Маңғыстау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №14/114



Дата23.02.2016
өлшемі59 Kb.
#4859


13 мамыр 2014 жыл мемлекеттік тіркелім №2416

Маңғыстау аудандық мәслихатының

2013 жылғы 12 желтоқсандағы №14/114

«2014 - 2016 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы­­» шешіміне

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 16 cәуірдегі №16/246 «Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №13/188 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылы 4 мамырдағы №2410 болып тіркелген) сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Маңғыстау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №14/114 «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 10 қаңтардағы №2335 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 17 қаңтарда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

«2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

2014 - 2016 1) кірістер - 6 267 526,4 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 4 427 619,4 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 15 769,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша-11 211,0 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша –1 812 927,0 мың теңге;

2) шығындар – 6 304 833,7 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 45 876,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 55 560,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 9 684,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0

2

теңге, оның ішінде:



қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге.

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 83 183,3 мың теңге;

6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 83 183,3 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 55 560,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 9 684,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары- 37 307,3 мың теңге.»;

2 тармақта:

1) тармақшада:

«70,9» деген сандар «79,8» деген сандармен ауыстырылсын;

4) тармақшада:

«71» деген сандар «79,8» деген сандармен ауыстырылсын;

3 тармақта:

мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

«126 072 мың теңге – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік қызметкерлер болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлеріне 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап ерекше жағдайдағы еңбегі үшін лауазымдық жалақысына ай сайын 10 пайыз көлемінде қосымша төлеуге;

9 257 мың теңге - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге;

179 мың теңге - 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге;

145 мың теңге - мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар Жоспарын іске асыру үшін - жол белгілерін орнатуға.».

4 тармақта:

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«91 096 мың теңге - Шетпе селосынан «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 4 пәтерлік тұрғын үй құрылысын салуға.».

4-1 тармақта:

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«126 122 мың теңге - Жыңғылды селосынан көлік жолының құрылысын салуға.».

2.Осы шешімнің интернет-ресурста жариялануын және орындалысын бақылау Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасарына (А.Сарбалаев) жүктелсін.

3.Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.



Сессия төрағасы Аудандық Мәслихат хатшысы
С.Төребаев Т.Қылаңов

3

«КЕЛІСІЛДІ»



«Маңғыстау аудандық экономика

және қаржы бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің басшысы

Шабикова Рима Нерражимқызы

____________________

«___»_____2014ж.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет