Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus)


Тақырып 9 Халықаралық саудадағы несиелеу



бет6/7
Дата11.06.2016
өлшемі1.35 Mb.
#128292
1   2   3   4   5   6   7

Тақырып 9 Халықаралық саудадағы несиелеу


1 Тақырыпты ауызша талқылауға дайындалу

2 «Халықаралық несие» тақырыбына презентация дайындау

Әдістемелік ұсыныс: айырбас бағамының түзіліміне мұқият көңіл бөліңіз

Бақылау түрі: талқылауға белсене қатысу, презентацияны қорғау


Тақырып 10 Халықаралық сауда контрагенттері

1 Тақырыпты ауызша талқылауға дайындалу

2 «Халықаралық сауда контрагенттері» тақырыбына реферат дайындау

Әдістемелік ұсыныс: Солоу үлгісіне талдау жасаңыз

Бақылау түрі: талқылауға белсене қатысу, рефератты қорғау
Тақырып 11 Іскерлік техникасын ұштастыру және ұйымдастыру

1 Тақырыпты ауызша талқылауға дайындалу

2 «Іскерлік келіссөздерді жүргізу және ұйымдастыру» тақырыбына реферат дайындау

Әдістемелік ұсыныс: Солоу үлгісіне талдау жасаңыз



Бақылау түрі: талқылауға белсене қатысу, рефератты қорғау
8. СӨЖМ кеңесінің кестесі

Сабақ түрлері

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсембі

жұма

сенбі

Дәріс сұрақтары бойынша кеңес алу







16.00-16.50










Семинар сұрақтары бойынша кеңес алу







16.00-16.50










СӨЖ сұрақтары бойынша кеңес алу







16.00-16.50










Курстық жұмыс бойынша кеңес алу







16.00-16.50










Тест тапсырмалары бойынша кеңес алу







16.00-16.50












9. Білім алушылардың білімдерін тексеру кестесі

Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі

Жұмыс түрлері

Тапсырма тақырыбы, мақсаты және мазмұны

Қолдан-ылатын әдебиеттер

Орындалу ұзақтығы

Бақылау нысаны

Тапсыру уақыты

реферат

Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары




1 апта




2-апта

презентация

Қазақстандағы шетел инвестициялары




1 апта




3-апта

презентация

Қазақстандағы сыртқы экономикалық қызметті басқару




1 апта




4-апта

реферат

Сыртқы экономика-лық байланыстарды мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі




1 апта




5-апта

эссе

Әлемдік нарықта баға белгілеу




1 апта




6-апта

реферат

Қазақстанның сыртқы сауда операциялары




1 апта




7-апта

Курстық жұмыс

КЖ орындалуы барысын тексеру




7 апта

КЖ 1, 2 бөлімі

7-апта

Межелік бақылау

Модуль 1,2







коллок-виум

8-апта

глоссари

Халықаралық сауда және делдалдар, биржалар, аукциондар




1 апта




9-апта

эссе

Сыртқы экономикалық қызметті сақтандыру




1 апта




10-апта

презентация

Халықаралық несие




1 апта




11-апта

реферат

Халықаралық сауда контрагенттері




1 апта




12-апта

реферат

Іскерлік келіссөздерді жүргізу және ұйымдастыру




1 апта




13-апта

Курстық жұмыс

Курстық жұмысты қорғау




6 апта

КЖ

14-апта

Межелік бақылау

Модуль 3,4







коллок-виум

15-апта

10. Білім алушылардың білімін бағалау критерилері

Пәнді оқудың соңы емтихан тапсырмен аяқталады, яғни өткен барлық материалдарды қамтиды. Емтиханға жіберілу міндетті түрде бағдарламада көрсетілген барлық тапсырмалаларды тапсырғаннан кейін ғана іске асады. Әрбір сабақ 100 баллдық жүйемен бағаланады.

Жіберту рейтингісі барлық ағымдағы сабақтар тапсырмаларын (дәрістерге қатысу, үй тапсырмаларын орындау, СӨЖ бойынша тапсырмалар, межелік бақылау және т.б.) орындап, тапсыру арқылы жүзеге асады.

Пән бойынша межелік бақылауға (МБ) жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын (барлық лабораториялық жұмыстарды, СӨЖ жұмыстарын және тапсырмаларын), курстық жұмысты қорғаудан және межелік бақылаудан 50-ден кем емес балл жинаған студенттер жіберіледі. Пән бойынша студенттің оқу үлгерімі деңгейі (соның ішінде пәндер бойынша қорытынды бақылау нысаны (Е) қорытынды бағамен (Қ) белгіленеді, ол ЖР және ҚБ бағаларының (емтиханнан, дифференциалданған сынақтан немесе курстық жұмыстан, олардың үлес салмағы есепке ала отырып) жиынтығынан құралады.

Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4

Үлес салмағы жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ЖР үшін 0,6-дан артық емес, ҚБ үшін 0,3-тен кем емес болу керек.

Қорытынды баға пән бойынша мына жағдайда, егер білім алушы, жіберу рейтингісі бойынша және қорытынды бақылау бойынша оң баға алған жағдайда ғана есептелінеді. Қорытынды бақылауда келеңсіз жағдайлар бойынша келе алмаған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылады. Емтихан бағасы студенттерге сол күні белгілі болуы керек немесе жабаша емтихан түстен кейін алынған жағдайда ертеңгі күні бағасы айтылады.

Нақты есептеу үшін білім алушылардың қорытынды бағасын межелік бақылауда және ақырғы емтиханда 0 ден 100 % -ға дейінгі аралықта бағалайды.

Межелік бақылау бағасы ақырғы баға мен межелік бақылау бағаларының қосындысынан құралады.

Студенттердің білімдері, машықтықтары көп баллдық әріптік жүйемен және бағалаудың дәстүрлік жүйесімен бағаланады:



Әріптік жүйе бойынша бағалау

Баллдардың цифр-лық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлік жүйе бойынша бағалау

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

11. Оқытушы талаптары, саясаты және өткізілуі

Сабаққа қатысушылар барлық аудитория сабақтарына кешікпей келулері керек. Егер сабаққа кешіккен жағдайда, деканаттың бекітілген тәртібімен іс шара жүргізіледі. Ең жоғары дегенде екі сабақты босатқан студент болса, онда ол жіберіледі. Сабаққа екі реет кешігіп келсе, ол бір босатқан болып есептелінеді. Егер екі босатқаннан да көп болса, онда оқытушы студентті сабаққа кіргізбеуге құқылы және бұл мәселені әкімшілік тарапынан шешуге жібереді. Дәрістерге бұл курстарда оқымайтын бөгде адамдардың кіруіне рұқсат берілмейді..

Жұмыстарды берілген уақыттарында тапсыру керек. Барлық тапсырмаларды ақырғы тапсыру – емтихан сессиясы басталғанға дейін 3 күн қалғанда.

Барлық тапсырмаларды тапсырмаған және курстық жұмысты қорғамаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Өткен тақырыптарды және өткен материалдарды міндетті түрде қайталап оқып отыру қажет. Оқу материалдарын меңгеруді бақылау тест түрінде немесе жазбаша түрде тексеріліп отырады.

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өздік жұмыстарын орындау кезінде мына төрт негізгі функцияларды ескеру қажет:

Бірінші – студенттер оқу пәні бойынша белгіленген сабақтары бойынша оқытушылардың ақпараттарын белсенді қабылдауды қажет етеді.

Екінші функциясы, студенттер өз еріктерімен оқу-әдістемелік құралдарын, оқулықтарды пайдалана отырып үй тапсырмаларын, бақылау жұмыстарын және курстық жұмыстарды орындайды..

Үшінші функциясы студенттер талдау жасағанда, сабақты түсінбей қиындықтар туындауы мүмкін. Осы жағдайда студенттер оқытушыға сұрақтар қою арқылы мәселелерді шешуі.

Төртінші функция студенттердің оқытушыға кеңестер алуы, талқылаулары жатады.



12. Әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1. Халықаралық маркетинг: оқу құралы. Көкебаева А. М. – Алматы: Заң әдебиеті, 2009

  2. Әленова Н. М. Басқарушылық шешімдерді әзірлеу. [құраст. Н. М. Әленова]. – Павлодар: Кереку, 2009


Қосымша

  1. Ходов Л. Г. Государственное регулирование национальной экономики: учебник. – М.: Экономист,2004.

  2. Стровский Л. Е. Внешнеэкономическая деятельность предприятий. – М.:Юнити, 2000

  3. Мадиярова Д. М. Стратегия формирования внешнеэкономической политики. – Алматы: Экономика, 2000

  4. Покровская В. В. Организация и регулирование ВЭД. – М.:Юрист, 2000

  5. Султанов Б. К., Алшанов Р. А. Әлемдік экономикалық дағдарыс: Қазақстан үшін салдары. – Алматы, 10 дек. 2008 г. Алматы: КИСИ при Призиденте РК,2009.


13. Курстық жұмыс тақырыбын таңдау нұсқасы

      1. Курстық жұмыстың тақырыбы студенттің сынақ кітапшасының соңғы цифры бойынша және аты-жөнінің бірінші әріпі бойынша таңдалады (1-кесте).


1-кесте – Курстық жұмыс тақырыптарының нұсқасы

Аты-жөнінің бірінші әріпі

Сынақ кітапшасының соңғы цифры

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

А - Е

1




2




3

4




5




6

Ж - Л




7

8

9







10

11

12




М - С

13

14







15

16







17

18

Т - Я




19




20

21




22




23







  1. Курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Курстық жұмысты орындау кезінде келесі әдістемелік нұсқаулар орындалуы тиіс:

- таңдап алынған тақырыптың мәнін, ғылыми-әдістемелік және мәселелік негіздерін ашу мақсатында қажетті материалдық көздерді зерттеу және конспектілеу;

- ғылыми теориялық қорытындыны тәжірибеде болып жатқан үрдістермен салыстыру мақсатында динамикалық, нормативтік материалдар мен құрылымдық, көлемдік және сапалық көрсеткіштерге талдау жасау;

- зерттелетін мәселені шешу, жетілдіру және әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру жолдары мен әдістерінің негіздемесі.

Курстық жұмысты орындауды ұйымдастыруды келесі кезеңдерден өтеді:

- студенттерге кафедраның отырысында бекітілген курстық жұмыс тақырыптары ұсынылады;

- тақырыпты таңдап алғаннан соң студент әдебиет көздерімен танысады, жұмыстың жоспары мен библиографиясын құрастырады, жұмыс жоспары ғылыми жетекшімен келісіледі;

- жұмыс жоспары бекітілгеннен кейін, студент жоспар бойынша тақырыпты мазмұндайды, таңдалған әдебиет, журналдың мақалалары, кестелері арқылы өз конспектілерін дайындайды. Жұмыстың бөлімдерінің аттары жұмыс жоспарының сұрақтарына сай болуы тиіс.



Курстық жұмыс 20-25 баспалық бетке жазылады.

Кіріспеде:

- шешілетін мәселенің қазіргі жағдайын баға беріледі, тақырыптың көкейтестілігін және ғылым мен тәжірибе үшін оның маңыздылығын негіздейді;

- жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін, зерттеу аясын және зерттеу объектісі мен пәнін, зерттеудің заңнамалық базасын анықтайды;

- талдауды өткізуге, сәйкес қорытындыларды жасауға және кепілдемелерді беруге мүмкіндік туғызатын зерттеудің ақпараттық базасын көрсетеді;

- жұмыс нәтижелерінің мақұлдауын (апробациясын) белгілейді (егер ол орын алатын болса).

Кіріспеде нақты жұмыс көзқарасы тұрғысынан маңызы аз мәліметтер болмауы тиіс және көлемі бойынша 2-3 беттен аспауы керек.

Бірінші бөлім, ереже бойынша, теориялық сипатқа ие. Курстық жұмыстың теориялық бөлігінде зерттелетін мәселенің мәні ашылып көрсетіледі, оның өңделу жағдайы анықталады, зерттелетін объектінің әрекет етуінің нақты жағдайларын ескере отырып осы мәселені шешудің тұжырымдамасы баяндалады. Берілген бөлім ғылыми-зерттеушілік сипатқа ие, мұнда мемлекеттік және жергілікті басқарудың әдістемелік сұрақтары, ұйымдастырушылық, экономикалық, аумақтық, әлеуметтік және басқа да мәселелердің принципиалды аспектілері терең қарастырылады және бұл бөлімде зерттелетін мәселеге байланысты шетел тәжірибесін қоса қарастыруға болады. Теориялық бөлімнің мазмұны студенттің мамандану мен мамандықтың профильді пәндері саласындағы білімдерін, әдебиетпен жұмыс істеу және жиналған материалды жүйелендіру іскерлігін көрсетеді. Теориялық бөлімде егер әдебиет көздері туралы сөз болса, онда әдебиетке сілтемелер көрсетілуі қажет.

Екінші бөлім сараптамалық сипатқа ие. Мұнда жинақталған мәліметтер көмегімен тақырыптың қазіргі күйі зерттелініп, мәселенің оң және теріс қырлары анықталады. Зерттеу объектісінің жағдайын талдау және бағалау практикада жиналған мәліметтер негізінде орындалады. Зерттеу барысында зерттелетін объектінің жағдайына әсерін тигізген факторларды бөліп көрсету, оның дамуының қол жеткізілген деңгейіне баға беру, осы үдерістің серпінінің оң және кері үрдістерін, олардың негізгі факторларын анықтау қажет. Берілген тарау талдау және жоспарлау үшін алдын-ала өңделген, жүйелендірілген сандық материалға негізделген есептеулермен толықтырылады.

Үшінші бөлім – ұсыныс бөлімі. Мұнда бірінші және екінші бөлімде жинақталған мәліметтер негізінде аталмыш мәселенің қолайсыз, олқы тұстарын жетілдіру немесе түбегейлі өзгерту бағыттарына арналуы мүмкін немесе бұл бөлімде зерттелетін мәселеге байланысты шетел тәжірибесін қоса қарастыруға болады. Бұл қорғау үшін аса маңызды бөлім, сондықтан да берілген бөлімде келтірілетін барлық есептер аса сенімді негіздеуге, ал кестелер мен сызбалар – жеткілікті дәлелдер мен түсініктерге негізделген болуы тиіс.

Қорытынды бөлімнің басты міндеті болып барлық жұмыстың қорытындысын шығару табылады. Сондықтанда мұнда, ереже бойынша, жаңа нақты мәліметтер де, жаңа теориялық ережелер де келтірілмейді, ал тек қана қорытындылар мен ұсыныстар беріледі. Ұсыныстар мен қорытындыларға келесі талаптар қойылады:

- оларда теориялық және тәжірибелік зерттеулер нәтижелері болуы тиіс;

- олар нақты әрі қысқаша болуы керек;

- қортындыда әдебиетке сілтемелер мен түсіндірмелер болмауы керек;

- қорытындыда тек «кіріспе» бөлімінде көрсетілген зерттеу мақсаттарына сәйкес болуы керек және олардың мазмұны жұмыс мәтінін оқымай-ақ түсінікті болатындай баяндалуы тиіс, сонымен қатар орындалған жұмыстың практикалық маңыздылығын және егер мүмкін болса – жаңашылдықтың маңызын атап өту қажет.

Жұмыс талаптарға сәйкес нысандалады және белгіленген мерзімде «Менеджмент» кафедрасына тіркелуге тапсырылады:

- әдістемелік нұсқауларымен сәйкес жазылған курстық жұмысты жетекшіге тексеруге және оның деңгейін бағалауға тапсырылады;

- курстық жұмыс ғылыми жетекшісінің ескертулерімен өңделуі тиісті, егер ғылыми жетекшіні курстық жұмыс қанағаттандырмаса, онда ол қорғауға жіберілмейді;

- егер курстық жұмыс талаптарға сәйкес келіп, ғылыми жетекшімен құпталса, онда кафедраның шешімімен құралған комиссияның алдына студент курстық жұмыс қорғайды.

Курстық жұмысты қорғау барысында студент тақырып бойынша өз бетінше зерттеу жүргізгенін, талданып отырған әдеби-дәлелдік материалдарды жеткілікті мөлшерде игергенін, ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік сипатта қойылған сұрақтарға дәлелді жауап қайтара алатынын дәлелдеп шығуға тиісті. Егер қорғау бұл талаптарға сай болмаса комиссия курстық жұмысқа теріс баға қояды және ол жөндеу мен толықтыру үшін қайтарылады.

Курстық жұмыс 2-кестеде берілгендей 100 балдық шәкілмен бағаланады. Мысалы, СӨЖ-дің 60 сағатының 25 сағаты курстық жұмысты орындауға, оның ішінде: тапсырма беру, сәйкес әдебиеттерді оқуға – 1с (2 балл), курстық жұмыстың негізгі мақсаттары мен талаптарын орындауға – 2 с (6 балл), курстық жұмыстың бірінші бөлімін жазуға – 4 с (10 балл), курстық жұмыстың екінші бөлімін жазуға – 8 с (14 балл), курстық жұмыстың үшінші бөлімін жазуға – 7 с (12 балл), қойылған талаптарға сәйкес жұмысты дайындауға – 2,5 с (5 балл), орындалған жұмысты қорғауға – 0,5 с (51 балл) бөлінеді.



Сәтті қорғаудан шыққаннан кейін студент есепке немесе «Макроэкономика» курсы бойынша емтиханға жіберіледі.


  1. Курстық жұмыстың тақырыптары

  1. ҚР сыртқы экономикалық қызметтерінің мәні және мағынасы

  2. Сыртқы сауданың дамуы. Капиталды шақыру

  3. ҚР әлемдік сауда ұйымына шығу

  4. Мемлекеттік сыртқы экономикалық саясаттың өндіру механизмі және мағынасы

  5. Мемлекеттің экспорттық және импорттық саясатының мағынасы және мазмұны

  6. Қазақстандағы сыртқы экономикалық қызметті қамтамасыз етудің халықаралық құқығы

  7. Елдегі нарық экономикасы мен (АҚШ) сыртқы экономиканы мемлекеттік реттеу ұйымындағы байланысы

  8. Елдегі нарық экономикасы мен (Ұлыбритания) сыртқы экономиканы мемлекеттік реттеу ұйымындағы байланысы

  9. Елдегі нарық экономикасы мен (Жапония) сыртқы экономиканы мемлекеттік реттеу ұйымындағы байланысы

  10. Сыртқы сауда операциясының түрлері.

  11. Мердегерлер шартының ерекшеліктері. Арендалар шарты. Айырбас қатынасы. Кезіккен тауарларды сатып алу байланысы.

  12. Сауда делдалдары.Делдалдар арасындағы шарт, Тапсырма шарты. Комиссия шарты. Консигнация шарты. Агенттік келісімдер

  13. Нарықтағы делдалдар позициясы, олардың құқықтары

  14. Биржалық сауда. Биржа түрлері. Биржалық операция

  15. Аукциондық сауда. Халықаралық саудадағы аукциондық сауда техниксы және ұйымы. Ашық және жабық сауда.

  16. Халықаралық есептеулер формасы және ұйымдар.

  17. Халықаралық саудадағы нарық валютасы

  18. Сақтандырудың мәні және түрлері, мағынасы.

  19. Қайта сақтандыру

  20. Сыртқы экономикалық қызметтегі сақтандыру ерекшеліктері

  21. Халықаралық практикадағы несиенің әртүрлілігі және негізгі формалары.

  22. Халықаралық саудадағы қаржыландыру формасы лизинг сияқты.

  23. Контрагенттер түрлері. Ұлттық, шетелдік, аралас фирмалар.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет