Пән бағдарламасының (SYLLABUS) титул парағы
|
|
Форма Ф СО ПГУ 7.18.4/19
| Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
География және туризм кафедрасы
ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Елтану пәні бойынша
5В060900-География мамандығының студенттері үшін
Павлодар, 2013 ж.
Пән бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы
|
|
Форма
Ф СО ПГУ 7.18.4/19
|
БЕКІТЕМІН
ХТжЖФ деканы
___________ Қ.Қ. Ахметов
20__ж. «___»____________
Құрастырушы: аға-оқытушы _____________Шакенова Г.Р.
Пән бағдарламасы (Syllabus)
Елтану пәні бойынша
5В060900-География мамандығының студенттері үшін
Бағдарлама 20__ж. «___» __________ бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды.
20__ ж. «__» __________ № __ Хаттама кафедра мәжілісінде ұсынылды.
Кафедра меңгерушісі_____________ Д.Д. Есімова 20__ж. «____» ________
Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20__ ж. «___» ________№ ____Хаттама.
ОӘК төрайымы______________Ю.М. Каниболоцкая 20__ж. «___» ________
1. Оқу пәнінің паспорты
Елтану пәні (Inf 3301)
Пән таңдау бойынша компонент
Кредиттер саны мен оқу мерзімі
Барлығы – 3 кредит
Курс: 3
Семестр: 6
Аудиториялық сабақтар, барлығы – 45 сағат
Дәріс - 15 сағат
Тәжірибелік /семинар сабақтары – 30 сағат
СӨЖ – 90 сағат
Соның ішінде СОӨЖ – 22,5 сағат
Жалпы еңбексыйымдылығы - 135 сағат
Бақылау формасы
Емтихан – 6 семестр
Пререквизиттер: Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе, өндірістің техникалық-экономикалық негіздері.
Постреквизиттер: Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы.
2. Оқытушы жөнінде ақпарат:
Аты-жөні – Шакенова Гүлжан Раздыққызы
Ғылыми дәрежесі, лауазымы - география магистрі, География және туризм кафедрасының аға-оқытушысы
География және туризм кафедрасы, ауд. № 313 телефон: 8(7182) 67-36-85 (ішкі 12-77)
Е-mail:
3. Пәннің мақсаты мен міндеттері
Елтану – мемлекеттерді кешенді зерттейтін, олардың табиғаты, халқы, шаруашылығы, мәдениет және әлеуметтік ұйымдары жайлы мәліметтерді жүйелейтін және жалпылайтын географиялық пән. Елтану объектісі - әлемнің әлеуметтік-саяси ұйымдарының негізгі бірлігі ретіндегі елдер, сонымен қатар олардың ірі бөліктері мен аймақтық топтамалары.
Пәнді оқыту мақсаты: студенттерге әлем елдері және олардың дамуы жайлы мәлімет беру; елге және аймаққа кешенді елтанулық сипаттама беру икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру
Міндеттері:
- студенттерге елтанулық зерттеулердің негізгі теориялары мен әдістерімен таныстыру;
- географиялық номенклатура - жер бедері, географиялық орналасуы, ішкі су объектілері туралы білім беру;
- әлем елдеріне кешенді елтанулық сипаттама беру;
- елдің және аймақтың орналасу ерекшеліктерін айқындау және әр түрлі ғылым көздеріне негізделе отырып, физикалық-географиялық, әлеуметтік-экономикалық байланыстарын сипаттау икемділіктерін жүзеге асыру.
4. Біліктілік, дағды, икемділік және құзыреттіліктерге арналған талаптар
Студент білу керек:
-
«Елтану» курсының мазмұны мен міндеттерін;
-
Қолданыстағы оқу бағдарламасын;
-
Кешенді елтанудың құрылымын;
-
Қазіргі кездедегі кешенді елтанудағы өзекті мәселелерді білуі қажет.
Студент істей білу керек:
-
Қазіргі талаптарға сай сабақ конспектерін дұрыс құрастыру;
-
Елдер мен аудандарға кешенді сипаттама жасай білу;
-
Елдердің даму деңгейін түсіндіру.
5. Пәннің тақырыптық жоспары
4.1 ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
|
№
р/с
|
Тақырыптың атауы
|
Сағат саны
|
Дәр.
|
Тәж.
|
СӨЖ
|
СОӨЖ
|
1
|
Кіріспе. Елтану ғылым ретінде.
|
2
|
2
|
5
|
2
|
2
|
Елдің географиялық орны елтанулық сипаттама компоненті ретінде.
|
-
|
2
|
5
|
2
|
3
|
Территория, табиғат елтанулық сипаттама компоненті ретінде.
|
2
|
4
|
10
|
2
|
4
|
Елдің тарихи-географиялық даму кезеңдері.
|
-
|
4
|
10
|
2
|
5
|
Саяси және экономикалық жағдайы елтанулық сипаттама компоненті ретінде
|
2
|
4
|
10
|
2
|
6
|
Елдің халқына сипаттама беру. Мәдениет рөлін зерттеудегі елтанулық тәсіл.
|
2
|
4
|
10
|
2
|
7
|
Еуропа аймағына кешенді елтанулық сипаттама.
|
2
|
2
|
10
|
2
|
8
|
Азия аймағына кешенді елтанулық сипаттама.
|
2
|
2
|
10
|
2
|
9
|
Африка аймағына кешенді елтанулық сипаттама.
|
2
|
2
|
10
|
2
|
10
|
Солтүстік және Оңтүстік Америка аймақтарына кешенді елтанулық сипаттама
|
1
|
2
|
5
|
2
|
11
|
Аустралия және Тынық мұхиттық аралдар аймақтарына кешенді елтанулық сипаттама
|
-
|
2
|
5
|
2,5
|
Барлығы: 135
|
15
|
30
|
90
|
22,5
| 6. Дәріс сабақтарының мазмұны
1 Тақырып. Кіріспе. Елтану ғылым ретінде.
Жоспар:
-
Кешенді елтану және елдерге кешенді сипаттама беру әдістемесі
-
Елдердің географиялық сипаттамасы.
Географияда және күнделікті өмірде «ел»ұғымы көбінесе «мемлекет»ұғымымен мазмұндас болады, бірақ бұл ұғымдар мағыналық жағынан айырмашылық жасайды. Ғалымдар ел мемлекеттің кеңістіктік үлгісі, ал мемлекетелдің құқықтық негіздегі үлгісі деп түсіндіреді.
Ел - табиғи кешеннің негізінде қалыптасқан және кеңістікте, уақыт кезеңінде, ішкі және сыртқы байланыстарда мемлекет түрінде көрінетін, құрлықішілік деңгейдегі әлеуметтік-шаруашылық кешені.
Елтануелдерді кешенді түрде зерттейтін, олардың табиғаты, халқы, шаруашылығы, мәдениеті мен әлеуметтік ұйымдасуы туралы әртүрлі мәліметтерді жүйелейтін және жалпылайтын географиялық
пән болып табылады.
Елтану географияның біртұтастығының кепілі болып табылады: оның зерттеу объектісі алуан түрлі процестер болып жатқан, құрылымы күрделі аумақ болып табылады. Басқаша айтқанда, аумақтың біртұтастығын зерттеу үшін география ғылымдары жүйесінің
біртұтастығы қажет болады. Кешенді елтануда жекелеген аймақтар, елдер және олардың бөліктері табиғаты, халқы және шаруашылығы жағынан ішкі айырмашылықтар жасайтын біртұтас аумақтық күрделі жүйе ретінде қарастырылады.
Бұл жағдайда аумақтарды кешенді зерттеу үшін географияның басты салалары (физикалық, әлеуметтік-экономикалық, саяси география) түгел «жұмылдырылады».Кешенді елтанудың басты мақсаты – әртүрлі аумақтардың (елдер мен аудандар) біртұтас және кешенді сипаттамаларын беру. Мұндай сипат-тамаларда географиялық ғылымдардың әдістері көмегімен аумақтың бейнесін жасау қажет.
Елтану бағытының негізін салған ресейлік ғалым Н. Н. Баранскийдің анықтауынша, бұл сипаттамаларда «геологиядан бастап идеологияға дейінгі» мәселелер қамтылады. Жалпы алғанда, кез келген ғылым саласының маңызды міндеті әлемді танып-білу болып табылады. Кешенді елтанудың география ғылымының саласы ретінде ұдайы өзгеріп жатқан әлемнің географиялық келбетін танып-білуі ең алдымен ел аумағы деңгейінде жүзеге асады.
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4)
2 Тақырып. Елдің географиялық орны елтанулық сипаттама компоненті ретінде.
Жоспар:
-
Елдердің аумақтық ерекшеліктері
-
Елдердің. шекаралық ерекшеліктері
Мемлекет аумағы– белгілі бір мемлекеттің егемендігіндегі географиялық кеңістік бөлігі, ол мемлекеттің халықаралық деңгейде танылған аумағы болып табылады.
Жерінің ауданыбойынша ірі тоғыз елді (Ресей Федерациясы, Ка-нада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия Одағы, Үндістан, Аргенти-на, Қазақстан) атауға болады, олардың жерінің ауданы бірігіп, адам қоныстанған құрлықтың 55,8 %-ын құрайды.
Ал жерінің ауданы 30 мың км2-ден аспайтын микромемлекеттер-ге Еуропадағы «ергежейлі» мемлекеттер мен Мұхиттағы аралдық мемлекеттерді жатқызуға болады: Ватикан, Монако, Лихтенштейн, Мальта, Андорра, Мальдив Республикасы, Науру, Тувалу және т.б.
Ұсақ мемлекеттердің алып жатқан аумағы адам қоныстанған құрлықтың бар болғаны 1,3%-ын құрайды
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4)
3 Тақырып. Территория, табиғат елтанулық сипаттама компоненті ретінде.
Жоспар:
-
Территория елтанулық сипаттама компоненті ретінде
-
Табиғат елтанулық сипаттама компоненті ретінде
Мемлекет аумағының пішіні және таралып орналасуыбойын-ша да мемлекеттер айырмашылық жасайды. Бұл фактор ел аумағын иге-руде, экономикалық дамуына, мемлекеттік шекаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Осы тұрғыда елдерді бірнеше типтерге бөліп қарастыралды:
1.Созылыңқы пішіндегі мемлекеттер(Чили, Норвегия, Шве-ция, Вьетнам, Италия, Панама, Того, Гамбия). Олардың аумағы теңіз жағалауы бойымен немесе ірі өзендер бойымен жүздеген километрге созылып жатыр. Бұл көптеген аудандардың елдің әкімшілік орталығы-нан шалғай жатуына әсер етіп, аумақты басқаруға кедергі келтіреді. Мысалы, Чилидің орта бөлігінде орналасқан астанасы Сантьяго қаласы солтүстігіндегі шөлді аудандармен және оңтүстігіндегі Отты Жердегі теңіз маңы аудандарымен экономикалық жағынан әлсіз байланысқан. Италияның солтүстіктен оңтүстікке созылып жатуы, елдің оңтүстігі мен солтүстік аудандарының экономикалық тұрғыда біркелкі дамуына кедергі келтіруде.
2. Біртұтас аумақты алып жатқан мемлекеттер (Франция, Ис-пания, Польша, Венгрия және т.б.). Олардың аумағы квадрат немесе дөңгелек пішінді болып келеді. Бұл шеткі аудандардың ел орталығына шамамен бірдей қашықтықта орналасуына, мемлекеттік шекараларының салыстырмалы түрде қысқа болуына, қатынас жолдарының неғұрлым жақсы тарамдалуына, аумақтың экономикалық дамуына және басқарылуына қолайлы жағдай жасайды. Дегенмен, сыртқы пішіні қолайлы елдің аумағында да оның игерілуі мен басқарылуына кедергі келтіретін табиғи факторлар (биік таулар, батпақтар және т.б.) болуы мүмкін. Мысалы, Перу биік Анд тауларымен екі бөлікке бөлініп жа-тыр.
3. Шашыраңқы мемлекеттер (Индонезия, Филиппин сияқты аралдық мемлекеттер, екі бөліктен тұратын Малайзия және т.б.). Аумағы біртұтас емес, бірнеше бөліктерден тұратын мұндай мемлекет-терде басқару және қорғаныс, қатынас жолдары, экономикалық бай-ланыстар бойынша қиындықтар туындайды. Оқшауланған аумақтарда мемлекеттің ішкі бірлігін бұзуға әрекеттену қимылдары, әртүрлі ішкі кикілжіңдер, ел астанасының орнына қатысты таластар туындауы мүмкін. Мұндай мемлекет типіне АҚШ-ты да жатқызуға болады: оның құрамына кіретін Аляска мен Гавай аралдары негізгі аумақтан шалғайда орналасқан, бұл қосымша экономикалық шығындарға себепші бола-ды.
4. Құрамында анклавтар бар мемлекеттер.Анклав – мемлекеттің негізгі аумағынан басқа мемлекеттердің жерлері арқылы бөлініп жатқан немесе басқа мемлекеттің аумағында орналасқан аудандар. Анклав жағдайындағы аудандар қатарына Ресей Федерациясының құрамына енетін Калининград облысы, Әзірбайжан құрамындағы На-хичевань, Испания құрамына енетін, бірақ Мароккода жатқан Сеута мен Мелилья және т.б. анклавтар жатады. Анклавтар жалпы алғанда мемлекеттің стратегиялық жағдайына қолайлы әсер еткенімен, елдің әскери жағынан осал, экономикалық байланыстарға қолайсыз ауданда-ры болып табылады.
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4)
4 Тақырып. Елдің тарихи-географиялық даму кезеңдері.
Жоспар:
-
Елдің тарихи-географиялық даму кезеңдері.
-
Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуы.
Дүние жүзінің саяси картасы – дүние жүзі елдерін, олардың басқару формалары мен мемлекеттік құрылымын бейнелейтін географиялық карта. Саяси картада жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, олардың мәртебесінің өзгеруі, мемлекеттердің қосылуы мен бөлінуі, егемендігін алуы немесе жоғалтуы, мемлекеттердің ауданының өзгерістері, олардың астаналарының ауысуы, мемлекеттер мен астаналар атауларының өзгерістері, мемлекетті басқару үлгілерінің өзгерістері және т.б. басты саяси-географиялық өзгерістер көрініс табады
Саяси картадағы өзгерістер сандық (мемлекетке жаңа жерлердің қосылуы, соғыстар барысында жерінен айрылуы немесе керісінше жаңа аумақтарды қосып алуы, мемлекетаралық келісімдер негізінде жер үлескілерін айырбастауы, мемлекеттердің қосылуы немесе бөлінуі, және т.б.) және сапалық(елдің егемендігін алуы, басқару формасы мен мемлекет құрылымының, мемлекетаралық одақтардың құрылуы және т.б.) болуы мүмкін. Қазіргі кезде сандық өзгерістер біртіндеп азайып, негізінен саяси картаның сапалық өзгерістері жүріп жатыр.
Дүние жүзінің саяси картасы тарихи кезеңдерде әртүрлі фактор-ларға байланысты ұдайы өзгеріске түсті. Дүние жүзінің қазіргі заманғы саяси картасының қалыптасуына қатысты оқиғаларды шартты түрде
Жаңа кезең (XVІІ ғасырдан Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін) және Ең жаңа кезең (Бірінші дүниежүзілік соғыстан қазіргі кезге дейін) деп аталатын екі дәуірге топтастыруға болады.
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4)
5 Тақырып. Саяси және экономикалық жағдайы елтанулық сипаттама компоненті ретінде.
Жоспар:
-
Елдің саяси жағдайы елтанулық сипаттама компоненті ретінде.
-
Елдің экономикалық жағдайы елтанулық сипаттама компоненті ретінде.
Жеке ел аумағы саяси, экономикалық тұрғыдан біртұтас түзілім болғанымен, оның ішкі айырмашылықтары негізінде аймақтар (аудандар) ажыратылады. Сол себепті көптеген елдерге аймақтық даму проблемалары тән бола-ды. Әсіресе ірі елдерде аймақтар бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың әркелкілігі байқалады, бұл бірқатар елдерде аймақтарды да-мыту концепцияларының жасалуына себепші болған.
Аймақтық даму концепциясыныңмақсаты аймақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімдік басқару тетіктерін жасау, аймақ дамуын сыртқы ортадағы өзгерістерге бейімдеу болып табыла-ды. Әр елдің жеке ерекшеліктеріне байланысты аймақтық дамуының өзіндік бағыттары болады. Соған қарамастан, аймақтардың даму концепциясының жалпылама құрылымы мен кезеңдерін анықтауға болады. Ресей ғалымдарының анықтауы бойынша, ол негізінен төрт кезеңді қамтиды.
1.Проблемаларды талдау: жүйелік диспропорциялар мен олардың себептерін анықтау; дамудың басты проблемаларын, соның ішінде ел бойынша және аймақтық проблемаларды анықтау; проблемаларды шешу жолдары мен мерзімін анықтау.
2. Мақсаттар мен стратегияларды негіздеу: даму мақсаттарын айқындау және олардың өзара сәйкестіктерін зерттеу; мақсаттарға жетудің жолдары, ресурстары, экономикалық және т.б. тетіктерін талдау; дамудың басым бағыттарын анықтап, оларға ресурстарды жұмылдыру.
3.Әрекеттердің салдарларына баға беру: қол жеткен нәтижелерге талдау жасау; аумақ проблемаларының шешілу жағдайындағы өзгерістерді анықтау; жаңа проблемалардың пайда болу мүмкіндігін бағалау.
4.Тиімді стратегияны таңдау: ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау; даму стратегиясының сыртқы ортадағы өзгерістерге бейімделу деңгейін бағалау; дамудың кешенді сипатын қамтамасыз ету.
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4)
6 Тақырып. Елдің халқына сипаттама беру. Мәдениет рөлін зерттеудегі елтанулық тәсіл.
-
Елдің халқына сипаттама беру.
-
Мәдениет рөлін зерттеудегі елтанулық тәсіл.
Елдер ең алдымен халық саны бойынша айырмашылық жасайды. Жалпы халық санының өсуі өзіндік қоғамдық-тарихи және аумақтық ерекшеліктер тән күрделі құбылыстар мен процестердің әрекетіне бай-ланысты болады. Ғалымдар дүние жүзіндегі халық санының өсуіне тән маңызды факторлар ретінде табиғи(биологиялық), әлеуметтік-экономикалық(қоғамның шаруашылық дамуы, халықтың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлер), саяси (мемлекеттің демографиялық сая-саты), діни (діннің демографиялық жағдайға әсері), медициналық(денсаулық сақтаудың даму деңгейі), экологиялық (адамды қоршаған ортаның жай-күйі), гуманитарлық (халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы) факторларды атайды.
Қазіргі дүниеде халық саны 100 млн адамнан асатын 11 мемлекетті бөліп қарайды, халық саны ең аз мемлекеттерге Ватикан, Монако, Сан-Марино т.б жатады
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4)
7 Тақырып. Еуропа аймағына кешенді елтанулық сипаттама.
Жоспар:
-
Еуропа елдерінің жалпы сипаттамасы.
-
Табиғат ресурстары, оларды экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау.
-
Халықтар географиясының ерекшеліктері, экономикасының құрылымы мен ұйымдастырылуының факторлары.
-
Сыртқы экономикалық байланыстар, олардың мәні.
-
Жалпы Еуропалық экономикалық кеңістік.
Еуропа елдерінің жалпы сипаттамасы. Еуропаның саяси картасы, оның екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өзгеруі. Дүние жүзілік аренадағы Еуропа елдерінің орны. Еуропа елдерінде мемлекетті басқарудың түрлері, экономикалық даму деңгейі және даму жолдары бойынша топтастыру. Табиғат ресурстары, оларды экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау. Экологиялық проблемалары. Халықтар географиясының ерекшеліктері, экономикасының құрылымы мен ұйымдастырылуының факторлары; өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының географиясы. Сыртқы экономикалық байланыстар, олардың мәні. Әскери және экономикалық блоктар. Халықаралық қатынастарды орнатудағы жаңа саяси көзқарастар.
Еуропада өнеркәсіпті орналастырудың және дамытудың басты ерекшеліктері. Жалпы Еуропалық экономикалық кеңістік.
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4)
8 Тақырып. Азия аймағына кешенді елтанулық сипаттама.
Жоспар:
-
Азия елдеріне жалпы сипаттама.
-
Шетелдік Азияның географиялық аудандарға бөлінуі және олардың қысқа саяси-географиялық сипаттамасы.
Азия елдеріне жалпы сипаттама. Шетелдік Азияның саяси картасы және оның ІІ-ші Дүние жүзілік соғыстан кейінгі колониялық империяның құлауы нәтижесінде болған өзгерістер. Мемлекеттік құрылысы, деңгейі және экономикалық дамуы жолдары бойынша аймақтағы дамушы елдердің типтері және денгейінің түрлері. Ұлттық капиталдың және мемлекеттік сектордың ролі. Неоколониализм және оның Азиядағы түрлері, блоктардың қалыптасуы (СЕАТО, СЕНТО және т.б) және олардың қайта жандану мүмкіндігі. Азия елдерінің ұлттық тәуелсіздік үшін күресі.
Шетелдік Азияның географиялық аудандарға бөлінуі және олардың қысқа саяси-географиялық сипаттамасы. Қиыр Шығыс, Оңтүстік Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Батыс Азия (Таяу және Орталық Шығыс).
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4)
9 Тақырып. Африка аймағына кешенді елтанулық сипаттама.
Жоспар:
-
Африка елдерінің жалпы сипаттамасы.
-
Табиғат ресурстары.
-
Халқы.
-
Шаруашылықтың жалпы сипаты.
-
Сыртқы экономикалық байланыстары.
Африка елдерінің жалпы сипаттамасы. Аумағы және географиялық орны. Аумағының құрамы, қазіргі саяси бөлінісі. Африка мемлекеттерінің ауданы мен халқы жөніндегі негізгі мәліметтер. Африка елдерінің халықаралық саяси аренадағы орны мен маңызы.
Табиғат ресурстары. Континенттің табиғат зоналары мен ландшафттарды шаруашылық тұрғыдан бағалау. Гидроэнергетикалық және отын ресурстары. Шөл зоналарды суландыру және су мәселесі. Минералдық шикізаты. Топырақ-өсімдік зоналары, оларды шаруашылыққа пайдаланудың мүмкіндіктері.
Халқы. Халықтың саны мен демографиялық құрылымы. Ру, тайпалық және тіл топтары бойынша бөлінуі. Ұлттық қалыптасу проблемасы. Нәсілдік кемсітушілікке қарсы демократиялық күштердің күресі. Халықтың біркелкі орналаспауы. Африка халқының миграциясы. Қала және ауыл халқы. Еңбек ресурстары және оларды пайдалану.
Шаруашылықтың жалпы сипаты. Дүниежүзілік шаруашылықтағы Африканың орны. Бай табиғат ресурстарын шетел капиталы тарапынан талан-таражға түсуі. Африка елдерінің төмен даму денгейі. Африка елдерінде шетелдік капиталдың қазіргі позициясы. Мемлекеттік сектордың маңызы. Африка елдерінің экономикалық тәуелсіздігі үшін күресі. Африканың жекелеген елдері арасында экономикалық және саяси дамуындағы ерекшеліктер.
Сыртқы экономикалық байланыстары. Дүниежүзілік рыноктағы Африка елдерінің үлес салмағы. Сыртқы сауданың сипаты. Жаңа экономикалық тәртіп үшін демократиялық күштердін күресі. Африка елдерінің сыртқы сауда байланыстарының құрылымы мен бағытындағы өзгерістер. Африканың басты аймақтық топтары. Солтүстік, Батыс, Орталық, Шығыс және Оңтүстік Африка елдері.
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4)
10 Тақырып. Солтүстік және Оңтүстік Америка аймақтарына кешенді елтанулық сипаттама
Жоспар:
-
Америка Құрама Штаттары. Географиялық орны және табиғат ресурстары.
-
Дүниежүзілік шаруашылықтағы АҚШ-тың үлесі.
-
Дүние жүзілік рыноктағы АҚШ экспансионизмі.
-
Канада. Географиялық орны және табиғат ресурстары.
-
Халқы және мемлекеттік құрылысы.
-
Шаруашылығының жалпы сипаттамасы мен даму ерекшелігі.
Америка Құрама Штаттары. Географиялық орны және табиғат ресурстары. Географиялық орнының ерекшеліктері. Теңіз және кұрғақтағы шекаралары. Пайдалы казбалардың қоры, шоғыры және кен орындарының орналасуы. Халқы. Халқының динамикасы. Халқының қалыптасуындағы иммиграцияның орны. Ұлттық құрамы. Қала және ауыл халқы. Урбанизация деңгейі, урбанизация проблемалары.
Шаруашылығы. Дүниежүзілік шаруашылықтағы АҚШ-тың үлесі. Әлемнің басқа елдерімен салыстыру. Өндіріс пен капиталдың шоғырлану деңгейінің жоғары болуы. Ауыл шаруашылығы. "Американдық" ауыл шаруашылығын дамыту типі (Оңтүстіктен басқа). Ауыл шаруашылығының әлеуметтік құрылымы. Аграрлық қарым-қатынастар. Өсімдік пен мал шаруашылық салаларының орналасуы. Ферма типтері мен олардың орналасуы. Ауыл шаруашылық аудандары.
Сыртқы экономикалық байланыстары. Дүние жүзілік рыноктағы АҚШ экспансионизмі. АҚШ-ты дүниежүзілік рыноктағы ірі қаржы экспортер ретінде қарастыру. Континенттер мен мемлекеттерде американ қаржысалымдарының таралуы. Дүниежүзілік рыноктағы АҚШ алып отырған орнының әлсіздену факторлары. АҚШ-тың Батыс Еуропа елдерімен, Канадамен, Латын Америкасы елдерімен, Қиыр Шығыс елдерімен байланысы және қарама-қайшылықтары.
Канада. Географиялық орны және табиғат ресурстары. Минералдық шикізатқа және металл ресурстарына, мұнайға және калий тұздарына бай болуы. Гидроресурстардың, орман байлықтарының молдығы. Климаттың шаруашылыққа кері әсері.
Халқы және мемлекеттік құрылысы. Халықтың қалыптасу факторлары. Иммиграцияның рөлі. Негізгі ұлттық топтар, олардың сипаттамасы. Халықтың тығыздығының төмен болуы, біркелкі орналаспауы. Урбанизация, қала және елді мекендердің түрлері. Халықтың кәсіби және топтық құрамы.
Шаруашылығының жалпы сипаттамасы мен даму ерекшелігі. ІІ-Дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуының күшейюі. Гидроэнергетиканың және энергияны кажет ететін өндірістің ерекше рөлі. Басты ауыл шаруашылық аудандары. Көлігі. Ішкі көліктің дамуы, оның ерекшеліктері. Құбыр көлігі. Сыртқы экономикалық байланысының маңызы. Сыртқы сауданың көлемі, кұрылымы, бағыты. Төлем балансы. Экономикалық аудандары. Ел экономикасында оның рөлі және әртүрлі дамуы.
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4)
№11 Тақырып. Аустралия және Тынық мұхиттық аралдар аймақтарына кешенді елтанулық сипаттама.
Жоспар:
-
Еуразия мен Америка арасындағы халықаралық жол бойындағы Австралия, Жаңа Зеландия және Мұхит аралдарының орны.
-
Жекелеген елдердің экономикалық деңгейдегі ерекшеліктері.
Еуразия мен Америка арасындағы халықаралық жол бойындағы Австралия, Жаңа Зеландия және Мұхит аралдарының орны. Территориялардың шалғайдығы және олардың стратегиялық маңызы. Ұлт-азаттық қозғалыстың өсуі және оның Мұхит арал елдері, Меланезия, Полинезия, Микронезияның саяси картасына тигізген әсері. Жекелеген елдердің экономикалық деңгейдегі ерекшеліктері. Австралия, Жаңа Зеландия - экономикалық даму деңгейі жоғары елдер. Мұхит аралдары елдерінің артта қалғандығы мен экономикасының ерекшелігі.
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4)
1,2 тақырып. Кіріспе. Елтану ғылым ретінде. Елдің географиялық орны елтанулық сипаттама компоненті ретінде.
Жоспар:
-
Елдің географиялық орны
-
Олардың негізгі категориялары мен құрылымын зерттеудің негізгі әдістемелері
Тапсырмалар:
-
Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.
-
«Елдің географиялық орны» кестесін толтыру.
-
«Дамыған елдер» кестесін толтыру.
-
«Дамушы елдер» кестесін толтыру.
Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).
Әдебиеттер тізімі: (1,2,3, 4.)
Мультимедиялық қамтамасыздандыру: Интербелсенді тақта
3 Тақырып. Территория, табиғат елтанулық сипаттама компоненті ретінде.
Жоспар:
-
Территорияның негізгі түсініктері
-
Елдің дамуы үшін территорияның қауіпсіздігі.
-
Елдің табиғи және экологиялық жағдайы (жер бедері, климат, ішкі сулары, табиғи зоналары, өсімдік және жануар әлемі, ҚО-ның экологиялық жағдайы).
Тапсырмалар:
-
Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.
-
Ең үлкен территориялы елдерге қысқаша сипаттама беру.
-
Ең кіші территориялы елдерге қысқаша сипаттама беру.
-
Елдің дамуы үшін территорияның қауіпсіздігі.
-
Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.
-
Жер бедері бойынша елге қысқаша сипаттама беру.
-
Климат бойынша елдерге қысқаша сипаттама беру.
-
Өсімдік және жануар әлемі бойынша елдерге қысқаша сипаттама беру.
Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).
Әдебиеттер тізімі: (1,2,3, 4.)
Мультимедиялық қамтамасыздандыру: Интербелсенді тақта
4 Тақырып. Елдің тарихи-географиялық даму кезеңдері.
Жоспар:
-
Елдің тарихи-географиялық даму кезеңдері.
-
Тарихи-географиялық тәсілдердің, жалпы жағдайының мәні
Тапсырмалар:
-
Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.
-
Саяси картасындағы жаңа кезеңдегі қысқаша сипаттама беру.
-
Саяси картасындағы ең жаңа кезеңдегі қысқаша сипаттама беру.
Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).
Әдебиеттер тізімі: (1,2,3, 4.)
Мультимедиялық қамтамасыздандыру: Интербелсенді тақта
5 Тақырып. Саяси және экономикалық жағдайы елтанулық сипаттама компоненті ретінде.
Жоспар:
-
Басты түсініктер.
-
Елдің саяси даму жағдайының сипаттама компоненті (елдің мемелекеттік құрылысы, сыртық және ішкі саясаты, экономикалық жағдайы).
Тапсырмалар:
-
Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.
-
Елдің мемелекеттік құрылысы і бойынша қысқаша сипаттама беру.
-
Сыртық және ішкі саясаты бойынша елдерге қысқаша сипаттама беру.
-
Экономикалық жағдайы бойынша елдерге қысқаша сипаттама беру.
Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).
Әдебиеттер тізімі: (1,2,3, 4.)
6 Тақырып. Елдің халқына сипаттама беру. Мәдениет рөлін зерттеудегі елтанулық тәсіл.
Жоспар:
-
Халықтың территорияда таралуының жалпы түсінігі.
-
Халықтар, нәсілдер, конфессиялар
-
Мәдениеттің елтанулық мәні.
-
Тіл, дін, өнер, дәстүр, бұқаралық мәдениет.
Тапсырмалар:
-
Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.
-
Карта бойынша халықтың таралуына қысқаша сипаттама беру.
-
Халықтар, нәсілдер, конфессияларға қысқаша сипаттама беру.
-
Тіл, дін, өнер, дәстүр, бұқаралық мәдениетке қысқаша сипаттама беру.
Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).
Әдебиеттер тізімі: (1,2,3, 4.)
7 Тақырып. Еуропа аймағына кешенді елтанулық сипаттама.
Шетелдік Еуропа елдеріне экономикалық-географиялық сипаттама беру.
Жоспар:
-
Географиялық орны мен территорияның қалыптасу ерекшелігі.
-
Табиғат жағдайлары мен ресурстарын шаруашылық тұрғысынан бағалау.
-
Халық географиясының негізгі белгілері мен ерекшеліктері.
-
Елдің жалпы экономикалық-географиялық сипаттамасы және оның негізгі шаруашылық салаларының сипаттамасы.
-
Жеке экономикалық аудандардың сипаттамасы.
-
Сыртқы экономикалық байланыстары.
Тапсырмалар:
-
Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.
-
«Экономикасы дамыған Еуропа елдеріндегі экономикадағы жұмыспен қамтылған (салалар) бойынша халықтар %» атты кестені толтыру.
-
«Еуропа елдеріндегі атом электрстанциялары» атты кестені толтыру.
-
«Еуропаның экономикасы дамыған мемлекеттеріне қысқаша сараптама» атты кестені толтыру.
Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).
Әдебиеттер тізімі: (1,2,3, 4.)
Мультимедиялық қамтамасыздандыру: Интербелсенді тақта
8 Тақырып. Азия аймағына кешенді елтанулық сипаттама.
Шетелдік Азия елдеріне экономикалық-географиялық сипаттама беру.
Жоспар:
-
Географиялық орны мен территорияның қалыптасу ерекшелігі.
-
Табиғат жағдайлары мен ресурстарын шаруашылық тұрғысынан бағалау.
-
Халық географиясының негізгі белгілері мен ерекшеліктері.
-
Елдің жалпы экономикалық-географиялық сипаттамасы және оның негізгі шаруашылық салаларының сипаттамасы.
-
Жеке экономикалық аудандардың сипаттамасы.
-
Сыртқы экономикалық байланыстары.
Тапсырмалар:
-
Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.
-
«Азия елдерінің негізгі өнеркәсіп қызметтері» атты кестені толтыру.
-
Азия елдерінің қайсысы АСЕАН елдеріне кіретінін айту.
Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).
Әдебиеттер тізімі: (1,2,3, 4.)
9 Тақырып. Африка аймағына кешенді елтанулық сипаттама.
Африка елдеріне экономикалық-географиялық сипаттама беру.
Жоспар:
-
Географиялық орны мен территорияның қалыптасу ерекшелігі.
-
Табиғат жағдайлары мен ресурстарын шаруашылық тұрғысынан бағалау.
-
Халық географиясының негізгі белгілері мен ерекшеліктері.
-
Елдің жалпы экономикалық-географиялық сипаттамасы және оның негізгі шаруашылық салаларының сипаттамасы.
-
Жеке экономикалық аудандардың сипаттамасы.
-
Сыртқы экономикалық байланыстары.
Тапсырмалар:
-
Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.
-
«Африка халқы» атты кестені толтыру.
-
«Мемлекеттің басқару түрлері: мемлекеттік құрылыс» атты кестені толтыру.
Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).
Әдебиеттер тізімі: (1,2, 3, 4.)
10 Тақырып. Солтүстік және Оңтүстік Америка аймақтарына кешенді елтанулық сипаттама
Солтүстік Америка елдеріне экономикалық-географиялық сипаттама беру. Латын Америкасы елдеріне экономикалық-географиялық сипаттама беру.
Жоспар:
-
Географиялық орны мен территорияның қалыптасу ерекшелігі.
-
Табиғат жағдайлары мен ресурстарын шаруашылық тұрғысынан бағалау.
-
Халық географиясының негізгі белгілері мен ерекшеліктері.
-
Елдің жалпы экономикалық-географиялық сипаттамасы және оның негізгі шаруашылық салаларының сипаттамасы.
-
Жеке экономикалық аудандардың сипаттамасы.
-
Сыртқы экономикалық байланыстары.
Тапсырмалар:
-
Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.
-
«Солтүстік Америка елдерінің негізгі өнеркәсіп қызметтері» атты кестені толтыру.
-
«Солтүстік Американың экономикасы дамыған елдеріне қысқаша сараптама» атты кестені толтыру.
-
«Латын Америкасы елдерінің негізгі өнеркәсіп қызметтері» атты кестені толтыру.
-
«Латын Америкасының экономикасы дамып келе жатқан елдеріне қысқаша сараптама» атты кестені толтыру.
Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).
Әдебиеттер тізімі: (1,2,3, 4.)
Мультимедиялық қамтамасыздандыру: Интербелсенді тақта
11 Тақырып. Аустралия және Тынық мұхиттық аралдар аймақтарына кешенді елтанулық сипаттама
Территорияның қалыптасуы және аймақтың тарихы. Австралия, Жаңа Зеландия, Меланезия, Полинезия елдерінің ЭГО салыстыру. Ұқсастық пен ішкі айырмашылықтарын көрсету. Саяси картасының даму кезеңдері. Ел шаруашылығының даму ерекшеліктері. Сыртқы экономикалық байланыстары. Туризм индустриясының қалыптасуы және дамуы.
Жоспар:
-
Территорияның қалыптасуы және аймақтың тарихы.
-
Австралия, Жаңа Зеландия, Меланезия, Полинезия елдерінің ЭГО салыстыру.
-
Саяси картасының даму кезеңдері.
-
Ел шаруашылығының даму ерекшеліктері.
-
Сыртқы экономикалық байланыстары.
-
Туризм индустриясының қалыптасуы және дамуы.
Тапсырмалар:
-
Жоспар бойынша берілген сұрақтарды зерттеп, жауаптарын дәптерге жазу.
-
«Австралия және Мұхит аралдары елдерінің негізгі өнеркәсіп қызметтері» атты кестені толтыру.
Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4.)
8. Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар
-
Елтану географиялық пән ретінде.
-
Елтанудың негізгі принциптері.
-
Кешенді елтану және оның элементтері.
-
Ежелгі әлем елтануының ғылым ретінде дамуы.
-
Елтанудың орта ғасыр кезеңінде ғылым ретінде дамуы.
-
Қайта өрлеу дәуірінде елтанудың ғылым ретінде дамуы.
-
Елтанудың жаңа кезеңде ғылым ретінде дамуы.
-
ХХ ғасырдағы елтану.
-
Кешенді елтанудың функцилары.
-
Елтану сипаттамасының географиялық орналасу компоненті.
-
Елдің территориясы.
-
Табиғат елтанулық сипаттаманың компоненті ретінде.
-
Елтану сипаттамасының тарихи – мәдени компоненті.
-
Елтану сипаттамасының халық компоненті.
-
Туристік елтану пәні және міндеті.
-
Елтанудағы табиғатты пайдалану рөлі.
-
Елтану сипаттамасының саяси және экономикалық шарт компоненттері.
9. СОӨЖ кеңес кестесі (СОӨЖ-сы СӨЖ-ның 25% құрайды)
№
|
Сабақ түрі
|
дүйсенбі
|
сейсенбі
|
сәрсенбі
|
бейсенбі
|
жұма
|
сенбі
|
1.
|
Дәріс сабақтарының сұрақтары бойынша кеңес беру
|
|
|
|
|
12.35
13.25
|
|
2.
|
Семинар сабақтары бойынша кеңес
|
|
|
12.35
13.25
|
|
|
|
3.
|
СӨЖ бойынша кеңес
|
|
|
|
|
|
12.35
13.25
|
4.
|
Тест тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес
|
12.35
13.25
|
|
|
|
|
|
11. Студенттердің білімдерін тексеру кестесі
Дәріс және тәжірибелік (семинар) сабақтар 0-100 баллмен бағаланады.
Пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесі
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырма тақырыбы, мақсаты және мазмұны
|
Ұсынылған әдебиет
|
Орындау ұзақтығы
|
Бақылау формасы
|
Тапсыру уақыты
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Реферат
|
Елдің дамуы үшін территорияның қауіпсіздігі
|
|
2 жұма
|
|
2-ші жұма
|
2
|
Тақырыптық карталармен жұмыс
|
Карталар
|
Тақырыптық карталар
|
Семестр бойы
|
Ауызша сұрау
|
семестр бойы
|
3
|
Аралық бақылау
|
Жоспар бойынша алғашқы 4 тақырып
|
|
|
коллоквиум
|
8-ші жұма
|
4
|
Реферат
|
Халықтың территорияда таралуының жалпы түсінігі.
Халықтар, нәсілдер, конфессиялар
|
|
2 жұма
|
|
9-шы жұма
|
5
|
Реферат
|
Шаруашылық елтанулық сипаттама компоненті ретінде.
|
|
2 жұма
|
|
14-ші жұма
|
6
|
Аралық бақылау
|
Жоспар бойынша 5-8 тақырыптар
|
|
|
коллоквиум
|
15-ші жұма
| Ескерту: 1. Реферат СӨЖ тапсырмаларында берілген тақырыпқа сай жазылуы тиіс. 12. Студенттердің білімін бағалау критериилері
Пәнді оқыту жыл бойы алған білімдері бойынша, тестілеу формасындағы емтиханмен аяқталады. Бағдарламада берілген барлық тапсырмаларды орындау, емтиханға жіберудің міндетті критерииі болып табылады.
Әр тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.
13. Курстың саясаты
Студент дәріс сабақтарына міндетті қатысу тиіс. Сабаққа қатысу әр бір сабақта белгіленеді (сабақтың басында немесе ортасында). Егер белгілеу кезінде студент болмаса, ол белгілеуден кейін келсе де, сабақта жоқ деп есептеледі.
Сабақтардағы кез-келген бұзушылық жазаланады, тіпті аудиториядан шығарып жіберуге де жету мүмкін. Ал белсенді жұмыс бағаланады. Сабақтан қалмау керек және кешігіп келуге болмайды. Сабақты босату және кешігіп келу үшін төмендегі айыпты санкциялар қолданылады:
- Орынды себепсіз дәріс сабағына қатыспағаны үшін – минус екі балл;
- Аудиторияда тәртіпті бұзғаны үшін – сабаққа келгені үшін алған баллдан айырылады.
Талаптар мен айыпты санкциялар:
-
Оқу процесіне белсенді қатысу.
-
Сабаққа кешікпеу.
-
Аудиторияға сыртқы киімді шешіп кіру.
-
Сабақ барысында бір-бірімен сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефондарды өшіру, сағыз шайнамау.
-
Оқу бөлмелерінде шылым шекпеу және тәртіпсіз сөздерді қолданбау.
-
Босатылған дәрісті өздігінен игеріп, тапсыру негізгі балл мөлшерінің 50%-мен бағаланады.
7. Уақытында орындалмаған тапсырмалар (бақылаудың барлық түрлері) негізгі балл мөлшерінің 50%-мен бағаланады. Тапсырмаларды орындамағаны үшін қорытынды баға төмендетіледі.
Аталған талаптарды орындау емтиханға қатысуды қамтамасыз етеді.
Соңғы қорытынды баға төмендегілерден шығарылады:
1. Дәріс сабақтарына қатысу.
2. Дәріс сабақтарына белсенді қатысу және барлық тәжірибелік жұмыстар мен СӨЖ орындау мен қорғау.
3. Білімдердің шекті бақылауы.
4. Емтихан (сынақ) бағасы.
Білімді бағалау баллдық-рейтинг жүйесін қолданумен жүзеге асырылады, студент күнтізбелік кестеге сүйеніп өз білім деңгейін өзі бағалай алады. Қажетті баллдар санын жинау үшін студент барлық дәріс, тәжірибелік сабақтарға белсенді қатысу қажет. Егер аталған шарт орындалмаса, студент барлық тақырыптарды игеріп тапсырудан кейін ғана емтиханға жіберіледі.
Семестр бойы білім деңгейі үнемі тексеріледі.
Орындалған жұмыстарды тапсыру бақылау шараларының күнтізбелік кестесі бойынша жүзеге асырылуы шарт.
Босатылған сабақтардың тақырыптарын игеріп тапсыру:
Орынды себеппен тәжірибелік жұмысты орындамаған студент оны келесі жұмада тапсыра алады, бірақ сол жағдайда жұмыстың орындалуы 1 баллға төмендетіліп бағаланады.
Шекті бақылау кезінде басқа студенттен жазбаша жұмысты көшіріп алуға тыйым салынады (көшірілген жұмыс есептелмейді).
Емтихан ауызша түрде өтеді. Студент үш сұраққа жауап беру тиісті. Емтиханда берілген жауап төмендегідей бағаланады:
-100 балл – барлық сұрақтарға толық жауап үшін;
-75 балл – екі сұраққа толық жауап үшін;
-75 балл – барлық сұрақтарға толық емес жауап үшін;
-85 балл – екі сұраққа толық жауап, ал үшіншісіне толық емес жауап үшін;
-50 балл – бір сұраққа ғана толық жауабы үшін;
-0 балл – жауабы болмаған жағдайда.
14. Әдебиеттер тізімі
Негізгі:
-
Алисов Н.В. Экономическая и социальная география мира (общий обзор):учебник/ Н. В. Алисов, Б. С. Хорев.- М.: Гардарики.-2000.-704 с.
-
Вавилова Е. В. Экономическая и социальная география мира:учеб. пособие для студ. вузов/Е. В. Вавилова.-2-е изд. прераб. и доп..-М.:Гардарики.-2006.-175 с.- (Homo Faber)
-
Дорошевский М.В. Экономическая и социальная география мира:учебное пособие /М.В.Дорошевский, Г.В.Мысливец.-Киев:МАУП.-2003.-180с.
-
Желтиков В.П. Экономическая география:учебное пособие для студ. Вузов /В.П.Желтиков.-Ростов н/Д: Феникс.-2003.-383с.- (Учебники и учебные пособия)
-
Козьева И. А. Экономическая география и регионалистика:учеб. пособие для студ. Вузов /И. А. Козьева, Э. Н. Кузьбожев.-2-е изд., стер.-М.:Кнорус.-2007.-328 с.
-
Лопатников Д.Л. Экономическая география и регионалистика: учебное пособие /Д.Л.Лопатников.-М.: Гардарики.-2004.-223с.
-
Любимов И.М. Общая политическая, экономическая и социальная география. / Под ред. Л.П. Куракова. М: Гелиос АРВ, 2001. 336 С.
-
Родионова И.А. Экономическая география и региональная экономика /И.А.Родионова.- М.:Моск. Лицей.- 2001.-288с.
Қосымша:
-
Ахметов С. Н. Стратегия развития региона: методологический аспект /С. Н. Ахметов; ответ. ред. А. А. Алимбаев.- Караганда: Арко.-2002.-314 с.
-
Видяпин В.Н. Региональная экономика: учебник /под ред.: В.Н.Видяпина, М.В.Степанова. - М.: ИНФРА-М.-2002.- 685с..- (Высшее образование)
-
Волков Ю. Г. Регионоведение: учеб. Пособие /отв. ред. профессор Ю. Г. Волков.-2-е изд., испр. и доп.- Ростов н/Д: Феникс.-2004.-442 с.-(Высшее образование)
-
Вольский В.В. Социально-экономическая география зарубежного мира:учебник для вузов [для экон. спец.] /под ред. В. В. Вольского.-3-е изд., испр.-М.:Дрофа.-2005.-560 с.
-
Все страны мира: Энциклопедический справочник/ Автор-составитель Родин И.О., Пименова Т.М. - М.: Вече, 2003. 560 С.
-
Гладкий Ю.Н., Чистобаев А.И. Регионоведение: Учебник. М.: Гардарики, 2003. 384 С.
-
Максаковский В.П. География: Экономическая и социальная география мира:учебник для 10 кл. /В.П.Максаковский.-10-е изд..-М.:Просвещение.-2002.-349с.
-
Родионова И.А. Экономическая география Российской Федерации: учеб.-справ. пособие /И.А.Родионова.-М.:Моск. Лицей.-2000.-191с.
-
Экономическая и социальная география России: Учебник для ВУЗов / под ред. А. Т. Хрущева. М.: МГУ, 2001.
-
Экономическая, социальная и политическая география мира. Регионы и страны. / Под ред. СБ. Лаврова, Н.В. Каледина. - М: Гардарики, 2002. - 928 С.
Достарыңызбен бөлісу: |