МАЗМҰНЫ
Кіріспе
|
3
|
1
|
Пәндердің технологиялық картасы
|
4
|
2
|
Жалпы мағұлмат
|
5
|
3
|
Базалық дайындық
|
5
|
3.1
|
Формалды кезең
|
5
|
3.2
|
Тапсырма-1 Шағын сәулет өнері пішіндерінің композициялық-құрылымдық шешімі
|
6
|
3.3
|
Тапсырма-2 Табиғи ортадағы маусымдық тұрақ
|
7
|
3.4
|
Тапсырма-3 Зал типті шағын қоғамдық үймерет
|
7
|
3.5
|
Тапсырма-4 Жеке тұрғын үй
|
8
|
4
|
Іргелі дайындық
|
9
|
4.1
|
Формалды-функционалды кезең
|
9
|
4.2
|
Тапсырма-5 Шағын тұрақ
|
10
|
4.3
|
Тапсырма-6 Аз қабатты блокталған баспана тобы
|
11
|
4.4
|
Тапсырма-7 Қоғамдық үймерет
|
12
|
4.5
|
Тапсырма-8 Шағын өндірістік ғимарат
|
13
|
4.6
|
Тапсырма-9 Оқу ғимараты
|
14
|
4.7
|
Тапсырма-9/1 Қала баспана
|
15
|
4.8
|
Тапсырма-10 Көп қабатты тұрғын үй-кешені
|
16
|
4.9
|
Тапсырма-10/1Қалалық баспананы жобалау білімі
|
17
|
5
|
Арнаулы дайындық
|
18
|
5.1
|
«Функционалды-орталық» кезеңі
|
18
|
5.2
|
Тапсырма-11, тапсырма 11/1Қалалық көп салалы кеңістік
|
18
|
5.3
|
Тапсырма-12 Бірегей қоғамдық үймереті
|
19
|
5.4
|
Тапсырма-12/1 Қала құрылысы түйінін жаңғырту
|
20
|
5.5
|
Диплом алдындағы жобалау
|
21
|
5.6
|
Дипломдық жобалау
|
23
|
Әдебиеттер тізімі
|
25
|
КІРІСПЕ
«Сәулет өнерін жобалау» пәні бойынша практикалық үздіксіз дайындық
бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты негізінде (ҚР МСТ 3.08.302-2006) 050420 («Сәулет өнері») мамандығының «Бакалавриат» біліктілігіне арналып әзірленді.
Бірінші курстан бастап оқытылатын және «сәулетші» - мамандығын сипаттайтын біліктілік контекстіндегі сәулет өнері-қала салу пәні негізінде өзінің даму тәсілдерін тірек етеді.
«Сәулетөнерін жобалау» пәнінің курсы басқа пәндерге бағыттау себебінен, «Сәулетші» мамандығы бойынша негізгі бейімдеу пәнінің қаңқасы болып саналады. Курсы төмендегідей бөлінеді: сәулет өнерін жобалау негіздері, тұрғын, қоғамдық және өндірістік үймереттерді сәулет өнерін жобалу, қала салу, ол жалпы мақсаты, тапсырмасы мен оқыту әдістері бар бірден бір пән болады.
Осы бағдарламаның м а қ с а т ы студенттердің оқуын, сәулет өнері – қала салудың әртүрлі мәселелерін өздігінен шешу қабілеттілігін жүйелі түрде бағыттау болып табылады. Осы бағдарламаны оқу нәтижесінде студент әдістемелік қағидаттар мен нысандарды сәулет өнері-жобалауды қалыптастыру заңдылықтарын б і л у және қала салу жүйесіндегі әртүрлі элементтер мен нысандар бойынша тұжырымдама жобасын әзірлеуді, анықталған қоғамдық-функционалды үдерістер мен мемлекеттік нормативтік базалар сәйкестігін і с т е й б і л у і керек.
Жобалау мамандығы қызметінің н ы с а н ы қала салу жүйесінің элементтері мен көлемдік – кеңістік құрылым сипатымен әртүрлі функционалды маңызы бар үймереттер мен ғимараттардың типологиялық топтамалары болуы керек.
Жобалау пәні әртүрлі нысандар түрлерінің құрылымын сәулеттік- жобалау, анықталған қоғамдық-функционалды үдерістер болады.
Студентті оқытудың негізгі қағидаттары кешенді әдістер мен жобалау үдерісіндегі жүйелі ықпалы меңгеру болып табылады. Бағдарлама негізінде пәннің диалектикалық танымы – «қарапайымдылықтан күрделіге», үш кезеңмен дайындау ұсынылады:
-
кезең – бастапқы дайындық;
-
кезең – негізгі дайындық;
-
кезең – арнайы дайындық.
Бағдарламада курстық жобаның тақырыптары, тапсырмалар, бағалау нәтижелері мен жоба құрамы тұжырымдалған. Курстық жоба тақырыптарының дәйектілгі тапсырмалардың жайлап күрделенуі мен оларды орындаудағы талаптың көтерілуі қарастырылған. Бағдарлама оқу жосапарына сәйкес, міндетті пәндер компененттер мен элективтік курстары негізінде әзірленді (1-кесте).
1 ПӘНДЕРДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ
Курсы
|
Семестрі
|
№ ОЖЖ бойынша. по РУП
|
№ тапсырма, тақырып
|
Кредиттер саны
|
Сағат саны көлемі
|
Түсініктеме
|
Дәрісханалық
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
2
|
3
|
I Сәу.жоб.
|
1. Шағын сәулеттік үлгілердің композициялық-құрылымын шешу
|
1+1=2
|
30
|
30
|
30
|
|
2. Табиғат аясындағы маусымдық тұрақ
|
1+1=2
|
30
|
30
|
30
|
|
4
|
II
|
3. Залдық түріндегі шағын қоғамыдық үймерет
|
1+1=2
|
30
|
30
|
30
|
|
4. Жеке тұрғын үй
|
1+1=2
|
30
|
30
|
30
|
|
3
|
5
|
III
|
5. Шағын қоныстану
|
3
|
45
|
45
|
45
|
|
IV
|
6. Аз қабатты блокталған тұрғын тобы
|
2
|
30
|
30
|
30
|
|
6
|
V
|
7. Қоғамдық үймерет
|
3
|
45
|
45
|
45
|
|
VI
|
8. Шағын өндірістік үймерет
|
2
|
30
|
30
|
30
|
|
4
|
7
|
VII
|
9. Оқу үймереті
9/1. Қалалық қоныстану
|
3
|
45
|
45
|
45
|
|
VIII
|
10. Көп қабатты үй-кешені
10/1. Қалалық тұрғын топтамасы
|
3
|
45
|
45
|
45
|
|
8
|
IX
|
11, 11/1. Қалалық көп салалы кеңістік
|
3
|
45
|
45
|
45
|
|
X
|
12.Қоғамдық бірегей үймерет
12/1. Қала торабын қайта құру
|
3
|
45
|
45
|
45
|
|
5
|
9
|
XI
XII
|
Диплом алдындағы жобалау
|
9
|
135
|
135
|
135
|
|
10
|
|
Дипломдық жобалау
|
6
|
90
|
90
|
90
|
|
БАРЛЫҒЫ: 45 675 675 675
2 ЖАЛПЫ МАҒҰЛМАТ
Бағдарлама жұмыс жоспарына сәйкес, міндетті пәндер компоненті мен элективтік курс негізінде жасалған. Курстық жобалау тақырыптарының дәйектілігі тапсырмалардың біртіндеп күрделену мен оларды орындауда талаптардың жоғарлауы қарастырылған.
I КЕЗЕҢ. Бастапқы базалық дайындық екінші курста арнаулы пәндер кешені негізінде, дербес нысандарды сәулеттік үлгілеу қағидаттарын игеруді жүйелеу қарастырылады анықталған қоғамдық-функцялды үдерістер
II КЕЗЕҢ. Негізгі іргелі дайындық үшінші, төртінші курстарда жүргізіледі, оның мақсаты – функционалды құрылым мен нысандарды үлгілеу арасындағы тәуелділікті зерттейді («Формалды-функционалды» дайындық деңгейі.
III КЕЗЕҢ. Арнаулы дайындық төртінші, бесінші курстарда және дипломдық жобалауда жүргізіледі, таңдалған нысандар қызметіндегі болашақ маманның кәсіптік қабілетін жүйелейді. Осы кезеңнің мақсаты – жаңадан жобаланатын күрделі құрылымды көп салалы нысандарды форма тудырушы қағидаттарын сондай-ақ нақты табиғи-қала салу жағдайын есептеумен қайта құруды меңгеру («Функционалды-орта» дайындық деңгейі).
Бағдарламаның әрбір кезеңінде дайындықтың негізгі талабы, практикалық тапсырманың тақырыптары берілген. Теориялық бөлімінде – сәулет өнері-қала салу қызметінің негізгі мәселелері бойынша дәрістер және жобалаудағы тапсырмаларға кіріспе дәрістер, негізгі мақсат жобалау жағдайы мен осы нысан түрінің құрылысы, ұқсас нысандарды жобалау тәжірибесінен мысалдардың көрсетілімі мен түсініктемелері, жобалаудағы тапсырмалардың түсініктемелері берілген.
3 БАЗАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ
3.1 Осы кезең ("Формалды" деңгейі) «Сәулет өнерін жобалау» пәніне дайындауды қарастырады, екінші курста (3,4 тоқсан) жүргізіледі және дербес сәулет өнері нысандарының пішін тудыратын қағидаттарын меңгеруге бағытталады.
Осы деңгейі пәндерде, сәулет өнерінің кәсібі мен эстетикалық тәрбие негізін айқындайды, көркемдік-бейнелеу пәнін игеру құрамында, сәулет өнерінің графикасы мен бейнелеу, сәулет өнері композициясының теориясы, сәулет өнерін жобалау негізінде түйінделеді. Осы пән аясында сәулет өнерінің композициясын, графика және жобалау негізін оқыту жүргізіледі, осы кезде негізгі есте алатын нәрсе сәулет өнері нысандарының құрылымдық-композициялық жағына және графикалық құралдар әдісін меңгеруге көңіл аудару қажет. Дайындау негізінде алғашқы композициялық ойлауды дамыту, қарапайым сәулет өнері есептерін шешу, сондай-ақ кәсіби графикалық дайындық, қабылданған композициялық шешімдердің сауатты әдісін жабдықтайды. Осы кезеңдегі сәулет өнерін жобалау үлкен емес көлемдегі тапсырмалар бойынша жүргізіледі. Сәулет өнері-бейнелеуді шешуді іздестіру кезінде көлемдік-кеңістік композициясын зерттеу заңдылығын пайдаланады. Осы кезде факторлар қатары есептелінеді: қоршаған табиғат және климат, ғимарат түрі мен олардың ұйымдастыратын функционалды- әлеуметтік үдерістері. Дайындаудың осы кезеңінде студенттер білуі тиіс:
-
Адамдар мен оның қоршаған құралдары ара қатынасының ерекшеліктері;
-
Адамдарды қоршаған құралдармен олардың мақсатынан тәуелді элементтерінің форма тудырушы заңдылықтары;
-
Бұйым-нысан өндірушіден материалдың форма тудырушы қасиеті.
Жасай алуы тиіс:
-
Жобалау нысанына сай болатын талаптар жиынтығын үлгілеу;
-
Ұқсас нысандарды құру тәжірибесін жинақтау;
-
Бейнелеу-көркемдік және нысанның құрылымдық шешімі, қолданылған құралдар қорытындысын бейнелеуді ұсыну.
Осы кезеңде ашық кеңістіктегі нысандар функциясы бойынша күрделі емес орындалатын сәулет өнерін жобалауды түйіндейді (1,2,3,4 тапсырма).
3.2 Тапсырма-1. Шағын сәулет өнері пішіндерін композициялық-құрылымдық шешімі ( 2 курс, 3 семестр)
Кіріспе дәріс:
Адамның тіршілік әрекетіндегі нысанның ролі мен орны. Нысанды жобалау ұқсастығы мысалымен танысу. Нысанға қойылатын талап - функционалды, типологиялық, эргономикалық, антропометрикалық, құрылымдылық. Жобалау нысаынна қолданылатын конструктивті материалдар. Түйіндердің конструктивті шешімінің ерекшелігі. Нысанның көркемдік-типологиялық бейнесінің ашылуын бойынша тәсілдері және құралдары (түсі, графикасы, пластикасы, материалы).
Курстық жұмыстың тақырыптарының тізімі: дүңгіршек; автобус аялдамасы; шамдар; сағаттар; сауда орыны; көлеңкелі өрелер; фонтан; қолданбалы дизайн элементтері және т.б.;
Негізгі тапсырма:
- Дайындайтын нысанның орналасу орнына талдау (орын келбеті, масштабтылығы, сән, композиция) және т.б.
- Жобаланатын нысанға талаптарды үлгілеу (аталуы, сәні, байланыстар, масштабы және т.б.);
- Ұқсас нысандарды біріктіру мысалы;
- Үлгінің көркемдік-бейнесінің шешімі, материалдың конструктивті қасиетінің деректері;
- Түйіндердің конструктивті шешімі;
- Түсінің және графикалық шешімі.
Бағалау қорытындысы:
- Нысанның көркемдік-композициялық және типологиялық келбеті.
Жоба құрамы:
1) Бас жоспар 1:50;
2) Қас бет М 1:10;
3) Жоспар М 1:10;
4) Қима М 1:25;
5) Конструктивті түйіндер М 1:5;
6) «Ортадағы нысан» келешек сурет;
7) Макеті (қағаз, картон, ағаш, металл, пластик).
Графикалық бөлім 80x80 см тақтайшада орындалады.
3.3 Тапсырма-2. Табиғи ортадағы маусымдық тұрақ. (2 курс, 3 тоқсан)
Кіріспе дәріс.
Нысан сипаттамасы, оның функционалды маңызы, ландшафт күйінің орналасуы, ландшафт күйінің типтері. Функционалды белдеудің ерекшелігі, сәулеттік-жобалау шешіміне талаптар, құрылыс материалдары, құрылымдық шешімдер.
Курстық жоба тақырыптарының тізімі: бақшалы үй; рекреационды үй; аңшының үйі; туристтердің лашығы.
Негізгі тапсырма:
- Ландшафтылық күйді таңдау;
- Көлемдік-жобалау және келбеттік шешім;
- Нысанның конструктивті шешімі.
Бағалау қорытындысы:
- Композициялық-келбеттік шешімі;
- Конструктивті шешім;
- Жобаны тапсырудың графикалық деңгейі.
Жоба құрамы:
1) Бас жобаның схемасы М 1: 250;
2) Қас бет М 1: 50;
3) Жоспар М 1: 50;
4) Қимасы М 1: 50;
5) Аксонометрия (макет).
Жоба графика түрінде 80x80 см тақтайшада түсті шешіммен орындалады.
3.4 Тапсырма-3. Зал типті шағын қоғамдық үймереті (2 курс, 4 тоқсан)
Кіріспе дәріс.
Зал типті көп салалы қоғамдық үймерет. Функционалды маңызы, қала салу жағдайындағы орыны, үлкен пролетті ғимараттың конструктивті шешімі ерекшелігі, үлкен пролетті сәулеттік конструкция түрлері, күмбез, жабын. Сәулет өнері-құрылымдық шешімге бионикалық ықпалы. Құрылыс және конструктивті материалдары.
Курстық жоба тақырыптарының тізімі: парктегі павильон; би залы; көрме залы; оранжерея.
Негізгі тапсырма:
- Нысанның келбеттік-көркемдік шешімі;
- Сәулет өнері-конструктивті шешім;
- Нысанның функционалды-технологиялық шешімі;
- Нысанның интерьерасын әзірлеу;
- Нысанның бейнелеу құралдарының шешімі және тәсілдері бойынша ұқсастықтарын біріктіру.
Бағалау қорытындысы:
- Функционалды –технологиялық шешімі;
- Типологиялық келбеті;
- Келбеттік-көркемдік шешімі;
- Нысанның конструктивтік шешімі;
- Жобаны тапсыру графикалық деңгейі.
Жоба құрамы:
1) Бас жоспар үлгісі М 1: 200;
2) Қас бет М 1: 50;
3) Жоспар 1: 50 (1: 100);
4) Қимасы М 1: 50;
5) Интерьера келешегінің фрагменті (экстерьера);
6) Аксонометрия (макет).
Жоба графика түрінде 80x80 см тақтайшада түсті шешіммен орындалады.
3.5 Тапсырма-4. Жеке тұрғын үй (2 курс, 4 тоқсан)
Кіріспе дәріс.
Жеке тұрғын үйлер сипаттамасы, жан ұяның әлеуметтік-демографиялық құрылымы. Тұрғын үйлер түрлері, қала салу мен табиғи-климаттық факторлар байланысы. Функционалды белдеу мен бөлме құрамы. Тұрғын үйдің көлемдік-жобалау ерекшелігі, климаттық жағдай байланысы, жан ұяның әлеуметтік-демографиялық құрылымы, тұрақ түрлері. Конструктивтік шешімдер ерекшелігі, құрылыс материалдары. Экологиялық тұрақ дамуының бағыты.
Курстық жоба тақырыптарының тізімі: ауылдық жеке тұрғын үй; қала немесе қала сыртындағы аз қабатты үй (вилла, коттедж, жеке үй, бау-бақшалық).
Негізгі тапсырма:
- Табиғи –ландшафтылық және қала салу жағдайын таңдау;
- Жан ұяның әлеуметтік –демографиялық құрылымын анықтау;
- Нысаның функционалды –жобалау шешімі;
- Нысанның сәулет өнері –көркемдік шешімі;
- Нысанның конструктивті шешімі;
- Ұқсас нысандар мысалын жинақтау.
Бағалау қорытындысы
- Функционалды-жобалау шешімі;
- Сәулет өнері-композициялық шешімі;
- Үймерет пен оның жеке түйіндерінің конструктивті шешімі;
- Жобаны тапсырудың графикалық деңгейі.
Жоба құрамы:
1) Бас жоба үлгісі М 1: 200;
2) Қас беті М 1: 50;
3) Жоспар М 1: 50 (1: 100);
4) Қимасы М 1: 50;
5) Конструктивтік түйіндер;
6) Келешегі (келешек фрагменті) «Ортадағы нысан»;
7) Аксонометрия (макет).
Жоба графика түрінде 80x80 см тақтайшада түсті шешіммен орындалады.
4 ІРГЕЛІ ДАЙЫНДЫҚ
4.1 "Формалды-функционалды" дайындау кезеңі функционалды құрылым мен нысандардың форма тудырушы арасындағы тәуелділікті зерттеуге бағытталады, үшінші және төртінші курстарда (5,6,7 тоқсанда) жүргізіледі. Осы кезеңде топтық және бұқаралық қолданысқа арналған көп салалы нысандар ортасын ұйымдастырудың типологияылқ қағидаттарын игереді. «Сәулет өнерін жобалау» арқылы, анықталған типті нысанның сәулеттік-жобалау мекемелерінде жобалау тұжырымдамасын әзірлеуді жүргізеді. Курстың тапсырмасы оқушылардың қабілетін ары қарай дамытуды, күрделенілген талаптар және аралас пәндер білімі есебінен шығармашылық тапсырманы шешу әдістерін меңгерумен қорытындыланады. Оқытудың әрбір келесі баспалдағында тапсырма көлемі, жоба құрамы, көбейтіліп, типологиялық ерекшелігін ашуға және ғимараттың идеялық-келбеттік мәнеріне талаптар жоғарылатылады, оның функциясы мен технологиясы күрделі болады (5,6,7 тапсырма). Студенттер осы кезеңді меңгеру үдерісінде білуге тиіс:
1. Әртүрлі типті кеңістіктегі әлеуметтік-функционалды үдеріс ерекшелігі;
2. Әлеуметтік-функционалды үдеріспен сәулет өнері-жобалау шешімі ара қатынасының ерекшелігі;
3. Сәулет өнері-жобалауды тәсілдері мен нысанның пішін бейнелеу құралы.
Жасай алуы тиіс:
1. Нысанды қадағалау жағдайының сипаттамасы мен оның композициялық-жобалау шешіміне қойылатын талапты өрнектеу;
2. Нақты сәулеттік шешімді, нысанның типологиялық келбетін бейнелеуді ұсыну;
3. Әртүрлі тәсілдеріды қолдану, жобалау шешімін графикалық, әрекеттегі нормативті талаптарға сәйкес рәсімдеу.
4.2 Тапсырма-5. Шағын баспана (3 курс, 5 тоқсан)
Кіріспе дәріс.
Шағын тұрақтың типтері мен жіктелуі, тұрақтың қала тудырушы базасы. Негізгі функионалды белдеу, олардың сипаттамасы белдеуді тәсілдері. Қала құрылысы мен табиғи-ландшафтылық факторлардың композициялық және функционалды-жобалау шешімінің әсері. Тұрғын үйлердің типтері. Олардың тұрақ құрылымына орналасу ерекшеліктері. Мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жүйесі, қоғамдық орталық, көлік-жаяу жүргінші байланысын ұйымдастыру.
Курстық жобаның тақырыптары тізімі: 1,5-2 мың адамды ауылдық кент; өндірісті кент; агро өндірістік кент; қала типті кент.
Негізгі тапсырма:
- Топографиялық таңдау мен талдау, табиғи-ландшафтылық және қала құрылысы жағдайы;
- Кентті композициялық жобалау себебі;
- Кент аумағын функционалды белдеуі;
- Көлік-жаяу жүргінші байланысын ұйымдастыру, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жүйелері, көгалдандыру жүйелері;
- Құрылыс алаңының сәулеттік-жобалау құрылымы;
- Қоғамдық орталық, тұрғын құрылысын салу сипаты, кенттің композициялық құрылымын тәсілдері бойынша ұқсастығын жинақтау.
Бағалау қорытындысы.
- Қала құрылысы мен табиғи-ландшафтылық факторларды санау;
- Құрылыс алаңының сәулет өнері-жобалау және көлемді-кеңістіктік шешімі;
- Жобаны тапсырудың графикалық деңгейі.
Жоба құрамы:
1) Жағдайлық үлгісі (елді мекен жүйесіндегі тұрақтың орналасу үлгісі);
2) Табиғи-ландшафтылық факторларды талдау үлгісі;
3) Кенттің функционалды белдеу үлгісі;
4) Бас жоспар М 1:1000 (1:2000);
5) Мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету үлгісі;
6) Көлік-жаяу жүргінші байланыс үлгісі;
7) Құрылыс панорамасы;
8) Құрылыс салу ортасының фрагмент келешегі;
9) Макет М 1:1000.
Жоба 100х100см тақтайшада компьютер немесе «қолмен» графикада орындалады.
4.3 Тапсырма-6. «Аз қабатты блокталған баспана тобы» (3 курс, 5 тоқсан)
Кіріспе дәріс.
Блокталған аз қабатты баспана түрлері. Блокталған баспана үймереті типтері, олардың техникалық-экономикалық көрсеткіштері, блокталған құрылыс тығыздығын тәсілдеріды жоғарылату. Кеңістік типтері, ұйымдастырылған блокталған үймерет. Блокталған құрылыстағы функционалды белдеу. Факторлары, блокталған құрылыстың әсері. «Кілемше құрылыс» түсінігі, тығыз-төмен құрылыс. Блокталған үймереттің конструктивті жүйелері.
Курстық жобаның тақырыптар тізімі: ауылдық жердегі блокталған тұрғын үйлер; қалалық тығыз-төмен үйлер; аз қабатты қалалық баспана тобы.
Негізгі тапсырма:
- «Шағын баспана» жобасы негізінде әзірлеу, қала құрылысы типологиялық жағдайы;
- Қала құрылысы мен табиғи-ландшафтылық факторларды санау;
- Блокталған баспана тобының жобалау композицясын жасау;
- Блокталған үймереттің 2-3 типті көлемдік-жобалау шешімі;
- Нысанның конструктивті шешімі;
- Жобаланған қондырғы, жалғасқан аумақ (подъездерді ұйымдастыру, жаяу жүргінші байланысы, рекреация, тұрақтар, шаруашылық алаңшасы, көгалдандыру).
Бағалау қорытындысы:
- Қала құрылысы кеңістігін ұйымдастыру;
- Құрылыс жобалау композициясы;
- Үймереттің көлемдік-жобалау шешімі;
- Үймереттің көлемдер тобының сәулет өнері-бейнесінің шешімі;
- Үймереттің конструктивті шешімі;
- Жобаны нормативті графикалық рәсімдеу және тапсыру деңгейі.
Жоба құрамы:
1) Жағдайлық үлгісі;
2) Баспана тобының бас жоспары М 1:500;
3) Жалғасқан аумақтағы жақсы жабдықталуымен бірге блокталған үймереттің 1-ші қабаттының жоспары М 1:200;
4) Қабаттар жоспары (бірінші қабаттан басқа) М 1:100 ;
5) Қималар М 1:50;
6) Үймереттің қас беті М 1:50;
7) Үймереттің негізгі қас беті бойынша жаймасы М 1:100;
8) Құрылыс ортасындағы фрагмент келешегі;
9) Жақсы жабдықталумен бірге блокталған баспана тобының макеті
М 1: 200.
Жоба 100х100см тақтайшада компьютер немесе «қолмен» графикада орындалады.
4.4 Тапсырма-7. «Қоғамдық үймерет» (3 курс, 6 тоқсан)
Кіріспе дәріс.
Қоғамдық үймереттің типтері және олардың жіктелуі. Әлеуметтік-функционалды маңызы. Негізгі аумақ пен аумақты тәсілдері. Жобаланған композицияны тәсілдері, нысанның типологиялық бейнесі, көлемдік-жобалау шешімді тәсілдері. Санитарлы-гигиениалық талаптар. Жобалау талаптары, құрамы мен бөлмелердің қарым қатынасы. Құрылыстағы және жалғасқан аумақтағы қондырғыларды орналастыру. Конструктивті шешім, құрылыс материалдары. Шағын қоғамдық үймеретті дамыту бағыты.
Курстық жобаның тақырыптар тізімі: клубтар (жалпы профилі, студиялық, мәдени-спорттық, балалар, жастар және т.б.); кинотеатр (бір, көп залды, қарапайым, мамандандырылған); 50-80 орынды қоғамдық тамақтану кәсіпорыны (жалпы типті, мамандандарылған, кешенді).
Негізгі тапсырма:
- Нысанның көлемдік-жобалау композициясы, нақты қала құрылысы жағдайын есептеумен;
- Нысанның әлеуметтік-функционалды бағдарлама;
- Нысанның функционалды-жобалау құрылымын әзірлеу;
- Нысанның типологиялық бейнесін ашу;
- Нысаның сәулет өнері-композициялық бейнесі;
- Үймерет көлемінің конструктивті шешімі;
- Жобаланатын нысан бойынша ұқсастықты жүйелеу мен іздестіру;
- Жобаның әрекеттегі нормативті талаптарын сәйкес графикалық безендіру.
Бағалау қорытындысы:
- Қала құрылысы шарты есебінен композициялық-жобалау шешімі;
- Нысанның сәулет-жобалау шешімі;
- Нысанның типологиялық бейнесі;
- Тапсыру деңгейі мен жобаны нормативті графикалық безендіру.
Жоба құрамы:
1) Бас жоспар М 1:500;
2) Қабат жоспары М 1:100;
3) Қас беті М 1:100;
4) Қималар М 1:100;
5) Конструктивті түйіндер;
6) Нысаның келешегі (макет)
Жобаның демонстрациялық бөлімін 100х100см. тақтайшада (1,2,3 тармақшасы бойынша ) және А-3 форматында альбоммен («АР» бөлімі) МСТ 21.501-93 «Сәулет өнері-құрылыс жұмыс сызбаларын орындау тәртібі» бойынша орындайды.
4.5 Тапсырма-8. «Шағын өндірістік ғимараты» (3 курс, 6 тоқсан)
Кіріспе дәріс.
Негізгі анықтамалар, типологиялық жіктеу. Өндірістік ғимаратты көлемдік-жобалау шешіміне негізгі талаптар. Өндірістік ғимараттардың сәулеттік-композициялық шешімі. Көліктік-жаяу жүргінші байланысын ұйымдастыру. Санитарлы-гигиениялық және өртке қарсы талаптар. Шағын өндірістік ғимараттың көлемдік-жобалық және конструктивті шешімі. Жобалау шешімін техникалық-экономиклық бағалау.
Курстық жоба тақырыптарының тізімі: жеңіл көлікке арналған гаражылар-тұрақтар; көліктерге техникалық қызмет көрсету бекеттері; авто көлік кәсіпорыны; баспахана; нан зауыты; металл-пластикалық, құрылыстың ағаш бұйымдарын өндіру бойынша кәсіпорыны, жиһаздар.
Негізгі тапсырмалар:
- Қала құрылысы жағдайын есептеумен нысанды орналастыру;
- Нысанның функционалды-технологиялық шешімі;
- Нысаның көлемдік-жобалау композициясын әзірлеу;
- Өндірістік кәсіпорынның типологиялық бейнесін ашу;
- Нысанның конструктивті шешімін таңдау;
- Жобаланатын нысан бойынша ұқсастығын жүйелеу мен таңдау;
- Жобаның әрекеттегі нормативті талаптарын сәйкес графикалық безендіру.
Бағалау қорытындысы.
- Нысанның көлемдік-жобалау шешімі;
- Функционалды үдерістердің технологиялық шешімі;
- Сәулеттік –композициялық шешімі;
- Нысанның конструктивтік шешімі;
- Нысанның типологиялық бейнесі;
- Жобаны тапсырудың графикалық деңгейі.
Жоба құрамы:
1) Бас жоспар М 1:500;
2) Қас беті М 1:50;
3) Қондырғыларды орналастырумен қабат жоспары М 1:100;
4) Технологиялық қондырғылардың орналасу үлгісі М 1:100;
5) Қималары М 1: 100;
6) Келешегі (макет).
Жобаның демонстрациялық графикалық бөлімін 100х100см. тақтайшада (1,2,3 тармақшасы бойынша ) және А-3 форматында альбоммен МСТ 21.501-93 бойынша орындайды.
4.6 Тапсырма-9. «Оқу ғимараты» (4 курс, 7 тоқсан)
Кіріспе дәріс.
Оқу ғимаратының типтері, олардың жіктелуі. Әлеуметік маңызы мен ғимараттың функционалды сипаттамасы. Жобалау талаптары, бөлмелер құрамы. Санитарлы-гигиениалық талаптар. Бөлмелердің маңызы бойынша топтамалар. Өсу қағидаты бойынша аумақтау. Көлемдік-кеңістіктік композиция – орталықтандыру, блоктау, павильонды тәсілдері. Мектеп ғимаратының композициясы, құрылысты орналастыру. Жер телімін жобалау. Мектеп ғимаратының өркендеу тенденциясы. Нысанның техникалық-экономикалық көрсеткіштері.
Курстық жоба тақырыптарының тізімі: жалпыға білім беру мектебі; кәсіптік техникалық училище; мектеп-интернат; мамандандырылған мектеп.
Негізгі тапсырма:
- Әлеуметтік-функционалды бағдарлама;
- Оқыту, зертханалық және қосалқы бөлмелер бірлігін сәулеттік-композициялық қамтамасыз ету;
- Нысанның типологиялық келбетін ашу;
- Санитарлы-гигиеналық талаптар есебінен функционалды-жобалау шешімі;
- Нысанның конструктивті шешімін таңдау;
- Жер телімінің бас жоспары шешімі;
- Жобаланатын нысан бойынша ұқсастықтарды жүйелеу мен таңдау;
- Жобаны графикалық рәсімдеу.
Бағалау нәтижесі.
- Қала құрылысы жағдайы есебінен нысанның құрылымын көлемдік-жобалау шешімі;
- Функционалды үдерістердің технологиялық шешімі;
- Санитарлы-гигиеналық талаптарна сәйкес функционалды-жобалау шешімі;
- Нысанның типологиялық келбеті;
- Нысанның конструктивті шешімі;
- Жобаны тапсырудың графикалық деңгейі.
Жоба құрамы:
1) Бас жоспар М 1:500;
2) Қабаттар жоспары М 1:200;
3) Оқыту-зертханалық бөлмелердегі технологиялық қондырғыларды орналастыру жоспары М 1:100;
4) Қас беті М 1: 100;
5) Қима М 1: 100;
6) Нысаның келешегі (аксонометрия немесе макет);
7) Техникалық-экономикалық көрсеткіштері.
Жобаны компьютермен немесе «қол» графикасымен 100х100см 2 тақтайшада орындайды.
4.7 Тапсырма-9/1. (Мамандануы «Қала құрылысы») «Қалалық баспана» (4 курс, 7 тоқсан)
Кіріспе дәріс.
«Қала» түсінігі, адам саны бойынша қалалардың жіктелуі, қала туғызу базасы, әкімшілік маңызы, елді мекен жүйесіндегі орналасуы. Қаланың негізгі функционалды белдеуі, функционалды белдеуді орналастыруға талаптар. Қаланың жобалау құрылымының типтері. Мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету, көлік байланыстары, көгалдандыру жүйелерін ұйымдастыру. Қаланың функционалды-жобалауын ұйымдастырудағы әсерлер Жалпы қала орталығының құрылымы, қаланы аудандарын жобалау. Жаңа қала құрылысына арналған аумаққа жобалау алдында талдау жүргізу түрлері. Қала құрылымын композициялық үлгілеу ерекшелігі.
Курстық жоба тақырыптары тізімі шағын қала, үлкен қала, ірі қала;
Негізгі тапсырмалар:
- Аумаққа табиғи-ландшафты факторлары бойынша талдау жүргізу;
- Аумақты белдеулеу;
- Қала құрылымын функционалды-жобалауды үлгілеу;
- Мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жүйелері шешімі;
- Көлік байланысы мен көгалдандыру жүйелерінің шешімі;
- Құрылыстың көлемдік-кеңістіктік композициясын үлгілеу;
- Қаланың бас жоспарын әзірлеу;
- Ұқсастықтарды жүйелеу мен таңдау;
- Жобаны графикалық рәсімдеу.
Бағалау нәтижесі.
- Ландшафт-қала құрылысы факторлары есебімен қаланың функционалды-жобалауды ұйымдастыру;
- Көлік қозғалысы, көгалдандыру, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жүйелерін ұйымдастыру;
- Қала құрылысының көлемдік-кеңістік шешімі;
- Жобаны тапсырудың графикалық деңгейі.
Жоба құрамы:
1) Елді мекендер жүйесіндегі қала қонысын орналастыру үлгісі;
2) Қала құрылысы аумағын факторлар бойынша талдау үлгісі;
3) Бас жоспар М 1:5000 (1:10000);
4) Аумақты функционалды белдеулеу үлгісі;
5) Көлік қозғалысы мен көгалдандыруды ұйымдастыру үлгісі;
6) Мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жүйелерін ұйымдастыру үлгісі;
7) Техникалық-экономикалық көрсеткіштер;
8) Макет М 1:5000 (1:10000).
Жобаны компьютермен немесе «қол» графикасымен 100х100см 2 тақтайшада орындайды.
4.8 Тапсырма-10. «Көп қабатты тұрғын үй-кешені» (4 курс, 7 тоқсан)
Кіріспе дәріс.
Көп қабатты тұрғын құрылыс типтері. Қала құрылымын орналастыру. «Ашық» және «жабық» қызмет көрсету жүйесі. Функционалды-жобалау шешімі. Көп қабатты үй-кешендерін жобалауда санитарлы-гигиениялық және өртке қорсы талаптар. Үй тұрғызудың блок-секционды әдісі. Жазықтық және тік коммуникация шешімінің ерекшелігі. Тұрғын квартира типтері. -қаңқалы, Құймалы, бойлық, көлденең жүк көтеретін құрылымдардың конструктивті жүйе түрлері. Сейсмикасыгн көтеру жағдайында конструктивті шешімі. Нысанның техникалық-экономикалық көрсеткіштері.
Курстық жоба тақырыптары тізімі: қызмет көрсетуімен көп қабатты үй; қонақ үй (мотель); пансионат; құрылысын қайта жаңғырту жағдайындағы тұрғын кешені.
Негізгі тапсырмалар:
- Нақты қала құрылысы жағдайы есебінен нысанның көлемдік-кеңістіктік шешімі;
- Мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету және тұрғын квартира жүйелерінің әлеуметтік-функционалды бағдарламасы;
- Нысанның тұрғын және қоғамдық белдеуінің функционалды-жобалау шешімі;
- Тұрғын және қоғамдық байланыстарының технологиялық байланыс шешімі;
- Нысанның типологиялық келбетін ашу;
- Нысанның конструктивті шешіміін таңдау;
- Нормативті талаптарға сәйкес жобаны графикалық рәсімдеу.
Бағалау нәтижесі.
- Нысанның функционалды-жобалау шешімі;
- Нысанның сәулеттік-көркемдік келбеті;
- Нысанның конструктивті шешімі;
- Нысанның типологиялық келбеті;
- Жоба тапсырудың графикалық деңгейі.
Жоба құрамы:
1) Жағдайлық үлгісі;
2) Бас жоспар М 1:500;
3) Қызмет көрсету нысандарымен 1-ші қабат жоспары М 1:200;
4) Типтік және жертөле қабатының жоспары (подвалды) М 1:200;
5) Квартира типтері жоспары М 1:100;
6) Қас беті М 1:100 (1:200);
7) Қима М 1: 100 (1:200);
8) Нысанның келешегі (аксонометрия немесе макет);
9) Техникалық-экономикалық көрсеткіштері.
Жобаның демонстрациялық графикалық бөлімін 100х100см. тақтайшада (1,2,3,4,8 тармақшасы бойынша ) және А-3 форматында альбоммен МСТ 21.501-93 бойынша орындайды.
4.9 Тапсырма-10/1. (Мамандануы – «Қала құрылысы») «Қалалық баспананы жобалау білімі» (4 курс, 7 тоқсан)
Кіріспе дәріс.
Қаланың мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жүйесі. Қаланың аудандарын жобалау. Тіршілік қалыптастыруға қала құрылысы мен ландшафты факторлар әсері. Тұрғындар саны, негізгі функционалды белдеуі, белдеулеу, көлік-жаяу жүргінші қозғлысын ұйымдастыру, көгалдандыру, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету нысандарын орналастыру. Аумақты функционалды-жобалауды ұйымдастыру. Қоғамдық орталықты орналастыруды тәсілдері. «Сиқырлау» әдісі. Қызмет көрсетудің «ашық» және «жабық» жүйесі. Құрылыстың көлемдік-кеңістік шешімі. Периферлі, орталық, акценттердің күрделі тұрғызу- құрылыс композициясының құрылымын ашуды тәсілдері. Акценттер композициялық түрлері. Нысанның техникалық-экономикалық көрсеткіштері.
Курстық жоба тақырыптары тізімі: қаланы жоспарлу ауданы; 40-60 мың тұрғыны бар аудан (орталықтанған, орталық, периферлі); мөлтек аудан, тұрғын топ; жоспарланған тұрғын кешені.
Негізгі тапсырмалар:
- Ландшафты-қала құрылысы факторлар есебінен компазициясын жоспарлау шешімі;
- Аумақты функционалды-жоспарлауды ұйымдастыру;
- Көлік-жаяу жүргінші байланысы, қызмет көрсету жүйелері, көгалдандыру шешімі;
- Құрылыстың көлемдік-кеңістік шеешімі;
- Жобаны графикалық рәсімдеу.
Бағалау нәтижесі:
- Ландшафты-қала құрылысы факторлар есебінен ауданның құрылымын функционалды- жоспарлау шешімі;
- Көлік-жаяу жүргінші қозғалысы, көгалдандыру және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жүйелерін ұйымдастыру;
- Жоспарлау құрылымының композициялық шешімі;
- Құрылысты көлемдік-кеңістік шешімі;
- Жобаны тапсырудың графикалық деңгейі.
Жоба құрамы:
1) Қала құрылымындағы ауданды орналастыру үлгісі;
2) Бас жоспар М 1:2000 (1:1000);
3) Аумақты функционалды белдеулеу үлгісі;
4) Көлік-жаяу жүргінші қозғалысы мен көгалдандыруды ұйымдастыру үлгісі;
5) Мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жүйелерін ұйымдастыру үлгісі;
6) Техникалық –экономикалық көрсеткіштері;
7) Макет М 1:2000 (1:1000).
Жобаны компьютермен немесе «қол» графикасымен 100х100см 2 тақтайшада орындайды.
5 АРНАУЛЫ ДАЙЫНДЫҚ
5.1 «Орталық-функционалды» кезеңі жаңадан жобаланатын сондай-ақ қайта құрылатын көп салалы күрделі құрылымды нысандардың функионалды-жоспарлау және көлемдік-кеңістік шешімі қағидаттарын меңгеруді дайындау бағытының деңгейі. Осы кезеңнің ерекшелігі нақты тұрған үймерет немесе қала құрылысы жүйесінің элементтерін әзірлеуде қызмет атқаратын нысандар болып табылады. Тұрғын, қоғамдық және өндірістік үймереттер мен ғимараттар, қала құрылысы, ауылдық елді мекендерді жоспарлау, сәулет өнерінің ескерткіштерін қайта құру мен қалпына келтіру, сәулеттік ландшафты, сәулет өнерінің теориясы профилі бойынша аумақтық тұтынуға байланысты мамандану түйінделеді. Төртінші және бесінші курстарда жүргізіледі (8,9,10 тоқсандар). Студенттер өздігінен мәселені қалыптастырып, оның шешу жолдарын мен нақты жиынтық тәсілдерілар мен сәулеттік-жоспарлау ортасын (№11,12 тапсырмалар, диплом алдындағы, диплом жобасы) жетілдіру бойынша құралдардың нақты жағдайға байланысты. Нәтижесінде студенттер білуі тиіс:
-
Кеңістік-уақыт аспектісіндегі нысанды әлеуметтік-функционалды ұйымдастыруда жүйелі ықпал;
-
Көп салалы ортаны ұйымдастырудың құрылымдық ерекшелігі;
3. Қала ортасындағы күрделенген нысанды қайта құру қағидаттары.
Жасай алуы тиіс:
-
Жобаланатын нысандағы мәселені ашу;
-
Нысанның функционалды-жоспарлау мен көлемдік-кеңістікті ұйымдастыруға талапты қалыптастыру;
-
Кеңістіктің әлеуметтік-функционалды құрылымын үлгілеу;
-
Нысанның сәулетік-көркемдік өзіндік келбетіне ұсыныс жасау.
5.2 Тапсырма-11, тапсырма-11/1. (Мамандануы – «Қала құрылысы») «Қалалық көп салалы кеңістік (Қаланың қоғамдық орталығы) (4 курс, 8 тоқсан)
Кіріспе дәріс.
Қаланың мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жүйесі. Қаланың қоғамдық ортасы туралы түсінік, қоғамдық орталықтар типтері. Жоспарлау композиция түрлері. Қала құрылысы және табиғи-ландшафт факторлар рөлі. Функционалды белдеу негізі, белдеуді тәсілдері. Көлік-жаяу жүргінші қозғалысын ұйымдастыру. Қоғамдық орталықтар құрылысын көлемдік-кеңістіктік шешімі. Құрылыс ортасының кеңістігін масштабтау. Қоғамдық орталықты сәулеттік-жоспарлау құралдары мен тәсілдері.
Курстық жоба тақырыптар тізімі: тұрғын аудандағы қоғамдық орталық; жоспарланатын аудандағы қоғамдық орталық; мамандандырылған қоғамдық орталық; жалпы қалалық ортаның ядросы.
Негізгі тапсырмалар:
- Қала құрылысы жағдайын есепке ала отырып жоспарлау композициясын үлгілеу;
- Функционалды-жоспарлау шешімі;
- Көлік-жаяу жүргінші байланыс шешімі;
- Қоғамдық орталық қаңқасы ретінде-жаяу жүргінші белдеуі композициялық құрылымын үлгілеу;
- Нысанның типологиялық келбетін ашу;
- Құрылыстың көлемдік-кеңістіктік шешімі;
- Норматитвтік талаптарға сәйкес жобаны графикалық рәсімдеу.
Бағалау нәтижесі.
- Қала құрылысы жағдайы есебінен композициялық жоспарлау құрылымы шешімі;
- Қоғамдық орталықтың функционалды-жоспарлау шешімі;
- Қоғамдық орталық құрылысының көлемдік-кеңістік шешімі;
- Жобаны тапсырудың графикалық деңгейі.
Жоба құрамы:
1) Жағдайлық үлгісі
2) Бас жоспар М 1:500;
3) Функционалды белдеулеу үлгісі;
4) Көлік –жаяу жүргінші байланыс үлгісі;
5) Жайлы аумақтағы орналсақан нысанның 1-ші қабатының жоспары;
6) Қас беттің жайма қимасы;
7) Қоғамдық орталық құрылысының фрагмент ортасының келешегі;
8) Қоғамдық орталықтың макеті;
9) Қоғамдық орталық аумағының балансы.
Жобаны компьютермен немесе «қол» графикасымен 100х100см 2 тақтайшада орындайды.
5.3 Тапсырма-12. «Бірегей қоғамдық үймереті» (4 курс, 8 тоқсан)
Кіріспе дәріс.
Нысанның әлеуметтік рөлі мен оның қала құрылымында орналасуы. Нысанның функционалу ерекшелігі, олардың типтері мен жіктелуі. Жоспарлау талаптары, бөлмелердің ара байланысы мен құрамы. Нысандардың сәулеттік-жоспарлау композициясын тәсілдері. конструктивті шешім мен құрылыс материалдары. Нысанның функционалды-жоспарлау құрылымын шешудегі бағдары. Нысанның техникалық-экономикалық көрсеткіштері.
Курстық жоба тақырыптарының тізімі; концер залы; неке қию сарайы; цирк; мұражай.
Негізгі тапсырмалар:
- Нақты қала құрылысы жағдайын есептеумен нысанның көлемдік-кеңістіктік шешімі;
- Нысанның әлеуметтік-функционалды бағдарламасы;
- Нысанның функционалды-жоспарлау шешімі;
- Нысанның сәулеттік-көркемдік шешімі;
- Нысанның типологиялық келбетін ашу;
- Нысанның конструктивтік шешімін таңдау;
- Норматитвтік талаптарға сәйкес жобаны графикалық рәсімдеу.
Бағалау нәтижесі.
- Нысанның көлемдік-кеңістік шешімі;
- Нысанның функционалды-жоспарлау шешімі;
- Нысанның сәулеттік-көркемдік келбеті;
- Нысанның типологиялық келбетін ашу;
- Нысанның конструктивтік шешімін таңдау;
- Жобаны тапсырудың графикалық деңгейі.
Жоба құрамы:
1) Жағдайлық үлгісі
2) Бас жоспар М 1:500;
3) Қабат жоспары М 1:200;
4) Нысанның негізгі бөлмелеріндегі технологиялық қондырғылардың орналасу жоспары (үлгісі);
5) Қас беті М 1:100 (1:200);
6) Қимасы М 1: 100 (1:200);
7) Нысанның қондырғылы ортасы элементтерімен келешегі;
8) Нысанның техникалық-экономикалық көрсеткіштері;
9) Макеті.
Жобаны компьютермен немесе «қол» графикасымен 100х100см 2 тақтайшада орындайды.
5.4 Тапсырма-12/1. (Мамандануы – «Қала құрылысы») «Қала құрылысы түйінін жаңғырту» (4 курс, 8 тоқсан)
Кіріспе дәріс.
Жаңғырту нысандарға қойылатын талаптар. Қала орталығындағы тұрғын құрылысты жаңғырту мәселелері. жаңғырту іс-шаралар түрлері. Жаңғырту құрылыс құралдары мен сәулеттік-жоспарлы тәсілдері. Қаланың орталық ауданындағы аумақты қарқынды пайдалану. Қаланың орталығындағы көлік-жаяу жүргінші қозғалысын ұйымдастыру мәселелері. Құрылысты тығыздау және санациялау. Қалалардың тарихи аймағын жаңғырту мәселелері. Тарихи дамуды сабақтастыру. Үймеретті жаңғырту, «құпия жаңғырту», қалпына келтіру, реставрация, реваларизациялау, қорды сақтау, нысандарды мұрағаттау.
Курстық жоба тақырыптары тізімі: қала алаңдарын жаңғырту (көліктік, саудалық, кеңістік, әкімшілік және т.б.); көше құрылысы ансамблін жаңғырту; қаланың тарихи күрделі бөлігін жаңғырту; тұрғын құрылысты жаңғырту, моралдық немесе физикалық тозу.
Негізгі тапсырмалар:
- Қала құрылысы күйін талдаудың жобалау алдындағы факторлары;
- Нысан бойынша жаңғырту мәселесін қалыптастыру;
- Тірек күйінің жоспарын дайындау;
- Жаңғырту бойынша құралдар мен тәсілдер кешенін әзірлеу;
- Нысанды жаңғыртудың функционалды-жоспарлау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Аумақта тұрған қондырғылармен нысанды жаңғырту құрылысын көлемдік-кеңістіктік шешімі;
- Жаңғырту нысаны бойынша ұқсастықтар мен таңдауды жүйелеу;
- Жобаны графикалық рәсімдеу.
Бағалау нәтижесі:
- Жаңғыртатын нысан бойынша мәселені қалыптастыру;
- Нысанның функционалды-жоспарлау шешімі;
- Жаңғыртудың сәулеттік-жоспарлау тәсілдері;
- Нысанның сәулеттік-кеңістік шешімі;
- Жобаны тапсырудың графикалық деңгейі.
Жоба құрамы:
1) Жағдайлық үлгісі;
2) Жаңғыртатын нысанды талдаудың факторлық үлгісі;
3) Жағдайлық тірек жоспары (үлгісі) М 1:500;
4) Бас жоспар М 1:500;
5) Қас беттің жайма қимасы М 1:250;
6) Құрылыс бойынша қималары;
7) Нысанның құрылғы ортасы элементтерімен келешегі;
8) Техникалық-экономикалық көрсеткіштері;
9) Нысанның макеті (аксонометрия).
Жобаны компьютермен немесе «қол» графикасымен 100х100см 2 тақтайшада орындайды.
5.5 Диплом алдындағы жобалау
Арнаулы дайындық диплом алдындағы жобалаумен аяқталады (бесінші курс, 9 тоқсан). Диплом алдындағы жобасы студенттердің диплом жобасына өздік шығармашылық жұмыстарға дайындығымен өзінің мақсатын анықтайды.
Диплом алдындағы жұмыстар мақсаты – дипломдық жобалау тақырыбы бойынша жобалық концепция ұсыну мен бағдарламалар-тапсырмаларын қалыптастыру. Ғылыми-зерттеу және жобалау бөлімінен тұрады. Диплом алдындағы жоба үш үлгімен әзірленеді: композициялық жоба, дипломдық жоба бөлімі немесе ғылыми зерттеу.
Диплом алдындағы жобалау-зерттеу жұмысының негізгі тапсырмалары:
-
Дипломдық жоба тақырыбын бекіту;
-
Нысанның ұқсастықтарын жобалау және құрылыс тәжірибесін жүйелеу;
3. Нысанның орналасуы жағдайына диплом алдындағы факторы бойынша талдау жүргізу;
4. Диплом жобасы тақырыбы бойынша жобалық тұжырымдама әзірлеу;
5. Диплом жобасына бағдарлама-тапсырма әзірлеу. Жұмысын қорғау.
Жұмысты кеңесшінің әдістемелік басқаруымен өздігінен орындайды. Оны орындау үшін негізінде мамандану пәндер курсы аясында олардың ғылыми-зерттеу жұмысы мен студенттердің өндірістік іс-тәжірибе нәтижесі қажет болады. Дипломдық жоба тақырыптарын бекіту және мекемелер немесе ұйымдардан оны орындауға нақты ұсыныстар негізінде әзірленеді. Тақырып өзекті, тәжірибелік бағытта болуы тиіс. Нормативтік әдебиетпен танысу, типологиялық келбетінің сипаттамасы және құрылыс пен нысанның ұқсастығын жаңғыртуды жобалау бағытына себеп болатын, жобалау бойынша тәжірибесін жүйелейді. Бөлімді реферат түрінде тексті және графикада орындайды. Құрылымдық, көркемдік-келбетінің шешімі, трансформация варианттары, үлгілеу түрінде орындалалды.
Жобалау алдындағы жағдайды талдау және нысанды орналастыруды болжау мен мәселелерді қалыптастыру жүргізіледі. Осы мақсатта төмендегі кешенді факторлар бойынша талдау жүргізіледі:
- фото тізімдеу сипаттамасы ерекшелігімен орналасу орнына табиғи зерттеу, әлеуметтік зерттеу;
- тарихи-генетикалық талдау, нысанды дамыту мен сабақтастық бағыты;
- көліктік-коммуникациялық байланыстың жағдайын графкалық-аналитикалық зерттеу, функционалдық, табиғи-ландшафтылық, композициялық құрылым.
Дипломдық жоба тақырыбында нақты жағдайлар бойынша жобалау тұжырымдамасын әзірлеуде жоба-іздестіруді жобалауды түйіндейді. Нұсқалардың баламалы шешімін іздесіруді болжау, сәулеттік-жоспарлау тәсілдер мен жобалау құралдарын жүйелеу, нысанның құрылым үлгісін әзірлейді. Жобалық тұжырымдамасы типологиялық келбеті, нысанның функционалды-жоспарлау құрылымы мен көлемдік-кеңістіктік шешімі тақырыптары девизін қамтуы қажет.
Жұмысы бойынша негізгі қорытындыны үлгілеуде жинақталған және алдыңғы кезеңдердегі қорытындыларды жүйелеуге негізделеді.
Мәтіндер мен графикалық материалдарды, тірек мәліметтерді арнаулы папкаға түптеп рәсімдеп жүзеге асырады. Жұмысты комиссиямен қорғауға ұсынады. Теориялық және ғылыми-әдістемелік негізінде жобалау-зерттеу жұмыстары мамандану курсы, сандай-ақ «Әлеуметтік негіздер мен үймерет типологиясы», «Қоршаған ортаны қорғау», «Құрылыс физикасы», «Қала құрылысы теориясы», «Тұрғын және қоғамдық үймереттер» пәндерінен тұрады.
Диплом алдындағы жұмыстардың негізгі нәтижелері:
1) Жобалау тәжірибесі бойынша қысқаша шолу рефераты, құрылыс және нысанды жаңғырту ұқсастығы – 20-40 б.т. бет.;
2) Дипломдық жобалаудағы сәулеттік-жоспарлауды әзірлеуімен бірге дипломдық жоба тақырыбы негіздеме-рефераты - 10-15 б.т. бет.;
3) Дипломдық жоба тақырыбы бойынша жобалық тұжырымдама, графикалық бөлімі 1x1 м. тақтайшада және көлемдік-кеңістік үлгісі орындалады (макет, макеттер нұсқасы).
Диплом алдындағы жұмыстарды комиссияда қорғау нәтижесінде, бағасы мен дипломдық жоба тақырыптарын бекіту жүзеге асырылады.
5.6 Дипломдық жобалау
Дипломдық жобалау – дайындықты қорытындылаудың маңызды кезеңі, жалпы теориялық, техникалық және арнаулы оқытуды интегралдайды; жобалау бағдарламаларын өздігінен кәсіби орындауды меңгеруді бекітеді және көркемдік қабілетін арттырады. Дипломдық жобада автордың қабілеттілігі, оның жеке шығармашылығы, дербестігі мен шеберлігі көрсетіледі. Дипломдық жоба – ірі кешенді тақырып, шығармашылық кәсіби оқытудың маңызды қорытынды кезеңі, дипломдық жобаның аралас бөлімдері бойынша кеңесшілердің қатысуымен толық сәулетшінің әдістемелік жетекшілігінде жүргізіледі.
Жоба негіздемесінің ғылыми әдісіне қызығушылықты арттыруға байланысты және жобалардың ашылуына сәулет өнерінің заңдылығындағы концептуалды үлгілердің рөлін тану, аналитикалық ғылыми-зерттеу бөлімдерінің маңыздылығын көрсетеді. Дипломдық жұмыс пен дипломдық жобаның айырмашылығы сәулеттік мәселелер мен оның графикалық түсініктемені жеткілікті қандай бір теориялық зерттеулер құрайтын болады.
Дипломдық жоба – бұл ірі кешенді тақырып, ол үш бөлімнен тұрады: қала құрылысына тапсырма, нысанның көлемдік шешімі, құрылыс ғылымының арнаулы бөлімі мен түсініктеме хат. Рефераты дипломдық жобаға зерттеу бөліміне түсініктеме хаттан тұрады.
Аралас бөлімдерінің ұсынылған тізімінен, студент жетекшімен бірге нысан мен жобалау құралына толық сәйкес 4 бөлімін таңдап алады. Диплом жобасының тақырыптары келесі бағыттар бойынша түйінделеді:
- Дербес қала құрылысының тұрғызудың функционалды-кеңістік құрылымының жетістігі мен қалыптасуы: кент, қала, аудан, көше, алаң, қала түйіні, қоғамдық орталық және т.б.;
- Аумақ құрылымының ландшафтылық-рекреациялық жетістігі: парк, сквер, рекреациялық аймақтар, жағалау, су паркілері;
- Қоғамдық-жоспарлы және көлемдік-кеңістік құрылымдарының функционалды-жоспарлау мен көлемдік-кеңістік шешімі;
- Концептуалды бағыт, автор ойының философиялық-дүниетанымы. Сәулеттік-қала құрылыс бөлімі бойынша графикалық бөлігі, жобаланатын нысанға жоба алдындағы талдау, мәселелер мен жаба тапсырмалдарын үлгілеу, жобалантын нысанның сәулеттік-көркемдік шешімі болуы тиіс.
Дипломдық жоба бөлімдерінің графикалық құрамы:
1) Жағдайлық үлгісі;
2) Диплом алдындағы факторлар бойынша талдау үлгілері;
3) Тірек жоспары;
4) Нысанның әлеуметтік-функционалды бағдарламасы;
5) Нысанның функционалды-композициялық құрылым үлгісі;
6) Нысанның мәселесі мен құралдық-кеңістіктік ортадағы жетістігінің тапсырмалары;
7) Бас жоспар (жоспары);
8) Үлгі, түсініктеме бас жоспар (жоспары);
9) Ортаны ұйымдастырудың сәулеттік-жоспарлау құралдары мен тәсілдері;
10) Қондырғалар элементтерін әзірлеумен бірге жайлылық фрагменті;
11) Қас беті, профилдер, кескін жаймалар, қималар;
12) Қондырғылар элементтері (қас бет, қималар, жалпы түрі, конструктивтік түйіндер);
13) Жаңғырту кезеңдерінің үлгілері;
14) Нысандарды көлемдік-жоспарлаы жинақтау нұсқалары;
15) Колориттік шешім үлгілері;
16) Аксонометрия;
17) 3-4 адамға көрінетін нүктедегі «Ортадағы нысан» фрагменттерінің келешегі;
18) Демонстрациялық үлгі;
19) МСТ 21.501-93. «Сәулеттік-құрылыс жұмыстарының сызбасын орындау тәртібі» бойынша А-3 форматтағы альбомда («АР» бөлімі) орындалады. Қорғауға ұсынылады: А-3 форматтағы альбомында және тақтайшада көркемдеу-графикалық бөлімі, макеті, 30-40 б.т. бетті түсініктеме хат, 25-25 б.т. бетті дипломдық жоба тақырыбына негіздеме-реферат. Графикалық бөлімі 100х100см тақтайшада 6м.кв.-тан кем емес жалпы ауданда орындалады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Государственный Общеобразовательный Стандарт Образования Республики Казахстан (ГОСО РК 3.08.302-2006).
-
"Архитектурное обучение в Академии Архитектуры Роттердам и Московском архитектурном институте". Роттердам, 1995.
-
Бархин Б.Г. Методика архитектурного проектирования. - М.: Стройиздат, 1993.
-
Бархин Б.Г. Методика архитектурного проектирования. - М.: Стройиздат, 1982.
-
Программа дисциплины "Архитектурное проектирование" для высших учебных заведений по специальности 1201 -"Архитектура", - М., 1987.
-
Программа курса «Архитектурное проектирование» для высших учебных заведений по специальности 1201 – «Архитектура», - М.: 1977.
-
Программа курса "Комплексное архитектурное проектирование" для студентов 3-4 курсов по специализации "Градостроительство". Свердловск, 1990.
-
Тосунова М.И. «Курсовое и дипломное архитектурное проектирование».
- М.:1983.
-
Тосунова М.И., Гаврилова М.М., Полещук И.В. «Архитектурное проектирование». - М.:1988.
Достарыңызбен бөлісу: |