Пән: Саясаттану Тақырыбы: Саяси қатынастар мен процестер Орындаған



бет1/4
Дата10.05.2024
өлшемі38.44 Kb.
#500803
  1   2   3   4
Саястаттану бөж2



Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті


БӨЖ


Пән:Саясаттану
Тақырыбы:Саяси қатынастар мен процестер
Орындаған: Алякбар Балхия
Тобы:Фту-211

Түркістан-2024
1.Кіріспе


Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.
Саяси процесс ұғымы кең жөне тар мағынасында қолданылды. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті, керсетеді. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудың өткізілуі, баскарудың жаңа кұрьшымынын, дүниеге келуі және т. с.с.
Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала - өте күрделі құбылыс. Онда өмір сүріп жаткдн топтардың, жіктердің, ұйымдардың , мақсат-мүдделері кейде кабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады. Соған орай күн сайын көптеген өзгерістер болып, бір саяси нұсқаулар дүниеге келіп, екіншілері өз күшін сақтап, үшіншілері, өшіп дегендей, өзгеріп жататыны белгілі. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайга келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді. Бүл процесс саяси деп аталғандықтан ондағы өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу жөне кайта бөлуге, азаматтарды шешім қабылдауға, басқарушылардың қызметің бакылауға және т.с с. жұмылдыруға, халықтың саяси белсенділігін арттыруға байланысты болады. Сондықган саяси процестің, басты мәселесі, азаматгардың әр түрлі мүдделерің біріктіріп, жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда.
Жалпы ұжымдық мақсат-мұратты анықтауға, қалыптастыруға ресми органдар, билік институттары, кәсіподақтар, бейресми ұйымдар, ақпарат кұралдары және т. б. катысады. Бірақ мұнда басты рөлді жоғарғы мемлекетгік билік институттары аткарады. Себебі, саяси шешімдерді қабылдап, іске асыратын негізгі тетік солар. Биліктін. шоғырлану дәрежесі, саяси дамудың мақсат-мұратын айқындауға қатысатын топтардың арасындағы екілеттілікті бөлу мәселелері олардың іс-әрекетіне байланысты. Саяси субъектілердің өзара қатынастары, саяси өзгерістердің екпіні, Ті т. да солардың іс-қимылдарымен айкындалады.

«Саяси» деген сөз зерттеліп отырған жүйенің сипатын көрсетеді. Сонымен саяси жүйе дегеніміз қоғамдық өмірдің саяси жүйесімен оның тығыз байланыста болатындығын білдіреді. «Қоғам» түсінігі саяси жүйенің деңгейін көрсетеді.
Саяси жүйе- бұл әлеуметтік топтардың қажеттіліктері мен мүдделерін анықтайтын институционалдық білімнің жиынтық кешені, ол тиісті аймақта жария билікті жүзеге асыру жөніндегі өзара іс-әрекетті қалыптастырады және ұйымдастырады.
Саяси жүйе- аса қажетті механизм. Тек соның тікелей әсер етуі арқылы ғана толық билік пен халықтың егемендігі жүзеге асырылып, қамтамасыз етіледі.
Саяси жүйе қоғам мен мемлекет арасындағы қатынасты ұйымдастырады, саяси үрдістерді, саяси қызметтің жағдайларын, саяси ілгерілеу мен ұмтылыстарды сипаттайды. Саяси қызметтің бір түрі болып саналатын саяси жүйе саясат субъектілерінің өзара іс-қимылы нәтижесінде пайда болатын жағдайлардың мән-мазмұнын ұйымдастырушы ролін аиқарады. Саяси жүйе саяси үрдістерді реттеудің қалай жүріп жатқанын, саяси биліктің құрылуы мен қызмет істеу жағдайын көрсетеді, өндіріс пен мемлекеттік билікті пайдалану негізінде әлеуметтік қатынастар арасында игіліктерді бөледі.
Қоғамның саяси жүйесі бірқатар құрылымдық элементтерден немесе негізгі жүйешелерден тұрады.
Қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементтері мыналар: саяси қарым-қатынас; саяси принциптер мен құқықтық нормалар; саяси институттар; саяси сана; саяси мәдениет пен оған саяст тұрғыда қатысу.
Саяси қарым-қатынас – бұл саяси және мемлекеттік билікті қалыптастырып құру мен оның қызмет етуін реттеу жөніндегі саяси өмірдегі субъектілер арасындағы қарым-қатынастар. Саяси принциптер мен құқықтық нормалар- қолданылып отырған саяси жүйе шеңберінде саяси қарым-қатынастарды тәртіпке келтіре отырып, оларды реттейді. Саяси институттар- саяси мекемелер болып саналады, яғни бүкіл саяси жүйенің матариалдық негізін құрайды.
Саяси сана – бұл саяси қарым-қатынастар мен мүдделердің көрінісі, белгілі бір түсініктер, идеялар, көзқарастар, теориялар түрінде баға беру: ол әлеуметтік ақақактты сипаттайды; оқиғаларды сезіліп қабылдайды, қоғамдағы әлеуметтік және саяси өзгерістердің болашақтағы мүмкіндіктерін саралайды.
Саяси мәдениет- саяси танымның, нұсқаулар мен аса құнды бағыт- бағдарлардың, дәстүрлер мен саяси іс-әрекеттер рәміздерінің қоғамға арналған неғұрлым қарапайым үлгілерінің біртұтас жиынтығы. Ол сонымен қатар саяси жүйенің тұрақтылық факторы секілді рольді де атқарады.
Саяси тұрғыда қатысу- саяси жүйені қолдаудың белгілі бір дәрежесін
Саяси жүйе теориясының пайда болғанына көп уақыт болған жоқ. Оны ХХ ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон ойлап тапты. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен «кіріс», «шығыс» принциптері арқылы байланысады.
«Кірістің» 2 түрі бар: талап және қолдау. Талапты халықтың билік органдарына қоғамдағы құндылықтардың, қазына мен қаржының, қоғамдық қордың әділетті, дұрыс немесе әділетсіз, бұрыс бөлінуі туралы пікірі, билік органдарына үндеуі деуге болады. Ол қоғамда белгілі бір қажеттіліктің, мұқтаждықтың бар екендігін білдіреді және әр түрлі болады. Мысалы, еңбекақыны көтеру, жұмыс күнін қысқарту, әлеуметтік салаға қаржыны көбейту, білім алу мүмкіндігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қорғау және т.б. Мұндай талаптар көбейіп, оларға билік органдары назар аудармаса, саяси жүйе әлсірейді.
Халықтың әр түрлі жіктерінен түскен талаптарға саяси жүйе қандай типке жатуына байланысты әр түрлі қарайды. Мысалы, антидемократиялық, тоталитарлық саяси жүйе адамдардың талап тілектеріне билікке көрсетілген наразылық ретінде қарайды.
Саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктері бар. Д.Истон мен Г.Алмонд олардың төрт түрін көрсетеді:
➢ Топтар мен жеке адамдардың жүріс – тұрысын басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі;
➢ Өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі;
➢ Қорларды, игіліктерді, қызметті, үздік белгілерді және т.с.с. бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі;
➢ Әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік, өзгерген жағдайларға бейімдеушілік мүмкіндігі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет