талабын, көңіл сезімдерін басқаға жеткізу; - ойлай білу сырттан алып, ойға тоқыған заттарды салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, әр нәрсе туралы өзінің ойын айтып, бір пікір шығару; - ойға тоқығанды және оған деген көзқарасын жарыққа шығару (ойын, сурет, әңгіме арқылы);
- балаға сусындай керегінің бірі – сөйлеу. Түрлі білімнің түбірі, негізгі баланың сөйлеуі, білуге құмарлығы деп тұжырымдаған. Баланың ойлау әрекеті үнемі дамып, мазмұны жағынан өрістеуі олардың түрлі іс-әрекеттерінің нәтижесінде жүзеге асады. Мұндай ерекшеліктер баланы әрбір нәрсені алдын-ала көріп, оларды қайта жасауға және сипаттап айтып беруге мүмкіндік береді. Бала алдына сол нәрселердің мәнін танып білуді арнайы міндет етіп қояды. Байқалған құбылыстарды анықтап түсінік беріп, оған жауап іздестіреді. Мектеп жасына дейінгі балалардың тағы бір ерекшелігі – олар өздерін қызықтырған мәселелердің мәнін түсінулері үшін өздерінше тәжірибелер жасауға қызығады. Сөйтіп құбылыстар мен заттарды бақылап көріп, оларға талдау жасайды, өздерінше қорытындылар жасап әңгімелеуге ұмтылады. Мұндай әрекеттердің бәрі әңгімелеу барысында баланың ойлау тәсілдерін дамыта түсінуіне серік тудырып, дүние танымның өрістеуіне жол ашады. Ең басты – ойлау әрекетімен тығыз байланысты дамып отыратын тілді, оның құрылымын меңгереді. Бала ақыл-ойының деңгейі, тек білім көлемімен ғана емес, сонымен бірге оның өсіп жетілуінде оған әлі де беймәлім білімдер жүйесін қалыптастырып отыру деңгейінен анықталады. Осы бағытта баланың өзіндік қабылдауына, әңгімелеуіне қиын тиіп, ой-өрісі жете бермейтін құбылыстарды кездестіргенде үлкендерге неге?, не үшін?, неліктен?, ол қалай? деген сұрақтарды жиі қояды. Ересектерге қойылатын мұндай сұрақтар баланың танымдық әрекеттерін дамытып, қоршаған ортасы жайлы білімдері мен мағлұматтарын, дұрыс әңгімелеп берулерін жетілдіруге жетелейді. Тіл мен ой әлемі бір тұтас байланыстырып сөйлеуде баланың логикалық ойы, түсінген нәрсені дұрыс ұғынып, басқалараға да түсіндіріп айта алуы көрініс табады. Баланың сөзіне қарап оның ойлау қабілеті мен тілінің дамуы туралы қорытынды жасау мүмкіндігі туады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет