Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus)



бет2/7
Дата11.06.2016
өлшемі1.35 Mb.
#128292
1   2   3   4   5   6   7

3) Сыртқы экономикалық қызмет мақсаттарына жету және реттеу мәселелерін шешу үшін қазіргі мемлекеттердің қолында әртүрлі әдістер мен едәуір мүмкіңдіктер бар. Өзінің мазмұны бойынша Сыртқы экономикалық қатынастарды мемлекеттік реттеу әдістері мемлекеттік органдар мен институттар ұлттық мүдделерге сай қолданатын құралдар мен тәсілдер жиынтығынан тұрады. Мемлекеттің реттегіш және нұсқаулық әсері заңдарды және басқа да мемлекеттік актілерді қабылдау, үкіметтің қаулылары мен шешімдері арқылы жүзеге асады.

Үкімет реттейтін басты объект ретіндегі халықаралық саудаға қатысты кедендік тариф, салықтар, шектеу шарттары, мемлекетаралық келісімдер мен үнқатысулар, экспорт пен импортты ынталандыру бойынша шаралар сияқты құралдар мен амалдар қолданылады. Тарихтан үкіметтің Сыртқы экономикалық саясатының негізгі екі бағыты белгілі. Олар: протекционизм, яғни қамқорлық және фритрейдерлік еркін сауда болып табылады.

Протекционизм саясаты отандық өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын ішкі рыноктағы шетелдік бәсекеден қорғауға бағытталған. Протекционизм үшін жоғары кедендік тарифтер, импортты шектеу, отандық рынокқа шетелдік компаниялардың кірігуін бәсеңсіту, өзіміздің тауар өндірушілер үшін шетелдік бәсекені жұмсарту әрекеттері тән.

Фритрейдерлік - бұл еркін сауда саясаты. Бұл жағдайда кедендік органдар тек қана тіркеу функцияларын атқарады да, экспорттық немесе импорттық баждар алынбайды, сыртқы сауда айналымына қандай да болмасын шектеулер қойылмайды. Еркін сауда қағидасы XIX ғасырдағы Англияның ресми экономикалық саясаты болды және оның негізін Д. Рикардоның салыстырмалы шығыңдар теориясы құрады. Мұндай саясатты тиімділігі жоғары ұлттық экономикасы бар елдер ғана жүргізе алады. Тиімді отандық экономика ғана шетелдік бәсекеге төтеп бере алады және әлемдік рынокқа белсеңді түрде кірігеді.

Нақты тәжірибеде Сыртқы экономикалық қызметті реттеуде мемлекет екі бағытты үйлестіре қолданып, қай-қайсысына басымдықты ел экономикасы жағдайына сәйкес, оның бәсекелік мүмкіндіктерін ескере отырып, ішкі және сыртқы рыноктардағы бағалар арақатынасын сараптау негізінде береді.

Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу үдерісінде мемлекеттер реттеудің формалды, кейбір жағдайларда формалды емес институттарына сүйенеді. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің құқықтық институттары ретінде мемлекет халықаралық және елішілік ережелерді, үнқатысуларды, нормаларды, кодекстерді, заңдарды және басқа да құқықтық актілерді пайдаланады.

Меншік институттар қызметін мемлекет мүлікті сату, сатып алу үдерісінің басқа мемлекеттермен байланыс кезінде ұлттық байлық элементтерін шетелдіктерге жалға, концессияға бергенде немесе шетелдік мүлікті жалға, лизингке, құрал-жабдықтардың төлемін төлеу мерзімін ұзартып сатып алу алғанда пайдаланады.

Мемлекет басқа елдермен экономикалық қатынастарда халықаралық және ұлттық банктер, ақша және бағалы қағаздар рыногы, әлемдік бағалар сияқты қаржылық және қаржы-кредиттік институттарды пайдаланады.

Сыртқы экономикалық қатынастарды мемлекеттік реттеуде келісімдер, сауда келісімшарттары түріндегі үнқатысулардың мол жиынтығы едәуір рөл аткарады. Сыртқы экономикалық қызметін реттеу құралдары кешені де бірқатар. Олардың ішінде бірінші кезекте мемлекет енгізетін тарифтік және бейтарифтік шектеулерді атау қажет.

Кедендік тариф - елге әкелінетін және елден әкетілетін кейбір тауарларға үкімет салатын баждар тізімі. Кедендік тарифтер арқылы мемлекет тауарлардың әкелінуі мен әкетілуін оңайлатып немесе қиындатып экспорт пен импортқа әсер етеді.

Кедендік баждар - мемлекет шекарасы арқылы тауарларды, мүліктерді, құндылықтарды өткізгені үшін алынатын салықтар. Алыну объектісі бойынша экспорттық, импорттық және транзиттік ел аумағы арқылы тасымал баждарды ажыратады. Алу әдісі бойынша олар адвалорлық тауар бағасынан, арнайы салмағынан, көлемінен, тауар санынан және аралас болып бөлінеді.

Баждар тауар бағасын арттырады, сөйтіп тауар жеткізілетін рыноктағы оның бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Егер мемлекет басқа елдің тауары бәсекелік күресте отандық ұқсас тауарды тықсырмасын десе ондай тауарды елге әкелу баждарын жоғарылатады. Бұл жағдайда баждар ішкі рынокты импорттық тауарлардан қорғаушы сипатында болады. Баждар табыс алу мақсатымен де енгізілуі мүмкін. Фискальдық баждар табыс алу арқылы бюджетті толықтыру үшін әрекет етеді.

Сандық немесе бейтарифтік деп аталатын шектеулер мемлекет тағайындайтын әкелуге немесе әкетуге рұқсат берілген тауарлардың саны мен номенклатурасыи, атаулар тізімін анықтайтын тікелей әкімшілік нормалар болып табылады. Тауарлардың түрлері мен санынан басқа кейбір жағдайларда бұл тауарлар әкелінетін елдердің де шеңберін тарылтады. Сандық шектеулер сауда дисбалансын болдырмау немесе басқа елдердің дискриминациялық әрекетіне жауап шаралар ретінде де қолданылады. Сандық шектеулер түрлеріне контингенттеу және квоталау жатады. Контингенттеу - экспорт пен импортты белгілі бір көлемде немесе сомада, контингентте қабылданған уақыт мерзіміне шектеуді білдіреді. Квоталау - бұл тауарлардың белгілі бір атауларының экспорты немесе импортының санын, яғни квотасын шектеу.

Лицензиялау жолымен мемлекеттік билік лицензиясыз еркін әкелу мен әкетуге тыйым салады. Лицензия тауардың белгілі бір санына беріледі және ол лицензияда көрсетілген кезең ішінде ғана жарамды. Әдетте, экспорт пен импортқа лицензиялар кәсіпорындарға, фирмаларға арнайы өкілеттігі бар мемлекеттік органдармен беріледі.

Тауарларды басқа елдердің рыноктарында ішкі рынокпен салыстырғанда төмендеу бағаға сату демпинг деп аталады. Мұндай жағдайда тауарлар көбінесе өндіріс шығындарынан төмен бағаға өткізіледі. Демпингті пайдалану арқылы экспорттаушылар рынокқа еніп, сатылым көлемін көбейтіп, бәсекелестерді рыноктан ығыстыруға тырысады. Бұл құбылыспен күресу үшін көптеген елдерде антидемпингтік заңнамалар талдап жасалған. Демпингтік бағалар жағдайында импорттаушы ел нақты тауарға әдеттегі баждан бөлек антидемпингтік салық салу арқылы бағалар айырмашылығын азайтады немесе жояды.

Тақырып 3 Қазақстан Республикасында сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру

Жоспар


  1. Сыртқы экономикалық қызметтің мемлекеттік басқару құрылымы

  2. Сыртқы экономикалық қызметті дамытуда мемлекеттік басқару органдары және олардың рөлі

  3. Нарық экономикасы бар елдерде сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру




  1. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу келесі міндеттерді шешуге көмектеседі:

1 импорт арқылы елде жетіспейтін тауарлар мен қызмет көрсетулерді алу;

2 сыртқы рыноктарды экспортталатын тауарлар мен қызмет түрлерін сату үшін пайдалану;

3 әлемдік интеграциялық экономикалық үдерістерге катысу;

4 ғылыми-техникалық және ынтымақтастықты дамыту;

5 әлемдік озық тәжірибені үйрену;

6 шетелдік кредиттер, инвестицияларды пайдалану;

7 елдің төлем балансын ұстап тұру.

Қазақстан Республикасында 1995 жылы қабылданған «Сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу туралы» Заң мемлекеттің бұл саладағы реттеуші міндеттерін анықтап берді:

- сыртқы сауда байланыстарының концепциясы, яғни тұжырымдамасы мен стратегиясын қалыптастыруда елдің сыртқы сауда саясаты принциптеріне сәйкес құру;

- мемлекеттің оның субъектілерінің экономикалық егемендігі мен мүдделерін қорғау, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

- сыртқы сауда қызметін құрайтын үдерістер жиынтығын реттеу;

- экспортталатын және импортталатын тауарларды сертификациялау, қауіпсіздік және зиянсыздық критерийлерін орнықтыру;

- қару-жарақты, қауіпті материалдар мен заттарды, қымбат бағалы металдар мен тастарды әкелу мен әкетудің тәртібін анықтау;

- елдің төлем балансын талдап жасау;

- шетелдік мемлекеттерге мемлекеттік кредиттер беру және экономикалық көмек көрсету;

- шетелдік кредиттерді тарту;

- мемлекеттің сыртқы қарызын басқару;

- Сыртқы экономикалық келісімдер жасау.

Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу міндеттерінің молдығына қарамастан Сыртқы экономикалық байланыстарды мемлекеттік реттеу аталмыш міндеттер шеңберінің шектерінен де ұзап кетеді. Ондағы басым рөлді экономикалық интеграция, Сыртқы экономикалық ынтымақтастық, біріккен бағдарламаларды іске асыру, халықаралық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыздандыру үдерістері атқарады.

Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеуге экономикалық үдерістердің жаһандануы терең әсер етеді. Оның салдарынан елдің Сыртқы экономикалық факторлары ішкіэкономикалық факторларға айнала бастайды. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің қыруар міндеттері мемлекеттік басқару органдарынан өздеріне тиісті функцияларын өз дәрежесінде атқаруды талап етеді. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу Сыртқы экономикалық саясатты басқаратын, Сыртқы экономикалық қызмет туралы стратегиялық шешімдер қабылдайтын, басқа елдердің жоғары мемлекеттік билік оргаңдарымен экономикалық қатынастар мәселесі бойынша ынтымақтастық орнататын заң шығарушы және атқарушы билік органдарының құзырындағы қызмет болып табылады. Елдің заң шығарушы органдары Сыртқы экономикалық қызметті реттейтін заңдарды қабылдайды, толықтырады, өзгертеді, құқықтық нормаларды бекітеді.

Қазақстанның Сыртқы экономикалық қызметін реттеумен Индустрия және сауда министрлігі, республикалық кеден комитеті, Қаржы министрлігі, Ұлттық Банк, Сыртқы істер министрлігі шұғылданады. Жергілікті өзін-өзі басқару қатынастарының дами түсуі, аймақтардың құқықтары мен өкілеттігінің кеңеюі негізінде Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің көптеген мәселелері республикалық деңгейден аймақтық деңгейге өтіп, құрамында Сыртқы экономикалық департаменттері, басқармалары бар аймақтық әкімшілік құзырына беріледі.


  1. Сыртқы сауда қызметін жүргізу барысында көп мөлшердегі көмекші операциялар жүргізіледі. Олар:

- сатушыдан сатып алушыға дейін тауардың қозғалысын қамтамасыз ету;

- сыртқы саудалық әр түрлі қызмет көрсетулерді транспорттық, сақтандыру, банктік секілді қызметтерді орындайды;

- төлем есеп айырысу операцияларын орындайды;

- кедендік бақылаудан өту рәсімділіктерін орындайды;

- сыртқы сауда, валюта-қаржылық нарықтардың коньюктурасы туралы коммерциялық ақппарттарды зерттейді.

Экспортқа бағытталған кәсіпорындардың СЭҚ-тегі барлық негізгі элементтерін 3 топқа бөліп қарастыруға болады:

1. өндірістік-шаруашылық.

2. ұйымдастыру-экономикалық

3. ағымдағы коммерциялық.

Бірінші сыртқы экономикалық міндеттердің өндіріс-шаруашылық элементтері құрамына мыналар кіреді:

- экспорттық өнім бойынша ізденіс, зерттеу жүргізу;

- экспорттық өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау;

- экспорттық өндіріске қажетті техникалық-экономикалық параметрлерді және қойылатын талаптарды қамтамасыз ету;

- ішкі өндірістік ресурстарды жобалау;

- материалдық ресурстар көздерін анықтау;

- экспорттық өнімді өндіру

Жалпы сыртқы экономикалық байланыста кәсіпорындар белгілі мақсатқа жету үшін осы кешенді зерттеулерді жүргізу арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізуді көздейді. Айталық, ішкі өндірістік ресурстардың өзгермелі динамикасын жобалайды; экспорттаушы кәсіпорындардың қызметінің сыртқы ахуалын зерттейді; жалпы транспорттық, сақтау, қаржылық және басқалай қызметтердің нарықтағы өзгерісін; тауардың бәсекелік қабілетін бағалайды. Мұндай талдаулар тауардың бәсекелік қабілетін көтеру, шығындарға баға беру мақсатында шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Шетелдік тауар нарықтары, потенциалды сатып алушылар, бәсекелестер туралы ақпараттар жинақтау, талдау жасаудың негізі болады.

Екіншісі сыртқы экономикалық міндеттердің ұйымдастыру-экономикалық элементтерінің құрамына мыналар кіреді:

- сыртқы нарықтарды маркетингалық тұрғыдан зерттеу;

- экспорттық нарықтың конъюктурасына талдау жасау;

- шетелдік әріптестер іздеу;

- шетелдік әріптестердің нарықтарындағы жұмыс жағдайын зерттеу;

- сыртқы нарықтағы жұмыстың нысандары мен әдіс-амалын таңдау;

- сыртқы нарыққа шығуды қамтамасыз ету;

- сыртқы сауда жарнамаларын ұйымдастыру;

- сыртқы сауда операцияларын жоспарлау;

- делдалдарды қызметке кірістіру.

Бұл іс-қимылдың мақсаты – мемлекеттен белгіленген тәртіп шеңберінде экспорттық өнімді шетелдік әріптестерге сатып өткізуді көздейді. Бұл процесс ел ішінде арнайы белгіленген тәртіптерден өтуден бастап, сыртық саудалық мәміле бойынша тауарды тікелей сатып өткізгенге дейін жалғасатын белгілі сатыларды қамтиды. Оған мыналар жатады:

- сыртқы сауда қызметті мемлекетпен реттеуде механизмдермен танысады: нормативтік-техникалық құжаттарды, заңдылық актілерді пайдаланады;

- өкілеттілік берілген банкіге валюталық есеп айырысатын құжат есеп шот ашады;

- жалпы саудаға қатысты құжаттарды тексеретін және тіркейтін мемлекеттік органдардың жүйесімен танысады;

- сыртық нарықтың коньюктурасына маркетингілік баға береді, бәсекелік көрсеткіштерді дайындайды;

- контрактының жобасын жасайды, оның коммерциялық, валюта-қаржылық шарттары жөнінде келісімге келеді.

Үшіншісі сыртқы экономикалық міндеттердің ағымдағы коммерциялық элементтерінің құрамына мыналар кіреді:

- мәмілелердің түрін таңдау (тауар, жұмыстар, қызмет көрсету);

- мәмілелердің типін таңдау (сату-сатып алу, арендалық, өтемдік);

- сыртқы сауда операцияларын дайындау (әріптестермен байланыс жасау, экспорттық бағаның есебін жасау, келіссөздер жүргізу, контрактының жобасын жасау, мәмілелердің шартты жағдайы туралы келісімге келу);

- контрактының шарты жағдайларын анықтау (жеткізудің базалық шартты жағдайлары, жеткізу жолдары, тасымалдау түрлері, есеп айырысу шарттары, төлем амалдары, баға өзгерісін реттеу малдары, баға валюталары, валюталық қорғану туралы ескертулер, банктік кепілдемелер).

Бұл көрсетілген барлық операциялардың нәтижесінде контрактыға қол қойылады, оны жүзеге асыру жұмысы басталады. Сосын, СЭҚ-тің үшінші топтағы міндеттер бойынша кәсіпорындардың сыртық саудалық мәмілелер мен оған қосымша барлық көмекші құжаттарды дайындау, сонан соң оларды орындау қызметіне кіріседі.

Жалпы сыртқы экономикалық қызметке қатысушы субъектілерді мына түрде жіктеуге болады:

1. СЭҚ-тің бейіні (профилі) бойынша.

2. Сыртқы сауда операцияларының сипаттары бойынша.

3. ұйымдастыру-құқықтық нысандары бойынша.

СЭҚ-тің бейіні бойынша қатысушыларды мына топтарға бөліп қарастыруға болады:

1. Өндірушілер-экспорттаушылар (делдалсыз). Олар: өндірістік бірлестіктер, консорциумдар, транспорттық компаниялар, бірлескен кәсіпорындар және өндірістік кооперативтер (шекаралық сауда аймақтарында).

2. Делдалдық ұйымдар. Оларға: ҚР- сы СЭҚ-ті басқару, реттеуге байланысты қызмет атқаратын министрліктердің сыртқы экономикалық ұйымдары; салалық сыртқы экономикалық ұйымдар; аралас қоғамдастықтар және сауда үйлері.

3. Демеуші ұйымдар – сыртқы экономикалық ынтымақтастық ассоциациясы, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар, министрліктердің маманданған сыртқы экономикалық ұйымдары, ҚР-сы сауда өнеркәсіп палатасы, өкілеттілік берліген банктер.

Сыртқы сауда операцияларының сипаттары бойынша СЭҚ-ке қатысушыларды мына топтарға бөлуге болады:

1. экспорттаушылар

2. импорттаушылар

3. мамандандырылған делдалдар (кедендік брокерлер, комиссионерлер, агенттер).

Ұйымдастыру – құқықтық нысандары бойынша СЭҚ-ке қатысушыларды мына топтарға бөлуге болады:

1.Коммерциялық ұйымдар. Оларға шаруашылық серіктестіктері (жауапкершіліг шектеулі қоғамдастықтар, акционерлік қоғамдар); өндірістік кооперативтер; мемлекеттік біртұтас кәсіпорындар (толық шаруашылық жүргізуге құқылы кәсіпорындар, қазыналық кәсіпорындар).

2. Коммерциялық емес ұйымдар (қоғамдық ұйымдар, тұтыну кооперативтері, бірлестіктер (ассоциациялар, одақтар).

СЭҚ-тің субъектілері ішінде сыртқы нарықта делдалсыз қызмет атқаратын өнеркәсіп кешендерін ерекше атауға болады. Оларға экспорттық өнімдер шығаратын, әртүрлі қызмет көрсететін өндірістік кәсіпорындар, бірлестіктер, кооперативтер, консорциумдар жатады.


  1. Сыртқы экономикалық саясат – бұл сыртқы экономикалық байланыстарды реттеу тәртібін анықтау мен елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеттері.

Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі құраушыларына мыналар кіреді:

- сыртқы сауда саясаты (экспорт және импорт саясаты);

- шетел инвестицияларын тарту және шетелдегі ұшлттық капитал салымдарын ретеу саласындағы саясат;

- валюталық саясат.

Сондай-ақ, сыртқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттеремен, аймақтармен, сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты.

Сыртқы экономикалық саясат – сыртқы экономикалық қызметті реттейді, оның белгілері келесідей:

- тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда саттығы;

- матреиалдық, ақшалай, еңбек және интелелектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы.

Сыртқы экономикалық саясатты құру үшін оның негізгі қағидаларын нақты түрде анықтап алу керек. Сыртқы экономикалық саясаттағы негізгі орын – сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың іс-әрекеттерін экономикалық-құқықтық ретеуге берілген, оның себебі бұл реттеу жалпы ұлттық мүдделерге жауап беруі тиіс. СЭС келесідей қағидаларын атаймыз:

1. мемлекеттік қайта өзгерту қағидасы. Бұл қызмет салалар мен аймақтардың даму саясатын қалыптастырады. Осы саясатқа сәйкес елдің сыртқы экономикалық саясаты қалыптасады;

2. ұлттық фирмаларының сыртқы экономикалық саясатының, бір реттік сыртқы экономикалық байланыстардан сыртқы нарықтарын кеңейту мақсатында, жалпы шаруашылық қызметтің тұрақты бөлігі ретіндегі, сыртқы экономикалық саясатқа бағытталуы нәтижесіндегі өзгерісі;

3. үкімет тармақтары, ведомстволары мен субъектілері арасында сыртқы экономикалық саясатты да жүзеге асыру қызметтерін айқын түрде блу;

4. сыртқы экономикалық саясат – кез-келген мемлекеттің сыртқы саясатының құрамдас бөлігі.

Сондықтан, сыртқы экономикалық саясат сыртқы экономикалық қызметтің бүкіл жиынтығын, яғни тауарлар мен қызметтердің материалдық, еңбек, ақшалай және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысын реттейді.

Сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыру құралдарына мыналар жатады:

- кедендік тарифтер;

- шеттен әкелу мен шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік шаралары;

- саудалық эмбарго;

- кедендік одақтар;

- еркін сауда аймағы.

Ал валюталық қатынастар саласына: валюталарды сатып алу-сату операциялары, коммерциялық және басқа мақсаттардағы валюталық операцияларға шектеулік белгілеу жатады. Төлемдік қатынастар мен несиелік саясат сферасында займдар экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу мөлшерлемелері мен проценттерінің жеңгейлері реттеледі.

Сондықтан, қазіргі кезде сыртқы экономикалық саясат құралдары мемлекетке өзінің сыртқы экономикалық байланыстарының құрылымы мен бағыттарының қалыптасуына, басқа елдердің сыртқы саясаты мен экономикасына белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді.

Кез-келген мемлекеттің қызмет етуі ұлттық және мемлекеттік мүдде категорияларына сүйенеді. ҚР-ның халықаралық қатынастар жүйесінде толық жарамды субъект ретінде қызмет жасауы, жаңа экономикалық кеңістік шеңберінде өзінің ұлттық мүдделерін айқын анықтауын талап етеді. ҚР-ның мүдделері, ең алдымен мынадай саяси және экономикалық факторлармен байланысты: соғыс объектілерінің және ядролық қару-жарқтың бар болуы, космостық база, ішкі саяси жағдайдың белгілі мөлшерде тұрақсыз болу қаупі, халық санының арту қарқынының биіктігі, аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын арттыру.

Тақырып 4 Шетел инвестициялары бар кәсіпорын қызметін реттеу

Жоспар

Шетел капиталы 3 арна бойынша түседі:

1. экпорттық несиелер: инвестициялық және тауарлық;

2. дамуға ресми кӛмек: қаржылық және техникалық;

3. инвестициялар: тікелей және портфельдік.

Кредитор – елден тауарларды немесе қызметтерді сатып алу шарты бар экпорттык несиелер. Инвестициялық несиелер технологияны, жабдықты және басқаны жеткізіп беру мақсатымен, ал тауарлық несие -дайын тұтыну тауарларын жеткізіп беру шартымен беріледі. Дамытуға ресми кӛмек мемлекетке ӛкімет аралық деңгей де кӛрсетіледі. Мұнда техникалық кӛмек дегенде -әр түрлі салаларда қызмет кӛрсету: оқыту, кеңес беру, жұмысты ұйымдастыру мен оқыту барысында қолданатын жабдық кіреді.

Инвестициялар республика экономикасына шетел капиталының ағымы ретінде түсіндіріледі. Олардың 2 нысаны бар:

1. Тікелей;

2. Портфельдік;

Олардың біріншісі, кәсіпкердің ӛзіне тәуекел ала отырып, республика экономикасына шетел капиталын салуы, ал екіншісі, фиктивті капиталға акциялар мен басқа да құнды қағаздарға қаржы -каражат салу. Алушы ел үшін тікелей инвестициялардың басқа нысандармен салыстырғанда бірталай артықшылары бар. Біріншіден, олардың кейбір нысандары алатын жаққа ескірген технологиялар мен техника әкелу мүмкіндігіне жол бермейді; екіншіден, олар елдің сыртқы қарызын құру және ӛсірумен байланысты емес; үшіншеден, олар ең бастысы, тауарлар мен қызмет кӛрсетулер ӛндіруге ӛндірісті үйымдастыру мен басқарудың, маркетингтің, ноу -хаудың алдыңғы қатарлы эдістеріне бағытталынады.

Соңында олар республика экономикасының әлемдік интеграциясына, халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына тікелей ықпал ын кӛрсетеді. Барлық сфералар мен салаларда қолданатын тікелей инвестициялардың ең таралған нысаны бірлескен кәсіпорындар болып табылады. Қабылдаушы жақтық табысы ӛнімнің ӛз үлесінен, роялтиден және шетел серіктесінің табысына салығынан құралады. Тікелей шетел инвестициясының нысанын ӛнім бӛлінісі атқарады. Бұл нысан экспорттық салалар мен ӛзгерістерде кеңінен қолданылуы мүмкін, ішкі нарыққа жүмыс істейтін салалар мен ӛндірістерде біршама шектелген, бұл теңгенің толық айырбастылығының жоқтығымен байланысты.

Республикада шетел кәсіпорындарын кұру сияқты тікелей инвестициялардың басқа да нысандары бар. Ең алдымен, жекешелендіруге қатысу арқылы әрекеттегі кәсіпорындарды сатып алу немесе жаңаларын салу. Сондай -ақ, шетел инвестицияларының нысаны кепілденген ақшалай сыйлық үшін жұмыстың жекелеген түрлерін мұнай кен орындарын геологиялық барлау шетел мердігерлері жүзеге асыратын, техникалық қызмет кӛрсетулер туралы келісім, басқару келісім шарттары бола алады. Бұрын айтылғандай, тікелей инвестицияларды тарту үшін тартымды жағдайлар жасау бойынша жедел шаралар республикада кабылдануда, бұл олардың кӛбеюі үшін шынайы мүмкіндіктер береді.

Қазақстан Республикасының Президенті тұжырымдауынша халқының жанбасына шаққандағы тікелей шетел инвестицияларын тарту деңгейі бойынша Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің, сондай -ақ ТМД -ның алғашқы бестігіне сенімді түрде кіреді.

Шетел инвестицияларын тартудың басқа нысандары шетел компанияларына республика кәсіпорындарының акцияларын сату; шетел мемлекеттері жеке компаниялар беретін инвестициялык қарыздар мен несиелер бола алады. Ең бірінші кезекте, шетел инвестицияларының иегізгі бағ ыттары капитал сыйымдылығы жоғары салалар мен ӛзгерістер, ең бастысы мемлекеттік сектор арқылы экспортқа бейімделген ірі кәсіпорындар болып табылады. Республика экономикасына шетелдік капитал салымдарының негізгі бағыттарының бірі шағын мен орта кәсіпкерлік сферасы болып табылады. Мұнда салалар инвестициялар басымдылы қты объектілерге ӛндірістер мен аймақтарға бағытталынуы тиіс. Бұл басымдықтар республикада ресми түрде белгіленген.

ҚР-ның қазіргі заңдылығына сәйкес инвестициялық қызмет келесі кӛздерден қаржыландырылады:

-Меншікті қаржылық ресурстар және ішкі шаруашылық резервтер;

-Тартылған қаржы құралдары;

-Бюджеттен тыс қорлардың құралдары;

-Республикалық бюджет құралдары;

-Шетелдік инвесторлар құралдары;

-Белгіленген тәртіпте кәсіпорындардың орталықтанған ақшалай құралдары;

-Жеке және заңды тұлғалардың кӛмек түріндегі ақшалай құралдары.

Меншікті қаржылық ресурстар бұл күрделі салымдарды қаржыландыруға бағытталған құрылтайшылардың алғашқы жарналары және жинақтары. Құрылтайшылардың алғашқы жарналары негізгі қорларды сатып алуға жұмсалады. Кейін бұл мақсатқа кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижесінде пайда болған жинақтар жұмсалады. Кәсіпорындарда инвестицияларды қаржыландырудың негізгі кӛзі амортизациялық аударымдар. Қарыздық құралдар банктік және басқа да қаржылық институттардың несиелер есебінен құралады. Несие - қайтарымдылық негізінде ақша қозғалысымен байланысты несие беруші және несие алушы арасындағы экономикалық қатынастарды білдіреді.Қазіргі кезде инвесторлар несиені тез ӛтелетін және жоғары тиімділік әкелетін кәсіпкерлік қызметтің сфераларына салуға тырысады.

Жеке және заңды тұлғалардың күрделі салымдарын банктік несиелендіру объектілеріне шығындар келесі түрде болады:

1) ӛндірістік және ӛндірістік емес мақсаттағы объектілердің құрылысы, кенейту, техникалық жағынан қайта қаруландыру, реконструкциялау, модернизациялау;

2) қозғалатын және қозғалмайтын мүлікті сатып алу;

3) ғимараттар және қондырғылар сатып алу;

4) ғылыми техникалық ӛнімді шығару, интеллектуалды құндылықтарды құру, біріккен кәсіпорындар құру;

5)табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру.

Тартылған құралдар ағымдағы инвестициялық қызметке үлестік түрде қатысу, құнды қағаздар эмиссиясы, енбек ұжымының пайлық жарналары және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет