3. Лексикология. Лексика. Лексика



бет1/5
Дата01.06.2024
өлшемі22.45 Kb.
#502195
  1   2   3   4   5
3. Лексикология. (1)


3. Лексикология.
Лексика.
Лексика (грек. лексикос — сөздік) — тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады. Ал пассив сөздерге қолданылу өрісі шектеулі көнерген сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, терминдер жатады. Қазақ Лексикасы шығу тегі жағынан төл сөздер мен кірме сөздерден (араб-парсы, орыс, т.б.) тұрады. Сөздер стильдік қызметіне байланысты бейтарап Лексика, сөйлеу тілінің Лексикасы, жазба тіл Лексикасы деп бөлінеді. Бейтарап Лексикаға барлық стильде қолданылатын жалпыхалықтық сөздер жатады: дала, еңбек, көл, таза, екі, жаңа, т.б. Сөйлеу тілінің Лексикасына тұрмыстық қарапайым сөздер, варваризмдер, әдеби тілде сөйлеу Лексикасы жатады. Жазба тіл Лексикасына көне дәуір кітаби Лексикасы мен қазіргі кітаби Лексика жатады. Мазмұнына қарай Л.: 1) есім және шылау сөздер; 2) абстракт сөздер; 3) синонимдер; 4) антонимдер болып бөлінеді. Сипаты мен көрінісі жағынан Лексика былайша сараланады: 1) омонимдер; 2) омографтар; 3) омофондар; 4) омоформдар. Лексиканың атауы тілдің сөз байлығы деген ұғыммен қатар қаламгер тілі, көркем шығарма тілі деген ұғымды да білдіреді.


Лексикадағы жүйелік қатынастардың түрлері.
Тіл лексикасындағы жүйелі қатынастар
Тілдік жүйелік қатынасы көне замандардан дәлелденіп зерттеліп 
келеді. Көне үнді, грек, араб, түрік тілшілері тілдерді жүйе бойынша 
бөліп зерттеген. әл-Фарабидан бастап басты ілім тілдегі жанды рух 
бейнесі, тілді дамытушы құрал ретінде қарастырылды. Сол кездің 
өзінде-ақ, тілшілер тілдегі сөздердің жиынтығын сөздікке топтап, 
құрылысы мен дыбысталуын бөлек зерттеген. Бұл алғашқы пайда 
болған тілдегі жүйелер еді. Бұл жүйелер дами келе салаларға алма-
сты да, салалардың ішінде жүйелер қалыптасып, зерттелді. Мысалы,
М. Қашқаридың атақты сөздігі де лексикалық саланың ішіндегі алғаш 
жүйе бойынша жазылған сөздіктердің бірі ретінде белгілі. Б.Момынова 
және тілдегі лексиканы жүйе ретінде зерттеген А.К.Жұмабекова жалпы 
жүйенің жалпы теориясын Ч.дарвиннен кейін толық бағдарламасын 
жасаған биолог Л.фон Берталанфи екенін көрсетеді [40, 8]. Ф.де Сос-
сюр тілдің барлық элементтерін системалы құрылыс деп есептейді 
де, тілде синтагмалық, ассоциациялық байланыстың бар екендігін 
көрсетеді [3, 121]. Ф.де Соссюр тілдік таңбаның табиғатын зерт-
тей келе, оның мынадай ерекшеліктеріне тоқталады, яғни, бірінші, 
таңбаның еркіндігі; екінші, кез келген тілді құрау қажетті таңбалардың 
көптігі; үшінші, жүйенің тым күрделі сипатта болуы. ол былай деп 
жазады: «Тіл жүйе құрайды. Бұл жүйе күрделі механизм болады, оны 
ұғыну үшін ойлану, толғам керек; бұны екі күннің бірінде пайдала-
нып жүргендердің өздері жүйенің не екенінен ештеңе түсінбейді» 
[3, 83]. Ф.де Соссюрдің ойынша, лексикалық жүйенің өзгеріп от-
ыру құбылысы жалпы тілдің сыртқы факторлардың әсеріне қарсы 
тұра алмайтын әлсіздігіне қатысты және таңбаның еркіндігіне де 
тәуелді болады [3, 84]. Тілдің жүйелілігінің негізінде тілдегі нақты 
бірліктердің жатқандығы туралы ол былай деп жазады: «Шахмат 
ойыны тұтасымен әртүрлі фигуралардың жағдайының өзгеруінен 
тұратыны сияқты тіл де тек қана өзінің нақты бірліктерінің қарама-
қарсылығына негізделген жүйе болып табылады» [3, 108]. Көрнекті 
тілшінің бұл ойлары М.М.Покровский, А.М.Пешковский, А.А.Потебня 
сияқты ірі ғалымдардың көзқарастарына өз әсерін тигізіп, тек тілдегі 
емес, сонымен бірге, лексикалық құрамдағы жүйе ерекшелігі зертте-
ле бастады. Мәскеу университетінің профессоры М.М.Покровский 
мағыналары бір-біріне жуық сөздердің тобында бірдей семантикалық 
өзгерістер болатынын байқайды. З.д.Попова, И.А.Стернин жазғандай, 
тілдің алғашқы деңгейлік үлгісін француз ғалымы Эмиль Бенвенист 
құрастырған болатын. ол фонологиялық, морфологиялық, таңбалық 
(лексикалық) және синтаксистік деңгейлерді бөліп, әр деңгейдің 
бірлігі оның алдындағы деңгейдің бірлігінен, яғни фонема мериз-
малардан, морфема фонемалардан, сөз морфемалардан, синтаксема 
сөздерден құралатынын айтады [24, 202]. Американ тілшілері С.Лэмба, 
д.Локвуд, Г.Глисон және тағы басқалары тілдің деңгейлік үлгісінде 
төрт стратумдарды (басқаша айтқанда деңгей ұғымының мәніне 
келеді) бөледі: фонемалық, морфемалық, лексемалық және семемалық 
стратумдар. Әр стратум өзінің бірлігінен тұрады: фонемалық стратум 
бірлігі – фонон, морфемалық стратум бірлігі – морфон, лексемалық 
деңгей бірлігі – лексон, семемалық стратум – семоннан құралады. Бұл 
жерде, қазақ тіліндегі тіл деңгейлері мен стратумдарының дамуына 
парадигматикалық және синтагматикалық қатынастардың тигізетін 
әсерін Б.Қ. Момынованың зерттегенін айтып кеткіміз келеді. 
Жиырмасыншы ғасырдың басында неміс ғалымы Йост Трир 
семантикалық өріс теориясын лексикалық құрамның жүйесі ретінде 
енгізген болатын. Мәселен, ол әдемілік, ақыл, түс т.т. семантикалық 
өрістерін бөліп зерттейді. дегенмен сөздіктегі барлық сөздер 
семантикалық өріске енбейтіні және өріс құрамайтыны айқын болды. 


Сөздің лексикалық және семантикалық тіл жүйесінің негізгі бірлігі ретінде.


Әрбір тілдің негізгі сөздік құрамының дамуына ең алдымен сол тілдің негізгі сөздік қоры ұйытқы болады. Сөз тудырудың әртүрлі тәсілдері арқылы негізгі сөздік қордағы түбір сөздерден туынды сөздер жасалып, тілдің бүтіндей лексикасы толығып, дамып отырады.
Сөз тудыру тәсілдерінің бастылары мыналар:
1. Сөз тудырудың лексика-семантикалық тәсілі. Сөздің мағыналық жақтан дамуы барысында көп мағыналары бір-бірінен алшақтап, бара-бара олардың арасындағы семантикалық байланыс үзіледі де, мағыналары басқа-басқа сөздер (омонимдер) жасалады. Сөз тудырудың бұл тәсілі лексика-семантикалық тәсіл деп аталады. Сөз тудырудың бұл тәсілі тіл-тілдің барлығында кездеседі. Семантикалық тәсіл арқылы туынды жаңа сөздердің жасалуына көп уақыт керек, бұл – өте баяу болатын құбылыс.
2. Сөз тудырудың морфологиялық тәсілі. Туынды сөздер түбір морфемаға (немесе негізге) аффикстік морфемалардың жалғануы арқылы жасалады да, сөз тудырудың бұл тәсілі морфологиялық тәсіл деп аталады. Морфологиялық тәсіл өз ішінде бірнеше түрге бөлінеді. Түркі тілдерінде аффикстік деп аталатын түрі сөз тудыруда өнімді тәсіл болып саналады.
3. Сөз тудырудың синтаксистік тәсілі арқылы күрделі-біріккен сөздер, күрделі-құрама сөздер, күрделі-қос сөздер жасалады 


Лексикадаға жүйелі қарым-қатынас: омономия, полисемия, синономия, антонимия, поронимия. Омонимия — мағынасы жағынан әртүрлі, бірақ жазылуы жағынан бірдей сөздердің қатынасы.
Тіл білімі орыс тіліндегі омонимдердің мағынасын ажырататын, бірақ дыбысына сәйкес келетін сөздер екенін түсіндіреді. Мысалы, фретборд — фантастикалық құс, ал фретборд — музыкалық аспаптың бір бөлігі.
Олар көп мағыналы сөздерден ерекшеленеді. Омонимия тілдің даму үдерісіндегі мағыналардың алшақтығы нәтижесінде қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет