Пән бойынша тест тапсырмалары І нұсқа



бет1/2
Дата05.03.2024
өлшемі22.85 Kb.
#494435
  1   2
Қазақ тілі .Тест.1,2 нұсқа


Пән бойынша тест тапсырмалары

І нұсқа
1. Қазақ халқының ана тілі
А) орыс тілі В) қазақ тілі С) өзбек тілі Д) ағылшын тілі Е) татар тілі
2. Ауыз әдебиеті материалдарын жинау, бастыру жұмыстары қай ғасырдан басталады?
А) ХІХ ғ В) ХҮІІІ ғ С) Ү — ҮІ ғғ Д) ХХ ғ Е) ХХІ ғ
3. «Қазақ тілі – дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікіріміздің растығын кезінде кемеңгер Абай дәлелдеген болатын» Қанатты сөздің авторы кім?
А) С. Аманжолов В) Т. Қордабаев С) Ы. Алтынсарин Д) В. Радлов
Е) Ш. Уәлиханов
4. Тілдің таңдамалы, қолайлы, ой — пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға ортақ жүйелері – қай норманың анықтамасы?
А) Лексикалық норма В) Орфоэпиялық норма С) Орфографиялық норма
Д) Грамматикалық норма Е) Әдеби норма
5. Сөздік құрамдағы қолданылу жиілігіне қарай жаппай қолданылатын сөздер қалай аталады?
А) Пассив сөздер В) Актив сөздер С) Бейтарап сөздер Д) Оқшау сөздер
Е) Көмекші сөздер
6. Сөздік қорға жаңадан енген сөздер қалай аталады?
А) Архаизмдер В) Историзмдер С) Неологизмдер Д) Фразеологизмдер
Е) Омофондар
7. Әдеби тілде жазуда бірізділікті қалыптастыратын норма қалай аталады?
А) Лексикалық норма В) Орфоэпиялық норма С) Орфографиялық норма
Д) Грамматикалық норма Е) Әдеби норма
8. Үндестік заңы дегеніміз не?
А) Сөздегі немесе сөз тіркесіндегі соңғы буынның көтеріңкі айтылуы
В) Сөз ішіндегі немесе сөз арасындағы дауыссыз дыбыстардың бір — біріне ықпал етуі.
С) Сөздердің бірыңғай біркелкі әуезбен айтылуы.
Д) Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуы.
Е) Тіліміздегі сөздердің дұрыс жазылу ережесі.
9. Тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы қайсы?
А) Синтаксис В) Морфология С) Фонетика Д) Лексика Е) Фразеология
10. Тұрақты сөз тіркесін табыңыздар.
А) Көркем ой В) Көзі ашық С) Қара көк Д) Көп түкірсе көл Е) Кең жайлау
11. Қазақ тіліндегі сөздер буын үндестігіне сәйкес қалай жіктеледі?
А) Түбір, қосымшалы, қосымшасыз В) Жуан, жіңішке, аралас С) Дауысты, дауыссыз, үнді Д) Түбір, жуан, ұяң Е) Дауысты, қосымшалы, үнді
12. «Өнердің ең асылы — сөз» Даналық сөздің авторы кім?
А) Гераклит В) Абай С) Ы. Алтынсарин Д) И. Сапарбаев Е) Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
13. Вербалды қатынас дегеніміз не?
А) Тілдік қатынас В) Тілсіз қатынас С) Жалпы қарым — қатынас Д) Тыңдай білу
Е) Тыңдаушының назарын өзіне қарату.
14. Сөйлеу актісінде сөз ішіндегі немесе сөз аралығындағы дыбыстардың бір — бірімен үндесіп, үйлесімді айтылуы дегеніміз не?
А) сөз сазы В) реңк С) мәнер Д) үн Е) тон
15. Сөздердің біркелкі дауысты дыбыстан басталуы қалай аталады?
А) Кейіптеу В) Ирония С) Сатира Д) Ассонанс Е) Аллитерация
16. Тыңдау кезінде күнделікті кездесіп қалатын қателіктерді анықтаңыз.
А) Сөйлеушінің сөзін білу.
В) Әңгіме барысында тыңдаушының асығыс қорытынды жасауы.
С) Сөйлеушінің айтқандарымен келіспеген жағдайда тыңдаушы өз қарсылығын білдіруде асығыстық жасау.
Д) Шынайы көмек бермейтін адамдардың қажетсіз кеңестерін қолдану.
Е) Жоғарыдағы жауаптардың бәрі дұрыс.
17. Сөйлеушінің сөзін бөлмей мұқият тыңдау, бұл…?
А) Әбестік В) Әдептіліктің белгісі С) Әдепсіздік Д) Қайырымдылық
Е) Менсінбеушілік
18. Дауыстылар жақтың ашылу дәрежесіне қарай қалай бөлінеді?
А) еріндік, езулік В) дауыссыз дыбыстар С) жартылай ашық Д) ашық, қысаң, жартылай ашық. Е) еріндік.
19. Этнолингвистика дегеніміз не?
А) Сөздердің қалыптасқан сөз орамдарының шығу тегін тарихын, оның мәні мен мағынасын, қазіргі қолдану аясын зерттейтін тіл білімнің саласы.
В) Сөздер мен олардың мағыналарын зерттейтін сала.
С) Тілдің дыбыстық жағын зерттейтін сала.
Д) Сөз құрамы мен сөз таптарын зерттейтін сала.
Е) Қоғамдағы тарихи
оқиғалаларға, қоғамдық өзгерістерге байланысты тілімізге енген жаңа сөздер.
20. Этнолингвистикалық құбылыс туралы еңбек жазған, деректер жинаған қазақтың қоғам қайраткері.
А) Абай В) Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы С) Ы. Алтынсарин Д) Қадыр Мырза Әли Е) Ф. Оңғарсынова
21. Қай сөз жалпылама қолданылатын сөзге жатады?
А) бұрыш В) квадрат С) теңдеу Д) су Е) лексика
22. Неологизмді табыңдар
А) әлем В) шапан С) кәжекей Д) аспан Е) ұшақ
23. Белгілі бір ғылым саласына тән сөздер қалай аталады?
А) Көнерген сөздер В) Қос сөздер С) Терминдер Д) Неологизмдер
Е) Кәсіби сөздер
24. Тамақтанар алдында не деп айту керек?
А) Сапарыңыз сәтті болсын! В) Деніңіз сау болсын! С) Асыңыз дәмді болсын!
Д) Қуаныш құтты болсын! Е) Сауығып кетіңіз!
25. Кәсіби сөздерді табыңыз.
А) Иінағаш, суағаш В) Жүген, үзеңгі, шылбыр С) Қахажаппа, қорықтық
Д) Сөмке, кереует Е) Түбек, материк



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет