Пән силлабусы пән туралы ақпарат



бет1/13
Дата21.09.2023
өлшемі69.54 Kb.
#478167
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Әлеуметтану монРК силлабус




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПӘН СИЛЛАБУСЫ



1. Пән туралы ақпарат
Пәннің атауы Әлеуметтану
Кредит саны 2
Курс, семестр 2 курс, 3 семестр, 2023-2024 оқу жылы
Білім бағдарламасының атауы және шифры______________________________________________
Институт Тарих және құқық
Кафедра Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі,ғылыми атағы, қызметі Сайлаубекқызы Алия, доктор PhD аға оқытушы
Контактілік ақпарат (телефон, e-mail) +77010397977, kzsaia@gmail.com
2. Бақылау түрі ( тест түріндегі емтихан)
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2) 0,6 + емт 0,4
Критериалды бағалау:
Үй тапсырмаларының немесе СӨЖ-нің тиісті мерзімдері жеңілдететін жағдайлар (ауру, шұғыл жағдайлар, авария, күтпеген жағдайлар және т.б.) жағдайында ұзартылуы мүмкін. Студенттің сабақтардағы пікірталастар мен жаттығуларға қатысуы оның пән үшін жалпы бағалауында ескеріледі. Пән мәселесі бойынша конструктивті сұрақтар, диалог және кері байланыс сабақ кезінде құпталады және көтермеленеді, ал мұғалім қорытынды бағаны шығарған кезде әр студенттің сабаққа қатысуын ескереді.
Жиынтық бағалау:
1. Әр сабаққа төмендегі кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек. Тапсырманы дайындау тақырып талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы керек.
2. Үй тапсырмалары семестр бойы, пән кестесінде көрсетілгендей бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігі жауап беруге болатын бірнеше сұрақтарды қамтиды.
4. Семестр бойы сіз зерттелетін материалды пайдаланасыз.
СӨЖ орындау кезінде келесі ережелер сақталуы керек:
*СӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Кешіктірілген, көшірілген СӨЖ жұмыстары қабылданбайды. Өздік жұмыста басты назар бастапқы дереккөздерді оқуға және талдауға аударылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет