Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы
Geo 1205 Геодезия
пӘнІ бойынша бағдарламасы
(SYLLABUS)
Павлодар, 2013
Пән бойынша бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы | | Нысан ПМУ ҰС Н 7.18.4/19 | БЕКІТЕМІН
Сәулет-құрылыс
факультетінің деканы
_________ Күдерин М.Қ.
20___ ж. «___»_________
Құрастырушы: аға оқытушы Баймулдинова Қ.С. __________
Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы
5В074500 «Көлік құрылысы» мамандығының күндізгі оқу нысананың студенттеріне арналған
Geo 1205 Геодезия
пӘнІ бойынша БАҒДАРЛАМАсы (Syllabus)
Бағдарлама 20___ ж. «____»__________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
20___ ж. «___»___________ кафедра отырысында ұсынылған.
Хаттама № _____
Кафедра меңгерушісі _____________ В.Т. Станевич «___»___________20___ ж.
Сәулет-құрылыс факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған
20___ ж. «___»_____________ хаттама №_____.
ОӘК төрайымы _______________ Г.А. Жукенова «___»_____________20___ ж.
1. Оқу пәнінің төлқұжаты
Геодезия пәні
Кредит саны және оқу мерзімі
Барлығы – 3 кредит
Курс: 1
Семестр: 2
Барлық аудиториялық сағат саны – 60 сағат
Дәріс – 15 сағат
Практикалық сабақ – 30 сағат
СӨЖ – 90 сағат
соның ішінде СОӨЖ – 22,5 сағат
Жалпы еңбек сыйымдылығы – 135 сағат
Бақылау түрі:
Қорытынды бақылау түрі: емтихан (тестілеу) – 2 семестр.
Пререквизиттер
Пәннің бағдарламасы мына пәндерге негізделген: математика; физика; инженерлік графика және құрылыс сызбасы; ақпараттану.
Постреквизиттер
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағдымашықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: сәулет; топырақтар механикасы, негіздер және іргетастар; көлік құрылыстарын салу технологиясы; көлік құрылыстарын салуды ұйымдастыру.
2 Оқытушы туралы мәлімет және байланысу ақпараттары:
Баймулдинова Қарлығаш Слямқызы «Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау» кафедрасының аға оқытушысы. «Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау» кафедрасы С.Торайғыров атындағы ПМУ Д-302 корпусында орналасқан.
Сабақтарды өткізу орны мен уақыты – аудиториялық сабақтар, межелгі бақылау және емтихандық сессия бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
3 Нысан, мақсат пен міндет
Пән нысаны:
Геодезия пәнің оқыту мақсаты болып геодезиялық өндірістің қазіргі жағдайындағы орындалатын топографты-геодезиялық жұмыстын негізгі түрлерімен болашақ маманды теоретикалық және тәжірибелік білімнің негізіне оқыту; инженерлік-геодезиялық жұмыстарын орындауға байланысты геодезиялық өлшемдермен олардың нәтижелеріне өңдеу жұмыстарын жүргізу; инженерлік құрылымдарды жобалау үшін ірімасштабты пландар мен профильдерді дайындау. Геодезияның геодезиялық және фотограм-метриялық жұмыстардың теориялық негізін өндірісте пайдалануын; лазерлік, электрондық автоматтандырылған жүйелер қолданған аспаптарды пайдалана алдынғы қатарлы геодезиялық өлшеулер технологиясын құру; инженерлік есептерді шешуге топографиялық пландар мен карталар қолдану; геодезиялық аспаптармен өлшеулер жүргізу; геодезиялық өлшеу нәтижелерін өңдеу.
Пәннің мақсаты
Пәннің мақсаты - жоғары оқу орындарының құрылысы мамандығы студенттеріне жобалау, құрлысты салу, әртүрлі инженерлік ғимараттарды пайдалану кезіндегі геодезиялық жұмыстардан жан-жақты теориялық және практикалық білім беру болып табылады.
Пәннің міндеттері
-
геодезиялық өндірістің қазіргі жағдайындағы орындалатын
топографты-геодезиялық жұмыстын негізгі түрлерімен болашақ маманды теоретикалық және тәжірибелік білімнің негізіне оқыту;
-
инженерлік-геодезиялық жұмыстарын орындауға байланысты
геодезиялық өлшемдермен олардың нәтижелеріне өңдеу жұмыстарын жүргізу.
4 Білім, іскерлік, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптар
Осы пәнді оқып меңгеру нәтижесінде студенттер:
Жер шарының өлшемі формасы туралы; координата және биіктік жүйелері туралы; геодезиялық пландық және биіктік тірек торлары туралы; геодезиялық құрал-жабдықтармен геодезиядағы өлшеу тәсілдерінің қазіргі заманғы даму тенденциясы туралы ұғымы болуына;
білу керек:
- геодезия және геодезиялық жұмыстардың теориялық негізін;
- геодезиялық өлшеулердің орындалу технологиясын;
- геодезиялық өлшеулердің нәтижесін өңдеудің теориялық негізін;
- инженерлік практикада типтік инженерлік-геодезиялық есептін көп таралған негізгі талабының шешімін және геометриялық маңызын;
- аудандарды графикалық тәсілмен және координаталары бойынша есептеуды;
орындай алуы керек:
- топографиялық планмен картаны емін-еркін пайдалана білу, солардың негізінде графикалық және математикалық есептеулерді шығаруды;
- топографиялық картаны оқуды, топогеодезиялық материалдарды қолдану, сол негізде инженерлік есептерді шешуді;
- геодезиялық жұмыстарды орындауды, топографо-геодезиялық ізденістерді жүргізуді, топографиялық пландарды салу мен түзетуді және жоба нүктелерін жер бетіне шығаруды;
- негізгі геодезиялық аспаптармен қолдануды;
- геодезиялық өлшеу нәтижелерін өңдеуді;
тәжірибелік дағдылану:
- негізгі геодезиялық аспаптармен өздік жұмыстарды жүргізу сонымен қатар геодезиялық өлшеулерді орындауы;
- геодезияның инженерлік есептеу саласында дағды мен білімді қолданудың тиімділігі;
- қазіргі заманғы геодезиялық аспаптар мен өлшеуіш аппаратурасымен қолдануы;
білікті болу керек:
- пландық-картографиялық материалдарды өндірісте қолдану және басқа топографиялық ақпараттарды әртүрлі инженерлік есептерін шешу үшін қолдануды;
- сызықтық, биіктік, бұрыштық өлшеулер жүргізу және жергілікті жерді түсіру саласында;
- геодезиядағы инженерлік есептерды шешу үшін қазіргі әдістерді қолдануы;
- қазіргі заманғы геодезиялық аспаптар мен өлшеуіш құралдарымен қолдануы.
5. Пәнді оқытудың пәндік жоспары
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу
№
|
Тақырып атауы
|
Сабақтың түрлері бойынша сағаттар саны
|
СӨЖ
|
Дәріс
|
Прак
|
Барлығы
|
соның ішінде СӨЖО
|
1
|
2
|
3
|
|
5
|
6
|
1
|
Кіріспе.
|
1
|
-
|
2
|
0,5
|
2
|
Геодезия негіз. Жер туралы жалпы мәліметтер. Бағытты бағдарлау және координата жүйесі.
|
3
|
5
|
15
|
3
|
3
|
Топографиялық пландар және карталар.
|
2
|
4
|
10
|
3
|
4
|
Бұрыштарды, арақашықтықтарды өлшеу.
|
2
|
6
|
15
|
4
|
5
|
Нивелирлеу.
|
2
|
6
|
15
|
4
|
6
|
Геодезиялық тораптар және оларды жоспарлық-биіктіктік негіздеу.
|
1
|
-
|
8
|
2
|
7
|
Жергілікті түсіру. Теодолиттің және тахеометрлік түсірістер.
|
2
|
6
|
15
|
4
|
8
|
Жолдарды, көпірлерді, тоннелдерді және мұнай-газ құбырларын және басқа да сызықтық құрылыстарды іздестірудегі және салу кезіндегі геодезялық жұмыстар.
|
2
|
3
|
10
|
2
|
Барлығы: 135 сағат
|
15
|
30
|
90
|
22,5
|
6. Дәріс сабақтарының мазмұны
1 тақырып. Кіріспе
Жоспар
1 Геодезия пәні, оның мәселелері және әдістері.
2 Дамуының негізгі тарихы кезеңдері және басқа ғылымдармен байланысы.
3 Техникалық қауіпсіздік, еңбекті қорғау және инженерлік-геодезиялық жұмыстарды орындаудағы қоршаған ортаны қорғау.
Геодезия – Жер туралы ғылымның ежелгі бір саласы.
Жер бетінің және оның кейбір бөлшектерінің пішіні мен өлшемдерін анықтайтын ғылымды геодезия дейміз. Бұл анықтау геодезиялық өлшеулер арқылы жүзеге асады.
Қазіргі геодезия көп қырлы ғылым: күрделі ғылыми, ғылыми-техникалық және инженерлік есептерді геодезиялық және басқа арнаулы аспаптар арқылы өлшеп нәтижелерін математикалық және графикалық өңдеу арқылы шешеді.
Геодезия шешетін басты мәселелері:
1 Жердің фигурасын, пішіні мен көлемін және сыртқы гравитациялық тартылысын, яғни тартылыс күшін анықтайды.
2 Берілген координаталар жүйесінде жер бетіндегі нүктелердің орнын анықтайды.
3 Жер бетінің картасы мен планын жасайды.
4 Жер бетінде құрылыстарды жобалау, салу және пайдалану үшін өлшеу жұмыстарын орындайды.
Геодезияның теориясы мен тәжірибелік жұмыстарының ең бастысы
геометриялық жергілікті жобалауды құру, есептеу, өлшеу. Өлшем бірлігінен қаншаға үлкен не кем екенін көрсететін нәтижені өлшеу процессі деп атаймыз. Өлшеу тікелей және жанама болады. Тікелей өлшеуде, мысалы қиындының ұзындығын сызғышпен, ал бұрышты транспортирмен өлшейміз. Жанама өлшеу – тура өлшеудің функциясы болып саналады. Мысалы, теодолитпен өлшенетін бұрыш, тура өлшеудің бағытымен заттың оң және сол жағымен бақыланады.
Кез-келген геодезиялық өлшеуді орындағанда негізгі бес фактордың әсерін білу қажет. Ол бес факторға жататындар: өлшеу орны, орындаушы, аспап, өлшеу әдісі және сыртқы орта. Жалпы геодезиялық өндірісте бұрыштық, сызықтық, Жер бетіндегі екі әртүрлі нүктені өлшеуді орындайды.
Негізгі геодезиялық өлшеулер:
1 Сызықтық (ұзындық) өлшеулер. Қолданылатын аспаптар: өлшеуіш ленталар, өлшеу рулеткасы, өлшеуіш сымдар, оптикалық қашықтық өлшеуіш, жарық-, радио қашықтық өлшеуіштер, жіптік қашықтық өлшеуіш, қос бейнелі арақашықтық өлшеуіштер.
2 Бұрыштық өлшеулер. Қолданылатын аспаптар: теодолит, тахеометр, гониометр, буссоль, эккер, эклиметр.
3 Биіктік өлшеулер, нәтижесінде жер бетіндегі нүктелердің биіктіктер айырымы анықталады. Қолданылатын аспаптар: нивелир, нивелирлік рейка.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 3-7 б.].
2 тақырып. Геодезия негізі. Жер туралы жалпы мәліметтер. Бағытты бағдарлау және координата жүйесі
Жоспар
1 Жердің физикалық беті туралы түсінік, оның пішіні және мөлшері.
2 Биіктік жүйесі.
3 Геодезияда қолданылатын координаталар жүйесі.
4 Сызық бағытын бағдарлау.
Жердің пішіні мен өлшемі туралы түсінік.
Жердің ғарыштан түсірген суреті оның пішіні шар тәріздес екеніне күмән келтірмейді. Жер бетіндегі дәл өлшеулер біздің планетамыздың нақты шар емес, полюстері жағынан сәл қысынқы келетіндігін көрсетті. Бүкіл жер шарының беті 510 млн км2 тен. Жер бетінің көп бөлігін мұхиттар алып жатыр 71%, материктер 29%. Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар бар. Одардың қаншалықты биік немесе аласа екендігін бірдей деңгейден есептеп қана білуге болады. Ондай бастапқы деңгей ретінде мұхит немесе оның бөлігі болып табылатын теңіз беті алынады.
Материктің астынан созылған мұхит немесе теңіздің беті және де әр келген нүктесінде тіктеуіш сызыққа перпендикулярлы болатын бетті – деңгейлік бет деп санаймыз. Деңгейлік бетпен шекаралған тәрізді – геоид д.а. Геоид тәрізді сфероид бетіне тең келеді.
Жердің сығылу коэффициенті аз болғандықтан көп есептерді шешкенде Жердің пішіні ретінде, радиусы 6371 км болатын сфера деп есептелінеді.
Биіктік жүйесі
Нүктенің абсолют биіктігі – белгілі бір нүктеден алынған деңгейлік бетке дейінгі тіктеуіштік бағардағы қашықтық. Теңіз деңгейінен есептелетің нүкте биіктігі нүктенің абсолют биіктігі болып табылады да биіктіктің сандық мәні белгі деп аталады. ТМД елдерінде биіктіктерді өлшеу Балтика теңізінің орташа деңгійінен, нақты айтқанда Кронштадт футштогынан (Балтика теңізінің айналма каналындағы гранит тіреуіне бекітіліп қағылған мыс табақшасы) жүргізіледі.
Егер қашықтық жер бетіндегі белгілі бір нүктеден деңгейлік бетке дейін емес, басқа бір шартты бетке дейін алынатын болса, онда белгі шартты белгі деп аталады.
Салыстырмалы биіктік биікайырым деген ұғымды түсіндіреді.
Биікайырым немесе өзара биіктігі – жер бетіндегі нүктелердің биіктіктер айырымы.
A
B h
Геодезияда қолданылатың жүйелер
1 Географиялық координата жүйесі
Географиялық координаталар ендік пен бойлықтан тұрады.
1.1 Географиялық бойлық (λ) – берілген нүкте арқылы өтетін меридиан мен бастапқы меридиан жазықтықтары арасындағы бұрыш.
Лондон қаласының түбіндегі Гринвич абсерваториясын басып өтетін меридиан, халықаралық келісім бойынша шартты түрде бастапқы меридиан ретінде қабылданған. Екі нүктенің бойлықтарының әр түрлілігінің айырмашылығын уақыт бойынша көрсетуге болады. Әр 150 бойлық бойынша уақыттың 1сағатына сәйкес келеді.
Бір меридиан бойында жатқан барлық нүктелерде бірдей бойлық болады.
1.2 Географиялық ендік (φ) – бұл берілген нүктедегі тік сызықпен экватор жазықтығының арасындағы бұрыш. Ендік меридиан доғасы бойынша экватордан солтүстікке немесе оңтүстікке қарай есептелінеді.
Біздің еліміз түгелдей солтүстік жарты шарда, яғни солтүстікке қарай орналасқан. Сондықтан оның кез келген нүктенің ендігі солтүстік ендік деп есептелінеді.
Бір параллель бойында жатқан барлық нүктелерде бірдей ендік болады.
2 Тік бұрышты координата жүйесі
Нүктенін жазықтықтағы орның өзара перпендикуляр сызықтармен перпендикуляр көмегімен табуға болады. Бұл перпендикулар осы нүктеден сызықтарға түсірілген. Ноль нүктесі сызықтардың қиылысу нүктесі - координата басы деп аталады. Ал тік сызықтар координата өстері деп аталады. хх – абцисса өсі, yy – ордината өсі. Координата остері жазықтықты төрт бөлікке бөледі. Геодезияда бөліктерді санау бағыты бойынша жүргізіледі.
3 Гаусс – Крюгердің зоналық координата жүйесі
Гринвич меридианнан бастап жер эллипсоиды 60 бойлықпен алынған меридиан сызығымен 60 зонаға бөлінеді. Орта меридиан әр зонада өстік деп аталады. Өстік меридиан мен экватор сызығы бірге координата жүйесін құрастырады. Өстік меридианға және экватор сызығына параллель сызықтар километрлік тор д.а.
Солтүстік жарты шарда барлық абсциссалар – оң, ал оңтүстік жарты шарда – теріс. Өстік меридианнан шығысқа қарай орналасқан барлық ординаталар – оң таңбамен, ал батысқа қарай теріс таңбамен саналады.
4 Полярлық координата жүйесі
Полярлық координаталар жүйесінде кез-келген А нүктенің жазықтықтағы орның радиу с вектор (r) арқылы анықтайды. r нол нүктеден шығады. Нол – полюс ж/е β бұрышы ох полярлық остен r-ға дейін сағат бағыты бойынша есептеледі. Полярлық өстің жаз-ғы орның бейтарап таңдауға болады. Кей кездерде оны меридиан бағытымен байланыстырады. Меридиан нөль полюс арқылы өтеді.
Сызық бағытын бағдарлау
Меридианға қатысты сызықтың бағытын анықтау бағытты бағдарлау д.а. Бағытты бағдарлау үшін келесі бұрыштар қолданылады: географиялық және магниттік азимуттар, дирекциондық бұрыш, румбылар.
Географиялық (шын) меридианның солтүстік бағытынан сағат тілі бойымен (-тен -қа дейін) берілген бағытқа дейін есептелінетін горизонталь бұрыш географиялық (шын) азимут деп аталады.
Магниттік меридианның солтүстік бағытынан сағат тілі бойымен (-тен -қа дейін) берілген бағытқа дейін есептелінетін горизонталь бұрыш магниттік азимут деп аталады.
Өстік меридианның немесе соған параллель сызықтың солтүстік бағытынан сағат тілі бойымен (-тен -қа дейін) берілген сызықтың бағытына дейін есептелінетін горизонтальды бұрыш дирекциондық бұрыш д.а.
Румб дегеніміз меридианның солтүстік немесе оңтүстік ұшынан берілген сызықтың бағытына дейінгі саналатын сүйір бұрыш.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 8-41 б.].
2 тақырып. Топографиялық пландар және карталар
Жоспар
1 Карта, план, профиль туралы ұғымдар.
2 Масштабтар, олардың түрлері Масштабтың дәлдігі.
3 Жер бетінің бедері. Рельефтің негізгі пішіндері, пландарда және карталарда рельефтің бейнелеу әдістері.
4 Горизонтальдар әдісі. Қима биіктігі. Сызық еңістігі, көлбеу бұрышы.
5 Горизонтальдар бойынша пландағы нүктелердің биіктіктерін есептеу
План, карта және профиль туралы ұғымдар
Жер бетінің кішігірім бөлігінің ортогоналды проекциясындағы кішірейтілген бейнесі – план д.а.
Жер бетінің үлкен аумағының картографиялық проекциядағы кішірейтілген бейнесі – карта д.а.
Егер де план мен картада тек қана ситуация бейнеленсе, ондай план мен картаны ситуациялық (контурлық) д.а. Ал, егер ситуациямен қатар рельефтің бейнесі көрсетілген план мен карта топографиялық д.а.
Топокарталар масштабына қарай бөлінеді:
- ірімасштабты – М 1:100 000 одан да ірі;
- ортамасштабты М 1:100 000 - М 1:200 000;
- ұсақмасштабты – М1:1000 000 одан да ұсақ.
Жер бетінің вертикаль қимасы түріндегі кішірейтілген бейне – профиль д.а.
Профиль анықталған бағытпен салынады. Вертикаль масштаб горизонталь масштабтан 10 есе ірі болу керек.
Масштабтар және олардың түрлері
Пландағы, немесе картадағы кесінді ұзындығының соған сәйкес жердегі кесіндінің горизонталь проекциясына қатынасы планның немесе картаның масштабы деп аталады.
Масштабтар сандық, сызықтық (графикалық) және көлденең болып бөлінеді.
Графикалық және көлденең масштабтардың негізі 2 см.
Пландағы 0,1 мм кесіндіге сәйкес келетін жердегі арақашықтық – масштабтың дәлдігі деп аталады.
Жер бедері (рельеф)
Жер бетіндегі таулардың, сайлардың, жоталардың, ойпаттардың жиынтығы жер бедері д.а.
Рельефтің сипатына байланысты Жердің беті жазық, төбелі және таулы болып бөлінеді. Жер бетінің негізгі рельефіне жататындар: төбе, ой-шұңқыр, жота, сай және өркеш төбелер.
Топографиялық карталарда бедер горизонтальдар арқылы бейнеленеді.
Горизонтальдар деп картада биіктігі бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды айтады.
Горизонтальдар картада немесе планда қоңыр түспен көрсетіледі, горизонтальдың айырымында қойылатын цифрлар горизонтальдың белгілері деп аталады. Горизонтальдар ешқашан бір – бірімен қиылыспайды.
Горизонтальдар өтетін биіктіктер аралығын бедер қимасының биіктігі (һ) деп атайды.
Планда көршілес горизонтальдардың арасындағы қашықтық жатыс сызығы д.а.
Рельеф қимасының биіктігінің жатыс сызығына қатынасын сызықтың еңістігі д.а.
һ
d
Ұсынылатын әдебиет: [1, 42-57 б.].
4 Тақырып - Ұзындық өлшеулер
Жоспар
1 Геодезиялық өлшеулер туралы түсінік.
2 Лентамен ұзындық өлшеу.
3 Ұзындық тікелей өлшеудің аспаптары. Өлшеу ленталары. Рулеткалар.
Ұзындық өлшеу өздік жұмыс түрінде арнаулы алаңда жүргізіледі. Сызықтың ұзындығын өлшеу үшін екі тәсілді қолданады тікелей және жанама.
Қолданылатын аспаптар: жер өлшейтін аспаптар, өлшеу рулеткасы, инварлік сымдар (тікелей әдіспен); оптикалық арақашықтық өлшеуіш, жарық арақашықтық өлшеуіш, радио арақашықтық өлшеуіш, жіптік арақашықтық өлшеуіш, қос бейнелі қашықтық өлшеуіш (жанама әдіспен).
Ұсынылатын әдебиет: [1, 58-64 б.].
5 Тақырып: Биіктік өлшеулер, нивелирлеу
Жоспар
1 Нивелирлеу, оның түрлері
2 Геометриялық нивелирлеудің әдісі мен маңызы.
3 Биіктік есептеудің әдісі (өзара биіктік арқылы және горизонт аспабы арқылы).
4 Нивелирлеу рейкалары, оның құрылысы.
5 Нивелирлер, оның құрылысы мен классификациясы.
План мен карталардағы жер бедерінің көрінісі үшін профильді құрастыру үшін және инженерлік есептерді шығару үшін жер бетіндегі нүктелердің белгілерін білу керек.
Аймақтағы нүктенің белгісін және олардың айырымын (биікайырымын) анықтау үшін жүргізілетін өлшеулер, сонымен қатар есептегіш бетіне қатысты жер бетіндегі нүктелерінің биіктіктерін анықтауларын нивелирлеу деп аталады.
ТМД елдерінде шығушы пункт болып Балтық теңізінің орташа деңгейі есептеледі.
Жұмысты орындау әдісі мен қолданылатын құрал-жабдықтарға байланысты нивелирлеу келесі түрлеріне бөлінеді:
1 Геометриялық нивелирлеу – горизонталь көздеу сәулесімен жүргізіледі. Құралдар: нивелир, нивелирлік рейка. Дәл болып есептеледі.
2 Тригонометриялық нивелирлеу – көлбеу көздеу сәулесімен орындалатын нивелирлеу. Құралдар: теодолит, нивелирлік рейка, өлшеуіш лентасы.
3 Физикалық нивелирлеу
3.1 Барометрлік нивелирлеу – деңгейлік беттен жоғары нүктелер биіктігінің өзгеруімен атмосфералық қысымды өлшеуге негізделген нивелирлеу түрі.
3.2 Гидростатикалық нивелирлеу – сұйықтықтардың қатысатын ыдыстарда бірдей биіктік алу қасиетіне негізделген нивелирлеу.
4 Фотограмметриялық нивелирлеу – ұшақ бортынан арнаулы стереоқұралдармен алынған суреттерден биіктіктерінің әр түрлілігін алады.
5 Механикалық нивелирлеу - ілгіш әрекетіне негізделген нивелир-автоматпен орындалатын нивелирлеу.
Геометриялық нивелирлеу
Нивелирдің горизонталь көздеу сәулесімен және нүктелерде тік орналастырылған рейкалардың көмегімен бір нүктенің екінші нүктеден биікайырымын анықтау геометриялық нивелирлеу деп атайды
Геометриялық нивелирлеу екі әдісімен іске асады: «ортасынан» және «алға».
Нивелирлер дәлдігіне байланысты бөлінеді:
H-05; Н-1 – жоғары дәлдікті;
Н-3; Н-3К – дәл;
3Н-5Л; 2Н-10Л; Н–10КЛ – техникалық,
осындағы Н - нивелир;
0,5; 1; 3; 5; 10 - мм - де берілген 1 км жүріс бойынша биікайырым анықталатын орташа квадраттық қателікті білдіреді.
К - компенсатор - бұл нивелирдің көздеу осін горизонталь жағдайда автоматты түрде келтіретін құрылғы.
Л – лимб - - тан - қа дейінгі сандардан тұратын горизонтальды орналасқан металдық немесе шыны шеңбер.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 117-125 б.].
6 Тақырып - Бұрыштық өлшеулер
Жоспар
1 Горизонталь бұрыштарды өлшеу принціптері.
2 Теодолиттің классификациясы.
3 Қазіргі техникалық теодолиттердің негізгі типтері және құрылысы.
4 Теодолитті тексеру және жөндеу.
5 Вертикаль бұрыштарды өлшеу. Вертикаль бұрыш (көлбеу бұрыш) туралы түсінік
Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге пайдаланылатын аспап теодолит деп аталады.
Горизонталь жазықтыққа түсірілген жер бетіндегі сызықтар проекциялары арасындағы бұрыш – горизонталь бұрыш.
Вертикаль бұрыш көлбеу бұрышы арқылы анықталады.
Жер бетіндегі сызық пен горизонталь жазықтық арасындағы бұрыштың аты – көлбеу бұрыш.
Теодолиттер дәлдігі бойынша үш түрге бөлінеді:
Т-1 – жоғары дәлдікті;
Т-2; Т-5 – дәл;
Т-15; Т-30; 2Т-30; 4Т-30П; Т-60 – техникалық,
осындағы Т - теодолит;
2; 5; 15; 30; 60 - секундта горизонталь бұрышты анықтау үшін берілген орташа квадраттық қателікті білдіреді.
Горизонтальдық бұрыштарды өлшеу принципіне сәйкес теодолиттің құрылғысыкелесі геометриялық шартты қанағаттандыру керек:
1 Горизонталь дөңгелектің алидадасындағы цилиндрлік
деңгейлеуіштің осі құралдың айналу осіне перпендикуляр болуы керек.
2 Көру дүрбісінің көздеу осі дүрбісінің айналу
осіне перпендикуляр болуы керек.
3 Көру дүрбісінің айналу осі теодолиттің айналу осіне перпендикуляр болуы керек.
4 Дүрбінің жіптік торының вертикаль жібі дүрбінің айналу
осіне перпендикуляр болуы тиіс.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 88-104 б.].
7 Тақырып Топографиялық түсірістер туралы мәліметтер.
Жоспар
1 Түсірістің мәні және қолданылатын аспаптың түрлері.
2 Геодезиялық түсірістің негіздері.
3 Пландық және биіктік геодезиялық торлар
План, карта немесе кескін салу үшін жер бетінде жүргізілетін бұрыштық және сызықтық өлщеулердің жиынтығын жергілікті жерді түсіру деп атайды.
Бедердің немесе биіктік сипаттамаларының суретін түсіріп алу үшін биіктік немесе вертикаль түсіру қолданылады.
Түсіру барысында пайдаланатын құралдар мен жұмыс әдістеріне қарай түсіру әр түрлі болады, оның ішінде теодолиттік, тахеометрлік, мензулалық және фототопографиялық түсіру.
Теодолиттік түсіру теодолит, өлшеуіш таспа және рулетка арқылы жүргізеді. Нәтижесінде контурлық немесе ситуациялық план пайда болады.
Тахеометрлік түсіру теодолит – тахеометр арқылы орындалады.Бұл түсіру бедерді бейнелеуге арналған.
Мензулалық түсіру кезінде бедер мен ситуация суреті бар планды мензула және кипрегель арқылы, тікелей далаға шығып, құрастырады.
Фототопографиялық түсірудің өз ерекшеліктері бар. Планды немесе картаны жасау үшін жергілікті жерді суретке түсіріп алып, пайда болған фотосуреттерді тиісінше өңдейді. Ал жер бетін ұшақтан түсіруді аэрофототүсіру деп атайды.
8 Тақырып - Теодолиттік түсірістер
Жоспар
1 Теодолиттік түсірістің мәні, қолданылатын аспаптар.
2 Жұмысты орындау тәртібі.
3 Геодезиялық түсіріс торлары (теодолиттік полигондар және жүрістер).
4 Ситуацияны түсіру әдістері (перпендикулар әдісі, полярлық координат,
бұрыштық және сызықтық қиылысулар, створлар).
5 Абрис, ситуацияны түсіру нәтижелерінің жазбаларының тәртібі.
Теодолитпен өлшеуіш лента көмегімен түсіру арқылы контурлық план шығару теодолиттік түсіріс деп аталады.
Теодолиттік түсіріске жатады:
1 дайындық жұмыстар;
2 дала жұмыстары (құрамы: жерді алдын-ала зерттеп, сол жерлерге нүктелерді бекітіп, теодолиттік жүріс жүргізеді және ситуацияны түсіреді);
3 камеральдық жұмыстар.
Теодолиттік жүріс - бұрыштарды теодолитпен, арақашықтарды өлшеуіш лентамен өлшейтін жергілікті жердегі сынық сызықтар жүйесі. Олар тұйық немесе ашық болады.
Теодолиттік жүрістің нүктелері мен жақтарынан түсіру ситуациясы орындалады. Мынадай ситуациялық түсіру тәсілдері қолданылады: перпендикуляр тәсілі (тікбұрышты координаталар), сызықтық қиылыстыру тәсілі, бұрыштық қиылыстыру тәсілі, полярлық координаталар тәсілі.
Тәсілді таңдау түсіру масштабынан, жергілікті заттың теодолиттік жүрістің нүктесі мен жағына қатысты түрі мен орналасуына бағытты. Жергілікті жерде заттардың теодолитті жүріске қатысты өзара орналасуын көрсететін, еркінше алынған масштабта, қолдан құрастырылған, схемалық сызба – абрис д.а. Абрис негізгі құжат болып табылады, ол арқылы камеральді жағдайда план құрастырылады, сондықтан ол уқыпты және нақты орындалуы керек.
Дала өлшеулердің нәтижелерін өңдеу (камералдық жұмыстар)
1) Өлшенген бұрыштарды үйлестіру және қабырғалардың дирекциондық бұрыштары мен румбаларын есептеу.
2) Координаталар өсімшелерін есептеу және үйлестіру.
3) Теодолит жүрісінің төбелерінің координаталарын есептеу.
4) Теодолиттік түсіріс материалдар бойынша жергілікті жер учаскесінің планын салу.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 105-117 б.].
9 Тақырып - Тахеометрлік түсірістер
Жоспар
1 Тахеометриялық түсірістің мәні.
2 Пландық және биіктік негіздерін салу әдістері. Аспаптар.
3 Тахеометрлік жүрісте дала жұмыстарын жүргізу реті. Тахеометриялық жүрісті жүргізу, оның дәлдігі, тексеріс, шекті қателері.
4 Ситуация мен рельефті түсіру.
5 Планды салу, ситуацияны түсіру және рельефті сызу.
Тахеометриялық түсіру топографиялық түсірістің бір түрі. Бұл түсірістің нәтижесінде ситуация мен рельеф бейнеленген план алынады.
«Тахеометрия» деген сөз грек тілінен аударғанда «тез өлшеймін» деген мағынаны береді.
Өлшеудің тездігі, планда түсірілетін нүктелердің орналасуы және биіктігін анықтау бір рет құрылғының көру дүрбісін рейкаға бағыттау арқылы арақашықтық өлшеуіш бойынша арақашықтықты алу, горизонталь және вертикаль бұрыштар және биік айырымды анықтау болып табылады.
Тахеометриялық түсіру құралдары болып тахеометр табылады.
Негізі тахеометриялық түсірісте биікайырым (өзара биіктік) тригонометриялық нивелирлеу арқылы анықталады.
Ситуацияны түсіру полярлық әдіспен жүргізіледі.
Алаңда бір уақытта тахеометриялық журнал, ал әрбір станция үшін абрис құрастырылады.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 118-125 б.].
10 Тақырып – Трассаны нивелирлеу
Жоспаар
1 Трассаны нивелирлеу.
2 Трассаны техикалық нивелирлеудің журналын өңдеу.
3 Нүктенің биіктігін анықтау.
4 Трасса профильін құру.
Трассаны жүргізген кездегі геодезиялық жұмыстар
Құрылыстарды жобалау, салу және қолдану үшін мәліметтерді жинау және зерттеу процессі – іздену деп аталады.
Трасса дегеніміз – жобалайтын сызықтық құрылыстың осі, ол картаға, планға, фотопланға координаталармен түсіріледі және жердің бетінде бекітіледі.
Яғни, жерде белгіленген және картада салынған жобаланатын сызқтық құрылыстың осі – трасса.
Трассаның элементтері: план және профиль.
Трассаның негізгі нүктелері: трассаның басы, соңы және бұрылыс бұрыштың төбесі.
Трассаның жобалау кезінде қолданылатын карталардың масштабтары: М1: 10 000-М1: 25 000.
Трассада пикетаж жасау – трассаны пикетке бөлу. Пикеттік нүктелердің аралығы – 100 м.
Трассаның бойындағы жұмыстар пикетаж журналында көрсетіледі.
Шеңберлі қисықтың элементтері трассаның бұрылыс бұрышымен θ және қисықтық радиусы R арқылы анықталады.
Шеңберлі қисықтың элементтері: қисық, тангенс, домер, биссектриса.
Шеңберлі қисықтың негізгі нүктелері: басы, ортасы, соңы.
Трассаның бұрылыс төбесінен (БТ) қисықтың ортасына (ҚО) дейінгі арақашықтықты биссектриса деп атайды (Б).
Қисықтың басынан қисықтың соңына дейінгі арақашықтықты қисық деп атайды (Қ).
Қисықтың басынан немесе қисықтың соңынан бұрылыс төбесіне дейінгі жанаманың ұзындығы тангенс деп аталады.
Қисық пен жанаманың ұзындығының арасындағы айырымы домер деп аталады.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 136-141 б.].
11 тақырып - Жер бетін шаршылап нивелирлеу
Жоспар
1 Жер бетін шаршылық тормен бөлу.
2 Шаршы төбелерін және рельефінің өзгеріс нүктелерін нивелирлеу.
3 Нивелирлеу нәтижелерін есептік өңдеу.
4 Интерполяциялау әдісімен горизонтальдар жүргізу және топографиялық пландарды құру.
Беттің нивелирлеуі анық айқындалмаған рельефті, ірі масштабты топографиялық пландарды алу үшін орындалады.
Беттің нивелирлеу материалдары бойынша планды жасау үшін берілген масштабта квадраттар мен магистральдардың торын қағазға түсіреді де, квадрат немесе пикеттік нүктелер биіктіктеріне қарсы белгілерін жүздік бөлшек метр жуықтығымен салады. Абрис мәліметтері бойынша жағдай және горизонтальдар түсіріледі. Горизонтальдар түсірілуі графикалық интерполяция арқылы жүзеге асады.
Алынатын және үйілетін топырақтарының көлемдері жеке есептелінеді және олардың арасындағы айырмашылығы 5%-тен аспау қажет.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 142-151 б.].
7 Практикалық сабақтардың мазмұны – 30 сағат
Практикалық сабақтар 1-5
2 Тақырып - Геодезия негізі. Жер туралы жалпы мәліметтер. Бағытты бағдарлау және координата жүйесі
Жоспар
1 Карта бойынша есеп шығару.
2 1:10 000, 1: 25 000, 1:50 000, 1:100 000 топографиялық карталарды қолданып жұмыс істеу.
Тапсырмалар:
1 Нүктелердің географиялық және тікбұрышты координаттарын
анықтау.
2 Азимуттарын, дирекциондық бұрыштарын, румбыларын анықтау.
3 Масштабтардың дәлдігін және графикалық дәлдігін анықтау.
4 Көлденең масштабтың диаграммасын салу.
5 Масштабы 1:10 000 топографиялық картада берілген бағытта профиль құрастыру.
Практикалық сабақтар 6-10
3 Тақырып – Топографиялық пландар және карталар
Жоспар
1 Карта бойынша есеп шығару.
2 1:10 000, 1: 25 000, 1:50 000, 1:100 000 топографиялық карталарды қолданып жұмыс істеу.
Тапсырмалар:
1 Қима биіктігін анықтау.
2 Сызық еңістігі, көлбеу бұрышын анықтау.
3 Горизонтальдар бойынша пландағы нүктелердің биіктіктерін есептеу.
4 Тура және кері геодезиялық есептерді шығару.
Практикалық сабақтар 11-12
4 Тақырып – Ұзындық өлшеулер
Жоспар
1 Лентамен ұзындық өлшеу.
2 Ұзындық тікелей өлшеудің аспаптары. Өлшеу ленталары. Рулеткалар.
Тапсырмалар:
1 Лентамен ұзындық өлшеу әдістерін меңгеру.
2 Ұзындық тікелей өлшеудің аспаптарымен жұмыс істеу.
3 Өлшеу нәтижесінде компорирлеуге, температураға, көлбеу бұрышқа беретін түзетпелерді анықтау.
Практикалық сабақтар 13-16
5 Тақырып – Биіктікті өлшеу, нивелирлеу
Жоспар
1 Геометриялық нивелирлеу.
2 Қарапайым және күрделі нивелирлеу.
3 Техникалық нивелирлеу.
Тапсырмалар:
1 Н-3, 3Н-5Л, Н-10КЛ нивелирлердің құрылысы және жұмыс істеу тәртіптерін меңгеру.
2 Нивелирлердің поверкасы және юстировкасы.
3 Нивелирлік жүрістің үйлесуін анықтау.
4 Нивелирлеу жүріс бойынша нүктелердің биіктігін анықтау.
Практикалық сабақтар 17-20
6 Тақырып Бұрыштық өлшеулер
Жоспар
1 2Т-30 және 4Т-30П теодолиттердің құрылысы.
2 Теодолиттермен жұмыс істеу тәртіптері.
3 2Т-30 және 4Т-30П теодолиттердің поверкасы және юстировкасы.
4 Көлбеу бұрышын өлшеу әдістері.
Тапсырмалар:
1 Бұрыштық өлшеуге арналған аспаптар зерттеу.
2 2Т-30 және 4Т-30П теодолиттердің құрылысын зерттеу.
3 Теодолиттермен жұмыс істеу тәртіптерін меңгеру.
4 2Т-30 және 4Т-30П теодолиттердің поверкасы және юстировкасын өткізу.
5 Көлбеу бұрышын өлшеу.
6 Вертикаль шеңбердің «ноль орны» анықтау.
Практикалық сабақтар 21-24
8 Тақырып - Теодолиттік түсіріс
Жоспар
1Теодолиттік түсірістің мәні, қолданылатын аспаптар.
2 Жұмысты орындау тәртібі.
3 Геодезиялық түсіріс торлары (теодолиттік полигондар және жүрістер).
4 Ситуацияны түсіру әдістері (перпендикулар әдісі, полярлық координат,
бұрыштық және сызықтық қиылысулар, створлар).
5 Абрис, ситуацияны түсіру нәтижелерінің жазбаларының тәртібі.
Тапсырмалар:
1 Координат шығару ведомості құрастыру.
2 Теодолиттік жүріс бойынша схема құрастыру (масштаб 1:2000).
3 Контурлық планды құрастыру (масштаб 1:1000).
Практикалық сабақтар 25-26
9 Тақырып - Тахеометрлік түсіріс
Жоспар
1 Тахеометриялық түсірістің мәні.
2 Тахеометрлік жүрісте дала жұмыстарын жүргізу реті. 4 Ситуация мен рельефті түсіру.
Тапсырмалар:
1 Тахеометриялық жүрісті жүргізу, оның дәлдігін, тексерісін анықтау.
2 Планды салу, ситуацияны түсіру және рельефті сызу.
Практикалық сабақтар 27-28
8 Тақырып - Трассаны нивелирлеу
Жоспар
1 Трассаны нивелирлеу.
2 Нүктенің биіктігін анықтау.
3 Трасса профильін құру.
Тапсырмалар:
1 Трассаны техникалық нивелирлеудің журналын өңдеу.
2 Нүктенің биіктігін анықтау.
3 Профильді құру (горизонталь масштаб 1:1000, вертикаль масштаб 1:500).
Практикалық сабақтар 29-30
8 Тақырып - Жер бетін шаршылап нивелирлеу
Жоспар
1 Жер бетін шаршылық тормен бөлу.
2 Шаршы төбелерін және рельефінің өзгеріс нүктелерін нивелирлеу.
3 Нивелирлеу нәтижелерін есептік өңдеу.
Тапсырмалар:
1 Нивелирлеу нәтижелерін есептік өңдеу.
2 Жер жұмыстарының картограммасын құру.
8 Өздік жұмысының тапсырмалары
Тақырып 2 Геодезия негізі. Жер туралы жалпы мәліметтер. Бағытты бағдарлау және координата жүйесі
1 Келесі сұрақтарды дайындау:
1 Геодезиялық жұмыстарға қойылатын талаптар.
2 Жердің қисықтығының горизонтальді және вертикальді арақашықтықты
өлшеуге әсер етуі.
2 Реферат жазу: Геодезияның дамуының қысқаша тарихи очеркі.
Тақырып 3 Топографиялық пландар және карталар
1 Келесі сұрақтарды дайындау:
1 Топографиялық карталардың номенклатурасы және разграфкасы.
2 Шартты белгілер.
2 Реферат жазу: Навигациалық жүйе ГЛОНАСС және оны қолдану.
Тақырып 4 Сызықтық өлшеулер
1 Келесі сұрақтарды дайындау:
1 Өлшеу аспаптарды компарирлеу.
2 Жарық- және радиоқашықтық өлшеуіштер.
2 Реферат жазу: Глобальды позициялық жүйе (GPS) және оны қолдану.
Тақырып 5 Биіктікті өлшеу, нивелирлеу.
1 Келесі сұрақтарды дайындау:
1 Жердің қисықтығының горизонтальді және вертикальді биіктіктерге
өлшеуге әсер етуі.
2 Дәл және жоғары дәлдікті нивелирлеу бойынша ұғым.
2 Реферат жазу: Қазіргі замануи геодезиялық нивелирлер.
Тақырып 6 Бұрыштық өлшеулер
Келесі сұрақтарды дайындау:
1 Жердің қисықтығының горизонтальді және вертикальді биіктіктерге
өлшеуге әсер етуі.
2 Жоғары дәлдікті бұрыштық өлшеулер бойынша ұғым.
2 Реферат жазу: Компьютерлік өңдеуі бар электрондық теодолиттер.
Тақырып 7 Топографиялық түсірістер бойынша ұғым
Келесі сұрақтарды дайындау:
1 Мензулалық түсіріс.
2 Фототопографиялық түсіріс.
Тақырып 8 Теодолиттік түсірістер
Келесі сұрақтарды дайындау:
1 Тура және кері геодезиялық есептер шешу.
2 Түсіріс торларының параметрлеріне және орналасуына негізгі талаптар.
2 Реферат жазу: Топокарталарда аудандарды анықтау.
Тақырып 9 Тахеометрлік түсірістер
Келесі сұрақтарды дайындау:
1 Түсіру негіздерінің пункттерінің координаталарын және биіктіктерін теңдестіру, есептеу.
2 Ситуацияны түсіру және рельефті сызу.
Тақырып 10 Трассаны нивелирлеу
Келесі сұрақтарды дайындау:
1 Трассаны жүргізген кездегі геодезиялық жұмыстар.
2 Трассаны техникалық нивелирлеудің журналын өңдеу.
Тақырып 11 Жер бетін шаршылап нивелирлеу
1 Шаршы төбелерін және рельефінің өзгеріс нүктелерін нивелирлеу.
2 Нивелирлеудің далалық сызбасы. Байланыс нүктелерінен санақ алу бойынша далалық бақылау.
9 Есіптік-графикалық жұмыстын мазмұны және орындау графигі
№
|
Тақырып
|
Мазмұны
|
Тапсыру графигі
|
1
|
Топографиялық карта
бойынша есеп шығару
|
Нүктелердің географиялық және тікбұрышты координаттарын анықтау жәнеде азимуттарын, дирекциондық бұрыштарын, румбыларын анықтау.
Масштабтардың дәлдігін және графикалық дәлдігін анықтау. Көлденең масштабтың диаграммасын салу. Масштабы 1:10 000 топографиялық картада берілген бағытта профиль құрастыру.
|
2-ші аптада тапсырма беріледі;
4-ші аптада қорғау
|
2
|
Нивелирлік
жүрістің үйлесуі
|
Биіктік қателікті анықтау. Нивелирлік
жүрістің үйлесуі.
|
5-ші аптада
тапсырма беріледі;
6-ші аптада қорғау
|
3
|
Теодолиттік
түсіріс кезіндегі
камеральдік жұмыстар
|
Координат шығару ведомості құрастыру. Теодолиттік жүріс бойынша схема құрастыру (масштаб 1:2000). Контурлық планды құрастыру (масштаб 1:1000).
|
12-ші аптада тапсырма беріледі;
14-ші аптада қорғау
|
10 СОӨЖ бойынша кеңес беру графигі (СОӨЖ 25% СӨЖ-дан құрастырылады)
СӨЖ орындалу мерзімі сабақ кестесіне сәйкес өзгеруі мүмкін.
Жаңа оқу семестр бойынша СӨЖО кестесіне сәйкес
№
|
Сабақтын түрлері
|
дүйсенбі
|
сейсенбі
|
сәрсенбі
|
бейсенбі
|
жұма
|
сенбі
|
1
|
Дәріс бойынша
сұрақтарға
кеңес беру
|
Кесте
бойынша
|
|
|
|
|
|
2
|
Тәжірибе сабақтар
бойынша сұрақтарға кеңес беру
|
Кесте
бойынша
|
|
|
|
|
|
3
|
СӨЖ бойынша
сұрақтарға кеңес
беру
|
Кесте
бойынша
|
|
|
|
|
|
4
|
ЕГЖ бойынша
сұрақтарға кеңес беру
|
Кесте
бойынша
|
|
|
|
|
|
5
|
Тест тапсырмалары бойынша
сұрақтарға кеңес беру
|
Кесте
бойынша
|
|
|
|
|
|
11. Оқушылардың білімінің тексеріс кестесі
Практика және дәріс сабағына қатысуы (семинарлық, зертханалық, жеке, студиялық сабақтар) 0-100 балмен бағаланады.
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырманың тақырыбы, мақсаты және мазмұны
|
Ұсыны-латын әдебиет
|
Орындау
мерзімі
|
Бақылау
формасы
|
Тапсыру мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
ЕГЖ
|
Топографиялық карталар бойынша есеп шығару.
|
[2], [3]
|
1 апта
|
Қорғау
|
4-ші апта
|
2
|
Реферат
|
Глобальды позициялық жүйе (GPS) және оны қолдану.
|
[1], [2]
|
1 апта
|
Қорғау
|
5-ші апта
|
3
|
ЕГЖ
|
Нивелирлік жүрістің үйлесуі.
|
[3], [5]
|
1 апта
|
Қорғау
|
6-ші апта
|
4
|
Реферат
|
Топографиялық карталар бойынша аудандарды анықтау.
|
[1], [3]
|
1 апта
|
Қорғау
|
7-ші апта
|
5
|
Межелгі бақылау
|
Модуль 1,2
|
|
|
Тест
|
8-ші апта
|
6
|
Реферат
|
Қазіргі замануи геодезиялық
Аспаптар.
|
[1], [2]
|
1 апта
|
Қорғау
|
10-ші апта
|
7
|
Реферат
|
Навигациалық жүйе ГЛОНАСС және оны қолдану.
|
[1], [2]
|
1 апта
|
Қорғау
|
11-ші апта
|
8
|
ЕГЖ
|
Теодолиттік түсіріс кезіндегі камеральдық жұмыстар.
|
[1], [2]
|
3 апта
|
Қорғау
|
12-14 апталар
|
9
|
Межелгі бақылау
|
Модуль 3,4
|
|
|
Тест
|
15-ші апта
|
12. Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау жүйесі
Семестрдің ортасында және соңында 100 балдық шкаламен пәннің оқылған модулі бойынша ағымдағы үлгерімнің (АҮ) бағасы анықталады. Ағымдағы үлгерімнің бағасы келесі балдардың жиынтығынан тұрады:
сабақтарға дайындық, топта белсенді жұмыс жасау, бақылау шараларға қатысу;
өздік және практикалық жұмыстарды уақытында, сапалы орындау және
қорғау;
ЕГЖұмыстың бөлімдерін уақытында, сапалы орындау;
сабаққа қатысу және басқа.
Межелік бақылаудың (МБ) бағасы да 100 балдық шкала бойынша анықталады.
АҮ және МБ бағаларының қорытындысы негізінде пән бойынша студенттің рейтингі (Р1 и Р2) анықталады:
Р1(2) = АҮ1(2)*0,5 + МБ1(2)*0,5.
Семестрде пән бойынша студенттің жіберу рейтингінің бағасы тең:
ЖР= (Р1+Р2)/2
Әр пән бойынша (пәннің қорытынды бақылау түрі мемлекеттік емтихан болса да) студенттердің оқу жетістіктері қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Қорытынды баға ЖР және ҚБ (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс (жоба)) салмақтық үлестер негізінде есептеледі (СҮжр және СҮқб):
Қ = ЖР*СҮжр + ҚБ*СҮқб
Жіберу рейтингтің және қорытынды бақылаудың салмақтық үлестері 0,6 және 0,4 сәйкес тең болады.
Пән бойынша жіберу рейтингі де, емтихан бағасы да оң бағаланған жағдайда ғана қорытынды баға есептеледі. Дәлелсіз себеппен қорытынды бақылауға келмеген жағдайда, «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңеріледі. Пәннен емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күні айтылады, егер емтихан жазбаша түрде түстен кейін жүргізілсе, онда келесі күні айтылады.
Оқу жетістіктері, яғни білім, оқушылардың “Геодезия ”пәні бойынша дағдылары балды-рейтингті жүйесі бойынша бағаланады:
Балмен есептегендегі қорытынды баға (Қ)
|
Балдың цифрлық баламасы (Ц)
|
Әріптік жүйедегі баға (Ә)
|
Дәстүрлі жүйедегі баға (Д)
|
95-100
|
4,0
|
A
|
Өте жақсы
|
90-94
|
3,67
|
A-
|
|
85-89
|
3,33
|
B+
|
|
80-84
|
3,0
|
B
|
Жақсы
|
75-79
|
2,67
|
B-
|
|
70-74
|
2,33
|
C+
|
|
65-69
|
2,0
|
C
|
Қанағаттанарлық
|
60-64
|
1,67
|
C-
|
|
55-59
|
1,33
|
D+
|
|
50-54
|
1,0
|
D
|
|
0-49
|
0
|
F
|
Қанағаттанарлықсыз
|
13 Оқытушының талаптары, саясаты мен тәртібі
«Геодезия» пәнін оқу кезінде мына ережелерді ұстануды сұраймын:
1 Сабаққа кешікпеу.
2 Себепсіз сабақты босатпау, ауырып қалған жағдайда анықтама әкелу.
3 Студенттің міндетіне сабақтың барлық түріне қатысу кіреді.
4 Оқу үрдісінің күнтізбелік кесте бойынша барлық бақылау түрлерін тапсыру.
5 Босатқан тәжірибелік сабақтарды оқытушының айтқан уақытында өтеу.
6 Кафедраның аудиториялық қорына шығын келтірмеу.
7 Жоғарғы оқу орнының талаптарын бұлжытпай орындау.
8 Курстастарыңа және оқытушыға сабырлық, ашықтық және игілікпен қарау.
9 Сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілулі болуы тиіс.
10 Оқытушы сабақ түсіндіріп жатқанда дауыстап сөйлеуге болмайды. Екінші ескертуден кейін студент аудиториядан шығарылады. Сабақ барысында сабақтан тыс тақырыптар рұқсат етілмейді.
Тапсырманы маңызды себеппен кешігіп тапсырса, айыптық санкциялар болмайды.
Егер сіз белгілі бір маңызды себептермен бақылау шараларды босатсаңыз, сізге оны оқытушының айтқан уақытында (МБ мен ҚБ деканның рұқсатымен ) қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Тапсырмаған жағдайда сіз «0» балл аласыз.
Жұмысты уақытында тапсыру керек. Барлық тапсырмалар ең кеш дегенде емтихан сессия басталуға 3 күн қалғанға дейін тапсырылу қажет.
Барлық тапсырмалар мен ЕГЖ-ді тапсырмаған студенттер, емтиханға жіберілмейді.
Өткен сабақтағы материалды қайталау мен өңдеу әрбір сабақта болуы міндетті. Студенттің материалды қаншалықты түсінгені тестілеу мен жазбаша түрде тексеріледі. Тестілеу алдын-ала ескертусіз жүргізілуі мүмкін.
Сіздердің міндеттеріңіз сабаққа дайындалып келу. Бар әдебиетті қолданыңыз және оны кітапханадан алыңыз.
Басқаның жұмысын көшіру мен әдебиет материалдарды өңдеусіз қолдануға тыйым салынады.
Дәріс конспектілерін жүргізу міндетті. Дәріс бойынша конспект 8-ші және 15-ші апталарда тексеріледі.
14 Әдебиет тізімі
Негізгі
1) Атымтаев Б.Б., Пентаев Т.П. Инженерлік геодезия. – Алматы: ЭВЕРО баспаханасы, 2005. - 184 б.
2) Игильманов А., Игильманов Т. Инженерлік геодезия. Оқулық. 2-ші басылым – Астана: «Фолиант» баспаханасы, 2010 – 176 б.
Қосымша
3) Киселев М.И., Михелев Д.Ш. Основы геодезии. – М.: Высшая школа, 2003. – 368 б.
4) Клюшин Б.Е., Киселев М.И. Инженерная геодезия. – М.: Высшая школа, 2002. – 464 б.
5) Кулешов Д.А., Стрельников Г.Е. Инженерная геодезия для строителей. – М.: Недра, 1990. – 256 б.
6) Новак В.Е. Курс инженерной геодезии. – М.: Недра, 1987.– 429 б.
7) Новак В.Е. Практикум по инженерной геодезии. – М.: Недра, 1987. – 334 б.
Достарыңызбен бөлісу: |