ПӘн бойынша қорытынды білімін және дағдысын бағалауға арналған бақылау-өлшеу қҰралдары курс: IV пән


Білімнің бастапқы деңгейін бақылауға арналған тесттер



бет4/10
Дата29.09.2023
өлшемі109.72 Kb.
#479207
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Білімнің бастапқы деңгейін бақылауға арналған тесттер
4 тақырып. Нәрестелік кезеңнің іріңді-септикалық аурулары.


Құрсақ ішілік инфекциялар
1. Нәрестелер флегмонасының клиникалық көріністеріне жатады, МЫНАДАН БАСҚАСЫ:
А.алақан мен табан терісінің қызаруы, ісінуі
Б. қызба
В. аурудың өмірінің 2-3 аптасында пайда болуы
Г. жедел басталуы
Д. арқасының қызаруы және ісінуі

2. Нәрестелердің терісінің жүре пайда болған жұқпалы емес ауруына жатады:


А. везикулопустулез
Б. склерема
В. эксфолиативті дерматит
Г. стрептодермия
Д. пемфигус

3. Нәрестеде өмірінің 12 күнінде сан, жамбас терісінде диаметрі 1-3 мм болатын іші лайлы сұйықтықпен толған ұсақ көпіршіктер пайда болды. Жағдайы нашарламаған. Сіздің диагноз:


А. пемфигус
Б. стрептодермия
В. Риттердің эксфолиативті дерматиті
Г. Фигнердің псевдофурункулезі
Д. тілме (рожа)

4. Нәрестеде өмірінің 12 күнінде сан, жамбас терісінде диаметрі 1-3 мм болатын іші лайлы сұйықтықпен толған ұсақ көпіршіктер пайда болды. Жағдайы нашарламаған. Емінде қолданылады, МЫНАДАН БАСҚАСЫ:


А. дезинфицирлеуші заттарды қолданумен гигиеналық ванналар
Б. көпіршіктерді 70% спиртпен өңдеу
В. жергілікті анилин бояуларын қолдану
Г. УКС
Д. ровамицин

5. Нәрестеде өмірінің 8-ші күні кіндік, шап қатпарлары аймағында қызару, сулану, сызаттану түрінде эритемалар пайда болып, ол ары қарай іш, кеуде терісіне таралды. Солғын көпіршіктер пайда болды, Никольский симптомы оң, аумақты эрозиялар бар. Қайнаған суға күйгендей. Сіздің диагноз:


А. везикулопустулез
Б. пемфигус
В. Риттердің эксфолиативті дерматиті
Г. тілме (рожа)
Д. ихтиоз

6. Риттердің эксфолиативті дерматитінің еміне кірмейді:


А. ашық жөргектеу, 0,5% калий перманганатының ерітіндісімен примочкалар
Б. иммунотерапия
В. антибиотиктер
Г. дезинтоксикациялық ем
Д. иммунодепрессанттар

7. Нәрестелерде сепсис кезінде кіру қақпасы болып табылмайды:


А. кіндік жарасы
Б. жарақаттанған тері жабындылары мен кілегей қабықтары
В. ішек

Г. өкпе
Д. жүрек


8. Нәрестелердің ЦМВИ-на тән емес симптомдар:
А. терідегі түйінді бөртпе
Б. сарғаю
В. тромбоцитопениялық пурпура
Г. гепатоспленомегалия
Д. микроцефалия
9. Нәрестелер сепсисінің патогенезінде төменде көрсетілгендердің маңызы бар, МЫНАДАН БАСҚАСЫНЫҢ:
А. бактериалды диссеминация
Б. бала организміне токсиндерінің әсері
В. иммунтапшылық
Г. бала организміне өзгерген тіндердің ыдыраған өнімдерінің әсері
Д. аллергия

10. Нәресте бала салғырт, емшектен бас тартады, лоқсиды. Өмірінің 5-ші күніне қарай дене салмағының 18% жоғалтты. Терісі боз-сұр. Менингоэнцефалит белгілері. Өкпесінде сықырлаушы сырылдар. Іші кебіңкі, гепатолиеналді синдром. Кіндік жарасы қабыршақтанып тұр, іріңдеген. Қанда – лейкоцитоз, солға жылжыған нейтрофилез. Сіздің диагноз:


А. пневмония
Б. құрсақ ішілік сепсис
В. перинаталды энцефалопатия
Г. туа біткен мерез
Д. флегмонозды омфалит

11. Нәрестелер сепсисі кезіндегі токсикозбен күрес әдістеріне жатады, МЫНАДАН БАСҚАСЫ:


А. инфузиялық ем
Б. плазмаферез
В. гемосорбция
Г. фототерапия
Д. мол сұйықтық

12. Сепсисті емдеу бағытталған, МЫНАЛАРДАН БАСҚАСЫНА:


А. инфекциялық факторға
Б. алмасу үрдістерін жақсартуға
В. дезинтоксикацияға
Г. иммундық жүйені коррекциялауға
Д. гормондық орын басу (тироксин)

13. Нәрестеде туылғаннан кейін 3-ші тәулікте везикулопустулез анықталды. Балаға не тағайындаған жөн?


А. элементтерді фурациллин ерітіндісімен өңдеу
Б. элементтерді бриллиант көгінің 1-2% спиртті ерітіндісімен өңдеу
В. элементтерді гормоналды майлармен өңдеу
Г. антибиотиктер тағайындау
Д. емді қажет етпейді

14. Құрсақ ішілік герпестік инфекцияға мына төменде көрсетілген клиникалық формалардың қайсысы тән емес?


А. шырыштық
Б. терілік
В. менингоэнцефалиттік
Г жайылған
Д. ішектік

15. Нәрестедегі туа біткен мерезді емдеу кезіндегі пенициллиннің мөлшері:


А. 100 мг/кг/тәу.
Б. 150 мг/кг/тәу.
В. 200 мг/кг/тәу.
Г. 250 мг/кг/тәу.
Д. 500 мг/кг/тәу.

16. Нәрестедегі туа біткен мерездің арнайы емінің курсы құрайды:


А. 7 күн

Б. 14 күн


В. 28 күн
Г. 35 күн
Д. 40 күн

    1. Төменде көрсетілген факторлардың қайсысы неонаталді сепсис дамуына ӘКЕЛМЕЙДІ:


  1. өкпе ісінуі


  2. өмірінің алғашқы аптасында жергілікті іріңді инфекция болуы


  3. туылған кездегі дене салмағының төмен болуы


  4. анасында инфекцияның созылмалы ошақтарының болуы


  5. нәрестеде фенилкетонурия болуы



    1. Құрсақ ішілік сепсис кезінде жұқтырудың төмендеуші жолы деп саналады, егер де инфекция ұрыққа мына жолмен түссе:


А. қан ағысымен


Б. жатыр мойнынан
В. құрсақ қабырғасынан және жатыр түтіктерінен
Г. лимфа жолдарымен
Д. туыт жолдарынан өткенде
19. Криптогенді сепсисте инфекцияның кіру қақпасы болып табылады:
А. тері

Б. өкпе
В. ішек

Г. кіру қақпасы анықталмаған
Д. кіндік жарасы

20. Нәрестелік кезеңде мына жағдайлардың қайсысы патологиялық болып бағаланады?


А. нәрестелердің физиологиялық сарғаюы
Б. транзиторлық ацидоз
В. зәр қышқылды инфаркт
Г. жыныстық криз
Д. нәрестелер пемфигусы

21. Іштен біткен токсоплазмозға қандай симптом тән емес?


А. сарғаю
Б. тырысулар
В. микрофтальм
Г. кереңдік
Д. тимомегалия

22. Іштен біткен цитомегаловирусты инфекцияға қандай симптом тән емес?


А. ЦМВ-ны ана сүті арқылы жұқтыру мүмкін емес
Б. вирус зәрмен, нәжіспен бөлінуі мүмкін
В. вирус сілекеймен бөлінуі мүмкін
Г. вирус лейкоциттерде репликацияланады
Д. ЦМВИ плазма құйғанда жұғуы мүмкін

23. Іштен біткен цитомегаловирусты инфекцияға қандай клиникалық көрініс тән емес?


А. гепатит
Б. везикулез
В. менингоэнцефалит
Г. пневмония
Д. кардит

24. Мына патологиялық жағдайлардың қайсысы нәрестені құрсақішілік инфекцияларға тексеру үшін көрсеткіш болып саналмайды?


  1. тырысулар


  2. сарғаю, гепатоспленомегалия


  3. геморрагиялық синдром


  4. ұйқы безінің кистофиброзы


  5. ретикулоцитозды анемия



25. Гемограммадағы қандай көрсеткіш нәрестелердің сепсисіне тән емес?

    1. лейкоцитоз


    2. нейтрофилез


    3. анемия

    4. нейтрофилдердің токсикалық түйіршіктілігі (зернистость)

Д. эозинофилия


26. Токсоплазмозды жұқтыру мына жағдайда мүмкін емес:
А. жеткіліксіз өңделген етті қолданғанда
Б. топырақпен ластанған көкөністер мен жемістерді қолданғанда
В. қан құйғанда және ағза алмастырғанда
Г. трансплацентарлы
Д. ана сүті арқылы

27. Іштен біткен герпестік инфекцияның арнайы емін жүргізгенде тағайындайды:


А. ацикловир
Б. видабирин
В. цитотект
Г. реоферон
Д. ганцикловир

28. Іштен біткен цитомегаловирусты инфекцияның арнайы емін жүргізгенде тағайындайды:


А. ацикловир
Б. видабирин
В. цитотект
Г. реаферон
Д. ганцикловир

29. Туа біткен мерезге қандай симптом тән емес?


А. отит

Б. розеолезды және папулезді бөртпе


В. остеопороз, остеохондрит
Г. ринит
Д. бауыр ұлғаюы, сарғаю

    1. Мына вирустардың қайсысы іштен біткен инфекцияны шақырмайды?


А. гепатит вирусы


Б. ротавирус
В. қызамық вирусы
Г. жай герпес вирусы
Д. цитомегаловирус
31. Типті ядроішілік құрылымдары бар гигант клеткаларының түзілуі («үкінің көзі») мына құрсақ ішілік инфекцияға тән:
  1. хламидиоз


  2. ЦМВ-инфекция


  3. микоплазмалық инфекция


  4. токсоплазмоз


  5. қызамық


32. Туа пайда болған токсоплазмоздың қай формасы арнайы емді қажет етпейді?

    1. жедел жайылған түрі


    2. жедел жергілікті түрі


    3. токсоплазмозды хориоретиниттің қалдық көріністері


    4. жедел субклиникалық түрі


    5. жеделдеу ағымы



33. Туа пайда болған токсоплазмоз диагнозын қоюда мына көрсетілген әдістердің қайсысы қолданылмайды?

  1. Плацентаны гистологиялық зерттеу


  2. Токсоплазминмен теріішілік сынама


  3. Терлік сынама жүргізу


  4. ИФА әдісімен қанды арнайы антиденелерге тексеру


  5. бас миын ультрадыбыстық зерттеу



34. «Қызамықтың феталді синдромына» қандай симптом кірмейді?

  1. Ретинопатия


  2. Ашық артериалдық өзек


  3. Өкпе артериясының стенозы


  4. Кереңдік


  5. Бүйректің толық екеуленуі



35. Нәрестелер сепсисі емінде қандай препараттар қолданылмайды?

  1. антибактериалды препараттар


  2. арнайы иммуноглобулиндер


  3. арнайы анатоксиндер


  4. цитостатиктер


  5. саңырауқұлаққа қарсы препараттар


36. Токсоплазмозбен ауыратын әйел қай жағдайда ұрыққа жұқтырмайды?


    1. Егер 1 триместрде жұқтырса


    2. Егер 2 триместрде жұқтырса


    3. Егер 3 триместрде жұқтырса


    4. Жүктілікке дейін 1-3 ай бұрын жұқтырса


    5. Жүктілікке дейін 6 ай және одан көп уақыт бұрын жұқтырса



37. Іштен біткен токсоплазмоздың емінде қандай препарат қолданылмайды:
А. пириметанин препараттары
Б. сульфаниламидтер
В. ацикловир
Г. ко-тримаксозол
Д. метронидазол
38. 15 күндік бала, салмақ жоғалтып жатыр, нашар емеді, кіндігі суланып тұр. Кеше дене қызуы 38ºС, гиперестезия, терісі сарғайған, өкпесінде перкуторлық дыбыс қысқарған, ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар, екі рет тоникалық тырысулар болды. Мүмкін диагноз:
А. өт жолдарының атрезиясы
Б. омфалит
В. пневмония
Г. сепсис
Д. менингит

39. Учаскелік педиатр нәрестені қарап тексеру кезінде флегмона диагнозын қойды. Дәрігердің іс-әрекеті қандай болуы керек?


  1. зақымданған жерді 3% бриллиант көгімен өңдеу және үйіне жіберу


  2. баланы тез арада нәрестелерге арналған хирургиялық бөлімшеге жіберу


  3. баланы күндізгі стационардың бақылауына қалдыру


  4. дерматологқа кеңеске жолдау


  5. аллергологқа кеңеске жолдау



40. Гестацияның қай мерзімінде қолайсыз факторлардың әсері туа біткен даму ақауларының, дизэмбриогенез стигмаларының дамуына алып келеді:

  1. гестацияның 4 аптасына дейін


  2. гестацияның 12 аптасына дейін


  3. гестацияның 16 аптасына дейін


  4. гестацияның 28 аптасына дейін


  5. гестацияның 38-40 аптасына дейін



41. Мына төменде көрсетілгендердің қайсысы нәрестелер көпіршігіне тән емес:
А. бөртпелердің саны бірнешеуден оншақтыға дейін болады
Б. көпіршіктер жарылғаннан кейін эрозиялар түзіледі
В. жалпы жағдайы нашарлайды
Г. жоғары контагиоздық
Д. стрептококк шақырады
42. Сепсис дамуында мыналардың қайсысының маңыздылығы жоқ:
А. анасының қызбамен өтетін аурулары
Б. егіз баланың біреуі
В. судың ерте кетуі
Г. аспаптық араласулар
Д. кіндік жарасының іріңді қабынуы

43. Нәрестеде сегізкөз-жамбас аймағында түсі қызыл, тығыз, ауыратын дақ пайда болды. 36 сағаттан кейін инфильтрат қою-көк түсті болды, ортасы – жұмсақ. Сіздің болжам диагнозыңыз?


А. везикулопустулез
Б. нәрестелер көпіршігі
В. терінің тілмелік қабынуы (рожА.
Г. Риттердің эксфолиативті дерматиті
Д. нәрестелер флегмонасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет