ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
І.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ «ZHANSUGUROV COLLEGE»
Курстық жұмыс
Пәні:Педагогика
Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсаринның дидактикаға қосқан үлесі»
Мамандығы:
Орындаған:
_________________тобының студенті
_________________________________
аты-жөні
Қабылдаған: оқытушы
_____________________________
аты-жөні
Талдықорған, 2024 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
І БӨЛІМ. ДИДАКТИКА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ...............................................................5
1.1.Дидактиканың пайда болуы..................................................................................5
1.2.Педагогикадағы дидактиканың алатын орны......................................................8
ІІ БӨЛІМ. Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ДИДАКТИКАҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ......14
2.1. Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарасының қалыптасуы.....................14
2.2 Ы. Алтынсариннің әңгімелері мен өлеңдеріндегі дидактиканың тәрбиелік идеясы.........................................................................................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................30
КІРІСПЕ
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын тәлімді, ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары, дүниетанымы дұрыс дамыған азамат етіп тәрбиелеуде дидактиканың алатын орны ерекше.
Дидактика (гр. Didaktikos - тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы [1, 52 б].
Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Жүсіп Баласағұни, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен Бақырғани, т.б. дидактикалық дастандарында бала тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне жан-жақты тоқталған.
Қазақ әдебиеті тарихында «жыраулық поэзия» деп аталатын Асан Қайғыдан Бұқар жырау шығармаларына дейінгі ауызша жыр-толғаулар ұлттық дидактикада ойдың терең қазынасы болып табылады.
XX ғасырдың басында балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері Ы. Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, т.б. кітаптарында жан-жақты талқыланды. Әсіресе, Байтұрсынұлының сол замандағы әлемдік дидактика ғылымындағы оқыту әдістерін талдаған мақалалары, әдістемелік «Баяншы» кітабы отандық кәсіби дидактика ғылымының дамуына негіз қалады. Кейін оқыту теориясымен айналысқан педагог ғалымдар (Қ.Жұбанов, Т.Тәжібаев, Р.Г.Лемберг, Н.Көшекбаев, т.б.) әлемдік дидактиканың заңдылықтары мен принциптерін отандық оқу-ағарту ісіне қатысты тұжырымдап, тәжірибеге енгізді.
Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Оның зерттеу пәні – оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері. Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған [2, 25 б, 3,92 б, 4,128 б].
Курстық жұмыстың өзектілігі: Отандық педагогика ғылымы тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып, тәрбие мен оқу-ағарту ісін дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамаларымен ат салысқан ғалым – Ы.Алтынсарин. Оның мақалалары мен хаттарында, «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы», «Қырғыздарды (қазақтарды) орыс тіліне оқыту ісіне алғашқы басшылық», т.б. кітаптарында сол замандағы дидактика мәселелері әр қырынан сөз болады. Ұлы ұстаз өз еңбектерінде мұғалім өз шәкірттерін сүйе білуі, олардың ата-аналарын құрметтеу, тәрбиелі болуы туралы құнды пікірлер айтқан. Ыбырай Алтынсариннің ағартушы-педагог ретіндегі негізгі ұстанымы – ізгілік пен адамгершілік, гуманистік көзқарас, балаға жылы жүрекпен қарау, мұғалім мен оқушының өзара түсінікті қатынаста болуы принциптері. ХХІ ғасырдағы дидактиканың стратегиялық дамуында Ыбырай Алтынсариннің идеялары құнды орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |