Пәнңің оқу бағдарламасының бірінші беті



Дата19.06.2016
өлшемі359.98 Kb.
#147979

Пәнңің оқу бағдарламасының бірінші беті




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Металлургия, машина жасау және көлік факультеті
Машина жасау және стандарттау кафедрасы

ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Кесу теориясы

Павлодар




Пәннің оқу бағдарламасы (Syllabus)

бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19








БЕКІТЕМІН

ММЖжК факультетінің деканы

___________ Тоқтағанов Т.Т.

(қолы)

20__ж. «___»____________


Құрастырушы: т.ғ.к доцент ________________ Итыбаева Ғ.Т.



ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Кесу теориясы пәні бойынша

5В071200– Машинажасау мамандықтың студенттеріне арналған күндізгі оқу нысаны үшін

Бағдарлама 20__ж. «___» _________бекітілген

Жұмыс оқу бағдарламаның негізінде жасалған 2013 ж. «___»___________кафедра отырысында ұсынылған №___ хаттама

Кафедра меңгерушісі __________ Ықсан Ж.М. 20__ж. «____» ________

(қолы)
ММЖжК факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20__ж. «_____»____________№____ хаттама


ОӘК төрағасы _______________ Ахметов Ж.Е. 20__ж. «_____»___________

(қолы)



1.Пәннің паспорты
Пәннің атауы «Кесу теориясы»

Тандау бойынша компонент



Кредиттер саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

3 курс

5 семестр


Барлық аудиториялық сабақтар – 52,5 сағат

Дәріс – 30 сағат

Тәжірибе сабақтар – 7,5 сағат

Зертханалық сабақтар – 7,5 (15) сағат

СӨЖ – 82,5 сағат

Оның санында СОӨЖ СӨЖМ – 20 сағат

Жалпы еңбексыйымдылық - 135 сағат

Тексеру түрі

Қортынды тексеру түрі Емтихан – 5 семестр


Пререквизиттер: Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет: Конструкциялық материалдар және термоөндеу, химия, физика, өзараауыстырымдылық негіздері

Постреквизиттер: Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: Машина жасау өндірісінің технологиялық процестері, Металл кескіш құрал-саймандар, Машина жасау технологиясы.
2 Оқытушылар туралы және олармен түйісу мәліметтері

Сабақты жүргізетін оқытушы – Итыбаева Галия Тулеубаевна – доцент, техника ғылымдарының кандидаты

Қажетті мәліметтер 67-36-33. ішкі 1201

Б1 корпусындағы 214 кафедрада болу уақыты кестеге байланысты


3 Пән, мақсаттарымен есептері

Пәннің мазмұны

Металл кесу процесін басқару негіздері туралы ғылыми білім, қысылған материалдың жоңқаға өту процессіне ілесіп жүретін физикалық, химиялық, механикалық және басқада құбылыстар туралы түсініктер, машина тетіктерінің өндеу режимдері мен процестердің функционалды параметрлерінің қойылған шарттарға байланысты өзгеру зандылықтарын зерделеуі.



Пәннің мақсаттары – студенттерге жоңқа пайда болу аймағындағы физико-механикалық құбылыстар туралы жалпы ұғым беру, осы құбылыстардың кесу шарты және режимдерімен функционалдық зандығы мен таныстыру, болашақ мамандықтарға кесу процесін меңгеру білуді үйрету.

Пәннің міндеттері:

Студенттерге өнделген беттерге қойылған техникалық талаптарды қамтамасыз ететін әр түрлі өндеу әдістерін кесу режимінің элементтерінің тандай және есептей білуді үйрету.

4 Білімге, іскерлікке, дағдыға және компетенцияға талаптар

Осы пәнді оқып біткенен кейін студент білу керек: Кесу процесінің өту шарты, жоңқа ақауы, кескіш геометиялық және конструктивтік параметрлері, кесу кезінде пайда болатын күштер жүйесі, кесу кезіндегі жылу шығарудың кайнар көзі жөнінде түсінік болу;

− кесудін рационалдық режимін тағайындау, кесу аймағындағы температура мен күштерді анықтауды білу.

Жасай білу: койылған сапа талаптар бойынша дұрыс өндеу әдістерін таңдау, технологиялық процесстердің операцияларің кұрастыру, кескіш аспаптарды және олардың сипаттамаларын жөғары сапа бойынша нәтижелерді алу үшін тандау.
5 Пәнді оқу тақырыптық жоспары

Академиялық сағаттарды сабақтар түрлеріне үлестіру




Тақырыптар атаулары

Аудиториялық сабақ түрлерінің сағаттар мөлшері

СӨЖ

дәріс

тәжірибе

Зертха-

налық


жұмыс

Барлығы

Оның ішінде СӨЖМ

1

Тақырып 1. Кіріспе. Материалдарды кесу туралы жалпы мағлұмат. Пәннің мақсаты мен мәселері. Кесу өндеудің технологиялық бір әдісі түрінде. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар. Кесу элементтері.

2

1




6

1,5

2

Тақырып 2. Жүзді саймандар мен металдың кесіп алынған қабатының геометриялық және конструктивтік параметрлері. Сайманның кесетін бөлігінің геометриялық параметрлерінің негізгі жазықтықтары. Кесілетін қабаттың параметрі мен қимасы. Нақты және қалыс көлденен кима. Қабаттың кимасының параметрі мен кесу режимі элементтерінің өзара байланысы.

2




2

6

1,5

3

Тақырып 3. Кесу кинематикасы. Негізгі ережелері. Білдектердін кннематикасы және кесу кинематикасы, кесудің принципиалды кинематикалық сұлбасы мен геометриялык кинематикалык параметрлер мен олардың есептелуі.

2

1

2

6

1,5

4

Тақырып 4. Жоңка қалыптасу процесі. Металдың пластикалык деформациясы туралы мәлімет. Кесу процесін эксперимент жүзінде зерттеу әдістері. Жоңканың қалыптасу процесі және жоңка түрлері (деформация қабаттары, жазыктық және жылжу бұрышы туралы ұғым).

2







6

1,5

5

Такырып 5. Жоңканын шөгуі және иірмелі жоңканың пайда болу жолдары. Жонканың сырткы көрінісін анықтайтын факторлар. Жоңканың шөгуін анықтау әдістері. Иірмелі жоңканың пайда болуын дәріптеу. Иірмелі жоңқадағы кернеулі жағдай мен текстурасының өзгеруі. Қатынасты ығысу мен ығысу жылдамдығы туралы ұғымдар. Ығысудың шартты жазықтығына катынасты металл қабатының ығысуын шақыратын күштер (УПС).

2

1




6

1,5

6

Такырып 6. Шордың пайда болу процестері. Шордың пайда болу табиғаты, сипаттамасы. Шордын сипаттамасын анықтаушы негізгі факторлар. Өңделген беттердің калыптасуындағы шордың рөлі.

2




2

6

1,5

7

Такырып 7. Кесу күші мен жұмысы және оларды кұраушылар. Кесу күшінің пайда болу көздері және олардың жіктелуі. Кесу күшін кұраушыларды динамометрмен өлшеу. Кесу күшінің теңдеуінің жалпы түрін шығару. Кесу жұмысы, оларды кұраушылар. Кесу жұмысына әсер етуші факторлар.

2

1

8

6

1,5

8

Тақырып 8. Кесу аумағындағы жылу мен температура. Кесу аумағындағы жылу ағыны мен көзі. Жылу балансын құрастыру шыларының өзгеру зандылыктары. Кесу аумағындағы температураны өлшеу әдістері. Жоңқадағы. дайындамадығы және құралдағы температура өрісі. Құрал жүзіндегі температураны төмендету жолдары.

2







6

1,5

9

Тақырып 9. Кесу процесі кезіндегі құралдың тозуы. Құрал жүзінін түйіспе бетіндегі өзара сырғанаудын қысымы мен шарты. Тозу белгісінін сырт көрінісі мен тозу түрлері. Құралдың тозуының физикалык табиғаты. Сырғанау жолдары, тозу қисығы уакыт функциясы ретінде. Тозу критерийлері.

2

1




6

1,5

10

Такырып 10. Кесу жылдамдығы, құрал ресурсы мен тұрақтылығы. Кесу жылдамдығының құрал тұрактылығына тәуелділігі. Кесу жылдамдығының құрал тұрактылығына және режим параметрлеріне тәуелділігінін апроксимациясы. Кесу құралынын ресурсы мен оның кесу режимінің элементтеріне тәуелділігі.

2

1




6

1,5

11

Тақырып 11. Құралдың материалына койылатын талаптар. Құрал материалдарының маркілері мен сипаттамалары және оларды қолдану аймағы.

2

1




6

1,5

12

Такырып 12. Қажақты өңдеу. Қажақты өңдеу туралы жалпы мәліметтер. Ажарлау түрлері. Қажақты материалдар және құралдар, олардың сипаттамалары.

2

0,5




4

1

13

Тақырып 13. Механикалық өңдеудегі тетіктердің өлшемі мен пішімдерінін дәлдігі, беттердің сапасы. Беттердің кедір- бұдырлығы, қалып қойған кернеу, беткі қабаттын микроқұрылымдары, микро қаттылығы. Тозу мен кесу режимі элементтерінің өңделген беттің пішімі мен дәлдігіне әсері.

2




1

4

1

14

Тақырып14. Технологиялык майлап-суыту заттары (СОТС), олардың сипаттамалары және оларды кесу аумағына келтіру әдістері. СОТС-тың қызметтік қасиеттері (майлау, сулау, суыту, жуу, кіру, кесу) және олардың механикалык өңдеу процесінің технологиялык параметрлеріне әсері.

2







4

1

15

Тақырып 15. Өлшемдік өңдеудің физикалық және химиялық әдістері. ФХМРО жалпы сипаттамасы. Электроэрозиондық, элекротүйіспелі, электрохимиялық, электрондысәулелік, ультрадыбыстық жалпы мәліметтер.

2







4,5

1




Барлығы (сағат саны)

30

7,5

15 (7,5)

82,5

20,5


6 Дәрістік сабақтардың мазмұны

1 Тақырып.

Жоспар

1) Металды кесу туралы жалпы мәліметтер.

2) Пәннің мақсаты мен мәселелері.

3) Кесіп - өңдеудің технологиялық тәсілі.

4) Кесу элементтері.

Әдебиет: 2 [3-10], 6 [5-13]

Бақылау сұрақтары:

1) Кинематика элементтері және кесу сипаттамалары.

2) Кесу режимінің элементтері. Кесу тереңдігі.

3) Кесу жылдамдығы мен беріліс.



2 Такырып.

Жоспар

1) Құрал жүзі мен кесіп алынатын қабаттың геометриялық және конструкциялық параметрлері.



2) Координаталық жазықтықтар мен координаталық жазықтықтар жүйесі.

Әдебиет: 2 [12-23], 6 [14-28]

Бақылау сұрақтары:

1) Құрал жүзі мен кесілетін қабаттың геометриялык және конструкциялық параметрлері.

2) Координаталар жазықтықтары жүйесі және координаталық жазықтықтар.

3) Кесілетін қабат параметрлері.



3 Тақырып

Жоспар


1) Кесу кинематикасы

2) Негізгі ережелер.

Әдебиет: 2 [25-37], 6 [18-29]

Бақылау сұрақтары:


  1. Кесу кинематикасы. Жалпы ережелері.

  2. Кесудің принципті кинематикалық сұлбалары.

  3. Көлбеу беттерді өңдеу.

4 Тақырып

Жоспар

1) Жонқалану процесі мен жонқа түрлері.

2) Жонқалану процесі мен деформация зоналарын зерделеудің эксперименттік әдістері

3) Кесу кезіндегі жоңқалану.

Әдебиет: 2 [37-41], 6 [29-42]

Бақылау сұрактары:

1) Жоңқалану процестері және жоңқа түрлері.

2) Жоңқаның пайда болу процесін зерделеудің эксперименттік әдістері және деформация зоналары.

3) Илемділік деформациясы.



5 Такырып.

Жоспар

1) Жоңқаның шөгуі және иірмелі жоңқаның пайда болуы.

2) Жоңқаның шөгуі.

Әдебиет: 2 [241-243], 6 [29-42]

Бақылау сұрақтары:

1) Жоңқаның шөгуі және иірмелі жоңқаның пайда болуы. Жоңқаның шөгуі.

2) Жалғыз шартты ығысу жазықтығындағы иірмелі жоңқаның пайда болуы.

3) Түрлі алдыңғы бұрыш мәндеріндегі қатынасты ығысу мен жоңқаның шөгу коэффициенті арасындағы байланыс.



6 Тақырып.

Жоспар

1) Шорлану

2) Шордың құрылу сұлбасы

Әдебиет: 2 [43-48], 6 [42-51]

Бақылау сұрақтары:

1) Шорлану.

2) Шордың пайда болу табиғаты.

3) Кесу жылдамдығының шордың параметрі мен шөгу коэффициентіне әсері.

7 Тақырып.

Жоспар

1) Кесу күші мен жұмысы және олардың құрастырушылары.

2) Кесу күштері.

3) Кесу күштерінің өлшеуге арналған құралдар

Әдебиет: 2 [62-64]. 6 [49-51]

Бақылау сұрақтары:

1) Кесу күші мен жұмысы және олардың құрушылары.

2) Динамометрлер мен оларға қойылатын талаптар



8 Тақырып.

Жоспар

1) Жылу және кесу зонасындағы температура.

2) Кесу температурасы.

3) Температураны анықтау әдістері.

Әдебиет: 2 [48-53]. 6 [51-60]

Бақылау сұрақтары:

1.Кесу зонасындағы жылу мен температура.

2.Кесу зонасындағы жылу көздері. Жылу ағынының жоңқаға, тетікке және кұралға баруы.

3.Температураны анықтау әдістері.



9 Тақырып.

Жоспар

1) Кесу процесінде құралдың тозуы.

2) Тозу түрлері

3) Құрал тозуының физикалық табиғаты

4) Қажақты тозу.

5) Адгезиялық тозу

Әдебиет: 2 [51-59], 6 [58-65]

Бақылау сұрақтары:

1) Кесу процесіндегі құралының тозуы. Тозу түрлері.

2) Құралдың жұмыс уақытында тозуының үдеуі.

3) Адгезиялық тозу.

4) Тотығып тозу.

5) Тозу критерийлері.



10 Тақырып.

1) Кесу жылдамдығы, құралдын шыдамдылығы және қоры.

2) Кесу жылдамдығы мен шыдамдылық кезеңі арасындағы байланыс.

Әдебиет: 2 [63-69], 6 [60-79]

Бақылау сұрақтары:


  1. Кесу жылдамдығы, құралдың төзімділігі мен ресурсы.

  2. Кесу жылдамдығы мен төзімділік кезеңінің өзара байланысы.

  3. Кесілетін қабаттың қалыңдығы мен енінің құрал төзімділігінің кезеніне әсері.

  4. Төзімділік кезеңі.

11 Тақырып.

Жоспар

1) Жүзді құрал жасауда қолданылатын аспаптық болаттар.

Әдебиет: 2 [ 73-89], 6 [ 74-79]

Бақылау сұрақтары:


  1. Жүзді құралдарды жасауға арналған аспаптық материалдар.

  2. Жоғарықаттылықты материалдар (СТМ)..

  3. Құралдардың төзімділігін көтеру әдістері.

12 Такырып.

1) Абразивті өңдеу.

2) Абразивнті материалдар, құралдар және олардың сипаттамалары.

3) Ажарлаудағы кесу процесі.

Әдебиет: 2 [94-98; 134-141]

Бақылау сұрақтары:

1) Абразивтік материалдар, құралдар және олардың сипаттамалары

2) Абразивтік құралдын құрылымы

3) Ажарлау кезіндегі кесу процесі



13 Такырып.

Жоспар


1) Механикалық өндеу кезіндегі тетік бетінің сапасы

2) Беткі қабаттың физикалық сипаттамалары.

3) Деформация өрісінің әртүрлі нүктесіндегі деформациялар мен кернеу шамаларын анықтау әдістері.

Әдебиет: 2 [84-95]; 6 [147-163, 173-176]

Бақылау сұрақтары:

1) Тетіктер бетінің механикалық өндеуден кейінгі сапасы

2) Қатынасты бағалау әдісі

3) Деформация өрісінің түрлі нүктелеріндегі деформация мен кернеу шамаларын анықтау әдістері

4) Беткі қабаттың жағдайының физикалық сипаты

14 Такырып.

Жоспар


1) Майлау-суыту технологиялық заттары (СОТС)

2) Металды кесу процессіне технологиялық ортаның әсері.

Әдебиет: 2 [265-267]; 6 [177-206]

Бақылау сұрақтары:

1) Майлап-суытудың технологиялық заттары (СОТС)

2) Металды кесу процесіне технологиялық ортаның әсері

15 Такырып.

Жоспар


1) Размерлік өндудің физико-химиялық әдістері

2) Электроэрозиондық өндеу

3) Электрұшқындық өндеу

4) Электроимпульстық өндеу

5) Электротүйспелі өндеу

6) Электрохимиялық өндеу

7) Анодты-механикалық өндеу

8) Ультрадыбыстық өндеу

Әдебиет: 2 [259-264]; 6 [79-94]

Бақылау сұрақтары:

1) Өлшемдік өндеудің физика-химиялық әдістері

2) Анодты-механикалық өндеу
7 Тәжірибе сабақтардын мазмұны, олардың сағаттық көлемдері

1 тақырып

Жоспар:

1 Тапсырма. Кесу режимдерінің элементтері мен оларды анықтау әдістері. Машина тетіктерін кесіп өндеудің тиімділігі мен сапасы. Параметрлердің аналитикалық және нормативтік режимдері.

Әдістемелік ұсыныс: тапсырма аудиторияда жасалынады, оқытушы тәжірибе сабақтын әдістемелік нұсқауының көшірмесін таратады.

Негізгі 2 [248-256]

Бақылау сұрақтар:

1) Металды кесіп өндеу дегеніміз не.

2) Өнделетін материалдың физика-механикалық қасиеттері

3) Металды кесу процессіне ілесе жүретін деформациялар

2 Тапсырма. Режимдік параметрлер өзара тығыз байланыста, сондықтанда бір параметрдің мәні өзгерсе, барлығы да өзгереді. Бұл жұмыста кесу режимдерін тағайындау бірізділігін сақтау қажет.

Әдістемелік ұсыныс: тапсырма аудиторияда жасалынады, оқытушы тәжірибе сабақтын әдістемелік нұсқауының көшірмесін таратады.

Негізгі 2 [257-265]

Бақылау сұрақтар:

1) Кесу қозғалысы дегеніміз не.

2) Беріліс қозғалысын қалай түсінеміз

3) Нәтижелі кесу қозғалысы

3 Тапсырма. Аналитикалық және нормативтік режим параметрлері, тандап алынған білдектің төлкұжатындағы мәліметтермен үйлестіріліп, жұмыс параметрлері деп саналады.

Әдістемелік ұсыныс: тапсырма аудиторияда жасалынады, оқытушы тәжірибе сабақтын әдістемелік нұсқауының көшірмесін таратады.

Негізгі 2 [265-271]

Бақылау сұрақтар:

1) Жүзді құралдын геометриялық параметрлерін көшіру

2) Кесудің принципті кинематикалық сұлбалары

4 Тапсырма. Параметрлеріне карап нақты кесу жылдамдығын, құралдың жұмысқа өнімділігін, айналу моменті мен тиімді куаты анықталады. Бұл параметрлер тандап алынған білдектің төлкұжаттағы мәліметтерімен салыстырылып, оның жарамдылығы анықталады.

Әдістемелік ұсыныс: тапсырма аудиторияда жасалынады, оқытушы тәжірибе сабақтын әдістемелік нұсқауының көшірмесін таратады.

Негізгі 2 [227-236]

Бақылау сұрақтар:

1) Тоқарлық кескіштердің конструктивті элементтері, геометриялық, статикалықұ және кинематикалық параметрлері

2) Кесу жылдамдығы мен құралдын төзімділік кезеңінің өзара байланысы

3) Кесілетін қабаттың параметрі мен кесу режимдерінің элементтері

5 Тапсырма. Жонып өндеудің кесу режимдерін есептеу. Материалдары, өнделетің беттердің параметрлері мен аналитикалық және нормативтік әдістерге қойылатын талаптары келтірілген дайындаманың сыртқы және ішкі цилиндрлік беттерін өндеуге кесу режимдерін анықтау.

Әдістемелік ұсыныс: тапсырма аудиторияда жасалынады, оқытушы тәжірибе сабақтын әдістемелік нұсқауының көшірмесін таратады, 4 тәжірибе сабақтын сұрақтары бойынша тренинг жүргізіледі.

Негізгі 2 [237-242]

Бақылау сұрақтар:

1) Металды кесу кезіндегі шорлану

2) Шорланудың технологиялық көріністері, оның оң және теріс ролі

3) Шорлануды жою әдістері

6 Тапсырма. Осьтік құралмен (бұрғылау) кесу режимін есептеу. Өнделетін беттердің параметрлері мен қойылатын талаптары бар, түрлі дайындамаларды бұрғылаудың кесу режимдерінің элементтерін анықтау.

Әдістемелік ұсыныс: тапсырма аудиторияда жасалынады, оқытушы тәжірибе сабақтын әдістемелік нұсқауының көшірмесін таратады, 5 тәжірибе сабақтын сұрақтары бойынша тренинг жүргізіледі.

Негізгі 2 [248-256]

Бақылау сұрақтар:

1) Бұрғының артқы және алдынғы бұрыштары – спиральды бұрғының конструкциясын анықтайтын негізгі факторлар

2) Бұрғылау кезіндегі күштерді талдау, айналу моменті, өстік күш

3) Бұрғылау кезідегі қуатты есептеу

7 Тапсырма. Жонып өндеудің кесу режимдерін есептеу. Өнделетін жайпақ беттердің параметрлері мен қойылатын талаптары бар, түрлі дайындамаларды цилиндрлік және түпбетті жонғышпен өндеудің кесу режимдерінің элементтерін аналитикалық және нормативтік әдіспен анықтау.

Әдістемелік ұсыныс: тапсырма аудиторияда жасалынады, оқытушы тәжірибе сабақтын әдістемелік нұсқауының көшірмесін таратады, 6 тәжірибе сабақтын сұрақтары бойынша тренинг жүргізіледі.

Негізгі 2 [256-261]

Бақылау сұрақтар:

1) Жону кезіндегі кесу режимдерін есептеу әдістері

2) Жону кезіндегі кесу күші мен куаты

3) Жону кезіндегі кесу режимі мен кесілетін қабаттың элементтері

8 Тапсырма. Қажақтыөндеудің (ажарлау) кесу режимін есептеу. Аналитикалық жәгне нормативтік әдіспен қажақты құрал тандалынады, түрлі материалдан жасалған, өнделетін беттердің кедір-бұдырлығы көрсетілген дайындамалардын сыртқы цилиндрлік және жайпақ беттерін өндеудің кесу режимдерінің элементтерін анықтау.

Әдістемелік ұсыныс: тапсырма аудиторияда жасалынады, оқытушы тәжірибе сабақтын әдістемелік нұсқауының көшірмесін таратады, 7 тәжірибе сабақтын сұрақтары бойынша тренинг жүргізіледі.

Негізгі 2 [265-271]

Бақылау сұрақтар:

1) Абразивті материалдар мен құралдар, олардың түрлері және сипаттамалары

2) Құралдың жұмыс бетінің тозу түрлері

3) Ажарлау процесі жәнге ажарлау кезіндегі кесу күштері

4) Құралдың тозуының физикалық табиғаты. Құралдын абразивті тозуы.

Зертханалық жұмыстардың тақырыптары

2 такырып бойынша №1 лабораториялық жұмыс. Негізгі элементтердің конструкциялық құрылысын, геометриясын және кескіштің жазық координатасын зерттеу

3 такырып бойынша №2 лабораториялық жұмыс. Өтпелі кескіш геометриясын зерттеу және өткірлеу кезіндегі кесу аймағынан жоңқаларды қайтаруға кесетін ернеудің көлбеу бұрышының әсері

6 такырып бойынша №4 лабораториялық жұмыс. Кесу аумағындағы түйіспе құбылыстары және кесу кезіндегі шор құрылуы

6 такырып бойынша №5 лабораториялық жұмыс. Кескіштердің тозуын және жону кезіндегі шыдамдылыкты зерттеу

13 такырып бойынша №7 лабораториялық жұмыс. Кедір-бұдырлықты зерттеу

7 такырып бойынша №9 лабораториялық жұмыс. Экспериментальды өлшеу әдістерің және кесу күшің анықтау

7 такырып бойынша №11 лабораториялық жұмыс. Жоңғылау кезіндегі кесу күшін зерттеу

7 такырып бойынша №12 лабораториялық жұмыс. Бұрғылау кезіндегі кесу күшін зерттеу
8 Өзінің жұмыстарының тапсырмалары

1 тақырып – Металлдардың кесумен өнделуі. Кесіп өндеуге қойылатын талаптар. Металлдардың кесумен өнделуінің көрсеткіштері. Өнделу коэффициентінің критерийлері ұғымы.

Кепілдеу әдебиет: [2], 9-16 б.

2 тақырып − Кесу процесінің физикалық режимі.

Пластикалық деформациясы мен қатты дененің талқандалуы туралы жалпы түсініктеме. Жаңқа түрлері – кесудегі материалдық пластикалық деформациясының сипаттамасы. Кесу процесінің динамикасы. Кесу процесінің күш жүйесі. Кесу процесіндегі тербелес. Тербелестің түрлері және олардың қарсындылығына әртүрлі факторлардың әсері. Жылу пайда болуы. Кесу температурасына әсер ететін факторлар.

Кепілдеу әдебиет: [2], 40-75 б.

3 тақырып − Жүзді аспаптардың жұмыс қабілетілігі мен тоқырауы. Аспаптық материалдарға қойылатын талаптар. Аспаптардың жұмыс қабілеттілігі, оны бағалау әдістері және аспаптардың тоқырау түрлері. Аспаптың жұмыс беттерінің тозуы. Тозудың физикалық табиғаты, тозу өлшемі. Аспаптың тұрақтылық мерзімі және оның математикалық үлгісі аспаптың сенімділігі, оның көрсеткіштері.

Кепілдеу әдебиет: [2], 78-88 б.

4 тақырып − Әртүрлі кесіп өңдеу әдістерінің өзгешіліктері.

Бұрғылау. Бұрғының конструкторлық және геометриялық элементтерінің өзгешіліктері. Бұрғылау процесінің динамикасы, жұмыс беттерінің тозуы және тұрақты мерзім. Жоңғылау. Жоңғылау әдісінің тағайындалуы мен түрлері. Жоңғыштың конструкторліқ және геометриялық параметрлері. Жоңғылау процесінің динамикасы, жоңғыштың тозуы және тұрақты мерзімі. Тартажону. Тартажонудың тағайындалуы мен түрлері. Тартажоңғыштың конструкторлық және геометриялық өзгешіліктері. Тартажону кесуінің негізгі сұлбалары. Тартажонудағы қозғалыстар. Тартажону процесінің динамикасы, аспаптың тозу және тұрақты мерзімі.

Кепілдеу әдебиет: [2], 157-241 б.

5 тақырып − Қажақты өңдеу процесінің теориясы.

Қажақты өңдеу процесінің кинематикалық және геометриялық өзгешіліктері. Қажақты аспаптар және олардың сипаттамалары. Қажақты өңдеудің кинематикалық өзгешіліктері. Процестің динамикасы, жылу пайда болуы және жылудың таратылу өзгешілігі. Қажақты өңдеу процесінің әсерлігі мен қажақты аспаптың тозуы.

6 тақырып − Қажақты өңдеу әдістері.

Ажарлау. Ажарлаудың түрлері. Мәре (финиш) өңдеулер: жануыштау, супермәрелеу, бабына жеткізу. Прогрессивтіктін жоғары өнімділікті қажақты өңдеу процесстері: теренді және жылдамды ажарлау, ультрадыбысты тербелес қосылған процестер және басқалар.

Кепілдеу әдебиет: [2], 36 -40.

7 тақырып −Майлай салқындату атты технологиялық орталар (МСТО).

МСТО түрлері; олардың майлау, салқындату және жуу әрекеттері. Үстінгі активтік заттардың (ҮАЗ) ықпалдары. МСТО кесу аймағна берудің әдістері.

Кепілдеу әдебиет: [2], 91-100 б.

8 тақырып − Әртүрлі материалдардың кесу өнделімділіктері.

Кесу өңделімділік-материалдың технологиялық қасиеті. Өңделімділіктің негізгі қөрсеткіштері және материалдарды өңделімділіктеріне қарай классификациялау. Ауыр өңделімділікті болат мен қортпалардың, металемес және компазициондық материалдардың өңдеу өзгешіліктері. Кесу өңделімділікті жақсарту жолдары.

Кепілдеу әдебиет: [2], 103-116 б.

9 тақырып − Физико-химиялық өңдеу әдістері.

Бүгінгі машина жасаудағы физико-химиялық өңдеу әдістерінің мағнасы.

10 тақырып − Автоматтандырылған өңдірістегі кесу процесінің өзгешіліктері. Автоматтандырылған өңдірістің шартына қарай кесу процесінің сенімділігін асыратың жолдар.
Оқытушымен бірге тәлемгерлердің өзіндік жұмыстардың мазмұны

1) Жону кезіндегі күшті және куатты анықтау

2) Аналитикалық әдіспен кесу кезіндегі режимін есептеу

3) Норматив-анықтама әдебиеттерді қолданып токарлы жұмыстарда кесу режимін есептеу

4) Бұрғылау, үңгілеу және ұнғылау кезінде кесу режимін тағайындау

5) Жонғылау кезіндегі кесу режимін есептеу

6) Тісті дөңгелектерде тістерді кесу кезінде кесу режимін есептеу

7) Ажарлау кезіндегі кесу режимін есептеу



9 СӨЖМ кеңестерінің кестесі (СӨЖМ СӨЖдің 25%құрайды)




Сабақ түрлері

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1

Лекциялар сұрақтары бойынша кеңес



















2

Семинар сұрақтары бойынша кеңес



















3

СӨЖ туралы кеңес



















4

Тестлеу тапсырмалар жөнінде кеңес




















10 Тәлімгерлердің білімін тексеру кестесі

Лекциялар және тәжірибе сабақтар 0-100 баллдармен бағаланады.



Пәннің тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі



Жұмыстар түрлері

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты және мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Орындау уақыты

Тексеру түрі

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

Лекция сабақтары

1

Ағынды тестлеу

1 тема




3 апта

тестлеу

3 апта

2

Ағынды тестлеу

2 тема













Тәжірибе сабақтары

3

Есептерді қабылдау







1 апта

Тәжірибе сабақтардың есептерін қорғау

7 апта

4




Модуль 1,2







тестлеу

8 апта

5

Ағынды тестлеу







3 апта

тестлеу

11-ші апта

6

Ағынды тестлеу







2 апта

тестлеу

13- ші апта

Тәжірибе сабақтары

7

Есептерді қабылдау







1 апта

Тәжірибе сабақтардың есептерін қорғау

14 ші апта

8

Рубеж тексеріс

Модуль 3,4







тестлеу

15 апта


11 Тәлімгерлердің білімін бағалайтын критерийлер

Пәнде оқу тестлеу арқылы өтетін экзаменмен аяқталады, ондағы тестлер өткен материалды түгелей қамтыйды. Экзаменге қатысу үшін міндетті шарт ол тәлімгер бағдарламада көрсетілген барлық тапсырмаларды орындау қажет.

Әр бір тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.

Жіберу рейтинг ағынды сабақтарда орындалған тапсырмалардың орта арифметикалық есебі болып танылады (лекцияларға қатысу, үй тапсырмаларың, СӨЖ тапсырмалары, тәжірибе тапсырмалар және баскалар, рубеждік тексеріс).

Пәннің қортынды тексеріске (ҚТ) жұмыс оқу бағдарламаның барлық шарттарын орындалған (немесе лабораториялық жұмыстарды толық орындап оларды тапсырған, СӨЖ жұмыстармен тапсырмаларды тапсырған), курстық жұмыс немесе жобаны оң бағамен қорғағандар және жіберу рейтингтен 50 баллдан кем алмаған студенттер қатысалады.

Әр бір пәнге қатысты студенттердің оқу жетістіктерінің дәрежесі, сонымен қатар мұнда жатады пәндер қортынды тексерістері мен, қортынды бағамен анықталады (Қ). Осы қортынды баға ЖР бағасымен қортынды тексерістің (ҚТ) (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс не жоба) бағасымен қосылады. Мұнда олардың салмастық үлестері еске алынады.


Қ=ЖР 0,5+ ҚТ 0,5
Салмақтық үлестер әр оқу жылға университеттің ғылым кеңесі тағайындайды, тек ЖД үлесі 0,6 көп болмайды және ҚТ 0,3 кем болмайды. Курстық жұмыс не жоба комиссия алдында қорғалады. Мұнда тәлімгер көрсеткен біліміне байланысты және жетекшісінің пікіріне байланысты бағаланады.

Пәннен қортынды баға есептеледі егер тәлімгер жіберілім рейтингпен қортынды тексерістен оң баға алалса. Егер тәлімгер қортынды тексеріске келмей және қанағаттанатын себебі болмаса онда ол «қанағаттанарлықсыз» бағаланады. Емтихан және аралық аттестация нәтижелерімен студент сол күні немесе келесі күні, егер жазба емтихан күннің екінші жартысында өтсе, таныстырылады.

Пәндерден студеннердің оқу жетістіктері, яғни білім, істей білу, дағды алу және құзреттілік, көпбаллды әріптік жүйемен оған сәйкес цифрлық эквиваленттермен және дәстүрлі бағалар межемен бағаланады.


Әріпті жүйемен бағалау

Баллдардың цифрлік эквиваленттері

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйеде бағалау

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз



12 Оқытышының шарттары, саясат және процедуралар

Студент міндетті барлық сабақтарға қалыссыз қатысуы. Егер қатыспаған сабақтар болса онда оларды студент деканат тағайындаған ретпен қайталап орындауы қажет. Лекцияларда, тәжірибе сабақтарда осы курстың студенттерінен бөтен адамдарға болуларына тыйым салынады.

Жұмыстарды белгілеген мерзімдерде тапсыру қажет. Тапсырмаларды сонғы тапсыру мерзімі – емтихандар сессиясының басталуына үш күнге дейін.

Барлық сабақ түрлеріне байланысты тәлімгерлердің білімін тексерулер бірінші және екінші рейтингте бірдей.

Студенттер, барлық тапсырмаларды тапсырмай және курстық жобаны не жұмысты тапсырмай, емтиханға жіберілмейді.

Әр бір оқу сабаққа қатысты тапсырмаларды және өткен материалдарды қайталау міндет. Өку материалдарды менгеру дәрежесі тесттармен не жазба жұмыстармен тексеріледі. Тестлеуді студенттерді ескертусіз өткізуге болады.



Студенттердің мұғаліммен өткен өздік жұмыстарын (СӨЖМ) орындағанда төрт негізгі функция еске алынуы қажет.

Бірінші – оқитын пәннен оқытушының нұсқаушы лекцияларда берген мәліметтерді студент түсініп игеруі керек.

Екінші функция мұнда студент өзі, оқытушының берген нұсқауларын негіздеп, оқу әдістеме құралдары, әдебиеттерді оқып үй тапсырмаларын, тексеру және курс жұмыстарды орындайды. Осында студенттерден керегі жұмысты атқару әдістемесін білу, өзінің кездескен қиындықтарын белгілеу, өзін ұйымдастыру, өзін тәртіпке салу.

Үшінші функция мұнда студент кездескен қиын ситуацияларды талдап бір жүйеге келтіреді, материалды түсінуге және игеруге қиындықтарды туғызатын себептерді аңықтау. Студент өзі шешеалмайтын қиындықтарды оқытушыға қойылатын сүрақтар жүйесін қалыптастырады (оларды рангтарға бөледі, ретке келтіреді, формаға келтіреді), өзінің жауаптарының нұсқауларын жасайды.

Төртінші функция студент оқытушыға сүрақтарымен жүгінеді, кеңес, түсініктемелер алады.

13 Әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер

1) Ғазалиев А.М., В.В. Егоров., Д.Қ. Исин Машина жасау өндірісінің технологиялық және химиялық процестері – Алматы.: Білім, 2010. -740б.

2) Грановский Г.И., Грановский В.Г. Резание металлов. Учебник для машиностроительных и приборостроительных специальностей. – М.: ВШ, 2005

3) Ящерицын, П. И. Теория резания:учебник для студ. вузов машиностроит. спец. / П. И. Ящерицын, Е. Э. Фельдштейн, М. А.Корниевич.− Минск:Новое знание, 2007.- 511 с.

4) Солоненко, В. Г. Резание металлов и режущие инструменты:учеб.пособие для студ. вузов/В. Г. Солоненко, А. А. Рыжкин.−М.:Высш. шк., 2007.-414 с.

5) Обработка металлов резанием: справочник технолога/А.А.Панова.− М.:Машиностроение, 2004.

Косымша

6) Бобров В.Ф. основы теории резания металлов. – М.: Машиностроение, 1998

7) Под общей ред. А.Г. Косиловой и Р.К. Мещерякова Справочник технолога – машиностроителя. В 2-х т. Т.2 – М.: Машиностроение, 1985.

8) Под общей ред. В.И. Баранчикова. Прогрессивные режущие инструменты и режимы резания металлов: Справочник. – М.: Машиностроение, 1990.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет