3.Шырынды қайнатып қоюландыру.
Шырындағы суды шығару үнемі екіт ретте жүргізіледі: бушықтырушы аппараттарда және вакуум – аппараттарда.
Бушықтырушы аппараттарда судың көп бөлшері шығарылады, өңделуші қызылша салмағының 90—95% шамасында. Бұл өндірушілігі орташа зауыттар үшін 125т/сағ. Қант зауыттарында бушықтыру процесін жүргізу үшін көп корпусты бушықтырушы аппараттар қолданылады. Ондағы бірінші корпуска келген бу келесі корпустарға бірнеше рет қолданылады. Осының көмегімен шырындағы суды шығаруға кететін будың шығыны жалпы қызылша салмағына 40-50% құрайды.
Бушықтырушы аппараттарда екінші айналымдағы шырын 14-15% -дан 65-70% аралығындағы құрғақ заттарға дейін концентрленедіде сиропқа айналады. Содан кейін сироп вакуум – аппараттарда 15-20% су шыққанға дейін бушықтырыладыда одан қант кристалдары мен жасыл патока деп аталатын кристалларалық сұйық пайда болады.
Құрамында 92,5—93,5% дейін құрғақ заттар болатын кристалл мен патока езбесін I-ші утфель деп атайды. Утфельді қайнату 16кПа қысымда вакуум- аппараттарда жүргізеді. Жоғары мсападағы құмшекерді алу үшін үш утфельдік схема қолданылады. I – ші утфельдік кристалдандыруда кристаллдың мөлшері 55%, II- ші утфельде кристалл мөлшері 42-45% - дан аспауы керек , ал III- ші утфельде – 40-45%. Мұндай қою кристалдық массаны бушықтыру аппарадында жүргізу мүмкін емес, себебі құбырлар мен арматуралар қанттанып қатып қалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |