1. Автоматтандыру дегеніміз
А) технологиялық процестің шамаларын берілген мәнінде ұстау
В) оператордың көмегінсіз резерв механизмдерінің тоқтатылуы
С) жабдықтар жұмыстарында пайда болатын апаттық жағдайларды автоматты жою
Д) бақылау және басқару функцияларын автоматика құралдары мен әдістері арқылы жүзеге асыру
2. Электрлік емес шамаларды көрсет
А) р, Т, F, L
В) I, U, W
С) R, L, C
Д) ρ, μ, p
3. Пневматикалық аспаптардың артықшылығы
А) арзан ,тасымалдау оңай
В) жарылыс қауіпті орындарда қолдану
С) габариті кішкентай, қызмет көрсету мерзімі ұзақ
Д) берілу сигналдары тез жіберіледі
4.Үздіксіз жүретін технологиялық процестерді және бақыланатын шамаларды берілген мәнінде ұстау
А)Блокировка
В)Дистанционды басқару
С)Технологиялық қорғау
Д)Автоматты реттеу
5.Қозғалтқыштардың күштік тізбегін жиі дистанционды коммутациялауға арналған электромагнитті аппарат
А)Магнитті қосқыш
В)Контактор
С)Датчик
Д)Рубильник
6.Құрамында жоғары концентрациялы улы заттары көп сулар
А)Қышқылдар
В)Сілтілер
С)Зиянды заттар
Д)Ластанған ағынды су
7. Термопараның құрамдас бөліктері
А)t 1 және t 2 температураларынан
В)Нихром сым өткізгішінен
С)Капилляр және серіппеден
Д)Ұштары өзара дәнекерленген екі әртекті А және Б өткізгіштерінен
8. Аспаптардың мемлекеттік жүйесінің тармақтары
А)Электрлік, пневматикалық
В)Гидропневматикалық, электрогидравликалық
С)Гидравликалық, пневматикалық, электрлік
Д)Пневмоэлектрлік, гидравликалық
9.Радиотолқынды деңгей өлшегіш маркасы
А) Метран 43
В) ДУУ-4
С) БАРС
Д) Vegaflex
10.Реле дегеніміз
А) Орындағыш элемент
В) Шығыс сигналын түрлендіруші
С) Үздіксіз кіріс сигналын дискретті шығыс сигналына түрлендіретін элемент
Д) Электрлік емес шаманы электрлікке түрлендіреді
Достарыңызбен бөлісу: |