9. Дәріс Қант өндірудің жалпы технологиясы
Дәрістің жоспары (1 сағат).
Қызылшаны заводқа жеткізу.
Қызылша жоңқасын алу.
Диффузионды шырынды алу.
Шырынды қайнатып қоюландыру.
Қантқызылшасының қалдығын өндірісте қолдану
Әдебиет: 1,2,3,4,10,13,15,16,18,21,22
Кілт сөздер: диффузионды шырын.
1. Қызылшаны заводқа жеткізу.
Егістіктен жиналған қызылша теміржол көліктері немесе автокөліктер арқылы зауытқа жеткізіледі. Кагаттардағы қызылшаны сол кагаттың астында орналасқан гидравликалық трансортер арқылы басты транспортерге жіберіледі. Кагаттардың астында транспортер болмаған жағдайда қызылшаны күректері бар бульдезер, тракторлардың көмегімен басты транспортерге салады, ол қызылшалар судың көмегімен зуытқа бағытталады.
Қызылшаны дұрыс тасымалдау үшін тронспортер еңгейтілген қалыпта болуы керек(1м – ге 15мм). Қызылша мен судың мөлшері 1 : 7 қарым-қатынасты болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |