7-тақырып. ҚҰҚЫҚ нысаны (Қайнар көздері) жоспар ы құқық нысанының ұғымы және түрлері



Дата09.11.2022
өлшемі242 Kb.
#464375
7-дәріс Құқық нысандары

  • 7-тақырып.
  • ҚҰҚЫҚ НЫСАНЫ
  • (ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ)

Ж О С П А Р Ы

  • 1. Құқық нысанының ұғымы және түрлері.
  • 2. Қазақстан Республикасында құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде -нормативтік-құқықтық акт.
  • 3. Сот прецеденті, құқықтық әдет-ғұрып және нормативтік келісім шарт.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  • Қазақстан Республикасы Конституциясы. 2017.
  • Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу-әдістемелік құрал. – Алматы. 2015
  • Мухтарова А.Н . Мемлекет және құқық теориясы оқулық Алматы-2015.
  • Түсіпбеков С.С. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды. 2018.
  • Қазақстан Республикасының 2016ж. 06 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңы

Құқық нысаны

  • Бұл мемлекеттен туындайтын немесе онымен танылатын, құқық нормаларын айқындайтын және бекітетін, оларға заңдық, жалпыға міндеттілік мән беретін ресми құжаттық нысан.

Құқық нысанын қалыптастыру жолдары:

  • 1. Құқықшығармашылық жолы арқылы – бұл жағдайда нормативтік құжаттарды құзіретті мемлекеттік органдар қабылдайды, яғни, тікелей мемлекет шығарады;
  • 2. Санкциялау жолы арқылы – бұл жағдайда мемлекеттік органдар белгілі бір түрде әлеуметтік нормаларды (әдет-ғұрып, корпоративтік нормалар) қолдап, оларға заңды күш береді.

Құқық нысандарының түрлері:

  • нормативтік-құқықтық актілер;
  • әдет-ғұрыптар;
  • соттық прецедент;
  • нормативтік шарт
  • Құқық нысаны жіктеледі:
  • 1. Нормативтік-құқықтық актілер (заңдар, жарлықтар, қаулылар, ережелер, шарттар)
  • 2. Нормативтік емес сипаттағы басқа құқықтың қайнар көздері (құқықтық әдет-ғұрыптар, сот прецеденті мен шешімдері).

Нормативтік-құқықтық актілер

  • Бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар.

Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» заңының 1-бап.:

  • Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» заңының 1-бап.:
  • «Нормативтік-құқықтық акт – референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат»

Нормативтік-құқықтық актілер заңдылық күшіне қарай:

  • Заңдар
  • Бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тәртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие және маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.

Заң түсінігі

  • Заң түсінігі
  • ҚР-ның «Құқықтық актілер туралы» заңының 1-бап. 7-тарм. бекітілген:
  • “Бұл қоғамдық қатынастарды реттейді, ҚР Конституциясы 61-бап. 3-тарм. көзделген түбегейлі принциптер мен нормаларды белгілейтін - ҚР Парламенті қабылдайтын нормативтік-құқықтық акт.

2. Заңға тәуелді актілер

  • Бұл заңнан туатын, заңды орындау барысында қабылданатын актілер:
  • 1. Мемлекет басшысының нормативтік жарлығы
  • 2. Үкіметтің нормативтік қаулылары
  • 3.Министрліктер және ведомствалардың нормативтік актілері
  • 4. Жергілікті басқару мемлекеттік аппарат-тың нормативтік шешімдері және т.б.

Нормативтік актілердің уақыт бойынша қолдануы

  • Нормативтік актілердің уақыттағы күші олардың күшіне енген сәтінен бастап күшін жоғалтқан сәтіне дейін таралады.
  • Нормативтік актілердің уақыттағы күшіне байланысты жалпы ережелердің ішінде екі ерекше ереже бар:
  • а) заңның кері күші – жаңадан қабылданаған нормативтік актінің өз күшін бұл акт заңды күшіне енгенге дейінгі қатынастарға таратуы. Жалпы ереже бойынша заңның кері күші болмайды, алайда, заңның кері күшті иеленуі екі жағдайда мүмкін: егер заңның өзінде бұл аталып өтсе немесе заң жауапкершілікті жеңілдетсе немесе жойса;
  • ә) жаңа заңдағы арнайы көрсету бойынша өз күшін жойған

Нормативтік актілердің кеңістік бойынша қолдануы

  • Нормативтік актілердің кеңістіктегі күші олар таралатын аумақпен анықталады.
  • Мемлекеттің аумағы ретінде мемлекеттік шекаралар ішіндегі оның құрғақ және су кеңістіктігі, олардың үстіндегі ауа кеңістігі, жер қойнаулары, сонымен қатар, шетелдердегі елшілік өкілдіктердің аумақтары, ашық теңіздегі әскери және сауда кемелері, мемлекеттің аумағынан тыс жерлерде ұшып жүрген ұшақтар танылады.

Нормативтік актілердің тұлғалар бойынша қолдануы

  • Заңның тұлғалар шеңбері бойынша күші нормативтік талаптардың белгілі бір актінің әрекет ету аумағындағы барлық тұлғаларға таралуын білдіреді.

Сот прецеденті

  • Бұл құзіретті мемлекеттік органның белгілі бір мәселе бойынша қабылдаған шешімінің осыған ұқсас өзге істерді қарағанда міндетті түрде қолданылуы.
  • Прецедент әкімшілік және сот прецеденттері болып екі топқа бөлінеді.
  • Англо-саксондық құқық жүйесінде қолданылады..

Құқықтық әдет-ғұрып

  • Бұл тарихи қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әдет-ғұрып, салт-дәстүр нормаларының мемлекеттің мәжбүр ету күшімен тағайындалатын құқық нысанының бір түрі.

Нормативтік келісім-шарт

  • Бұл субъектілердің өзара мүддесін есепке алуды мүмкін ететін құқықтық қатынастар жүйесін жасайтын, әрі азаматтық қоғамның дұрыс өмір сүруін қамтамасыз ететін, оның субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын құқық нысаны.
  • Нормативтік келісім-шарт құқық шығармашылық субъектілерінің жаңа құқық нормасын қалыптастыратын келісімі.
  • Нормативті актілермен қатар қолданылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет