Пәндік жетекшісі: Жұпарбаев Тұрсынбек Ғылыми жетекшісі: Қосанов Самалбек Оразбайұлы



Дата17.06.2016
өлшемі67.68 Kb.
#142227
Ғылыми жоба

Тақырыбы: Құмды шөлдің қорғаны – Сексеуіл.

Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылы

Б. Аралбаев атындағы орта мектебі

Орындаған: 10 сынып оқушысы Шерімбет Бақытнұр

Пәндік жетекшісі: Жұпарбаев Тұрсынбек

Ғылыми жетекшісі: Қосанов Самалбек Оразбайұлы

ҚМУ –нің география ғылымдарының кандидаты

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Сүттіқұдық ауылы



І) кіріспе

ІІ) Негізгі бөлім

А) Сексеуіл өсімдігіне сипаттама

Ә). Мүшелер құрылысына сипаттама:

Б) Сексеуілдің түрлері

В). Сексеуіл өсімдігінің энтомологиялық жаулары.

Г) Сексеуіл өсімдігінің маммалогиялық жаулары

Д) Сексеуіл өсімдігінің антропогендік жаулары

Е) Сексеуілдің қоршаған ортаға тигізетін пайдасы


ІІІ Қорытынды Қорғау шаралары

Кіріспе

Сексеуіл – қасиетті ағаш. Ілгеріде ата – бабаларымыз сексеуілдің бірер бұтағын немесе томарын үйдің үстіне шығарып қоятын еді. Үлкендердің сөзіне қарағанда бұл ырым «Жамандықтан сақтайды, найзағай ұрмайды» деген сенімдікті беретін көрінеді.

Алайда шөл даланың көркіне айналған, елді мекендерді құм көшкінінен қорғайтын сексеуілге жанашырлық жасау, адамдар санасынан кемшілік көруде.

Шөл дала көркі болып саналатын Сексеуілге биология тарапынан зерттеу жүргізетін болсақ, мынадай нәтижені көруге болады.

Негізгі бөлім

А) Сексеуіл өсімдігіне сипаттама

. Сексеуіл – бұта немесе кішкене ағаш түріндегі алабота тұқымдас өсімдіктердің бір туысы. Биіктігі 12 метрге дейін жетеді. Сексеуілдің «галаксилон» деген грекше аты «тұзды ағаш» деген мағына береді. Бұл атау сексеуілдің тұзға төзімділігіне байланысты шыққан.

Сексеуіл көпжылдық бұта тектес өсімдіктер қатарына жатқызылады.

Ә). Мүшелер құрылысына сипаттама:


  1. Тамыры: Тамыр жүйесі өте күшті дамыған. Жанама тамырлары топыраққа 10 – 11 метрге дейін таралған.

  2. Сабағы: Сабағы мен бұтағы бунақты, бұлардың діңі қисық, мықты, морт болып келеді. Бұжыр-бұжыр сабақ діңінің сүрегі ауыр, суға батып кетеді.

  3. Гүлі: Сексеуілдің гүлі ұсақ, қосжынысты, бірүйлі, қабыршақ тәрізді гүл жапырақтың қолтығында 4-тен орналасады.

Гүлсеріктің күлте жапырақшалары бесеу, аталығыда бесеу болады. Аналығы – біреу.

  1. Жапырағы: ұсақ қабыршақ тәрізді.

  2. Гүлдеу мерзімі: Сәуір, мамыр айларында гүлдейді.

  3. Жемісі: - қанатты жаңғақша.

  4. Жемістің пісіп жетілу мерзімі. Қыркүйек, қазан айларында пісіп жетіліп, қараша айларында жерге төгіледі.

  5. Көбеюі: Тұқымынан көбейеді.

  6. Өсуі: Сексеуіл жас өркендерінен, өсіп жетіледі.

Б) Сексеуілдің түрлері
Қазақстандағы орман қорының жартысына жуығын сексеуілді тоғай алып жатыр. Оның көлемі 5 млн шаршы метр деп есептеледі. Қазақстанда сексеуілдің 3 түрі өседі. Олар мыналар:

  1. Ақ сексеуіл

  2. Қара сексеуіл

  3. Зайсан сексеуіл

Сексеуіл туысы көбіне Маңғышлақ, Ақтау, Қызылорда облыстарының құм далаларында, Жамбыл облысының Шу аудандарында, Алматы облысының Балқаш ауданының жерлерінде, Балқаш, Зайсан көлдерінің айналасында кездеседі.

Енді сексеуілдің Қазақстанда кездесетін түрлеріне тоқталайық.

Ақ сексеуіл (Саксаул белый). Биіктігі 6 метрге жететін бұта немесе ағаш тектес өсімдік. Діңінің диаметрі 10-20 см-ге жетеді. Қабығы жылтыр. Діңіндегі қыртысының түсі сұрғылт, сары болып келеді. Дихотомиялы бұтақтанып кеткен морт және буындаған жас өркендері күзде қатаяды да, түсіп қалады. Ұзындығы 2 миллиметрдей ғана қабыршақ немесе ине тәріздес ұсақ жапырақтары сұрғылт жасылдау бұтақшаларға қарама-қарсы орналасады. Қос жынысты, гүлдері қысқарған өркенге шығады.


Кездесетін жері: Ақ сексеуіл Арал теңізінің, Алакөл және Балқаш көлінің Сырдария, Іле өзендерінің жағалауларында, Бетпақдалада, Қызылқұмда және Мойынқұмда, құмды шөлдерде, көшпелі құмдарда өседі. Қара сексеуілге қарағанда ол құм басуға, құрғақшылыққа төзімді, бірақ тұзға аса шыдамды емес, сондықтан ойпат жерлерде аз кездеседі. Қатты және үгітілгіш ағашы отқа жақсы жанады. Шөлді аудандарда егістің айналасына, ауыл шетіне құмнан қорғану үшін өсіруге болады.

2. Қара сексеуіл (Саксаул черный).

Биіктігі 10-12 метрге жететін бұта немесе ағаш тектес өсімдік. Сұрғылт қоңыр түсті діңінің диаметрі 35 см.
Оның ұшында жоғары қарай тік өскен әжептеуір шырынды жас бұтақтары бар. Жетілмеген жапырақтары сүйел тәрізді. Жер асты суы жақын бекіген тығыз құмы бар. Жазық алқаптағы ойпаттарда жақсы жетіліп, онда көбіне тығыз тоғай құра алады. Әсіресе, республиканың құмды, сорлы және тақыр жерлерінде өседі.
Таралу аймағы: Қара сексеуіл Үстіртте, Арал теңізі, сырдария, Шу, Іле өзендерінің жағасында, Бетпақдала мен Қызылқұмда тараған.
Республиканың солтүстігінде және таулы аудандарда кездеспейді. Топырақтың тұздылығына төзімді. Тұқымдары және түбірінен шыққан сидам шыбықтары арқылы көбейе алады. Өте мықты қатты ағаштары сұрғылт қоңыр түсті. Ағашының көлденеңінен сынуы өте қиын, оның есесіне ұзынынан жақсы қақырап сынады.
Отын үшін пайдаланылады. Бұтақтары ерекше болғандықтан одан әр түрлі бейнелер жасауға болады.
Шөлді аудандардағы ауылдарды құм басудан сақтау үшін өсіруге болады.
3. Зайсан сексеуілі (Саксаул зайсанский) немесе бұта сексеуіл.

Биіктігі 4,5 метрге жететін бұта тектес өсімдік. Кәрі діңінің түсі ашық қоңыр, жас бұтақтары ақ сұр түсті, Редукцияға ұшыраған жапырақтарының пішіні сүйел немесе үш бұрышты төмпешік тәрізді. Олар бұтақта қарама – қарсы орналасады.

Таралу аймағы: Қазақстанда Зайсан көлінің жағасы мен Алматы облысындағы Торайғыр тауының құмды және тасты топырақтарында өседі. Жергілікті жерде отынға пайдаланылады. Сексеуілдің бұл түрі республикада өте аз жерде өседі, сондықтан оның табиғи тоғайын қорғап өсіруді кеңейту қажет.
В). Сексеуіл өсімдігінің энтомологиялық жаулары.
Биология ғылымында «энтомология» сөзі бұнақдене деген мағына береді.

Сондықтан Сексеуілдің ең бірінші жауы Сүген қоңызы (жук-усач) болып табылады. Оның личинкалары температура көп өзгермейтін сексеуіл тамырмойнының айналасын бұрандалап тесіп кіріп алады да жыл сайын көбейе береді. Олың тескен «туннельдеріне» шөл саңырауқұлағы-перия орны теуіп, ағашты жей береді. Біртіндеп сексеуілдің ара да балта да сындыра алмайтын темірдей ағашы борпылдап жұмсарады. Енді күшті жел соққан кезде әлі де көп жыл жасауға шамасы бар сексеуіл ағашы құлап қалады

Г) Сексеуіл өсімдігінің маммалогиялық жаулары

Сексеуіл өсімдігінің маммалогиялық жауларына жер асты құм тышқандары жатады. Құм тышқандары жер астында сексеуілдің тамырын түк қалдырмай жеп қояды . Құм тышқан жерасты жұмысымен қанағаттанып қана қоймай сексеуілдің гүлі мен жемісін де жеп қояды : Жемісі жер бетінен 2-3 метр биік орналасқанына қарамастан тышқан оған өрмелеп шығып, бұтағын бағбандарша кесіп түсіреді . Кейде бір жылдық жемісті түгелдей құртып жібереді. Құм тышқандар суы мол шырынды жас бұтақтарды да қиып түсіреді де, сусынын қандырады . Кесілген бұтақтың орнына бұрынғыдан да шырынды бұтақ өседі, тышқан оны да кесіп сусындайды. Осылай көп қайталанған соң ақыры сексеуілдің күші таусылады да кеуіп қалады.

Д) Сексеуіл өсімдігінің антропогендік жаулары
Ал сексеуілдің үшінші антропогендік жауларына адамдар жатқызылады екен.

Сексеуілді отап, құртып жоюдан арыға аса алмайтын пенделер арамызда аз емес көрінеді . Нақты кезеңде Жаңақорған ауданында 549000 гектар аймақта тоғайлы сексеуілді алқап бар Әрине бұның өзі аз көрінеді



Жаппай жаңа шаруашылықтар ашыла бастаған 1964 жылдан бастап 2001 жыл аралығында осы өңірдің өзінде 11 мың гектар жердің сексеуілі құртылған деген қорытынды келтірілген : Құртылуының себебі сол кезеңдерде құрылыстар салу мал қораларымен ыстауларды орналастыру кезінде табтғатпен санасқан ешкім болмағаны көрініп тұр . Бүгінгі таңға дейін сексеуілдің орны үңірейіп тұрса да, сексеуілді ұрлап сататын қарақшылар азаймаса күннен күнге көбею үстінде
Е) Сексеуілдің қоршаған ортаға тигізетін пайдасы


  1. Құмды шөлдің қорғаны болып табылады Олай дейтініміз құмды бекітіп ұстап тұрады

  2. Сексеуілдің жас өскіндері түйеге, қойға жақсы азық . Оның себебі жас бұтақ жапырақтың қызметін атқаратын болғандықтан құрамында малға қажетті барлық органикалық заттар болады. Және көп суы бар. Бұл малға бір жағынан азық болса,, екіншіден сусын.

  3. Сексеуіл шөлдің тірі қазба байлығы болып табылады. Оның себебі Отқа жаққандағы қызуы жағынан нағыз қазба байлық тас көмірден кем түспейді . Сондықтан да Қазақстан мен Орта Азия халықтары сексеуілді мақтанышпен жасыл көмір деп те атайды Сексеуіл ағашынан сапалы көмір дайындайды

  4. Сексеуіл күлінен сақар ( тыңайтқыш) өндіріледі

Қорғау шаралары

  1. Сексеуілді ұрлап сататын қарақшыларға тиым салу

  2. Әлі жас өскін сексеуілден 4 түлік малдарды алшақ жаю

  3. Шөлді жерге әр гектарға қалып бойынша 5 келіден сексеуіл ұрығын себу

  4. Сексеуілді сындырып бүлдірушілерге орман қорғау мемлекеттік мекемесі бекіткен штраф ( айып пұл) салу

  5. Орман қорғау мекемесі жұмысшыларына құм ішінде еркін жүре алатын көліктер( мотоцйкл) бөлу


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет