СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР:
Ауру балада өкпе ісігі. Осы науқасқа оттегін қолданудың ерекшелігі қандай? Манипуляция техникасын айтып беріңіз.
Бөлімшеде оттегі берудің орталығы жоқ, ал науқасқа тез арада оксигенотерапия жүргізу қажет. Оттегімен әлі толтырылмаған оттегі жастығы ғана бар. Мейірбике жастықты қалай толтырады және оны науқасқа қалай дұрыс беруі қажет? Жастықтан оттегіні берудің жылдамдығы қандай?
Жаңа туылған сәбиде пульс жиілігі минутына 54. Жүрекке жанама массаж жасауға бол ма? Жауабын түсіндіріңіз.
3 сабақ
1.Тақырыбы:Механикалық асфиксия, суға кету, электржарақаты кезіндегі реанимация және интенсивті терапияның негізгі қағидалары:
2. Мақсаты: Критикалық жағдайлардағы: механикалық асфиксия, суға кету, электржарақаты кезіндегі мейірбикелік процесті ұйымдастыру және іске асыру бойынша білімі мен іскерлігін қалыптастыру.
3.Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиіс:
механикалық асфиксия түсінігінің анықтамасы, оның туу себептерін;
асфиксияның клиникалық көрінісі және диагностикасын;
есін білетін және есін жоғалтқан зардап шеккенге асфиксия кезінде жедел шұғыл көмек көрсету әдістерін;
коникотомия көрсеткіштері және берілген манипуляцияны орындау техникасын;
шынайы, құрғақ және синкопалы (талма) суға кетудің ерекшеліктерін;
суға кету кезіндегі жедел шұғыл көмек көрсетудің алгоритмін;
токтың сипатына байланысты ағза функцияларының бұзылу ерекшеліктерін;
электр жарақаты кезіндегі интенсивті терапия және өту ерекшеліктерін.
Студент істеу алуы тиіс:
Достарыңызбен бөлісу: |