4. Диагностика. Cтудент жастардың отбасылық өмірге дайындығы психодиагностикалық әдістер арқылы зерттеледі. Бұл кезеңде «Сіз отбасын құруға дайынсыз ба?» сауалнамасы, ««Отбасылық социограмма» әдістемесі» әдістері пайдаланылады Нәтижесін талдау.
«Сіз отбасын құруға дайынсыз ба?» сауалнамасының авторы К.Ғ. Жүнісова-Елшібаева.
Сіз отбасын құруға дайынсыз ба? Сыналушының аты-жөні, тегі: ___________________________________
Жасы: ___________________
Жынысы: ___________________
Ұлты: ___________________
Зерттеу мерзімі: ______________
Нұсқау:
Сізге бірнеше сұрақтар тізбесі беріледі. Бұл сұрақтар Сіздің отбасын құруға дайындығыңызды анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін Сіз төмендегі сұрақтарға ойланып бүкпесіз тура жауап беріңіз.
Сіздің пікіріңізше неше жаста отбасын құрған жөн?
А) 18-24 жаста
Ә) 25-31 жаста
Б) 32-38 жаста
2. Неше балалы болғанды қалайсыз?
А) кем дегенде екеу
Ә) жоқ балалы болғым келмейді
Б) жолдасымның қалауы бойынша
3. Егер көпшілік ортада (қонақта) жолдасыңның басқаға ілтипат білдіріп отырғанын байқасаң, не істер едің?
А) Мен де сондай қылықтар көрсетер едім.
Ә) ашу-ызамды отырғандардан жасырмас едім.
Б) ренішімді ешкімге білдірмес едім.
4. Бойыңда қызғаншақтық бар ма?
А) бар
Ә) онша емес
Б) жолдасыма сенемін
5. Ренжісіп қалсаңыздар татуласуға кім ұмтылғаны жөн
А) мен
Ә) ол
Б) бірде мен, бірде ол
6. Дәмді ас дайындай аласыз ба?
А) үйренетінім әлі көп
Ә) тек кейбір тағамдарды
Б) ас әзірлеумен айналысқанды ұнатамын.
7. Бүгінгі күні сезіміңізді оятқан адамнан жасырған сырларыңыз бар ма?
А) жоқ
Ә) кейде
Б) ол білмейтін сырларым бар
8. Егер жолдасыңыздың ішкен асын жерге қоятын әдеттері болса, не істейсіз (күйеуің футбол жанкүйері немесе әйелің сериал көргіш)
А) оны бұл әуестігінен айырар едім.
Ә) ол уақытта мен өз жұмыстарымды бітірер едім
Б) бірге қызықтар едім
9. Ата-анаңыздың бірін-бірі сыйлауы қандай?
А) жақсы
Ә) орташа
Б) айырылып кеткен
10. Болашақ жолдасыңыз өз мамандығына берілген болуы керек пе?
А) ия
Ә) бәрібір
Б) мамандықта тұрған не бар
11. Киім киюге деген көзқарасыңыз қандай?
А) оның айтқанынан шықпас едім
Ә) екеу болып ақылдасар едік
Б) өз көзқарасымды сақтауды қалар едім
12. Азаматтық некеге қалай қарайсыз?
А) дұрыс көрмеймін
Ә) бір-бірімізді білу үшін көнер едім.
Б) бұл жайлы ойламаппын
13. Жолдасың «көзіңе шөп салды» делік, кешіресің бе?
А) ия
Ә) ешқашан
Б) жағдайға байланысты
14. Отбасында кімнің көшбасшы болғанын қалайсың?
А) әрине жолдасымның
Ә) өзім
Б) еркек пен әйел тең құқылы