Пәні: Педагогика Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсаринның дидактикаға қосқан үлесі» Мамандығы: Орындаған: тобының студенті



бет2/4
Дата06.04.2024
өлшемі149.37 Kb.
#497814
1   2   3   4
Ыбырай Алтынсаринның дидактикаға қосқан үлесі-1

Курстық жұмыстың мақсаты – Ы.Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесін зерделеу, бағасын беру болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті
- дидактика және жеке әдістемелерге тоқталу. Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушыларға шолу жасау;
- оқыту процесінің қозғаушы күштері, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық қызметтерін сипаттау;
- қазіргі заманғы дидактикалық жүйелердің мәні мен мазмұнын қарастыру;
- Ы. Алтынсариннің әңгімелері мен өлеңдеріндегі дидактиканың тәрбиелік идеясына тоқталу болмақ.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны: Ы.Алтынсариннің дидактикалық еңбектері.
Курстық жұмыстың зерттеу базасы: Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Малайсары ауылы, Малайсары орта мектебі
Курстық жұмыстың әдіснамалық негіздері ретінде
Курстық жұмыстың теориялық маңызы Дидактиканың оқыту үрдісіндегі маңыздылығымен танысу, білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясын меңгеру, педагогиканы үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын меңгеруге көмектеседі.
Курстық жұмыстың практикалық маңызы. Ы.Алтынсарин еңбектеріндегі дидактикалық әдістемені қазіргі дидактикалық жүйемен ұштастыра пайдалану болмақ.
Курс жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілген.

І. ДИДАКТИКА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
1.1.Дидактиканың пайда болуы

«Дидактика» - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko – оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Әл-Фараби оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру.


Дидактиканың пайда болып дамуы. Оқыту теориясының негізін қалаушылар: Я.А.Коменский, И.Г.Песталоций, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, В.Сухомлинский, А.С.Макаренко, т.б. қосқан үлесі. Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592 - 1670). Оның 1632 жылы шыққан «Ұлы Дидактика» кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат – адамшылық, оған жету жолы – білім беру және оқыту деп санады. «Көп емес, өмірге керекті білімдерді» беруге шақырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Я.А.Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді. «Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатпау; оқушыларды сыныпқа бөлу; әр сыныпқа бөлме беру; күніне 4 сабақ өткізу; әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау; қоңыраудың соғылуы; тәртіп; бір сабақтың ұзақтығы бір сағаттан аспау керек; сабақты күзде бастау. Мұғалім оқушыларға жаңабілімдерді түсіндіреді, жаттығулар орындатады. Бұл қазіргі аралас сабаққа ұқсайды. Я.А.Коменский тақырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты 3 бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соңы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді, мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді.
Я.А.Коменский «Мұғалім – сабақты жаратушы, оның жүрегі», - деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан тыс қалған жоқ.Я.А.Коменский экскурсияны кең қолданып, оны білім берудің маңызды құралы деп санаған.
Иоганн Генрих Песталоций (1746-1827) «Гертруда өз балаларын қалай оқытады?» (1801ж.) деген еңбегінде дамытып оқыту принциптерін ұсынып, бастауыш мектептегі оқыту әдістерінің негіздерін қалады. Қоршаған дүниені сезім арқылы қабылдау – білім негізі. Одан әрі нәтиже – дерексіздік. Білімді қажетсіну ынтаны туғызады. Сөз, сан, шама – ақыл жемісі, оның негізі, оқытудың қарапайым құралдары.Жаратушы балаға күш береді. Ол баланы дамуға итермелейді. «Көз көргісі келеді, құлақ естігісі, аяқ жүргісі, қол ұстағысы, жүрек сенгісі, жақсы көргісі, ми ойланғысы келеді»-деген. Осы тұжырымдарға сай И.Г.Песталоций буынға бөліп оқыту, алдымен сурет салуға үйрету, содан кейін жазуға үйрету тәсілдерін қолданған. Бақылау әдісін, баланың бақылаудан алған әсерлерін талқылатуды қолданған. Оның пікірінше «заттар мен құбылыстарды бақылаған баланың ойы оянып, сөйлегісі келеді».Адамның дүние туралы түсінігі алғашқыда анық емес, оны реттейтін оқыту арқылы жиналатын білім қоры, өйткені ол ақыл-ой жұмысын туғызады. Бірақ білімді бере беру жеткіліксіз, ақылдың қуатын арттыру керек. Ол үшін түрлі жаттығулар, балаға сөйлеу, ойлату, сұрақ-жауап тәсілдері қолданылған.Пәндерді көрнекілік арқылы оқыту тиімді екендігін дәлелдеген.
Ұлы педагог көрнекілік әдісін Я.А.Коменскийге қарағанда терең жазып, ақыл-ой жұмысына керектісі еңбек пен тәжірибе деген.Жан Жак Руссо (1712-1778жж.) «Эмиль немесе тәрбие туралы» (1762ж.) деген еңбегінде халыққа білім беруді, әр адамды дамытуды, баланың белсенділігін көтеруді ұсынды. Өз заманының мектебін өмірмен байланыспағаны, кітап тілімен көп сөйлегені үшін сынады. Руссо баланың қажеттілігін қанағаттандыратын оқыту теориясын ұсынды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес баланы өмірге бейімдеу керек деп, тәрбиешілерді оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеруге шақырады. Оның оқыту мен бала өмірінің байланысы, бала табиғатын зерттеу, шығармашылық күшін дамыту, еңбекке дайындау сияқты идеяларынң педагогиканың дамуы үшін маңызы зор болды. Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870жж.) басқа тілде оқыту баланың табиғи күші мен қабілтін әлсіретеді, сондықтан оны ана тілінде оқыту керек деді. Ушинский бастауыш мектеп жұмысының негізгі бағыттарын, жеке пәндердің мазмұнын анықтауға көп үлес қосты. Халық шығармашылығы – ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар білімділікке көмектеседі. Зейінді жаттықтыру, есте сақтауды жақсарту, қайталау, жүйелілік, сабақтастық, беріктік принциптері, оқытудың түрлі әдістері баланың берік білім алуын қамтамасыз етеді.
Надежда Константиновна Крупская (1869-1939жж.). Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру үшін оларға терең білім керектігін, әр пәнді басқа пәндермен және өмірмен байланыстыруды атап көрсетті. Мұғалім теория мен тәжірибенің бірлігі арқылы жекелеген пәндер арасында байланыс орнату керек деді. Крупская политехникалық оқуды қолдап, оқу жоспарына жалпы техникалық пәндерді енгізуді ұсынды. Ол оқуды өнімді еңбекпен байланыстыруа шақырды.
Антон Семенович Макаренко (1888-1939жж.). А.С.Макаренко оқу пәндерін жүйелі оқытуды құптады. Ол сол кезде қолданылған дальтон-жоспары, жобалау әдісі сияқты әдістеріне қарсы шықты.
Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970жж.) оқытуды ақыл-ой тәрбиесінің маңызды құралы деп қарады. Оқытудың табыстылығы мектептегі мұғалімдердің рухани өміріне, ой-өрістерінің кеңдігіне, мәдениеттілігіне байланысты деді. Сонымен қатар өнімді еңбек, зерттеу жұмыстары, эксперимент жүргізу, құбылыстарды, әдебиеттерді өз бетімен түсіну ой жұмысын шапшаңдатады.
Өткен ғасырдың 80-жылдарының аяқ кезінде ынтымақтастық педагогикасы одан әрі дамыды. Оның негізгі идеялары:
Сабақ үстінде оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болу. Маңызды міндет – баланың оқуға деген ықыласын ояту, оны өзінің табысына, ісінің алға басқанына, дамығанына қуанту.
Қысым жасамай оқыту. Ынтымақтастық педагогикасының бір принципі – оқушыларды қорқытпау, еркін ұстау, өз күшіне сендіру.
Қиын мақсат қою идеясы. Жаңашылдар сабақтарының дәстүрліден айырмашылығы – балалармен ынтымақ, оларды қиын мақсатқа жетуге жігерлендіру.
Тірек идеясы. Жаңашыл мұғалімдер пәндік, сөздік ақпараттарға алуан түрлі нұсқауларды (сызба, кестелер, т.б.) енгізді. Олар есті, қисынды, қиялды, ойдың алгоритмдік формаларын дамыту құралы.
Өз еркімен таңдау идеясы. Владимир Федорович Шаталов оқушыларға көп есептер береді, ал олар қалаған есебін шығарады.
Озу идеясы. Сабақта, алда өтетін тақырыптарға уақыт беріледі.
Ірі блоктар идеясы. Оқулықтың 3-4 тарауы бір сабақта оқылады.
Өзін-өзі талдау идеясы. Шалва Александрович Амонашвили балаларды өздерінің іс-әрекеттерін бағалауға және пікірлерін айтуға үйретеді. Оның оқушылары жолдастарының жұмыстарын тексереді және бағалайды.
Сыныптағы ақыл – ой жұмысы. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің сыныпта білімге деген құштарлық, биік мақсатқа жетуге деген құлшыныс бар.
Жеке тұлғалық тұрғы. Жаңашыл мұғалімдердің сабағында әр оқушы өзін жеке тұлғамын деп сезінеді, мұғалімнің өзіне деген адал ниетін көреді.
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.) орыс тілін қазақтарға үйрету курсының, оқу жоспарының, бағдарламаларының авторы.
Ол орыс тілі мен қазақ тілінің айырмашылықтарын анықтады. Оқыту процесінде көрнекілік, әңгімелеу, кітаппен жұмыс әдістерін кеңінен қолданды. Ы.Алтынсарин орыс тілін үйрету үшін дйындық сыныптарын ашты, ауызша сөйлеу тәсілі қолданылып, орыс әдебиеті, грамматиканы оқытқанда қазақ тілінде аз сөйлеткен, сөздік жұмыстарын жүргізген.1879 жылы оқу құралы «Қырғыз хрестоматиясы» шықты. Бұл бірінші, қазақ тіліндегі оқу құралы, оған ауыз әдебиеті шығармалары, өсімдік, техника атаулары енгізілді.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937жж.) қазақша оқу әдістемесінің негізін салушы. «Оқу ана тілінде жүргізілсін»-деген талапты бастаушы.
1912 жылы тұңғыш рет «Әліппе» жазды, ол халықты сауаттандырудың басты құралы болды. Бұл оқу құралы әрі сауат ашу, әрі ұлттық дүниетанымды іске асыру мақсатын қойды. 1926 жылы бұл «Әліппенің» жете өңделген жаңа түрі жарияланып, қазақ халқының сауат ашу мектебінің басты құралы болды. Әдіскер оқушыларға ереже жаттатудың тиімсіз екенін дәлелдеп, түсіндіру, талдау, қорыту тәсілдерін қолдануды ұсынды. Сол сияқты әдебиет сабағын оқытқанда әсерлендіру, талдау, бейнелеу, тұжырымдау тәсілдерін қолдану қажет екендігін «Қай әдіс жақсы?» деген мақаласында айқын баяндайды.
Халыққа білім беру ісі үшін халықтың (ұлттың) ана тіліндегі жазуы, оқу құралдары болуы керек. Міне, осындай өзекті мәселелерге Ахмет Байтұрсынов ереше мән беріп, ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негізде жаңадан құрып, оны жүзеге асыруға басшы болды. Халықты надандық түнегінен шығару үшін оған білім беру қажеттігін дәлелдеді. 1913 жылғы «Қазақша оқыту жайынан» деген мақаласында «бала оқытатын адам оған үйрететінін, оның көңіл сарайын, мұғалімдік ғылымды жақсы білу керек»,-дейді. Жүсіпбек Аймауытов (1890-1931жж.). «Тәрбиеге жетекші» (1924) деген еңбегінде баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білім берудің ишараттарын көрсететін педагогика бөлімі «дидактика» деп, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген. Жүсіпбек Аймауытов баланың ақылын, сезімін, ерік-жігерін, мінезін тәрбиелеу керектігін атап көрсетті. Балаға туған елдің салт-санасын, әдеп-ғұрпын көрсетуді ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға ерекшеге көңіл бөлді. Мағжан Жұмабаев (1893-1938жж.). Ол зейінді тәрбиелеу жолдарын көрсетті. Олар:

  • мұғалімнің қатты сөйлеуі;

  • суреттердің бояуының ашықтығы;

  • әсердің күштілігі;

  • затты көрсету, суретін салдыру, балшықтан сол затты жасату.

Баланың ойын бөлетін сабаққа қатысы жоқ заттар, мұғалімнен қорқу, не көзге түскісі келу сияқты сезімдер. Осы құбылыстарға жол бермеу үшін Мағжан Жұмабаев сабақтарды түрлендіруді, әсерді жаңалауды, оқуды енді бастаған балаларды 5-10 минут оқытуды ұсынды.
Сонымен дидактика бойынша көптеген жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар одан әрі жүргізілуде. Қазір дидактиканың алдында көптеген міндеттер тұр. Олар:
І-ХІ сыныптарға арналған жаңа оқулықтарды жазуды бітіріп, оларды мектепке енгізу; аз комплектілі мектептердегі, мектепке дейінгі мекемелердегі оқу процесін жетілдіру; білімдік процеске жаңа технологияларды енгізу; мектептегі компьютерлендіруді аяқтау; мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды жасауды аяқтау, оларды кезең-кезеңмен мектептерге енгізу; ерекше дарынды балаларды оқыту бағдарламаларын ғылыми негіздеу; білім беруді ізгілендірудің ғылыми әдістерін жасау.

1.2. Педагогикадағы дидактиканың алатын орны


Дидактикалық жүйе принциптерi - оқу үдерiсiнің көптеген заңдары мен заңдылықтарының бiрiгiмдi әрекеттерiнен құралып, мұғалiмдер мен оқушылардың iс-әрекеттерiн реттестiру қызметiн атқарады, сонымен бiрге барша пәндердi оқыту мен игеру барысында және оқудың барша кезеңдерiнде жалпы маңызын сақтап қалады. Жалпы мақсаттар мен заңдылықтарға сәйкес оқу мазмұнын, ұйымдасу формалары мен оқу әдістерiн айқындауда негiздеме қызметтерiн атқарушы тiрек (базисный) тұжырымдар.


Дидактикалық принциптер негiзiн қалаушы педагог-ғалымдар:
Я.А.Коменский – табиғи сәйкестiк (природосообразность) принципi. Қалғандардың бәрi осы принциппен орайлас келуi қажет.
А.Дистервег – оқу мазмұнына, оқушыларға талап принципi.
К.Д.Ушинский – мерзiмге сәйкестiк, бiрiздiлiк, толық сәйкестiк, тұрақтылық, бекiмдi игеру, түсiнiктiлiк, өзiндiк iс- әрекет, жеңiлдiлiк, дұрыстық принциптерi.
И.Гербарт – оқу мен тәртiп бiрлiгi, тәрбиелiлiк оқу, ақыл да- мыту, мұғалiм беделiн ұстану принциптерi.
Дж.Дьюи – белсендi оқу, оқушының өзiндiк танымы, шәкiрт еркiндiгi, мұғалiм жәрдемшi принциптерi.
Сурет 3. Қазіргі заманғы дидактикалық жүйе принциптерi

Ережелер – 1) жалпы принциптерге негiзделген педагогикалық iс-әрекеттердің нақты жағдайларда көзделген мақсатқа жету жолдарының сипаттамасы; 2) қандай да принциптi iске қосудың кейбiр қырларын ашып берушi басшылық тұжырымдар; 3) принцип талаптарын орындау бойынша мұғалiмнің нақты әрекетiне көрсетпе.


Оқу теориясының негiзгi құрылым бiрлiктерi – бұл ғылым тарапынан анықталған заңдар мен заңдылықтар. Бұл заңдар мен заңдылықтар құбылыстар, үдерiстер мен олардың нәтижелерi арасындағы жалпы, шынайы, тұрақты және қайталанып келетiн байланыстар мен тәуелдiлiктердің мәнiн ашады. Дидактика оқудың көптеген заңдылықтары және заңдарымен таныс, бiз олармен әр қилы мәселелерге орай кездесiп отырамыз. Дидактикалық үдерiстің негiзiн құрайтын аса маңызды және негiзгi заңдылықтар мен заңдар оқу при- нциптерi немесе дидактикалық принциптер деп аталады. Бұл принциптер арқасында оқу үдерісiне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мән-мағынасы ашылады, мұғалiмдер мен оқушылардың қызметтерi реттеледi, барлық оқу пәндерiн өтуде және оқудың барша кезеңдерiнде олар өздерiнің жалпы мәнiн сақтайды. Осыдан, дидактикалық принциптер (латын сөзі “негiз”) оқу үдерiсiнің жалпы мақсаттары мен заңдарына сай келетiн оқудың жалпы мазмұнын, ұйымдастыру формалары мен әдістерiн айқындаушы тiрек тұжырымдар жиынтығы. Дидактика тарихынан белгiлi болғандай, зерттеушiлер принциптердi ашу жолында елеулi табыстарды қолға кiргiздi. Ендi мұғалiмдердің мiндетi осы белгiлi принциптерге сай әрекет ете отырып, оқу сапасын жоғарылату мен оның тиiмдiлiгiн және берiктiгiн көтере түсу. Принциптер дидактикалық үдерiстің бiртұтас тұжырымдамасын құрай отырып, табиғи бiрлiкте әрекетке келедi. Қазіргі кезеңдегi оқу жүйесiнің iрге тасын Я.А.Коменский қалаған. Ғұлама – педагог пiкiрiнше, оқудың негiзi – табиғи сәйкестiк принципi, ал барша қалған принциптер осы табиғи сәйкестiкке сай бiрiздi iске асырылып барады.
А.Дистервег бұл жүйенi жаңа талаптарға негiзделген нақты ережелермен толықтырды. Бұл ережелер 1) оқу мазмұнына, 2) оқытушыларға, 3) оқушыларға қатысты болады.
К.Д.Ушинский тиiмдi оқуға қажет келесi шарттарды белгiлеп бердi: уақытқа сай болуы, бiртiндеушiлiк, табиғилық, тұрақтылық, игеру берiктiгi, анықтығы, оқушылардың дер бестiк әрекетi, жүктемелердің аса ауыр не өте жеңiл болмауы, дұрыстық. өз алдына әртүрлі мақсаттар белгiлеген дидактикалық жүйелерде бiр-бiрiне ұқсамас оқу принциптерi iске қосылады. Негiзгi тұжырымдары өткен баптарда жария етiлген Гербарт және Дьюи дидактикалары өзiндiк ерекшелiк терге ие болғанын бiлемiз. Бiз әңгіме еткен жаңа дидактикалық жүйе дәстүрлі (классикалық) және қазiргi заман оқу принцип- терiн пайдалануда байыптылық сипат танытады. Осыдан онда бiрдей уақытта көптеген заңдар мен заңдылықтар iске қосылып жатады. Оларды әр қилы жолдармен топтастыруға болады және олардан негiзгi тұжырымдарға сай көптеген жаңа жүйелердi ажыратып, бөлу мүмкін. Сондықтан да оқу құралдары мен әдістемелiк нұсқауларда оқу принциптерiнің әртүрлі жүйеде бiрiктiрiлген топтарын кездестiремiз. Егер дидактикалық принциптердің сiзге бейтаныс жүйесi қолданылып жатса – таңданбаңыз, мәндiк жағынан олардың бәрi бiр-бiрiне жақын. Бiздің оқулығымызда жаңа дидактика жүйесiне арналып түзiлген және педагогтардың көпшiлiгi тарыпынан қабылданған принциптер легi қарастырылады. Бұл принциптер жалпы танымал.
Қазіргі заман гуманистiк дидактикасында оқу принциптерi табиғи сәйкестiк басты принципiнің төңірегiнде жүйелi бiрiккен. Бұл жүйедегi дидактикалық талаптар төмендегiдей: 1) саналылық және белсендiлiк; 2) көрнекiлiк; 3) жүйелiлiк және бiрiздiлiк; 4) берiктiк; 5) түсiнiктiлік; 6) ғылымилық; 7) көңіл-күй; 8) теория мен тәжірибенің байланысы. Принциптер нұсқау-көрсетпе қызметтерiн атқарады. Олар мұғалiмге кейбiр жағдайларда қандай әрекетке келуi жөнiнде тек кеңес немесе сiлтеме берiп қоймайды, жалпы заңдылықтар ретiнде бұл принциптер педагогикалық әрекеттер бiрлiгiне негiз қалаумен бiрге олардың толық орындалуын та- лап етедi. Ғасырлар бойы тексерiлiп, сыннан өткен бұл принцип талаптарын бұзған мұғалiм ешуақытта да оқу мен тәрбиеде жоғары сапаға жете алмайды.
Принциптердi бiлу және оларды оқу-тәрбие үдерiсiнде толықтай iске асыру педагогикалық шеберлiктің негiзiн құрайды және ол педагогикалық бiлiктiлiктi анықтауда алдымен ескерiледi.
Педагогиканың принциптiк талаптары ережелер жүйесi арқылы iске асырылады. Ереже – бұл педагогикалық iс-әрекеттің нақты жағдайларда белгiлi мақсаттарға жеткiзу тәсiлiнің сипаттамасы. Көбiне оқу ережесi деп қандай да принциптi қолданудың жеке тараптарын ашып беретiн жетекшi тұжырымдарды түсiнемiз. Оқу ережелерi теориядан тәжірибеге өту “көпiрi” ретiнде танылған. Оларда мұғалiмнің көптегн ұқсас оқу жағдайларында қолданатын бiрдей әрекет тәсiлдерi берiледi. Ал кей жағдайларда – бұлар мұғалiмге қалай әрекет жасау немесе жасамау керектiгi жөнiнде нақты көрсетпелер бередi. Осыдан ережелердi бiлу қажеттiгi кейбiр педагогтардың қарсылығына душар болуда. Олардың ойынша, ережелерге бекiп, оларды сол күйiнде орындау мұғалiмдердің шығармашылық ынтасын дамытуға керi ықпал жасайды. Бұдан шығар қорытынды – басты назарды ережелерге байлап тастамай, оқудың жалпы тео- риясын игеруге және оны шығармашыл қолдану дағдыларын баулуға аудару қажет. Бұдан 10-15 жыл бұрынғы педагоги- ка оқулықтарында ережелер жөнiнде әңгіме қозғалмайтын. Ежелгi батыс, орыс мектебi, керiсiнше, осы оқу жұмыстарының ережелерiне көп көңіл бөлген. Өткен ғасыр басындағы мұғалiмдерге арналған оқу құралдарының бәрi мектеп өмiрiнің қалаған жағдайларына арналған шын мәнiндегi педагогикалық ережелердің, нұсқаулардың жинақтары болатын.
Саналылық және белсендiлiк принципi.
Аталған принциптің негiзiнде ғылым тарапынан анықталған заңдылық тұжырымдары жатыр – бiлiм мәнi өз ақыл ой белсендiлiгi арқасында игерiлген терең де әрi өз бетiнше ұғынылған бiлiмдерден құралады. Оқудың саналылық және белсендiлiк принципiн iске асыру барысында келесi маңызды оқу ережелерi сақталуы тиiс: – Алдағы жұмыстың мақсаттары мен мiндеттерiн анық түсiну – саналы оқудың қажеттi шарты: оларды оқушыларға көрсетіңiз, маңызы мен мәнiн түсiндiріңiз, болашақтағы қажетiн бала санасына жеткiзе бiліңiз. – Оқыту барысында оқушы не, нелiктен және қалай iстеу керектiгiн түсiнетiн болсын, сонымен оқу жұмыстарын қарадүрсiн орындамай, алдын-ала олардың терең мән, мағынасын ұғынсын. –
Көрнекiлiкпен оқыту принципi.
Бұл ежелгi замандардан қолданылып келе жатқан аса та- нымал және сезiмдiк түсiнiктi принциптердің бiрi. Оның негiзiнде келесiдей ғылыми заңдылықтар жатыр: адамның сезiм мүшелерi сырттай тiтiркендiргiштердi әртүрлі қабылдайды, адамдардың көбi көру мүшелерінің аса жоғары сезiмталдығына ие; қабылдағыш жүйке (рецепторлардың) орталық жүйке- жүйесiне бағытталған байланыс оптикалық каналының өткiзгiштiк қабiлетi өте жоғары; көру ағзасының (оптикалық ка- нал бойынша) миға келiп түсетiн ақпарат қайта таңбаланбайды, ол оқушы есiнде жеңiл, тез және берiк бейнеленiп қалады. Оқу тәжiрибесi көрнекiлiк принципiн қолданудың көптеген ереже- лерiн iске асырған.
Жүйелiлiк және бiрiздiлiк принципi.
Бұл принцип келесi ғылыми тұжырымдарды негiзге ала- ды: қоршаған орта болмысының айқын бедерлерi мида нақты бейнеленсе ғана, оқушы шынайы бiлiм топтай алады; ғылыми бiлiмдер жүйесiн қалыптастырудың басты тәсiлi – белгiлi жол- мен ұйымдастырылған оқу; ғылыми бiлiмдер жүйесiнің бiрiз- дiлiгi оқу материалының iшкi қисынымен және оқушылардың танымдық мүмкіндiктерiмен байланысты; жеке элементтер- ден тұратын оқу үдерiсiнің тиiмдi әрi жоғары нәтижеге жетуi ол үдерiсте орынсыз үзiлiстердің, ескерiлмей қалған қажеттi сәттердің болмауына және бiрiздiлiктің қандай да себептермен бұзылмауына тәуелдi. Егер дағдылар тиiстi жаттығулармен жүйелi бекiмесе, олар көп ұзамай жойылады; егер оқушылар қисынды ойлауға үйретiлмесе, олар өздерiнің ойлау iс- әрекетiнде үлкен қиыншылықтарға кезiгедi; егер оқу iсiнде жүйелiлiк және бiрiздiлiк сақталмаса, оқушылардың даму үдерісi бәсеңдейдi.
Ұмытылған бiлiмдер жүйе негiзiнде тез қалпына келедi, ол болмаған жерде – қайта жаңғырту үдерісi қиындасады. – Я.А.Коменскийдің “Барша нәрсе бiрiздi ажыралмас байла- ныста жүргізілуі тиiс: бүгiнгi кешегiмен бекiп, ертеңгiге жол са- луы қажет”. – деген кеңесiн бiр де бір есіңiзден шығармаңыз.
Берiктiк принципi.
Бұл принципте келесiдей заңдылықтар анықталған: бiлiм мазмұнын игеру және оқушылардың танымдық күш-қуатының дамуы – оқу үдерiсiнің бiр-бiрiне байланысқан екi тарапы; игерiлген оқу материалының берiктiгi ақылға сай жағдаяттарға, яғни бұл материалдың мазмұны мен құрлымына ғана тәуелдi болып қоймай, оқушылардың сол пәнге, материалға, мұғалiмге деген субъектив қатынастарына да орайлас; игерiлген бiлiмнің берiк болуы оқуды ұйымдастыруға, әрқилы оқу түрлері мен әдістерiн пайдалануға, сондай-ақ оқу мерзiмiне байланысты келедi; оқушылар жады таңдамалы сипатқа ие: қандай да материал оларды маңыздылығымен қызықтырса, сол материал берiк орнығады және ұзақ сақталады.
Түсiнiктiлiк принципi.
Түсiнiктiлiк принципi оқытудың көп ғасырлық тәжiрибесi талаптарынан туындайды: бұл, бiр жағынан – оқушылардың жастық даму заңдылықтарына байланысты келсе, екiн- шi жағынан – дидактикалық үдерiстi оқушылардың даму деңгейiмен сәйкестендiре ұйымдастыру және iске асыруға тәуелдi. Бала өзiнің ойлау деңгейiне, жинақтаған бiлiмi, ептiлiгi, ойлау тәсiлдерiне сәйкес келген дүниенi ғана түсiне алады. Түсiнiктiлiк принципiн iске асыруды, өз уақытында Я.А.Коменский өрнектеген классикалық ережелер: жеңiлден- қиынға, белгiлiден-белгiсiзге, қарапайымнан-күрделiге өту. Қазіргі заман оқу теориясы мен тәжірибесі түсiнiмдi оқытуда мiндеттi болған ережелер тiзiмiн кеңейте түстi: – Өтiлуге тиiс материалдардың бәрi әр жас қабылдауына сәйкес реттестiрiлiп, ұсынылуы тиiс. – Оқушы санасы қандай да пәндi қабылдауға дайын болуы қажет екендiгiн ұмытпаңыз. – Оқыту барысында балалардың табиғи мүмкіндiктерiн, олардың дайындығы мен даму деңгейiн арқау етіңiз. Балалардың өмiр тәжiрибесiн, қызығуларын, бейiмдiлiгiн, даму ерекшелiктерiн зерттеңiз және оқытуда ескеріңiз. – Оқу мазмұны және тәсiлдерi балалар дамуынан бiр шама алда жүретіндей болсын. – Оқушылардың әртүрлі топтарындағы оқу ерекшелiктерiн назарға алыңыз. Бiр тектi мүмкіндiктерi бар балаларды жiктеулi топтарға бiрiктiріңiз.
Ғылымилық принципі
Ғылымилық принциптің талабы – оқушылар игеруiне ғылым тарапынан анықталған бiлiмдердi ұсыну. Бастапқы мектеп- тiк бiлiмденудің де мiндетi осы ғылыми бiлiмдердi игерту- ге бағытталған. Оқудың ғылымилығы ең алдымен мектеп бiлiмiнің мазмұнына және оны қалыптастыру принциптерiн қатаң ұстануына; мұғалiмдердің мазмұнды толық iске асыра алуына тәуелдi; қабылданған бiлiмдердің ғылымдық сипаты оқу жоспарларында, бағдарламаларында өрнектелген, пән аралық байланыстарда iске асып барады. Көңіл-күй ескеру принципi.
Көңіл-күй ескеру принципi бала табиғатының дамуы мен оның iс-әрекетiне байланысты туындайды. Ұнамды көңіл- күйден адам жаны нәр алады, ой өрiсi сәуелелене түседi, оқу жеңiл, жылдам және жағымды сезiммен қабылданады. Егер оқушының кiтап оқуға зауқы болмаса, оны ауыр да азапты еңбек сипатында қабылдаса, одан табысты нәтиже күтудің өзi болымсыз iс. Сондықтан да оқу алдында баланың ұнамды көңіл-күйiн көтерiп, оны қуанышты оқиға ретiнде қабылданатын дәрiс жұмысына дайындау қажет. Ұнамды қатынас болмаған жерде оқу үдерісi өз ықпалының жартысын жояды. Ықыласы болмаған адамды оқыту – бос әурешiлiк.
Теория мен тәжірибені байланыстыру принципi
Бұл принциптің негiзiне дәстүрлі философияның ақиқат пен танымдық қызметінің дерек көзi – тұрмыс және іс-әрекет екен- дiгi туралы тұжырымы алынған. Орынды ұйымдастырылған тәрбие әрқашан өмiрдің өзінен тәжірибемен бастау алып, онымен тығыз байланыста болады, сонымен өсiп келе жатқан әулеттi, белсендi тiршiлiк қамына дайындайды. Оқудың өмiрмен, теорияның тәжірибемен тығыз байланысты болуы оқу мазмұнына, оқу-тәрбие үдерiсiнің келелi ұйымдастырылуына, оқудың тиiмдi формалары мен әдістерiн пайдалануға, еңбек пен политехникалық дайындыққа бөлiнген уақытқа, сонымен бiрге оқушылардың жас ерекшелiктерiне тәуелдi келедi.
Бiз дидактикалық принциптердi қарастырып, олардың iске асу ерекшелiктерiн әңгіме арқауы еттiк. Қорытындылай келе, айтарымыз: принциптер әрқашан белгiлi жүйеде, бiр уақытта, тығыз байланысқан күйде iс-әрекетте кешенді, түрде жүзеге асып барады. Оларды кезекпен немесе бiрiнің орындалуымен екiншiсiне тiзбектi өте, пайдалану мүмкін емес. Принциптер ара- сында басты не екiншi дәрежелiсi болмайды, әңгіме тек олар- дан туындайтын талаптардың ауқымдылығы мен жалқылық дәрежесi жөнiнде болуы мүмкін. Барша принциптер өзара тығыз ұштасқан, сондықтан бiрiнің талаптары, екiншi бiр принцип та- лаптарымен мәндiк жақындыққа түсiп жатады. Олардың бәрiнің де қызметi – бағыттау, оқудың сапалы нәтижелерiне жетудің жолдарын көрсету. Бiлiмдендiру iсiн гуманизациялаудың мәнi – баланың тән-дене және ақыл-ес мүмкіндiктерiн сақтау және дамыта түсу. Сондықтан оқу еңбегiнің нәтижесi оған жұмсалған оқушы күш-қуатының деңгейiмен салыстырылып, бағаланады. Принциптер баланың табиғи және әлеуметтiк мүмкіндiктерiн, күш салаулары мен еңбек нәтижелерiн қалыпты мөлшерлеп отырады, егер қандай да себептермен ауытқуға түспесе, олар арасындағы теңдiктің сақталғаны.
ІІ. Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ ДИДАКТИКАҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ.
2.1. Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарасының қалыптасуы

Ы. Алтынсарин-қазақ өлкесіндегі тұнғыш халық мектептері орыс-қазақ мектептерінің негізін салушы.Ол қазақ халқына жоғарыда айтылғандай білім берудің системасын жасап, оны мүмкіндігінше жүзеге асырды. Ол системаның бүгінгі таңда маңызы зор.


Алтынсарин системасында екі класстық орталық училище негізгі орын алды.Алты жыл оқитын екі кластық училищелер ұйымдастыру идеясыда өте орынды болды.
Осы сияқты білім беру жүйесі жақсара бастаған бастауыш мектептер көбейе бастады.70-жылдары төрт жыл оқытатын бастауыш мектеп типін чуваш бастауыш мектебі бойынша инспектор И.Я. Яковлев жасады. Чуваштың Симбирскідегі мұғалімдер даярлайтын орталық мектебі 6 жыл оқытатын 3 кластық еді. Ал Алтынсарин мектебі жалпы білім беруді мақсат етті.
Торғай уезіндегі 4 әрқайсысынан бір-бірден орталық училище ашты. Бұл училищелердің әрқайсысында 30 орындық қазақтың ер балаларына арналған интернат болды. Торғай, Ырғыз мектептері орыс қазақ мектебі деп аталды, себебі бұл жерде екі ұлт балалары оқитын. Тройцкідегі екі кластық және Ақтөбедегі бір кластық мектептерінде қазақ балалары ғана оқыды.
Осы 4 орталық училище қазақтың ең алғашқы мәдениет ошағы болды.Бұл мектептерді ашудағы Алтынсариннің ролін толық көрсететін, оның бұл істі жүзеге асыру барысында кездескен қиындықтарды баяндайтын материалдарға тағы бір тоқталайық. 1876 жылы Орынборға бұрынғы халық ағарту министрі граф Толстой Орынбор оқу округіндегі оқу орындарыын тексеруге келгенде, бұл өлкедегі қырғыздарға білім беру мәселесі талқыланды. Мұнда қырғыздарға орысша оқи- жаза білгізу, ол үшін қырғыз тіліне орыс алфавитін енгізу мәселесі негізгі әңгіме болды. Бұл кеңеске Орынбор өлкесінің бұрынғы генерал- губернаторы генерал- адъютант Крыжановский, Орынбор оқу округінің қамқоршы өкілі Лавровский, Қазақстандағы мұғалімдер семинариасының директоры Ильминсий және Торғай, Орал облыстарының губернаторлары орыс алфавитін қырғыз тіліне қолдануға әбден болатынын айтты. Бірақ далалық болыстарда ашылмақшы орыс- қырғыз мектептерінде оқу жұмысын жүргізе алатын қырғыз тілін білетін мұғалімдер жоқ еді. Ал мұндай мұғалімсіз жұмыс істеу балдармен қиын еді. Сол себептен Торғай, Орал облыстарындағы жақын қалалардың бірінде қырғыз мұғалімдер мектебін ашу жайлы қаулы алынды. 1879 жылы мектеп инспекторлығына Алтынсарин шақырылды. 1881 жылы Орск қаласында мұғалімдер мектебі құрылды.
Алтынсарин алғашқы кезде бірден орталық училище болып, мұнда 50 қазақ баласы және жергілікті орыс балалары жататын интернат болуын айтты. Бұл оқу орнына ол Қазан мұғалімдер семинариясын бітірушілерді мұғалімдікке шақыруды ұсынды. Мұнымен қатар Алтынсарин бұл орталық училищелер барлық жағынан, сыртқы көрінісінен де, оқу жұмысы жағынан да үлгілі болуын талап етті. Сонда алыс түкпірде ашылатын болашақ бастауыш мектептері бұлардан оқыту әдісінің жақсысынан үйреніп, онда жүретін сабақ түрлерінен, шаруашылық жағынан үлгі алар еді деп көрсетті. Сол себептен Алтынсарин болыстық мектеп қаражаттарын орталық училищелерге арналған берік тас үйлерге және оны жабдықтауға арнады. Барлық уездік қалаларда бір- бірден 2 кластық училищелер 5 жыл ішінде ашылып бітті. Бұл училищелер мұғалімдері өзі ұсынған Қазандағы мұғалімдер семинариясын бітірген мұғалімдер болып, ол өз істеріне өте жауапкершілікпен қарап адал істеп, жақсы нәтижеге жетіп отырған. «Қазақ даласында орыс- қазақ мектептерін көбейту мәселесін қызу қолға алу қажет, ол мектептер дүниеге ғылыми көзқарастың ұрығын сеуіп, халықтың дамуына кедергі болатын соқыр сенімдерді жоюға себепші болады. Бұл әлі де келе жатқан еш бір діннің ықпалына ұшырамаған халықтың әдет- ғұрпымен бірге салт- сананың сақталуына әсер етеді»- деп Алтынсарин жасаған оқу жоспарлары мен мектеп программалары әдеттегі бастауыш мектептердің оқу жоспарынан анағұрлым терең еді. Мысалға алар болсақ орыстың екі кластық мектебі мен қалалық училищесінің «қалыпты»оқу жоспарын келтірейік: 1) дін заңы 2) шіркеу жыры 3) шіркеу және азаматтық баспасөзді оқу 4) арифметикадан алғашқы мәліметтер.
Қалалық училищелердің оқу оқу жоспарында мынадай пәндер болды: 1) дін заңы 2) орыс тілінде оқу және жазу. 3) арифметика практикалық геометрия 4) сызу және сурет 5) отандық тарих және география.
Алтынсарин 4 орталық мектеп ашумен қатар болыстық және ауылдық мектептер түрін белгіледі. Ауылдық мектептерде берілетін білім дәрежесі болыстық мектептердің бірінші және екінші бөлімдерінен алатын білім дәрежесіндей болды. Ал қазақ қыздарына арналған тұңғыш мектеп 1887 жылы ашылған 20 орындық ырғыз қыздар училищесі еді. Мұнда білім берумен қатар қолөнерді де үйретті. Алтынсарин қазақ мектептері үшін мұғалімнің маңызы мен оны дайындау туралы мәселеге орасан зор көңіл бөлген «Біздің жұмысымызда,- деп жазды Алтынсарин,- қырғыз мектептерінің бүкіл болашағы, көбінесе қазір басталып отырған іске байланысты,- сол себепті мен қазір дүниеде жақсы мұғалімді бәрінен де жоғары бағалаймын. Халық мектептері үшін мұғалім бәрін шешеді».
Омскіде ашылған қазақтарға арналған мұғалімдер мектебі оның қол тумасы еді. Бұл мектепті 1886 жылы 12 мұғалім тұңғыш рет бітіріп шықты.
Халық училищелерінің инспекторы болған кезінде ол өзін мұғалімдердің ағасы досы деп санап, оларды жұмысқа шебер жұмылдыра білді: «Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін- өзі кінәлауға тиіс.Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлықпен сөйлесуге тиіс: шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек.
Алтынсариннің пікірінше, педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде, балалармен дұрыс сөйлесе білуінде. Үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті мектеп оқушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа және ой еңбегіне үйретуге тиіс, олардың білімге және орыс тілін білуге ынтасын мейлінше арттыруға тиіс.
Қазақ мектептеріне байланысты дидактикалық міндеттерді қоя білу және орындау саласында Алтынсарин үлкен табысқа жетті. Ол мектепте ұйымшылдық және тәртіп орнатып, оқу процесінде қатаң режим және оқушылар арасында тәртіп болуын талап етті. Алтынсариннің міндеттері мұғалімнің туралы нұсқаулары- оларға қалай оқыту керектігі, оқушылармен болатын байланыс, олардың қалай оқу керектігі- оның өз заманындағы методиканы терең және жан- жақты білгенін көрсетеді. Ауызша әңгіменің ойлау мен жазбаша жаттығулардың көптеген әдістері туралы түсіндірмесінде ол балалардың әрбір еңбегінің құр босқа ойсыз жаттауға жұмсалмай, мағыналы және жүйелі болуы керек екенін жазды.Әрі қарай ол балаларды тәрбиелеуде үстіртін және мардымсыз түсініктердің, шалағайлықтың болмауы керектігінескертті. Ол нашар оқыту мен нашар қарым- қатынас балалардың басын қатырып, шатастыратын ал, керісінше балалар сергек, олармен қарым- қатынас неғұрлым жақсы оқушылардың көңіл- күйіне әсер неғұрлым көп болса, сабақ соғұрлым табысты болатынын нақтылы мысалдар арқылы түсіндірді.
Алтынсарин қандай да болмасын оқулықтардың құнды жақтарын меңгеріп, оларды қазақ мектептерінде пайдалануға бар күштерін салды. Қазақтың тұңғыш педагогтарының бірі болған ол Ушинскийдің кітаптарын өте жоғары бағалады. Оның «Балалар әлемін алғаш рет баспадан шыққан кезінде – ақ, ол оны өзінің оқытушылық жұмысында пайдалануға асықты. Оның пікірі бойынша бұл оқулық әсіресе орыс емес балаларды оқытуға арналған деп тапты.
Оқу методтары мен балаларды оқыту тәсілдерін Ы. Алтынсарин мұғалімдерге олардың кең тәрбиелік мағынасында түсіндіретін. а) оқыту методтары- балалардың жүре келе мектепке, сабаққа кейіннен ғылымға, өз бетімен білім алуға құмарландыратын (ынталандыратын, ықыластандыратын) жол ә) сабақта балалардың ойлау қабілетін арттыратын жаттығулар қажет, мысалы, әңгіме, түсіндіру арқылы оқыту методы. Бұл көрнекілік заттарды және өмір фактілерін пайдалануға көмегін тигізеді: заттарды және құбылыстарды суреттеу, олардың қасиеттерін салыстыру, әр түрлі қортындылар жасау. Сондықтан да балаларда дұрыс ойлау қабілеті қалыптаса бастайды.
Сол заманның жағдайында, қазақ даласында, жапан түзде алдыңғы қатарлы орыс мектептерінің үлгісімен бірінші рет «халық мектебі» ашылған кезде, ол орыс білімінен, орыстың алдыңғы қатарлы мектебімен берік байланыс жасағанда ғана халықтың тіршілік тілегіне жауап берерлік мектеп бола алады.
Қазақ жастары үшін орыс оқу орындарына түсу орыстың бай мәдениеті мен ғылымын меңгеру—орыстың тілі мен әдебиетін білгенде ғана мүмкін еді. Осындай пікірді Алтынсарин да Абай Құнанбаев та айтқан болатын «орыс мектебі, орыстың ғылымы мен техникасы—бүкіл болашағымыздың кілті міне осында» .
Абай Құнанбаев бұл сөздерді Алтынсарин ашқан мектептерде оқыту тілі туралы мәселені шешуде анықтаған формула болды.
Абай Құнанбаев пен Алтынсарин жастар үшін өз ана тілін білуі және сонымен қатар орыс тілін меңгеруді де қажет деп санады.
Алтынсарин бастауыш мектепте және екі класты училищелерде сабақтың екі тілде жүргізуін ойластырды. Барлық оқу жылдарында оның жасаған хрестоматиялары бойынша орыс тілімен қатар қазақ тілі де оқылуға тиіс. Қазақтан шыққан мұғалімдер оқыту кезінде қазақ тілінің құралы етіп орысшадан қазақшаға және керісінше аудару арқылы пайдалануы керек.
Мектепте қазақ тілі мен орыс тілін қатар оқыта отырып, үш- төрт айдың ішінде айтарлықтай жақсы табыстарға ие болды. Егер орысша сөйлеу, орысша жазу және оқу оның өзінен асқан шеберлікті, қажырлылықты талап етсе, бұл міндетті орындауда ол «баланың соңынан қалмау керек» деп есептеді, ал ана тілін оқытуда ол оқушыға өз бетімен жұмыс істеуге ерік беруге болады дедеі.
Оның жеке ескертулерінен ( теориялық оқытумен тым әуестенбей, істі оқушылардың табыстарына, қабілеттілігіне қарай жүргізу) біз мынандай қорытынды шығарамыз : ана тілін меңгеру сауаттану, өзге тілді үйренумен салыстырғанда, оқушы үшін едәуір оңай міндет. Сонымен қатар көбінесе орыс- қазақ мектептеріне сегіз жастан емес, едәуір кешірек кейде 15-17 жастағылар түсетінін ескерту керек, кейбір оқушылар мектепке келгеннің өзінде- ақ сауатты болатын.
Алтынсариннің мектебінде ана тілін үйрету әжептеуір жоғары дәрежеде басталды. Балаларға неғұрлым түсінікті заттарды таныстырудың, осы заттарды қарапайым түрде суреттеудің қажеті болған жоқ. Алтынсариннің оқулығы неғұрлым қиын мазмұнды суреттеулер мен баяндаулардан басталады.
Балаларға оқу үшін ана тілінде қарапайым, қызықты, көңілді әңгімелерді, ертектерді, мысалдарды, өлеңдерді ұсына отырып Алтынсарин оларды осылар арқылы қызықтырды. Алтынсариннің хрестоматиясы тақырыптарының байлығымен және жанрлардың әр алуандығынан көзге түседі.
Алтынсариннің тұсында Қазақстнда педагогика ілімінің негізі Ыбырай Алтынсариннің қоғамдық, педагогикалық ғылыми көзқарастарының қалыптасуына белгілі ориенталист ғалымдар В.В.Григорьев, И.И.Ильминский, Я.П.Яковлев секілді орыс достарының ықпалы ерекше болды. Л.Н.Толстойдың, И.П.Паульсонның, К.Д.Ушинскийдің оқулықтарын өз хрестоматиясына үлгі етті.Ыбырай жаңа типті мектептер үшін оқулық жасау мәселесін 60-жылдардың басында-ақ қолға алды. Себебі қазақ арасында діни оқудың кең орын алғандығы, діни кітаптардың көптігі Ыбырайдың қазақ жастарына шын мәнінде білім мен тәрбие беруі үшін жаңа оқулықсыз жұмыс жүргізудің мүмкін еместігіне көзін жеткізді, жаңа оқулық жасау мәселесіне үнемі итермеледі. 1879 жылы шыққан «Қазақ хрестоматиясының» негізін осы кезеңнен ойластырған. Хрестоматияның пайда болуы Ыбырайдың ағартушылық қызметімен тығыз байланысты, бұл кітаптың жаңа ашылған мектептерге арналып жазылуының өзі мұны дәлелдейді. Ыбырай Алтынсарин бұл еңбегінде көркем шығармалары арқылы өзінің ағартушылық және педагогикалық идеяларын толық көрсетіп насихаттады.
Украин халқының белгілі шығыстанушысы А.Е. Крымский «Қазақстан түріктерінің әдебиеті» дейтін мақаласында ағартушы-педагогтың хрестоматиялық еңбегі жөнінде мынадай құнды пікір білдірген болатын «Через учителей и учеников хрестоматия Алтынсарина и вне школы получила самое широкое распространение и сильно послужило к возбуждению национального духа у казахского народа».
«Қазақ хрестоматиясы «К.Д. Ушинскийдің «Балалар жемі» және басқа да (мысалы Л.Н.Толстой «Әліппе жазу және оқу кітабы». Б.Ф.Бунаковтың «Грамматикалық элементарлық курсы, Тихомировтың) орыс классикалық педагогикасының үлгісінде жасалып, мынадай бөлімдерден тұрады.

  • тақпақтар, балаларға арналған әнгіме ертегілер, оқушылардың туысқандарына хат жазуы үлгісі.

  • үлкендерге арналған әңгімелер.

  • ауыз әдебиеті үлгілері.

  • мақал мәтелдер.

Хрестоматияға енгізілген шығармалар балалардың жас ерекшелігін ескеріп, жоғарыда айтып өткен оқу, еңбек тақырыптарына толық тоқталған.
Ы. Алтынсариннің хрестоматиясының бірінші бөлігін жазған кездегі өріс алған әдеби творчествосы өзі болжағаннан асып түсті. Бұл жайлы профессор Қ. Жұмашев пен жазушы С. Мұқанов былай деп жазған еді: «Абай Құнанбаев пен Ы. Алтынсарин шығармаларында негізгі әдіс реалистік әдіс болып табылады».
Балаларды ана тілінде оқытуда Алтынсарин белгілі мөлшерде Л. Н. Толстойдың методикалық көзқарастарын ұстады, сөйтіп ана тілінде оқуға және жазуға үйретудің дайындық сатысында көп тоқтау қажетсіз деп санады. Мұндай дайындық оқушылырда өзінен- өзі пайда болады. Оқушылар өздері ең жақсы жол іздеп табады.
Әрине баланың рухани күші мен мүмкіншіліктеріне тым сенушілікпен келісуге болмайды, оның салдарынан ана тілі қажетті системалы жаттығулар жүйесінсіз және грамматикалық формалар системасыз оқытылады. «Тіл сезімін» дамыту, оқушылардың мектеп қабырғасына келгендегі сөз қорын әрі қарай байыту, әрине оқушының басқаруымен сабақ пен жаттығудың әбден ойланған системасын талап етеді. Алтынсарин мектептегі оқытуда орыс графикасына негізделген жаңа алфавитті( әліппені) тұңғыш рет қолданды. Бірақ жаңа алфавитке көшудің табысты болуы, оның пікірінше, бұл алфавит нағыз бұқаралық баспасөзде—халыққа арналған оқу құралдарының қаруы болғанда ғана қамтамасыз етілуі мүмкін еді.
Ол халыққа арналған кітаптардың араб алфавитімен басылуы мүмкіншілігін теріске шығарған жоқ.Айта кететін бір жай, сол замандағы мектептерде оқушылар шариғат ( дін) негіздерін өтуге мәжбүр болды, соған байланысты араб жазуын меңгеруде қажет етеді, бірақ мұның өзі мұғалімнің міндетіне кірмейді.
Орыс тілін оқыту жөнінде Алтынсарин, өзінің замандастарын грузин, армян, татар, чуваш мектептерінің алдыңғы қатарлы қайраткерлердің бәрі дәл осындай көзқараста болған еді.
«Балаларды үйде сөйлейтін сөзімен оқыта бастайды, -- деп жазды Ушинский --- бұл күмән жоқ ақылға сиымды іс, сонымен қатар мұның адамгершілік мәні де аз емес». Оның пікірінше өзге тілді үйрету, «балалардың бойына ана тілінің әбден сіңіскені байқалғанша ешбір басталмауға тиіс.
Орыс тілін алғашқы оқытудың методикасын Алтынсарин өзінің «Қазақ мектептерінде орыс тілін оқыту жөніндегі оқу құралында» баяндаған ( ол Орынбор қаласында 1897 жылы басылып шыққан) Қазіргі кезге дейін өз құнын жоймаған Алтынсариннің оқытушыларға арналған құралынан негізгі методикалық нұсқауларын келтіріп өтейік: Орысша бірден- бір сөз білмейтін қырғыз балалары орыс мектептеріне оқуға түскенде оқытушылар әдетте оларға орыс тілін үйретуден неден және қалай бастау жөнінде қиыншылыққа ұшырайды. Өзінің ана тілін білетін орыс балаларына арнап жазылған құралдар әрине бұл тілді білмейтіндерге сай емес, сол себепті және лайықты оқу құралдарының жоқ болуына байланысты мұғалімдер оқуға жаңа түскен оқушылар үшін қолжазба сөздіктер құрастырады, немесе оларға түсінбеген жерлерін сұрай отырып, орыс кітабын оқытқызады.
Ал оқытудың мұндай тәртібі, бір жағынан, оқытушылардың жұмысын өте ауырлатып, істі мейлінше баяулатады, екінші жағынан оқушылардың тек оқу қабілетін дамытып, орыс тілін үйренуіне барынша зиянын тигізеді, асылында орыс тілін үйрету орыс- қырғыз мектептері мұғалімдерінің басты міндеті болуға тиіс.
Біздің пікірімізше, қазақ балалары үшін олардың орыс кітаптарын оқып және оқығанын түсіндіріп айтып беруден бұрын, жеке сөздерді және сөздерді және негізгі грамматикалық ережелерді түсінуге бірсыпыра системалы әзірлік керек. Мұндай алдын- ала жасалған дайындық болмайынша оқушылардың ұғымы шатасып кетуі мүмкін: балалар қандай болмасын грамматикалық ерекшелікке байланысты анық ұғым жасай алмайды. Олар көп уақытқа дейін «она» деудің орнына «он» деп «иду» деудің орнына «шел» деп сөйлейтін болады.
«Оқу құралы бойынша оқытқанда,- деп жазады Алтынсарин өзінің мұғалімдерге берген нұсқаулары мен кеңестерінде – балалар берілген сабақты және грамматикалық негізгі ережелерді, қазақ тілінің ережелеріне ұқсас мысалдар мен теңеулер арқылы неғұрлым оңай сөздермен түсіндірілетін грамматикалық негізгі ережелерді, қазақ тілінің ережелеріне ұқсас мысалдар мен теңеулер арқылы неғұрлым оңай сөздермен түсіндірілетін грамматикалық негізгі ережелерді үлгермейінше алға кетпеу керек: Көркем жазуда оларды анық жазу қабілетіне, әріптердің формасын жақсылап жазбайынша алға жібермейміз.
Оқыту жұмысы мағынасыз болмауы үшін біз оқылған сабақтың мағынасын түсіндіреміз, ал таныс емес сөздерді жаттап алуы үшін оларға таныс емес сөздерді жазып алатын дәптер береміз, бұл бірақ оқушылар емін- еркін оқи алатын болса ғана ( мұғалім А. А. Мозохинге 1881 жылғы 17 апрельде жазған хаттан).
Сол заманның көрнекті методистері – Н. А. Корф, В. В. Водовозов, Д. И. Тихомиров., Н.Ф.Бунаков- тек орыс мектебінде бастауыш оқыту методикасының дамуына үлкен роль атқарып қана қойған жоқ, сонымен қатар, олар орыстан өзге халықтар мектебінің алдыңғы қатарлы қайраткерлеріне де өзіндік ықпалын жасады.
Қазақ балаларына орыс тілін оқытуға арналған дербес оқу құралын жасай отырып, Алтынсарин кітап бойынша жаттауды керек деп санамайды. Орыс тілін алғаш үйрету, оның пікірінше дұрыс сөйлей білуді, көрнекті сөз запастарын жинақтауды қамтамасыз ететін қызықты әңгіме айту, сөйлесу құралдарынан, сабақтарынан құралуға тиіс. Оқушы сөйлеу материалының белгілі бір мөлшерде меңгеріп орыс сөздерінің ең жеңіл ерекшеліктерін ажырата білу керек. Тек осындай алдын- ала жасалған дайындықтан кейін ғана әліппеге көшуге болады.
«Мектеп- қазақтарға білім берудің басты құралы, олар қазақ даласының кез- келген жеріне ретсіз орнатыла салатын болса, ешбір пайда келтіре алмайды. Артта қалған халықты білімге қызықтырып, тарту үшін мектеп бітіргендерге қай жағынан болса да бір артықшылық берілуі керек, қазақ халқының келешегі тек осыларда» деп Алтынсарин мектеп жағдайының жақсы болуына алаңдап, сапалы білім беру үшін мұғалімдердің өз дәрежесі болуына артық мүмкіншіліктер туғызуын талап етті. «Сонда ғана оқушылардың саны тез арада өсетіні даусыз, ал Ордада мұндай оқушылар көбейіп, ғылымды бойға сіңірсе, дүниеге деген көзқарасын түзетсе, олар бүкіл халыққа да әсер етеді, сонда фанатизмнің күл талқаны шығады» дейді 1871 жылдың 31 тамызында Н. И. Ильминскийге жазған хатында .
Ұлы ұстаз мектеп ашып оқу- тәрбие жұмыстарын жүргізуде орыстың сол кездегі Бунаков ашқан Петин мектебі ( Воронеж мектебі) Н. А. Корфтың бастамасы мен Екатеринослаф губерниясының Александр уезінде ұйымдастырылған мектептер және А. Н. Толстойдың Ясная Полянадағы мектептерін үлгі тұтты.

2.2 Ы. Алтынсариннің әңгімелері мен өлеңдеріндегі дидактиканың тәрбиелік идеясы




Кітаптың беташары оқуға шақырудан басталып, оның әлеуметтік мәнін түсіндіру болса, сонымен қатар негізгі тақырыбының бірі - еңбек. 
«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде, ең кішкентай жәндіктердің де өмір, тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүретінін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. Қарлығаш, өрмекші құрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа дейді. Мысалы, Ыбырайдың «Әке мен бала»- деген шығармасында мынадай мәселе қарастырылады: «Бір адам он жасар баласын ертіп, егістен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: «ана тағаны, балам, ала жүр», - деп. Бала әкесіне: «Сынып қалған ескі тағаны не қылайын», - деді. Әкесі үндемеді. Тағаны өзі іліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайырылып, тағаны соларға 3 тиынға сатты. Одан біраз өткен соң, шие сатып отырғандардан 3 тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірлеп алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре береді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артынан келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен. Жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, одан біраз өткен соң және бір шие, сонымен, бала әрбір шие тастаған жерге бір еңкейіп, шие теріп жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты: «Көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір ғана іліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп, бір еңкеюдің орнына, он еңкейдің. Бұдан былай есіңде болсын, «аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың», - деді». 
Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, «аз жұмысты қиынсынып», бойкүйездікке салынушылық өмірде көп кездеседі. Бұл - жақсы әдеттің нышаны емес. Сондықтан балаларды жастайынан-ақ бойкүйездікке, жалқаулыққа қарсы еңбекке тәрбиелеу мәселесіне Ыбырай ерекше көңіл бөлген. Жастарды еңбек етуге дағдыландыруды үгіттеген оның басқа да әңгімелері аз емес. 
Жазушы «Атымтай жомарт»-әңгімесінде еңбекті дәріптейді. Ешнәрсеге мұқтаждығы жоқ Атымтай еңбектен ұдайы қол үзбейді. Бұл ел аузында ертегі-жыр болып кеткен, ежелгі араб жұртының әңгімесі болатын. Ыбырай осы ел аузындағы ертегіні балаларға арнап, әңгіме ұсынды. Әңгіменің идеясы да, кейінгілерге үлгі боларлық жағы да Атымтайдың сөзінен анық көрінеді. Атымтай бір сөзінде: «Күн сайын өз бетімнен тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады екен», - дейді. 
Алтынсаринның тәрбие жөніндегі негізгі тақырыбының бірі - талап. Талап етіп талпынбаса, адам баласы ешбір алға баспаған болар еді. «Талапты ерге нұр жауар»-деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған пікір. Жастық шақ - жігер, қайраттың толы кезі. Бойдағы жасырын талант, өнерлерін жарыққа шығарып қалатын кез де осы. Ол үшін талап керек. Әр нәрсені де жігермен істе, өзіңнің не нәрсеге қабілетің, ыңғайың бар, қолыңнан не келеді, соны жақсы біл, қай өнердің соңына түссең, әрі өзіңе, әрі қоғамға пайда келтіре аласың, талаптан да таңдап ал дейді. Кейде талаптың, жігердің жоқтығынан жап-жақсы өнердің жарыққа шықпай кетуі де мүмкін. Сондықтан өз талабыңмен өрге шық дегенді айтады. Міне, Ыбырай «Талаптың пайдасы»- деген әңгімесінде өзінің осы пікірін, негізгі идеясын жеткізіп бере алды. Әңгіменің мазмұны мынадай: «Даңқты І Петр шіркеуге барып ғибадат етіп тұрғанда, сурет салып жатқан бір баланы көреді де, оның не жасап жатқанын сұрайды. Бала: «Сіздің суретіңізді салып жатырмын», - дейді. Петр суретті көрсе, мәз еш нәрсесі жоқ екен. Бірақ ақылды Петр патша ол баланың суретке талабы бар екенін аңғарып, сурет салуға үйрететін орынға бергізеді. Кейін сол бала үлкен суретші болады». 
Жазушының бұл арадағы көздегені - Петрдің ақылдылығын көрсету ғана емес, жас баланың талабын, сол талаптың арқасында неге қол жеткендігін көрсету, кім талап етсе, сол мақсатына жететіндігін дәлелдеу. 
Ыбырай жас ұрпақтарға дұрыс тәрбие беру, оларды жас кезінен дұрыс баулу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Баланы дұрыс күт, түзу тәрбиеле, қисығын түзе, адасса айқын жолға сал деді. Бұл жөнінде де елге үлгі боларлық әңгімелер жазды. Ыбырай осы тақырыпта жазған бір әңгімесінде: «Жаздың бір әдемі күнінде бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағашты көріп жүрді. «Мына ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неліктен қисық біткен?» - деп сұрады баласы. «Ата-анаңның тілін алсаң, ана ағаштай сен де түзу болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық ағаштай бағусыз өсерсің. Мынау ағаш бағусыз өз қалпымен өскен», - деді атасы. «Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой», - деді баласы. «Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, бұдан сен өзің де ғибрат алсаң болады, сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате жеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық біткен ағаштай қисық өсерсің», - деді. 
Бұл әңгіменің оқушылар үшін де, оқытушылар үшін де үлкен тәрбиелік мәні бар. «Балан жастан» дегендей, оған жас күнінен түзу тәрбие беру оның болашақ өмірі үшін керек. Есейіп кеткен соң қисығын түзеу қиынға түседі. Кейде сол қисаюмен барып, мерт болады. Ыбырайдың бұл әңгімесі қазіргі мектеп балаларын тәрбиелеу үшін де үлгі бола алады. [3]
Махаббат, мейірімділік туралы, әсіресе, «Мейірбанды бала», «Шеше мен бала», «Аурудан аяған күштірек» деген үш әңгімесін алуға болады. 
Махаббат, мейірімділік ата мен ананың үй-ішіне деген махаббатынан басталады. Адамгершілікті ту қып көтерген ұлы адамдар да алдымен өз атасын, өз туғандарын сүйеді. Олардың кейбіреулері өсе келе тек «атасының баласы болмай, адам баласы» бола біледі. Тек өзіме ғана болсын деген мещандық көзқарасты аттап өтіп, адам деген ардақты атқа ие болушылардың шын бақыты үшін қол созады. 
«Мейірімді бала»-әңгімесінде 13 жасар қыз патшаның үкімі бойынша қолы кесілуге бұйырылған әкесі үшін патшаға арыз етіп, өз қолын кесуге ұсынады. Қыз: «Тақсыр, жұмыс жасап, бала-шағаларын асырайтын атамның қолын қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз», - дейді. Мұнда жас қыздың тек қана атасы емес, анасы мен бауырларына деген де махаббаты суреттеледі.
Ананы қандай түрде бағалап, қалай сүюдің айқын үлгісін жазушы «Аурудан аяған күштірек» деген әңгімесінде айқын көрсеткен. Бұл әңгімеде аяғы сынған Сейіт деген бала жанына аяғының ауруы қанша батса да, анасын ренжітпеу үшін қабақ шытпағандығы айтылады. Автор бұл көріністі былай суреттейді: «Сейт орам-ораммен жүгіріп бара жатқанда, бір арбалы келіп, аңдаусыз соғып кетіп, аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан баласын көріп, шошынғаннан шешесі талып қалыпты. Мұны көрген соң Сейіт жыламақ түгіл, сынған аяғын орнына салып таңып жатқанда да дыбысын шығармай, қабағын да шытпай жатты. Сонда сынықшы кісі: «Аяғың ауырмай ма, қабағыңды шытпайсың?» - деп сұрайды. Сейіт шешесі шығып кеткен соң, демін алып, сынықшыға сыбырлап: «Ауырмақ түгілі, жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып жыламасын деп жатырмын», - деді. 
Сейіт шын мәнінде мейірімді бала болып суреттеледі. Мұндай жастарда жалпы адамды сүйетін жақсы мінездің біртіндеп өсетіндігі сөзсіз. Бала кезінен әлпештеп өсірген анасының қадірін білген жас, алақанына салып аялап, тәлім-тәрбие беріп отырған ұлы анасы - Отанын сүйетін, ол үшін де өз жанының ауырғанына ыңқ етпейтін нағыз отаншыл болып шығады. Ыбырайдың бұл әңгімесінің идеясы - осы. Бұл әңгімені осылай түсінсек қана Сейіттің мейірімді мінезін дұрыс түсіне аламыз. Тәрбие мәселесін сөз қылғанда, ерекше тоқтап өтуге керекті мәселенің бірі - Ыбырай еңбектерінде түрлі елдердің мәдениет майданындағы өзара достық қарым-қатынастарды да бейнелеп отырады. Ыбырай балаларға шетелдің жақсы адамдарын үлгі етуі - оның жалпы адам баласының достық идеясын аңсағандығын көрсетеді. 
«Бай баласы мен кедей баласы» атты Алтынсаринның әңгімесінде, бізше, үлкен идея бар. 
Ғасырлар бойы еңбекшілерді қанап, халықты қанауды ата мирасындай көріп, соның арқасында үлде мен бүлдеге оранып өскен бай баласының басына күн туғанда дәрменсіздігін суреттеу арқылы жазушы сол қоғам құрылысының тамыры шіріп, оның адамдары өмірдің жасаушысы, күресушісі емес, бишарасы, үстемдік етуші таптың үлкені - жауыздық пен қаярлықтың қапшығы да, жасы - мүгедектіктің бейнесі деген қорытындыға келетін сықылды.
Шығармасының бас кейіпкері етіп, бай баласы мен кедей баласын алуының өзінде үлкен сыр жатыр. 
Егер оның көздегені тек Үсеннің ақылдылығы, Асанның ақылсыздығы, яғни бір жастағы балалардың бірі ақылдырақ, екіншісі ақылсыз болуы мүмкін екендігін көрсету болса, онда оларды екі таптан шығарудың қажеті болмас еді. Жазушының бұл жерде көрсетейін дегені - биологиялық, не психологиялық мәселе емес, әлеуметтік мәселе. Асанның есі дұп-дұрыс, дені де сап-сау. Бірақ оған қарағанда, Үсен көш ілгері жатыр. Өмірмен бетпе-бет келгенде, Асанның әлсіз, мүгедектігіне кінәлі де, Үсеннің өз құрдасынан асып түсіп, бетпе-бет келген өмір қиыншылығымен алыса кетуіне негіз де тұрмыс. Өз бетімен жерден еңкейіп шөп алмай өскен Асанды өскен ортасымен ақысыз-пұлсыз асыраған тұрмыс өз бетімен күн көруге келгенде әлсіздікке, бишаралыққа ұшыратса, әкесін де, өзін де өз күші, өз еңбегімен күн көруге дағдыландырған қиыншылық тұрмыс кедей баласы Үсенді күрес ері етті. Асан да, Үсен де жай ғана алына салған балалар емес. Бір - бай баласының, екіншісі - кедей баласының типі. 
Жазушы өз ортасынан үздік шығатын бірен-саран ақылды, талантты Үсендердің, не ақылсыз Асандардың да болу мүмкіншілігін, әрине, жоққа шығармайды. Бірақ ол бай балаларының көпшілігіне тән мінез Асанда, кедей баласының көпшілігіне тән мінез Үсенде деп, оларды өз орталарының кейіпкері - типі етіп көрсетеді. 
Әңгімені абайлап оқушыға жазушының симпатиясы Үсен жағында. Мұны олардың іс-әрекеттерін суреттеуінен де, диалогтарынан да көру қиын емес. Жазушы болашақ та кедей баласы Үсенде деп біледі. Асан мен Үсен образына байланысты және бір айта кететін нәрсе, бай баласы мен кедей баласын салыстырғанда, алдыңғысы ақылды, соңғысы ақылсыз келеді деген ескі ұғымға да жазушы соққы бере кетеді. Сөйтіп Алтынсарин «Бай баласы мен кедей баласында» өз кезіндегі қазақ даласындағы, Обломов, обломовшылдықтың кішігірім бір көрінісін суреттеу арқылы соны туғызып отырған негізгі себептердің бетін ашып, оқушыларын оған қарсы тәрбиелейді. 
Ы.Алтынсариннің өзінің ұстаздық қызметіне байланысты қазақ жастарын оқытып тәрбиелеу мәселесін ең негізгі, басты мәселе деп есептеді. Халқы үшін қызмет ететін білімді адамдардың қатарын кебейту арқылы қазақ қогамының мешеулігін жоюға боладысондықтан жастарды оқытып, тәрбиелеуден, тәрбие ісінің құдіретінен артық ешнәрсе жоқ деп түйеді Ыбырай Адамның жан-жақты қалыптасуының негізгі көзі тәрбие екендігін ол «Бақша ағаштары» деген әкгімесінде өте жақсы көрсеткен: «Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ — дейді бір әке өз баласына,— шырағым, мұнан сен де өзіңе тәлім алсаң болады, сен де жас ағашсың, саған да күтім керек, мен сенің қате істерінді түзеп, пайдалы істерге үйретсем, сен менің" айтқаныңды ұғып,орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің, бағу-сыз, бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық ағаштай қисық өсерсің».
Әкесінің баласына айтқан ақылын баяндайтын осы әңгімеде үлкен мән бар. Егер ата-ана тарапынан дұрыс тәрбие берілсе, оны балалар дұрыс қабылдайтын болса, онда мұндай тәрбие баланың жақсы адам болып шығуына жағдай жасайды. Адам тәрбиенің нәтижесі. Ол өмірге пешенесіне не жазылса сонымен келмейді, онын тағдыры туысынан белгіленбейді. Адамдық қасиеттін қалыптасатын жері — өмір талқысы, әрекет ету, тәрбие. Күн мен Ай бәрімізге ортақ, бәріміз де адамнын баласымыз, ешкімді біріңнен бірің артықсың деп айыруға болмайды — дейді Ыбырай бір өлеңінде. Бірақ осы пікірдің де бір қате жері бар. Ол адам психологиясының қалыптасуындағы саяси-әлеуметтік, қоғамдық-тарихи факторлардың шешуші ролін жете түсіне алмауы.
Ы.Алтынсариннің ойынша адамның сана-сезімін негізінен тәрбие билейді де, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» болып қалыптасуын материалдық өмір жағдайларымен емес, идеалогиялық факторлармен, ағартушылық әрекетпен тәуелді еткісі келеді. Ыбырай Алтынсарин шығармаларында көтерілген екінші бір өзекті мәселе: жастарды түрлі жақсы қасиеттерге баулу, жаман қасиеттерден жирендіру мәселесі. Ы. Алтынсарин өз шығармаларында жас өспірімдерді адамгершілік қасиеттерге баулып отыру мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті деп дұрыс түсінді. Осы идея Ы. Алтынсарин әңгімелерінің негізгі арқауы. Мәселен, ол жастардың байқағыштық қасиетін арттыру, жетілдіру мақсатын көздеп, өзі құрастырған Үнді ертегісінен мынадай бір үзіңді енгізген: «Біреу арашқа іліп қойған етін ұрлатып альіп, айналасына жар салады: аласа бойлы, қолында қысқа мылтығы бар, соңында тарақ құйрық кішкентай иті бар, бір қарт адам көрдіңіз бе?—деп. Бұл кісіні әркім көрген екен, сілтеумен барып тауып, ұрысын ұстапты-мыс, Ауылдас адамдары үндістен: «үрының түсі-түгін қайдан білдіңіз?» деп сұрапты. Сонда үндіс айтты дейік Ұрының аласа бойлы екенін білгенім, менің қолыммен ілген етімді ол ағаштан аяғының астына тас қойып, соның үстіне шығып алыпты. Қарт екенін білгенім, жүргеңдегі ізінен байқадым: адымының арасы тым жақын екен. Мылтығының қысқа екенін етімді ұрларда мылтығын ағашқа сүйеп. қойған екен, сонда мылтықтың аузы ағаштың кішкене қабығын жырып кетіпті, жер мен сол жыртылған қабықтың арасыа шамаладым. Ұрының қасында иті бар екенін белгенім : етімді ұрлап жатқанда, ит анадай бір құмайттырақ жерде отырған екен, соның құмға түсіп қалған ізінен және бұлғаңдатқан құйрығының табынам байқадым- депті – мыс.
Ы. Алтынсарин осы үзіндіде байқағыш болудың адам өмірінде оның дүние танымында қанша маңыз алатынын , тіпті мұндай қасиет , білімі жоқ бірақтәжірибесі бар адамдардың басында да біртіндеп қалыптасатын сөз етеді де, жастарды өмірді зерттеп білуге байқағыш ізденімпаз тәжірибелі болуға меңзейді.
Осындай психологиялық мәнге толы әңгімелердің жас өспірімдер үшін тәрбиелік мәні аса зор. Мәселен «Аурудан аяған күштірек» деген әңгімеде адамның шыдамдылық, төзімділік сияқты тамаша ерік-жігер қасиеттері, олардың сыр-сипаты сөз болады. Абайсьізда бір баланы арба қағып кетіп, аяғын сындырады. Шешесі мұны көріп есінен танады. Осыны сезген бала жалам –жан жылағанын қойып тіпті сынған аяғын салып жатқанда да дыбысын шығарып, қабағын шытпайды. Бұғн қайран болған сынықшы:—Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпадың ғой — депті. Қасында шешесінің жоғын көрген бала:—Ауырмақ түгіл жаным сөзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып жүдемесін деп, шыдап жатырмын -депті.
Адам өмірінде әдеттің алатын орны ерекше. Істеген істің, жүріс -тұрыстың, демалыстық яғни өмірдің сан саласының қай-қайсысы да жиі-жиі қайталана келе біртіндеп әдетке айналып отырады. Бірақ әдеттің де әдеті. бар. Адамда жарамды, жақсы әдеттермен қатар, қарамсыз, жаман әдеттер де болады. Мәселен, салақтық — жаман әдет. Одан тәнге де, жанға да рахмет жоқ. Осы айтылғанға орай Ы. Алтынсариннің «Салақтық» атты әңгімесі жарамсыз әдеттің адамға зиянды екендігін жақсы көрсетеді. Кәрім деген жас жігіт жұмысқа ыждағатты болғанмен, жуынып, таза - жүруді түймейді екен. Кірінді неге кетіріп жүрмейсің дегендерге: қолым тимейді деп өте шығады екен. Сөйтіп жүргенде оның тұла бойын шиқан қаптап, қотыр болады. Кейіннен оны емханаға салып жуындырып, таза киіндіріп, жарасын емдеп жазады. Бірақ «Ауру қалса да әдет қалмайды» дегендей Кәрім баяғы әдетінен арыла қоймайды. Бір күні қожасы Кәрімге бір бояуды былғап қой деп бұйырық беріпті, Былғап отырған кәдімгі үйренген қалыбынша қолын жумастан барып тамаққа отырып нан жейді. Қолындағы бояудың жұғынын бәрі де жеп отырған нанына жабысып отырғанда, бірмезгілде Кәрімнің іші бүрісіп ауыра бастапты, әрлі-берілі, олай-бұлай аунақшып біраз жатып, Кәрім ұзамай-ақ жан тапсырыпты,— әлгі бояу у екен. 
Бала жанының зергері Ы.Алтынсарин әңгімелерінің бәр-бәрі де бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне орай тілі жеңіл, мазмұны тартымды, олардың жан дүниесіне асер етерліктей етіп берілген. Осы әңгімелерді мұғалімдер мен ата-аналар балаларды ұқыптылық пен сабырлылыққа шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу мақсатында пайдалануға болады. Мәселен, оның «Салақтық» сияқты әңгімесі балаларды жарамсыз әдеттен жирендіру, талабында жүргізілетін «Жирен жаман әдеттен» циклі үшін таптырмайтын тақырып.
Ыбырай еңбек процесінің бала тәрбиесіндегі ерекше маңызын көре білді. Сондықтан оның көптеген әнгімелерінің идеясы, Абай айтқандай, «Еңбек етсет ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген қағиданың төңірегіне топтасқан. 
Мәселен, «Бай мен жарлы баласы» деген әңгімесінде Үсенді тапқырлыққа, табандылыққа үйреткен тұрмыс тауқыметі -еңбек екендігін, сол себепті оның болашағы жарқын, өмір сүруі адал болматындығын көрсете келіп, жастайынан еңбексіз өскен бай баласы бос белбеу болбыр Асанды барынша келемеждейді. Ы. Алтынсарин осы іспеттес әңгімелерінде еңбек процесінің адамның сана-сезімін, психологиясын қалыптастыруда ерекше орын алатынын жақсы түсінген.
Ыбырай еңбек сүймей, жалқау болып өскен адамдар қулық-сұмдықпен күн көруді езіне мақсат ететінім, ал мұның өзі барып тұрған жексұрын қасиет екендігін, олай болса үлкендер балаларды кішкентайынан еңбекке баулу қажеттігін естерінен шығармауын ескертеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, жас өспірімдердің басында кездесетін түрлі жаман мінездерді семьядағы тәрбиемен терең астастырады. Ы. Алтынсарин көтерген психологиялық мәнді мәселслердің енді бір тобы оның методикалық пікірлерімен астасып жатады. Адамгершілік мінез-құлқына баулитын кейбір шығармаларына тоқталсақ:
Ыбырай шығармалары оқушыларды неге тәрбиелейді?
1 «Бай баласы мен жарлы баласы». Шыдамдылық, батылдық, сабырлылық, тапқырлылық, көрегендікке тәрбиелейді. Еңбекке деген қоғамдық, таптық козқарасты бейнелейді.
2 «Атымтай Жомарт». Қайырымдылыққа, қарапайымдылыққа, мақтаншақ болмауға, азды қанағат етуге тәрбиелейді. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады. Төрт түлігі сай бола тұра еңбек етуді, кем-кетік, жетім-жесірге көмектесуді ұмытпаған, тапкан малды орынды жұмсай білген Атымтай Жомартты жастарға үлгі етеді.
Тәрбие бағу-қағудан басталады.
«Әке мен бала»әңгімесі «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың,азға қанағат етпесең,көптен құр қаларсың», - дейді.
«Асыл шөп» әңгімесі -Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты «сабыр» деген, -дейді.
Сабырлылық, шыдамдылық, төзімділік, ұстамды болуға үндейді. 
«Бақша ағаштары»әңгімесі Тәрбие бағу-қағудан басталады деген ойды меңзейді. Тәрбиелі болуға, адамгершілікке, үлкенді сыйлауға үйретеді.
«Байұлы» әңгімесі «Батаменен ер көгереді», «Баталы ұл арымас» - деген халық қағидаларының өміршеңдігін әңгімеге арқау етіп, жастарды қайырымды, ізгі жүректі болуға, жоқ-жітік, жетім-жесірге қамқоршы болуға үндейді.
«Алтын шекілдеуік»әңгімесі «Не нәрсенің де құр сыртына қарап қызықпа,асылы ішінде болар»
«Тәкәппәрлық »әңгімесі Кішіпейілділіктен опық жемейсің, тәкәппарлық ұятқа қалдырады.
«Мейрімді бала», «Шеше мен бала», «Аурудан аяған күштірек» Мейірімділік, рақымды болу, адамға жаксылык ету, төзімділік сияқты жақсы қасиеттерге баулиды. Бала әке-шеше алдында өзін мәңгі қарыздар сезінуі керек.
Ы.Алтынсариннің 1-4 сынып әдебиеттік оқу оқулығына енген шығармалары тоқталсақ:
Мұндағы шығармалары оқушыларды неге тәрбиелейді?
1 «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесі. Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш құрлы жоқсың, сенде еңбек ет, боска жатпа»-дейді.
Оқушыларды еріншектік, жалқаулықтан бойларын аулақ ұстауға шақырады.
2 Сараңдылық пен жинақылық Үнемділікке, ұқыптылыққа қанағаттыққа, қамқорлықа, әдептілікке баулиды. 
Талаптың пайдасы Талаптылықты, зеректікті қалыптастырады.
3 Таза бұлақ Адамгершілікке, ақылға, жақсы істен ғибрат алуға, жақсылық жасауға, мейірімділікке тәрбиелейді.
4 Қарабатыр Достыққа, төзімділікке, қайырымдылыққа жетелейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет